Банк үстiнен бақылау жасау және жүзеге асыру құқығын иелену шарттары туралы ереже жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасы 1996 жылғы 28 наурыздағы N 80. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда N 435 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2001 жылғы 25 маусымдағы N 255 қаулысымен. ~V011611

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi" Z952444_ туралы заң күшi бар Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
      1. Айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескере отырып, банк үстiнен бақылау жасау және жүзеге асыру құқығын иелену шарттары туралы ереже бекiтiлсiн және ол 1996 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Банктiк қадағалау департаментi (Б.К. Жауғаштина) банк үстiнен

 

бақылау жасау және жүзеге асыру құқығын иелену шарттары туралы ереженi

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық бас)

басқармаларына жiберсiн.

     3. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау банктiк қадағалау

департаментiне (Б.К. Жауғаштина) жүктелсiн.


     Ұлттық Банк

      Төрағасы

                                             Қазақстан Республикасы

                                                 Ұлттық Банкiнiң

                                            1996 жылғы 28 наурыздағы

                                                 N 80 Қаулысымен

                                                    Бекiтiлген


            Банкке бақылау жасау құқығын иелену және

                оны жүзеге асыру шарттары туралы

                            ЕРЕЖЕ



 
       Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының (бұдан әрi - Жарлық) негiзiнде жасалды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) екiншi деңгейдегi банкке бақылау жасау құқығына иеленуге рұқсат беру тәртiбiн, мұндай рұқсат беруден бас тарту немесе қайтарып алу негiзiн, сондай-ақ банкке бақылау жасауды жүзеге асыру шарттарын белгiлейдi.
 
                          1. Жалпы ережелер
 
      1. Акциялардың бақылау пакетiн иеленушi тұлға заңды немесе жеке тұлға болып табылады, ол банк акцияларын тiкелей немесе жанама түрде иеленедi, 25 проценттен астамына дауыс беру құқымен өкiмдiк жүргiзедi және/немесе басқарады.
      2. Егер банк акцияларына өкiмдiк жүргiзушi және/немесе басқарушы тұлға заңды тұлғаның банк акцияларының меншiгiндегi акцияларының меншiк құқына ие болса, онымен қоса басқа заңды тұлғалар арқылы жанама иеленсе, мұндай тұлға жанама иеленушi болып саналады.
      3. Егер жеке тұлға басшы қызметкер, iрi акционер немесе осы заңды тұлғаның өкiлi болса және бұлар банк акцияларының иесi болса, заңды және жеке тұлға банк акцияларын бiрлесiп басқарушы болып саналады.
      4. Заңды тұлға банктiң басшы қызметкерiне, iрi акционерiне/қатысушысына немесе осындай заңды тұлға өкiлiне қатысты акцияларын басқарушы болып саналады, мұндай жағдайда заңды тұлға осындай жеке тұлғаға банк акцияларын сатып алуға кредит берсе, кепiлге өз активтерiн бередi немесе осындай жеке тұлғаның банк акцияларын сатып алуын қаржыландыруына ықпалын тигiзедi.
      5. Егер екi немесе одан да көп жеке тұлғалар банк акцияларын иеленушi болып табылса, және:
      а) сонымен бiр уақытта бұл банк болып саналмайтын сол заңды тұлғаның басшы қызметкерлерi, iрi акционерлерi немесе өкiлдерi болып табылса;
      б) осындай тұлғалардың бiрi банк акцияларын сатып алуға займ берсе немесе осы тұлғаның банк акцияларын сатып алуын қаржыландыруға ықпал етсе;
      в) олар жақын туыстар болса, олар банк акцияларын бiрлесiп басқарушы болып саналады.
      6. Егер екi немесе одан да көп заңды тұлғалар банк акцияларын иеленушi болып табылса және оның бiрi екiншiсiнен гөрi iрi қатысушы болып саналса, олар банк акцияларын бiрлесiп басқарушы болып саналады.
 
           2. Банкке бақылау жасау құқығын иеленуге рұқсат
                   беру туралы өтiнiш беру тәртiбi
 
      7. Тек мынадай жағдайларда:
      а) мемлекетаралық немесе еншiлес банктiң мемлекеттiк акцияларын иеленгенде;
      б) акционердiң өкiлiнiң дауыс беру құқымен банк түсiмiн капиталдандыру кезiнде қосымша акциялар алғанда;
      в) шет ел банкiнiң акцияларын сатып алғанда болмаса, Ұлттық Банктiң тиiстi рұқсатынсыз бiрде бiр тұлға банкке бақылау жасау құқын иеленуге немесе оны жүзеге асыруға құқы жоқ.
      Банктiң акцияларын ашық әдiспен орналастыру кезiнде банктiң үстiнен бақылау жасау құқына ие болған оның акционерi Ұлттық Банкке акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есеппен бiрге қажеттi құжаттарды беруге мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi
               Басқармасының 1997.12.05. N 413 қаулысымен. V970064_
      8. Заңды немесе жеке тұлға Ұлттық Банкке банкке бақылау жасау құқын иеленуге рұқсат беру туралы өтiнiш беруге құқы бар. Өтiнiште банкке бақылау жасау құқығын алуға тиiстi барлық кандидаттардың жүрген (тұрған) жерлерi туралы ақпарат болуға және олардың әрқайсысы қол қоюға тиiстi (заңды тұлғалар үшiн - басшы қол қойып, ұйымның мөрiмен расталады).
      Өтiнiш еркiн нысанда жазылады және мына құжаттармен қоса берiледi:
      а) бақылау құқы иеленуге берiлетiн банк акционерлерiнiң мұндай иеленуге келiсiмi туралы жалпы жиналысының шешiмiнiң көшiрмесi;
      б) өтiнiш берушi туралы мәлiметтер бар құжаттар:
      жеке тұлға туралы - өтiнiш берушi жөнiнде қысқаша мәлiметтер, оған қоса бiлiмi туралы мәлiметтер, еңбек қызметi және жұмыс тәжiрибесi туралы, сондай-ақ сотталмағандығы (Ұлттық Банктiң Басқармасы бекiткен (1996 жылғы 29 ақпандағы N 50 қаулы) Банктердi құруға, қайта құруға рұқсатты, банк операцияларын және басқа банк қызметiн жүргiзуге лицензияны тапсырудың қайтарып алудың, олардың күшiн жоюдың және тоқтатудың, банктiң филиалдарын ашуға, қосуға және өкiлдiктерiн ашуға келiсiм берудiң, оны қайтарып алудың ережелерiне N 5-қосымшаның нысаны бойынша, ұсыныс берушiлер туралы деректерден басқасы) туралы деректер;
      заңды тұлға туралы:
      құрылтайшылық құжаттар;
      құрылтайшылық құжаттар немесе өтiнiш берушiнiң әрбiр iрi акционерi/қатысушысы туралы қысқаша деректер және оған тиесiлi акциялар процентiнiң көлемi;
      өтiнiш берушiнiң әрбiр басшысы туралы қысқаша мәлiметтер;
      в) өтiнiш берушiнiң өтiнiш берген кезiне дейiнгi үш жыл iшiнде мемлекеттiк басқару органдарының, соттың өтiнiш берушiге салған санкциялары туралы мәлiметтер. Мұндай фактiлер болған жағдайда, тиiстi органдардың шешiмiнiң көшiрмесi өтiнiшке қоса берiледi;
      г) аяқталған соңғы үш қаржы жылының не заңды тұлға құрылған сәттен бастап әрбiр аяқталған кезеңнiң бухгалтерлiк баланстары, мұндай жағдайда бұл мерзiм үш жылдан кем болмауы керек, сондай-ақ оны бақылау құқын иеленуге рұқсат беру туралы шешiм қабылдау алдындағы соңғы тоқсанның аяғында аудиторлық ұйым куәландыруы керек.
      д) құқықты иелену шарттары және тәртiбi туралы мәлiметтер, оған қоса:
      1) құқықты иеленуге пайдаланылатын қаражаттың пайда болу көздерiн сипаттау және қаражаттың сомасын көрсету, оған қоса растайтын құжаттардың көшiрмесiн беру;
      2) өтiнiш берушiнiң мүддесiн көздеу тапсырылған өтiнiш берушiнiң өкiлi туралы мәлiметтер;
      е) банктiң бақылау құқығын иеленгеннен кейiнгi болуы мүмкiн есеп айырысу балансымен қоса, бақылау құқын иелену салдарының қаржылық болжамы; банк активтерiн сату, оның басқа заңды тұлғамен бiрiгуi бойынша құқық иеленушiде болуы мүмкiн жоспарлар мен ұсыныстар немесе оның қызметiне не басқару құрылымына елеулi өзгерiстер енгiзу (оған қоса, егер қолдануға болатын болса, нақты бизнес жоспары және ұйымдастырылу құрылымы).
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi
               Басқармасының 1997.12.05. N 413 қаулысымен.
      9. Ұлттық Банк өтiнiштi қарауға қажеттi кез келген қосымша ақпаратты сұратуға құқылы.
      10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкi Қазақстан Республикасының резидент банкiне бақылау жасау құқына ие болуы үшiн осы Ереженiң 8-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа, мынадай құжаттарды өтiнiшке қоса беруге мiндеттi:
      а) өтiнiш берушi банктiң жоғарғы басқару органының резидент банктiң акцияларын иелену туралы шешiмi;
      б) тиiстi мемлекеттiк тиiстi қадағалау органының өтiнiш берушiнiң банк қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi екендiгi және бiрлескен негiзде қадағаланатыны туралы жазбаша растауы, сондай-ақ оның өтiнiш берушiге Қазақстан Республикасының резидент банкiнiң жарғылық капиталына қатысуына рұқсат беретiнi жөнiнде жазбаша хабарлауы не өтiнiш берушiнiң мемлекетiнiң заңдары бойынша мұндай рұқсат берудiң қажет еместiгi жөнiнде хабарлауы;
      в) өтiнiш берушiнiң аудитор немесе аудиторлық ұйым куәландырған соңғы үш қаржылық (операциялық) жылдың тиiстi түрде ресiмделген жылдық есебi (оған қоса бiрiктiрiлген балансы және пайдасы мен шығыны туралы).
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының
               1997.12.05. N 413 қаулысымен.
      11. Өтiнiш берушi бақылау құқын иеленуге рұқсат беру туралы өзiнiң берген өтiнiшiн оны қарау уақыты iшiндегi кез келген сәтте қайтарып алуына құқы бар.
 
               3. Ұлттық Банктiң өтiнiштi қарау тәртiбi
 
      12. Банкке бақылау жасау құқын иелену туралы өтiнiштi қарау мерзiмi өтiнiш берушiнiң өтiнiшiн қанағаттандыру немесе орындамау туралы шешiм қабылдау үшiн қажеттi соңғы құжатты бергеннен кейiн 60 күн болады.
      13. Ұлттық Банк сұратқан қосымша құжаттар Ұлттық Банктiң сұратуын алған соң 30 күннiң iшiнде берiлуi тиiс.
      14. Ұлттық Банк бақылау жасау құқын иеленуге рұқсат берген жағдайда банкке бақылау жасаушы тұлға банк депозиторларына, клиенттерге, корреспонденттер мен займшыларға олардың банкке бақылау жасау құқына ие болғандығы туралы екi аптаның iшiнде әрқайсысына дербес жазбаша хабарлауға немесе тиiстi хабарды кем дегенде екi республикалық газетке жариялауға мiндеттi.
      Бақылауға ие болуға берiлген рұқсатта мынадай мәлiметтер мiндеттi түрде болуға тиiстi:
      - банкке бақылау жасау деген рұқсатты Ұлттық Банктiң берген күнi;
      - бақылау жасалатын банктiң тұрған жерi мен атауы;
      - банкке бақылау жасау құнын алған адамның аты-жөнi, азаматтығы, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi;
      - банкке бақылау жасау құқын алған заңды тұлғаның толық атауы, мемлекеттiк тiркеудiң (қайта тiркеудiң деректерi, тұрған жерi).
      Егер банктiң акцияларын жанама түрде иеленетiн, жұмсайтын және/немесе басқаратындар екi және одан көп адам болған жағдайда осы аталған тұлғаларға бақылау жасауға берiлген рұқсатта, сондай-ақ банкке бақылау жасау құқын алғандардың әрқайсысы туралы, олардың банктiң жарғылық капиталындағы жеке және жалпы үлесiн қоса алғандағы мәлiметтер болуға тиiстi.
      ЕСКЕРТУ. 14-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының
               1997.12.05.N 413 қаулысымен.
 
      15. Кез келген мүдделi адам банкке бақылау жасау құқын иеленуге берiлген өтiнiштi Ұлттық Банктiң қабылдамайтынына сенiмдi болса, негiздемесiн көрсете отырып Ұлттық Банкке өтiнiш хат беруге құқылы.
 
                4. Рұқсат беруден бас тарту негiздерi
 
      16. Ұлттық Банк банкке бақылау жасау құқығын иеленуге рұқсат беруден мынадай негiздер бойынша бас тартуға құқылы:
      а) егер өтiнiш берушiнiң қаржылық жағдайы тұрақсыз болса, не өтiнiш берушi консервация тәртiбi белгiленген банктiң iрi қатысушысы болып саналса (болған болса);
      б) өтiнiш берушiнiң не басшы қызметкерлердiң Жарлықтың 20-бабының 3-5-тармақтарында белгiленген талаптарға сай келмесе немесе консервация тәртiбi белгiленген банктiң басшы қызметкердiң лауазымында отырған адам;
      в) құқық иелену пруденциалдық нормативтердi және басқа орындалуға мiндеттi нормаларды немесе лимиттердi бұзуға әкелiп соғатын болса;
      г) банкке бақылау жасау құқығын иелену монополияға қарсы қолданылатын заң талаптарын бұзуға әкелiп соғатын болса;
      д) өтiнiш берушi күмәнді немесе осы Ережеде белгiленген талаптарға сай келмейтiн ақпарат берсе немесе Ұлттық Банктiң өтiнiшi бойынша шешiм қабылдауы үшiн сұратқан ақпаратты беруден бас тартса;
      е) қандай да бiр өтiнiшке, өтiнiш хатқа немесе басқа да құжаттарға байланысты Ұлттық Банкке әдейi жалған немесе шатастыруға әкеп соғатын ақпарат берсе.
      ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының
               1997.12.05. N 413 қаулысымен.
      17. Мынадай негiздердiң бiрi болса Ұлттық Банк кез келген өтiнiш

 

берушiнiң қаржы жағдайын тұрақсыз деп санауға құқы бар:



     а) сот оны өтiнiш берiлген күннен бұрын 5 жыл бойы банкрот деп

тапқанда;

     б) өтiнiш берушiнiң соңғы есеп беру күнiндегi жағдай бойынша

мiндеттемелерi оның активтерiнен артып кеткенде;

     в) өтiнiш берушiнiң мiндеттемесiнiң жалпы мөлшерi банктiң

тұрақтылығына елеулi тәуекел туғызғанда;

     г) өтiнiш берушiнiң банктiң қаржы тұрақтылығын қамтамасыз етуге

қабiлетсiз болғанда;

     д) мұндай құқықты иелену нәтижесiнде банкке және/немесе оның

депозиторларына залал келтiруi мүмкiн жағдайларды дәлелдейтiн өзге

де негiздер бойынша.

     ЕСКЕРТУ. 17-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының

              1997.12.05. N 413 қаулысымен.

     18. Егер Ұлттық Банк банкке бақылау жасау құқын иеленуге рұқсат

беруден бас тартқан жағдайда, Ұлттық Банк мұндай шешiм қабылданғаннан

кейiн он күннiң iшiнде өтiнiш берушiге өзiнiң бас тартуы жөнiнде жазбаша

хабарлауға мiндеттi. Хабарда бас тарту себебi көрсетiлуi керек.


            5. Банкке бақылау жасайтын тұлғаға қойылатын

                              талаптар


              5.1. Банк капиталының көлемiн ұстап тұру



 
       19. Ұлттық Банктен банкке бақылау жасау құқын алған тұлға банктiң өз капиталының көлемiн банктiң өз капиталының жеткiлiктiлiгiне қарай Ұлттық Банктiң нормативтiк актiлерiнiң талаптарында белгiленген деңгейден төмен ұстамауға мiндеттi.

 

     ЕСКЕРТУ. 19-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының

              1997.12.05. N 413 қаулысымен.

     20. Ұлттық Банк банкке бақылау жасау құқын иеленуге рұқсат бергеннен

кейiн бес жылдан соң, банкке бақылау жасаушы тұлға оны осы Ереженiң 19,

20-тармақтарында қарастырылған мiндеттерден босатуы туралы Ұлттық Банкке

өтiнiш беруге құқылы.

     Егер банк өткен бес жыл iшiнде пруденциалдық нормативтердi және басқа

да Ұлттық Банк белгiлеген орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi

бұзбаса, Ұлттық Банк осы тұлғаны банктiң өз капиталының көлемiн ұстап тұру

бойынша талаптарды орындаудан босатуға құқы бар.


            5.2. Банк пен оған бақылау жасайтын тұлғаның

                   арасындағы мәмiлелердi шектеу


     21. Банк оны бақылаушы тұлғаға Жарлықтың 40-бабында көзделген

жеңiлдiк жағдайларын жасауға құқы жоқ.

     22. Банктiң өз осындай банктi бақылаушы барлық тұлғаларға берген

кредиттерiнiң жалпы көлемiнiң жиынтығы банк капиталының 25 процентiнен

артпауы керек.



     ЕСКЕРТУ. 22-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының

              1997.12.05. N 413 қаулысымен.

     23. Банк өзiн бақылаушы тұлғаға кредит бергенде банктiң байқаушы

кеңесiмен алдын ала келiсуi тиiс.

     Банктiң байқаушы кеңесiнiң мүшесiнiң ешқайсысы, ол әрi осы бақылаушы

банктiң басшы қызметкерi немесе заңды тұлғаның байқаушы кеңесiнiң мүшесi

болса, осы тұлғаға берiлетiн кредит бойынша талқылауға немесе дауыс беруге

қатысуға құқы жоқ.


                           5.3. Есеп беру


     24. Банктi бақылаушы тұлға Ұлттық Банкке ол бақылаушы тұлға болып

саналатын жылда келесi әрбiр қаржы жылы жабылған соң 45 күннiң iшiнде жыл

сайынғы қаржылық есептi (пайда мен шығын туралы баланс пен есеп) беруi

тиiс.

     25. Банк Ұлттық Банкке беретiн өзiнiң тоқсан сайынғы қаржылық есебiне

соңғы есеп беру кезеңi iшiнде өзiне бақылау жасаушы тұлғаға берiлген

кредиттер туралы есептi де енгiзуге мiндеттi.


                 6. Рұқсатты қайтарып алу негiздерi


     26. Ұлттық Банк:

     а) банк немесе оған бақылау жасайтын тұлға осы Ережеде белгiленген

талаптарды сақтамаған жағдайда;


 
       б) берiлген мұндай рұқсаттың негiзiнде күмәнді мәлiметтер табылғанда

 

банкке бақылау жасау құқығын иелену рұқсатын қайтарып алуға құқылы.

     27. Ұлттық Банк өзiне банкке бақылау жасау құқын иеленуге берген

рұқсатын қайтарып алу туралы шешiмiн бақылаушы банкке немесе тиiстi банкке

осындай шешiм шығарған күннен бастап 10 күннiң iшiнде хабарлайды.

     28. Банкке бақылау жасау құқын иеленуге берген рұқсаты қайтарылып

алынған тұлға Ұлттық Банктiң рұқсатты қайтарып алу туралы хабарламасын

алғаннан кейiн бiр айдың iшiнде онымен ерекше қатынастағы тұлға болып

саналмайтын тұлғаларға банктiң жарғы капиталының 25 процентiнен асатын өз

үлесiн заңда белгiленген тәртiппен өткiзу шараларын қабылдауға мiндеттi.


                       7. Қорытынды ережелер




     29. Банкке бақылау жасау құқы бар акционерлерден өз акцияларын сатып

алуға банктiң құқы жоқ.

     30. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының

заңдарына сәйкес шешiлуге тиiс.

     ЕСКЕРТУ. 7-бөлiммен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының

              1997.12.05. N 413 қаулысымен.



     Төраға






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады