"Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жариялау туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 30 қаңтардағы N 23 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 21 сәуірде N 288 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 830 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2015 № 830 бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 3057 Жарлығын жариялай отырып, бұйырамынҚараныз U060000198  
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтарына: 
      1.1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 3057 Жарлығы басшылыққа алынсын және бұлжытпай жүзеге асырылсын, "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Ереже талаптарын орындау қамтамасыз етiлсiн, паспорт және виза жұмыстары аппараттарының жеке құрамдарында оны оқып-үйрену ұйымдастырылсын. 
      1.2. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру тәртiбiне түсiнiк беру шетел азаматтарын қабылдау мен айналысатын қызметкерлерге жүктелсiн.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 559 бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруге байланысты материалдарды iшкi iстер органдарының қарастыру тәртiбi туралы (N 1 қосымша) Нұсқаулық бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
       Iшкi iстер Министрi -
      Iшкi әскерлер Қолбасшысы

Қазақстан Республикасы IIМ
1996 жылғы 30 қаңтардағы 
N 23 бұйрығына     
N 1 қосымша       

  Iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасындағы
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси
баспана беруге байланысты материалдарды
қарастыру тәртiбi жөнiндегi
НҰСҚАУЛЫҚ

       Ескерту: Барлық мәтiн бойынша:
      "облыстық iшкi iстер басқармалары, Алматы қалалық iшкi iстер бас басқармасы, облыстық IIБ, Алматы қаласының IIББ" деген сөздер "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылды;
      "Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқарма (Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi бөлiм)", "Iшкi iстер министрлiгiнiң Паспорт және виза жұмысы басқармасы" деген сөздер "Көшi-қон полициясы басқармасы (бөлiмi)", "IIM-нiң Көшi-қон полициясы департаментi" деген сөздермен ауыстырылды;
      "көшi-қон жөнiндегi Департаментi", "көшi-қон жөнiндегi Департаментiнен" деген сөздер "Көшi-қон жөнiндегi комитетi" "Көшi-қон жөнiндегi комитетiнен" деген сөздермен ауыстырылды - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 559 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Жарлығын орындау мақсатында, iс жүзiнде мыналарды басшылыққа алу қажет: 

  I. Жалпы ережелер

      1.1. Осы Нұсқаулық iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Көшi-қон жөнiндегi комитетiнен келiп түскен Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы ұсыным хаттар бойынша материалдарды қарастыру тәртiбiн анықтайды. 

      1.2. Қазақстан Республикасында саяси баспана, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға, жалпыға танылған халықаралық құқық нормалары негiзiнде, Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Ережеге сәйкес ұсынылады. Қараныз U060000198

      1.3. Саяси баспана ұсынылған адам және оның отбасы мүшелерi Қазақстан Республикасының Конституциясында және Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық ережесi туралы Қазақстан Республикасының заңдарында ескерiлген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер алады. 

  II. Iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасында 
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға 
саяси баспана беруге байланысты материалдарды 
қарастыру тәртiбi

        2.1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментi (бұдан әрi - IIМ-нiң КҚПД) Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон жөнiндегi комитетiнен Қазақстан Республикасында саяси баспана беру мәселелерi туралы материалдарды алғаннан кейiн, Облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнен ұсыным хат берiлген адамдардың келу орны бойынша оларға саяси баспана берудiң орындылығы жөнiндегi пiкiрлерiн сұрайды.
       Ескерту: 2.1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 559 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      2.2. Облыстық IIБ, Алматы қаласының IIББ Көші-қон полициясы басқармалары (бөлiмдерi) (бұдан әрi - КҚПБ(б)) өздерiнiң есепке алулары бойынша ұсыным хатты қанағаттандыруға кедергi келтiретiн мәлiметтердiң бар екендiгiн тексередi, Iшкi iстер органдарының қалалық аудандық органдарының пiкiрiн сұрастырады. Жүргiзiлген тексерулер негiзiнде, саяси баспана берудiң орындылығы жөнiнде қорытынды жазылады да, ол тексеру материалдарымен бiрге Қазақстан Республикасы IIM-нiң Көшi-қон полициясы департаментiне жiберiледi. 
      Қорытындыға Көшi-қон полициясы басқармасы (бөлiмi) бастығы немесе оның орынбасары қол қояды және оны облыстың IIБ, Алматы қаласының IIББ бастығы немесе оның орынбасары бекiтедi. 
     Облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнде саяси баспана беру жөнiндегi ұсыным хат бойынша материалдарды қарастыру мерзiмi, олар түскен күннен бастап 15 күннен аспауы тиiс.
       Ескерту: 2.2-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 559 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      2.3. Қазақстан Республикасы еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Көшi-қон комитетiнiң және оның облыстық бөлiмшелерiнiң ұсыным хаты бойынша саяси баспана беру жөнiнде ұсыныс жасалған адамның паспорты облыстың IIБ, Алматы қаласының IIББ Көшi-қон полициясы басқармасы (бөлiмi) ол келген күннен бастап есептегенде үш ай мерзiмге дейiн тiркеледi. Қажет болса, визаны ұзарту ресiмделедi. 

      2.4. Қазақстан Республикасының IIM-нiң Көшi-қон полициясы департаментi өз кезегiнде, облыстық IIБ, Алматы қаласының IIББ материалдар алысымен, өздерiнiң есепке алулары бойынша, ұсынылған адамға саяси баспана беруге кедергi келтiретiн мәлiметтердi тексередi, ұсыным хатты қанағаттандырудың орындылығы жөнiнде қорытынды жасайды және оны Қазақстан Республикасының еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң көшi-қон Комитетi басқармасына жiбередi. 
      Iшкi iстер министрлiгiнде, облыстық IIБ-да, Алматы қаласының IIББ-да саяси баспана беру туралы ұсыным хат бойынша материалдарды қарастырудың жалпы мерзiмi бiр айдан аспауы тиiс. 

  III. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру
туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 
жарлықтарын орындау тәртiбi

        3.1. Қазақстан Республикасының IIM-нiң Көшi-қон полициясы департаментi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру немесе саяси баспана беру туралы ұсыным хатты бұзу туралы Жарлығын алысымен, оны орындау үшiн облыстық IIБ-на, Алматы қаласының IIББ-на жiбередi. 

      3.2. Облыстық IIБ мен Алматы қаласының IIББ Көшi-қон полициясы басқармасы (бөлiмi) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын алғаннан кейiн: 
      а) Қазақстан Республикасы еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң көшi-қон Департаментi берген белгiленген үлгiдегi куәлiктiң негiзiнде саяси баспана беру туралы ұсыным бойынша жағымды шешiм қабылданса, Қазақстан Республикасында саяси баспана берiлген адамға және оның 16 жасқа толған отбасы мүшелерiне бiр жерде тұруға белгi қағазын немесе азаматтығы жоқ адамдардың куәлiгiн ресiмдейдi; 
      б) Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру туралы ұсыным хатты бұзу немесе саяси баспана құқығын жоғалту не саяси баспанадан айыру жағдайында олардың Қазақстан Республикасының аумағынан кетуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қолданады.
       Ескерту: 3.2-тармаққа өзгерту енгізілді - Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 559 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      3.3. Егер, Қазақстан Республикасында саяси баспана берiлген адам, қасақана қылмыс жасаса және оған байланысты заң күшiне енген айыптау үкiмi болса, iшкi iстер органдары бұдан әрi Қазақстан Республикасы Президентiне осы адамды Қазақстан Республикасындағы саяси баспанадан айыру туралы ұсыным хат дайындау үшiн Қазақстан Республикасы еңбек және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау Министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы басқармасына мәлiмдеме жiбередi. 

      3.4. Қазақстан Республикасынан шығу және оған келу құжаттарын ресiмдеу, Қазақстан Республикасында саяси баспана берiлген адам мен оның отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүрiп-тұрулары Қазақстан Республикасына шетел азаматтарының келуi туралы Ережесiнiң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 

      Қазақстан Республикасы
      IIM-нiң Көшi-қон
      полициясы департаментi

Об объявлении Указа Президента Республики Казахстан "О порядке предоставления политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан"

Приказ Министерства внутренних дел Республики Казахстан от 30 января 1996 г. N 23. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 21 апреля 1997 г. N 288. Утратил силу приказом Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 октября 2015 года № 830

      Сноска. Утратил силу приказом Министра внутренних дел РК от 09.10.2015 № 830

       Объявляя Указ Президента Республики Казахстан "О порядке предоставления политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан ", от 15 июля 1996 года N 3057. См. U060000198
                      ПРИКАЗЫВАЮ :

     1. Начальникам Департаментов внутренних дел областей, городов Астаны и Алматы:  <*>
     Сноска. В пункт 1 внесены изменения - приказом Министра внутренних дел РК от 23 сентября 2005 года N  559 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     1.1. Принять Указ Президента Республики Казахстан от 15 июля 1996 года N 3057 к руководству и неукоснительному исполнению, обеспечить выполнение требований Положения "О порядке предоставления политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан", организовать его изучение личным составом аппаратов паспортной и визовой работы.
     1.2. Обязать работников, осуществляющих прием иностранных граждан давать разъяснения существующего порядка предоставления политического убежища в Республике Казахстан.
     2. Утвердить Инструкцию о порядке рассмотрения органами внутренних дел материалов, связанных с предоставлением политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан (приложение N 1).

     Министр 

                                Приложение N 1
                                к Приказу МВД 
                            Республики Казахстан
                         от 30 января 1996 г. N 23

                       ИНСТРУКЦИЯ
             о порядке рассмотрения органами
          внутренних дел материалов, связанных
         с предоставлением политического убежища
            иностранным гражданам и лицам без
           гражданства в Республике Казахстан
 

       Сноска. По тексту:
      слова "УВД областей, ГУВД г. Алматы" заменены словами "ДВД областей, городов Астаны и Алматы";
     аббревиатуру "УПиВР (ОПиВР)", "УПиВР МВД" заменены аббревиатурой "У(О)МП", "ДМП МВД";
     слова "Департамента миграции", "Департамент миграции" заменены словами "Комитета по миграции", "Комитет по миграции" - приказом Министра внутренних дел РК от 23 сентября 2005 года N  559 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      Во исполнение Указа Президента Республики Казахстан "О порядке предоставления политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан", в практической деятельности необходимо руководствоваться следующим:

                        I. Общие положения
 

      1.1. Настоящая Инструкция определяет порядок рассмотрения органами внутренних дел материалов по ходатайствам о предоставлении политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан, поступивших из Комитета по миграции Министерств труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
      1.2. Политическое убежище в Республике Казахстан предоставляется иностранным гражданам и лицам без гражданства на основании общепризнанных норм международного права, в соответствии с Конституцией Республики Казахстан, законодательством Республики Казахстан и Положением "О порядке предоставления политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан". См. U060000198
      1.3. Лицо и члены его семьи, которым предоставлено политическое убежище, пользуются правами и свободами, а также несут обязанности, предусмотренные Конституцией Республики Казахстан и законодательством Республики Казахстан о правовом положении иностранных граждан и лиц без гражданства в Республике Казахстан.

              II. Порядок рассмотрения органами 
     внутренних дел материалов, связанных с предоставлением
       политического убежища иностранным гражданам и лицам 
              без гражданства в Республике Казахстан

     2.1. Департамент миграционной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - ДМП МВД) по получении из Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан материалов по вопросам предоставления политического убежища в Республике Казахстан запрашивает мнение ДВД областей, городов Астаны и Алматы по месту пребывания ходатайствующих лиц о целесообразности предоставления им политического убежища.  <*>
     Сноска. В пункт 2.1 внесены изменения - приказом Министра внутренних дел РК от 23 сентября 2005 года N 559 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     2.2. Управления (отделы) миграционной полиции (далее - У(О)МП) ДВД областей, городов Астаны и Алматы проверяют по своим учетам  наличие сведений, препятствующих удовлетворению ходатайства, запрашивают мнение горрайорганов внутренних дел. На основании проведенных проверок составляется заключение о целесообразности предоставления политического убежища, которое вместе с материалами проверки направляется в ДМП МВД Республики Казахстан.
     Заключение подписывается начальником У(О)МП или его заместителем и утверждается начальником ДВД областей, городов Астаны и Алматы или его заместителем.
     Срок рассмотрения материалов по ходатайству о предоставлении политического убежища в ДВД областей, городов Астаны и Алматы не должен превышать 15 дней со дня поступления.  <*>
     Сноска. В пункт 2.2 внесены изменения - приказом Министра внутренних дел РК от 23 сентября 2005 года N  559 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     2.3. По ходатайству Комитета по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан и его областных подразделений паспорт лица, ходатайствующего о предоставлении политического убежища в Республике Казахстан, регистрируется в У(О)МП ДВД областей, городов Астаны и Алматы на срок до трех месяцев со дня обращения. При необходимости оформляется продление визы.
     2.4. ДМП МВД Республики Казахстан в свою очередь по получении материалов из ДВД областей, городов Астаны и Алматы проверяет по своим учетам наличие сведений, препятствующих предоставлению политического убежища ходатайствующему лицу, составляет заключение о целесообразности удовлетворения ходатайства и направляет в Комитет по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.
     Общий срок рассмотрения материалов по ходатайству о предоставлении политического убежища в МВД, ДВД областей, городов Астаны и Алматы не должен превышать одного месяца.

             III. Порядок исполнения указов    
            Президента Республики Казахстан о   
         предоставлении политического убежища в 
                  Республике Казахстан

     3.1. ДМП МВД Республики Казахстан по получении Указа Президента Республики Казахстан о предоставлении политического убежища либо об отклонении ходатайства о предоставлении политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан направляет его для исполнения в ДВД областей, городов Астаны и Алматы.
     3.2. У(О)МП ДВД областей, городов Астаны и Алматы по получении Указа Президента Республики Казахстан:
     а) в случае положительного решения по ходатайству о предоставлении политического убежища на основании свидетельства установленного образца, выданного Департаментом миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, оформляет лицу, которому предоставлено политическое убежище в Республике Казахстан, и членам его семьи, достигшим 16-летнего возраста, вид на жительство или удостоверение лица без гражданства;
     б) в случае отклонения ходатайства о предоставлении политического убежища иностранным гражданам и лицам без гражданства в Республике Казахстан или утраты права на политическое убежище либо лишения политического убежища принимает меры по обеспечению их выезда с территории Республики Казахстан.  <*>
     Сноска. В пункт 3.2 внесены изменения - приказом Министра внутренних дел РК от 23 сентября 2005 года N  559 (вводится в действие со дня официального опубликования).
     3.3. Если лицо, которому предоставлено политическое убежище в Республике Казахстан, совершило умышленное преступление и в отношении него имеется вступивший в законную силу обвинительный приговор, орган внутренних дел направляет сообщение в Комитет по миграции Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан для дальнейшего представления ходатайства Президенту Республики Казахстан о лишении данного лица политического убежища в Республике Казахстан.
     3.4. Оформление документов на выезд-въезд в Республику Казахстан, передвижение по территории Республики Казахстан лиц, которым предоставлено политическое убежище в Республике Казахстан, и членам их семей производится в соответствии с требованиями Правил пребывания иностранных граждан в Республике Казахстан.

     Управление паспортной и визовой работы
     МВД Республики Казахстан