Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ереженi бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы 1998 жылғы 26 желтоқсан N 291. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 27 ақпанда N 696 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 қарашадағы N 427 ~V011770 қаулысымен.

      Банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:
      1. Ұсынылған Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ереже бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағұлов Б.Қ) бiрлесiп Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзсiн.
      3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап 
екi апта мерзiмде осы қаулыны және Банктердiң акциялары қор биржасында 
листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және 
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы ереженi Қазақстан 
Республикасы Ұлттық Банкiнiң облыстық филиалдарына және екiншi деңгейдегi 
банктерге жiберсiн.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық 
Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.
   
     
     Ұлттық Банк 
      Төрағасы
                                             Қазақстан Республикасы
                                             Ұлттық Банкі Басқармасының
                                             1998 жылғы 26 желтоқсандағы
                                             N 291 қаулысымен бекітілген
     
          Банктердiң акциялары қор биржасында листингтен өткен         
       инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды       
            тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы туралы 
                           Ереже
     


      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Z952444_ Заң күшi бар Жарлығының, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Z970077_ , "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Z970082_ Қазақстан Республикасы Заңдарының, басқа да заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес әзiрленген және екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) акциялары қор биржасында листингтен өткен инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - листинг компаниялары) жарғылық капиталына қатысу шарттарын және банктердiң осындай қатысуы туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiне (бұдан әрi - Ұлттық Банк) ақпарат беру тәртiбiн белгiлейдi.

                     1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде сақтандыру рыногын, бағалы қағаздар рыногын, инвестициялық қорлардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде анықтамасы берiлген ұғымдар қолданылады.
      2. Қаржылық рыноктың инфрақұрылымының бөлiгi болып табылатын және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметiн автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың, сонымен қатар осы ұйымдардың кепіл ретiнде қабылданған акциялары кепiл туралы шарттың талаптарына сәйкес оларды банк сатқанға дейiн банктердiң меншiгiне айналып кететiн жағдайлардағы заңды тұлғалардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына шек қойылмайды.
      3. Банктердiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялар пакетi мен қатысу үлестерiн (қатысушылардың салымдарын) өкiлеттi басқаруы бойынша талаптар, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөнiндегі компаниялардың, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына қойылатын талаптар Ұлттық Банктің жекелеген нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
      4. Екiншi деңгейдегi банктердi халықаралық стандарттарға көшiру бағдарламасына сәйкес банктердiң бiрiншi тобына енгiзiлген не осы бағдарламаның жүзеге асырылуын реттейтiн Ұлттық Банктiң қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес және осы Ережеде белгiленген талаптарға сай табысты аяқтаған банктер ғана инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, сонымен қатар листинг компанияларының акцияларына (бiр эмитенттiң акцияларының жалпы санының он бес проценттен аспайтын мөлшерiнде) тiкелей немесе жанама иеленуге, өкiмдiк жүргiзуге және/немесе оларды басқаруға (жарғылық капиталға қатысуға) құқылы.
      5. Банк инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, сонымен қатар листинг компанияларының жарғылық капиталына қатысуға құқылы, ол үшін бір заңды тұлғаның жарғылық капиталға осылай қатысуы банктің өз капиталының 10%-нен аспауға тиіс.
      6. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салынған банк ақшасының осы Ереженiң 5-тармағында белгiленген шектегi сомасы Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекiтiлген Пруденциалдық нормативтерi туралы ереженiң талаптарына сәйкес пруденциалдық нормативтер есептеп шығарылғанда банктiң меншiктi капиталынан алынады.
      7. Инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, листинг компанияларының акцияларын алған банктер акцияларды сатып алғаннан кейiн үш күннiң iшiнде Ұлттық Банкке осы туралы жазбаша хабарлама (бұдан әрi - хабарлама) тапсыруға мiндеттi.
      8. Банктiң хабарламасында мыналар болуға тиiс:
      - акцияларын банк сатып алған ұйымның атауы және ұйымдық-құқықтық нысаны;
      - осы ұйымның жарғылық капиталынан банк сатып алған акциялардың (процентпен көрсетiлген) үлесi;
      - осы ұйымның жарғылық капиталына салған ақша сомасы;
      - осы Ережеде ескерiлген басқа да мәлiметтер.
      9. Банк инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және листингтiк компаниялардың акцияларының елу және одан да көп процентiн сатып алған жағдайда, банк пен осы ұйымның өзара қарым-қатынас жасау принциптерi мен тәртiбiн ашып көрсететiн құжатты хабарламамен бiрге Ұлттық Банкке тапсырады.
      10. Банктiң инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының және листинг компанияларының жарғылық қорына қатысуы оның қаржылық жағдайын айтарлықтай нашарлатуға әкелiп соғатын болса, Ұлттық Банк мұндай қатысуға шек қоюға (тыйым салуға) құқылы.

      2-тарау. Банктердiң инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына
               қатысу шарттары мен негiздемелерi

      11. Банк инвестициялық қордың аффилиирленген адамы болса, мұндай қордың бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi кәсiптiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық қорына қатысуына құқы жоқ.
      12. Егер банк осы қорды аффилиирленген адамы болып саналса, ол инвестициялық қордың кастодианы бола алмайды.
      13. Инвестициялық қордың елу проценттен астам акцияларын сатып алған банк қажеттi қаржылық (регуляторлық) есептен басқа Ұлттық Банкке бiрiктiрiлген негiзде бухгалтерлiк, статистикалық және өзге есептi тапсырады.
      14. Банк пруденциалдық нормативтердi және Ұлттық Банк белгілеген басқа да нормалар мен лимиттердi банк балансы есебiнiң, әрi бiрiктiрiлген негiздегi баланстық есеп көрсеткiштерiнiң негiзiнде есептеп шығарады.

                  3-тарау. Банктердiң листинг компанияларының
                            жарғылық қорына қатысу шарттары

      15. Банктер осы Ереженiң талаптарын ескере отырып, акциялары қор биржасында листингтен өткен бiр заңды тұлғаның он бес проценттен аспайтын акцияларын сатып алуға құқылы.
      16. Банктер Биржада сатылатын бағалы қағаздардың ресми тiзiмiне сәйкес, бағалы қағаздар листингiн реттейтiн Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының нормативтiк құқықтық актiсiне сай "А" (бiрiншi) және "В" (екiншi) санаттағы листинг компаниясы мәртебесi бар ұйымдардың жарғылық капиталына қатысуға құқылы.
      17. Ұйымның кепiлге қабылдаған акциялары шарттың талаптарына сәйкес

банктiң меншiгiне өткен соң оларды банк үш айдың iшiнде сатуға тиiстi 
жағдайды ескермегенде, бағалы қағаздар листингiн реттейтiн нормативтiк 
құқықтық актіге сәйкес қор биржасында қайта листинг өткiзiлген акциялар 
бойынша ұйымдардың акцияларын тiкелей немесе жанама иеленуге, нұсқау 
беруге және/немесе басқаруға құқығы жоқ.
     18. Листинг компаниясының акцияларын сатып алған (жарғылық капиталға 
қатысатын) банк акция сатып алғаннан кейiнгi (жарғылық капиталға өзiнiң 
үлесiн салғаннан кейiнгi) үш күннің ішінде Ұлттық Банкке тиісті хабарлама 
тапсыруға міндетті.
     
                    4-тарау. Қорытынды ережелер
     
     19. Осы Ереженiң талаптары бұзылған жағдайда, Ұлттық Банк қолданылып 
жүрген заңдарда көзделген шектеулi ықпал ету шараларын және/немесе санкция 
қолдануға құқылы.
     20. Осы Ережемен реттелмеген мәселелер қолданылып жүрген заңда 
белгiленген тәртiппен шешiледi.

     Ұлттық Банк 
      Төрағасы  
     
     Мамандар:     
          Багарова Ж.А.
          Икебаева А.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады