Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының бұдан былайғы саясаты туралы мәлімдемесін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелері бекітілсін және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енгізілсін.
2. Заң департаменті (Сизова С.И.) Банктік қадағалау департаментімен (Жұмағұлов Б.Қ.) бірлесіп, осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін тіркеуден өткізсін.
3. Банктік қадағалау департаменті (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде осы қаулыны және Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.
Төраға | |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 62 қаулысымен бекітілген |
Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру
Ережелері
Осы Ережелер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалды және еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін АҚШ долларына айырбастауды (бұдан әрі - айырбастау) жүзеге асыру тәртібін белгілейді.1-тарау. Жалпы ережелер
1. 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша заңды және жеке тұлғалардың"(банк операцияларының"жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардан басқасы) екiншi деңгейдегi банктердiң (бұдан әрi - банктер) банктiк есепшоттарындағы теңгемен талап етiлетiн де және мерзiмдi теңгелiк депозиттерi де осы Ережелердiң" 2, 3, 4 және 5-тармақтарында белгiленген шарттарға сай айырбастауға жатады.Сонымен қатар, егер 1999 жылғы 29 наурыз - 2 сәуiр аралығындағы кезеңде депозитордың банктiк есепшотынан ақша алу және/немесе ақша қосу (есептеу) жүзеге асырылған болса, онда депозитордың банктiк есепшотындағы 1999 жылғы 2 сәуiрдiң"аяғындағы депозит сомасы 1999 жылғы 29 наурыздағы депозит сомасы қалдығының шегiнде айырбастауға жатады.
1999 жылғы 5 сәуiрден бастап өтiнiш берiлген күнге дейiнгi кезеңде депозитордың есепшотынан ақша алған және/немесе ақша қосқан жағдайда, 1999 жылғы 2 сәуiрдiң" аяғындағы қалдық шегiнде, осы Ережелердiң 6-тармағында көзделгендей өтiнiш берген күнгi депозитордың есепшотындағы депозиттiң нақты сомасы айырбастауға жатады, бiрақ 1999 жылғы 29 наурыздағы депозитордың есепшотындағы ақша қалдығынан аспауға тиiс.
Айырбастауға жататын депозит сомасын анықтау мысалдары осы Ережелерге қоса берiлiп отыр (N 3 қосымша).
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.12 N 69 қаулысымен.
2. Әрбір депозитор - жеке немесе заңды тұлға теңгелік депозиттің мөлшерін дербес айқындайды, ол осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген бағам бойынша АҚШ долларына айырбасталатын болады және мынадай шектеулер ескеріледі:
1) жеке тұлғалардың теңгелік депозиттері - 29.03.99 жылғы жағдай бойынша банк есепшотындағы ақшасының бүкіл қалдығы шегінде;
2) заңды тұлғалардың теңгелік депозиттері - 29.03.99 жылғы жағдай бойынша банк есепшотындағы ақша қалдығының 30 %-і шегінде.
3. Теңгелік депозиттердің бағамы 1 АҚШ доллары үшін 88 теңге 30 тиын болады.
4. Депозиттің немесе оның бір бөлігінің сыйақы (мүдде) сомасы есептелмеген сомасын айырбастауға болады. Депозиттi қайта ресiмдеу күнiндегi жағдай бойынша есептелген сыйақыны (мүдденi) банк бұрынғы жасалған депозит шартының талаптары бойынша төлейдi.
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.12 N 69 қаулысымен.
5. Осы Ережелердің 2, 3 және 4-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес АҚШ долларына қайта ресімделген депозиттерді заңды тұлғалар 1999 жылғы 5 қазанға дейін және жеке тұлғалар 2000 жылғы 5 қаңтарға дейін алуына болмайды.
Депозитор қайта ресiмделген депозиттiк есепшоттан өз қалауы бойынша ақшаны (барлығын немесе соманың бiр бөлiгiн) мерзiмiнен бұрын алған жағдайда, банк осы Ережелерде белгiленген шарттармен депозиттегi ақшаны АҚШ долларына айырбастамайды.
Сонымен бiрге банк есеп берiлген айдан кейiнгi келесi айдың 4 күнiнен кешiктiрмей ай сайын Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне бұзылған шарттардың сомасы және деректемелерi туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Депозитордың шотынан ақша алуға құқығы бар үшiншi тұлға оның қайта ресiмделген депозиттiк есепшотынан заңға сәйкес оның келiсiмiнсiз мерзiмiнен бұрын ақша алған жағдайда, айырбастау депозитордың осы есепшотты толықтыру құқығынсыз, қажеттi соманы есептен шығарғаннан кейiн көрсетiлген есепшоттағы ақша қалдығы бойынша жүргiзiледi.
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.12 N 69; 1999.09.20 N 69 қаулыларымен.
5-1. Банктiң клиенттермен теңгенiң еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшкенге дейiн валюта баламасымен белгiленiп жасалған теңгедегi депозиттерi айырбастауға жатпайды.
ЕСКЕРТУ. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.09.20 N 69 қаулысымен.
2-тарау. Айырбастауды жүзеге асыру тәртібі
6. Айырбастау үшін депозиторлар 1999 жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде банкке осы Ережелерде белгіленген нысан бойынша (N 1, 2 қосымша) үш дана етіп жазбаша өтініш береді.7. Әрбір депозит бойынша (депозиттің бүкіл сомасына немесе бір бөлігіне) жеке өтініш ресімделеді. Өтінішке банктің қабылдап алғаны туралы белгісі болғанда ғана ол қабылданды және жарамды деп саналады.
8. Депозитор орнында жоқ болғандықтан (іссапарға кеткендіктен), уақытша пайдалана алмайтындықтан, сырқаттанып немесе мүгедек болып қалғандықтан тиісті өтінішті ресімдеу және беру мүмкін болмаған жағдайда осы өтінішті депозитордың сенімді адамы заңда белгіленген тәртіппен ресімдеуіне болады.
Депозиторлар - жеке тұлғалар өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда Ұлттық Банк жеке тұлғаның депозиттi қайта ресiмдеу туралы өтiнiмiн (өтiнiшiн) қарауға құқылы.
Депозиттерiн қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беру мерзiмiн дәлелдi себептермен өткiзiп алған жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау үшiн Ұлттық Банк арнайы комиссия құрады.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.09.20 N 69 қаулысымен.
8-1 Өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған жеке тұлға 1999 жылғы 15 қазанға дейiнгi мерзiмде осы Ережелерге қоса берiлiп отырған нысан бойынша өтiнiмдi (өтiнiштi) (N 4 қосымша) салым орналастырылған жердегi банкке немесе оның филиалына беруге тиiс, банк оны бұдан кейiн Ұлттық Банкке жiберетiн болады. Өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған жеке тұлға сондай-ақ өтiнiмдi (өтiнiштi) Ұлттық Банктiң филиалына бере алады.
Өтiнiмде (өтiнiште) қайта ресiмдеуге өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алу себебi (iссапар, сырқаттану және т.б.) толық көрсетiлуi тиiс және оны растайтын құжаттар болса, ол қоса берiлуi тиiс. Егер теңге депозитi бiрнешеу болса, онда жеке тұлға өтiнiмде (өтiнiште) әр депозит жөнiндегi мәлiметтердi жеке көрсетуге тиiс."
Банк немесе оның филиалы өтiнiм (өтiнiш) келiп түскен күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде өтiнiмдi (өтiнiштi) қарау үшiн Ұлттық Банкке жiберуге тиiс.
Ұлттық Банк өтiнiмдi (өтiнiштi) қарау нәтижелерi туралы Ұлттық Банктiң шешiмiн өтiнiш берушiге және депозитордың салымы салынған жердегi банкке немес оның филиалына жiбередi.
Ұлттық Банк оң шешiм қабылдаған жағдайда, банк осы Ережелерде белгiленген тәртiпке сәйкес депозиттi қайта ресiмдейтiн болады.
ЕСКЕРТУ. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.09.20 N 69 қаулысымен.
9. Қайта ресімделген депозит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы банк пен депозитор (салымшы) арасында жасалған шартта (қосымша келісімде) белгіленген тәртіппен айқындалады. Бұл орайда депозит шартына (қосымша келісімге) өтініш түскен күннен бастап жеті күн ішінде қол қойылуға тиіс. Депозит шартына (қосымша келісімге) қол қойылған күннен бастап депозит АҚШ долларына қайта ресімделді деп саналады.
ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.12 N 69 қаулысымен.
10. Банк теңгелік депозит сомасын әрбір қайта ресімделген депозиттік шарт (қосымша келісім) бойынша жаңадан ашылған арнайы баланс есепшотында ескереді.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.12 N 69 қаулысымен.
11. Банктер 1999 жылғы 10 мамырға дейінгі мерзімде Ұлттық Банкке өтініш берген депозиторлардың тізімін депозиттердің сомасын көрсетіп және барлық өтініштердің түпнұсқасының бір данасын қоса беруге міндетті.
Өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған және өздерiне белгіленген мерзiмде өтiнiм (өтiнiш) берген, ол бойынша Ұлттық Банктiң оң шешiмi шығарылған депозиторлардың тiзiлiмiн банктер Ұлттық Банкке 1999 жылғы 21 қазанға дейiнгi мерзiмде беруге тиiс. Мұндай депозиторлар тiзiлiмiнде сондай-ақ депозит сомасы және өтiнiмнiң (өтiнiштiң) бiр данасы болуға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.09.20 N 69 қаулысымен.
12. Ұлттық Банк 1999 жылғы 10 маусымға дейiнгі мерзімде банктерден алынған ақпаратты біріктіреді және әр банкпен форвардтық мәмілелер талаптарына сай заңды тұлғалардың қайта ресімделген депозиттерінің сомасы бойынша валютаға айналдырудың күнін 1999 жылғы 5 қазан деп белгілеп және жеке тұлғалардың қайта ресімделген депозиттерінің сомасы бойынша 2000 жылғы 5 қаңтар деп белгілеп, 1 (бір) АҚШ доллары үшін 88 теңге 30 тиын бағамымен АҚШ долларын сату туралы шарт жасайды.
Ұлттық Банк өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған депозиторлар жөнiнде банктерден алынған ақпаратты 1999 жылғы 21 қазанға дейiнгi мерзiмде жинақтайды және осы Ережелерде белгiленген валюталау күндерiне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың қайта ресiмделген депозиттерiнiң сомасы бойынша форвард мәмiлесiнiң шарттарымен АҚШ долларын сату туралы банкпен бұрынғы жасалған шартқа тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.09.20 N 69 қаулысымен.
13. Осы Ережелердің 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталған соң банк Ұлттық Банкке теңгені жеке және заңды тұлғалардың осы Ережелерге сәйкес қайта ресімделген депозиттерінің жалпы сомасы шегінде айырбастап беру үшін аударуға құқылы.
Сонымен бірге банктің Ұлттық Банктен валютаға айналдырудың көрсетілген күні аяқталған соң белгіленген баға бойынша, бірақ қайта ресімделген депозиттер шегінде АҚШ долларын сатып алуға құқығы бар.
14. Ұлттық Банк теңгемен банк аударған соманы алған соң оны осы Ережелердің 3-тармағында белгіленген бағам бойынша айырбастайды да, банктің корреспонденттік есепшотына тиісті соманы АҚШ долларымен аударады.
15. Банк заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін өтеуді депозиттік шартта және/немесе қосымша келісімде белгіленген мерзімде жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.04.12 N 69 қаулысымен.
15-1. Жекелеген банктер үшiн Ұлттық Банктiң арнайы қаулысымен депозиторлардың банкке айырбастау өтiнiштерiн беруi, депозиторлармен депозит шарттарын ресiмдеуi және банктiң Ұлттық Банкке депозиторлар тiзiлiмiн беруi жөнiнде басқа мерзiм белгiленуi мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 15-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.09.20 N 69 қаулысымен.
2-1-тарау. Теңгенiң еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың теңге депозиттерiн айырбастауға байланысты бухгалтерлiк есепте банк операцияларын көрсету тәртiбi
15-2. Банк теңге депозиттерiн АҚШ долларына қайта ресiмдеген кезде депозитордан алған өтiнiш негiзiнде онымен Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiнiң (бұдан әрi - Ережелер) 5-тармағында белгiленген ең аз мерзiм iшiнде банктегi теңге депозитi (немесе оның бөлiгi) сақталған жағдайда оның айырбасталуы көзделген жаңа депозит шартын немесе қосымша келiсiм жасайды. Сонымен қатар банк депозиттегi қалған ақшаны депозит шартына сәйкес арнайы ашылған 2222 "Клиенттердiң арнайы депозит есепшоты" баланстық есепшотына аударады және мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасайды:Дт 2200 "Клиенттер алдындағы мiндеттемелер"
Кт 2222 "Клиенттердiң арнайы депозит есепшоты" (заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға бөлек жеке есепшот ашылады)
15-3. Ережелердiң 9-тармағына сәйкес жаңа депозит шартына (қосымша келiсiмге) депозитордан тиiстi өтiнiш түскен күннен бастап жетi күннiң iшiнде қол қойылуға тиiс. Депозит шартына қол қойылғаннан кейiн банк теңге бағамы өзгерген сайын немесе айына кем дегенде бiр рет (әр айдың соңғы жұмыс күнiнен кешiктiрмей) қайта ресiмделген депозиттер бойынша өз мiндеттемелерiн қайта бағалауға және мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасауға құқылы:
Дт 1880 "Қаржы фьючерстерi бойынша дебиторлар"
(Банктiң Ұлттық Банкке талаптарын есепке алу үшiн бөлек жеке есепшот ашылады)
Кт 2222 "Клиенттердiң арнайы депозит есепшоты"
15-4. Ережелердiң 12-тармағына сәйкес банк пен Ұлттық Банктiң арасында жасалған шарт 7339 "Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар" меморандум есепшотында ескерiледi.
Кiрiс 7339 "Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар"
15-5. Қайта ресiмделген депозит бойынша сыйақы (мүдде) жасалған депозит шартындағы талаптарға сәйкес депозитке валютамен бағам бойынша есептеу күнiне бағдарланғандай (есептелгендей) келiсiлген сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша ай сайын есептеледi. Сонымен қатар мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
Дт 5215 "Клиенттердiң қысқа мерзiмдi депозиттерi бойынша сыйақы (мүдде) төлеуге байланысты шығыстар"
Кт 2720 "Клиенттердiң депозиттерi бойынша есептелген шығыстар"
Сонымен қатар егер депозит шартында есептелген сыйақыны (мүдденi) ай сайын төлеу көзделген болса, онда оны төлеген кезде банк мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасайды:
Дт 2720 "Клиенттердiң депозиттерi бойынша есептелген шығыстар"
Кт 1001, 1050, 2200 "Кассадағы қолма-қол ақша"
"Корреспонденттiк есепшоттар, "Клиенттер алдындағы мiндеттемелер"
15-6. Банк қайта ресiмделген депозит бойынша ай сайын сыйақы (мүдде) есептеудi және қайта бағалауды Ережелерде көзделгендей клиентердiң депозиттерiн өтеу мерзiмi жеткенге дейiн жоғарыда көрсетiлген тәртiппен жүргiзiп отырады.
15-7. Ережелерде көзделгендей клиенттердiң депозиттерiн өтеу мерзiмi жеткен кезде банк теңгедегi соманы АҚШ долларына айырбастау үшiн 1 АҚШ долларына 88,3 теңге бағамымен Ұлттық Банкке аударады. Сонымен қатар мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
Дт 1860 "Басқа дебиторлар"
Кт 1051 "Банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкiндегi корреспонденттiк есепшоты"
15-8. Банктiң корреспонденттiк есепшотына түскен АҚШ доллары есепте мынадай бухгалтерлiк жазбалар арқылы көрсетiледi:
Дт 1052 "Банктiң басқа банктердегi корреспонденттiк
есепшоттары"
Кт 2203 "Клиенттердiң ағымдағы есепшоттары"
сонымен бiр уақытта
Дт 2222 "Клиенттердің арнайы депозит есепшоттары"
депозиттер сомасына
Кт 1860 "Басқа дебиторлар" ҚРҰБ-не аударылған
сомаға
Кт 1880 "Қаржы фьючерстерi бойынша дебиторлар"
қайта бағалау сомасына
Сонымен бiр уақытта 7339 "Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар" шығысы жүзеге асырылады.
15-9. Депозитор қайта ресiмделген депозиттен өз қалауымен ақша (бәрiн немесе соманың бiр бөлiгiн) алған жағдайда банк АҚШ долларымен депозиттi Ережелерде белгiленген талаптармен жүргiзбейдi. Сонымен қатар банк тиiстi баланстық есепшот бойынша бұрын өзi жүргiзген барлық бухгалтерлiк жазбаларын түзетiп қайта жазады (сторно) және 7339 "Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар" меморандум есепшотының шығысын жүзеге асырады.
15-10. Депозитордың есепшотынан оның келiсiмiнсiз заңға сәйкес ақша алуға құқығы бар үшiншi тұлға қайта ресiмделген есепшоттан мерзiмiнен бұрын ақша алған жағдайда, депозитордың осы есепшотқа толықтырып ақша салу құқығынсыз-ақ талап етiлген соманы есептен шығарғаннан кейiн көрсетiлген есепшоттағы ақша қалдығы бойынша айырбасталады.
1) Депозитордың есепшотынан оның келiсiмiнсiз заңға сәйкес ақша алуға құқығы бар салық қызметiнiң органы немесе басқа орган қайта ресiмделген депозит есепшотына инкассо өкiмiн шығарған кезде, банк салық заңдарына сәйкес инкассо өкiмiнде көрсетiлген соманы 1880 "Қаржы фьючерстерi бойынша дебиторлар" б/есепшотына есептелетiн депозитор қаражаты және банк қаражаты есебiнен есептен шығаратын болады. Сонымен қатар мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
Дт 2222 "Клиенттердiң арнайы депозит есепшоттары"
Кт 1050 "Коррреспонденттiк есепшоттар"
Сонымен бір уақытта 7339 "Әртүрлі құндылықтар және құжаттар" кірісі жүзеге асырылады.
2) Банк қайта, ресімделген депозит есепшотынан қаражатты есептен шығарғаннан кейін Ұлттық Банкке 1880 "Қаржы фьючерстері бойынша дебиторлар" б/есепшоты шегінде банк төлеген соманың есептен шығарылғанын растайтын құжат береді. Корреспонденттік есепшотқа тиісті сома түскен жағдайда банк мынадай бухгалтерлік жазбалар жасайды:
Дт 1050 "Корреспонденттік есепшоттар"
Кт 1880 "Қаржы фьючерстері бойынша дебиторлар"
3) Банк ай сайын сыйақы (мүдде) есептеуді, сондай-ақ қайта ресімделген депозитті қайта бағалауды мұндай жағдайда Ережелерде көзделген клиент депозиттерін өтеу мерзімдері жеткенге дейін жоғарыда көрсетілген тәртіппен есептен шығарғаннан кейінгі ақша қалдығы бойынша жүргізеді.
ЕСКЕРТУ. 2-1 тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.09.20 N 69 қаулысымен.
3-тарау. Қорытынды ережелер
16. Банктер мен депозиторлардың айырбастауды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі іс-қимылын үйлестіру мақсатында банктердің банк басқармасы төрағасының орынбасары бастаған байланыс жасау топтарын жасақтап, екі күндік мерзімде Ұлттық Банкке олардың мүшелері туралы лауазымдары мен телефон номелерін көрсете отырып хабарлауы қажет.17. Осы Ережелермен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының нормаларына сәйкес шешіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы
N 1 қосымша |
__________________________
(ұлттық валютамен депозит
орналастырылған банктің немесе
оның филиалының толық атауы)
Азамат(ша) _______________
__________________________
(депозит иесінің аты-жөні)
Жеке куәлігі N ___________
немесе паспорт сериясы ___
N ________________________
СТН ______________________
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
Өтініш
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 62 қаулысына сәйкес 1999 жылдың 29 наурызындағы жағдай бойынша ________ АҚШ долларын құрайтын, 1 АҚШ доллары үшін 88 теңге 30 тиын бағамы бойынша ____ мөлшеріндегі теңгені АҚШ долларындағы депозитке есептелінген сыйақыны (мүддені) қоспай, N _______ теңгелік банктік есепшоттағы депозит сомасын (теңгелік депозитті) қайта ресімдеуді сұраймын.
Өз кезегімде, 2000 жылдың 5 қаңтарына дейін осы депозитті алмауды міндетіме аламын.
Жоғарыда көрсетілген ақпарат туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банктік құпияны сақтау талаптарына сай беруге қарсылығым жоқ.
Өтінім беруші ______________ Банктің белгісі:
бақылаушы __________________
орындаушы __________________
Өтініш берілген күн ________ Күні _______________________
Банктің немесе филиалдың мөрі N 2 қосымша |
(ұлттық валютамен депозит
салынған банктің немесе
оның филиалының толық атауы)
__________________________
__________________________
(депозит иесі - заңды
тұлғаның толық атауы)
Заңды мекен-жайы: ________
__________________________
1999 жылғы "__"____ N ____
мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік
СТН ______________________
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
Өтініш
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелерін бекіту туралы" 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 62 қаулысына сәйкес 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша ________ АҚШ долларын құрайтын, 1 АҚШ доллары үшін 88 теңге 30 тиын бағамы бойынша ____ мөлшердегі теңгені АҚШ долларындағы депозитке есептелген сыйақыны (мүддені) қоспай, N _______ теңгелік банктік есепшоттағы _____ (теңге депозиті) депозит сомасынан %-ті (30 %-тен аспайтын) қайта ресімдеуді өтінеміз.
Өз кезегімізде, осы депозитті 1999 жылғы 5 қазанға дейін алмауға міндеттенеміз.
Жоғарыда көрсетілген ақпаратты туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне банктік құпиялылықты сақтау талаптарына сай беруге қарсылығымыз жоқ.
Өтініш иесінің бірінші басшысының қолы __________ М.О.
Бас бухгалтердің қолы ___________________________
Өтініш берілген күн _____________________________
Банктің белгісі:
бақылаушы _______________________________________
орындаушы _______________________________________
күні ____________________________________________
Банктің немесе филиалдың мөрі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 05.04.99 жылғы N 62 қаулысымен бекiтiлген Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне N 3 қосымша |
Айырбастауға жататын депозит сомасын белгiлеу мысалдары
1-мысал:
Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды.
Депозитор 02.04.99 жылы өзiнiң есепшотына 6000 теңге салып, өзiнiң банктiк есепшотындағы ақша қалдығын күннiң" аяғына қарай 16000 теңгеге ұлғайтты. Бұдан әрi есеп шот бойынша өзгерiстер болған жоқ, және депозитор банкке өтiнiш берген күннен бастап оның банктiк есепшотында 16000 теңге болды.
Бұл жағдайда ақша қалдығы шегiндегi депозит сомасы, яғни 10000 теңге 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша айырбастауға жатады.
2-мысал:
Депозитордың банктiк есепшотындағы қалдық 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды.
31.03.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан 4000 теңге алды, нәтижесiнде 31.03.99 жылғы күннiң аяғында қалдық 6000 теңге болды.
Депозитор 02.04.99 жылы өзiнiң есепшотына 2000 теңге салып, өзiнiң банктiк есепшотындағы ақша қалдығын күннiң" аяғына қарай 8000 мың теңгеге ұлғайтты. Бұдан әрi есепшот бойынша өзгерiстер болған жоқ және депозитор банкке өтiнiш берген кезден бастап (08.04.99 ж.) оның банктiк есепшотында 8000 теңге болды.
Бұл жағдайда 1999 жылғы 2 сәуір күнгi ақша қалдығы шегiндегi депозит сомасы, яғни 8000 теңге 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша айырбастауға жатады.
3-мысал:
Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды.
30.03.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан 1000 теңге алды, нәтижесiнде осы күннiң" аяғынан бастап және 02.04.99 ж. күндер аралығында депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 9000 теңге болды.
07.04.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан тағы 2000 теңге алды, банкке өтiнiш бергенге дейiн өзiнiң"есепшоты бойынша операциялар жасаған жоқ. Осылайша депозитор банкке өтiнiш жасағанда (08.04.99 ж.) оның есепшотындағы ақша қалдығы - 7000 теңге болды.
07.04.100 Бұл жағдайда өтiнiш берiлген күнгi депозит сомасы, яғни 7000 теңге айырбастауға жатады.
4-мысал:
Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды.
30.03.99 жылы депозитор өзiнiң есепшотынан 2000 теңге алды, нәтижесiнде осы күннiң"аяғында және 02.04.99 ж. күндер аралығындағы депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 8000 теңге болды.
07.04.99 ж. депозитор өзiнiң есепшотына 12000 теңге салды.
08.04.99 ж. депозитор депозиттi қайта ресiмдеуге өтiнiш бердi.
Осылайша депозитор банкке өтiнiш жасағанда (08.04.99 ж.) оның есепшотындағы ақша қалдығы - 20000 теңге болды.
Бұл жағдайда 02.04.99 ж. күнгi депозит сомасы, яғни 8000 теңге айырбастауға жатады.
5-мысал:
Депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 29.03.99 жылғы жағдай бойынша 10000 теңге болды.
30.03.99 ж. депозитор 4000 теңге алды, және 8.04.99 ж. күнге дейiн өзiнiң есепшоты бойынша операциялар жасаған жоқ. Осылайша 02.04.99 ж. күннiң"аяғына қарай депозитордың банктiк есепшотындағы ақша қалдығы 14000 теңге болды.
08.04.99 ж. депозитор өзiнiң есепшотына 9000 теңге ақша салды, оның есепшотында жалпы қалдық көрсетiлген күннiң"аяғына қарай 23000 теңге болды, 09.04.99 ж. депозитор депозиттi қайта ресiмдеуге өтiнiш бердi.
Бұл жағдайда 29.03.99 ж. жағдай бойынша депозит сомасы, яғни 10000 теңге айырбастауға жатады.
6-мысал:
Депозитор айырбастауға жататын 10000 теңгеден 6000 теңгенi (депозиттiң 60%-iн) айырбастау үшiн өтiнiш бердi.
Бұл жағдайда айырбастай отырып, ресiмдеуге жататын 6000 теңге ғана, оны банк Ереженiң 10-тармағына сәйкес қайта ашылатын арнайы баланс шотына жеке есепке алады.
Қалған 4000 теңге бұрынғы есепшотқа есепке алынады және айырбастауға жатпайды.
(Аты-жөні толық және анық жазылсын)
Жеке куәлігі N ______________ немесе
паспорт сериясы N ______________
СТН ______________________
ЕСКЕРТУ. 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1999.09.20 N 69; өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) қаулыларымен.
Өтініш
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 62 қаулысымен бекітілген Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін жүзеге асыру ережесінің 8-тармағына сәйкес N _________ теңгелік банктік есепшоттағы (теңгелік депозит) маған қатысты депозит сомасын есептелген сыйақыны (мүддені) қоспай, 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша ____________________ теңге (санмен және жазумен көрсетілсін) мөлшеріндегі депозитті, 1 АҚШ доллары үшін 88 теңге 30 тиын бағамы бойынша АҚШ долларымен қайта ресімдеуіңізді сұраймын,
ол ________________________________ АҚШ доллары болады.
(санмен және жазумен көрсетілсін)
Депозит ______________________________________________________
(банктің атауы (егер депозит екінші деңгейдегі
банктің филиалына салынған жағдайда, филиалдың
тұрған жері бойынша аудан, облысты көрсете отырып,
елді-мекенді көрсетеді.))
салынған.
Мен, _________________________________________________________
(аты-жөні баспа әріптерімен толық көрсетілсін)
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(өтініш беру мерзімін өткізіп алғаныңыздың себебін толық және
анық жазыңыз)
себебі бойынша Ережеде белгіленген мерзімде өтініш бере алмадым.
Растайтын құжат ретінде ______________________________________
(растайтын құжаттың толық атауын және деректемелерін (берілген
күні, номері және басқасын көрсетіңіз)
қоса беріп отырмын.
(Егер теңгелік депозиттер бірнешеу болған жағдайда, онда депозит сомасы және номері туралы мәліметтер әрқайсысы бойынша жеке көрсетілуі тиіс)
Өтініш берушінің қолы
Өтініш берілген күн
Мекен-жайы (толық почталық мекен-жайы көрсетілсін)