Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі N 76 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4880 болып енгізілді

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз
       Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Заң департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.
 

Ұлттық Банк
Төрағасы
 




Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 20 шілдедегі
N 76 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін
кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.03.2016 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 210 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      8. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2008.12.31 N 117 қаулысымен.
       9. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 219 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады