Екiншi деңгейдегi банктердiң басшылық лауазымына тағайындалатын кандидатуралармен келiсу тәртiбi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiктi айқындау комиссиясының өкiлеттiгi туралы Ереже жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы 1996 жылғы 27 қыркүйектегi N 229. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 438. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 7 қазандағы N 334 қаулысымен. ~V991028

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етедi:
      1. Екiншi деңгейдегi банктердiң басшылық лауазымына тағайындалатын кандидатуралармен келiсу тәртiбi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiктi айқындау комиссиясының өкiлеттiгi туралы Ереже бекiтiлсiн және ол 1996 жылдың 1 қарашасынан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Екiншi деңгейдегi банктердiң басшылық лауазымына тағайындалатын кандидатуралармен келiсу тәртiбi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiктi айқындау комиссиясының өкiлеттiгi туралы Ереженiң қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiткен Банктердiң (филиалдардың) басшылық лауазымдарына тағайындалатын кандидатуралармен келiсу тәртiбi туралы N 202 (1994 жылғы 28 желтоқсан N 26 хаттама) Ереженiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 1995 жылғы 2 тамыздағы N 12210/654 және 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 12210/964 хаттардың күшi жойылды деп танылсын.
      3. Банктiк қадағалау департаментi (Жауғаштина Б.Қ.) осы Қаулысына және Екiншi деңгейдегi банктердiң басшылық лауазымына тағайындалатын кандидатуралармен келiсу тәртiбi және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiктi айқындау комиссиясының өкiлеттiгi туралы Ереженi

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң облыстық (Алматы аумақтық Бас) 
басқармаларына жеткiзсiн, оларға осы Қаулыны және Ереженi екiншi 
деңгейдегi банктерге жеткiзу мiндеттелсiн.
     4. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкi Басқармасы Төрағасының орынбасары Г.А. Марченкоға жүктелсiн.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы
                                  Қазақстан Республикасы
                                  Ұлттық Банкi Басқармасының
                                  1996 жылғы 27 қыркүйектегi
                                  N 229 Қаулысымен
                                        Бекiтiлген
                                  N 434

          Екiншi деңгейдегi банктердiң басшылық лауазымына
          тағайындалатын кандидатуралармен келiсу тәртiбi және
          Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiктi
              айқындау комиссиясының өкiлеттiгi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                         I. Жалпы ережелер



      1. Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы", "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Заң күшi бар Жарлықтарына және банктi құруға, қайта құруға рұқсат беру, қайтарып алу, банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру, оның күшiн жою және тоқтату, банк филиалдарын ашуға, оларды бiр-бiрiне қосуға және банк өкiлеттiгiн ашуға келiсiм беру, қайтарып алу тәртiптерiне (бұдан әрiде - Тәртiп) сәйкес жасалды.
      Осы Ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде (бұдан әрiде - Ұлттық Банк) банктердiң басшы қызметкерлерiнiң лауазымына тағайындау (сайлау), сондай-ақ Ұлттық Банктiң Бiлiктiлiктi айқындау комиссиясының өкiлеттiгi үшiн ұсынылған екiншi деңгейдегi банктердiң басшы қызметкерлерiнiң және кандидатураларының келiсу тәртiбiн анықтайды.
      2. Банктiң басшы қызметкерлерi, сондай-ақ басшы қызметкер лауазымына тағайындау (сайлау) үшiн ұсынылған кандидаттар қолданылып жүрген банк заңдарында белгiленген ең төменгi талаптарға сай болуы тиiс. Келiсiм беру туралы немесе келiсiм беруден бас тарту туралы Ұлттық Банктiң шешiмiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Бiлiктiлiктi айқындау комиссиясы (бұдан әрiде - Комиссия) қабылдайды. Қажетiне қарай бұл мәселенiң Ұлттық Банк Басқармасына қаралуы мүмкiн.
      3. Банктiң басшы қызметкерлерi - Байқаушы Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi, банк Басқармасының Төрағасы мен оның орынбасарлары, банктiң бас бухгалтерi мен оның орынбасарлары, филиалдың бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi лауазымға олардың кандидатурасы бойынша Ұлттық Банктiң келiсiмi болған жағдайда тағайындалады (сайланады). Жекелеген жағдайларда банктiң басшы лауазымына адам оның кандидатурасы Ұлттық Банктiң алдын ала келiсiмiнсiз сайланса (тағайындалса), банк белгіленген тәртiппен комиссияның қарауына қажеттi құжаттарды беру бойынша шаралар қабылдауға мiндеттi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының
               1997.12.05. N 413 қаулысымен V970064_ .

      4. Банктiң басшы қызметкерлерi өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн Ұлттық Банктiң келiсiмiн алғанға дейiн үш айдан артық атқара алмайды.
      Банктiң басшы қызметкерi қызметiне келiсу үшiн кандидатурасы ұсынылған адам iс жүзiнде қызметтiк мiндеттерiн орындап жүргенiне қарамастан, Ұлттық Банк оның тағайындалуына (сайлануына) келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, сөз болып отырған қызметкер отырған қызметiнен Ұлттық Банктен банк шешiм алған күннен бастап 30 күн мерзiм iшiнде босатылуға тиiс. Қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес банк қызметкерiнiң кандидатурасына келiсу кезеңiнде жұмысқа жаңадан қабылданып жатқан адамдар мiндеттерiн мерзiмдi еңбек шарты бойынша атқарады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының
               1997.12.05. N 413 қаулысымен V970064_ .

             II. Кандидатураларды келiсу үшiн Ұлттық Банкке
                құжаттар берудiң тәртiбi және комиссияның
                     қарауына материалдар әзiрлеу

      5. Басшылық қызметке тағайындалуға тиiс басшы қызметкерлер мен кандидатураларды келiсу үшiн банк Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне мынадай құжаттар бередi:
      - басшы қызметкер лауазымына басшы қызметкердi немесе кандидатты тағайындауға (сайлауға) келiсiм беру туралы өтiнiш;
      - басшы қызметкердi тағайындау (сайлау) туралы немесе кандидатураны келiсуге ұсыну туралы банктiң тиiстi органының шешiмi;
      - Ереженiң 4 және 5 қосымшаларында көзделген үлгiлер бойынша басшы қызметкерлерге немесе басшы қызметкерлердiң лауазымына үмiткерлерге арналған мәлiметтер; <*>
      - өкiлеттi орган (адам) немесе банктiң мөрi куәландырған бiлiм туралы дипломның және еңбек кiтапшасының көшiрмесi; <*>
      Кепiлдемелердi оларды тағайындауға (сайлауға) Ұлттық Банктiң келiсiмiн алған банктердiң басшы қызметкерлерi немесе Ұлттық Банктiң филиалдарының немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары болып табылатын кем дегенде екi адам тапсырады. <*>
      Кепiлдеме берушi кандидатура жөнiнде келiсуге өтiнiш берушi банк қызметкерi бола алмайды. Бiр мекеменiң қызметкерлерiне бiрнеше (екi және одан да көп) кепiлдеме тапсыруға тиым салынады.
      Банк Төрағасының және Бақылау Кеңесi мүшелерiнiң кандидатуралары жөнiнде келiскенде, кепiлдемелер талап етiлмейдi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi және толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi
               Басқармасының 1997.12.05. N 413 қаулысымен V970064_ .

      6. Банктiк қадағалау департаментi (оның тиiстi басқармасы) банк ұсынған құжаттар пакетiнiң толықтығын және дұрыстығын тексередi. Банктiң қадағалау департаментi қажеттiлiгiне қарай (ұсынылған кандидатураның бiлiктiлiк дәрежесiне немесе оның тәжiрибесi мен бiлiмiне күмән келтiрiлген жағдайда) кандидатқа тест жүргiзедi, оның нәтижесi басқа материалдармен қоса Комиссияның қарауына ұсынылады. Ұлттық Банкке ұсынылған құжаттар осы Ереженiң талаптарына сай келмеген жағдайда, құжаттар толық ресiмдеу үшiн банкке қайтарылады.
      Банктiк қадағалау департаментi әрбiр қаралатын кандидатура бойынша Комиссияға қорытынды бередi.
      7. Банктiк қадағалау департаментi кандидаттардың iскерлiк сапасын және кәсiби дайындық деңгейiн сипаттайтын, сондай-ақ банктiң басшы қызметкерлерiн тағайындау негiздемелерiне қатысты мәлiметтердi зерттеу мақсатында екiншi деңгейдегi банктердiң басшы құрамы жөнiндегi мәлiметтердiң базасын қалыптастырады және Ұлттық Банк бөлiмшелерiнiң банктiң басшы қызметкерлерiнiң қол қою үлгiлерiнiң дұрыс ресiмделуiне бақылау жасауды қамтамасыз етедi. Ұлттық Банкпен келiсiлмеген қол қою үлгiлерi белгiленген тәртiппен үш айдан аспайтын мерзiм аралығында қабылдануы және ресiмделуi мүмкiн.

        III. Банктiң басшы қызметкерлерi мен осы лауазымдарға
             кандидаттар тағайындауға (сайлауға) келiсiм
                    беруден бас тартудың негiздерi

      8. Банктiң басшы қызметкерiн немесе басшы қызметкер лауазымына кандидат тағайындауға (сайлауға) рұқсат беруден Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 20-бабында белгiленген негiздер бойынша бас тартылуы мүмкiн.
      9. Банктiң басшы қызметкерлерiнiң кәсiби жарамдылығы туралы мәселенi шешкенде Комиссия Ұлттық Банктiң (немесе оның бөлiмшелерiнiң) тексерiсiмен белгiленген мәлiметтердi, соған қоса атқарған қызметi қолданылып жүрген банк заңдарының бұзылуына жеткiзген не банктiң (филиалдың) қаржылық жағдайының нашарлауына әкелiп соққан басшылар туралы мәлiметтердi зерттеуге құқылы.
      10. Комиссия қажетiне қарай қосымша мәлiметтер сұрауға, сондай-ақ қызметкердiң комиссияның мәжiлiсiне келмеуiне байланысты немесе басқа негiздер бойынша мәселенi қарауды тоқтатуға құқылы.
      11. Жекелеген жағдайларда қажетiне қарай басшылық қызметке ұсынылған кандидатқа өзiнiң iскерлiк қабiлетiн көрсетуге мүмкiндiк берiлумен байланысты келiсiм берудiң мерзiмiн ұзартуға қолданылып жүрген заңдарда белгiленген 3 ай мерзiм шеңберiнде комиссия мәселе түпкiлiктi шешiлгенге дейiн банктiң өтiнiшiмен уақытша келiсiм беруге құқылы.

           IV. Комиссияның өкiлеттiлiгi, құрамы және шешiмi

      12. Комиссия 9 адамнан тұрады және Банктiк қадағалау департаментiне жетекшiлiк жасайтын Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары басқарады. Комиссияның құрамына Банктiк қадағалау департаментiнiң директоры - Комиссия Төрағасының орынбасары, Банктiк қадағалау департаментi директорының орынбасары, Банктiк қадағалау департаментi басқармаларының бастықтары, Бухгалтерлiк есеп және бюджет пен Заң департаментiнен бiр-бiрден өкiлдер кiредi.
      Комиссияның мәжiлiсiне хаттама жазу үшiн хатшы дауыс беру құқығынсыз қатысады.
      Комиссия Төрағасы болмаған кезде мәжiлiстi оның орынбасарларының жүргiзуге құқы бар.
      Комиссияның жұмысын ұйымдастыру мен оның қызметiнiң нәтижесiн ресiмдеудi оған банктермен хат-хабар алмасуды қоса, Банктiк қадағалау департаментi жүзеге асырады.
      13. Комиссияның құрамы Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығымен бекiтiледi.
      14. Комиссия өзiнiң мәжiлiстерiн қажетiне қарай өткiзедi, бiрақ тоқсанына 1 реттен кем болмауы тиiс және егер мәжiлiске мүшелерiнiң 2/3-сi қатысқанда ғана ол құқылы деп табылады. Шешiм мәжiлiске қатысушылардың жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi дауыс болып табылады.
      15. Комиссияның қарауына банктiң (филиалдың) басшы қызметкерлерiнiң

санатына кiретiн барлық кандидаттар жатады. Комиссияның мәжiлiске 
кандидаттар шақырып та, шақырмай-ақ та шешiм қабылдауға құқы бар.
     16. Комиссияның тұжырымы (шешiмi) мәжiлiс хаттамасына енгiзiледi. 
Егер Комиссия мүшесiнiң қаралған мәселе бойынша айрықша пiкiрi бар болса, 
ол хаттамада көрсетiледi.
     17. Комиссияның шешiмiне Банктiң немесе басқа да мүдделi адамдардың 
Ұлттық Банктiң Басқармасына шағымдануы мүмкiн. Осы мәселе бойынша Ұлттық 
Банк Басқармасының қаулысы түпкiлiктi болып табылады.
     18. Банктiк қадағалау департаментi екi аптаның iшiнде банкке Ұлттық 
Банктiң қабылдаған шешiмi туралы хабарлауға мiндеттi.

                       V. Қорытынды ережелер

     19. Банк немесе басқа мүдделi адамдар қолданылып жүрген заңдарда 
белгiленген тәртiппен банктiң басшы лауазымына тағайындалған (сайланған) 
адамға келiсiм беруден бас тарту туралы Ұлттық Банктiң шешiмiне шағым 
беруге құқылы.
     20. Осы Ережеде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн қолданылып жүрген 
банк заңдарында қарастырылғандай, Ұлттық Банк банкке санкциялар мен ықпал 
ету шараларын қолдануға құқылы.

     Ұлттық Банк
      Төрағасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады