Ұсынылып отырған Қазынашылық департаментінің және оның аумақтық органдарының шетел валютасымен операциялар жүргізуі жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін. Қазынашылық Департаментінің директоры Келісілген Қазынашылық Қазақстан Республикасы Департаментінің қаржы Вице-Министрі 14.08.1998 ж. N 385 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық органдарының шетелдік валютамен операциялар жасау жөніндегі НҰСҚАУЛЫҚ 1. Жалпы ережелер
1.1. Осы нұсқаулық бюджеттік ұйымдардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 2 ақпандағы N 41 V980477_ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің валюталық шоты арқылы валюталық операцияларды бір орталықтан жүргізудің уақытша тәртібін орындау мақсатында әзірленді.
1.2. Облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармалары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген валюталық заңдарға сәйкес бюджеттік ұйымдардың шетел валютасымен операцияларды жүзеге асырған кезде валюталық бақылау агентінің міндеттерін атқарады.
1.3. Бюджеттік ұйымдардың шетелдік валютамен жасайтын операциялары Қазынашылық департаменті және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінде немесе олардың уәкілетті банктерінде ашылған шетелдік валютамен банк шоттары арқылы жүзеге асырылады. Облыстық Қазынашылық басқармалары шетел валютасымен жасайтын операцияларын Қазынашылық департаментінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің облыстық басқармаларында ашылған олардың шоттары арқылы жүргізеді.
1.4. Облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармалары республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдарға шетел валютасында шоттар ашады. Бюджеттік ұйымдардың шетелдік валютамен шоттарын ашуы, жүргізуі және жабуы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
1.5. Бюджеттік ұйымдардың валюталық шоттар ашуына арналған рұқсатты ресімдеу үшін Қазынашылық департаментіне немесе облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармаларына:
- белгіленген тәртіппен куәландырылған бюджеттік ұйымдар туралы ереже;
- валюталық қаражаттарды алудың және жұмсаудың заңдылығына байланысты құжаттар (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, шығыстар сметалары) тапсырылады.
1.6. Қалалық аудандық Қазынашылық бөлімдерінің шетел валютасымен бюджеттік ұйымдардың банктік шоттарына қызмет көрсету тәртібі облыстық Қазынашылық басқармаларының жұмыс тәртібіне ұқсас. Бұл ретте барлық операциялар облыстық Қазынашылық басқармаларында ашылған олардың шоттары арқылы жүргізіледі.
2. Шетелдік валютаның айырбасталымы жөніндегі операциялар
2.1. Бюджеттік ұйымдарға бөлінген бюджеттік қаражаттар және бюджеттен тыс қаражаттар шегінде экспорттық-импорттық келісім-шарттар бойынша бейрезиденттердің пайдасына төлемдер өткізу және оларға сыртқы экономикалық қызмет жөнінде оларға жүктелген міндеттерді орындау үшін ақшалар айырбасталымдалады.
2.2. Бюджеттік ұйымдар ақшаларды айырбасталымдау үшін облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармаларының валюта бөліміне мынадай құжаттар тапсырады:
- мәміле төлқұжаты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекітілген 1997 жылдың 24 сәуіріндегі N 130 V970314_ шетел валютасын пайдалануға байланысты лицензиялау қызметінің тәртібі туралы ережеде көзделген жағдайларда лицензия;
- келісім-шарттар, келісімдер, инвойстар, коносаменттер және басқалар;
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163-1 Z970163_ Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы конкурстық комиссия мәжілісінің хаттамасы;
- бюджеттік ұйымдардың шоттарынан ақшаны есептен шығаруға төлем тапсырмалары (N 0401002 нысаны);
- үш данамен айырбасталым жасауға өтініш (N 6 қосымша).
2.3. Валюталық операциялар бөлімінің жауапты атқарушысы келісім-шарттың көшірмесін түпнұсқамен салыстырады және келісім-шарттың әрбір бетіне "түпнұсқамен салыстырылды" деген белгі соғады, келісім-шарт қосымшаларының толықтығын, келісім-шартты жасаудың дұрыстығын, барлық банк реквизиттерінің бар-жоғын, келісім-шарттың қолданылу мерзімін, келісім-шарттың ережелерінде көзделген және оны бірге төлеуге қажетті барлық құжаттардың бар-жоғын, операциялардың мазмұны "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы N 54-1 Z960054_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келуін, мәміле төлқұжаты деректерінің келісім-шарттың ережелеріне сәйкес келуін, мәміле төлқұжатындағы қойылған қолдың үлгісі бар құжатқа сәйкес келуін тексереді және мәміле төлқұжатын куәландырады. Төлем тапсырмаларындағы (N 0401002 нысаны) деректердің келісім-шартқа және мәміле төлқұжатына сәйкес келуін тексереді, импорт бойынша келісім-шарттың төленуіне рұқсат визасын қояды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 ақпандағы N 141 P980141_ қаулысымен бекітілген Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алуларды өткізу тәртібіне сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы конкурстық комиссия мәжілістерінің хаттамасын тексереді.
2.4. Жауапты атқарушы - қазынашы төлем тапсырмасындағы (N 0401002 нысаны) бюджеттік сыныптаудың 10-мағыналы кодасында көрсетілген шығыстардың дұрыстығын, осы ерекшелік шығыстары бойынша қаражаттар лимитінің бар-жоғын тексереді, рұқсат беру жазбасын қояды және атаулы мөртаңбасымен куәландырылады.
2.5. Операциялық бөлімнің жауапты атқарушысы жауапты атқарушы-қазынашының рұқсат визасының бар-жоғын, келісім-шартта, төлем тапсырмасында және өтініште қойылған қолдың қойылған қол үлгісі бар құжатқа сәйкес келуін тексереді. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазбалар жасалады:
"Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығыстары" 120 шотының дебеті;
("Аудандық және қалалық бюджеттердің қаражаттары" 130 шоты);
("Облыстық бюджеттердің қаражаттары" 132 шоты);
("Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінде тұратын мекемелер мен ұйымдардың ағымдағы шоттары" 141 шоты);
("Жергілікті бюджеттерде тұратын мекемелер мен ұйымдардың ағымдағы шоттары" 142 шоты).
Қазынашылықтың басқармасында ашылған "Республикааралық валюта биржасында шетел валютасын сатып алуға бағытталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаттары" 906 шотының кредиті.
2.6. Бюджеттік ұйымдар тапсырған құжаттардың негізінде облыстық (Алматы қалалықтан басқа) Қазынашылық басқармалары уәкілетті тұлғалардың қойылған қолымен үш дана (оның бірінші данасы күннің құжаттарына тігіледі, екінші, үшінші даналар жабық Х-400 электрондық почта бойынша және факсимиль байланысы бойынша "түпнұсқасы - фельдьегер байланысы бойынша" Қазынашылық департаментіне жөнелтіледі) етіп айырбасталымға өтініш ресімдейді (N 1 қосымша).
2.7. Қазынашылық департаменті айырбасталымға өтінішті тексергеннен кейін "қабылданды" немесе "қабылданбады" деген белгі соғып жабық Х-400 электронды почта бойынша облыстық (Алматы қалалықты қоспағанда) Қазынашылық басқармасына жібереді. Облыстық Қазынашылық басқармасы Қазынашылық департаментінен "қабылданды" деп белгі соғылған өтінішті алған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментіне төлем тапсырмасымен теңгелік өтемді жөнелтеді. Бұл ретте мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
Облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасында ашылған "Республикааралық валюта биржасында шетел валютасын сатып алуға бағытталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаттары" 906 шотының дебеті. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің Монетарлық операциялар департаментінде ашылған "Республикааралық валюта биржасында шетел валютасын сатып алуға бағытталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаражаттары" 906 шотының кредиті (реквизиттер МФО 190701103, СТТН 6004000062088, 906810 шоты - еркін айырбасталым валютасын сатып алуға, 906412 шоты - шектеулі айырбасталым валютасын сатып алуға).
2.8. Қазынашылық департаментінде тапсырылған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығын тексергеннен кейін үш дана етіп айырбасталымға өтініш толтырылады (N 3 қосымша), сондай-ақ уәкілетті тұлғалардың қойылған қолымен екі дана етіп тізімдеме жасалады (N 7 қосымша). Аталған құжаттар файл түрінде ақпараттың магнит таспасына электрондық нысанда жазылады (бұдан әрі мәтін бойынша "дискет") және дискетпен бірге Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалына табыс етіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалының жауапты атқарушысы тексергеннен кейін дискеттен басылған төлем құжаттары қол қойылып куәландырылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалының мөртаңбасы басылады, өтініштің үшінші данасы және тізімдеменің екінші данасы "қабылданды" мөртаңбасымен куәландырылады.
Аталған құжаттар Қазынашылық департаментінің валюталық операциялар бөлімінің жауапты атқарушысына қайтарылады. Аталған құжаттарды алғаннан кейін факсимиль байланысы арқылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаментіне беріледі.
2.9. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті ақшаны шетел валютасына айырбастайды және валютаның түріне байланысты Қазынашылық департаментінің 001073140, 003073740, 048073640, 058159240 шоттарына есептейді.
2.10. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаментінен дербес шоттың үзінді көшірмесін алғаннан кейін Қазынашылық департаменті қаражаттарды шетелдік валютамен облыстық (Алматы қалалықты қоспағанда) Қазынашылықтың басқармаларының шоттарына есепке алу жөнінде операциялар жүргізеді.
2.11. Облыстық (Алматы қалалықты қоспағанда) Қазынашылық басқармалары Қазынашылық департаментінен алынған дербес шоттың үзінді көшірмесі бойынша қаражаттарды шетелдік валютамен бюджеттік ұйымдардың валюталық шоттарына есепке алу жөнінде операциялар жүргізеді.
2.12. Шетел валютасының айырбасталым мерзімі 3-4 күн болады.
3. Қайта айырбасталымдау
3.1. Бюджеттік ұйымдар шетел валютасын сатқан кезде облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасына екі дана етіп қайта айырбасталымдауға өтініш тапсырады (N 4 қосымша):
- бірінші данасы облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасының күннің құжатына тігіледі;
- екінші данасы "қабылданды" белгісімен бюджеттік ұйымға қайтарылады.
Валюта бөлімінің жауапты атқарушысы операциялардың мазмұны валюта шотын ашқан кезде лимиттерге билік етушіге берілген рұқсаттың шарттарына сәйкес келетін-келмейтінін, өтінішке қойылған қолдың қойылған қол үлгісі бас құжатқа сәйкестігін тексереді және мынадай бухгалтерлік жазба жасайды: "Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" 070 шотының дебеті ("Заңды тұлғалардың шетел валютасындағы ағымдағы шоттары (ШАВ)" 160 шоты) "Ішкі валюта нарығында сатуға арналған шетелдік валютадағы қаражаттар бойынша шек қойылған шоттар (ЕАВ)" 118 шотының кредиті ("Ішкі валюта нарығында сатуға арналған шетелдік валютадағы қаражаттар бойынша шек қойылған шоттар (ШАВ)" 688 шоты).
3.2. Облыстық (Алматы қалалықты қоспағанда) Қазынашылық басқармалары бюджеттік ұйымдардың өтініші негізінде уәкілетті тұлғалардың қойылған қолымен Қазынашылық департаментіне өтініш табыс етеді.
Қазынашылық департаментіне өтінішті табыстау және ресімдеу тәртібі II бөлімнің 2.6. тармағына ұқсас.
Қазынашылық департаментінде өтініштерді ресімдеу және табыс ету тәртібі II бөлімнің 2.6. тармағына ұқсас.
3.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен дербес шоттың үзінді көшірмесін алғаннан кейін Қазынашылық департаментінде мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
"Банктің бас мекемесінде ашылған банк филиалдарына шетелдік валютадағы қосалқы корреспонденттік шоттар" 284 шотының дебеті.
"Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ЕАВ)" 072 шотының кредиті.
("Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ШАВ)" 158 шоты).
3.4. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті айырбасталымданған қаражаттарды облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармаларының корреспонденттік шоттарына жібереді.
3.5. Қазынашылық департаментінен дербес шоттың үзінді көшірмесін алғаннан кейін облыстық (Алматы қалалықты қоспағанда) Қазынашылық басқармасы мынадай бухгалтерлік жазба жасайды:
"Ішкі валюта нарығында сатуға арналған шетелдік валютадағы қаражаттар бойынша шек қойылған шоттар (ЕАВ)" 118 шотының дебеті
("Ішкі валюта нарығында сатуға арналған шетелдік валютадағы қаражаттар бойынша шек қойылған шоттар (ШАВ)" 688 шоты)
"Филиалдың өзінде ашылған бас банктегі банк филиалының шетел валютасындағы қосалқы корреспонденттік шоттар" 283 шотының кредиті.
3.6. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті Қазынашылық департаментінің корреспонденттік шоттарына салық төлемдерін есептеген кезде Қазынашылық департаментіне мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
"Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ЕАВ)" 072 шотының дебеті
("Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ШАВ)" 158 шоты).
"Басқа да дебиторлар мен кредиторлар" 076 шотының кредиті.
Сонымен бірге облыстық Қазынашылық басқармасына Қазынашылық департаментінің уәкілетті тұлғалар қойылған қолмен түскен сомалар туралы хабар беріледі.
3.7. Қазынашылық департаменті қайта айырбасталымдау мүмкіндігі туралы облыстық (Алматы қалалықты қоспағанда) Қазынашылық басқармасының жазбаша хабарламасы бойынша аталған сомаға үш дана етіп сатуға өтінішті және екі дана етіп тізімдемені ресімдейді. Аталған құжаттарды жөнелту тәртібі II бөлімнің 2.8. тармағына ұқсас.
3.8. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті қайта айырбасталымдаудан түскен қаражаттарды қайта айырбасталымдауға жасаған өтініште көрсетілген реквизиттер бойынша облыстық Қазынашылық басқармасының корреспонденттік шотына жіберіледі.
3.9. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаменті Қазынашылық департаментінің корреспонденттік шотына жеткілікті реквизиттерсіз сомаларды есептеген кезде, соңғылар "Басқа да дебиторлар мен кредиторлар" 076 шотына есепке алынады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаментіне сұрау салу жіберіледі. Аталған сомалар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінен сұрау салуға жауап алынғаннан кейін "Басқа да дебиторлар мен кредиторлар" 076 шотынан есептен шығарылады және мақсатқа сай есепке алынады болмаса қажетті реквизиттерді нақтылау мүмкін болмаған жағдайда қайтарылады.
4. Аударым операциялары
4.1. Бюджеттік ұйымдардың валюталық шотынан шетелдік әріптестерге шетелдік валютада аударым жүзеге асырылған кезде облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасына мыналар табыс етіледі:
- мәміле төлқұжаты;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекітілген 1997 жылдың 24 сәуіріндегі N 130 шетел валютасын пайдалануға байланысты лицензиялау қызметінің тәртібі туралы ережеде көзделген жағдайларда лицензия;
- келісім-шарттар, келісімдер, инвойстар, коносаменттер және басқалар;
- "Мемлекеттік сатып алу туралы" 1997 жылғы 16 шілдедегі N 163-1 Z970163_ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы конкурстық комиссия мәжілісінің хаттамасы;
- үш дана етіп еркін айырбасталымдау валютасындағы (шектеулі айырбасталымдағы валютадағы төлем тапсырмасы (N 5 қосымша) аударым (N 2 қосымша) жасауға өтініш (бұдан былай "аударым жасауға өтініш (төлем тапсырмасы)").
4.2. Облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасының жауапты атқарушысы тапсырылған құжаттарды II бөлімнің 2.3. тармағына ұқсас тексереді, аударымға (төлем тапсырмасына) өтініштегі және келісім-шарттағы қойылған қолдарды қойылған қолдың үлгісі бар құжатпен салыстырады.
4.3. Облыстық Қазынашылық басқармасы тапсырылған құжаттар негізінде үш дана етіп аударым (төлем талабы) жасауға өтініш толтырады:
- 1 дана облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасының күндік құжатына тігіледі;
- 2 дана "қабылданды" белгісімен бюджеттік ұйымға қайтарылады;
- аударым (төлем талабы) жасауға өтініштің 3-данасы жабық Х-400 электрондық почта бойынша және факсимиль байланысы бойынша (түпнұсқалары - фельдъегер почтасы бойынша) Қазынашылық департаментіне жөнелтіледі.
4.4. Қазынашылық департаментіне табыс етілген облыстық (Алматы қалалықты қоспағанда) Қазынашылық басқармаларының құжаттары реквизиттердің толықтығы, облыстық Қазынашылық басқармасының лауазымды адамдарының қолдарының бар-жоғы олардың қойылған қолдарының үлгісі бар құжатқа сәйкестігі, криптографиялық қорғаудың бар-жоғы, облыстық (Алматы қалалықты қоспағанда) Қазынашылық басқармасының шоттарында қаражаттардың бар-жоғы тексеріледі, факсимиль байланысы арқылы алынған данамен салыстырылады.
4.5. Қазынашылық департаментінде аударымды ресімдеген кезде еркін айырбасталымдау валютасына (шектелген айырбасталымдау валютасында төлем талабы) аударым жасауға өтініш 4 дана етіп және тізімдеме 2 дана етіп толтырылады. Аталған құжаттар дискетке жазылады және дискетпен бірге Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталық филиалына тапсырылады. Дискеттен басып шығарылған төлем құжаттарының ұқсастығы тексерілгеннен кейін қол қойылып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің орталық филиалының мөртаңбасымен куәландырылады, өтініштің (төлем талабының) 4-данасы және тізімдеменің 2-данасы "қабылданды" мөртаңбасымен нықталады. Жоғарыда аталған барлық құжаттар Қазынашылық департаментінің валюталық операциялар бөлімінің жауапты атқарушысына қайтарылады. Қазынашылық департаменті сол күні аударым (төлем талабы) жасауға өтінішті және факсимиль байланысы бойынша тізімдемені Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Монетарлық операциялар департаментіне жөнелтеді.
4.6. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі шетелдік валютадағы қаражаттарды Қазынашылық департаментінің корреспонденттік шотынан есептен шығарады. Қазынашылық департаментіне дербес шоттан үзінді көшірменің негізінде шетелдік валютадағы қаражаттарды есептен шығаруға мынадай бухгалтерлік жазба жасайды:
"Бас мекемеде ашылатын филиалдардың шетелдік валютадағы қосалқы корреспонденттік шоттары" 284 шотының дебеті
"Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ЕАВ)" 072 шотының кредиті
("Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ШАВ)" 158 шоты).
4.7. Қазынашылық департаментінен алынған үзінді көшірмесі негізінде облыстық Қазынашылық басқармасы шетелдік валютадағы қаражаттарды бюджеттік ұйымның шотынан есептен шығарады:
"Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" 070 шотының дебеті.
"Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ШАВ)" 160 шоты.
"Филиалдың өзінде ашылған бас банктегі банк филиалының шетел валютасындағы қосалқы корреспонденттік шоттары" 283 шотының кредиті.
4.8. Алматы қалалық Қазынашылық басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Бас Алматы аумақтық басқармасында дербес корреспонденттік шоты бар. Сондықтан да шетелдік валюта мен операциялар Алматы қалалық Қазынашылық басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Бас аумақтық басқармасы арасында жасасқан корреспонденттік қатынастар туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
5. Бюджеттік ұйымдарға нақты шетелдік валютаны берудің
тәртібі (Ақмола облыстық және Алматы қалалық
Қазынашылық басқармалары)
5.1. Бюджеттік ұйымдарға нақты шетелдік валюта "елден тысқары іссапар шығыстары" 137 шығыстарының бюджеттік сыныптау ерекшелігі бойынша, сондай-ақ ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі немесе ол уәкілеттік берген банк арқылы Қазынашылықтың арнайы рұқсаты бойынша беріледі.
5.2. Бюджеттік ұйымдар нақты шетелдік валюта алу үшін ағымдағы айдың 5 дейін келесі айға Ақмола облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасына өтінім тапсырады. Ақмола облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасы бюджеттік ұйымдардан алынған өтінімдер негізінде Қазақстан Республикасының Орталық филиалына (Бас Алматы аумақтық басқармасына) нақты шетел валютасын алуға өтінім тапсырады (мерзімдер жасасқан шартқа сәйкес белгіленеді).
5.3. Ұйым бюджеттік (бюджеттен тыс) шоттан нақты шетелдік валютаны алғаннан кейін Ақмола облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасына айырбасталымға өтініш тапсырады. Осы нұсқаулықтың II-бөлімнің 2.3.-2.5.-тармақтарына ұқсас өтінішті тексергеннен соң Ақмола облыстық Қазынашылық басқармасының жауапты атқарушысы II - бөлімнің 2.5.,
2.7. - тармақтарына ұқсас бухгалтерлік жазба жасайды. Сонымен қатар Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалында ашылған Ақмола облыстық Қазынашылық басқармасының корреспонденттік шоттың нөмірін көрсете отырып нақты шетел валютасын алу үшін Қазынашылық департаментіне айырбасталымға өтініш тапсырады.
5.4. Қазынашылық департаменті Ақмола облыстық Қазынашылық басқармасының өтініші негізінде осы нұсқаулықтың II-бөлімінің 2.8.-тармағындағы сияқты уәкілетті тұлғалардың қойылған қолымен айырбасталымға өтінішті ресімдейді.
5.5. Монетарлық операциялар департаменті айырбасталым жасалған шетелдік валютадағы қаражаттарды нақты шетелдік валютаны алуға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалында (Бас Алматы аумақтық басқармасында) ашылған Ақмола облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасының корреспонденттік шотына жібереді.
5.6. Ақмола облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасының шотына шетелдік валютадағы қаражаттар түскеннен кейін, соңғылар бюджеттік ұйымдардың валюталық шоттарына қаражаттарды есепке алу жөнінде операциялар жасайды. Бұдан кейін бюджеттік ұйым облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасына белгіленген тәртіппен ресімделген:
- іссапарға шығуға бұйрықты;
- шығыстар сметасын;
- нақты шетел валютасын алғанына сенімхат тапсырады.
Ақмола облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасы тапсырылған құжаттарды тексергеннен кейін Ақмола облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасы Орталық филиалында (Бас Алматы аумақтық басқармасында) нақты шетелдік валютаны алуға өтінім және бюджеттік ұйымның сенген тұлғасының атына сенімхат ресімдейді.
5.7. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалы (Бас Алматы аумақтық басқармасы) тапсырылған құжаттарды қойылған қол үлгілерімен салыстырып тексереді, нақты шетелдік валютаны береді және шығыстар сомасын облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасының шотынан есептен шығарады.
5.8. Ақмола облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасы Қазақстан Республикасы Ұлттық банктен үзінділер көшірмесін алғаннан кейін бюджеттік ұйымның шотынан аталған соманы есептен шығарады:
"Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" 070 шотының дебеті.
("Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ШАВ)" 160 шоты).
"Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ЕАВ)" 072 шотының кредиті.
("Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ШАВ)" 158 шоты).
5.9. Пайдаланылмаған шетелдік валюта Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалының (Бас Алматы аумақтық басқармасының) кассасы арқылы қайтарылуы тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Орталық филиалының (Бас Алматы аумақтық басқармасының) белгісі соғылған кіріс ордерінің бір данасы облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасының бухгалтериясына тапсырылады. Ақмола облыстық (Алматы қалалық) Қазынашылық басқармасы дербес шотынан үзінді көшірмені алғаннан кейін бюджеттік ұйымның шоты бойынша мынадай бухгалтерлік жазба жасайды:
"Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ЕАВ)" 072 шотының дебеті.
("Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ШАВ)" 158 шоты).
"Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" 070 шотының кредиті.
("Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ШАВ)" 160 шоты).
5.10. Нақты шетелдік валютаны алу үшін Қазынашылық департаменті Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалында шот ашады. Бұл ретте ұйым бюджеттік (бюджеттен тыс) шоттан нақты шетелдік валюта алу үшін Қазынашылық департаментіне айырбасталым жасауға өтініш тапсырады. Қазынашылық департаменті бюджеттік ұйымның өтініші негізінде Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Орталық филиалында Қазынашылық департаменті үшін ашылған қолма-қол ақша бойынша корреспонденттік шоттың нөмірін көрсете отырып айырбасталым жасауға арналған өтінішті ресімдейді. Бұдан кейінгі жұмыстарды осы нұсқаулықтың V-бөлімнің 5.6-5.9.-тармақтарында жазылған тәртіп сияқты.
6. Нақты шетелдік валютаны уәкілетті банктер
арқылы беру тәртібі
6.1. Бюджеттік ұйым облыстық Қазынашылық басқармасына:
- 3 данада айырбасталым жасауға өтінім;
- іссапарға шығуға бұйрық;
- шетелдік валютаны алуға сенімхат тапсырады.
6.2. Облыстық қазынашылық басқармасы аталған құжаттар негізінде өздерінде осы шот ашылған уәкілетті банктің облыстық басқармасына қолма-қол нақты ақша бойынша корреспонденттік шоттың нөмірін көрсете отырып айырбасталым жасауға арналған өтінішті тапсырады (N 1 қосымша). Бұл ретте теңгелік өтем тікелей уәкілетті банктің облыстық басқармасына жіберіледі және мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
"Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығыстары" 120 шотының дебеті Облыстық Қазынашылық басқармасында ашылған "Республикалық валюта биржасында шетелдік валютаны сатып алуға жұмсалатын шаруашылық субъектілерінің қаражаттары" 906 шотының кредиті.
Облыстық Қазынашылық басқармасында ашылған "Республикааралық валюта биржасында шетелдік валютаны сатып алуға жұмсалатын шаруашылық субъектілерінің қаражаттары" 906 шотының дебеті.
Уәкілетті банктің облыстық басқармасында ашылған "Республикааралық валюта биржасында шетелдік валютаны сатып алуға жұмсалатын шаруашылық субъектілерінің қаражаттары" 906 шотының кредиті.
Уәкілетті банктен алынған дербес шоттың үзінді көшірмесі бойынша қолма-қол нақты ақша жөнінде қаражаттар корреспонденттік шотқа есептелгеннен және айырбасталым жасалғаннан кейін мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
"Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ЕАВ)" 072 шотының дебеті
("Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ШАВ)" 158 шоты).
"Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" 070 шотының кредиті.
("Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ШАВ)" 160 шоты).
Сонымен қатар қолма-қол нақты ақшаны алушыға облыстық Қазынашылық басқармасының уәкілетті тұлғасының қолы қойылған сенімхат ресімделеді. Сенім білдірілген тұлға келгеннен кейін уәкілетті банктің облыстық басқармасы оған қолма-қол нақты шетелдік валютаны береді. Бюджеттік ұйымның сеніп тапсырған адамы келмеген жағдайда шетелдік валютадағы қаражаттар облыстық Қазынашылық басқармасы мен уәкілетті банктің арасында жасасқан шартпен белгіленген тәртіпке сәйкес қайтарылады. Уәкілетті банктен алынған дербес шоттың үзінді көшірмесі бойынша облыстық Қазынашылық басқармасында мынадай бухгалтерлік жазба жасалады:
"Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ЕАВ)" 070 шотының дебеті
("Заңды тұлғалардың шетелдік валютадағы ағымдағы шоттары (ШАВ)" 160 шоты).
"Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ЕАВ)" 072 шотының кредиті
("Шетелдік валютадағы ностро шоттары (ШАВ)" 158 шоты).
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 385 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық органдарының шетелдік валютамен операциялар жасау жөніндегі Нұсқаулығына 1-Қосымша
199__жылғы "____"____________
шетелдік валютаны сатып алуға N____Өтініш Облыстық Қазынашылық Басқармасының атауы:__________________________________________ Почта мекен-жайы: ____________________________________________ Мәміле бойынша мәселелерді шешуге уәкілетті қызметкердің аты-жөні: _____________________________ Қазынашылықтың департаментіндегі облыстық Қазынашылық басқармасы шотының N ____________________ Облыстық Қазынашылық басқармасындағы клиенттің валюта шотының N ___________________________________ Бюджеттің ұйымның атауы:________________________________________________________ Операцияның мақсаты __________________________________________ Мынадай шарттар негізінде шетелдік валютадағы қаражаттарды сатып алуға біздің есебімізден және біздің атымыздан мәміле жасасуды тапсырамыз ___________________________________________________________________ |Валюта түрі | Ұлттық банктің | шетелдік |бағам бойынша | | | бағамы | валютадағы |теңгемен сатып | | | бойынша | сатып алу |алу сомасы | | | | сомасы | | |____________|________________|_______________|_____________________| | | | | | |____________|________________|_______________|_____________________| Өтініштің қолданылу мерзімі "____"_________199___ж. қоса алғанда Бюджеттік (бюджеттен тыс) сипаттағы қаражаттар. _______________________________________________ (керексізін сызып тастаңыз) Басшы: М.О. Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 385 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық органдарының шетелдік валютамен операциялар жасау жөніндегі Нұсқаулығына N 2-Қосымша
__________________________________________________________________________ |Бюджеттік ұйымның |N_____аударымға өтініш |атауы_______________ |199__ж."____"___________күні |__________________________________|_______________________________________ |Қазынашылық органының |Сізден ____________________ |рұқсат визасы______________ |(байланыс түрі)_____________________ |199___ "___"___________күні |бойынша аударуыңызды | |сұраймыз |__________________________________|_______________________________________ |Шетелдік валютадағы сома | |(цифрлармен және жазбаша) | |__________________________________|_______________________________________ |Бенефициар (елдің, қаланың, фирма.| |ның толық атауын және егжей-тег. | |жейлі мекен-жайын көрсету) | |__________________________________|_______________________________________ |Бенефициар шотының нөмірі және | |корреспондент-банктің толық атауы,| |оның мекен-жайы қаласы, елі | |__________________________________|_______________________________________ |Аударымның ерекше шарттары | |__________________________________|_______________________________________ |Аударымның басқа шарттары | |__________________________________|_______________________________________ |Аударымның құнын жабуды біздің N____ шоттан есептен шығаруыңызды сұраймыз. |_________________________________________________________________________| Басшы: М.О. Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 385 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық органдарының шетелдік валютамен операциялар жасау жөніндегі Нұсқаулығына N 3-Қосымша
199__жылғы "____"____________
шетелдік валютаны сатып алуға N____Өтініш Қазынашылық органының атауы:__________________________________________ Почта мекен-жайы: ____________________________________________ Мәміле бойынша мәселелерді шешуге уәкілетті қызметкердің аты-жөні: _____________________________ Қазынашылық департаментінің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік шотының N ___________________________________ Облыстық Қазынашылық басқармасының Қазынашылық департаментіндегі шотының N ______________________ Шетелдік валютадағы Қаражаттарды жұмсау бағыты:________________________________________________ Мынадай шарттар негізінде шетелдік валютадағы қаражаттарды сатып алуға біздің есебімізден және біздің атымыздан мәміле жасасуды тапсырамыз: ___________________________________________________________________ |Валюта түрі | Сатып алу | Ұлттық банктің|бағам бойынша | | | сомасы | бағамы |теңгемен сатып | | | | бойынша |алу сомасы | | | | | | |____________|________________|_______________|_____________________| | | | | | |____________|________________|_______________|_____________________| Өтініштің қолданылу мерзімі "____"_________199___ж. қоса алғанда Бюджеттік (бюджеттен тыс) сипаттағы қаражаттар. _______________________________________________ (керексізін алып тастаңыз) Басшы: М.О. Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 385 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық органдарының шетелдік валютамен операциялар жасау жөніндегі Нұсқаулығына N 4 Қосымша
шетелдік валютаны сатуға
N____Өтініш ________________қаласы 199___жылғы "___"__________ Облыстық Қазынашылық басқармасының атауы: _______________________________________________________ ____________________________________________тапсырмасы бойынша (бюджеттік ұйымның атауы) Жөнелтуші шотының N __________________________________________ Облыстық Қазынашылық басқармасы шотының N _________________________________________ Алушы шотының N____________ МФО _________ СТТН _______________ Операцияның мақсаты __________________________________________ ___________________________________________________________________ |Күні |Операцияның |Валютаның |Ұлттық |Сома шетелдік|Сома | | |түрі |түрі |банк бағамы |валютамен |теңгемен | | | | | | | | | | | | | | | |_____|____________|__________|____________|____________ |__________| | | | | | | | |_____|___________ |_________ |____________|_____________|__________| Басшы: М.О. Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 385 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық органдарының шетелдік валютамен операциялар жасау жөніндегі Нұсқаулығына N 5 Қосымша
199___жылғы "____"______________
N_______Төлем тапсырмасы
_________________________________________________________________________ |Жіберуші: |Алушы банкі: | |Қазақстан Республикасы |БИК | |Қаржы министрлігінің |к/шот | |Қазынашылық департаменті |р/шот | |_______________________________|_________________________________________| |Төлем | Дебет |Кредит |Валюта | Сома | |түрі |Шот N |Шот N |коды |_______________________________| | | | | | шетелдік валюта | |______|_______|________________|_________|_______________________________| | | | | |ресейлік рубль|теңге | |______|_______|________________|_________|______________|________________| | 058159240 |058 | |_______________________________|_________________________________________| |Тапсырмасы бойынша: |Пайдасына: | | | | | |ИНН | |_______________________________|_________________________________________| Сома жазумен: Төлем мақсаты: Басшы: Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 385 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық органдарының шетелдік валютамен операциялар жасау жөніндегі Нұсқаулығына N 6 Қосымша
шетелдік валютаны сатып алуға
N____Өтініш ________________қаласы 199___жылғы"___"__________ Бюджеттік ұйымның атауы: _______________________________________________________ Ұйымның бюджеттік (бюджеттен тыс) шоты ____________ МФО _______________ СТТН ___________________ Ұйымның валюта шоты __________________________________________ Операцияның мақсаты __________________________________________ Айырбасталым шарты _____________________________________________________________ |Операцияның |Валютаның |Ұлттық |Валюта |Сома | |түрі |түрі |банк бағамы |сомасы |теңгемен | | | | | | | | | | | | | |____________|__________|____________|____________ |__________| | | | | | | |___________ |_________ |____________|_____________|__________| Валюта 30 банктік күн ішінде пайдаланылмаған жағдайда Облыстық Қазынашылық Басқармасына сатып алынған шетелдік валютаны сатуға құқық береміз. Басшы: М.О. Бас бухгалтер:
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1998 жылғы 14 тамыздағы N 385 бұйрығымен бекітілген Қазынашылық департаменті мен оның аумақтық органдарының шетелдік валютамен операциялар жасау жөніндегі Нұсқаулығына N 7 Қосымша
Ұсынылған құжаттар
тіркелген тізбесі "___"__________199___ж. ____________________________________________________ |Құжаттың |Алушы |валютаның |Сома шетелдік|Сома | |атауы | |түрі |валютамен |теңгемен | | | | | | | | | | | | | |_________|_____ |__________|____________ |__________| | | | | | | |________ |______|__________|_____________|__________| | | | барлығы | | | |________ |______|__________|_____________|__________| Жетекші: _______________ Бас бухгалтер: _______________ Оқығандар: Багарова Ж.А. Икебаева А.Ж.