Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 583 "Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7493 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
2. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 996 "Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7671 болып тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тарбағатай ауданының әкімі | Д. Жоргекбаев |