Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 09.10.2015 № 830 бұйрығымен.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жағдай жасайтын нормаларды болдырмау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1996 жылғы 30 қаңтардағы N 23 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 288 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақтағы "Алматы қаласының, облыстардың IIБ" деген сөздер "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекiтiлген Iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруге байланысты материалдарды қарастыру тәртiбi жөнiндегi нұсқаулықта:
барлық мәтiн бойынша:
"облыстық iшкi iстер басқармалары, Алматы қалалық iшкi iстер бас басқармасы, облыстық IIБ, Алматы қаласының IIББ" деген сөздер "Облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқарма (Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi бөлiм)", "Iшкi iстер министрлiгiнiң Паспорт және виза жұмысы басқармасы" деген сөздер "Көшi-қон полициясы басқармасы (бөлiмi)", "IIM-нiң Көшi-қон полициясы департаментi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"көшi-қон жөнiндегi Департаментi", "көшi-қон жөнiндегi Департаментiнен" деген сөздер "Көшi-қон жөнiндегi комитетi" "Көшi-қон жөнiндегi комитетiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрлiгiнiң паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқармасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментi (бұдан әрi - IIМ-нiң КҚПД)" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.2-тармақтың бiрiншi абзацында:
"Паспорт және виза жұмысы жөнiндегi басқармалары (бөлiмдерi)" деген сөздер "Көші-қон полициясы басқармалары (бөлiмдерi) (бұдан әрi - КҚПБ(б))" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң Криминалдық ақпараттар орталығының" деген сөздер алынып тасталсын;
3.2-тармақтың б) тармақшасындағы ", қазiргi заңдарға сәйкес, олардың Қазақстан Республикасының аумағында бұдан әрi болуының Заңдылығы жөнiндегi мәселенi қарастырады" деген сөздер "олардың Қазақстан Республикасының аумағынан кетуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қолданады" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментi (M.Қ.Пiстаев) бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министр