"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабындағы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 15 маусымдағы № 365 ұсынысына сәйкес Жаңаауыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тарбағатай ауданы Жаңа ауылдық округінің Ахметбұлақ ауылының аумағында ұсақ малдың шешек ауруымен ауруды жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты карантин алынып тасталсын.
2. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңаауыл ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № 7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4019 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін.
С. Сахиолдина |