-------------------Бұйрықтан үзінді---------------- Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының K010209_ Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:
51. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 150 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң 1999 жылғы 24 желтоқсандағы N 1587 V991042_ бұйрығы. -----------------------------------------------------
"Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 22 қарашадағы N 485-1 Z990485_ Қазақстан Республикасы Заңының, "салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 492-1 Z990492_ Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 150 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Мүлік салығын есептеу және төлеу тәртібі туралы" N 38 V950071_ Нұсқауға:
18-тармақта:
5) тармақшада "нақты мерзімі" деген сөзден кейінгі "және мөлшері" деген сөздер алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) "Байқоңыр" кешенінің объектілері болып табылатын көлік құралдары
бойынша "Байқоңыр" кешені объектілерінің мүлік базасында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын". 2. Өндірістік емес төлемдер департаменті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келіссін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберілсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Өндірістік емес төлемдер департаментінің директоры Д.Қ.Баймұрзинге жүктелсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. Министрдің міндетін атқарушы "Келісілді" Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі 1999 жылғы 5 қаңтар Оқығандар: Омарбекова А.Т. Орынбекова Д.Қ.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 21 маусымдағы N 150 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс Министрлігі Бұйрық 1999 жылғы 24 желтоқсан N 1587. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 7 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1042. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз