Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi бойынша заң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегi N 154-1 Заңының күшiне енгiзiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының мына нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар бекiтiлсiн:
а) <*>
Ескерту: а) тармақшаның күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 197 қаулысымен.
б) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 28 наурыздағы N 80 Қаулысымен бекiтiлген банк үстiнен бақылау жасау және жүзеге асыру құқығын иелену шарттары туралы ереже:
в) <*>
Ескерту: в) тармақшаның күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 177 қаулысымен.
г) <*>
Ескерту: г) тармақшаның күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 197 қаулысымен.
д) екiншi деңгейдегi банктердiң басшы қызметiне тағайындауға жататын кандидаттарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасының 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 229 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiгiне келiсiм тәртiбi туралы ереже, және оларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
2. Заң департаментi (А.К.Өртембаев) банктiк қадағалау департаментi (Н.К.Абдулина) осы Қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аталған нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
3. Банктiк қадағалау департаментi (Н.К.Абдулина) осы Қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгертулер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
4. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Г.Сәйденовке жүктелсiн.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1997 жылғы 5 желтоқсандағы
N 413 Қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кейбiр
нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгертулер
мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң мынадай нормативтiк құқықтық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
I. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 1996 жылы 29 ақпанда бекiткен N 50 Банктердi құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын және басқа банк қызметiн жүргiзуге лицензияны тапсырудың, қайтарып алудың, олардың күшiн жоюдың және тоқтатудың, банктiң филиалдарын ашуға, қосуға және өкiлдiктерiн ашуға келiсiм берудiң, оны қайтарып алудың ережелерiне:
1. 1-тармағындағы "банк операцияларын (банк қызметiн)" деген сөздер "банк заңдарында көзделген өзге де операцияларды (бұдан әрi банктiк операциялар)" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2-тармағындағы "мемлекеттiк тiркеудi," деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасында ашылатын" деген сөздермен толықтырылсын.
3. 3-тармағындағы:
"екiншi деңгейдегi банктер" деген сөздер алынып тасталсын;
"банктердiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiнiң арнайы есепке алуды (тiркеудi) жүргiзедi" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 5-тармағындағы "екiншi деңгейдегi банктердiң" деген сөздер
"банктердiң", "қорына" деген сөздер "капиталына" деген сөздермен
ауыстырылсын.
5. 6-тармағындағы:
бiрiншi азат жолындағы "қорының" деген сөз "капиталының";
"негiздерiнiң" деген сөз "ерiктi негiздерiнiң" деген сөздермен
ауыстырылсын.
6. 7-тармағындағы:
"клирингтiк, есеп айырысатын ұйымдардың және" деген сөздер алынып тасталсын.
"банкiлiк емес қаржы мекемелерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
"сондай-ақ" деген сөз "оның iшiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
7. 10-тармақтың екiншi азат жолы алынып тасталсын.
8. 11-тармағындағы:
бiрiншi азатжолындағы "шартта" деген сөз "шарт қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады" ауыстырылсын.
екiншi азатжолындағы "фирмалық" деген сөз алынып тасталсын.
9. 12-тармағындағы:
екiншi азатжолындағы "фирмалық" деген сөз алынып тасталсын.
үшiншi азатжолындағы "және меншiктiк нысаны" деген сөздер алынып тасталсын.
төртiншi азатжолындағы "және пайдаланудың принциптерi" деген сөздер "түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 13-тармағындағы:
бiрiншi азатжолындағы "депозиттiк және инвестициялық банктердiң" деген сөздер "банктердiң" деген сөзбен, "оларды" деген сөз "оны" деген сөзбен ауыстырылсын;
д) тармақшасындағы:
алтыншы азатжолындағы "табысты" деген сөз "таза табысты" деген сөздермен ауыстырылсын.
жетiншi азатжолындағы "фирманың" деген сөз "ұйымның" деген сөзiмен ауыстырылсын;
е) "фирма" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын;
тармақ мынадай мазмұндағы р) тармақшасымен толықтырылсын:
"р) операциялар жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелер".
11. 15-тармағындағы:
"6" саны "3" санымен ауыстырылсын.
"9" саны "6" санымен ауыстырылсын.
Тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
"Банктi ашуға рұқсат беру туралы шешiмдi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банктiк қадағалау департаментiнiң (бұдан әрi Банктiк қадағалау департаментi) ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қабылдайды".
Банктi ашуға берiлген рұқсаттың Ұлттық Банк банктiк операциялар жүргiзуге банкке лицензия беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн заң күшi болады.
Банктiк операциялар жүргiзуге лицензия алғанға дейiнгi кезеңде банк ретiнде тiркелген заңды тұлға жарияланған жарғылық капиталға төлем жасау үшiн уәкiлеттi банкте уақытша ағымдағы корреспонденттiк шот ашуға құқылы. Банк ретiнде тiркелген заңды тұлға ұйымдық-техникалық шараларды орындауды қамтамасыз етуге байланысты, оның iшiнде үй-жайлар мен жабдықты әзiрлеуге тиiстi мамандығы бар қызметкерлердi жалдауға байланысты шығындарды жұмсауға құқылы".
12. 16-тармағындағы "банктердiң (филиалдардың) басшылық қызметiне тағайындалуға тиiстi үмiткерлер жөнiнде келiсiп алу тәртiбi туралы Ұлттық Банк Басқармасы 1994 жылғы желтоқсанның 28-дегi N 26 Ережеге сәйкес" деген сөздер "екiншi деңгейдегi банктердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. 17-тармағындағы "қорының" деген сөз "капиталының" деген сөзбен ауыстырылсын.
14. 20-тармағындағы "50-проценттен" деген сөздер "үштен бiрiнен" деген сөздермен ауыстырылсын.
15. 22-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа азатжолдармен толықтырылсын:
"- банктердiң шет елдiң қатысуымен тiркелген жиынтық жарғылық капиталы Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларда болмаса, Қазақстан Республикасының барлық банктерiнiң жиынтық тiркелген жарғылық капиталының жиырма бес процентiнен аспауы тиiс.
Банк шет елдiң қатысуымен iшкi активтерге қаражатты Ұлттық Банк белгiлеген сомада және тәртiппен орналастыруға мiндеттi".
16. 23-тармағының үшiншi азат жолындағы "қорына" деген сөз "капиталына" деген сөзбен ауыстырылсын.
17. 24-тармағындағы "банктiң" деген сөзден кейiн "оның iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын.
18. 26-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азатжолымен толықтырылсын:
"Банктердi мәжбүрлеп қайта құру қолданылып жүрген заңға сәйкес соттың шешiмiмен Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Жарлығында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi".
19. 27-тармағындағы "қайта ұйымдастыру" деген сөздер "Ерiктi қайта ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
20. 28, 29, 30-тармағындағы "қайта ұйымдастыру" деген сөздер "Ерiктi қайта ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
21. 31, 34-тармағындағы "қайта ұйымдастыру" деген сөздер "Ерiктi қайта ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын.
22. 33-тармағындағы ("қайта тiркеу") деген сөздер "немесе қайта тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын.
23. 35-тармағындағы екiншi азатжолындағы "жарғылық қоры" деген сөздер алынып тасталсын.
24. 37-тармағындағы:
"нормативтердi" деген сөзден кейiн "және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi" деген сөздермен толықтырылсын;
"қорын iс жүзiнде ұлттық валюта-теңгемен құны 1,5 млн. АҚШ доллары сомасында" деген сөздер "капиталын" деген сөзбен ауыстырылсын.
25. 41-тармағындағы:
а)-тармақшасы "Жарлығының" деген сөзден кейiн "19-бабының 3-тармағында және" деген сөздермен толықтырылсын;
г) "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.
26. 47-тармағының е)-тармақшасы "фирма" деген сөзден кейiн "ұйым (аудитор)" деген сөздермен толықтырылсын.
27. VIII бөлiмнiң атауы және VIII бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"VIII. Банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн жабу тәртiбi, Ұлттық Банкте банктiң есеп айырысу-касса бөлiмдерiн арнайы тiркеу.
49. Банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерi қолданылып жүрген заңда белгiленген тәртiппен жабылады.
Банктiң филиалын жапқан кезде есептiк тiркеуге енгiзiлетiн өзгерiстер Ұлттық Банкпен алдын-ала келiсiлгеннен кейiн әдiлет органдарына берiледi.
50. Банктер Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен Ұлттық Банктiң келiсiмiмен өзiнiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiн ашуға құқылы. Банктiң есеп айырысу-кассалық бөлiмi банктiң құрылымдық бөлiмшесi, ол банк тұрған жерден басқа жерде болады, заңды тұлға болып табылмайды, банк филиалының мәртебесi жоқ және банктiң атынан банк операцияларының жекелеген түрлерiн Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес банк берген сенiм хат негiзiнде жүзеге асырады.
51. Ұлттық Банк банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiн арнайы тiркеуден өткiзедi. Банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерi әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткiзiлмейдi.
Банктердiң есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiн арнайы тiркеу құжаттары Ұлттық Банкке Банктiк қадағалау департаментiне берiледi.
52. Банк өзiнiң филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және есеп айырысу-кассалық бөлiмдерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бередi".
28. 53-тармағындағы:
в)-тармақшасындағы "қордың" деген сөз "капиталының" деген сөзбен ауыстырылсын.
е)-тармақшасындағы "нормативтiк актiлер" деген сөздер "Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
29. 54-тармағының үшiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"- банктiк басшы қызметкерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 20-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмесе".
30. 57-тармағы "нормативтi" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.
31. 59-тармағының бiрiншi азатжолындағы "қорды" деген сөз "капиталды" деген сөзбен ауыстырылсын.
32. 60-тармағының екiншi азатжолындағы "банк емес қаржылық мекемелерiнiң" деген сөздер "банктiк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
33. 66-тармағындағы "осы банктiң қаражатының есебiнен Ұлттық Банк екi республикалық газетте жариялайды" деген сөздер "Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.
34. 67-тармағындағы:
екiншi азатжолы "нормативтi" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.
үшiншi азатжолындағы "қорын" деген сөз "капиталын" деген сөзбен ауыстырылсын.
35. 70-тармағының а)-тармақшасы "пруденциалдық нормативтердi" деген сөздерден кейiн "және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi" деген сөздермен толықтырылсын.
36. 72-тармағының а)-тармақшасындағы "қордың" деген сөз "капиталдың" деген сөзбен ауыстырылсын.
37. 76-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"76. Ұлттық Банктiң берiлген лицензияларды тоқтатуының немесе күшiн жоюының шарттары мен негiздерi, оның банктi ерiксiз тарату (қайта құру) туралы материалдарды сотқа жолдау тәртiбi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 48, 48-1 және 68-баптарында көзделген".
38. 82, 83, 84, 85, 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Ұлттық Банк банктi ашуға берiлген рұқсатты мынадай жағдайларда қайтарып алуға құқылы:
а) банк өз қызметiн қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен ерiктi түрде тоқтату туралы шешiм қабылдаса;
б) банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаса;
в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 49-бабының 2-тармағында көзделген тәртiп бұзушылықтар белгiленсе".
Заңды тұлғаға берiлген банктi ашуға рұқсат туралы пiкiрдi Ұлттық Банк мынадай негiздемелердiң кез-келгенi бойынша қайтарып алады:
а) заңды тұлғаны банк ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгi байқалса;
б) заңды тұлғаны банк ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия толық алынбаса;
в) заңды тұлғаны банк ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде жарияланған жарғылық капитал өтелмесе;
г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн банк заңдарында көзделген қызметтiң шарттары бұзылса.
83. Банктi ашуға берiлген рұқсатты Ұлттық Банктiң Басқармасы қабылдайды.
Ұлттық Банк Басқармасының банктi ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы Қаулысы заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.
84. Ұлттық Банктiң банктiң лицензияларының күшiн жою шешiмi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 48-1-бабында көзделген тәртiппен банктер Банктiк қадағалау департаментiнiң ұсынуы негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының Қаулысы түрiнде қабылданады.
Банк лицензияларының күшiн жою туралы Ұлттық Банк қабылдаған шешiм туралы ақпаратты Ұлттық Банк екi республикалық газетте жариялайды.
85. Банк заңдарында көзделген банк және өзге операцияларды жүргiзуге берiлген барлық лицензиялардың күшiн жою туралы Ұлттық Банк Басқармасының Қаулысында банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмдi) тағайындау туралы шешiм болуға тиiстi.
Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша әкiмдi) тағайындау тәртiбi мен өкiлеттiгi Ұлттық Банктiң жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
86. Ұлттық Банк банктiк операцияларды жүргiзуге берiлген барлық лицензиялардың күшi жойылғаннан кейiн 10 күн iшiнде сотқа заңда белгiленген тәртiппен банктiң қызметiн ерiксiз тоқтату (жою) туралы арыз бередi".
39. ХV бөлiмiнiң атауындағы "Қайта ұйымдастыруға" деген сөздер "Ерiктi қайта ұйымдастыруға" деген сөздермен ауыстырылсын.
40. N 2-қосымшаның 6 және 12-тармақтарындағы "қорына" деген сөз "капиталына" деген сөзбен ауыстырылсын.
41. N 4-қосымшаның 11-тармағының төртiншi азатжолындағы "қорында" деген сөз "капиталында" деген сөзбен ауыстырылсын.
42. N 5-қосымшада:
8-тармағындағы "асырауындағы" деген сөздер алынып тасталсын;
9-тармағындағы "пайдалану (өзгерту) себебi" деген сөздер "өзгеру себебi" деген сөздермен ауыстырылсын;
9-тармағының 5-тармақшасындағы "мекемесiнiң" деген сөз "ұйымының" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Кандидатқа қосымша мәлiметтер" деп аталатын 2-тармағының төртiншi азатжолындағы "қорының" деген сөз "капиталының" деген сөзбен ауыстырылсын.
43. N 6-қосымшада:
5-тармағының:
а)-тармақшасында "процентке" деген сөз "сыйақыға (мүддеге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
в)-тармақшасында "процентке" деген сөз "сыйақыға (мүддеге)" деген сөздермен ауыстырылсын;
д)-тармақшасындағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
6-қосымшаның N 1 нысанындағы:
"Жарғылық қор" деген сөздер "Жарғылық капитал" деген сөздермен, мәтiн бойынша "пайда" деген сөз "табыс" деген сөзбен ауыстырылсын;
"есеп айырысу (ағымдағы)" деген сөздер "Ағымдағы (есеп айырысу) деген сөздермен ауыстырылсын.
6-қосымшаның N 2 нысанындағы:
1-тармағындағы:
"%" белгiсi "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын.
"алынған %" деген сөздер "алынған сыйақы (мүдде) деген сөздермен ауыстырылсын;
"басқа алынған проценттер (қандай екенiн көрсету керек) деген сөздер "басқа алынған сыйақы (мүдде) (қандай екенiн көрсету керек) деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармағындағы "төленген %" деген сөздер "төленген сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
"басқа өтелген проценттер (қандай екенiн көрсету керек)" деген сөздер "басқа сыйақы (мүдде) (қандай екенiн көрсету керек) деген сөздермен ауыстырылсын;
"Пайда" деген сөз "Табыс" деген сөзбен, "Таза пайда" деген сөздер "Таза табыс" деген сөздермен ауыстырылсын.
44. N 7-қосымшада:
4.2.-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң инкассация қызметi" деген сөздер "және барлық меншiк нысанындағы банк мекемелерi мен кәсiпорындарының қосымша ақылы қызмет көрсету тәртiбi (Ұлттық Банк Директоратының 03.09.1993 ж.) мәжiлiсiнiң N 1 хаттамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
7. 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң облыстық ГИЭ" деген сөздер "уәкiлеттi органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
7. 7-тармағындағы:
"және құндылықтарды тасымалдау" деген сөздер "сауда және басқа кәсiпорындары мен барлық меншiк нысанындағы банк мекемелерi мен кәсiпорындарының қосымша ақылы қызмет көрсету тәртiбi (Ұлттық Банк Директоратының 03.09. 1993 ж.) мәжiлiсiнiң N 1 хаттамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
9. 2-тармағындағы "Қазақстан Республикасының банкiсi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк банкi (Ұлттық мемлекеттiк банк басқармасының 02.12.1992ж. N 43 хаттамасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10. 4-тармағындағы "Қазақстан Республикасының банкiсi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк банкi (Ұлттық мемлекеттiк банк басқармасының 02.12.92 ж. N 43 хаттамасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10. 5-тармағы "(Ұлттық Банк Директоратының 03.09.1993 жылғы мәжiлiсiнiң N 1 хаттамасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
10. 6-тармағындағы "Қазақстан Республикасы банкiсi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының банкiсi (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 05.07.1993 ж. мәжiлiсiнiң N 43 хаттамасы)" деген сөздермен ауыстырылсын;
45. N 8 және 9-қосымшаларда көрсетiлген құжаттардың атауларындағы "банктiк" сөзiнен кейiн "(және өзге)" деген сөздермен ауыстырылсын.
II. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 28 наурыздағы N 80 Қаулысымен бекiтiлген Банкке бақылау жасау құқығын және оны жүзеге асыру туралы Ережеге:
1. 7-тармағындағы:
а)- тармақшасындағы "акцияларын" деген сөз "мемлекеттiк акцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын.
б)-тармақшасындағы "банк акционерлерiнiң жалпы жиналысына бiр рет қатысуы (жылына бiр реттен артық емес) немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
тармақ мынадай мазмұндағы жаңа бесiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Банктiң акцияларын ашық әдiспен орналастыру кезiнде банктiң үстiнен бақылау жасау құқына ие болған оның акционерi Ұлттық Банкке акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеппен бiрге қажеттi құжаттарды беруге мiндеттi".
2. 8-тармағындағы:
бiрiншi азатжолы мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын: "Өтiнiште банкке бақылау жасау құқығын алуға тиiстi барлық кандидаттардың жүрген (тұрған) жерлерi туралы ақпарат болуға және олардың әрқайсысы қол қоюға тиiстi (заңды тұлғалар үшiн - басшы қол қойып, ұйымның мөрiмен расталады)";
б)- тармақшасының екiншi азатжолы "сотталмағандығы" сөзiнен кейiн "(Ұлттық Банктiң Басқармасы бекiткен (1996 жылғы 29 ақпандағы N 50 қаулы) Банктердi құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын және басқа банк қызметiн жүргiзуге лицензияны тапсырудың қайтарып алудың, олардың күшiн жоюдың және тоқтатудың, банктiң филиалдарын ашуға, қосуға және өкiлдiктерiн ашуға келiсiм берудiң, оны қайтарып алудың ережелерiне N 5-қосымшаның нысаны бойынша, ұсыныс берушiлер туралы деректерден басқасы)" деген сөздермен толықтырылсын.
3. 10-тармағындағы:
б)-тармақшасындағы "қорына" деген сөз "капиталына" деген сөзбен ауыстырылсын;
б)-тармақшасының "фирма" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. 14-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
"бақылауға ие болуға берiлген рұқсатта мынадай мәлiметтер мiндеттi түрде болуға тиiстi:
- банкке бақылау жасау деген рұқсатты Ұлттық Банктiң берген күнi;
- бақылау жасалатын банктiң тұрған жерi мен атауы;
- банкке бақылау жасау құнын алған адамның аты-жөнi, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi;
- банкке бақылау жасау құқын алған заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттiк тiркеудiң (қайта тiркеудiң деректерi, тұрған жерi).
Егер банктiң акцияларын жанама түрде иеленетiн, жұмсайтын және/немесе басқаратындар екi және одан көп адам болған жағдайда осы аталған тұлғаларға бақылау жасауға берiлген рұқсатта, сондай-ақ банкке бақылау жасау құқын алғандардың әрқайсысы туралы, олардың банктiң жарғылық капиталындағы жеке және жалпы үлесiн қоса алғандағы мәлiметтер болуға тиiстi".
5. 16-тармақтың б)-тармақшасындағы "басшысы немесе iрi қатысушысы болып саналса" деген сөздер "басшы қызметкердiң лауазымында отырған адам" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 17-тармағындағы:
бiрiншi азатжолындағы "мынадай факторлардың ең болмағанда бiрi болса, соның негiзiнде" деген сөздер "мынадай негiздердiң бiрi болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
7. 19-тармағындағы:
"өз қаражатының (капиталының)" деген сөздер "өз капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын;
"нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен
толықтырылсын.
8. 22-тармағындағы "банктiң" деген сөзiнен кейiн "өз" деген сөзбен толықтырылсын.
10. Ереже мынадай мазмұндағы 7-бөлiммен толықтырылсын:
"7. Қорытынды ережелер
29. Банкке бақылау жасау құқы бар акционерлерден өз акцияларын сатып алуға банктiң құқы жоқ.
30. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шешiлуге тиiс.
III. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 29 ақпандағы N 48 Қаулысы бекiткен Қазақстан Республикасындағы банктердiң жұмысын доғару туралы Ережеге:
1. 3-тармақтағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.
2. 6-тармақтың:
а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) меншiктi капиталдың жеткiлiктi коэффициентiн жүйелi түрде (үш ай бойы) орындамау;";
б) тармақшасындағы "48 және 49 баптарында" деген сөздер "48 бапта" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 7-тармақтағы "қордың" деген сөз "капиталдың" деген сөзбен ауыстырылсын.
4. 9-тармақтың:
а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және халықтың тартылған депозиттерiнiң сомасы - банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және барлық банктердiң клиенттерiнiң тартылған депозиттерiнiң кем дегенде 1% сомасы";
б) тармақшасындағы "банктiк емес мекемелер" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын, "екiншi деңгейдегi" деген сөздер алынып тасталынсын;
в) тармақшасындағы "екiншi деңгейдегi" деген сөздер алынып тасталсын;
5. 11-тармақтың а) тармақшасындағы "мекен жайы" деген сөз "тұрған орны" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 15-тармақтың а) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
а) "банктiк шоттарындағы қалдықтарды (соның iшiнде банктiң кассаларындағы ақшаларды);"
7. 16-тармақтың г) тармақшасындағы "жарна" деген сөз "жарғылық" деген сөзбен толықтырылсын.
8. 21-тармақтағы "шоттар бойынша есеп айырысу-ақша операцияларын" деген сөздер "банк шоттары бойынша операциялар" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 28-тармақтағы "Қазақстан Республикасының банктерiндегi бухгалтерлiк есеп пен есеп жүргiзудiң өзгертулерi мен толықтырулары" деген сөздер "Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерi" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 30-тармақтың азатжолындағы "мекен-жайы" деген сөздер "тұрған орны" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 34-тармақтағы "заң белгiлеген тәртiппен банктiң күштеп таратылуын жүзеге асыруға" деген сөздер "банкке банк заңдарында көзделген санкциялар қолданылсын" деген сөздермен ауыстырылсын.
IV. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 217 Қаулысымен бекiтiлген Банктерге аффинирленген қымбат бағалы металдармен операция жүргiзуге лицензия беру тәртiбi туралы Ережеге:
1. 1, 3 тармақтардағы және 5-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.
2. 6-тармақтың а), б), в), г) тармақшаларындағы "сондай-ақ аффинирленген қымбат бағалы металдарды сақтау" деген сөздер алынып тасталсын.
3. 8-тармақтағы:
- "қоры" сөзi "капитал" сөзiмен ауыстырылсын;
- осы тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi азат жолдармен толықтырылсын:
"- Банктiң техникалық және бiлiктiлiк талаптарын орындауына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi банкке аффинирленген қымбат бағалы металдарға байланысты операциялардың барлық немесе бiрнеше түрiн жүргiзуге лицензия беру туралы шешiм қабылдайды.
Лицензия берiлгенi үшiн алым төленедi, оны төлеудiң мөлшерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдары белгiлейдi".
4. 10-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азат жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк күзет қызметi департаментiнiң (МКҚД) және Мемлекеттiк өрт қызметi Бас басқармасының (МӨҚББ) бөлiмшелерi тиiстi дәрежедегi түгел тексеруден кейiн қол қойған "Банктiң құндылықтар қоймасының күзет, өрт және қауiп-қатер дабылын пайдалануға қабылдау актiсi" қойманың техникалық берiктiгiн растайтын құжат болып табылады."
5. 13-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Қолда бар коммуникация құралдарын белгiленген талаптарға сәйкес келуiн анықтау үшiн банк ақпарат қорғаудың бағдарламалық қамтамасыз етiлуiн, ұйымдық және техникалық шараларының, сондай-ақ аффинирленген қымбат бағалы металдармен жүргiзiлген операцияларды есепке алу және оларды бақылау үшiн пайдаланылатын коммуникация құралдарының қысқаша сипаттамасын тапсыруға мiндеттi".
6. 14-тармақтың екiншi азатжолы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын.
V. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 229 Қаулысымен бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктердiң басшылық лауазымына тағайындалатын кандидатуралармен келiсу тәртiбi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiктi айқындау комиссиясының өкiлеттiгi туралы Ережеге:
1. 3-тармақтағы "және олардың орынбасарлары" деген сөздер алынып тасталсын;
2. 4-тармақтың екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктiң басшы қызметкерi қызметiне келiсу үшiн кандидатурасы ұсынылған адам iс жүзiнде қызметтiк мiндеттерiн орындап жүргенiне қарамастан, Ұлттық Банк оның тағайындалуына (сайлануына) келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, сөз болып отырған қызметкер отырған қызметiнен Ұлттық Банктен банк шешiм алған күннен бастап 30 күн мерзiм iшiнде босатылуға тиiс. Қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес банк қызметкерiнiң кандидатурасына келiсу кезеңiнде жұмысқа жаңадан қабылданып жатқан адамдар мiндеттерiн мерзiмдi еңбек шарты бойынша атқарады".
3. 5-тармақтың 4 және 5 азатжолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"- Ереженiң 4 және 5 қосымшаларында көзделген үлгiлер бойынша басшы қызметкерлерге немесе басшы қызметкерлердiң лауазымына үмiткерлерге арналған мәлiметтер;
- өкiлеттi орган (адам) немесе банктiң мөрi куәландырған бiлiм туралы дипломның және еңбек кiтапшасының көшiрмесi.";
Осы тармақ мына мазмұндағы жаңа азатжолдармен толықтырылсын:
"Кепiлдемелердi оларды тағайындауға (сайлауға) Ұлттық Банктiң келiсiмiн алған банктердiң басшы қызметкерлерi немесе Ұлттық Банктiң филиалдарының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары болып табылатын кем дегенде екi адам тапсырады.
Кепiлдеме берушi кандидатура жөнiнде келiсуге өтiнiш берушi банк қызметкерi бола алмайды. Бiр мекеменiң қызметкерлерiне бiрнеше (екi және одан да көп) кепiлдеме тапсыруға тиым салынады.
Банк Төрағасының және Бақылау Кеңесi мүшелерiнiң кандидатуралары жөнiнде келiскенде, кепiлдемелер талап етiлмейдi.".
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң Төрағасы