Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарында көлік құралдарының салмағын бақылау бекеттері туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Көліккоммині Көлік департаментімен 1997 жылғы 25 желтоқсандағы бекітілген. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 22 ақпанда N 466 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 5 қарашадағы N 399-І бұйрығымен.

  -----------Үзінді--------------

      Ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік департаментінің директоры 1997 жылғы 25 желтоқсанда бекіткен, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 22 ақпанда N 466 нөмірмен тіркелген "Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарында көлік құралдарының салмағын бақылау бекеттері туралы" ереженің күші жойылды деп танылсын...

      Министр

________________________________

                                   1. Жалпы ережелер

      1.1. Бұл Ереже Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы"  N 316 , 26.04.95 ж. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы"  N 557  қаулыларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жол қоры туралы" Жарлығын жүзеге асыру туралы"  N 221  қаулыларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар Министрлігінің 1995 жылғы 30 мамырдағы "Қазақстан Республикасының аумағында ауыр салмақты және үлкен көлемді көлік құралдарының жүру төлемі туралы" бірлескен N 03-13/913, N 1489 шешіміне және жол жүру Ережесіне сәйкес әзірленді. 
      1.2. Қазақстан Республикасында жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жүйесін сақтау және автомобиль жолдарында автомобиль көлігінің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автомобиль жолдары облыстық қазыналық кәсіпорындары құрамында бұлардың құрамына кіретін салмақ бақылау бекеттері (СББ) құрылады. 
      1.3. СББ өз жұмысында мемлекетаралық келісімдерді, Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен өкімдерін және басқа нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің бұйрықтары мен өкімдерін, облыстық Қазыналық кәсіпорындардың бұйрықтары мен өкімдерін және осы Ережені басшылыққа алады. 
      1.4. Қазыналық кәсіпорын СББ-ны оперативтік басқару ісін тапсырма-шартқа сәйкес басқа ұжымдарға беруге құқылы. 
      1.5. СББ-ны ұстауына жұмсалатын шығын, смета негізіндегі есеп бойынша Қазыналық кәсіпорын белгілейді, ол бекет жұмысының тиімділігіне сәйкес реттеліп отырады. 

                   2. СББ-ның міндеті мен қызметі

      2.1. СББ-ның негізгі міндеті - ауыр салмақты және ірі көлемді көлік құралдарын өткізуді бақылауға алу арқылы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жүйесі мен олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ету және жол жүру қауіпсіздігін арттыру. 
      2.2. СББ негізгі міндетінің шешілуін қамтамасыз ету үшін көлік құралдарының салмағы мен көлем өлшемдерін ұдайы бақылауға алады, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарымен жүк тасымалдайтын үлкен көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарының, соның ішінде шетелдік көлік құралдарының "Арнайы рұқсаты" болуын қадағалайды, жүрісті уақытша шектеу кезеңінде бақылау күшейтіледі. 
      2.3. СББ міндеттеріне сәйкес мыналарды іске асырады: 
      2.3.1. Көлік құралдарының салмақ пен көлем өлшемдерін құрылғылар көмегімен тексереді, сондай-ақ СББ-ның қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары учаскесінде жол қозғалысы қарқынын бағалайды; 
      2.3.2. Үлкен көлемді және ауыр салмақты жүк тасымалдауға "Арнаулы рұқсаттың" бар-жоғын тексереді тәртіп бұзушыларға жауапкершілік жүктейді, нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес үлкен көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарын өткізуді қамтамасыз етеді; 
      2.3.3. Жабдықтардың сақталуын, оның техникалық дұрыс күтілуін қадағалайды; 
      2.3.4. СББ-ның әрекет ету аймағында техникалық қауіпсіздігі, экологиялық және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, санитарлық-гигиеналық норманы және т.б. талаптарды сақтауды қамтамасыз етеді; 
      2.3.5. Көлік құралдарының салмағы мен көлемді өлшемдерін құрылғы көмегімен қозғалысының қарқынын есепке алуды жабдықтап бақылаудың және жолда жүру қарқыны есебін шығарудың озық тәсілдері қолданылуын ұйымдастырады және жүзеге асырады; 
      2.3.6. Өз қарамағындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары учаскесінде көлік құралдарының салмағы мен көлемді өлшемдері және жол қозғалысы қарқыны жөніндегі статистикалық мәліметтердің жинақталуын ұйымдастырады; 
      2.3.7. Жинақталған мәліметтерді белгіленген нысандағы есеп құжаттары түрінде облыстық қазыналық автомобиль жолдары кәсіпорнына талдау және сақтау үшін өткізеді; 
      2.3.8. СББ-ның қызметін ұйымдық-технологиялық және қаржымен қамтамасыз ету жағынан ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарын әзірлейді. СББ қызметін қаржыландыру тетігін, жетілдіру, СББ-ның іс-әрекеті аумағында перспективалық даму және сервистік қызмет көрсетуді дамыту жөніндегі ұсыныстарын енгізеді; 
      2.3.9. СББ-ның құзырына енетін мәселелер бойынша талдау материалдарын, баяндамалар есептерді дайындайды. 

                      3. СББ-ның жұмыс тәртібі  

      3.1. Тұрақты СББ бекеттері жүк жинақтау нүктесінде, автомобиль жолдары қиылысында, шекара өткелдерінде орналасады. 
      Мобильді СББ автомобиль жолдарының жүк жинақтау бағытының (жүк ағымдары) өзгеретін орындарында орналасады. 
      Қазыналық кәсіпорын СББ орнын ҚР ІІМ облыстық жол полициясымен келісілген шешім бойынша анықтайды. 
      3.2. Тұрақты СББ тәулік бойы жұмыс істейді. Бекеттің штаттық кестесі кезекті жұмыс тәртібі талабына сәйкес түзіледі. 
      3.3. Мобильді СББ тобы жүргізушіден, СББ-ның 2 қызметкерінен тұрады. Мобильді СББ арнайы бекітілген кесте бойынша жұмыс істейді. 
      3.4. Тұрақты СББ салмақ өлшемдерін бақылауды автоматтық тәртіпте тікелей қозғалыс уақытында жолдың жүріс бөлігінде (жол табанында орнатылған салмақ өлшеу жабдықтары болғанда), немесе көлік құралдарын жол байланысты арнайы алаңға орнатылған таразыға шығарып өлшеу арқылы жүзеге асырады. 
      Мобильді СББ салмақты бақылауды көлік құралдарын жол жиегінде тоқтатқаннан кейін жүргізеді. 
      3.5. Көлемді бақылауды автоматты тәртіпте, жолдың жүріс бөлігінде орнатылған рамкадан өткен кезде немесе жол полициясы қызметкерлерінің белгісімен көлік құралдары жол жиегінде тоқтатылғанда рулеткамен өлшеу арқылы жүргізіледі. 
      3.6. Егер салмағы немесе көлемді өлшемдері белгіленген көрсеткіштен артық болса, СББ қызметкерлері жүк тасушыдан ауыр салмақты және үлкен көлемді көлік құралдарын өткеруге берілетін "Арнайы рұқсатты" талап етеді және "Арнайы рұқсатта" көрсетілген нақтылы салмақ пен көлемді көрсеткіштерінің дұрыстығын тексереді. 
      Егер автопоездың нақты жалпы салмағы рұқсат етілген көрсеткіштен аспаса, қабылдау платформасынан жылдамдығы 40 км/сағ. аспайтын жүк көлігін өткізгенде білекке түсетін нақты жоғары салмақ рұқсат етілген көрсеткіштен 5%-тен артық аспаған жағдайда, тәртіп бұзылмаған деп есептелінеді. 
      3.7. СББ қызметкерлері: 
      а) Рұқсат етілгеннен немесе "Арнайы рұқсатта" көрсетілгеннен (ол тасымалдаушыдан болғанда) кемінде бір өлшемнің асып кеткенін; 
      б) "Арнайы рұқсатта" көрсетілген жүру бағытынан ауытқып кеткенін; 
      в) жүк тасу уақыты "Арнайы рұқсатта" көрсетілген уақытқа тура келмесе немесе жүк тасуға "Арнайы рұқсаты" болмағанын анықтағанда, төмендегідей әрекет етеді: 
      - заңда белгіленген тәртіппен, тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту әрі қарай ІІБ бөлімшелеріне беру үшін бірінші қосымшадағы нысанда акті түзеді; 
      - ауыр салмақты немесе үлкен көлемді жүк көліктерінің бүкіл маршрут бойында жүру өтемін қолданылып жүрген нормативті құжаттарға сәйкес қайта есептейді (есептейді). Жүк тасымалдаушы қосымша ақы төлейді және оған ауыр салмақты және үлкен көлемді көлік құралдарының жолда жүруіне жаңа "Арнайы рұқсат" рәсімдейді. 
      3.8. Жол жамылғысы тозуының жоғарылауына байланысты, оның орнын толтыру өтемі тікелей СББ кассасына, автомобиль жолдары Қазыналық кәсіпорнының есеп шотына төленеді. 
      3.9. Қажет болған жағдайда Жол полициясы қызметкерлері жүк тасымалдаушы көлік құралдарын бақылау ретіндегі өлшеуден өтуге немесе нақтылы салмақ өлшемдерін салыстыру үшін салмақ бақылау пунктіне жібереді. Бақылау өлшемі нәтижесінде жүк тасу Ережесінің бұзылғандығы анықталса, берілген құқық негізінде жүргізушілерді, немесе жүк көлік құралдарын пайдаланушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады, қажет болған жағдайда тәртіп бұзушылық түзелінбейінше әрі қарай жүруге рұқсат етпейді. 

                    4. СББ қызметкерлерінің құқықтары

      4.1. СББ қызметкерлері. 
      4.2. Ауыр салмақты және үлкен көлемді жүк тасымалдаушы көлік құралдарын СББ әрекет ететін аймағында тоқтатуға құқықты. 
      4.3. СББ әрекет ететін аймақта: 
      - көлік құралдарының иесінің немесе оларды пайдаланушының қолында үлкен көлемді және ауыр салмақты жүктерді алып жүруге құқығын растайтын құжаттары (белгілі үлгідегі рұқсаты мен пропускасы) болуын; 
      - рұқсаты мен пропускадағы көрсетілген маршруттың көлік құралдары жүруінің нақты маршрутына сәйкес келуін; 
      - көлік құралдарының салмақ өлшемдерінің рұқсатта көрсетілгенге сәйкес болуын; 
      - рұқсат пен пропускіде көрсетілген тасымалдау мерзімінің, нақтылы тасымал мерзіміне сәйкес болуын; 
      - рұқсатта және пропускіде көрсетілген тасымалдау шарттарының нақтылы басқа реквизиттерге сәйкес болуын тексере алады. 
      4.4. Үлкен көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасығанда белгілі үлгідегі рұқсаты мен пропускісі болмаса, тасымалдау құқығын бұзса: 
      - "Автомобиль жолдарын пайдалану Тәртібін" бұзу, немесе басқа да бұзушылықтар фактісін белгілеп, құжатта тіркейді; 
      - ЖП қызметкерлерімен бірге "ҚазССР әкімшілік құқықты бұзу туралы Кодексіне" сәйкес әкімшілік құқықты бұзу туралы хаттаманы әзірлеуге, қатысады. 
      4.5. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 21 ақпандағы "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" N 221  қаулысына  сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында ауыр салмақты және үлкен көлемді жүк тасымалдағаны үшін төлем ақы алуға. 
      4.6. Қазақстан Республикасының жалпы пайдасындағы автомобиль жолдарында ауыр салмақты және үлкен көлемді көлік құралдарының жүруіне туралы Нұсқауға сәйкес үлкен көлемді және ауыр салмақты көлік құралдарын өткеруге "Арнайы рұқсат" беруге қатысады. 

                 5. СББ қызметкерлерінің жауапкершілігі

      5.1. СББ-ның лауазымды қызметкері салмағы мен көлемді өлшемдері шектеулі өлшемдерден асып түсетін көлік құралдарының рұқсатсыз жүруін болдырмау жөніндегі міндетін орындау барысында салғыртыққа салынса немесе әрекетсіздік көрсетсе, осының салдарынан жол немесе жол құрылыстары бүлінсе және қауіпті жағдай туса, заңда көрсетілген тәртіппен жауапкершілікке тартылады. 

                         6. СББ-ны қаржыландыру

      6.1. СББ құрылысын, оның жобасы жергілікті атқарушы органдармен, ЖПД органдарымен және басқа да мүдделі органдармен келісілгеннен кейін тиісті ұйымдар іске асырады.
      6.2. СББ құрылысы Жол қоры қаражаты есебінен қаржыландырылады.
      6.3. Тұрақты СББ-ның мүлкінің құны жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары құнының құрамына кіреді.
      6.4. СББ-ны ұстауды қаржыландыру Жол қорының "жұмыс істеп тұрған жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары жүйесін ұстау және жөндеу" жөніндегі бабына сәйкес бөлінетін қаражат есебінен оларды ұстауға белгілі бір тәртіппен бекітілген сметаларға қарай қаржыландырылады.
      6.5. Жол полициясы бөлімшелерінің жұмысына шартқа сәйкес жиналған соманың 3%-не дейінгі мөлшерінде ақы төленеді.

                                                                                                                                                      1-қосымша

         Үлкен көлемді (ауыр салмақты) көлік құралдарының
                   жүру тәртібін бұзу туралы
                             АКТ

(Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 ж. 20
сәуірдегі N 316 қаулысымен бекітілген автомобиль жолдарын пайдалану
Ережесінің 16, 23 баптарына сәйкес)

Жасалған күні "___"____________ 199 _ ж.

Жасалған жері ___________________________________________________
             (жолдың атауы, километрі, салмақ бақылау бекетінің N)

жүргізушінің А.Ж.Т., жұмыс орны __________________________________
__________________________________________________________________     

Автомобиль маркасы __________________ мем.номері _________________     

Жол қағазының номері _____________ және жүру бағыты ______________
__________________________________________________________________

"Арнайы рұқсаты" барлығы _________________________________________
                                  қашан және кім берді

__________________________________________________________________

  

 _____________________________________________________________________
          Өлшемдері                        |Мүмкіндігі|Рұқсатпен|Нақты|
___________________________________________|__________|_________|_____|
Жол бетінен биіктігі, м                    |  4,00    |         |     |
___________________________________________|__________|_________|_____|
Ені, м                                     |  2,50    |         |     |
___________________________________________|__________|_________|_____|
Бір тіркемелі автопоездың ұзындығы, м      | 20,00    |         |     |
___________________________________________|__________|_________|_____|
Екі тіркемелі автопоездың ұзындығы, м      | 24,00    |         |     |
___________________________________________|__________|_________|_____|
Толық көлемі, м                            |          |         |     |
___________________________________________|__________|_________|_____|
Жүк салмағы, т                             |          |         |     |
___________________________________________|__________|_________|_____|
Оське түсетін мейлінше үлкен салмақ т.с.   |          |         |     |
___________________________________________|__________|_________|_____|
Қосарланған оське түсетін мейлінше салмақ  |          |         |     |
т.с.                                       |          |         |     |
___________________________________________|__________|_________|_____|
Үш оське түсетін мейлінше үлкен салмақ т.с.|          |         |     |
___________________________________________|__________|_________|_____|     

      Шығарып салынатын көлік құралдарының болуы және олардың "Арнаулы
рұқсатта" көрсетілгендерге сәйкес келуі _________________________
Көлік құралдары жабдықтарының "Ауыр салмақты және үлкен көлемді жүктерді
тасымалдау жөніндегі Нұсқаулыққа" сәйкес
келуі ____________________________ Құқық бұзылуының уақыты мен оның
мәні ______________________ Жүргізушінің құқық бұзылуы жөніндегі
түсіндірмесі ______________________________________________________
___________________________________________________________________
Осы құқық бұзылуына байланысты болатын жауапкершілікті анықтайтын
нормативті акт ____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Өкілетті лауазымды адам ___________________________________________

______________________________________________________         _______
Қызмет орны, ЖДП қызметкерлерінің аты-жөні, куәлігі N           қолы

_____________________________________________________________  _______
Қызмет орны, жол полициясы қызметкерінің аты-жөні, куәлігі N    қолы    

Куәгерлер (олар болған жағдайда) _____________________________ _______
         Аты-жөні, жеке куәлігінің немесе басқа құжатының NN    қолы
Жүргізуші (жауапты жүк тасымалдаушы) _________________________ _______
         Аты-жөні, жеке куәлігінің немесе басқа құжатының NN    қолы

                                                         2-қосымша

          СББ-ны ұйымдастыру технологиялық жағынан қамтамасыз ету

      1. СББ-ның түрлері:
      СББ-ның тұрақты және мобильді екі түрі болады. СББ-да пайдалануға жабдықтар сертификацияланған болу керек.
      СББ өзінде қолданылатын заттардың белгіленген тәртіппен метрологиялық бақылаудан өткізілуін қамтамасыз етуге міндетті.
      СББ-ның қызметкерлері бекет жабдықтарын зерделеуде және оны пайдалануда арнайы дайындық курсынан өтулері тиіс.
      2. СББ тұрақты постының жабдықтары:
      - тұрақты тараздар;
      - мәліметтерді жинаудың, сараптаудың, жинақтаудың, сақтаудың автоматты жүйесі;
      - арнайы байланыс құралдары;
      - қызметкерлер мен аппараттарға арналған бөлме;
      - нормативтік құжаттар комплектісі;
      - СББ әрекет аумағын қажетті жарықпен қамтамасыз ету;
      - шектеу белгілері;
      - өлшем жағынан әрі қарай жүруге мүмкіндігі жоқ көлік тұрағы.
      3. Мобильді СББ-ның пост жабдықтары:
      - арнайы автомобилі;
      - тасымал таразысы;
      - жылжымалы байланыс құралдары;
      - нормативтік құжаттар комплектісі.

                                                        3-қосымша

       СББ-ға арналған аспаптар мен жабдықтардың үлгі тізбесі:

      1. Салмақ өлшейтін құралдар;
      2. Көлемді бақылау рамкасы;
      3. Еске қалдыру жабдығы бар касса аппараты;
      4. "Арнайы рұқсат" бланкілері;
      5. "Арнайы рұқсатты" тіркеу журналы;
      6. "Арнайы рұқсаттар" бланкісін және автомобиль жолдарына келтірген зияны үшін жиналған қаржыны сақтайтын сейф;
      7. Нормативті-техникалық құжаттар;
      8. Ұйымдастыру техникасы (қажетіне қарай);
      9. Байланыс аппараттары;
      10. Уақытша демалуға арналған қосымша бөлме.

                                                        4-қосымша

      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 20 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы аумағында автомобиль жолдарын, жол ғимараттарын пайдалану Ережесін және оларды қорғау тәртібін бекіту туралы" N 316 қаулысы; 
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 21 ақпандағы "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" N 221 қаулысы;
      3. Жол полициясы Департаментінің келісімі бойынша Көлік және коммуникациялар министрлігінің бекіткен автомобиль жолдарының карта-схемасы;
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 26 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" N 557 қаулысы.
      5. Осы Ереже;
      6. "Арнайы рұқсаттар" беруді реттейтін нормативті құжаттар.

Положение "О постах весового контроля транспортных средств на автомобильных дорогах Республики Казахстан"

Утверждено Директором Департамента транспорта от 25 декабря 1997 г. Зарегистрированo в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22.02.1998 г. за № 466. Утратило силу - приказом Министра транспорта и коммуникаций РК от 5 ноября 2004 года N 399-1

               Извлечение из приказа Министра транспорта
         и коммуникаций РК от 5 ноября 2004 года N 399-1

                     О признании утратившим силу
           Положения "О постах весового контроля транспортных
         средств на автомобильных дорогах Республики Казахстан"

      "В целях приведения ведомственных нормативных правовых актов в соответствие с действующим законодательством Республики Казахстан, во исполнение распоряжения  Премьер-Министра Республики Казахстан от 20 марта 2004 года № 77-р "О мерах по совершенствованию подзаконных актов", приказываю:

      1. Признать утратившим силу Положение "О постах весового контроля транспортных средств на автомобильных дорогах Республики Казахстан", утвержденное Директором Департамента транспорта Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 25 декабря 1997 года, зарегистрированное в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 февраля 1998 года за № 466.
      2. Комитету транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (Мустафин К.С.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке проинформировать Министерство юстиции Республики Казахстан о признании утратившим силу Положения "О постах весового контроля транспортных средств на автомобильных дорогах Республики Казахстан".

      3. Настоящий приказ вступает в силу со дня подписания, подлежит ознакомлению. 

      Министр".

--------------------------------------------------------------------

     

     

                                 1. 0бщие положения 

     
      1.1. Настоящее Положение разработано во исполнение постановлений  Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 апреля 1993 года № 316 "Об утверждении Правил пользования автомобильными дорогами, дорожными сооружениями и порядка их охраны на территории Республики Казахстан", № 557  от 26.04.95 г. "О мерах по развитию и совершенствованию организации международных автомобильных перевозок в Республике Казахстан", постановления Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 1996 года № 221  "О реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О Дорожном фонде", а также совместного решения государственного Комитета Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике и Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 30 мая 1995 года № 03-13 /913, № 1489 "О плате за проезд тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств по территории Республики Казахстан", и в соответствии с Правилами дорожного движения. 
      1.2. В целях обеспечения сохранности сети автомобильных дорог общего пользования Республики Казахстан и безопасности движения автомобильного транспорта по автомобильным дорогам при областных Казенных предприятиях автомобильных дорог создаются Посты весового контроля (ПВК), входящие в их состав. 
      1.3. ПВК в своей работе руководствуется межгосударственными соглашениями, законами Республики Казахстан, указами и распоряжениями Президента Республики Казахстан, постановлениями и распоряжениями Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, приказами и распоряжениями Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан, приказами и распоряжениями областного Казенного предприятия, а также настоящим Положением. 
      1.4. Казенное предприятие имеет право передать оперативное управление ПВК иным организациям согласно договора-поручения. 
      1.5. Затраты на содержание ПВК устанавливаются Казенным предприятием по расчету, на основании сметы, регулируются Казенным предприятием, исходя из рентабельности работы поста. 

 
                         2. 3адачи и функции ПВК 

 
      2.1. Основной задачей ПВК является обеспечение сохранности сети автомобильных дорог общего пользования и сооружений на них и повышения безопасности дорожного движения путем контроля пропуска тяжеловесных и крупногабаритных транспортных средств. 
      2.2. Для обеспечения решения основной задачи пункты весового контроля осуществляют систематический контроль весовых и габаритных параметров транспортных средств, а также "Специальных разрешений" на проезд крупногабаритных и тяжеловесных транспортных средств, в том числе иностранных, перевозящих грузы по автомобильным дорогам общего пользования, в период временного ограничения движения осуществляется усиленный контроль. 
      2.3. В соответствии с задачами ПВК выполняет следующие функции: 
      2.3.1. Осуществляет инструментальный контроль весовых и габаритных параметров транспортных средств, а так же оценку интенсивности дорожного движения на участке автомобильной дороги общего пользования в зоне действия ПВК. 
      2.3.2. Осуществляет контроль "Специальных разрешений" на провоз крупногабаритных и тяжеловесных грузов, предъявляет ответственность к нарушителям и обеспечивает пропуск крупногабаритных и тяжеловесных транспортных средств в пределах своего поста в соответствии с требованиями действующих нормативных документов. 
      2.3.3. Обеспечивает сохранность оборудования, поддержание его в технически исправном состоянии. 
      2.3.4. Обеспечивает соблюдение требований техники безопасности, экологической и пожарной безопасности, охраны труда, санитарно- гигиенических норм и т.п, в пределах зоны действия ПВК. 
      2.3.5. Организует и осуществляет разработку прогрессивных методов проведения инструментального контроля весовых и габаритных параметров транспортных средств и учета интенсивности дорожного движения. 
      2.3.6. Организует и осуществляет сбор и накопление статистической информации о весовых и габаритных параметрах транспортных средств, об интенсивности дорожного движения на участке автомобильной дороги общего пользования в зоне действия ПВК. 
      2.3.7. 0рганизует и осуществляет передачу накопленной информации в виде отчетных документов установленной формы в областное Казенное предприятие автомобильных дорог для анализа и хранения. 
      2.3.8. Осуществляет разработку предложений по организационно-технологическому и финансовому обеспечению функционирования ПВК. Вносит предложения по совершенствованию механизма финансирования деятельности ПВК, перспективах развития и сервисного обслуживания в зоне действия ПВК. 
      2.3.9. Готовит аналитические материалы, доклады и отчеты по вопросам, входящим в компетенцию ПВК. 

 
                            3. Порядок работы ПВК 

 
      3.1. Стационарные ПВК располагаются в зонах грузообразующих точек, пересечений автомагистралей, пограничных переходов. 
      Мобильные ПВК располагаются на автомобильных дорогах в местах изменения грузообразующих направлений (грузопотоков). 
      Решения о местах дислокации ПВК принимаются казенными предприятиями, по согласованию с областными Управлениями дорожной полиции МВД РК. 
      3.2. Стационарный ПВК работает круглосуточно. Штатное расписание поста составляется, исходя из условий сменного режима работы. 
      3.3. Мобильный ПВК представляет собой группу, состоящую из водителя, двух работников ПВК. Мобильный ПВК работает по специально утвержденному графику. 
      3.4. Контроль весовых параметров на стационарных ПВК осуществляется либо в автоматическом режиме непосредственно во время движения на проезжей части (при вмонтированном в покрытие весоизмерительном оборудовании), либо при специальном заезде транспортного средства на весы, расположенные на специальных площадках у дороги. 
      Мобильные ПВК весовой контроль производят после остановки транспортного средства на обочине. 
      3.5. Контроль габаритов производят либо в автоматизированном режиме при проезде через установленную на проезжей части рамку, либо после остановки транспортного средства на обочине по сигналу работника дорожной полиции, путем замеров рулеткой. 
      3.6. Если весовые или габаритные параметры превышают допускаемые, работник ПВК запрашивает у перевозчика "Специальное разрешение" на проезд крупногабаритного и тяжеловесного транспортного средства и проверяет соответствие фактических весовых и габаритных параметров указанным в "Специальном разрешении". 
      Нарушением не считается, если фактическая общая масса автопоезда не превышает указанную в разрешении, а фактическая максимальная осевая нагрузка не превышает указанную в разрешении более чем на 5% при скорости движения транспортного средства через весоприемную платформу не более 40 км/час. 
      3.7. При выявлении: 
      а) превышения хотя бы одного из параметров над допускаемыми или указанными в "Специальном разрешении" (при его наличии у перевозчика); 
      b) отклонения маршрута следования от указанного в "Специальном разрешении"; 
      с) несоответствия времени перевозки груза сроку, указанному в "Специальном разрешении" или отсутствия "Специального разрешения" на перевозку. 
      Работники ПВК выполняют следующие действия: 
      - оформляют акт по форме приложения 1 для последующей передачи в подразделения ОВД и привлечения нарушителей к ответственности в установленном законом порядке; 
      - производят перерасчет (расчет) компенсации за проезд тяжеловесного или крупногабаритного транспортного средства по всему маршруту следования согласно действующих нормативных документов. Перевозчиком вносится доплата и ему оформляется новое "Специальное разрешение" на проезд крупногабаритного или тяжеловесного транспортного средства. 
      3.8. Компенсация за повышенный износ дорожной одежды вносится непосредственно в кассу ПВК на расчетный счет казенного предприятия автомобильных дорог. 
      3.9. Сотрудник дорожной полиции при необходимости направляет транспортные средства, перевозящие грузы, на контрольное взвешивание или пункт весового контроля для сверки фактических весовых параметров. При обнаружении нарушений правил перевозки грузов по результатам контрольных измерений на основании представленных ему полномочий привлекает водителей и пользователей транспортных средств к административной ответственности, а в необходимых случаях запрещает дальнейшее движение до устранения нарушения. 

 
                      4. Права сотрудников ПВК 

 
      4.1. Сотрудник ПВК имеет право: 
      4.2. В зоне действия ПВК останавливать транспортные средства, осуществляющие перевозки крупногабаритных и тяжеловесных грузов. 
      4.3. В зоне действия ПВК проверять: 
      - наличие у владельцев или пользователей транспортных средств необходимых документов (разрешения и пропуска установленного образца), подтверждающих право на провоз крупногабаритных и тяжеловесных грузов; 
      - соответствие указанного в разрешении и пропуске маршрута фактическому маршруту следования транспортного средства; 
      - соответствие весовых параметров транспортного средства, указанным в разрешении; 
      - соответствие срока действия разрешения и пропуска фактическому сроку выполнения перевозки; 
      - соответствие прочих реквизитов разрешения и пропуска фактическим условиям выполнения перевозки; 
      4.4. В случае нарушения правил перевозки крупногабаритных и тяжеловесных грузов, отсутствии разрешения и пропуска установленного образца: 
      - документально зафиксировать факт нарушения "Правил пользования автомобильными дорогами" или других нарушений; 
      - принять участие совместно с сотрудниками ДДП в оформлении протокола об административном правонарушении в соответствии с "Кодексом Каз.ССР об административных правонарушениях". 
      4.5. Взимать плату за провоз тяжеловесных и крупногабаритных грузов по автомобильным дорогам общего пользования в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 1996 года № 221 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О дорожном фонде". 
      4.6. Выдавать "Специальные разрешения" на проезд крупногабаритных и тяжеловесных транспортных средств в соответствии с "Инструкцией по пропуску крупногабаритных и тяжеловесных транспортных средств по автомобильным дорогам общего пользования Республики Казахстан". 

 
                   5. 0тветственность сотрудников ПВК 

 
      5.1. Должностные лица ПВК, допустившие недобросовестные действия или бездействие при исполнении своих обязанностей по пресечению несанкционированного проезда транспортных средств с весовыми и габаритными параметрами, превышающими допустимые, повлекшие за собой повреждения дорог, дорожных сооружений и возникновение аварийных ситуаций, несут ответственность в установленном законодательством порядке. 

 
                       6. Финансирование ПВК 

 
      6.1. Строительство ПВК осуществляется соответствующими организациями после согласования проектов с местными исполнительными органами, органами ДДП и другими заинтересованными органами. 
      6.2. Финансирование строительства ПВК осуществляется за счет средств Дорожного фонда. 
      6.3. Стоимость имущества стационарных ПВК входит в состав стоимости автомобильной дороги общего пользования. 
      6.4. Финансирование содержания ПВК осуществляется за счет средств Дорожного фонда, выделяемых по статье "содержание и ремонт действующей сети автомобильных дорог общего пользования" в соответствии с утвержденными в установленном порядке сметами на их содержание.

      6.5. 0плата работы подразделений дорожной полиции осуществляется по договору в размере до 3% от собранной суммы. 

          

                                          Приложение 1

     

                          Акт о нарушении
          правил проезда крупногабаритного (тяжеловесного) 
     транспортного средства (в соответствии с п. 16, 23 Правил 
        пользования автомобильными дорогами, утвержденными
      Постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан 
                     20 апреля 1993 года № 316)

 

     Дата составления: "_____" _________________ 199__ г.

 

     Место составления:____________________________________________________
                       (наименование дороги, километр, № и название поста
                                     весового контроля)

     Ф.И.О. водителя, место работы:________________________________________

___________________________________________________________________________

 

     Марка автомобиля ___________________ гос. номер_______________________

     Номер путевого листа__________ и маршрут следования___________________

___________________________________________________________________________

     

     Наличие "Специального разрешения"_____________________________________
                                               (кем и когда выдано)

___________________________________________________________________________

 

---------------------------------------------------------------------------
               Параметры            |Допускаемые|По разрешению|Фактические
---------------------------------------------------------------------------

Высота от поверхности дороги, м:      4.00
     
Ширина, м:                            2.50
     
Длина автопоезда с одним прицепом, м: 20.00
     
Длина автопоезда с двумя прицепами,
м:                                    24.00
 
Полная масса, т:                      
     
Вес груза, т     
     
Максимальная нагрузка на одиночную 
ось, т.с.:
     
Максимальная нагрузка на сдвоенную 
ось, т.с.:
     
Максимальная нагрузка на строенную 
ось, т.с.:

---------------------------------------------------------------------------

 

     Наличие транспортных средств для сопровождения и их соответствие 
указанным в "Специальном разрешении"_______________________________________
___________________________________________________________________________ 

     Соответствие оборудования транспортного средства "Инструкции по 
перевозке крупногабаритных и тяжеловесных грузов"__________________________
___________________________________________________________________________

     

     Время совершения и сущность правонарушения____________________________
     Объяснения водителя по поводу правонарушения__________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________

 

     Нормативный акт, предусматривающий ответственность за данное 
правонарушение_____________________________________________________________
___________________________________________________________________________     

---------------------------------------------------------------------------

Уполномоченное должностное лицо (лица) 

_________________________________________________     ________________
(должность, ф.И.О. работника ДДП, № удостоверения         (подпись)  

_________________________________________________     ________________
(должность, ф.И.О. работника дорожной организации,        (подпись) 
 № удостоверения)

     

Свидетели (если таковые имеются)   
_________________________________________________     ________________
(ф.И.О., № и серия паспорта или другого документа,         (подпись) 
    удостоверяющего личность)

_________________________________________________     ________________
                                                          (подпись) 

Водитель (ответственный перевозчик)                                        

________________________________________________     ________________
(ф.И.О., № и серия паспорта или другого документа,         (подпись) 
  удостоверяющего личность)

 

                                              Приложение 2

 
                   Организационно-технологическое обеспечение ПВК 

 
      1. Типы ПВК 

 

     Различают два типа ПВК - стационарные и мобильные. Используемое на ПВК оборудование должно быть сертифицировано.
     ПВК обязан обеспечить метрологический контроль используемых средств в установленном порядке.

     Работники ПВК обязаны пройти специализированный курс обучения по изучению оборудования поста и его использованию.

     2. Оснащение стационарного поста ПВК:
     - стационарные весы;
     - автоматизированная система сбора, анализа, накопления, хранения и передачи информации;
     - средства специальной связи;
     - помещение для персонала и аппаратуры;
     - комплект нормативных документов;
     - необходимое освещение зоны действия ПВК;
     - средства ограничения;
     - стоянка для транспортных средств, не проходящим по своим параметрам для дальнейшего следования.

     3. Оснащение мобильного ПВК:
     - специализированный автомобиль;
     - переносные весы;
     - средства подвижной связи;
     - комплект нормативных документов.

 

                                               Приложение 3

 

                     Примерный перечень приборов и
               оборудования для поста весового контроля 

     1. Весоизмерительное оборудование;

     2. Рамка для контроля габаритов;

     3. Кассовый аппарат с фискальной памятью;

     4. Бланки "Специальных разрешений";

     5. Журнал регистрации "Специальных разрешений";

     6. Сейф для хранения бланков "Специальных разрешений" и собранных

денежных средств, взимаемых за наносимый автомобильным дорогам ущерб;

     7. Нормативно-техническая документация;

     8. Оргтехника (по потребности);

     9. Аппаратура связи;

     10. Вспомогательное помещение для кратковременного отдыха.

   

                                             Приложение 4 

                Перечень нормативно-технической документации
                      (для сведения грузоперевозчиков) 

 
      1. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан № 316 от 20 апреля 1993 г. "Об утверждении правил пользования автомобильными дорогами, дорожными сооружениями и порядка их охраны на территории Республики Казахстан". 
      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 1996 г. № 221 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан, имеющего силу Закона, "О Дорожном фонде";
      3. Карты-схемы автомобильных дорог, согласованные с Департаментом дорожной полиции и утвержденные Министерством транспорта и коммуникаций; 
      4. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 26 апреля 1995 г. № 557 "О мерах по развитию и совершенствованию организации международных перевозок в Республике Казахстан". 
      5. Настоящее Положение;
      6. Нормативные документы, регламентирующие выдачу "Специальных разрешений".