Табиғатты қорғау заңын бұзудан табиғи ортаға келтiрiлген зиян мөлшерiн белгiлеудiң уақытша тәртiбi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi 1995 жылғы 21 маусым. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 21 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 100. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 209-ө бұйрығымен.

       Ескерту: Уақытша тәртібінің күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 209-ө бұйрығымен.

---------------Бұйрықтан үзінді-----------------

      "Қоршаған ортаны ластануының зиянын экономикалық бағалауды орнату Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы N 486 қаулысының қабылдануына байланысты Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрiнің 1995 жылғы 21 маусымдағы табиғатты қорғау заңнамаларын бұзу арқылы табиғат ортасына зиян келтіру мөлшерін анықтаудың Уақытша тәртібінің күші жойылсын.
      ...
      3. Осы бұйрық 2006 жылғы 17 маусымнан бастап күшіне енеді.

      Министр 
--------------------------------      

Бекiтемiн             
Қазақстан Республикасы Экология
және биоресурстар министрi  

27.06.1995 ж.        

Бекiтiлген:              Қазақстан Республикасы Экология және
                         биоресурстар министрi

Дайындаған:              Қазақстан Республикасы Экология және
                         биоресурстар министрiнiң 13.04.1994 ж.
                         N 21 бiрiккен бұйрығымен /негiзгi
                         дайындаушы Мирошенко А.Н./ облыстық
                         және қалалық экология және биоресурстар
                         басқармаларының бiр топ жұмысшы
                         мамандары

Бекiтуге даярлаған       Экологиялық сараптама және радиациялық
және енгiзген            экология басқармасының Нормативтiк-
                         әдiстемелiк қамтамасыз ету бөлiмi

Келiсiлген:              Мемлекеттiк экологиялық және
                         радиациялық экология бас басқармасы

КIРIСПЕ

      Осы тәртiп:
      "Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-76 баптарына сәйкес дайындалған; 
      табиғи ортаға келтiрiлген зиянның сандық, сапалық және зиян бағасының құны бойынша Қазақстан Республикасының күшi бар заңдары мен нормативтiк актiлерiн пайдалануды белгiлейдi; 
      табиғи ортаны ластағаны және табиғатты қорғау заңын бұзғанда, сондай-ақ шаруашылық дауды шешкенде, табиғат ресурстарына келтiрiлген зиянды өндiрiп алу жөнiндегi төлемдерi туралы облыстық /аудандық/ әкiмшiлiктерi әкiмдерi қаулыларының жобаларын дайындағанда қолдануға арналған. 

1. Негiзгi ережелер

        1.1. Шаруашылық немесе өзге де қызметтердiң барысында табиғатты қорғау заңын бұзған кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың мемлекетке келтiрiлген зияндарын, өндiрiп алуға /төлетуге/ жатады; 
      жер, су, өсiмдiк және минералдық ресурстарын, жануарлар әлемi мен балық қорлары ресурстарын жоюы мен зақымдар келтiруде; 
      өз еркiмен табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдаланғанда; 
      өз еркiмен табиғи ортаны ластағанда, оның iшiнде апаттық /авариялық/, келiсiлмеген дүркiн тастау мен шығару және қалдықтарды орналастыруда; 
      мемлекеттiк бақылау барысында табиғи ортаны нормативтен жоғары ластағаны мен табиғат пайдалану кәсiпорнының статистикалық есеп беруiнде көрсетiлгендi таппағанда. 
      1.2. Табиғи ресурстарды жою, олардың қалыпқа келтiрiлуiне мүмкiн емес, әлде арнайы жұмыстарды талап ететiн /жердiң өңдеуiн, орманның көшеттелуiн, түбi тазартылатын және басқа жұмыстар/, оның ерекше шаруашылық, тауарлық, ландшафтты-дем алатын орнын және эко-жүйелiк /су реттеу, топырақ қорғау, климат жасау және басқа/ құндылығын толық жоғалту деп саналады. 
      1.3. Табиғи ресурстардың зақымдануы деп саналатын, олармен iшiнара, олардың ерекше құндылығы, оны қалыпқа келтiруге рұқсат етiлген жұмыстарын тездеп жүргiзуде жiберiлетiн /топырақтың үстiңгi қабатының шалшықтануы мен ластануын жүйелеу/, әлде табиғи ресурстардың өздiгiнен қалпына келу әрекетi. 
      1.4. Арнайы табиғатты пайдалануға белгiленген тәртiппен алынатын рұқсатсыз iстелiнген табиғи ресурстарды пайдалану, өз еркiмен әрекет ету деп саналады: жер учаскесiн пайдалану әлде иелену құқық актiсi; ағаш кесу билетi әлде қосымша ағаш кесу ордерi, су пайдалануға, таудың бұрылысына және т.б. арнайы рұқсаты. 
      1.5. Арнайы табиғатты пайдалануға рұқсат етiлген табиғи ресурстарының ерекше құндылығын технологиялық дәреженiң төмендiгiнен және шаруашылықсыздықтың салдарынан төмендетуге келтiрiлген табиғи ресурстарды пайдалану тиiмсiз деп саналады. 
      1.6. Белгiленген тәртiппен алынатын рұқсатсыз iстелiнген атмосфераға лақтыру, сарқын суларды тастау және қалдықтар мен кез келген басқа лақтыратын заттарды табиғи ортада орналастыру, келiсiлмеген шығару /тастау, орналастыру/, оның iшiнде дүркiн шығару /тастау/ табиғи ортаның өз еркiмен ластауын деп саналады. 
      1.7. Мемлекеттiк аспаптық бақылау, талдау мен есеп айыру әдiстемесi барысында анықталынған шығарындылар мен тастандылардың белгiленген лимиттерден артықтығынан және ластандырғыш заттарды орналастырудан табиғи ортаның нормативтен жоғары ластануы, ведомстволық және өндiрiстiк бақылаушылардың кездейсоқ оқиғада табиғи ортаның өздiгiнен ластануын ақырына жеткiзбегеннен, қалай табиғат қорғау заңы бұзылса, зиян солай төлетуге жатады. 
      Белгiленген нормативтен жоғары ластандыратын заттарды шығару туралы куәландыратын аспаптық өлшеулер мен талдаулардың нәтижелерi өткен тексеруге дейiнгi 3-айдан аспайтын кезеңде таратылады. 
      1.8. Булану, жану, тасу, топыраққа сiңу және т.б. нәтижелерiнде табиғи ортаға түсетiн, табиғи ортаға келтiрiлген зиянның табиғи көрсеткiштерi табиғат қорғау қызметтерiн тексеру актiлерiнде табиғи ресурстардың сандық және сапалық әдiстемесi және есеп беру түрлерiмен және табиғи ресурстардың құндылығын жоғалтуын анықтау мүмкiншiлiгiн және ластандырғыш заттардың абсолюттiк саны әрекеттерiмен сәйкес өлшеу бiрлiгi мен құрылымында жазылып қойылады. 
      Зиян мөлшерi есебiне бұзушы-кәсiпорынның анықтама түрiнде қосымша хабарламасы, актiмен бiрге сараптама қорытындысы ұсынылады. 
      1.9. Зиян мөлшерiн бағалау құнының негiздерi болып: 
      1.9.1. 1994 жылғы Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi және облыстық, қалалық әкiмшiлiктердiң әкiмдерiмен бекiтiлген "Қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн төлемдердi анықтау әдiстемесiне /одан әрi - Экобиоресурстарминi әдiстемесi/ сәйкес анықталатын, табиғи ортаны ластағаны үшiн төлемдер мөлшерi. 
      1.9.2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 ж. 
23.02. "Қазақстан Қызыл кiтабына енгiзiлген өсiмдiктердi зақымдағаны әлде заңсыз тапқаны, орман заңын бұзғаны үшiн жауапкершiлiкке ақшалай тарту туралы" қаулысымен бекiтiлген /одан әрi - N 136 Министрлер Кабинетiнiң қаулысы/ таксалары. 
      1.9.3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 ж. 
30.09 N 978 "Жер иелерiне, жер пайдаланушыларға, арендаға алушылар мен алынған ауылшаруашылығы емес қажетi үшiн ауылшаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарының орнын толтыру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" бекiтiлген қаулысымен, жаңа жер игеру құнының мөлшерi. 
      1.9.4. Жалпы таратылған пайдалы қазбаларға, қайтара өңделетiн шикiзатқа, басқа табиғи ортаны ластандыратын заттарға тексеру кезiнде әсер ететiн бағалар. 
      1.10. Бекiтiлген такса мен зиян есептеу әдiстемесi болмағанда, оны орнына келтiруде табиғи ортаның бұзылған жағдайын қалыпқа келтiрудегі нақты шығынын келтiрiлген шығын есебiмен немесе жобалау бойынша жүргiзiледi /"Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" Заңының 75-бабы/. 
      1.11. Табиғи ортаның өздiгiнен ластануынан келтiрiлген қауiп есебiнен, көбiнесе сырттай ұйымдастырылған шығару /тастау/ деректерiнiң шығатыны және ластандырғыш заттарды орналастыруға жасалынған орын, қарсы бiр қосынды есебiнен ортаның ең аз ластануын қамтамасыз етедi әлде уыттардың миграцияларына шек қояды, Экобиоресурстарминi /1 және 3 қосымша/ белгiлеген, күшi бар әдiстемесi мен табиғи ортаның өздiгiнен ластануы ерекшелiгiне бейiмделген нормативтiк төлемге көтерiңкi еселi коэффициент қолданады: 
      - табиғи ортаның өздiгiнен ластануына еселi коэффициент К 1
      - есепке алынатын экологиялық ластану қаупiнiң еселi коэффициентi К 2
      1.11.1. Табиғи ортаның өздiгiнен ластануына еселi коэффициент К 1
      - Экобиоресурстарминi әдiстемесiнiң 1 қосымшасына сәйкес - мемлекеттiк бақылау барысында айқындалған нормативтен жоғары шығаруды /тастауда/; 
      - табиғи ортаның өздiгiнен ластануы кезiнде "Табиғи ортаның ластануы мен табиғи ортаға зиянды заттарды шығару /тастау/ туралы хабарларды ұсыну тәртiбi туралы нұсқаумен" /Алматы, 1989 ж./ сәйкес мамандықты қажет ететiн негiзгi ластандыратын заттар бойынша бейнеленетiн ПДК артуы жоғары экстремальдық сияқты санына тең; 
      - басқа өздiгiнен ластану кезiнде, жоғары экстремальдыққа жатпайтын Экобиоресурстарминi әдiстемесi 1 қосымшасына сәйкес мөлшерден жоғары ластануының максимальды еселiгi - 10 тең. 
      1.11.2. Есепке алынатын экологиялық ластану қаупiнiң еселi коэффициентi К /Экобиоресурстарминi әдiстемесi 3 қосымшаға 
               2 үйлестiру/: 
      - өздiгiмен кәсiпорындар территорияларында табиғат қорғаудың талаптарымен сәйкес орналастырылған, оның iшiнде лимиттен жоғары ластандырушы заттарды орналастыру /полигондарда, жақсартылған қоқыс тастайтын жерлерде, типтiк қоймаларда, күл-шлак үйiндiлерiнде, көң сақтағыштарда/; суаттар мен су жиналған жерлердегi жоспарлы тастандылар; жоспарлы деректердегi шығарындылар - 1,0; 
      - оның өзiнде, кәсiпорындардың территорияларында орналастырылмаған, жабайы су жиналатын жерлерге сарқын су тасқындылары, жоспарланбаған деректердiң технологиялық дәлелденген шығарындылары - 1,5; 
      - өздiгiнен кәсiпорындардың территорияларында ластанатын заттарды оларды орналастыруға алынбаған орналастыру; кәсiпорындар территорияларында жер асты суының ластануы және технологиялық дәлелденбеген өздiгiнен шығарындылар, тастандылар, ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлердiң территорияларында және мемлекеттiк орман қорының ағаш пен жабылмаған жерлерде өздігiнен шығарындылар /тастандылар, орналастыру мен жер асты суының ластануы/ - 2,0; 
      - мемлекеттiк орман қорының ағашпен жабылмаған жерлерi территорияларында өздiгiнен шығарындылар /тастандылар, орналастыру мен жер асты суының ластануы/, қоныстандырылатын және ерекше қорғалатын территорияларда, су қорғау аймақтары мен суаттардың акваторияларында /құрғағанын қосқанда/, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерiн санитарлық қорғау аймақтарының I және II белдеулерiнде, курорттарды санитарлық қорғау өлкелерiнiң I және II аймақтарында - 3,0. 
      1.12. Әрекет жасаған маман, заңды құқығы бар адам табиғат қорғау заңын бұзушы ретiнде, зиянды төлеу жөнiнде жауапкершiлiк тартады, егер де нақтылы айыпкер анықталмаған жағдайда, жауапкершiлiктi табиғи ресурстарының иесi әлде пайдаланушы, күшi бар заңға сәйкес, қайсысына оны қорғау жүктелiнген, сол тартады. Құрылыс барысында табиғи ортаға келтiрiлген зиян үшiн керi талап ұсынуға мүмкiншiлiгi бар /керi/ заказ берушi жауапкершiлiктi тартады. 
      1.13. Бiрнеше адамның жауапкершiлiгiне шек қоюдың мүмкiншiлiгi болмаған жағдайда қатысушы адамдар төлеу жөнiндегi жауапкершiлiктi ортақ тартады, ондайда олардың жауапкершiлiгi жазасын белгiленген тәртiппен арбитраждық сот белгiлеуi мүмкiн. 
      Мысалы: пестицидпен зақымданған орман учаскесiн авиахимиялық жолмен арам шөптерiн жою барысында, совхоздың бас агрономымен бекiтiлген, кестеде көрсетiлген танапты экипаж өңдедi. Авиахимиялық жолмен арамшөптi жоюды жүргiзгенде ведомстволық ережелерi бұзылды, зиянның толық сомасына талап бiр уақытта совхозға және авиакәсiпорынға да қойылуы мүмкiн. 
      1.14. Табиғат заңын бұзу, табиғи ресурстардың екi әлде бiрнеше түрлерiне зиян келтiрiлгенде, ресурстардың әрқайсысына бөлiп, зиянның жалпы санын шығару анықталынады. 
      1.15. Зиянның тиюiне шек қою мүмкiн болмаған жағдайда, бiрнеше табиғи ресурстарға келтiрiлген зиянның барлық мөлшерiн, қайсысында тәртiп бұзудың ақиқаты толық дәлелденсе, сол ресурсқа жатқызылуы мүмкiн. 
      Мысалдар: 
      I. Өздiгiмен құрылыс тастарын қазғанда, сол мезгiлде топырақтың құнарлы қабатының жойылатыны айқындалған, жалпы зиян өздiгiнен құрылыс тастарын қазғандағы зиянының жалпы санынан шығару осы Тәртiптiң 2.4.8. тармағына сәйкес және 2.4.2 тармағына сәйкес жоюдағы зиянымен белгiленедi. 
      2. Бедерге құйылған аққан мұнай газының 1 тонна ауыр сұйық қалдығы бiр тәулiктен кейiн жағылған. Нәтижесiнде жер асты сулары, топырақ және атмосфераны ластаған мөлшерлерiне шек қою мүмкiн болмағандықтан, бедерге тасталынған 1 тонна ластандырушы сұйық заттың зиян мөлшерiн осы Тәртiптiң 2.2.2 тармағына сәйкес белгiленедi. 
      1.16. Ақылай жауапкершiлiкке тартылған табиғат заңын бұзушылар табиғи ресурстарды қалпына келтiру жұмыстары бойынша мiндеттерiнен босатылмайды, оның iшiнде зерттелетiн, жобаланатын және арнайы қалпына келтiрiлетiн жұмыстардан. 

2. Табиғи ортаға келтiрiлген зиян мөлшерiн
белгiлеу тәртiбi

        2.1. Ауа атмосферасы 
      2.1.1. Атмосфераға тасталынатын ластандырушы заттардың абсолюттiк саны /мемлекеттiк бақылау барысында анықталынған нормативтен жоғары шығаруларда - белгiленген лимиттен шығарғанда/, келтiрiлген массаға /шарттық тонна/ қауiптердiң салыстырылмалы коэффициентiне көбейтiлуiмен саналады, I/ПДК - тең. 
      2.1.2. Ауа атмосферасының ластануынан зиян ауа атмосферасының ластанғаны нормативiнiң, ластандырушы заттардың келтiрiлген массаларының және 1.11.1, 1.11.2 тармақтарына сәйкес еселi коэффициенттерiнiң К 1 2 және К көбейтiндiсiне тең. 
      2.2. Жер үстi және жер асты сулары 
      2.2.1. Сарқын сулармен әлде әр түрлi сұйық түрдегi тасталынған ластандырушы заттардың абсолюттi саны /мемлекеттiк бақылау барысында анықталған нормативтен жоғары тастауларда - белгiленген лимиттен шығарғанда/ келтiрiлген массаға қауiптердiң салыстырылмалы коэффициенттерiн көбейтумен саналады, I/ПДК балық суына тең. 
      2.2.2. Су бетiнiң ластануынан зиян, тасталынатын ластандырушы заттар үшiн, келтiрiлген массалардың және 1.11.1, 1.11.2 тармақтарына сәйкес еселi коэффициенттерiнiң К 1 2 және К нормативтi төлемдердiң көбейтiндiсiне тең. 
      2.2.3. Жер асты суының ластануынан зиян 2.2.1, 2.2.2 тармақтарына сәйкес белгiленедi. Сонымен жер асты суларына түсетiн ластандырушы заттардың абсолюттiк саны, ластандырушы заттардың ерiтiндiлерi және жер асты тасқынының шығыны, қандай да бiр саңылаудың дебетi бойынша жалпы қабылданылған гидрогеология әдiстемелерiмен белгiленедi. 
      Ластандырғыш заттардың массасы фондық /бедерсiз бiр түстi/ ерiтiндiлерiнен шегерумен анықталады, ал фонд бойынша мәлiмет болмағанда - шаруашылық - ауыз суға арналған суаттарда ПДК деңгейiндегi ластандыруды шегередi. 
      Жер асты сулары - ластануының бақыланатын потенциалды көздерiнде байқалатын саңылаулар тармақтарының бар болуы және өткен мәлiметтердiң фондық ластану зияны Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiмен 21.04.94 ж. бекiтiлген "Жер асты суларының ластануымен мемлекетке келтiрiлген экономикалық зиянды бағалаудың уақытша әдiстемесiне сәйкес белгiленедi. 
      2.2.4. Жобаланған және жобаланбаған плотиналар, бөгеттердiң жолдардың бүлiну салдары мен шаруашылықтың ұқыпсыздығы салдарынан пайда болған шұңқырлар, жыралардан жердiң географиялық жүйелерiнiң ластану зияны, келтiрiлген массаға 2.2.1, 2.2.2 тармақтарына сәйкес апат жағдайындағы тастаулар сияқты өлшенген бөлiгi жердiң географиялық жүйелерiнiң ластануы абсолюттiк массаларынан қайта есеп айырумен белгiленедi. 
      2.2.5. Өздiгiнен бөгеттердiң, плотиналардың, қазындылардың жобасыз құрылыстарынан және құрылыс жұмыстарын жүргiзгенде үстiңгi ағын сулардың ластану зиянын төлеуде, облыстардың және аудандардың әкiмшiлiктерiнiң әкiмдерiмен белгiленетiн облыстық индексациясымен суды қамтамасыз ету кестесiне сәйкес судың құнына 10 еселi мөлшерде тарту. 
      2.2.6. Экология және биоресурстар мекемесiмен кәсiпорындарға берiлген тәртiптердiң жүргiзiлмеуiнен қорғалатын су алаптарының шалшықтануына осы тәртiптiң 2.4.6 тармағына сәйкес зиян төлетуге тартылады. 
      2.3. Қалдықтарды, қайта өңделетiн шикiзаттарды, басқа ластандыратын заттарды табиғи ортаға орналастыру. 
      2.3.1. 1.11.1, 1.11.2 тармақтарға сәйкес еселi коэффициенттерi К және К мен қалдықтардың абсолюттiк массалары /нормативтен жоғары 1 2 орналастыру - белгiленген лимиттердi шығарғанда/ өздiгiмен табиғи ортаға қалдықтарды, оның iшiнде көңдердi, қарашiрiктердi, күлдер мен шлактарды, тау өндiрiстерiнiң қиыршықтары мен шламдарын орналастыру, заң бойынша олардың уыттылығы есебiмен қалдықтарын орналастырудың нормативтi төлемiнiң көбейтiндiсiне тең. 
      2.3.2. Белгiленген рұқсаттардың уытты кластар қалдықтарын орналастыруда сақталмауы, өздiгiмен орналастыру сияқты қаралады, қайсысынан зиян анықталса, 2.3.1 тармағына сәйкес нормативтi төлемдi шегергенде. 
      2.3.3. Өздiгiмен табиғи ортаға қайта өңделiнетiн шикiзаттарды, тыңайтқыштарды, қатты мұнай өнiмдерiн, улы химикаттар мен ыдыстардағы сұйық мұнай өнiмдерiн, құрылыс материалдарын және ластандырғыш заттарды орналастырудың зиян төлемiн өтеу. 1.11.1, 1.11.2 тармақтарына сәйкес еселi коэффициенттерi К 1 2 және К мен абсолюттiк массалары, олардың бағасының 10% көбейтiндiсiне тең. 
      2.3.4. Белгiленген тәртiппен келiсiлмеген улы химикаттарды территорияларда өндiрудiң зиянын төлету, пестицидтерге енгiзiлген 
2.2.1 және 2.2.2 тармақтарына сәйкес белгiленген мөлшерде тартылады. 
      2.3.5. Өздiгiмен табиғи және қала құрылыстарына құрылыс материалдарын, тау өндiрiсiнiң қиыршықтары мен шлактарын, құрамында жасанды және табиғи радионуклеидтерi санитарлық мөлшерден артатын сарқын және рудник суларын орналастыру, сондай-ақ иондалатын сәулелену көздерiнiң зиянын пропорционалды орналастырылған материалдың жалпы радиоактивтiлiгiн, санитарлық норма шегiндегi жалпы радиоактивiнiң бөлiгiнен шегерген мөлшерiнде төленедi. 
      Орналастырылған жалпы радиоактивтi материалдың 1 микрокюриi үшiн нормативтi төлем, табиғи ортаға 1 тонна өнеркәсiптiк уытты қалдықтарын орналастыру үшiн нормативтi төлемге тең қабылданады /активтi деңгей классификациясы - Қазақстан Республикасы Экобиоресурстарминi, 1994 ж., Алматы, 12-15 беттер "Иондалған сәулелену дозиметрлерi және радиометрлермен өлшеу бiрлiгi және радиациондық қорғау мәселелерi" жазбасына сәйкес/: 
      - егер табиғи құрылыс материалдары табиғи радионуклеидтiң мөлшерi бойынша нормадан артқан жағдайда IV класс бойынша 
      - сұйық және қатты әлсiз радиоактивтiгi - III класс бойынша 
