Мүлiкке салынатын салықты есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 38 ~V950071 Нұсқаулығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Салық комитетi 1997 жылғы 29 желтоқсандағы N 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 13 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 59 бұйрығы. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

 

-------------------Бұйрықтан үзінді----------------

               Мемлекеттік кіріс министрінің

           2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығы



 

     "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы"

Қазақстан Республикасының 


K010209_


  Кодексiн (Салық Кодексiн) қолданысқа

енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 шiлдедегi Заңына

сәйкес   

                               БҰЙЫРАМЫН:

     Күшiн жоғалтқан жекелеген бұйрықтарының тiзбесi:

     29. "Мүлiк салығын есептеу және төлеу тәртiбi туралы" N 38

Нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң 1997 жылғы 29

желтоқсандағы N 1 


V970059_


  бұйрығы.

-----------------------------------------------------

            Мүлiкке салынатын салықты есептеу және төлеу

            тәртiбi туралы" N 38 Нұсқаулығына өзгерiстер

                   мен толықтырулар

     I бөлiмнiң 2-тармағында:

     1)-тармақшаның бiрiншi азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:


 
       "1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, көлiк құралдарының салық салынатын көлiк құралдарын қоспағандағы, негiзгi қаражатының қалдық құны.
      Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негiзгi қаражаттары материалдық өндiрiс саласындағы сияқты, өндiрiстiк емес салада бiр жылдан астам қызмет мерзiмiмен құны 40 айлық есептiк көрсеткiштен артық материалдық активтер болып табылады.";
      2)-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын азаматтардың жеке пайдалануындағы, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрғын үй-жайларының, саяжай құрылыстарының, гараждарының, өзге де құрылыстарының, ғимараттарының, үй-жайларының құны."
      II бөлiмде:
      4-тармақтағы "өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорлар" деген

 

сөздер "қаражаттар" деген сөзбен, "қорларды" деген сөз

"қаражаттарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

     "4) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 3 000 000 теңгеден

4 000 000 теңгеге дейiн

     одан асатын 3 000 000 теңге + сомадан 0,3 процент";

     5) 11-тармақшалары мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:

     "5) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 4 000 000 теңгеден

5 000 000 теңгеге дейiн

     4 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,4 процент

     6) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 5 000 000 теңгеден

6 000 000 теңгеге дейiн

     5 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,5 процент

     7) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 6 000 000 теңгеден

7 000 000 теңгеге дейiн

     6 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,6 процент

     8) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 7 000 000 теңгеден

8 000 000 теңгеге дейiн

     7 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,7 процент

     9) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 8 000 000 теңгеден

9 000 000 теңгеге дейiн

     8 000 000 теңге + одан асатын сомадан 0,8 процент

     10) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 9 000 000 теңгеден

10 000 000 теңгеге дейiн

     9 000 000 теңге+ одан асатын сомадан 0,9 процент

     11) салық сомасы жылжымайтын мүлiк құнынан 10 000 000 теңгеден

және жоғары 10 000 000 теңге + одан асатын сомадан 1 процент".

     IV бөлiмде:

     18-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

     "3) Қазақстанның Ұлттық Банкi негiзгi қызметiне пайдаланылатын

мүлкi бойынша;";

     20-тармақ мынадай мазмұнда толықтырылсын:

     "20. 18-тармақтың 1)-5) тармақшасында көрсетiлген заңды тұлғалар

мүлiктi пайдалануға немесе жалға бергенде мүлiк салығын төлеуден

босатылмайды.".

     V бөлiмде:


 
       20-тармақтың бiрiншi азат жолындағы "өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорлар" деген сөздер "қаражаттар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      20-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi азат жолдармен толықтырылсын:
      "Негiзгi қаражаттардың 31 желтоқсанды қоса алғандағы жағдай бойынша мүлiкке салынатын салықты есептеген кезде қолданылатын құнын, салық жылындағы негiзгi қаражаттың орташа құны деп есептесiн.";
      21-тармақтың бiрiншi азат жолындағы "31 наурызына" деген сөз "31 наурыздан кешiктiрмей" деген сөзбен ауыстырылсын";
      21-тармақ мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "Салық салу объектiлерi басқа облыстардың аумағында жатқан (немесе аудандардың) филиалдардың немесе өкiлдiктердiң (заңды тұлға құрмай) тармақталған жүйесi бар заңды тұлға тиiстi салық сомасының төлемдерiн объектiлердiң тұрған жерi бойынша жүргiзедi.
      Бұл ретте филиалдар немесе өкiлдiктер (заңды тұлға құрмай) салық

 

органдарына хабарлай отырып, осы салық бойынша бас заңды тұлғаға

есептеменi ұсынуға мiндеттi.

     Заңды тұлға жыл аяқталғаннан кейiн есептелген және төленген салық

сомасы бойынша филиалдарға бөлiп жалпы есеп жасайды, мүлiкке салынатын

салық бойынша декларацияны салық органдарына ұсынады".

     20-27-тармақтар тиесiнше 21-28-тармақтар деп есептелiнсiн.

     2-қосымшада "Мүлiкке салынатын салық бойынша декларация":

     "салық инспекциясына" деген сөз "салық комитетiне" деген сөзбен

ауыстырылсын;

     1-4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

___________________________________________________________________

__________________________________|_______________|________________|

"1. Жыл басындағы негiзгi         |               |                |

қаражаттардың қалдық құны


     |               |                |

____________________________________________________________________

2. Түскен негiзгi қаражаттардың   |               |                |

   құны                           |               |                |

____________________________________________________________________

3. Шыққан негiзгi қаражаттардың   |               |                |

   құны                           |               |                |

____________________________________________________________________

4. Салықты есептеген кезде        |               |                |

   қабылданған жыл                |               |                |

____________________________________________________________________

аяғындағы негiзгi қаражаттардың   |               |                |

құны                              |               |                |

____________________________________________________________________



Ескерту. Инфляция деңгейiн есептегендегi жыл басындағы негiзгi

қаражаттардың қалдық құны

     Қазақстан Республикасы

     Қаржы Министрлiгiнiң Әдiстеме

     Кеңесiмен келiсiлген

     1997 жылғы 26 желтоқсандағы N 19 хаттама





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады