-------------------Бұйрықтан үзінді----------------
Мемлекеттік кіріс министрінің
2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
3. "Мүлiк салығын есептеу мен төлеу тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 150 V950071_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Министрiнiң бұйрығымен
бекiтiлген
21 маусым 1995 ж. N 150
Нұсқаулық N 38
Ескерту. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар
1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Жарлығы" деген сөздер "Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235
Заңы" деген сөздермен ауыстырылды, "Жарлық", "Жарлықтың",
"Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа" деген сөздер "Заң",
"Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға" деген сөздермен
ауыстырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999.08.04. N 929 бұйрығымен. V990902_
I. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заңына сәйкес заңды және жеке тұлғалардың мүлiк салығын есептеу мен төлеудiң мынадай тәртiбi белгiленедi.
Қазақстан аумағында меншiк иесi, меншiктi сенiм бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы салық салу объектiлерi бар:
а) заңды тұлғалар (соның ішінде резидент еместер), олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері, оның iшiнде шетел капиталының қатысуымен;
б) кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмайтын салық салу объектiлерi (мүлкi) бойынша жеке тұлғалар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
Ескерту. 1-тармақтың а)-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990785_ бұйрығымен.
1-1. Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген мүлікке қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер мүлік салығын төлеушіге жатпайды. Жоғарыда белгіленген салық қажеттілігі нормативтері мүлік бойынша осы нұсқауға сәйкес жалпы белгіленген тәртіпте төленеді.
2. Салық салу объектiлерi мыналар болып табылады:
1) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың транспорт құралдарына салық салынатын транспорт құралдарынан басқа амортизацияланатын қаражаттарының қалдық құны.
Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың амортизацияланатын қаражаттары болып негiзгi қаражаттар мен материалды емес қаражаттары табылады.
Негiзгi қаражаттар - материалдық өндiрiс саласында да, өндiрiстiк емес салада да қызмет ету мерзiмi бiр жылдан артық материалды қаражаттар.
Материалды емес қаражаттар - материалдық нысандары жоқ, физикалық қасиеттер иеленбейтiн, бiрақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға ұзақ уақыт iшiнде (бiр жылдан артық) кiрiс алуға мүмкiндiк қамтамасыз ететiн объектiлер. Материалды емес қаражаттарға табиғи ресурстарды, жерлердi, патенттердi, лицензияларды, "ноу-хау", "фирманың құны" (гудвилл), интеллектуалды меншiктi, сауда маркаларын, тауар белгiлерiн, бағдарламамен қамтамасыз етудi және басқаларды пайдалану құқығы жатады.
Амортизацияланатын қаражаттарға уақытша жер пайдалану құқығы (жер учаскесi) және өзге де табиғат пайдалану объектiлерi (су, жер қойнауы және басқа да табиғи ресурстар), сондай-ақ тауарлы-материалдық запастар, бағалы қағаздар жатпайды.
2) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмайтын азаматтардың жеке пайдалануындағы, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үй-жайларының, саяжай құрылыстарының, гараждарының, өзге де құрылыстарының, ғимараттарының, үй-жайларының құны.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен V970059_ .
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің
1998.07.10. N 62 V980552_ бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармақтың 1)-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР
Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990785_
бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармақтың 1)-тармақшасының төртiншi абзацы өзгертiлдi
- ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1999.08.04. N 929
бұйрығымен. V990902_
3. Мүлiк салығы жергiлiктi бюджеттердiң кiрiсiне енгiзiледi, бұл жағдайда төленген салықтың сомасы салық салынатын табысты анықтаған кезде шегерiлуге жатады.
II. Салық ставкалары
4. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, олардың филиалдары, өкілдіктері және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері мен жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық осы нұсқаудың V бөлiмiнде белгiленген тәртiппен амортизацияланатын қаражаттар құнынан 1 процент ставка бойынша жыл сайын төленедi.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрлігінің 1999.05.03. N 310
бұйрығымен.
Ескерту. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999.08.04. N 929 бұйрығымен.
5. Жеке тұлғалардың мүлiктерiне салынатын салық, кәсiпкерлiк қызметте
қолданылмайды, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi органы анықтаған
жылжымайтын мүлiк құны мынадай ставкалар бойынша жыл сайын төленедi:
1) 1000000 теңгеге дейiн жылжымайтын мүлiк құнының
0,1 процентi;
2) 1000000-нан 2000000 1000000 теңгенiң жылжымайтын
теңгеге дейiн мүлiк құны салығының сомасы
+ одан асатын соманың 0,15%;
3) 2000000-нан 3000000 2000000 теңгенiң жылжымайтын
теңгеге дейiн мүлiк құны салығының сомасы
+ одан асатын соманың 0,2%;
4) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 3 000 000 теңгеден
4 000 000 теңгеге дейiн
одан асатын 3 000 000 теңге + сомадан 0,3 процент;
5) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 4 000 000 теңгеден
5 000 000 теңгеге дейiн
4 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,4 процент
6) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 5 000 000 теңгеден
6 000 000 теңгеге дейiн
5 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,5 процент
7) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 6 000 000 теңгеден
7 000 000 теңгеге дейiн
6 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,6 процент
8) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 7 000 000 теңгеден
8 000 000 теңгеге дейiн
7 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,7 процент
9) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 8 000 000 теңгеден
9 000 000 теңгеге дейiн
8 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,8 процент
10) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 9 000 000 теңгеден
10 000 000 теңгеге дейiн
9 000 000 теңге+ одан асатын сомадан 0,9 процент
11) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 10 000 000 теңгеден
және жоғары 10 000 000 теңге + одан асатын сомадан 1 процент.
Коммерциялық емес, бюджеттiк ұйымдар немесе жеке тұлғалар
мүлкiнiң бiр бөлiгiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатына пайдаланған жағдайда осы
бөлiкке салық 1 процент ставка бойынша төленедi.
Мысалы: 1. Бюджет есебiнен ұсталатын мектеп, аурухана немесе
балабақша бiр немесе бiрнеше үй-жайын кәсiпкерлiк
қызмет мақсатына жалға бердi. Осы үй-жай үшiн
бюджетке 1 % ставка бойынша салық төленуi тиiс.
2. Жеке тұлға өзiнiң тұрғылықты тұратын орны болып
табылатын тұрғын үйiнiң бiр бөлiгiн жалға бердi.
Кәсiпкерлiк қызмет мақсатына берiлген үй-жайдың
бөлiгi үшiн 1 % ставка бойынша салық төлейдi.
ЕСКЕРТУ. II-тарау өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң
1997.01.24. N 19 бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 4)-тармақшасы өзгертiлдi және
5)-11)-тармақшаларымен толықтырылды - ҚР Қаржы
министрлiгi Салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.
III. Жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмайтын
мүлкiне салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртiбi
6. Салық Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлеттi органның
анықтаған баға негiзiнде есептеледi.
Жеке тұлғалардың жеке пайдалануындағы мүлiкке салынатын салықты есептеудi салық салынатын объектiлер орналасқан жердегi салық органдары жүргiзедi.
Егер салық салынатын кезеңiнде салық салынатын құрылыстардың, ғимараттардың және үйлердiң бағасы құжат бойынша белгiлеу мүмкiн болмаса, онда салық органдары жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу бойынша органдарда бар ұқсас құрылыстардың бағаларынан шыға отырып анықтайды.
Салықты есептеу салық жылының 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылжымайтын мүлiк бағасынан шыға отырып жүргiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң
1997.01.24. N 19 бұйрығымен.
7. Аумақтық салық органдары ағымдағы жылдың 15 сәуiрiнен кешiктiрмей:
- жылжымайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi тұрғылықты тұратын орнын жеке меншiк құқығымен оларға тиесiлi пәтерлердiң (тұрғын үйлердiң), гараждардың құнын бағалауды көрсете отырып азаматтардың тiзiмiн;
- бау-бақша серiктестiктерiнiң басқармаларынан меншiк иесiнiң аты-жөнiн, әкесiнiң атын, фамилиясын, тұрақты тұрғылықты жерiн (мекен-жайын) және құрылыс, ғимарат және үй-жай құнын бағалауды көрсете отырып бау-бақша серiктестiктерiнiң (қоғамдарының) аумағында жеке меншiгiнде құрылыстары, ғимараттары және үй-жайлары бар азаматтардың тiзiмдерiн алуы тиiс.
Қозғалмайтын мүлiктi бағалау және тiркеу жөнiндегi басқармалар, бау-бақша серiктестiктерi (қоғамдар) жыл сайын 15 сәуiрдегi жағдай бойынша жоғарыда аталған мәлiметтердi нақтылайды және болған өзгерiстер жөнiнде салық органдарына хабарлайды.
Мәлiметтер нысаны осы нұсқаулыққа тiркелген N 1 қосымшада келтiрiлген.
ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң
1997.01.24. N 19 бұйрығымен.
Ескерту. 7-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999.05.03. N 310 V990785_ бұйрығымен.
8. Бау-бақша серiктестiгi (қоғамы) бiр ауданда орналасып, ал осы серiктестiкте (қоғамда) саяжай құрылыс, гаражы және т.б. бар азамат екiншi ауданда (қалада) тұрғылықты тұратын жағдайда салық құрылыстар, үй-жайлар, ғимараттар орналасқан жерге төленедi.
9. Құрылыс иесi азамат немесе оның отбасы мүшелерi өздерiне тиесiлi үй-жайда тұрмайтын жағдайларда салық құрылыс орналасқан жердегi меншiк иесiнен, болмаса Қазақстан Республикасы шегiндегi құрылыстарды басқаруға үйдiң меншiк иесi өкілдiк берген адамдардан ұсталады. Егер мұндай адам жоқ, ал үйдiң меншiк иесi белгiсiз болса, белгiсiз себептермен осы жерде жоқ деп танылған азаматтарының құрылысына қамқор белгiленедi және мүлiк салығын төлеу қамқоршыдан талап етiледi. Аталған төлемдер азаматтардың тиесiлi құрылысы қамқор қарауындағы болған реттерде де қамқоршыдан талап етiледi.
10. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан құрылыс иесi-азамат одан тысқары жерде тұрып жатқан жағдайда салық үй құрылысы орналасқан жер бойынша төленедi.
Мысал: Россия Федерациясында тұратын азаматтың Қазақстан аумағында оған мұрагерлiк жолмен қалдырылған үй құрылысы бар. Бұл ретте өз аумағында құрылыс орналасқан аумақтық салық органдарының салық есептейдi.
Иесi жоқ немесе иесi анықталмаған және аумақтық салық органдары қожайынсыз ретiнде есепке алған құрылыстар үшiн салық алынбайды. Бiрнеше төлеушiнiң ортақ үлестi меншiгiндегi құрылыстар, ғимараттар мен үйлер үшiн салықты осы меншiк иелерiнiң әрқайсысы осы құрылыстардағы, ғимараттар мен үй-жайлардағы олардың үлесiне тең мөлшерде төлейдi.
Ескерту. 10-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999.05.03. N 310 V990785_ бұйрығымен.
11. Құрылыстарды, ғимараттар мен үй-жайларды шарт бойынша кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдар мен азаматтардан (оның iшiнде жергiлiктi әкiмшiлiктердiң қолындағы тұрғын үй қорынан) сатып алған адамдар аталған мүлiктi сатып алған сәтiнен (тiркелген немесе нотариалды куәландырылған сәтiнен) бастап салық төлеушiлер болып табылады.
12. Қайтадан салынған құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар бойынша салық оларды салғаннан кейiнгi жылдан бастап төленедi.
13. Құрылыстар, ғимараттар мен үй-жайлар бiр жыл iшiнде бiр төлеушiден екiншiсiне ауысқан жағдайда салық алғашқы иесiне ол осы мүлiкке меншiк иесi құқығын жоғалтқан ай басталғанға дейiн осы жылдың 1 қаңтарынан, ал жаңа меншiк иесiнен онда осындай құқық пайда болған айдан бастап табыс етiледi. Төлеушiлер өзара келiсiмге келген жағдайда салық олардың бiреуiнен алынады.
14. Жыл iшiнде жеңiлдiк пайдалану құқығы пайда болған жағдайда салықты қайта есептеу осы құқық пайда болған айдан бастап жүргiзiледi.
15. Құрылыстар жойылған, басқа жерге ауыстырылған немесе толық қиратылған жағдайда салық алу ол жойылған, басқа жерге ауыстырылған немесе қиратылған (құжаттамамен қуатталған кезде) айдан бастап доғарылады.
16. Мұрагерлiк бойынша ауысқан құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар үшiн
салық мұрагерлiк ашылған сәтiнен бастап мұраны қабылдаған мұрагерлерден
өндiрiлiп алынады.
17. Жеке тұлғалар кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмайтын мүлiк бойынша
салықты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегiнен кешiктiрмей төлейдi. Салық төлеу
туралы органдары 1 тамыздан кешiктірмей тапсырылады. Салық салық салу
объектiсiнiң орналасқан жерi бойынша төленедi.
Салық салынатын нысандардан тұрған жерлерi бойынша салық алынады.
ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
1996 ж. 01.22. N 22 бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 17-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк
салық комитетiнiң 1997.01.24. N 19 бұйрығымен.
IV. Мүлiк салығы жөнiндегi жеңiлдiктер және
оларды берудiң тәртiбi
18. Мүлiк салығын төлеуден:
1) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлiк бойынша мемлекеттiк
мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдар;
2) өндiрiстiк мақсатта және әлеуметтiк салада пайдаланылатын мүлiк бойынша - Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл-есi мен дене бiтiмiнiң кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбек ету қабілетiн қалыпқа келтiру орталығы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және олардың қаражаты есебiнен салынған өндiрiстiк кәсiпорындар, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ республикалық ұйымы (кәсiпорындарсыз);
2-1) қызметiнiң негiзгi түрi ғылым мен кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсетулер) болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестациялау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;
2-3) қызметiнiң негiзгi түрi театрлық-көрiнiстiк және (немесе) концерттiк шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнiнде, балаларды, қарттарды, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мен әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында, спорт саласында қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
3) Қазақстанның Ұлттық банкi негiзгi қызметiне пайдаланылатын мүлкi
бойынша;
4) Ұйымдар жедел басшылық құқығында олардың қолында бар жалпы
пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары мен олардағы жол ғимараттары
бойынша осындай нысандар кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылмаған жағдайда.
Мемлекеттiк автомобиль жолдары мен құрылыстарының құрамындағы оларға
мынадай нысандар енгiзiледi:
- жол алқабы;
- жылдың конструктивтiк элементтерi;
- жолдардың жағдайы және орналастыру;
- көпiрлер;
- жол өткелдер;
- виадуктер;
- көлiк шешiлiмi;
- тоннелдер;
- қорғағыш галереялар;
- жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған құрылыстар мен
қондырғылар;
- су алқабы және су өткiзетiн құрылыстар;
- жол бойындағы орман алқабы;
- тораптық тұрғын үйлер.
5) инвестиция бойынша өкілетті органдармен келісім-шартқа сәйкес салық төлеушіге келісім-шарт жасалған сәттен бастап 5 жылға дейінгі мерзімге жер салығын төлеуден босатуға рұқсат беруі мүмкін.
Мүлiкке салық бойынша жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмдерi әрбiр салық төлеушi бойынша келiсiм-шартта және негізгі капитал мен экономиканың басым секторына инвестициялар көлеміне қарай белгiленедi.
Келiсiм-шарт бойынша инвестициялар бойынша уәкiл органмен жасалынған стандарттық жеңiлдiктердi беруде стандарттық жеңiлдiктердi анықтау базасы болып жаңа немесе қосымша сатып алынған амортизацияланған қаражаттардың транспорт құралдарына салық салынатын транспорт құралдарынан басқа құны болып табылады.
Салық төлеушi стандартты салық жеңiлдiгiн алуда мiндеттi түрде өзi тiркелген салық органы орнына бухгалтерлiк баланс қосымшасымен, жағдайына қарай келiсiм-шарт жасасқан күндi амортизацияланған қаражат бойынша таратып жазылған қосымшасымен, инвестиция бойынша уәкiл органмен жасалынған келiсiм-шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн беру керек.
Аталған жеңiлдiк берiлген келiсiм-шарт бұзылған жағдайда мүлiкке салық салу салық төлеушiнiң бүкiл қызметi кезеңiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкцияларын қолдана отырып бюджетке есептелуге және енгiзiлуге жатады, яғни мерзiмi өткен әр күн үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы мөлшерiнде өсiм есептеле отырып мүлiкке салынатын салық сомасы өндiрiп алынады.
6) түзетiлген мекемелер, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқарушы жүйесіндегі еңбекпен түзеу республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
7) медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) және (немесе) сондай қызметтен түсетiн кiрiсi жылдық жиынтық кiрiс көлемiнiң кемiнде 50 процентiн құрайтын жағдайда, сол қызмет түрлерiн жүргiзуге құқы бар лицензия бойынша мектепке дейiнгi балалар, орта, арнаулы орта және жоғары бiлiм беру саласындағы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар.
8) "Байқоңыр" кешенінің объектілері болып табылатын көлік құралдары
бойынша "Байқоңыр" кешені объектілерінің мүлік базасында құрылған
республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 4-тармақшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң
1996.01.22. N 22 бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгертiлдi, 5-тармақшамен толықтырылды - ҚР
Мемлекеттiк салық комитетiнiң 1997.01.24. N 19
бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 18-тармақ 6)-тармақшамен толықтырылды - ҚР Қаржы
министрлiгi Салық комитетiнiң 1997.04.21. N 79
бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 18-тармақтың 3-тармақшасы өзгертiлдi - ҚР Қаржы
министрлiгi Салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1
бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгертілді - ҚР Қаржы министрлігі Салық
комитетінің 1998.07.10. N 62
бұйрығымен.
Ескерту. 18-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік
кіріс министрлігінің 1999.05.03. N 310
бұйрығымен.
Ескерту. 18-тармақтың 5)-тармақшасының біріншi абзацы жаңа
редакцияда, екiншi, үшiншi абзацтар алынып тасталды
және төртiншi абзац өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрлігінің 1999.08.04. N 929 бұйрығымен.
Ескерту. 18-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Мемлекеттік
Кіріс Министрлігі 1999 жылғы 24 желтоқсандағы N 1587
бұйрығымен.
19. Мына санаттағы азаматтардың мүлкi бойынша 1000 айлық есептеу көрсеткiштерiнiң мөлшерiн де салық салынбайтын ең төменгi деңгейi белгiленедi:
1) Кеңестер Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестiрiлген адамдарға, "Халық Қаhарманы" атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдарға;
Кеңестер Одағының Батыры, Социалистiк Еңбек Ерi кiтапшасы Кеңестер Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне жеңiлдiктер беруге негiз болады, майдандағы армияның құрамына кiрген әскери бөлiмдерiнде, штабтар мен мекемелерде қызмет атқарған әскери қызметшiлер және бұрынғы партизандар қатарында болған Ұлы отан соғысына, КСРО-ны қорғау жөнiндегi басқа да соғыс операциясына қатысушыларға жеңiлдiктер "Соғысқа қатысушының куәлiгi", интернационалист жауынгерлерге - "Жеңiлдiк алуға құқығы туралы куәлiк" негiзiнде берiледi.
"Халық қаhарманы" атағына ие болған, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және "Отан" орденiмен наградталған азаматтар үшiн жеңiлдiк орден кiтапханасы немесе әскери комиссариаттың анықтамасы негiзiнде берiледi.
2) "Алтын алқа" және "Ардақты ана" атағына ие болған көп балалы
аналарға Жеңiлдiк "Алтын алқа" және "Ардақты ана" куәлiктерi негiзiнде
берiледi.
3) I және II топтағы мүгедектерге;
Жеңiлдiк дәрiгерлiк-еңбек сараптамалық комиссияның анықтамасы
негiзiнде берiледi.
4) Жеке тұратын зейнеткерлерге;
Жеңiлдiк зейнеткер куәлiгi және еңбекке жарамды отбасы мүшелерiнен
олардың бөлек тұру фактiсi негiзiнде берiледi.
Мүлiк салығы жөнiндегi жеңiлдiктер меншiк иесi, меншiктi сенiм
бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы
салық объектiлерi бар адамдардың жоғарыда саналмаған санатына берiледi.
ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
1996.01.22. N 22 бұйрығымен.
Ескерту. 19-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999.05.03. N 310
бұйрығымен.
19-1. Әскери қызметшiлер кәсiпкерлiк қызметте пайдаланбайтын мүлкi
үшiн мүлiкке төленетiн салықтан босатылады.
Ескерту. Нұсқаулық 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрлігінің 1999.05.03. N 310
бұйрығымен.
20. 18-тармақтың 1)-7)-тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалар
мүлiктi пайдалануға немесе жалға бергенде мүлiк салығын төлеуден
босатылмайды.
ЕСКЕРТУ. 20 жаңа тармақпен толықтырылды, 20-27-тармақтар тиiсiнше
21-28-тармақтар болып саналды - ҚР Қаржы министрлiгi
Салық комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.
Ескерту. 20-тармақ өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999.05.03. N 310
бұйрығымен.
V. Заңды тұлғалармен және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметке
пайдаланылатын мүлкiне салынатын салықты есептеу мен
төлеудiң тәртiбi
21. Белгiленген мерзiмде төленуi тиiс мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi сомасын салық төлеушi бухгалтерлiк есеп бойынша айқындалған жыл басындағы амортизацияға жатқызылатын қалдық құнның 1 процентi мөлшерiнде салық ставкасын қолдану жолымен дербес белгiлейдi.
Заңды тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мүлiк құнынан 1 процент ставка бойынша есептелетiн ағымдағы салық сомасын төлеудi салық жылының 20 ақпан, 20 мамыр, 20 тамыз, 20 қарашасында тең үлестермен жүргiзедi.
Белгiленген мерзiмде төленуi тиiс мүлiк салығының ағымдағы сомасын айқындау салықтың жыл бойынша есептелген сомасын 4-ке бөлу арқылы жүргiзіледi.
Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғаны құру және қайта ұйымдастыру кезiнде жаңадан құрылған заңды тұлғаның тiркелген сәтi салық жылының басы болып саналады.
Заңды тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi белгiленген мерзiмде төленуi тиiс ағымдағы төлемдер бойынша есептеулердi 3 қосымшаға сәйкес салық органына 20 ақпанға дейiн тапсыруы тиiс.
ЕСКЕРТУ. 20-тармақ өзгертiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң
1996.01.22. N 22 бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы
министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62 V980552_
бұйрығымен.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990785_ бұйрығымен.
22. Салық төлеушiлер жыл бiткеннен кейiн өздерi тұратын жерi бойынша салық комитеттерiне осы нұсқаудың 2-қосымшасымен белгiленген үлгідегi декларацияны есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады. Салық жылы есептi кезең болып табылады.
Салық салынатын амортизацияланған қаражаттардан орташа жылдық қалдық құн бухгалтерлiк есеп бойынша белгiленген, есептi салық жылының әр айының бiрiншi күнi және содан кейiнгi жылдың бiрiншi күнiнде, сондай қаражаттардың қалдық құнын қосу кезiнде алынған он үштен бiр сома ретiнде есептеледi.
Егер есептi кезеңнiң ұзақтығы бiр жылдан аз болса, осы салық кезеңi бойынша амортизацияланатын қаражаттардың орташа қалдық құны ол қаражаттардың есептi кезеңде басталатын әр айдың бiрi күнiне және есептi кезеңнен кейiнгi айдың бiрi күнiне қалдық құнын қосу арқылы алынған сол сомада қосылғандардың санына бөлiнген сомаға тең етiп алынады.
Есептi жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есептелетiн нақты тиiстi салықты төлеу немесе артық төленген соманы қайтару есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiне жүргiзiледi.
Мүлiкке артық енгiзiлген салық сомасы:
- салық төлеушiнiң басқа салықтарды төлеу есебiне жатқызылады;
- салық төлеушiнiң келiсiмi болса, алдағы төлемдер бойынша мiндеттемелер есебiне жатқызылады;
- төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша 20 күн мерзiмде қайтарылады.
Заңды тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар сол мүлiк кiрiс әкелетiнiне, не әкелмейтiнiне қарамастан мүлiкке салық төлеуден босатылмайды. Салық салық салу объектiлерi тұрған жер бойынша төленедi.
Салық салу объектiлерi басқа облыстар (немесе аудандар) аумағында орналасқан, таралған филиалдар желiсi бар заңды тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер) немесе өкiлдiктер (заңды тұлға құрмай) тиiстi салық сомаларын төлеудi объектiлер орналасқан жерде жүргiзедi.
Мұның өзiнде заңды тұлғаның филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де құрылымдық бөлiмшелерi ағымдағы төлемдер жөнiндегi есеп айырысу мен мүлiкке салық жөнiндегi декларацияны орналасқан жердегi салық комитетiне ал, көшiрмесiн заңды тұлғаның бас ұйымына тапсырады.
Жылдың аяғында заңды тұлға филиалдар мен құрылымдық бөлiмшелердiң декларациялары негiзiнде құрылымдық бөлiмшелер бөлігінде, есептелген және төленген салық сомалары бойынша жиынтық тізілім құрайды және осы салық бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық комитетіне тапсырады.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ 2-шi абзацпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттiк
салық комитетiнiң 1997.01.24. N 19 бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 22-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлiгi Салық
комитетiнiң 1997.12.29. N 1 бұйрығымен.
ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚР Қаржы
министрлігі Салық комитетінің 1998.07.10. N 62 V980552_
бұйрығымен.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрлігінің 1999.05.03. N 310 V990785_ бұйрығымен.
VI. Мүлiкке салынатын салықты анықтау және
салық салуды қайта қарау тәртiбi
23. Жеңiлдiк алу құқығы пайда болуына және басқа себептерге байланысты салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша бұрын есептелген сома төмендетiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайларда салық салу ставкасын қайта қарауға немесе жыл басында төлеушiнiң жеңiлдiк алу құқығы пайда болуына байланысты ағымдағы жылға есептелген сома төмендеген кезде кемiтiлуге тиiстi мүлiк салығының сомасы барлық төлеу мерзiмi бойынша тең үлестермен алынып тасталады. Егер өткен мерзiм бойынша салық сомасы төмендеген күнге қарай толық төленген болса, осы мерзiмге дөп келетiн сома төлеудiң кезектi мерзiмiнен шығарып тасталады.
24. Осы мерзiм бойынша төленген өсiм алғашқы кемiген төлем сомасындай үлеске кемiтiледi, ал артық төленген өсiм кезектi мерзiм бойынша төлемдi өтеуге есепке алынады.
25. Бастапқы есептелген сомасы төмендеген күнге барлық төлеу мерзiмi өтiп кеткен, салық толық төленген ретте артық төлем төлеушiге қайтарылады, ал басқа салықтар бойынша төлеушiнiң берешегi болған жағдайда осы берешектi өтеуге есептеледi.
26. Мүлiкке салынатын салықты есептеген кезде әрбiр төлемнiң жалпы
сомасы теңгеге дейiн дөңгелектенедi: 50 тиыннан кем сома есепке алынбайды,
ал 50 тиын және одан асқаны бiр теңгеге дейiн дөңгелектенедi.
VII. Мүлiк салығын төлеушiлердiң жауапкершiлiгi
27. Салық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықтың тиесiлi сомасын
төлемеген (оның iшiнде белгiленген мерзiмде) жағдайларда қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес жауап бередi. Уақытылы төленбеген салық сомасы мерзiмi
өткен әр күнi үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген қайта
қаржыландыру ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептелiп, өндiрiп
алынады.
VIII. Салық төлеуге бақылау жасау және
бұзушыға қолданылатын санкциялар
28. Мүлiкке салынатын салықты есептеу мен аударуға бақылау жасауды
Қазақстан Республикасы жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 28-тармақ өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң
1997.01.24. N 19 бұйрығымен.
Мемлекеттiк салық комитетiнiң
бастығы - Қазақстан Республикасы
Қаржы министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк салық комитетiнiң
1995 жылғы 21 маусым N 150
нұсқаулығына N 1 қосымша
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгертiлдi - ҚР Мемлекеттiк салық комитетiнiң
1997.01.24. N 19 бұйрығымен.
Ескерту. 1-қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің
1999.05.03. N 310
бұйрығымен.
Меншiгiнде құрылыстары, ғимараттары және үй-жайлары
бар азаматтар туралы
МӘЛIМЕТ
1995 жылдың жағдайы бойынша
Ұйымның аты_____________________________________________________
Орналасқан мекен-жайы___________________________________________
Телефон_________________________________________________________
________________________________________________________________
NN:Аты-жөнi, фамилиясы|Тұрғылықты |Құрылыс ор.|Құрылыс.|Құры|Салын.
|тұратын орны|наласқан |тың мақ.|лыс |ған
|ның мекен- |жердiң ме. |саты |құны|жылы
|жайы |кен-жайы | | |және
| | | | |айы
-----------------------------------------------------------------
Төрағасы
аудандық (қалалық)
салық комитетінің
Заңды тұлғаның мөртабаны
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Бас салық инспекциясының
1995 жылғы 21 маусымдағы
38 нұсқауына 2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда жазылған - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрлігінің 1999.08.04. N 929 бұйрығымен.
Мүлікке салық жөніндегі
декларация
Кәсіпорын ___________________
бірлестік, ұйым (банк)
мөртабаны ___________________
(банк шоттары)
СТТН
________________________ ________________________ бойынша
(салық төлеушінің мекен-жайы) (төлеушінің атауы*)
телефон________________________
__________________________________________________________________________
N
р/с Көрсеткіш
__________________________________________________________________________
1 2
__________________________________________________________________________
1 Жылдың басындағы амортизацияланған қаражаттардан қалған құн
2 Амортизацияланған қаражаттардан түскен құн
3 Амортизацияланған қаражаттардан шығып қалған құн
4 Салық жылы үшін амортизацияланған қаражаттарға есептелген,
амортизацияланғандардың аударылған сомасы
5 Жылдың аяғындағы амортизацияланған қаражаттардың құны
6 Салықты есептеу кезінде алынған амортизацияланған қаражаттардан
қалған орташа жылдық құн
7 Салық ставкасы
8 Салық сомасы
9 Ағымдағы төлем есебі бойынша есептелді
10 Қосып есептеуге
11 Кемітуге
12 Салық жылы үшін ағымдағы төленген төлемдер
13 Мерзім бойынша төлеуге жатады
14 Кемітуге
________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы
________________________________________________________________________
Төлеушінің мәліметі Стандартты жеңілдіктері бар
бойынша төлеушінің мәліметі бойынша
________________________________________________________________________
3 4
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі
Біз осы декларацияда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шындығы
үшін заң алдында жауап береміз.
Басшы _________________ ________________
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер ____________ _______________
(аты-жөні) (қолы)
____________________ күні МО
Декларация жасау бойынша қызмет көрсеткен аудитор
_________________ ______________
(аты-жөні, СТТН) (қолы)
МО
Салық органының басшысы ______________ ______________
(аты-жөні) (қолы)
Бөлім бастығы _____________ ____________
(аты-жөні) (қолы)
__________________
* Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды
тұлғаның (соның ішінде резидент емес), филиалдың, өкілдіктің атауы
немесе жеке тұлғаның аты-жөні.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Салық комитетінің
1997 жылғы 29 желтоқсандағы
N 38 нұсқаулығына
3 - қосымша
ЕСКЕРТУ. Нұсқаулық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігі
Салық комитетінің 1998.07.10. N 62
бұйрығымен.
Ескерту. 3-қосымша өзгертілді - ҚР Мемлекеттік кіріс
министрлігінің 1999.05.03. N 310
бұйрығымен.
Мүлік салығы бойынша
ағымдағы төлемдердің
есебі
______ жылғы ______________________________________________________ бойынша
(төлеушінің атауы)
СТТН -----------------------
| | | | | | | | | | | | |
-----------------------
Мекен-жайы ___________________________
Телефоны _______________
_________________________________________________________________________
| N | | Салық |
| р/р | Көрсеткіштер | төлеушінің |
| | | мәліметі |
| | | бойынша |
|_____|____________________________________________________|______________|
| 1 | 2 | 3 |
|_____|____________________________________________________|______________|
| 1. |Жыл басындағы амортизацияланған қаражаттардың | |
| |қалдық құны | |
|_____|____________________________________________________|______________|
| 2. |Салық ставкасы | |
|_____|____________________________________________________|______________|
| 3. |Салық сомасы (1-жол х 2-жол) | |
|_____|____________________________________________________|______________|
| 4. |Мерзім бойынша төлеуге: 20 ақпан | |
|_____|____________________________________________________|______________|
| | 20 мамыр | |
|_____|____________________________________________________|______________|
| | 20 тамыз | |
|_____|____________________________________________________|______________|
| | 20 қараша | |
|_____|____________________________________________________|______________|
МО
Заңды тұлғаның (филиалдың, Салық комитетінің
өкілдіктің, жеке тұлғаның, басшысы
кәсіпкерлік қызметпен
айналысатындардың
_____________________ ________________________
Бас бухгалтер Бөлім бастығы
_____________________ ________________________
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдістемелік Кеңесінде
келісілген
1998 жылғы "___"__________________ N _________ хаттама
Оқыған:
Багарова Ж.А.