Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 583 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 тамызда № 7493 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27-баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Тарбағатай ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Тарбағатай ауданы әкімдігінің интернет – желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Мауадиновқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім С. Садвакасов

  2020 жылғы 24 тамызы
№ 583 қаулысына қосымша

Тарбағатай ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 13.10.2020 № 996 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Ақсуат ауылы, Абылайхан көшесімен Байыс баба көшесі қиылысының жанында;

      2. Ақсуат ауылы,Орталық стадиондағы су бұрқақтың жанында;

      3. Ақжар ауылы, Жамбыл көшесіндегі "Адал" дүкені жанында;

      4. Ақжар ауылы, Қабанбай батыр атындағы саябақтың ішіндегі алаң;

      5. Құмкөл ауылы, Қабанбай көшесінің бойындағы бұрыңғы ауыл әкімшілігі ғимаратының алдындағы алаң;

      6. Маңырақ ауылы, Дәулетбай көшесіндегі дүкендердің жанында;

      7. Ойшілік ауылы, Қабанбай көшесінің бойындағы орталық саябақ пен "Инабат"дүкені арасындағы алаң;

      8. Тұғыл ауылы, Желтоқсан көшесінің маңы;

      9. Тұғыл ауылы, Тұғыл ауылынан 5 км қашықтықтағы Омск – Майқапшағай республикалық тас жолының маңы;

      10. Тұғыл ауылы, Құсты өзен учаскесінің маңы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады