------------------Бұйрықтан үзінді------------
"Инвестициялар туралы" 2003 жылғы 8 қаңтардағы Қазақстан Республикасы
Заңының
, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436
қаулысының
қабылдануымен байланысты, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы
Заңының
27-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Инвестициялар мәселелері жөніндегі мынадай нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:
2) "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Инвестордың арасындағы келісім-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны жүргізудің тәртібі туралы" ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің 1997 жылғы 28 наурыздағы N 399 қаулысы (1997 жылғы 24 наурыз N 399)....
Төраға
--------------------------------------------
"Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Инвестордың арасындағы келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны жүргiзудiң тәртiбi туралы" ереже бекiтiлсiн.
Төраға
Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi мен Инвестордың арасындағы
келiсiм-шартқа сараптама ұйымдастыру және оны
жүргiзудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi - Заң) 12-бабына сәйкес әзiрлендi және келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде оған сараптама жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.
1.2. Келiсiм-шарттың сараптамасы - Комитеттiң келiсiм-шартты жасау кезiнде тиiстi мемлекеттiк органдармен және тәуелсiз сарапшылармен жүзеге асыратын, жасалатын келiсiм-шарттың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiлiгiн, келiсiм-шартқа сәйкес жүзеге асыратын инвестициялық жобаны экономикалық және қаржылық тиiмдiлiгiн және берiлетiн жеңiлдiктер мен преференциялардың түрлерiн, мөлшерi мен мерзiмдерiн бағалауға мүмкiндiк беретiн талдау.
1.3. Инвестициялық жоба - инвестициялық қызметке байланысты шаралар циклы.
2. Инвестормен келiсiм-шарттардың сараптамасының
негiзгi мiндеттерi
2.1. Инвестор мен келiсiм-шарттың сараптамасының негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
- келiсiм-шарттың келiсiм ережелерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестiлiгiн тексеру;
- келiсiм-шарттың Қазақстан Республикасы мен Инвестордың мүдделерiн оңтайлы ескеретiн ережелерiн айқындау;
- берiлетiн жеңiлдiктер мен преференциялардың түрлерiн, мөлшерi мен мерзiмдерiн айқындау.
3. Инвестормен келiсiм-шарттардың сараптамасын
ұйымдастыру мен жүргiзудiң тәртiбi
3.1. Комитет инвестордан қабылданған өтiнiмдi оң шешкен кезде Әкiмшiлiк, тiркеу және бақылау дирекциясы өтiнiмдi барлық қажеттi құжаттарымен оның Заңға сәйкестiлiгiне сараптамасы бойынша қорытындысымен жобаларды бағалау және келiссөздер жүргiзу дирекциясына бередi.
3.2. Жобаларды бағалау және келiссөздер жүргiзу дирекциясы Инвестормен бiрлесiп 60 күнге дейiн мерзiмде келiсiм-шартты әзiрлейдi.
3.3. Келiсiм-шартты әзiрлеу кезiнде Жобаларды бағалау және келiссөздер жүргiзу дирекциясы тиiстi мемлекеттiк органдар мен тәуелсiз сарапшыларды тартып келiсiм-шарттың сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi.
3.4. Қазақстан Республикасының және өзге мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының қатарынан тиiстi мамандарды тарту Комитет бекiткен "Сараптамалар жүргiзу және келiсiм-шарттарды әзiрлеу үшiн мемлекеттiк органдардың мамандарын, кеңесшiлердi, консультанттар мен сарапшыларды тартудың тәртiбi туралы" ережеге сәйкес жүргiзiледi.
3.5. Келiсiм-шарттың сараптамасы екi бөлiктен: келiсiм-шарт бойынша жүзеге асырылатын инвестициялық жобаның сараптамасы мен келiсiм-шарттың заңдық сараптамасынан тұрады.
3.6. Инвестициялық жобаның сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзуге мыналар кiредi:
- Комитет Заңға сәйкес қажет болған кезде тиiстi мемлекеттiк органдарға өздерiнiң құзыретiндегi бөлiмдер бойынша жобаға бағалау жүргiзудi тапсырады;
- жобаны тәуелсiз бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы белгiленедi, оны Комитет бекiткен ұйымдардың тiзбесiнен инвестор таңдап алады;
- инвестор Комитет бекiткен ұйымдармен келiспеген жағдайда Комитет тәуелсiз сараптаманы таңдау бойынша конкурс жариялайды.
3.7. Инвестициялық жоба сараптамасының нәтижесi жобаға баға берген және жеңiлдiктер мен преференцияларды берудiң ұсынылған мөлшерi мен мерзiмдерiн қоса алғанда, олар бойынша негiздi ұсыныстар бар қорытынды болып табылады.
3.8. Инвестициялық жоба бойынша қорытынды тиiстi мемлекеттiк органдар мен тәуелсiз сараптамашылардың сараптық қорытындылары мен ресми түйiндiлерiне негiзделедi.
3.9. Инвестициялық жобаның сараптамасы оның Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салықтық жеңiлдiктер мен преференциялар берудiң тәртiбi" туралы ережесiнде айтылған өлшемдерге сәйкессiздiгiн анықтаған жағдайда, онда Комитет инвесторы Комитеттiң бас тартуы туралы жазбаша түрде хабарландырып инвесторға жеңiлдiктер мен преференциялар беруден бас тартады.
3.10. Инвестициялық жоба сараптамасы оның жоғарыда аталған өлшемдерге сәйкестiгiн растаған жағдайда зерттеулер, жоспарлау және ақиқат дирекциясы Жобаларды бағалау және келiссөздер жүргiзу дирекциясымен бiрлесiп берiлетiн жеңiлдiктер мен преференциялардың түрлерiн, мөлшерi мен мерзiмдерiн белгiлейдi.
3.11. Келiсiм-шарттың ережелерiнiң заңдық сараптамасын ұйымдастыру мен жүргiзуге мыналар кiредi:
- Комитет Заңға сәйкес қажет болған кезде тиiстi мемлекеттiк органдарға өздерiнiң құзыретiндегi бөлiмдер бойынша жобаға бағалау жүргiзудi тапсырады;
- жобаны тәуелсiз бағалау үшiн тәуелсiз сарапшы белгiленедi, оны Комитет бекiткен ұйымдардың тiзбесiнен инвестор таңдап алады;
- инвестор Комитет бекiткен ұйымдармен келiспеген жағдайда Комитет тәуелсiз сараптаманы таңдау бойынша конкурс жариялайды.
3.12. Заңдық сараптаманың нәтижесi келiсiм-шарттың ережелерiнiң Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкестiгi мәнiне әзiрленген қорытынды болып табылады.
3.13. Заң сараптамасы бойынша қорытынды тиiстi мемлекеттiк органдар мен тәуелсiз сараптамашылардың сараптық қорытындылары мен ресми түйiндiлерiне негiзделедi.
3.14. Жобаларды бағалау және келiссөздер жүргiзу дирекциясы келiсiм-шарттың ережелерiнiң оның сараптамасы нәтижесiнiң сәйкестiгiн келiсу бойынша инвесторлармен келiссөздер жүргiзедi, олардың нәтижесi келiсiм-шарт бойынша келiсу хаттамасы болып табылады.
3.15. Келiсiм-шарттың ережелерi бойынша айтылған мерзiмдерде келiсуге қол жеткiзу мүмкiн болмаған кезде Жобаларды бағалау және келiссөздер жүргiзу дирекциясы келiсiм-шартты әзiрлеу мерзiмiн ұзартуға, бiрақ 60 күннен аспайтын уақытқа ұзартуға құқылы.
3.16. Келiсiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда Комитет Инвесторға бас тартудың себептерiн көрсетiп келiсiм-шарт жасасудан бас тартуға құқылы.
3.17. Келiсiм-шарттың барлық тармақтары бойынша келiсiмге қол жеткiзiлген кезде Жобаларды бағалау және келiссөздер жүргiзу дирекциясы келiсiм-шарттың жобасын әзiрлейдi.
3.18. Жарнама және үйлестiру дирекциясы инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi барлық келiсушi және рұқсат етушi құжаттарды, лицензияларды, визалар мен басқа да құжаттарды алуды қамтамасыз етедi.
3.19. Келiсiм-шарттың әзiрленген жобасына Комитеттiң барлық дирекциялары виза қояды және Директорлар кеңесiнiң қарауына енгiзiледi.