      - орташа радиоактивтiгi - II класс бойынша 
      - жоғары радиоактивтiгi - I класс бойынша 
      - топырақтың мұнай өнiмдерiмен, уытты химикаттармен, аммиак селитрасымен ластануының анықталуына көзбен шолу. 
      табиғи ортаға өздiгiмен радиоактивтi қалдықтарды, сарқындар мен материалдарды орналастырудан зиян 1.11.1, 1.11.2 тармақтарына сәйкес еселi коэффициенттердiң К 1 2 және К және микрокюриiнiң меншiктi жалпы активiнiң нормативтi төлеу көбейтiндiсiне тең /меншiктi активтiң нәтижесi/. 
      2.4. Жер, жер қойнауы 
      2.4.1. Жер ресурстарына келтiрiлген зиян Министрлер Кабинетiнiң N 978 қаулысы бойынша белгiленедi. 
      2.4.2. Топырақ жамылғысын жоюда, көмбеде әлде ластануынан құнарлылығын жоғалтуға келтiрiлген зиян Министрлер Кабинетiнiң N 978 қаулысының I қосымшасы бойынша топырақтың бонитетiне сәйкес жаңа жердi өңдеу құнының нормативiне тең. 
      Топырақтың құнарлылығын толық жоғалтуға теңестiрiлген ластанумен есептелетiн келесi: 
      - 0-10 см қабатындағы шоғырлануында топырақтың уытты заттармен ПДК /ГОСТ 17.4.3.06-88/ 5 жоғары ластануы; 
      - балықшаруашылық суаттар үшiн балық өсiргiш ерiтiндiлерiнде ластандырушы заттардың 10 ПДК жоғары мөлшерiнде топырақты ағын сулармен басып кету. 
      2.4.3. Топырақты әртүрлi кластардағы уыттылардың бiрнеше заттарымен ластандырғанда, молырақ уытты заттарды әлде олардың комплекстi ықпалына нормативтi төлеулер қолдану керек. 
      2.4.4. Топырақтың қабатына, оның құнарлылық бөлiгiн жоғалтуына келтiрiлген зиян берiлген жер бөлiгiнiң топырағы бонитетiне дейiнгi және кейiнгi зиян келтiрiлу балдарына сәйкес нормативтердiң құндарының айырмашылығы сияқты белгiленедi. 
      Құнарлылықты жоғалту дәрежесi белгiленедi: 
      - жер қыртысы сапасын бағалап айыру әрекетi әдiстемесi бойынша; 
      - топырақтың көрсетiлген түрлiк және тектiк белгiлерiнiң морфологиялық өзгерулерi бойынша делдалды әлде экспортты; 
      - топырақтың уытты заттармен 0-10 см қабатында 1-5 ПДК /ГОСТ 17.4.3.06-86/ ерiтiндiлерi аралығында ластануының пропорционалды дәрежелерi; 
      - балық шаруашылық суаттары үшiн 1-10 ерiтiндiлер аралығындағы бақыланатын ластандырғыш заттардың пропорционалды ерiтiндiлерi. 
      2.4.5. Топырақтың минералдық тыңайтқыштар араласуымен, өндiрiстiк және тұрмыстық қалдықтармен, тау жыныстарымен және құнарсыз топырақпен ластануы, топырақтың құнарлы қабатының мағынасыз зақымдалуынан ластануының анықталуына көзбен шолумен белгiленетiн жердi тазартуға жiберiлетiн Министрлер Кабинетiнiң N 978 қаулысының I қосымшасына сәйкес, жердi қалпына келтiру нормативтi құнының 20% мөлшерiнде зиянды төлетуге тартылады. 
      2.4.6. Өздiгiмен басып алынған әлде жердi мақсатсыз пайдаланған, оның iшiнде шалшықтанған және тыңайған жерлердi, қорғалатын су жағалауларының алаптарын, гидрогеографиялық элементтердiң жүйелерiн, сондай-ақ олардың талаптың орындалмай шалшықтанғанына Министрлер Кабинетiнiң N 978 қаулысының 5 тармағымен белгiленетiн зиян мөлшерiмен төлетуге тарту, топырақтың құнарлылығына келтiрiлген зиянға қосымша алынады. 
      2.4.7. Iске асырылмаған жұмыс көлемiнiң жобасына пропорционалды жер өңдеудi сапасыз жүргiзуде, көгалдандырылатын жерлер мен аз өнiм беретiн территорияларға сметалық құнының бөлiгiн төлетiледi. 
      2.4.8. Жалпы таратылған пайдалы қазбаларды өздiгiмен тапқаны үшiн облыстың және аудандық әкiмшiлiктерi әкiмдерiнiң шешiмдерiне сәйкес зиян мөлшерiн дайын өнiм бағасынан 10 еселi төленедi. 
      2.5. Өсiмдiктер әлемi 
      2.5.1. Өсiмдiктер әлемiне келтiрiлген, сондай-ақ қалаларда көшеттер отырғызудағы зиянды Министрлер Кабинетiнiң бекiтiлген N 136 қаулысымен, таксасы /келiсiмдi баға/ бойынша белгiленедi. 
      2.5.2. Құрылысы аяқталған объектiлердiң көгалдандыруды жүргiзбегенi әлде толық жүргiзбегенi үшiн жұмысының жобасы бойынша сметалық құнының iске асырылмаған бөлiгi төленедi. 
      2.5.3. Мемлекеттiк орман қорлары және басқа пайдаланылатын жерлерге мал шаруашылығы объектiлерiн /қашарлар, сауын алаңдары, жазғы лагерлер, қоралар және т.б./, орман жабындыларынан бөлу шекарасынан кемiнде 1 км арақашықтықта орналастыру /орман шаруашылығы кәсiпорындары мен аудандық экология және биоресурстар басқармасымен келiсiлмеген/ мемлекеттiк орман қорларында мал шаруашылығы объектiлерiн өздiгiмен орналастыру, 2.4.6 тармақтарына сәйкес белгiленетiн төлем мөлшерiн өтеуге тартылады. 
      2.5.4. Белгiленген тәртiпке жатпайтын орман дақылдары қорларының жерлерiнде әлде пайдасыз ормандарда, орман дақылдарын құру, 2.4.6 тармақтарына сәйкес белгiленетiн 0,1 еселi коэффициентiмен мөлшерiн төлетуге тартылады. 
      2.6. Жануарлар әлемi, балық қорлары және гидробионттар. 
      2.6.1. Жануарлар әлемiне, балық қорларына және ластандыру арқылы жанама түрде гидробионттарға, жер, су және өсiмдiк ресурстарын зақымдау әлде жою зиянын, нақты табиғи ресурстарына осы Уақытша тәртiппен белгiленедi. 
      2.6.2. Жануарлар әлемi, балық қорлары және гидробионттардың объектiлерiне тiкелей келтiрiлген зиян, жануарлар әлемi және балық қорларын қорғау ортасының күшi бар нормативтi актiлерi бойынша белгiленедi. 
      Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң 1978 ж. 8 қыркүйектегi N 353 қаулысы. 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 26 наурыздағы "Жануарлар әлемiн қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" қаулысы. 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 15 қыркүйектегi N 889 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы" қаулысы. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады