"Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2701 U952701_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.07.01. N 623
қаулысымен.
2. 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жол қорының төлемдерi бойынша төлеушiлердiң берешектерi тиiстi Жол қорына аударылуы тиiс.
3. Мынадай құқықтар берiлсiн:
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен - республикалық Жол қорының қаржыларын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, ал облыстық жол қорларын - облыс әкiмдерi белгiлеген тәртiппен "Қазақ автомобиль жолдары" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы жол қорының қаражатын - қаланың әкiмi өзi белгiлеген тәртiппен пайдалансын;
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.07.01. N 623
қаулысымен. P980623_
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.12.09. N 1266
қаулысымен. P981266_
4. Республикалық Жол қорының қаржысын пайдалануға - Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, ал облыстық жол қорларын пайдалануға жауапкершiлiк - облыс әкiмдерiне Алматы қаласы жол қорының қаражатын пайдалануға жауапкершiлiк - Алматы қаласының әкiмiне жүктелсiн.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi- ҚРҮ-нiң 1998.07.01. N 623
қаулысымен.
5. Мыналар бекiтiлсiн:
Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың 1-қосымшаға сәйкес Жол қорына аударымдардан босатылған халықаралық ұйымдардың тiзбесi;
2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы автомобиль жолдарының жiктелiсi туралы ереже;
4-қосымшаға сәйкес республикалық Жол қорының қаржысын пайдалану туралы ереже;
5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына кiру, шығу және өткенi үшiн алынатын қаржыны бөлу.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгертiлдi, 3-қосымша күшiн жойды - ҚРҮ-нiң
1998.07.01. N 623 қаулысымен.
6. Облыстардың әкiмдерi облыстық жол қорының қаржысын пайдалану тәртiбiн "Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiрсiн.
7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп бiр ай мерзiмде ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын ұстау мен дамытудың тәртiбi мен шығындары туралы есеп беру нысандарын нақтыласын.
8. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 сәуiрдегi N 557 P950557_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 14, 169-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
5 және 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының аумағына кiру, шығу және өткенi үшiн алынатын қаржы төлем күнгi Ұлттық Банктiң бағамы бойынша ұлттық валютада - теңгемен алынады және республикалық Жол қорына аударылады деп белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi есеп айынан кейiнгi айдың 10-на дейiн берiлген рұқсаттардың саны туралы жергiлiктi кеден органдарының Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiне тоқсан сайын есеп беруiн қамтамасыз етсiн".
9. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Жол қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңын енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қаулысын жүзеге асыру
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы
19 наурыздағы N 260 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 12,
201-бап).
"Қазақстан Республикасындағы халықаралық автомобиль тасымалын
дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 сәуiрдегi
N 557
қаулысына 5-қосымша (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995
ж., N 14, 169-бап).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 21 ақпандағы
N 221 қаулысына
1 қосымша
Жол қорына аударым төлеуден босатылған автомобиль
жолын пайдаланушы халықаралық ұйымдардың
ТIЗБЕСI
1. БҰҰ (Бiрiккен Ұлттар Ұйымы, Хатшылық)
2. БҰҰДБ (БҰҰ Дамыту бағдарламасы)
3. ЭЫҰ (Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы)
4. ЮНЕСКО (Мәдениет және бiлiм саласындағы ынтымақтастық
жөнiндегi ұйым)
5. ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауiпсiздiк және ынтымақтастық жөнiндегi ұйым)
6. ХВҚ (Халықаралық валюта қоры)
7. ХҚЖДБ (Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкi)
8. ХҚК (Халықаралық Қаржы Корпорациясы)
9. ХДА (Халықаралық Даму ассоциациясы)
10. ХИКА (Халықаралық инвестициялық кепiлдiк агенттiгi)
11. ЕҚЖДБ (Еуропалық Қайта Жаңарту және Даму Банкi)
12. АДБ (Азиялық Даму Банкi)
13. ДСҰ (Дүниежүзiлiк Сауда Ұйымы)
14. ДТҰ (Дүниежүзiлiк Турист Ұйымы)
15. Интелсат
16. Интерпол
17. ӘЭК (Әлемдiк Энергетика Кеңесi)
18. ДДҰ (Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы)
19. Халықаралық Қызыл крест және Қызыл Жарты ай Федерациясы
20. Халықаралық Қызыл Крест комитетi
21. Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай Ұлттық қоғамдары (Қазақстан
Республикасы Қызыл Крест пен Қызыл Жарты ай Ұлттық қоғамынан басқа)
22. ХАО (Халықаралық астрономия одағы)
23. Парламентаралық одақ
24. ДИАҚБ (Демократиялық институттар мен адам құқығы жөнiндегi
бюро)
25. ХЕҰ (Халықаралық Еңбек Ұйымы)
26. ХСО (Халықаралық сәулетшiлер одағы)
27. ХҚҰА (Халықаралық кiтапхана ұйымдары ассоциациясы)
28. ҰОК (Ұлттық Олимпиадалық Комитетi)
29. АЭХА (Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк)
30. ХТҰ (Халықаралық Теңiз ұйымы)
31. ХААҰ (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы)
32. ХСИ (Халықаралық статистика институты)
33. СХҰ (Стандарттау жөнiндегi халықаралық ұйым)
34. МЗХҰ (Метрология саласындағы заңдар халықаралық ұйымы)
35. ХАК (Халықаралық архивтер кеңесi)
36. КЫК (кеден Ынтымақтастығы Кеңесi)
37. ХЭБ (Халықаралық эризоотика бюросы)
38. ТМД (Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы)
39. Бейбiтшiлiк Корпусы
40. ЮНИСЕФ (Балалар қоры)
41. Халықаралық даму жөнiндегi агенттiк (ЮСАИД)
42. АҚШ ақпарат агенттiгi (ЮСИС)
43. ЕҚК (Еуропалық Қоғамдық Комиссиясы)
44. Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Мемлекетаралық
Кеңесiнiң атқару комитетi
45. БҰҰ Жоғарғы Комиссияларының босқындар iсi жөнiндегi
басқармасы (ЖКББ)
46. Есiрткiге бақылау жасау жөнiндегi БҰҰ бағдарламасы
(ЮНДКП)
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 21 ақпандағы
N 221 қаулысына
2 қосымша
Қазақстан Республикасының автомобиль
жолдарының жiктелiсi туралы
ЕРЕЖЕ
1. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан автомобиль жолдары ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары және шаруашылық автомобиль жолдары қалалар мен өзге де елдi мекендердiң көшелерi болып бөлiнедi.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.01. N 623 қаулысымен.
P980623_
2. Жалпы қолданудағы автомобиль жолдары өзiнiң халық шаруашылығы және әкiмшiлiк маңызына қарай:
республикалық автомобиль жолдары;
жергiлiктi автомобиль жолдары болып бөлiнедi.
3. Шаруашылық автомобиль жолдары оларды иеленушiлер қажетiн қамтамасыз ететiн және олардың балансында болатын кiретiн, технологиялық, қызметтiк, патрульдiк болып бөлiнедi.
3-1. Қалалар мен өзге де елдi мекендердiң көшелерi жергiлiктi атқарушы органдардың балансында болады.
ЕСКЕРТУ. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.07.01. N 623
қаулысымен. P980623_
4. Республикалық автомобиль жолдарына мыналар жатады:
Қазақстан Республикасының астанасын облыстар орталықтарымен қосатын автомобиль жолдары;
облыс орталықтарымен қосатын автомобиль жолдары;
мемлекетаралық маңызды көлiк қатынасын қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары;
халықаралық маңызы бар объектiлерге кiретiн автомобиль жолдары;
арнайы автомобиль жолдары.
5. Жергiлiктi автомобиль жолдарына мыналар жатады:
облыс орталықтарын аудан орталықтарымен көршiлес аудан орталықтарын және аудан орталықтарын 100 адам және одан артық тұрғыны бар елдi мекендермен байланыстыратын автомобиль жолдары;
маңызды облыстық автокөлiк қатынасын (темiр жол бекеттерiне, аэропорттарға, өзен порттарына, мәдени орталықтарға және тарихи ескерткiштерге ену жолдары) қамтамасыз ететiн автомобиль жолдары.
6. Республикалық автомобиль жолдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
7. Жергiлiктi автомобиль жолдары тiзбесiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң келiсiмi бойынша облыстық мәслихат бекiтедi.
8. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары атауына бастапқы және ақырғы, ал қажет болған жағдайда - аралық елдi мекендердiң атауы енгiзiлуi тиiс.
9. Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолының шақырымын өлшеу мыналар бойынша жүзеге асырылады:
Қазақстан Республикасының астанасынан шығатын жолдар үшiн - Қазақстан Республикасының Парламентi үйiнен;
басқа елдi мекендерден шығатын жолдар үшiн - елдi мекеннiң орталығында орналасқан тиiстi мәслихаттар, почта немесе мемлекеттiк, қоғамдық үйлерден.
10. Жалпы пайдаланудағы жолдар ұзындықтары бойынша:
елдi мекендердi өзара қосатын жолдар үшiн - сәйкес келетiн елдi мекендердiң шекаралары арасындағы арақашықтық;
жалпы пайдаланудағы басқа автомобиль жолдарын өзара
жалғастыратын жолдар немесе оларға жанасатын жолдар үшiн -
түйісетiн жолдардың осымен қиылысы;
географиялық, тарихи немесе өзге объектiлердi бiрiктiретiн
жолдар үшiн - осы объектiлер шекаралары арасындағы арақашықтық.
11. Қалалар мен өзге де елдi мекендер көшелерiнiң ұзындығы
ретiнде тиiстi қалалар мен елдi мекендер шекараларының шегiндегi
қашықтық алынады.
ЕСКЕРТУ. Жаңа 11-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.07.01.
N 623 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 21 ақпандағы
N 221 қаулысына
4 қосымша
Республикалық Жол қорының қаражатын
пайдалану туралы
ЕРЕЖЕ
Республикалық Жол қорының қаражаты мына бағыттарға:
нормативтi-техникалық құжаттамалар, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-құрастырмалық жұмыстар әзiрлемелерiн қоса алғанда республикалық автомобиль жолдары мен оларға арналған ғимараттарды ұстауға, жөндеуге, қайта жаңартуға, құрылысқа және жобалау мен инженерлiк құрылыс шығындарын қаржыландыруға;
автомобиль жолдарының техникалық жағдайы мен сапалық жай-күйiне бақылауды қамтамасыз етуге;
көлiк құралдары, машиналар, механизмдер мен материалдар алуға, құрылыс материалдары, құрылыс индустриясы және машина жасау кәсiпорындарын дамытуға үлестiк қатысуға;
мемлекеттiк жол кәсiпорындары қызметкерлерiнiң еңбек және тұрмыстық жағдайларын жақсартуға;
халықаралық жол ұйымдарына қатысуға;
мемлекеттiк жол кәсiпорындарының кадрларын даярлау мен қайта даярлауға;
автомобиль жолдары қазыналық кәсiпорындарының пайдалану және басқа шығындарын қаржыландырумен жол шаруашылығын басқару, Жол қорына қаржы жинаумен байланысты шығындарды өтеуге;
облыстық жол қорларына дотацияларға;
халықаралық қатынас үшiн ашық автомобиль жолдарын салу, өткiзу
пункттерiнiң құрылысына және техникалық жабдықтауға, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль құралдарының
кiру, шығу және жол-жөнекей басып өтудiң рұқсат етiлген жүйесiн
жүзеге асыруды қамтамасыз ететiн және сақталуын бақылайтын органдарды
ұстауға және жабдықтауға;
республиканың жол шаруашылығын дамытумен байланысты басқа да
мақсаттарға жұмсалады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 21 ақпандағы
N 221 қаулысына
5 қосымша
Қазақстан Республикасының аумағына кiргенi, шыққаны
және жол-жөнекей басып өткенi үшiн
алынған қаражатты бөлу
___________________________________________________________________
| Аударым,
Қаражаттың жұмсалу мақсаты | процентпен
____________________________________________________|______________
1 | 2
____________________________________________________|______________
Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне халықара.
лық автомобиль қатынасы маршруттарындағы өткiзу
пункттерiн салуға және техникалық жабдықтауға,
оларды дамытуға және пайдалануға, инфрақұрылым
объектiлерiн қоса 13
Республикалық Жол қорына халықаралық автомобиль
қатынасы үшiн ашық автомобиль жолдарын ұстауға,
жөндеуге, қайта жаңартуға, жол салуға, жобалауға
және инженерлiк жайғастыруға 70
Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне
халықаралық автомобиль қатынасы үшiн ашық автомобиль
жолдарының бойына орналасқан елдi мекендердi
жайғастыруға, экологиялық ахуалды жақсартуға,
халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асырған кезде
заңдылықты және құқық тәртiбiнiң сақталуы 10
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне
халықаралық автомобиль қатынасы маршруттарындағы
Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы органдарын
техникалық жарақтандыруға 3
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны
қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне халықаралық
автомобиль қатынасы маршруттарындағы өткiзу
пункттерiн техникалық жарақтандыруды арттыруға 1
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
министрлiгiнiң көлiк инспекциясына рұқсат бланкiлерiн әзiрлеуге, халықаралық қатынас үшiн ашық автомобиль жолдары бойымен ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының жүрiп өтуi және қауiптi жүктер тасымалында рұқсат етiлген жүйенi жүзеге асыру мен сақталуын бақылау қызметiн ұстауға 3