"Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуының тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы"

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Төрағасының 1997 жылғы 17 мамырдағы N 14 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 15 қазанда тіркелді. Тіркеу N 395. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөнiндегi комитетi Төрағасының 2004 жылғы 20 ақпандағы N 7-п бұйрығымен

      ------------------Бұйрықтан үзінді------------
      "Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының , "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысының  қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының  27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
      6) "Қазақстан Республикасы Инвесторлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтінімге сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуының тәртiбi туралы" ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1997 жылғы 17 мамырдағы N 14 қаулысы (1997 жылғы 15 қазан N 395)....

      Төраға

--------------------------------------------

     

"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңын  орындау үшiн Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiмге сараптама ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуының тәртiбi туралы" ереже бекiтiлсiн.

      Төраға

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң
1997 жылғы 17 сәуiрдегi
N 14 қаулысымен бекiтiлген

"Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң инвестициялық өтiнiмге сараптама
ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу
кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi,
консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуының
тәртiбi туралы"
ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңына (бұдан әрi "Заң") әзiрлендi және Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң (бұдан әрi "Комитет") инвестициялық өтiнiмдi ұйымдастыру мен жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлер мен тәуелсiз сарапшыларды тартуына байланысты қатынастарды реттейдi.
      Осы Ережеде пайдаланылатын айқындамалар мен терминдер осы Заңдағы айқындамалар мен терминдерге сәйкес келедi.

I. Жалпы ереже

      1.1. Инвестициялық өтiнiмге сараптама жүргiзу және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде Комитет мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тартуға құқылы.
      1.2. Комитеттiң мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлер мен консультанттарды тартуының мақсаты инвестициялық жобаның Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен Комитеттiң белгiленген талаптарына сәйкестiгiн айқындау үшiн арнайы танымдар алу болып табылады.
      Комитеттiң тәуелсiз сарапшыларды тартуының мақсаты инвестициялық жобаның объективтi бағалауын айқындау үшiн арнайы танымдарды пайдалана отырып сараптама жүргiзу болып табылады.
      1.3. Комитет инвестициялық жобаны қарау және келiсiм-шартты әзiрлеу процесiнде сараптаманың мынадай түрлерiн ұйымдастыруға және жүргiзуге құқылы:
      - инвесторда жобаны жүзеге асыру үшiн қаржы, ұйымдастыру және техникалық мүмкiншiлiктердiң бар-жоқтығы;
      - заң сараптамасы;
      - жобаның қаржы және экономикалық сараптамасы;
      - техникалық сараптама;
      - экологиялық сараптама;
      - сараптаманың басқа да түрлерi, оның iшiнде инвестициялық жобаның ерекшелiктерiне қарай Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мiндеттiлерi.

II. Айқындамалар

      2.1. Тиiстi мемлекеттiк органның қажеттi бiлiктiлiгi бар штаттағы қызметкерi мемлекеттiк органның маманы болып табылады.
      2.2. Қажеттi бiлiктiлiгi бар жеке тұлға, немесе қажеттi бiлiктiлiгi, жұмыс тәжiрибесi бар мамандар штатына ие, сондай-ақ егер, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген болса, тиiстi лицензиясы бар заңды тұлға кеңесшi, консультант болып табылады.
      2.3. Қажеттi бiлiктiлiгi, жұмыс тәжiрибесi бар мамандар штатына ие (бұрынғы қызметi бойынша мүмкiндiгiнше оң ұсыныстамалары болғаны жөн), сондай-ақ бұл Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген болса, тиiстi лицензиясы бар заңды тұлға тәуелсiз сарапшы болып табылады. Тәуелсiз сарапшының Комитет пен инвесторға ұйымдық немесе материалдық тәуелдiлiгiнiң болмауы мiндеттi.

III. Мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi,
консультанттар мен сарапшыларды тартудың тәртiбi

      3.1. Комитет мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен сарапшыларды мынадай жағдайларда тартады:
      - арнайы танымдарға қажеттiлiк туындағанда;
      - тәуелсiз сараптама жүргiзуге қажеттiлiк туындағанда;
      - Комитет пен инвестордың арасында тараптардың кез келгенiнiң бастамашылығы бойынша даулы жағдайлар туындағанда.
      3.2. Мемлекеттiк органның маманын таңдауды Комитет өтiнiмiнiң негiзiнде осы органның басшысы жүзеге асырады. Комитеттiң маман беру туралы өтiнiмiнде мәселелер мен сараптаманы жүргiзудiң мерзiмi көрсетiледi.
      3.3. Кеңесшiнi, консультантты таңдауды Комитет бекiткен кеңесшiлердiң, консультанттардың арасынан Комитет жүзеге асырады.
      3.4. Тәуелсiз сарапшыны таңдауды Комитет бекiткен тәуелсiз сарапшылардың тiзiмiн алған соң бес күннiң iшiнде инвестор жүзеге асырады.

IV. Комитеттiң мемлекеттiк органдардың мамандарына,
кеңесшiлерге, консультанттарға және тәуелсiз
сарапшыларға қатысты өкiлеттiктерi

      4.1. Комитет мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен тәуелсiз сарапшыларды тарту кезiнде:
      - дәлелдi жауаптар беруге қажет мәселелердiң тiзбесiн айқындауға;
      - консультациялар мен сараптамалардың нәтижелерi бойынша түсiндiрмелер (оның iшiнде жазбаша) талап етуге;
      - егер алғашқы консультацияны немесе сараптаманы толық емес немесе жеткiлiксiз деп санаса, қосымша консультация немесе сараптама жүргiзудi талап етуге;
      - консультациялар мен сараптамалардың мерзiмдерiн белгiлеуге;
      - консультация немесе сараптама жүргiзу процесiнде кеңесшiге, консультантқа, тәуелсiз сарапшыға белгiлi болған ақпараттық құпиялылығын талап етуге;
      - сараптаманың жүру барысын бақылауға құқылы.
      4.2. Сараптама жүргiзу процесiнде кеңесшiге, консультантқа, тәуелсiз сарапшыға  сараптаманың нәтежиесін өзгертуге комитеттің кедергі жасауына (оның ішінде материалдық) тиым салынады.

V. Мемлекеттiк органдар мамандарының,
кеңесшiлердiң, консультанттардың және тәуелсiз
сарапшылардың жауапкершiлiгi

      5.1. Мемлекеттiк органдардың мамандары, кеңесшiлер, консультанттар және тәуелсiз сарапшылар сараптаманың сапалы және уақтылы жүргiзiлуiн, сараптамаға ұсынылған құжаттардың сақталуын және құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз етедi.
      5.2. Мемлекеттiк органдардың мамандары, кеңесшiлер, консультанттар мен тәуелсiз сарапшылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жүргiзiлген сараптама үшiн, оның iшiнде материалдық та жауапкершiлiкте болады.

VI. Мемлекеттiк органдардың мамандарының,
кеңесшiлердiң, консультанттардың және тәуелсiз
сарапшылардың қызметтерiне ақы төлеу

      6.1. Мемлекеттiк органдардың мамандарының қызметтерiне ақы төленбейдi.
      6.2. Кеңесшiнiң, консультанттың және тәуелсiз сарапшының қызметтерiне сараптаманың нәтижесiне қарамастан Комитет пен кеңесшiнiң, консультанттың, тәуелсiз сарапшының арасында жасалған шартқа сәйкес ақы төленедi.
      6.3. Комитеттiң кеңесшiнiң, консультанттың, сарапшының қызметтерiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстарын инвестициялық жобасына кеңесшi, консультант, сарапшы талдау жасаған инвестор өтейдi.

Об утверждении ПОЛОЖЕНИЯ "О порядке привлечения специалистов государственных органов, советников, консультантов и независимых экспертов при организации и проведении Государственным комитетом Республики Казахстан по инвестициям экспертизы инвестиционной заявки и подготовке контракта"

Постановление Государственного комитета Республики Казахстан по инвестициям от 17 мая 1997 г. N 14. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 октября 1997 г. N 395. Утратило силу - приказом председателя Комитета по инвестициям Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 20 февраля 2004 года N 7-п

             Извлечение из приказа председателя Комитета
          по инвестициям Министерства индустрии и торговли
        Республики Казахстан от 20 февраля 2004 года N 7-п

      "В связи с принятием Закона Республики Казахстан от 8 января 2003 года "Об инвестициях", постановления Правительства Республики Казахстан от 8 мая 2003 года N 436 "О некоторых вопросах реализации Закона Республики Казахстан "Об инвестициях", в соответствии с пунктом 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" приказываю:
      1. Признать утратившими силу следующие нормативные правовые акты по вопросам инвестиций:
      6) постановление Государственного комитета Республики Казахстан по инвестициям от 17 мая 1997 г. N 14 "Об утверждении ПОЛОЖЕНИЯ "О порядке привлечения специалистов государственных органов, советников, консультантов и независимых экспертов при организации и проведении Государственным комитетом Республики Казахстан по инвестициям экспертизы инвестиционной заявки и подготовке контракта" (N 395 от 15 октября 1997 года..."
 
      Председатель
-------------------------------------------------------------------


     Во исполнение Закона Республики Казахстан от 28 февраля 1997 г. Z970075_  "О государственной поддержке прямых инвестиций" Государственный комитет Республики Казахстан по инвестициям постановляет:
      Утвердить прилагаемое Положение "О порядке привлечения специалистов государственных органов, советников, консультантов и независимых экспертов при организации и проведении Государственным комитетом Республики Казахстан по инвестициям экспертизы инвестиционной заявки и подготовке контракта".

     Председатель

                           ПОЛОЖЕНИЕ
    "О порядке привлечения специалистов государственных органов,
         советников, консультантов и независимых экспертов
       при организации и проведении Государственным комитетом
                Республики Казахстан по инвестициям
      экспертизы инвестиционной заявки и подготовке контракта"

      Настоящее Положение разработано в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 1997 г. "О государственной поддержке прямых инвестиций" (далее Закон) и регулирует отношения, связанные с привлечением Государственным комитетом Республики Казахстан по инвестициям (далее "Комитет") специалистов государственных органов, советников, консультантов и независимых экспертов при организации и проведении экспертизы инвестиционной заявки и подготовке контракта.
      Определения и термины, используемые в настоящем Положении, соответствуют определениям и терминам, данным в Законе.

                          I. Общие положения

      1.1. При проведении экспертизы инвестиционной заявки и подготовке контракта Комитет имеет право привлекать специалистов государственных органов, советников, консультантов и независимых экспертов.
      1.2. Целью привлечения Комитетом специалистов государственных органов, советников и консультантов является получение специальных познаний, необходимых для определения соответствия инвестиционного проекта действующему законодательству Республики Казахстан и установленным Комитетом требованиям.
      Целью привлечения Комитетом независимых экспертов является проведение экспертизы с использованием специальных познаний для определения объективной оценки инвестиционного проекта.
      1.3. Комитет в процессе рассмотрения инвестиционной заявки и подготовки контракта вправе организовывать и проводить следующие виды экспертиз:
      - на наличие у инвестора финансовых, организационных и технических возможностей для осуществления проекта;
      - юридическая экспертиза;
      - финансовая и экономическая экспертизы проекта;
      - техническая экспертиза;
      - экологическая экспертиза;
      - другие виды экспертиз, в том числе обязательные по законодательству Республики Казахстан, в зависимости от особенностей инвестиционного проекта.

                           II. Определения

      2.1. Специалистом государственного органа является штатный сотрудник соответствующего государственного органа, имеющий необходимую квалификацию.
      2.2. Советником, консультантом является физическое лицо, имеющее необходимую квалификацию, или юридическое лицо, имеющее штат специалистов необходимой квалификации, опыт работы, а также соответствующую лицензию, если это предусмотрено законодательством Республики Казахстан.
      2.3. Независимым экспертом является юридическое лицо, имеющее штат специалистов необходимой квалификации, опыт работы (желательно наличие положительных рекомендаций по предыдущей деятельности), а также соответствующую лицензию, если это предусмотрено законодательством Республики Казахстан. Для независимого эксперта обязательно отсутствие организационной или материальной зависимости от Комитета или инвестора.

    III. Порядок привлечения специалистов государственных органов,
          советников, консультантов и независимых экспертов

      3.1. Комитет привлекает специалистов государственных органов, советников, консультантов и независимых экспертов в следующих случаях:
      - возникновение необходимости в специальных познаниях;
      - возникновение необходимости в проведении независимой экспертизы;
      - возникновение спорных ситуаций между Комитетом и инвестором по инициативе любой из сторон.
      3.2. Выбор специалиста государственного органа осуществляется руководителем данного органа на основе заявки Комитета. В заявке Комитета о предоставлении специалиста указываются вопросы и срок проведения экспертизы.
      3.3. Выбор советника, консультанта осуществляется Комитетом из числа советников, консультантов, утвержденных Комитетом.
      3.4. Выбор независимого эксперта осуществляется инвестором в течение пяти дней после получения списка независимых экспертов, утвержденных Комитетом.

         IV. Полномочия комитета по отношению к специалистам
          государственных органов, советникам, консультантам
                       и независимым экспертам

      4.1. При привлечении специалистов государственных органов, советников, консультантов и независимых экспертов Комитет вправе:
      - определять перечень вопросов, на которые необходимо дать аргументированные ответы;
      - требовать разъяснения (в том числе письменного) по результатам консультаций или экспертизы;
      - требовать проведение дополнительной консультации или экспертизы, если посчитает первоначальную консультацию или экспертизу неполной или недостаточной;
      - устанавливать сроки проведения консультации или экспертизы;
      - требовать конфиденциальности информации, которая стала известна советнику, консультанту, независимому эксперту в процессе консультирования или проведения экспертизы;
      - контролировать ход проведения экспертизы.
      4.2. Комитету запрещается оказывать какое-либо влияние (в том числе материальное) на специалистов государственных органов, советников, консультантов, независимых экспертов с целью изменения хода экспертизы и ее результата.

       V. Ответственность специалистов государственных органов,
          советников, консультантов и независимых экспертов

      5.1. Специалисты государственных органов, советники, консультанты, независимые эксперты обеспечивают проведение качественной и своевременной экспертизы, сохранность документов, представленных на экспертизу, и соблюдение конфиденциальности.
      5.2. Специалисты государственных органов, советники, консультанты, независимые эксперты несут ответственность, в том числе материальную, за проведенную экспертизу в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

        VI. Оплата услуг специалистов государственных органов,
           советников, консультантов, независимых экспертов

      6.1. Услуги специалистов государственных органов не оплачиваются.
      6.2. Услуги советника, консультанта, независимого эксперта оплачиваются Комитетом независимо от результата экспертизы в соответствии с договором, заключаемым между Комитетом и советником, консультантом, независимым экспертом.
      6.3. Расходы Комитета по оплате услуг советника, консультанта, эксперта возмещает тот инвестор, инвестиционный проект которого анализировал советник, консультант, эксперт.