"Мүлікке салық есептеу мен төлеудің тәртібі туралы" N 38 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Бекітілді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрі 1999 ж. 3 мамыр N 310. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 01.06.1999 ж. тіркелді. Тіркеу N 785. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
 
      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
                                БҰЙЫРАМЫН:
      Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
      38. "Мүлiк салығын есептеу мен төлеудiң тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 3 мамырдағы N 310 V990785_ бұйрығы. ---------------------------------------------------
 
         "Мүлікке салық есептеу мен төлеудің тәртібі туралы" V950071_
        N 38 Нұсқауға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 
      1. 1-тармақтың а)-тармақшасындағы "заңды тұлғалар" деген сөздерден кейiн "(соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. 2-тармақтың 1)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың транспорт құралдарына салық салынатын транспорт құралдарынан басқа амортизацияланатын қаражаттарының қалдық құны.
      Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың амортизацияланатын қаражаттары болып негiзгi қаражаттар мен материалды емес қаражаттары табылады.
      Негiзгi қаражаттар - материалдық өндiрiс саласында да, өндiрiстiк емес салада да қызмет ету мерзiмi бiр жылдан артық материалды қаражаттар.
      Материалды емес қаражаттар - материалдық нысандары жоқ, физикалық қасиеттер иеленбейтiн, бiрақ заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғаларға немесе жеке тұлғаларға ұзақ уақыт iшiнде (бiр жылдан артық) кiрiс алуға мүмкiндiк қамтамасыз ететiн объектiлер. Материалды емес қаражаттарға табиғи ресурстарды, жерлердi, патенттердi, лицензияларды, "ноу-хау", "фирманың құны" (гудвилл), интеллектуалды меншiктi, сауда маркаларын, тауар белгiлерiн, бағдарламамен қамтамасыз етудi және басқаларды пайдалану құқығы жатады.
      Амортизацияланатын қаражаттарға жер (жер учаскесi) және өзге де табиғат пайдалану объектiлерi (су, жер қойнауы және басқа да табиғи ресурстар), сондай-ақ тауарлы-материалдық запастар, бағалы қағаздар жатпайды."
      3. 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық осы нұсқаудың V бөлiмiнде белгiленген тәртiппен амортизацияланатын қаражаттар құнынан 1 процент ставка бойынша жыл сайын төленедi."
      4. 7-тармақта "салық инспекциялары" деген сөздер "аумақтық салық органдары" деген сөздермен ауыстырылсын.
      5. 10-тармақта мысалдағы "салық инспекциясының (аудандық немесе қалалық)" деген сөздер "аумақтық салық органдарының" және үшiншi абзацтағы "салық инспекциясының" деген сөздер "аумақтық салық органдарының" деген сөздерге ауыстырылсын.
      6. 18-тармақта:
      1)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мүлiк бойынша мемлекеттiк мекемелер мен коммерциялық емес ұйымдар;";
      мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3)-тармақшаларымен толықтырылсын:
      "2-1) қызметiнiң негiзгi түрi ғылым мен кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсетулер) болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;
      2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестациялау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорын;
      2-3) қызметiнiң негiзгi түрi театрлық-көрiнiстiк және (немесе) концерттiк шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау жөнiнде, балаларды, қарттарды, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау мен әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында, спорт саласында қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттiк кәсiпорындар;";
      5)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) салық төлеушiлер уәкiл органмен жасалынған келiсiм шартқа сәйкес мына инвестициялар бойынша:
      - Инвестиция бойынша уәкiл орган - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi.
      келiсiм шарт жасалынған сәттен бастап 5 жылға дейiнгi мерзiмде осы нұсқаудың 4-тармағына сәйкес негiзгi ставкадан 100 %-ке дейiн;
      5 жылға дейiнгi кейiнгi кезеңге - осы нұсқаудың 4-тармағына сәйкес негiзгi ставкадан 50 %-тен асырмай.
      Мүлiкке салық бойынша жеңiлдiктер берудiң нақты мерзiмдерi мен мөлшерлерi әрбiр салық төлеушi бойынша келiсiм-шартта және жобаның басымдығына, мерзiмi мен ақталу шарттарына қарай белгiленедi.
      Келiсiм-шарт бойынша инвестициялар бойынша уәкiл органмен жасалынған стандарттық жеңiлдiктердi беруде стандарттық жеңiлдiктердi анықтау базасы болып жаңа немесе қосымша сатып алынған амортизацияланған қаражаттардың транспорт құралдарына салық салынатын транспорт құралдарынан басқа құны болып табылады.
      Салық төлеушi стандартты салық жеңiлдiгiн алуда мiндеттi түрде өзi тiркелген салық органы орнына бухгалтерлiк баланс қосымшасымен, жағдайына қарай келiсiм-шарт жасасқан күндi амортизацияланған қаражат бойынша таратып жазылған қосымшасымен, инвестиция бойынша уәкiл органмен жасалынған келiсiм-шарттың нотариалды куәландырылған көшiрмесiн беру керек.
      Аталған жеңiлдiк берiлген келiсiм-шарт бұзылған жағдайда мүлiкке салық салу салық төлеушiнiң бүкiл қызметi кезеңiнде Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тиiстi айыппұл санкцияларын қолдана отырып бюджетке есептелуге және енгiзiлуге жатады, яғни мерзiмi өткен әр күн үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,5 есе ставкасы мөлшерiнде өсiм есептеле отырып мүлiкке салынатын салық сомасы өндiрiп алынады."
      6) және 7)-тармақшалар мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "6) түзетiлген мекемелер;
      7) медициналық көмек (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) және (немесе) сондай қызметтен түсетiн кiрiсi жылдық жиынтық кiрiс көлемiнiң кемiнде 50 процентiн құрайтын жағдайда, сол қызмет түрлерiн жүргiзуге құқы бар лицензия бойынша мектепке дейiнгi балалар, орта, арнаулы орта және жоғары бiлiм беру саласындағы бiлiм беру қызметтерiн көрсетуге байланысты қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар.".
      7. 19-тармақтың 3-тармақшасындағы "зейнеткерлiк куәлiк немесе" деген сөздер алып тасталсын.
      8. 19-1-тармағы мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "19-1. Әскери қызметшiлер кәсiпкерлiк қызметте пайдаланбайтын мүлкi үшiн мүлiкке төленетiн салықтан босатылады.".
      9. 20-тармақта "1)-5)-тармақшалардағы" деген сөздер "1)-7)-тармақшалардағы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      10. V-бөлiм атауындағы "заңды" деген сөзден кейiн "тұлғалармен" деген сөзбен толықтырылсын.
      11. 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      бiрiншi абзацта "негiзгi құралдар" деген сөздер "амортизацияланған қаражаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Белгiленген мерзiмде төленуi тиiс мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi сомасын салық төлеушi бухгалтерлiк есеп бойынша айқындалған жыл басындағы амортизацияға жатқызылатын қалдық құнның 1 процентi мөлшерiнде салық ставкасын қолдану жолымен дербес белгiлейдi.
      Заңды тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мүлiк құнынан 1 процент ставка бойынша есептелетiн ағымдағы салық сомасын төлеудi салық жылының 20 ақпан, 20 мамыр, 20 тамыз, 20 қарашасында тең үлестермен жүргiзедi.
      Белгiленген мерзiмде төленуi тиiс мүлiк салығының ағымдағы сомасын айқындау салықтың жыл бойынша есептелген сомасын 4-ке бөлу арқылы жүргiзіледi.
      Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғаны құру және қайта ұйымдастыру кезiнде жаңадан қуырылған заңды тұлғаның тiркелген сәтi салық жылының басы болып саналады.
      Заңды тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi белгiленген мерзiмде төленуi тиiс ағымдағы төлемдер бойынша есептеулердi 3 қосымшаға сәйкес салық органына 20 ақпанға дейiн тапсыруы тиiс.".
      12. 22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22. Салық төлеушiлер жыл бiткеннен кейiн өздерi тұратын жерi бойынша салық комитеттерiне осы нұсқаудың 2-қосымшасымен белгiленген үлгідегi декларацияны есептi кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады. Салық жылы есептi кезең болып табылады.
      Салық салынатын амортизацияланған қаражаттардан орташа жылдық қалдық құн бухгалтерлiк есеп бойынша белгiленген, есептi салық жылының әр айының бiрiншi күнi және содан кейiнгi жылдың бiрiншi күнiнде, сондай қаражаттардың қалдық құнын қосу кезiнде алынған он үштен бiр сома ретiнде есептеледi.
      Егер есептi кезеңнiң ұзақтығы бiр жылдан аз болса, осы салық кезеңi бойынша амортизацияланатын қаражаттардың орташа қалдық құны ол қаражаттардың есептi кезеңде басталатын әр айдың бiрi күнiне және есептi кезеңнен кейiнгi айдың бiрi күнiне қалдық құнын қосу арқылы алынған сол сомада қосылғандардың санына бөлiнген сомаға тең етiп алынады.
      Есептi жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есептелетiн нақты тиiстi салықты төлеу немесе артық төленген соманы қайтару есептi жылдан кейiнгi жылдың 10 сәуiрiне жүргiзiледi.
      Мүлiкке артық енгiзiлген салық сомасы:
      - салық төлеушiнiң басқа салықтарды төлеу есебiне жатқызылады;
      - салық төлеушiнiң келiсiмi болса, алдағы төлемдер бойынша мiндеттемелер есебiне жатқызылады;
      - төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша 20 күн мерзiмде қайтарылады.
      Заңды тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер), олардың филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелер және заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар сол мүлiк кiрiс әкелетiнiне, не әкелмейтiнiне қарамастан мүлiкке салық төлеуден босатылмайды. Салық салық салу объектiлерi тұрған жер бойынша төленедi.
      Салық салу объектiлерi басқа облыстар (немесе аудандар) аумағында орналасқан, таралған филиалдар желiсi бар заңды тұлғалар (соның iшiнде резидент еместер) немесе өкiлдiктер (заңды тұлға құрмай) тиiстi салық сомаларын төлеудi объектiлер орналасқан жерде жүргiзедi.
      Мұның өзiнде заңды тұлғаның филиалдары, өкiлдiктерi және өзге де құрылымдық бөлiмшелерi ағымдағы төлемдер жөнiндегi есеп айырысу мен мүлiкке салық жөнiндегi декларацияны орналасқан жердегi салық комитетiне ал, көшiрмесiн заңды тұлғаның бас ұйымына тапсырады. 13. 1-қосымшада: "Төрағасы" сөзінің алдында "аудандық (қалалық) салық комитетінің" деген сөздер жазылсын; төменгі сол бұрышында "Заңды тұлғаның мөртабаны" деген сөздермен толықтырылсын. 14. 2-қосымша мынадай редакцияда жазылсын: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясының 1995 жылғы 21 маусымдағы N 38 нұсқауына 2-қосымша Мүлікке салық жөніндегі декларация Кәсіпорын (бірлестік, ұйым) _____________________ мөртабаны (Банк) _____________________ (банк шоттары) СТТН _________ _________ _______________________________ ______________________________ бойынша (салық төлеушінің мекен-жайы) (төлеушінің атауы) _______________________________ _________________ жыл үшін (телефон) __________________________________________________________________________ | N | Көрсеткіш |Төлеушінің|Стандартты |р/с| |мәліметі |жеңілдікте. | | |бойынша |рі бар | | | |төлеушiнiң | | | |мәліметі | | | |бойынша |___|_______________________________________________|__________|__________| |1 | 2 | 3 | 4 | |___|________________________________________________|__________|_________| |1 |Жылдың басындағы амортизацияланған қаражаттардан| | | | |қалған күн | | | |___|________________________________________________|__________|_________| |2 |Амортизацияланған қаражаттардан түскен күн | | | |___|________________________________________________|__________|_________| |3 |Амортизацияланған қаражаттардан шығып қалған күн| | | |___|________________________________________________|__________|_________| |4 |Салық жылы үшін амортизацияланған қаражаттарға | | | | |есептелген, амортизацияланғандардың аударылған | | | | |сомасы | | |___|________________________________________________|__________|_________| |5 |Жылдың аяғындағы амортизацияланған қаражаттардың| | | | |құны | | | |___|________________________________________________|__________|_________| |6 |Салықты есептеу кезінде алынған амортизациялан. | | | | |ған қаражаттардан қалған орташа жылдық құн | | | |___|________________________________________________|__________|_________| |7 |Салық ставкасы | | |___|________________________________________________|__________|_________| |8 |Салық сомасы (6 жол х 1%) | | | |___|________________________________________________|__________|_________| |9 |Салық жылы үшін ағымдағы төленген төлемдер | | | |___|________________________________________________|__________|_________| |10 |Мерзім бойынша төлеуге жатады | | | |___|________________________________________________|__________|_________| |11 |Кемітуге | | | |___|________________________________________________|__________|_________| Салық төлеушінің заң алдындағы жауапкершілігі Біз осы декларацияда көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен шындығы үшін заң алдында жауап береміз. Салық комитетінің бастығы ________________ _______________ (аты-жөні) (қолы) Бөлім бастығы _____________________ ______________ (аты-жөні) (қолы) Басшы ____________ _______________ (аты-жөні) (қолы) Бас бухгалтер ______________ ________ (аты-жөні) (қолы) __________________күні __________________күні Декларация жасау бойынша қызмет көрсеткен аудитор _____________ ______________ (аты-жөні) (қолы) МО _______________________
     - Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғаның (соның ішінде резидент емес), филиалдың, өкілдіктің атауы немесе жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты.
 
      15. 3-қосымшада: "кәсіпорынның, ұйымның атауы" деген сөздер "төлеушінің атауы" деген сөздермен ауыстырылсын; "негізгі қаражаттардың" деген сөздер "амортизацияланған қаражаттардың" деген сөздермен ауыстырылсын; "кәсіпорынның, ұйымның басшысы" деген сөздер "заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің, жеке тұлғаның, кәсіпкерлік қызметпен айналысатындардың) басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын. Оқығандар: Омарбекова А. Қасымбеков Б.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады