Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбiн, Мемлекеттiк сатып алу процесiнде алынатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi берушiлердi анықтау жөнiндегi конкурстық комиссия туралы ереженi және конкурстық құжаттаманың нысандарын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 25 ақпан N 141. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1998.12.10. N 1268 қаулысымен.

      ЕСКЕРТУ. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1998.12.10. N 1268 қаулысымен.
               P981268_
      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Заңын Z970163_ iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбi;
      Мемлекеттiк сатып алу процесiнде алынатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi берушiлердi анықтау жөнiндегi конкурстық комиссия туралы ереже;
      конкурстық құжаттаманың нысандары бекiтiлсiн.
      2. Мыналардың:
      "Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 мамырдағы N 586 қаулысының;
      "Аймақтық сұранымды қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi бюджет есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру тәртiбi туралы үлгi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 шiлдедегi N 925

қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 32,
294-құжат);
     "Құрылыста мердiгерлiк тендерлердi дайындау мен өткiзудiң тәртiбi
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 шiлдедегi N
1056 қаулысының күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 30, 273-құжат).

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                      1998 жылғы 25 ақпандағы
                                          N 141 қаулысымен
                                             бекiтiлген

           Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi
                      мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу

                               ТӘРТIБI

                          1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



      1. Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алудың осы Тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
      2. Аталған Тәртiп тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды (бұдан әрi - мемлекеттiк сатып алу) жүргiзудiң рәсiмдерiн белгiлейдi.
      3. Мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң рәсiмiн жүзеге асыруға кiрiспей тұрып конкурсты ұйымдастырушы (тапсырысшы):
      бекiтiлген номенклатура және сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер көлемi, сондай-ақ сатып алудың қаржыландыру көлемi негiзiнде мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу туралы шешiм қабылдауға;
      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк сатып алу шарттарын белгiлеуге және мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың әдiсiн таңдауға мiндеттi.
      4. Номенклатурасын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментi болып саналады. Басқа жағдайларда тапсырыс берушi конкурсты ұйымдастырушы болады.
      Қандай да бiр бiртектi тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу көлемi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған есептi көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен аспайтын болса, онда орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың ведомстволық бағыныстағы мекемелерi тапсырыс берушi болуға құқығы бар.

             II. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ПРОЦЕСIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      Алдағы конкурс туралы хабарландыру

      5. Ашық конкурс әдiсiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы ресми баспасөзде заңдарда белгiленген тәртiппен хабарландыру жариялауға мiндеттi.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды жабық конкурс әдiсiмен жүргiзу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау аяқталатын күнге дейiн бiр айдан кешiктiрмей тұрақты өнiм берушiлерге хабар жiберуге мiндеттi.
      7. Алда болатын конкурс туралы хабарландыру (жазбаша хабарлама) мынадай ақпаратты қамтуға тиiс:
      1) конкурс ұйымдастырушының аты және орналасқан жерi;
      2) ұйғарылып отырған мемлекеттiк сатып алудың көлемi, сапасы, номенклатурасы және тауар берiлетiн, жұмыстар орындалатын және қызметтер көрсетiлетiн орын;
      3) тауарлар жеткiзiп берудiң, жұмыстар орындаудың, қызмет көрсетулердiң талап етiлетiн мерзiмдерi мен кестесi;
      4) конкурстық құжаттаманы алу орны және тәсiлi;
      5) конкурсты өткiзудiң орны және уақыты;
      6) тұрақты өнiм берушiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      7) басқа да қажеттi ақпарат.
      Конкурсқа шетелдiк қарымды өнiм берушiлер қатысады деп болжалып отырса, онда хабарландыру сонымен бiрге шет тiлде жарияланады.
      8. Осы Тәртiптiң 7-тармағы бойынша тапсырыс берушi ақпаратының кез келген өзгерiсi ашық конкурс болған жағдайда дереу жариялануы немесе жабық конкурс болған жағдайда қарымды өнiм берушiлерге хабарлануы тиiс, бұл ретте конкурстық өтiнiмдi тапсыру мерзiмi осындай соңғы өзгерiстер туралы қарымды өнiм берушiге хабарланған күннен бастап есептеледi.

             Қарымды өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына
                     сәйкестiгiн растайтын құжаттар

      9. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өздерiнiң өтiнiштерiн тапсырушы барлық қарымды өнiм берушiден оның бiлiктiлiк талаптарына сай екендiгiн дәлелдейтiн мынадай құжаттарды талап етуге құқылы:
      1) кәсiби бiлiмiн, тәжiрибесiн, атақ-абыройын, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу туралы шартта көрсетiлген мiндеттемелердiң орындалуына қажеттi қаржылық, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары бар екендiгiн растайтын ұйымның бланкiсiне басылған бiрiншi басшысының қолы қойылған хаты;
      2) қарымды өнiм берушiлердiң тауар беруге, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге құқығын дәлелдейтiн лицензияның және/немесе басқа да құжатттардың көшiрмесi;
      3) қарымды өнiм берушiнiң қаржылық жағдайы туралы банктiң анықтамасы, қарымды өнiм берушiнiң бюджетке, зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа және Жол қорына салық және басқа да мiндеттi төлемдердi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына жарналар төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындағаны туралы салық органының анықтамасы. Осы анықтамалар өткiзiлетiн конкурс туралы хабарланған күннiң алдындағы соңғы ай бойынша берiледi.
      10. Бiлiктiлiк талаптары жөнiндегi ақпараттың толымсыз, дәл емес немесе жалған екенi анықталған жағдайда конкурсты ұйымдастырушы қарымды өнiм берушiнi конкурсқа қатыстырмауға құқығы бар.
      11. Конкурсты ұйымдастырушы бiлiктiлiк талаптарын түзген кезде, егер республикада тиiстi конкурстық орта бар болса, ұлттық қауiпсiздiк, сондай-ақ отандық өнiм өндiрушiлердi қолдау тұрғысынан тек қазақстандық қарымды өнiм берушiлермен ғана шектелуге құқылы.

                    Конкурсты ұйымдастырушы қарымды
              өнiм берушiге ұсынатын конкурстық құжаттама

      12. Конкурсты ұйымдастырушы әзiрлеген және қарымды өнiм берушiге ұсынатын конкурстық құжаттаманың белгiленген нысандарына сәйкес орындалуы және мынадай ақпараттарды қамтуы тиiс:
      1) қарымды өнiм берушiнiң осы Тәртiптiң 9-тармағына сәйкес құжаттарды беруi туралы талап;
      2) қажеттi маманданымдарды, жоспарларды, сызбаларды, нобайлар мен халықаралық немесе iшкi стандарттарды қоса алғанда, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң техникалық және сапалық сипаттамалары;
      3) тауарлардың саны;
      4) тауарлар берiлетiн, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн орын;
      5) тауарларды беру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету мерзiмдерi;
      6) орындалуға тиiс кез келген iлеспе қызмет көрсетулер;
      7) конкурстық өтiнiмнiң бағасы көрсетiлуi мүмкiн валюта немесе валюталар және конкурстық өтiнiмнiң бағасын бiрыңғай валютаға келтiру үшiн қолданылатын бағам;
      8) тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құнына қоса осы Тәртiптiң 49-тармағына сәйкес басқа элементтердi конкурстық өтiнiмнiң бағасы қамтуы керек, болмаса керек еместiгiн көрсетулердi қоса, өздерi ұтқан конкурстық өтiнiм негiзiнде анықталатын өлшемдер тiзбесi. Бұл ретте осы тәртiптiң 50-61-тармақтарына сәйкес тапсырыс берушiмен бiрлесе отырып конкурсты ұйымдастырушы белгiлейтiн осы элементтердi құндық көрсеткiшке келтiру процентi көрсетiледi;
      9) егер конкурстың құжаттамада тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң балама сипаттамасы, балама келiсiмнiң шарттары немесе басқа да талаптары болған жағдайда тиiстi нұсқау және балама конкурстық өтiнiмдердi конкурстық бағалау мен салыстыру тәсiлiнiң сипаты;
      10) қарымды өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмiн қамтамасыз етуiнiң мазмұны мен нысаны;
      11) конкурстық өтiнiмдi тапсырудың әдiсi, орны және мерзiмi;
      12) қарымды өнiм берушi конкурстық құжаттамаға байланысты түсiнiктеме сұрай алатын әдiстер;
      13) қажет болған жағдайда конкурстық өтiнiм беру мерзiмi

аяқталғанға дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгертуге немесе қайтарып
алуға құқығының бар екендiгiн көрсету;
     14) конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу орны, күнi, уақыты
және рәсiмi, сондай-ақ оларды қарау рәсiмдерi мен мерзiмдерi;
     15) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық өтiнiмдердi қабылдауға
уәкiлеттi лауазымды адамдардың аты-жөнi, телефоны, бөлме нөмiрi,
тұратын жерiнiң мекен-жайы.
     13. Конкурсты ұйымдастырушы конкурс құжаттамасын бергенi үшiн
конкурс ұйымдастырушының оны әзiрлеуге, бастыруға және таратуға
жұмсаған шығынынан аспайтын мөлшерде ақы алуға құқылы.


                  Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету

     14. Егер конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз
ету ақысын төлеудi талап етсе, онда мұндай талап барлық қарымды өнiм
берушiге қатысты болуы тиiс.
     15. Конкурс өтiнiмнiң қамтамасыз етудiң мазмұны мен нысанын
конкурсты ұйымдастырушы белгiлейдi (қамтамасыз ету мөлшерi күтiлiп
отырған мемлекеттiк сатып алудың жалпы сомасының 5 процентiнен
аспайтын сомада белгiленедi). Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету мына
түрде берiлуi мүмкiн:
     қолма-қол ақша қаражаты;
     банк кепiлдiгi;
     кепiл мүлiк;
     бағалы қағаздар және басқалар.
     16. Конкурсты ұйымдастырушы қарымды өнiм берушiге конкурс
өтiнiмiн қамтамасыз ету ақысын мынадай жағдайларда қайтарады:
     конкурс өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанда;
     мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енгенде;
     мемлекеттiк сатып алу рәсiмi конкурс жеңiмпазы анықталмай
тоқтатылғанда;


      конкурстық құжаттамада конкурстық өтiнiмдi керi қайтарып алу мүмкiндiгi болған жағдайда конкурстық өтiнiмдердi берудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiн конкурстық өтiнiмдi керi қайтарғанда;
      басқа қарымды өнiм берушi конкурстың жеңiмпазы болып анықталса.
      17. Конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз ету ақысы осы Тәртiптiң 16-тармағында жағдайлардың бiрi пайда болған сәттен бастап бес жұмыс күнiнiң iшiнде қайтарылады, ал конкурс жеңiмпазының конкурстық өтiнiмiн қамтамасыз ету ақысы мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқаннан кейiн бес жұмыс күнiнiң iшiнде қайтарылады. Конкурстық өтiнiмдердi қамтамасыз ету ақысының арналған конкурсты ұйымдастырушыда болған кезеңi үшiн оларға проценттер есептелмейдi.
      18. Егер қарымды өнiм берушi:
      конкурстық өтiнiмдi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурстық өтiнiмдi керi қайтарса немесе өзгертсе;
      конкурстық құжаттамада қарастырылмаған жағдайда, конкурстық өтiнiмдi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн конкурстық өтiнiмдi керi қайтарса немесе өзгертсе;
      конкурс жеңiмпазы деп анықталғанымен мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, конкурсты ұйымдастырушы қарымды өнiм берушiге ол төлеген конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтармайды.

              Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру

      19. Қарымды өнiм берушi конкурс өтiнiмiн берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiнгi 10 күннен кешiктiрмей конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салуға құқылы. Конкурсты ұйымдастырушы қарымды өнiм берушiнiң осындай сұрауына үш күн мерзiм iшiнде жауап беруге және сұрау салу кiмнен түскенiн көрсетпей конкурс ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы берген барлық қарымды өнiм берушiге осындай түсiндiрме беруi тиiс.
      20. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн кез келген уақытта өз бастамасымен, не қандай да бiр қарымды өнiм берушiнiң тарапынан жiберiлген түсiндiрме беру туралы сауалға жауап ретiнде толықтыру шығару арқылы конкурстық құжаттаманы өзгертуге құқылы. Толықтыру дереу (яғни ол қабылданған күнi) конкурсты ұйымдастырушы конкурс құжаттамасын берген барлық қарымды өнiм берушiге хабарланады және оның мұндай қарымды өнiм берушiлер үшiн мiндеттi күшi болады, бұл ретте конкурс құжаттамасын беру мерзiмi осындай толықтырулар туралы қарымды өнiм берушiге жазбаша хабарлаған күннен бастап есептеледi.

                            Конкурсты өтiнiм

      21. Қарымды өнiм берушi конкурсты ұйымдастырушыға ұсынатын конкурстық өтiнiм конкурстық құжаттаманың белгiленген нысандарына сәйкес орындалуға және мынадай ақпараттарды қамтуға тиiс:
      1) техникалық маманданымдарды, жоспарлады, сызбаларды, нобайлар мен халықаралық және iшкi стандарттарға сiлтемелердi қоса алғанда, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң техникалық және сапалық сипаттамалары;
      2) тауар саны;
      3) тауарлар берiлетiн, жұмыстар орындалатын, қызметтер көрсетiлетiн орын;
      4) тауарларды берудiң, жұмысты орындаудың, қызметтер көрсетудiң мерзiмдерi;
      5) тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң бағасы;
      6) конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамасының талаптарына сәйкес басқа да қажеттi ақпараттар.
      22. Қарымды өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi жабық конвертте, конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде ұсынады.
      23. Конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде болады.
      24. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмнiң күшiнде болған мерзiмi аяқталғанға дейiн қарымы өнiм берушiден қосымша нақты уақыт кезеңiне осы мерзiмдi ұзартуды өтiне алады. Қарымды өнiм берушi мұндай сұрау салуды конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етуге өздерi өткiзген ақыны қайтарып алу құқығын жоғалтпай-ақ бас тарта алады және оның конкурстық өтiнiмнiң күшiнде болу мерзiмi ұзартылмаған қолданылу мерзiмi бiткеннен кейiн аяқталады.
      25. Егер конкурстық құжаттамада мұндай мүмкiндiк қарастырылған болса, онда қарымды өнiм берушi конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етуге өздерi өткiзген ақыны қайтарып алуға құқығын жоғалтпай-ақ конкурстық өтiнiмдi берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмiн өзгертуi немесе қайтарып алуы мүмкiн. Егер конкурсты ұйымдастырушы қайтарып алу туралы мұндай өзгерiстi немесе хабарламаны конкурстық өтiнiмдi берудiң соңғы мерзiмiне дейiн алған болса, онда оның күшi бар болып табылады.
      26. Қарымды өнiм берушi конкурстық өтiнiммен бiрге:
      егер мұндай талап конкурстық құжаттамада көзделген болса, конкурстық өтiнiмдi қамтамасыз етудi;
      қарымды өнiм берушiнiң кәсiптiк талаптарға сәйкестiгiн растайтын құжатты ұсынуға тиiс.
      27. Конкурсты ұйымдастырушылар осы Тәртiптiң 22 және 26-тармақтарының талаптарын бұза отырып ұсынылған конкурстық сұраныстарды қарамауға құқылы.

          Конкурстық өтiнiмдердi конкурстық комиссияның қарауы
            және конкурс жеңiмпазымен мемлекеттiк сатып алу
                           туралы шарт жасасу

      28. Конкурстық өтiнiмдердi қарауды қамтамасыз ету және конкурс жеңiмпазын айқындау үшiн конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен конкурс комиссиясы туралы ережеге сәйкес жұмыс iстейтiн конкурстық комиссияны құрады.
      29. Конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурстық комиссия конкурстық құжаттамада белгiленген күнде және сағатта конкурстық өтiнiмдердi ұсынған барлық қарымды өнiм берушiлердiң немесе олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң қатысуымен конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашады.
      30. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер бар конверттердi ашу рәсiмiнде қатысушыларға конкурстық өтiнiм ұсынған қарымды өнiм берушiлердiң атауы мен алған орнын және олар ұсынған конкурстық өтiнiмдердiң бағаларын хабарлайды.
      31. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер бар конверттi ашқан күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде конкурсты қорытындылайды.
      32. Конкурстың қорытындысы конкурстық комиссия мен конкурс жеңiмпазы қол қоятын конкурстық құжаттаманың белгiленген нысандарына сәйкес конкурстық комиссия отырысының хаттамасы түрiнде ресiмделедi. Аталған хаттамада:
      конкурс жеңiмпазының атауы мен орналасқан жерi;
      осы Тәртiптiң 34-тармағында көзделген жағдайда ұсынысы конкурс жеңiмпазынан кейiн артықшылықты болып қабылдануы мүмкiн олардың басымдығы тәртiбiндегi конкурсқа қатысушылардың атауы мен орналасқан жерi;
      мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылуға тиiстi 15 күннен аспайтын, конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап есептелетiн мерзiмi көрсетiледi.
      Егер конкурс осы Тәртiптiң 11-тармағына сәйкес қатысушылардың шектеулi санымен өткiзiлетiн болса, онда хаттамада мұндай шешiмнiң негiздемесi көрсетiледi.
      33. Тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазы деп танылған қарымды өнiм берушiге мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың конкурстық құжаттаманың белгiленген нысандарына сәйкес әзiрленген жобасын жiбередi.
      34. Егер конкурс жеңiмпазы мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа конкурс комиссиясы отырысының хаттамасында мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қою үшiн белгiленген мерзiмде қол қоймаса, тапсырыс берушiнiң аталған мерзiм өткеннен кейiнгi 7 күннен кешiктiрмей осы Тәртiптiң 32-тармағына сәйкес конкурстық комиссия отырысының хаттамасында көрсетiлген, ұсынысы конкурс жеңiмпазынан кейiн неғұрлым артықшылықты деп танылған конкурстық басқа қатысушысымен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға құқығы бар. Бұл ретте мемлекеттiк сатып алулар туралы шартта конкурсқа қатысушыны тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушi ретiнде таңдап алудың себептерi мен негiздемесi көрсетiледi.
      35. Тараптардың мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа конкурс жеңiмпазы айқындалған талаптардан өзгеше қандай да бiр өзгерiстер енгiзуге құқығы жоқ.

               III. ОБЪЕКТIНI САЛУ НЕМЕСЕ ЖӨНДЕУ КЕЗIНДЕ
                         КОНКУРС НЫСАНЫН ТАҢДАУ

      36. Егер мемлекеттiк сатып алу объектiсi қандай да бiр объектiнi салу немесе электр энергиясын қоса алғанда, өнеркәсiп объектiлерiнiң негiзгi және/немесе көмекшi жабдықтарын жөндеу болып табылса, конкурсты ұйымдастырушы нақтылы сатып алу шарттарына сүйене отырып, конкурстың мынадай үлгiлерiнiң бiрiн белгiлеуi керек:
      1) жобалау жұмыстарына, жабдықтарды беруге, құрылыс-монтаж немесе жөндеу жұмыстарына жекелеген конкурстар;
      2) жабдықтарды жеткiзу мен құрылыс-монтаж жұмыстарын қоса алғанда, жобалау жұмыстары мен объектiлерiнiң құрылыстарына жекелеген конкурстар;
      3) құрылыс объектiлерiн даяр қалпында тапсыруға конкурс.
      37. Егер салынуға тиiстi объект кең таралған болса (мысалы, мектеп, аурухана, балабақша, қойма үйлерi, қуаттылығы 10 кВТ және одан төмен шағын электр станциялары, электр энергиясын қоса алғанда өнеркәсiп объектiлерiнiң негiзгi және/немесе көмекшi жабдықтарын жөндеу және т.б.), осы Тәртiптiң 36-тармағының 1-тармақшасы бойынша өткiзiлетiн конкурстың нысаны қолданылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда конкурсты ұйымдастырушы жабдықтар беруге және жобалау жұмыстарына жекелеген конкурстар, одан кейiн, құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс өткiзедi. Бұл ретте қосу-реттеу жұмыстары жабдықтар беру конкурсына немесе құрылыс монтаж жұмыстарының конкурсына енгiзiледi.
      38. Осы Тәртiптiң 36-тармағының 2-тармақшасы бойынша конкурстың нысаны, егер салынуы қажет объект мамандандырылған (мысалы, шағын және орташа қуаттардың өндiрiстiк үй-жайы, қуаттылығы 10 кВ астам шағын электр станцияларын, шағын және орта қуаттарды және т.б. iске қосу) болып табылатын болса қолданылады. Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы жабдықтарды жеткiзу мен құрылыс-монтаж жұмыстарын қоса алғанда, жобалау жұмыстары мен объектiнi салуға жеке конкурстар өткiзедi.
      39. Осы Тәртiптiң 36-тармағының 3-тармақшасы бойынша конкурстық нысаны, егер, салынуы қажет объект арнаулы және iрi немесе сирек (мысалы, қуаты үлкен өндiрiстiк үй-жай, үлкен қуатты өндiрiстiк объектiнiң немесе оның кезектерiнiң бiрiнiң құрылысын салу, көпiрлердiң, газ және мұнай құбырларының және т.б. құрылысын салу) болып табылатын болса қолданылады. Бұл жағдайда конкурсты ұйымдастырушы объектiнi даяр қалпында салуға конкурс өткiзедi.
      40. Конкурсты ұйымдастырушы объектiнiң құрылысын салуға конкурс жариялаған кезде сатып алудың нақты шарттарына сүйенiп, конкурстың нысанын дербес таңдайды. Бұл ретте конкурстық құжаттамалар мен конкурстың қорытындысы туралы хаттамада конкурстың сол немесе өзге де нысанын қолдануға негiздеме келтiрiлуi тиiс.
      41. Аймақтық сипаты бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетулердi (мысалы, тез бүлiнетiн тағам өнiмдерi, көмiр, құрылыс материалдары және т.б.) мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс өткiзу кезiнде конкурсты ұйымдастырушы аймақтар бойынша жекелеген конкурстар өткiзуге құқылы.

             IV. КОНКУРСТЫҚ ӨТIНIМДЕРДI ҚАРАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ
                               САЛЫСТЫРУ

      42. Конкурстық комиссия осы Тәртiптiң 21-тармағының шартты талаптарына сәйкес келетiн конкурстық өтiнiмдердi ғана қарауға қабылдайды.
      43. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыру кезiнде қарымды өнiм берушiден конкурстық өтiнiмдердi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн конкурстық өтiнiмдерге байланысты түсiндiрме ұсынуды сұрай алады.
      44. Конкурстық комиссия конкурстық мәлiмдеменi, егер онда конкурстық құжаттамада мазмұндалған сипаттарды, шарттарды және өзге де талаптарды айтарлықтай өзгертпейтiн немесе айтарлықтай ауытқушылық болып табылмайтын шағын ауытқушылық болса немесе егер онда конкурстық мәлiмдеменiң мәнiн қозғамастан түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса конкурстық мәлiмдеменi формальды талаптарға жауап беретiн ретiнде қарай алады. Кез келген мұндай ауытқушылық мүмкiндiгiне қарай сандық жағынан көрсетiледi және конкурстық өтiнiмдi бағалау және салыстыру кезiнде ескерiледi.
      45. Шартты талаптарға жауап бермейтiн конкурстық өтiнiмдi осы талаптарға сәйкес келтiруге ешқандай сұраныстарға, ұсыныстарға жасауға немесе рұқсат етулерге жол берiлмейдi.
      46. Конкурстық комиссия, егер аталған конкурстық өтiнiм осы Тәртiптiң 44-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда шартты талаптарға жауап бермейтiн болса конкурстық өтiнiмнен бас тартады.
      47. Конкурстық комиссия конкурстың жеңiмпазын айқындау үшiн барлығына өзге тең жағдайлар кезiнде бағаны төмендетуге арналған аукцион түрiнде қарымды өнiм берушiлер арасында конкурс өткiзуге құқылы.
      48. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысу үшiн қабылданған конкурстық өтiнiмдердi бағалайды және салыстырады және ең төменгi бағаның негiзiнде немесе бағадан басқа осы Тәртiптiң 12-тармағының 8-тармақшасында көзделген басқа да элементтердi ескере отырып, жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi айқындайды.
      49. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi бағалау және

салыстыру кезiнде конкурстық өтiнiмнiң бағасынан басқа мына
элементтердi:
     1) конкурстық өтiнiмдерде ұсынылған жеткiзу кестесiн;
     2) конкурстық өтiнiмдерде ұсынылған төлем шарттарын;
     3) жабдықты пайдаланудың кепiлдi мерзiмiнiң iшiнде болжанған
пайдалану шығыстарын;
     4) ұсынылатын жабдықтың пайдалану сипаты мен өнiмдiлiгiн;
     5) сатып алынған жабдықта экспорттық мақсаттағы өнiмдердi
өндiрудiң мүмкiндiгiн;
     6) Қазақстан Республикасының шикiзат, өндiрiс және еңбек
ресурстарын пайдаланудың жалпы арасалмағын;
     7) Қазақстан Республикасының экономикасына және/немесе әлеуметтiк
саласына инвестициялар тартуды;
     8) шағын кәсiпкерлiкке қолдау көрсетудi;
     9) Қазақстан Республикасында жаңа өндiрiстер мен жұмыс орындарын
құруды;
     10) Қазақстан Республикасының басқару, ғылыми және өндiрiстiк
кадрларын даярлауды ескере алады.


      Конкурстық комиссия осы тармақта көрсетiлген элементтердiң осы Тәртiптiң 50-61-тармақтарына сәйкес айқындалған, барлық қарымды өнiм берушiлерге бiрдей мөлшерде қолданылатын конкурстық өтiнiмдердiң бағасына әсерiн айқындайды.
      50. Егер конкурстық өтiнiмде конкурстық құжаттамада мәлiмделген тапсырысшымен салыстырғанда берудiң неғұрлым кешiрек мерзiмi көзделсе, онда конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер құнын белгiлi бiр процентiнiң негiзiнде (талап етiлгенмен салыстырғанда кешiктiрудiң әрбiр аптасы үшiн 0-ден 2 процентке дейiн ұсынылады) бұл кешiктiрудi ақшалай түрде бiлдiруге және берудiң неғұрлым жай мерзiмi бар конкурстық өтiнiмнiң бағасына қосуы тиiс. Аталған рәсiм берудiң неғұрлым кешiрек мерзiмдерiн көздейтiн әрбiр конкурстық өтiнiмге жеке қолданылады. Мерзiмiнен бұрын бергенi үшiн ешқандай жеңiлдiк көзделмейдi.
      51. Тапсырыс берушi конкурстық құжаттамада төлемнiң шарттарын мәлiмдеуi тиiс және конкурстық ұсыныс төлемiнiң базалық шарттарының негiзiнде бағалауы қажет. Сонымен бiрге, конкурстық комиссия қарымды өнiм берушiлерге төлемнiң баламалы шарттарын ұсынуға рұқсат бере алады, бұл ретте қарымды өнiм берушi ол бұндай жағдайда қандай бағалық жеңiлдiктердi ұсына алатындығын көрсетуi тиiс.
      52. Қарымды өнiм берушi өзiнiң конкурстық өтiнiмiнде жабдықты пайдаланудың кепiлдiктi мерзiмi iшiндегi пайдалану шығындарын көрсетуi және оларды есептермен растауы тиiс. Конкурстық комиссия пайдалану шығыстарының құны ең төменгi конкурстық өтiнiмдi айқындауы және басқа конкурстық өтiнiмдердiң бағасына әрбiр конкурстық өтiнiмнiң пайдалану шығыстарының құны пайдалану шығыстарының ұсынылып отырған ең төменгi құнынан асатын проценттi қосуы тиiс.
      53. Қарымды өнiм берушi берiлетiн тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң конкурстық құжаттамалардың техникалық шарттарымен сәйкестiгiн қамтамасыз ете отырып, оның iшiнде ұсынылатын жабдықтың пайдалану сипаттамасына кепiлдiк берілетiн кезеңдi көрсетуi тиiс. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасына, егер конкурстық өтiнiмде ұсынылған кепiлдiк кезеңi конкурстық құжаттама мәлiмделген базалық кезеңнен аз болған жағдайда конкурстық өтiнiмнiң бағасына белгiленген процент (әр жыл үшiн 0-ден 3 процентке дейiн ұсынылады) қосуы немесе кепiлдiк берiлген кезең базалықтан көп болса алып тастауы тиiс.
      54. Егер конкурстық өтiнiмде сатып алынатын жабдықта экспортқа өндiрiлетiн тауарларды берудiң кепiлдiк берiлген мүмкiндiгi ұсынылса, онда конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтiнiмнiң бағасын белгiленген процентке (0-ден 3 процентке дейiн ұсынылады) кемiтедi.
      55. Егер конкурстық өтiнiмде конкурстық өтiнiмдердiң бағасының 30 және одан астам мөлшерiнде Қазақстан Республикасының шикiзаттық, өндiрiстiк және/немесе еңбек ресурстарына пайдалану ұсынылса, онда конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтiнiмдердiң бағасын белгiленген процентке (0-ден 3 процентке дейiн ұсынылады) кемiтедi.
      56. Егер конкурстық өтiнiмде 1000000 млн. американ долларына баламды мөлшерде Қазақстан Республикасының экономикасын және/немесе әлеуметтiк саласын инвестициялауды кепiлдендiрiлген жүзеге асыру ұсынылса, онда конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтiнiмдердiң бағасын белгiленген процентке (0-ден 3-процентке дейiн ұсынылады) кемiтедi.
      57. Егер конкурстық өтiнiмде құны конкурстық өтiнiмдер бағасының 30 және одан астам процентi мөлшерiнде Қазақстан Республикасында жаңа өндiрiстiк және жұмыс орындарын құру ұсынылса, онда конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтiнiмдердiң бағасын белгiленген процентке (0-ден 3 процентке дейiн ұсынылады) кемiтедi.
      58. Егер конкурстық өтiнiмде конкурстық өтiнiмнiң бағасының 10 және одан астам процентi мөлшерiнде Қазақстан Республикасында басқару, ғылыми және/немесе өндiрiс кадрларын даярлауды жүзеге асыру ұсынылса, онда конкурстық комиссия мұндай конкурстық өтiнiмнiң бағасын белгiленген процентке (0-ден 0,1 процентке дейiн ұсынылады) кемiтедi.
      59. Осы Тәртiптiң 44-тармағында көзделген жағдайларда конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмнiң бағасын белгiленген процентке (0-ден 0,5 процентке дейiн ұсынылады) арттыруы тиiс.
      60. Егер конкурстық құжаттамада мұндай көзделсе тауарларды беруге арналған конкурстық өтiнiмдердi қарау мен бағалау кезiнде конкурстық комиссия жергiлiктi қарымды өнiм берушiлердiң конкурстық өтiнiмдерiнiң бағасын Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларды беру кезiнде шетелдерден осындай тауарларды әкелудi ұсынатын шетелдiк қарымды өнiм берушiлермен салыстырғанда салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеудi көрсететiн белгiлi бiр процентке азайта алады (0-ден 10 процентке дейiн ұсынылады).
      61. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi сандық бағалау үшiн осы Тәртiптiң 48-60-тармақтарына сәйкес әрбiр конкурстық өтiнiмнiң бағасы мен басқа элементтердiң әсерiн ақшалай түрде жинақтайды. Жиынтық бағасы төмен конкурстық өтiнiм жеңiп шыққан болып саналады. Бiр немесе бiрнеше конкурстық өтiнiмнiң жиынтық бағасы тең болған жағдайда неғұрлым жақсы пайдалану сипаттамасы мен өнiмдiлiгi бар жабдықтарды ұсынатын конкурстық өтiнiмге артықшылық берiледi.
      62. Басқа элементтердiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына жиынтық проценттiк әсер ету осы Тәртiптiң 50, 52-59-тармақтарына сәйкес 10 проценттен аспауы тиiс.

             V. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ ТУРАЛЫ ШАРТТАР ЖАСАСУ

      63. Осы Тәртiптiң 61-тармағына сәйкес конкурстық өтiнiмi жеңiп шыққан деп танылған тапсырысшы және жеткiзушi (не осы Тәртiптiң 34-тармағына сәйкес ұсынысы конкурс жеңiмпазынан кейiнгi бiршама тартымды деп танылған жеткiзушi) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және конкурстық құжаттамаларда көзделген шарттарда және осы

Тәртiптiң 32 және 34-тармақтарында белгiленген мерзiмдерде мемлекеттiк
сатып алу туралы шарт жасасады.
     64. Егер конкурстық құжаттамада ондай көзделсе тапсырыс берушi
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқанға дейiн өнiм берушiден осы
Тәртiптiң 9-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бiлiктiлiк талаптарына
өзiнiң сәйкестiгiн растауды талап ете алады.

                           VI. АШЫҚ КОНКУРС

     65. Ашық конкурс мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi
тәсiлi болып табылады.
     66. Ашық конкурс өткiзудiң рәсiмi осы Тәртiптiң I-V тарауларында
көрсетiлген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
     67. Ашық конкурс:


      1) қарымды өнiм берушiлерден олардың бағаларын көрсетпестен тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттарына қатысты ұсыныстар сұратуды, берiлген ұсыныстарға талдау жүргiзудi және қажет болған жағдайда мұндай конкурстық өтiнiмдi ұсынушы қарымды өнiм берушiлермен келiссөздер жүргiзудi;
      2) ұсынысы тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң берiлген техникалық, сапалық және өзге де сипаттамаларына сәйкес келедi деп танылған қарымды өнiм берушiлердiң олардың бағасын көрсетуi арқылы конкурстық өтiнiм енгiзуiн қамтитын екi кезеңдi рәсiмдi пайдалану арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
      68. Екi кезеңдi рәсiмдi пайдалану арқылы ашық конкурс:
      1) талап етiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң егжей-тегжейлi техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамасын айқындау және қалыптастыру қиын болған;
      2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, зерделеулер немесе

әзiрлеулер жүргiзу мемлекеттiк сатып алудың объектiсi болып танылған;
     3) бiр кезеңдi ашық конкурс оның жеңiмпазын айқындауға әкеп
соқпаған жағдайларда өткiзiледi.
     69. Ашық конкурсты өткiзудiң қорытындысы ол өткiзiлген күннен
бастап 10 күннен кешiктiрiлмей ресми баспасөзде жариялануы тиiс және
жарияланым мынадай ақпаратты:
     1) конкурс жеңiмпазының атауы мен орналасқан жерiн;
     2) сатып алынатын тауарлардың атауы мен көлемiн, жұмыстарды
орындаудың, қызметтер көрсетудiң құнын;
     3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып
алудың жалпы құнын қамтуы тиiс.

                          VII. ЖАБЫҚ КОНКУРС

     70. Жабық конкурс:


      1) тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер олардың жоғары немесе мамандандырылған сипаты себебi бойынша қарымды өнiм берушiлердiң шектеулi санында ғана және мұндай қарымды өнiм берушiлер белгiлi болған;
      2) конкурстық өтiнiмдердiң көп санын қарау және бағалау үшiн қажет уақыт пен шығыстар сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң құнынан айтарлықтай асып кететiн;
      3) мемлекеттiк сатып алу құпиялық режим белгiлейдi қажет ететiн жағдайларда өткiзiледi.
      71. Жабық конкурс өткiзудiң рәсiмдерi осы Тәртiптiң I-V тауарларында белгiленген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
      72. Жабық конкурс:
      1) қарымды өнiм берушiлерден олардың бағаларын көрсетпестен тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына қатысты ұсыныстарды, берiлген ұсыныстарға талдау жүргiзудi және қажет болған жағдайда мұндай конкурстық өтiнiм берген қарымды өнiм берушiмен келiссөздер жүргiзудi;
      2) ұсынысы тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң берiлген техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына сәйкес келетiн қарымды өнiм берушiлердiң олардың бағаларын көрсету арқылы конкурстық өтiнiм енгiзуi қамтитын екi кезеңдiк рәсiмдердi пайдалану арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
      73. Екi кезеңдi рәсiмдi пайдалану арқылы ашық конкурс:
      1) талап етiлетiн тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң егжей-тегжейлi техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамасын айқындау және қалыптастыру қиын болған;
      2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, зерделеулер немесе әзiрлеулер жүргiзу мемлекеттiк сатып алудың объектiсi болып табылған;
      3) бiр кезеңдi ашық конкурс оның жеңiмпазын айқындауға әкеп соқпаған жағдайларда өткiзiледi.
      74. Ашық конкурсты өткiзудiң қорытындысы олар өткiзiлген күннен бастап 10 күннен кешiктiрiлмей ресми баспасөзде жариялануы тиiс және жарияланым мынадай ақпаратты:
      1) конкурс жеңiмпазының атауы мен орналасқан жерiн;
      2) сатып алынатын тауарлардың атауы мен көлемiн, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң құнын;
      3) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алудың жалпы құнын қамтуы тиiс.
      Жабық конкурсты өткiзудiң қорытындысы жабық конкурс осы Тәртiптiң 73-тармағының 3-тармақшасына сәйкес өткiзiлсе жарияланбайды.

             VIII. БАҒАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАРҒА СҰРАНЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ
                             АРҚЫЛЫ КОНКУРС

      75. Бағалық ұсыныстарға сұранымды пайдалану арқылы конкурс жабық конкурстың нысандарының бiрi болып табылады және қарымды өнiм берушiлерде бiр тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу үшiн жүзеге асырылады және бұл реттегi мұндай сатып алулардың айтарлықтай шарты тек баға болып табылады. Ақпарат көзi ретiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарнамалық хабарландырулар, фирмалардың прайс-парақтары және т.б. пайдаланыла алады.
      76. Бағалық ұсыныстарға сұранымды пайдалану арқылы конкурс қандай да болмасын бiр тектес тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алудың көлемi құндық тұрғысында тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанында Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген есептi көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайларда ғана қолданылады.
      77. Бiр қаржы жылының iшiнде бiртектес тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу кезiнде олардың кемiнде бiреуiнiң мөлшерi осы қаржы жылына арналып Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген есептi көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен кем болуы үшiн олардың көлемдерiн бөлiктерге уақтауға тиiм салынады.

                  IХ. БIР КӨЗДЕН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

      78. Бiр көзден мемлекеттiк сатып алу конкурстық рәсiмдi қолданусыз сатып алу болып табылады:
      1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер тек қандай да болмасын нақты қарымды өнiм берушiде ғана болған немесе қандай да болмасын қарымды өнiм берушi сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, қызмет көрсетулерге қатысты айрықша құқықтарға ие болған;
      2) төтенше жағдайлардың пайда болуының салдарынан нақты тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алуға жедел қажеттiлiк пайда болған және мұндай сатып алуды конкурстық тәсiлмен жүзеге асыру үшiн жеткiлiктi уақыт болмаған;
      3) қандай да болмасын берушiден тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алған тапсырыс берушi бiрдейлендiру, стандарттау немесе осы сатып алынған тауарлармен, жұмыстармен, қызмет көрсетулермен үйлесiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн сол берушiден басқа да сатып алулар жүргiзудiң қажеттiгiн айқындаған жағдайларда жүзеге асырылады.
      79. Тапсырысшының бiр көзден мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мұндай берушiден бұл берушi ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң бағасына барлық қажеттi негiздеменi сұратуға құқығы бар.
      80. Тапсырысшы бiр көзден мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң қорытындысы бойынша конкурстық құжаттаманың белгiленген нысандарына сәйкес сатып алу туралы хаттама ресiмдеуi тиiс.

              Х. ҚОРҒАНЫСТЫҢ, ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ
            ҚАУIПСIЗДIКТIҢ ҚАЖЕТТIЛIКТЕРIН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ
                     АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУ

      81. Қорғаныстың, құқық қорғаудың және ұлттық қауiпсiздiктiң қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге арналған мемлекеттiк сатып алу мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету үшiн құпиялық режимiн белгiлеудi қажет ететiн жағдайларды қоспағанда осы Тәртiптiң I-IХ тарауларында белгiленген ережелерге сәйкес жүргiзiледi.
      82. Құпиялық режимiн белгiлеудi қажет ететiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған жағдайда мұндай сатып алулар ақпаратты қорғаудың талаптарын сақтау арқылы жабық конкурстың тәсiлiмен жүзеге асырылады.

           ХI. МЕМЛЕКЕТТIК САТЫП АЛУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗIНДЕ
                   ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIККЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

      83. Конкурсты ұйымдастырушы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру мақсатында тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурстар ұйымдастырған кезде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен сатып алуды ұйымдастыру үшiн мұндай сатып алулардың жалпы көлемiнiң 10 процентiне дейiн резервтендiрудi көздеуi тиiс.
      84. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне сатып алу шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен жүзеге асырылуы тиiс тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер түрлерiнiң номенклатурасы мен олардың көлемдерi бойынша ұсыныс енгiзедi.
      85. Қазақстан Республикасының Үкiметi сатып алу шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен жүзеге асырылуы тиiс тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер түрлерiнiң номенклатурасы мен олардың көлемдерiн бекiткеннен кейiн конкурсты ұйымдастырушы бекiтiлген номенклатура мен көлемдер бойынша конкурстар өткiзедi. Мұндай конкурстарға қатысуға тек шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi ғана шақырылады.
      86. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi арасында конкурстар ұйымдастырудың және өткiзудiң рәсiмдерi қоғамдық ұйымдардың өкiлдерiн тарту арқылы осы Тәртiптiң I-IХ тарауларына сәйкес жүзеге асырылуы және бұқаралық ақпарат құралдарында кейiннен жариялануы тиiс.
      87. Егер ашық конкурсты ұйымдастыру кезiнде конкурстық өтiнiм

берген шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қатарынан қарымды өнiм
берушiлердiң саны үштен кем болған жағдайда, онда конкурсты
ұйымдастырушы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен ғана емес басқалардан
да көзделген сатып алуларды жүзеге асыруға құқылы.
     88. Егер жабық конкурс ұйымдастыру кезiнде жiберiлген сұрауларға
жауап ретiнде конкурстық өтiнiмдер алынбаған жағдайда конкурсты
ұйымдастырушы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен ғана емес басқалардан
да көзделген сатып алуларды жүзеге асыруға құқылы.

                       ХII. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     89. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың атқарылуына бақылау
жасауды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес уәкiлеттi орган жүзеге
асырады.
     90. Мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар жасасу немесе оны
атқару процесiнде тапсырысшы мен берушiнiң арасында пайда болған барлық
даулар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шешiледi.
     91. Мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысушылар мемлекеттiк сатып
алу туралы заңдарды бұзғаны үшiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
жауаптылықта болады.

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                       1998 жылғы 25 ақпандағы
                                       N 141 қаулысымен
                                       бекiтiлген

              Мемлекеттiк сатып алу процесiнде алынатын
       тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiлердi
             анықтау жөнiндегi конкурстық комиссия туралы

                                ЕРЕЖЕ



      1. Мемлекеттiк сатып алу процесiнде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiлердi анықтау жөнiндегi конкурстық комиссия туралы осы Ереже "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк сатып алу процесiнде сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiлердi анықтау жөнiндегi конкурстық комиссияны (бұдан әрi - конкурстық комиссия) ұйымдастырудың тәртiбiн белгiлеу және оның қызметiн реттеу мақсатында әзiрлендi.

                           I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      2. Конкурстық комиссия конкурстар өткiзу және оның жеңiмпазын анықтау үшiн құрылады.
      3. Конкурстық комиссия мемлекеттiк сатып алу процесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiнiң (ведомстводан тыс), жанындағы орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы мекемелерiнiң (ведомстволық) жанынан құрылады.
      4. Конкурстық комиссиялардың қызметкерлерi мен сандық құрамын жанынан конкурстық комиссия құрылған органдардың бiрiншi басшылары бекiтедi.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiнiң жанындағы конкурстық комиссияның құрамына Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаменттiң қызметкерлерi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бюджет департаментiнiң өкiлi, сондай-ақ орталық мемлекеттiк органдардың басшылары және/немесе мамандары кiредi.
      6. Орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы мекемелерiнiң жанындағы конкурстық комиссиялардың құрамына осы органдардың басшылары мен мамандары, сондай-ақ келiсiм бойынша - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi департаментiнiң өкiлдерi кiредi.
      7. Конкурстық құжаттаманы дайындаған кезде конкурстық комиссия тапсырысшымен бiрлесе отырып Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбiне сәйкес бағаға жатпайтын элементтердiң конкурстық өтiнiмнiң бағасына ықпал ету проценттерiн анықтайды.

               II. КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯ ҚЫЗМЕТIНIҢ ТӘРТIБI

      8. Конкурс өткiзудi бастағанға дейiн конкурстық комиссия конкурсты ұйымдастырушы дайындаған конкурстық құжаттамамен танысуға тиiс.
      9. Конкурстық өтiнiштерi бар конверттердi ашқан кезде конкурстық комиссия қатысушы тұлғаларға қарымды өнiм берушiлердiң атауы мен конкурстық өтiнiмдердiң бағаларын жариялайды.
      10. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдер бар конверттер ашылған күннен бастап 10 күннен аспайтын мерзiмде Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбiне сәйкес конкурстық өтiнiмдердi бағалайды және конкурсты қорытындылайды. Конкурстық өтiнiмдердi қараған және оларды бағалаған кезде дауыс саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының немесе оның орнындағы адамның дауысы шешушi орган болып табылады.
      11. Конкурстың қорытындысы Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң тәртiбiне және Конкурстық құжаттаманың нысандарына сәйкес конкурстық комиссияның мүшелерi мен конкурстық жеңiмпазы қол қоятын хаттама түрiнде ресiмделедi. Бұл хаттамада:
      конкурс жеңiмпазының атауы мен орналасқан жерi;
      Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбiнiң 34-тармағында көзделген жағдайда ұсынысы конкурстың жеңiмпазынан кейiнгi артықшылықты олардың басымдылығы тәртiбiмен конкурсқа қатысушылардың атауы мен орналасқан жерi;
      мемлекеттiк сатып алулар туралы шартқа қол қойылуға тиiстi, конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап санағанда 15 күннен аспайтын мерзiм көрсетiледi.

               III. КОНКУРСТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ ӨКIЛЕТТIКТЕРI

      12. Конкурстың комиссия конкурсқа қатыстыру үшiн қабылданған конкурстық өтiнiмдерге баға бередi, салыстырады және жеңiп шыққан конкурстық өтiнiмдi анықтайды. Конкурстық комиссияның шешiмi түпкiлiктi болып табылады.
      13. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердiң қаралуын, бағалауын және салыстырылуы жеңiлдету үшiн қарымды өнiм берушiлерден олардың конкурстық өтiнiмдерiне байланысты түсiнiктемелер сұратуға құқылы. Осы талаптарға сәйкес келмейтiн, шартты талаптарға жауап бермейтiн конкурстық өтiнiмдi өткiзу үшiн ешқандай сұрау салуға, ұсыныс жасауға немесе рұқсат етуге жол берiлмейдi.
      14. Қарымды өнiм берушiлер ұсынған барлық өзге тең жағдайларда конкурстық комиссия жеңiмпазды анықтау үшiн конкурсты, бағаны төмендету мақсатындағы аукцион түрiнде өткiзуге құқылы.
      15. Конкурстық комиссия, егер конкурстық өтiнiмде конкурстық құжаттамада баяндалған сипаттамаларды, шарттарды және өзге де талаптарды айтарлықтай өзгертпейтiн және олардан шегiну болып саналмайтын, елеусiз ауытқушылықтар болса, немесе егер онда, конкурстық өтiнiмнiң мәнiсiне тиiспей, жөндеуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер бар болса, оны талаптарға сай келедi деп қарауға құқылы.
      16. Конкурстық комиссия, егер:
      1) конкурстық өтiнiмдi ұсынған қарымды өнiм берушi Тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу тәртiбiнiң 9 және 12-тармақтарында көрсетiлген бiлiктiлiк талаптарына сай болмаса;
      2) конкурстық өтiнiм осы Ереженiң 15-тармағында көзделгеннен басқа жағдайларда, қарапайым талаптарға жауап бермесе, конкурстық өтiнiмдi қабылдамауға құқылы.
      17. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдерге баға беру үшiн қажет болған кезде техникалық сарапшыларды қатыстыруға құқылы.
                                       Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1998 жылғы 25 ақпандағы N 141 қаулысымен бекiтiлген


                    КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМАНҢ НЫСАНДАРЫ

      Төменде берiлген конкурстық құжаттаманың нысандары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурстар (аукциондар, сауда-саттықтар, тендерлер) ұйымдастыру және өткiзу кезiнде пайдаланылатын құжаттарды жүйелеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi заңдарына сәйкес әзiрленген және мынадай құжаттардың нысандарын қамтиды:
      1) конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi) ұйымдастырушы ресми баспасөзде жариялайтын мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс (аукцион, сауда-саттық, тендер) өткiзу туралы хабарландыру (1-қосымша);
      2) конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес қарымды өнiм берушi дайындайтын және конкурсты (аукциондарды, сауда-саттықты, тендердi) ұйымдастырушыға ұсынатын конкурстық өтiнiм (2-қосымша);
      3) қарымды өнiм берушi конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi) ұйымдастырушыға ұсынатын конкурстық өтiнiмнiң құрамына кiретiн қарымды өнiм берушi ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң бағаларының кестесi (3-қосымша);
      4) хаттамалар:
      тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналып Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген 1000-нан астам есептi көрсеткiштер сомасына мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде ресiмделетiн конкурстық комиссияның отырысы (4-қосымша);
      тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналып Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген 1000-нан аз есептi көрсеткiштер сомасына мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде ресiмделетiн конкурстық комиссияның отырысы (5-қосымша);
      бiр көзден мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде ресiмделген тапсырыс берушiнiң отырысы (6-қосымша).
                                                1-қосымша



                     Мемлекеттiк сатып алу жөнiнде

               конкурс (аукцион, сауда-саттық, тендер)
                      өткiзу туралы хабарландыру

     _______________________________________________________________
                   (конкурсты ұйымдастырушының атауы)
     тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) мынадай түрлерiн
мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс (аукцион, сауда-саттық, тендер)
өткiзу туралы хабарлайды:
     _______________________________________________________________
      тауарларды берудiң (жұмыстарды орындаудың, қызмет көрсетудiң)
     _______________________________________________________________
      көлемiн сапасын, номенклатурасын, орнын және мерзiмiн көрсету
     _______________________________________________________________
      арқылы сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер)
     _______________________________________________________________
                 туралы қысқаша сипаттама беру керек
     _______________________________________________________________

     Осы конкурсқа (аукционға, сауда-саттыққа, тендерге) мынадай
бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн барлық заңды және жеке тұлғаларға
рұқсат етiледi:
     _______________________________________________________________
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi
     _______________________________________________________________
     заңдарына сәйкес конкурсқа (аукционға, сауда-саттыққа, тендерге)
     _______________________________________________________________
     қатысушыларға ұсынылатын бiлiктiлiк талаптары көрсетiлуi керек

     Конкурстық құжаттардың пакетiн _________________________________
     _________________________________________________ алуға болады.
     конкурстық құжаттамаларды алудың мерзiмi, орны
     және тәсiлi көрсетiледi
     Өтiнiмдер _____________________________________________________
                 өтiнiмдер берiлетiн мерзiм, уақыты және мекен-жайы,
     _______________________________________________________________
     анықтама алу үшiн байланыс телефондары көрсетiледi
     ___________________________________ берiлуi керек.

                                                2-қосымша

     (Кiмге)________________________________________________________
               конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi)
                        ұйымдастырушының атауы
     (Кiмнен) ______________________________________________________
                   (қарымды өнiм берушiнiң атауы)

                          КОНКУРСТЫҚ ӨТIНIМ

     ____________________________________________ мемлекеттiк,
         (қарымды өнiм берушiнiң атауы)
     сатып алу конкурсына қатысуға арналған конкурстық құжаттардың
пакетiн қарап, тауарлар берудi (жұмыстарды орындауды, қызметтер
көрсетудi) жүзеге асыруды ұсынады.
     1. ____________________________________________________________
          егер техникалық ерекшелiгi, жоспарлар, сызбалар, нобайлар
     _______________________________________________________________
     және халықаралық және iшкi стандарттарға сiлтемелер қажет болса,
     _______________________________________________________________
     оларды қоса беру арқылы ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың,
     _______________________________________________________________
     қызмет көрсетулердiң)
     _______________________________________________________________
             техникалық және сапалық сипаттамасын келтiру
     2. ____________________________________________________________
            тауарлардың саны (жұмысын, қызмет көрсетудiң көлемi)
     3. ____________________________________________________________
             тауарлар берiлетiн (жұмыстар орындалатын, қызмет
                          көрсетiлетiн) жер
     4. ____________________________________________________________
         тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету)
                              мерзiмдерi
     5. Егер конкурстық құжаттамада ондай көзделсе, басқа
элементтердiң құны көрсетiлген тауарлардың, жұмыстардың, қызмет
көрсетулердiң бағасының кестесi.
     Осы конкурстық өтiнiмнiң (конкурстық құжаттаманың шарттарына
сәйкес немесе егер конкурстық құжаттамада конкурстық өтiнiмнiң талап
етiлген қолданылу мерзiмi көрсетiлмесе) 19__ жылдың______ дейiн
қолданылу мерзiмi бар.

     _________________________           __________________________
           қолы, құны                        аты-жөнi, лауазымы

          М.О.

                                                3-қосымша

                        Конкурстық өтiнiмнiң
                           БАҒАЛАР КЕСТЕСI

             _____________________________________________
                    қарымды өнiм берушiнiң атауы
                                                            (теңге)
     _______________________________________________________________
     |Көрсеткiштiң атауы              |   Тауарлардың (жұмыстардың, |
     |                                |  қызмет көрсетулердiң) атауы|
     |                                |_____________________________|
     |________________________________|_________|__________|________|
     |1. Шыққан елi                   |         |          |        |
     |________________________________|_________|__________|________|
     |2. Бiрлiктiң бағасы (франко-    |         |          |        |
     |   завод)                       |         |          |        |
     |________________________________|_________|__________|________|
     |3. Саны (көлемi)                |         |          |        |
     |________________________________|_________|__________|________|
     |4. Жалпы бағасы (франко-завод)  |         |          |        |
     |________________________________|_________|__________|________|
     |5. Тауарларды елдiң iшiнде та.  |         |          |        |
     |   сымалдаудың құны             |         |          |        |
     |________________________________|_________|__________|________|
     |6. Тауарларды тасымалдау кезiнде|         |          |        |
     |   сақтандырудың құны           |         |          |        |
     |________________________________|_________|__________|________|
     |7. Жинақтаушы тетiктердiң, мiн. |         |          |        |
     |   деттi босалқы бөлшектердiң   |         |          |        |
     |   және пайдаланудың бастапқы   |         |          |        |
     |   мерзiмiнiң iшiнде қызмет     |         |          |        |
     |   көрсетудiң құны              |         |          |        |
     |________________________________|_________|__________|________|

     ___________________                        ___________________
        қолы, күнi                              аты-жөнi, лауазымы

     М.О.

                                                        4-қосымша

                    Конкурстық комиссия отырысының
                              хаттамасы

     _________________________          ____________________________
     конкурс өткiзiлетiн жер            конкурстың өткiзiлетiн күнi

     1. Конкурстық комиссия ________________________________________
                                конкурстық комиссияның құрамын атау
     құрамында мына тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi):
     _______________________________________________________________
       сатып алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
                           қысқаша сипаттау
     мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс (аукцион, сауда-саттық,
тендер) өткiздi.
     2. Конкурсқа (аукционға, сауда-саттыққа, тендерге) қатысуға мына
қарымды өнiм берушiлерге рұқсат етiлдi:
     _______________________________________________________________
       конкурстық өтiнiмдерге берген қарымды өнiм берушiнiң атауы
     _______________________________________________________________
                      мен орналасқан жерiн айту


      3. Конкурсқа (аукционға, сауда-саттыққа, тендерге) қатысқан қарымды өнiм берушiлер олардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын қажеттi құжаттарды ұсынды.
      4. Конкурсқа (аукционға, сауда-саттыққа, тендерге) қатысқан қарымды өнiм берушiлер тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) жөнiнде мынадай ұсыныстар тапсырды:
      _______________________________________________________________
      әрбiр конкурстық өтiнiмнiң басқа негiзгi шарттарының бағасы
      _______________________________________________________________
                      мен қысқаша мазмұнын көрсету
      5. Конкурстық комиссия конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi) дайындау кезiнде конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi) ұйымдастырушы қарымды өнiм берушiлерден конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi) ұйымдастырушы мынадай түсiндiрме берген _____________________________________________________________
          сауалдарға жауаптардың қорытылған мазмұны жазылады конкурстық құжаттаманы түсiндiрулер туралы мынадай сауалдар алынғандығын атап өтедi:
      _______________________________________________________________
             мұндай сауалдардың қорытылған мазмұны жазылады
      Бұл ретте конкурсты (аукционды, сауда саттықты, тендердi) ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға мынадай өзгерiс жасады:
      _______________________________________________________________
            егер мұндай өзгерiстер болған болса, конкурстық
      _______________________________________________________________
           құжаттаманың өзгерiсiнiң қорытылған мазмұнын беру
      6. Конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi қарау

кезiнде конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстырудың мынадай
өлшемдерiне сүйендi:
     _______________________________________________________________
     конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстырдың өлшемдерiн
                              атап айту
     7. Конкурстық комиссия қарауға ұсынылған құжаттардың негiзiнде,
ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстырудың нәтижелерi
бойынша ШЕШТI:
     1). Мына қарымды өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмi конкурстың
(аукционның, сауда-саттықтың, тендердiң) жеңiмпазы деп танылсын:
     _______________________________________________________________
                 аталған конкурстық өтiнiмдi ұсынушы
     _______________________________________________________________
          өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерiн көрсету
     Егер конкурстық өтiнiмдердi қарау, бағалау және салыстыру кезiнде
барлық конкурстық өтiнiмдерден бас тартылса, тиiстi себебi көрсетiледi.
     2) Тапсырысшыға (тапсырысшыларға) _____________________________
                                            әр тапсырысшының
     _______________________________________________________________
                   атауы мен орналасқан жерiн айту
     ______________________________________________ дейiн мерзiмде
     күнiн көрсету, бiрақ аталған хаттамаға қол қойылған күннен
     _______________________________________________________________
                     бастап 15 күннен артық емес
     ___________________________________________________________ мен
        конкурстық өтiнiмдi ұтып алған қарымды өнiм берушiнiң
                            атауын көрсету
     мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу тапсырылсын.
     Конкурсты ұйымдастырушы _______________________________________
     _______________________________________________________________
     конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi) ұйымдастырушының
                            атауын көрсету
     конкурстық комиссия отырысының осы хаттамасының көшiрмесi мен
аталған конкурстық (аукционның, сауда-саттықтың, тендердiң)
қорытындылары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгiне жолдасын;
     бұқаралық ақпарат құралдарында өткiзiлген конкурстың (аукционның,
сауда-саттықтың, тендердiң) қорытындыларын жарияласын.
     _______________________________________________________________
        конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолдары,
     _______________________________________________________________
       аты-жөнi, конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi)
     _______________________________________________________________
        жеңiп алған өнiм берушiнiң басшысының қолы, аты-жөнi,
     _______________________________________________________________
                            деректемелерi

                                                        5-қосымша

                    Конкурстық комиссия отырысының
                              хаттамасы

     _________________________          ____________________________
     конкурс өткiзiлетiн жер            конкурстың өткiзiлетiн күнi

     1. Конкурстық комиссия ________________________________________
                                конкурстық комиссияның құрамын атау
     құрамында мына тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi):
     _______________________________________________________________
       сатып алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
                           қысқаша сипаттау
     мемлекеттiк сатып алу жөнiнде конкурс (аукцион, сауда-саттық,
тендер) өткiздi.
     2. Конкурсқа (аукционға, сауда-саттыққа, тендерге) қатысуға мына
қарымды өнiм берушiлерге рұқсат етiлдi:
     _______________________________________________________________
       конкурстық өтiнiмдер берген қарымды өнiм берушiнiң атауы
     _______________________________________________________________
                      мен орналасқан жерiн айту
     3. Конкурсқа (аукционға, сауда-саттыққа, тендерге) қатысқан
қарымды өнiм берушiлер тауарларды беру (жұмыстарды орындау, қызметтер
көрсету) жөнiнде мынадай ұсыныстар тапсырды:
     _______________________________________________________________
     әрбiр конкурстық өтiнiмнiң басқа негiзгi шарттарының бағасы
     _______________________________________________________________
                     мен қысқаша мазмұнын көрсету
     4. Конкурстық комиссия қарауға ұсынылған құжаттардың негiзiнде,
ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстырудың нәтижелерi
бойынша ШЕШТI:
     1). Мына қарымды өнiм берушiнiң конкурстық өтiнiмi конкурстың
(аукционның, сауда-саттықтың, тендердiң) жеңiмпазы деп танылсын:
     _______________________________________________________________
                 аталған конкурстық өтiнiмдi ұсынушы
     _______________________________________________________________
          өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерiн көрсету

     2) Тапсырысшыға (тапсырысшыларға) _____________________________
                                            әр тапсырысшының
     _______________________________________________________________
                   атауы мен орналасқан жерiн айту
     ______________________________________________ дейiн мерзiмде
     күнiн көрсету, бiрақ аталған хаттамаға қол қойылған күннен
     _______________________________________________________________
                     бастап 15 күннен артық емес
     ___________________________________________________________ мен
        конкурстық өтiнiмдi ұтып алған қарымды өнiм берушiнiң
                            атауын көрсету
     мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу тапсырылсын.
     Конкурсты ұйымдастырушы _______________________________________
     _______________________________________________________________
     конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi) ұйымдастырушының
                            атауын көрсету
     конкурстық комиссия отырысының осы хаттамасының көшiрмесi мен
аталған конкурстың (аукционның, сауда-саттықтың, тендердiң)
қорытындылары туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгiне жолдасын;
     бұқаралық ақпарат құралдарында өткiзiлген конкурстың (аукционның,
сауда-саттықтың, тендердiң) қорытындыларын жарияласын.
     _______________________________________________________________
        конкурстық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолдары,
     _______________________________________________________________
       аты-жөнi, конкурсты (аукционды, сауда-саттықты, тендердi)
     _______________________________________________________________
        жеңiп алған өнiм берушiнiң басшысының қолы, аты-жөнi,
     _______________________________________________________________
                            деректемелерi

                                                        6-қосымша

                        Тапсырысшы отырысының
                              хаттамасы

     ___________________________       _____________________________
        тапсырысшының отырысы             тапсырысшы отырысының
           өткiзiлген жер                   өткiзiлген күнi

     Тапсырысшы ____________________________________________________
                     тапсырысшының атауын көрсету
     мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн _____________________
                                                тауардың (жұмыстың,
     _______________________________________________________________
                  қызмет көрсетудiң) атауын көрсету
     ШЕШТI:
     1. _________________________________________________ байланысты
       бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн қолданудың
                           негiзiн баяндау
     бiр көзден мемлекеттiк сатып алу тәсiлiн қолдануды;
     2. Жалпы сомасы _______________________________________________
                      мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың бағасын
     ________________________________________________________ теңгеге
                     санмен және жазбаша көрсету
     ___________________________________________________________ мен
     мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң
                      атауы мен орналасқан жерi
     мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды ____________________
     _______________________________________________________________
       сатып алынатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
                           қысқаша сипаттау

     ___________________________     _______________________________
        берушiнiң қолы мен              тапсырысшының қолы мен
           деректемелерi                     деректемелерi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады