Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 583 "Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 996 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 7671 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабының 1, 2-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 583 "Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7493, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 28 тамызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Тарбағатай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Смаилов

  2020 жылғы 13 қазаны
№ 996 қаулысына
қосымша

Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

      1. Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесімен Байыс баба көшесі қиылысының жанында;

      2. Ақсуат ауылы,Орталық стадиондағы су бұрқақтың жанында;

      3. Ақжар ауылы, Жамбыл көшесіндегі "Адал" дүкені жанында;

      4. Ақжар ауылы, Қабанбай батыр атындағы саябақтың ішіндегі алаң;

      5. Құмкөл ауылы, Қабанбай көшесінің бойындағы бұрыңғы ауыл әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаң;

      6. Маңырақ ауылы, Дәулетбай көшесіндегі дүкендердің жанында;

      7. Ойшілік ауылы, Қабанбай көшесінің бойындағы орталық саябақ пен "Инабат"дүкені арасындағы алаң;

      8. Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесінің маңы;

      9. Тұғыл ауылы, Тұғыл ауылынан 5 км қашықтықтағы Омск – Майқапшағай республикалық тас жолының маңы;

      10. Тұғыл ауылы, Құсты өзен учаскесінің маңы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады