Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін айырбастауды жүзеге асыру ережелеріне өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1999 жылғы 20 қыркүйек N 294. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.08.2016 № 183 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің теңгенің айырбас бағамының алдағы уақыттағы саясаты туралы мәлімдемесін жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі V990727_ N 62 қаулысымен бекiтiлген Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет иинистрлiгiнде тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. Заң департаментi (Шәрiпов С.Б.) Бухгалтерлiк есеп департаментiмен (Рахметова С.К.) және Банктiк қадағалау департаментiмен (Жұмағүлов Б.Қ.) бiрлесiп, осы қаулыны және Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн.
      3. Банктiк қадағалау департаментi (Жұмағұлов Б.Қ.) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзген күннен бастап бес күндiк мерзiмде осы қаулыны және Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне өзгерiстер мен толықтыруларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 127 қаулысының және Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне өзгерiстер мен толықтырулардың күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсiн.
      Ұлттық Банк Төрағасы

  Қазақстан Республикасы
 
  Ұлттық Банкі Басқармасының
1999 жылғы 20 қыркүйектегі
N 294 қаулысымен
бекітілген

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының
      1999 жылғы 5 сәуiрдегi V990727_ N 62 қаулысымен бекiтiлген
      Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты
      жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi
      теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiне
       өзгерiстер мен толықтырулар
       1. 5-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Сонымен бiрге банк есеп берiлген айдан кейiнгi келесi айдың 4 күнiнен кешiктiрмей ай сайын Ұлттық Банктiң Банктiк қадағалау департаментiне бұзылған шарттардың сомасы және деректемелерi туралы жазбаша түрде хабарлайды".
      2. Ереже мынадай мазмұндағы 5-1 тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Банктiң клиенттермен теңгенiң еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшкенге дейiн валюта баламасымен белгiленiп жасалған теңгедегi депозиттерi айырбастауға жатпайды.
      3. 8-тармақтың:
      екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Депозиторлар - жеке тұлғалар өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған жағдайда Ұлттық Банк жеке тұлғаның депозиттi қайта ресiмдеу туралы өтiнiмiн (өтiнiшiн) қарауға құқылы.";
      мынадай мазмұндағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Депозиттерiн қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беру мерзiмiн дәлелдi себептермен өткiзiп алған жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарау үшiн Ұлттық Банк арнайы комиссия құрады."
      4. Мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1 Өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған жеке тұлға 1999 жылғы 15 қазанға дейiнгi мерзiмде осы Ережелерге қоса берiлiп отырған нысан бойынша өтiнiмдi (өтiнiштi) (N 4 қосымша) салым орналастырылған жердегi банкке немесе оның филиалына беруге тиiс, банк оны бұдан кейiн Ұлттық Банкке жiберетiн болады. Өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған жеке тұлға сондай-ақ өтiнiмдi (өтiнiштi) Ұлттық Банктiң филиалына бере алады.
      Өтiнiмде (өтiнiште) қайта ресiмдеуге өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алу себебi (iссапар, сырқаттану және т.б.) толық көрсетiлуi тиiс және оны растайтын құжаттар болса, ол қоса берiлуi тиiс. Егер теңге депозитi бiрнешеу болса, онда жеке тұлға өтiнiмде (өтiнiште) әр депозит жөнiндегi мәлiметтердi жеке көрсетуге тиiс."
      Банк немесе оның филиалы өтiнiм (өтiнiш) келiп түскен күннен бастап екi күннен аспайтын мерзiмде өтiнiмдi (өтiнiштi) қарау үшiн Ұлттық Банкке жiберуге тиiс.
      Ұлттық Банк өтiнiмдi (өтiнiштi) қарау нәтижелерi туралы Ұлттық Банктiң шешiмiн өтiнiш берушiге және депозитордың салымы салынған жердегi банкке немес оның филиалына жiбередi.
      Ұлттық Банк оң шешiм қабылдаған жағдайда, банк осы Ережелерде белгiленген тәртiпке сәйкес депозиттi қайта ресiмдейтiн болады."
      5. 11-тармақ мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған және өздерiне белгіленген мерзiмде өтiнiм (өтiнiш) берген, ол бойынша Ұлттық Банктiң оң шешiмi шығарылған депозиторлардың тiзiлiмiн банктер Ұлттық Банкке 1999 жылғы 21 қазанға дейiнгi мерзiмде беруге тиiс. Мұндай депозиторлар тiзiлiмiнде сондай-ақ депозит сомасы және өтiнiмнiң (өтiнiштiң) бiр данасы болуға тиiс.
      6. 12-тармақтың:
      бiрiншi азатжолындағы "20 мамырға дейiн" деген сөздер "10 маусымға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Ұлттық Банк өтiнiш беру мерзiмiн өткiзiп алған депозиторлар жөнiнде банктерден алынған ақпаратты 1999 жылғы 21 қазанға дейiнгi мерзiмде жинақтайды және осы Ережелерде белгiленген валюталау күндерiне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың қайта ресiмделген депозиттерiнiң сомасы бойынша форвард мәмiлесiнiң шарттарымен АҚШ долларын сату туралы банкпен бұрынғы жасалған шартқа тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi."
      7. Ереже мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
      "15-1. Жекелеген банктер үшiн Ұлттық Банктiң арнайы қаулысымен депозиторлардың банкке айырбастау өтiнiштерiн беруi, депозиторлармен депозит шарттарын ресiмдеуi және банктiң Ұлттық Банкке депозиторлар тiзiлiмiн беруi жөнiнде басқа мерзiм белгiленуi мүмкiн.".
      8. Ережелер мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:
      "2-1-тарау. Теңгенiң еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың теңге депозиттерiн айырбастауға байланысты бухгалтерлiк есепте банк операцияларын көрсету тәртiбi.
      15-2. Банк теңге депозиттерiн АҚШ долларына қайта ресiмдеген кезде депозитордан алған өтiнiш негiзiнде онымен Еркiн өзгермелi айырбас бағамы режимiне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екiншi деңгейдегi банктердегi теңгелiк депозиттерiн айырбастауды жүзеге асыру ережелерiнiң (бұдан әрi - Ережелер) 5-тармағында белгiленген ең аз мерзiм iшiнде банктегi теңге депозитi (немесе оның бөлiгi) сақталған жағдайда оның айырбасталуы көзделген жаңа депозит шартын немесе қосымша келiсiм жасайды. Сонымен қатар банк депозиттегi қалған ақшаны депозит шартына сәйкес арнайы ашылған 2222 "Клиенттердiң арнайы депозит есепшоты" баланстық есепшотына аударады және мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасайды:
      Дт 2200 "Клиенттер алдындағы мiндеттемелер"
      Кт 2222 "Клиенттердiң арнайы депозит есепшоты" (заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға бөлек жеке есепшот ашылады)
      15-3. Ережелердiң 9-тармағына сәйкес жаңа депозит шартына (қосымша келiсiмге) депозитордан тиiстi өтiнiш түскен күннен бастап жетi күннiң iшiнде қол қойылуға тиiс. Депозит шартына қол қойылғаннан кейiн банк теңге бағамы өзгерген сайын немесе айына кем дегенде бiр рет (әр айдың соңғы жұмыс күнiнен кешiктiрмей) қайта ресiмделген депозиттер бойынша өз мiндеттемелерiн қайта бағалауға және мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасауға құқылы:
      Дт 1880 "Қаржы фьючерстерi бойынша дебиторлар"
       (Банктiң Ұлттық Банкке талаптарын есепке алу үшiн
       бөлек жеке есепшот ашылады)
      Кт 2222 "Клиенттердiң арнайы депозит есепшоты"
      15-4. Ережелердiң 12-тармағына сәйкес банк пен Ұлттық Банктiң арасында жасалған шарт 7339 "Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар" меморандум есепшотында ескерiледi.
      Кiрiс 7339 "Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар"
      15-5. Қайта ресiмделген депозит бойынша сыйақы (мүдде) жасалған депозит шартындағы талаптарға сәйкес депозитке валютамен бағам бойынша есептеу күнiне бағдарланғандай (есептелгендей) келiсiлген сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша ай сайын есептеледi. Сонымен қатар мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
      Дт 5215 "Клиенттердiң қысқа мерзiмдi депозиттерi бойынша
      сыйақы (мүдде) төлеуге байланысты шығыстар"
      Кт 2720 "Клиенттердiң депозиттерi бойынша есептелген шығыстар"
      Сонымен қатар егер депозит шартында есептелген сыйақыны (мүдденi)
      ай сайын төлеу көзделген болса, онда оны төлеген кезде банк мынадай
      бухгалтерлiк жазбалар жасайды:
      Дт 2720 "Клиенттердiң депозиттерi бойынша есептелген
       шығыстар"
      Кт 1001, 1050, 2200 "Кассадағы қолма-қол ақша"
       "Корреспонденттiк есепшоттар, "Клиенттер
       алдындағы мiндеттемелер"
      15-6. Банк қайта ресiмделген депозит бойынша ай сайын сыйақы (мүдде) есептеудi және қайта бағалауды Ережелерде көзделгендей клиентердiң депозиттерiн өтеу мерзiмi жеткенге дейiн жоғарыда көрсетiлген тәртiппен жүргiзiп отырады.
      15-7. Ережелерде көзделгендей клиенттердiң депозиттерiн өтеу
      мерзiмi жеткен кезде банк теңгедегi соманы АҚШ долларына айырбастау
      үшiн 1 АҚШ долларына 88,3 теңге бағамымен Ұлттық Банкке аударады.
      Сонымен қатар мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
      Дт 1860 "Басқа дебиторлар"
      Кт 1051 "Банктiң Қазақстан Республикасының Ұлттық
       Банкiндегi корреспонденттiк есепшоты"
      15-8. Банктiң корреспонденттiк есепшотына түскен АҚШ доллары
      есепте мынадай бухгалтерлiк жазбалар арқылы көрсетiледi:
      Дт 1052 "Банктiң басқа банктердегi корреспонденттiк
       есепшоттары"
      Кт 2203 "Клиенттердiң ағымдағы есепшоттары"
      сонымен бiр уақытта
      Дт 2222 "Клиенттердің арнайы депозит есепшоттары" депозиттер сомасына
       Кт 1860 "Басқа дебиторлар" ҚРҰБ-не аударылған
       сомаға
       Кт 1880 "Қаржы фьючерстерi бойынша дебиторлар" қайта бағалау
      сомасына
      Сонымен бiр уақытта 7339 "Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар" шығысы
      жүзеге
      асырылады.
      15-9. Депозитор қайта ресiмделген депозиттен өз қалауымен ақша (бәрiн немесе соманың бiр бөлiгiн) алған жағдайда банк АҚШ долларымен депозиттi Ережелерде белгiленген талаптармен жүргiзбейдi. Сонымен қатар банк тиiстi баланстық есепшот бойынша бұрын өзi жүргiзген барлық бухгалтерлiк жазбаларын түзетiп қайта жазады (сторно) және 7339 "Әртүрлi құндылықтар мен құжаттар" меморандум есепшотының шығысын жүзеге асырады.
      15-10. Депозитордың есепшотынан оның келiсiмiнсiз заңға сәйкес ақша алуға құқығы бар үшiншi тұлға қайта ресiмделген есепшоттан мерзiмiнен бұрын ақша алған жағдайда, депозитордың осы есепшотқа толықтырып ақша салу құқығынсыз-ақ талап етiлген соманы есептен шығарғаннан кейiн көрсетiлген есепшоттағы ақша қалдығы бойынша айырбасталады.
      1) Депозитордың есепшотынан оның келiсiмiнсiз заңға сәйкес ақша алуға құқығы бар салық қызметiнiң органы немесе басқа орган қайта ресiмделген депозит есепшотына инкассо өкiмiн шығарған кезде, банк салық заңдарына сәйкес инкассо өкiмiнде көрсетiлген соманы 1880 "Қаржы фьючерстерi бойынша дебиторлар" б/есепшотына есептелетiн депозитор қаражаты және банк қаражаты есебiнен есептен шығаратын болады. Сонымен қатар мынадай бухгалтерлiк жазбалар жасалады:
      Дт 2222 "Клиенттердiң арнайы депозит есепшоттары"
      Кт 1050 "Коррреспонденттiк есепшоттар"
      Сонымен бір уақытта 7339 "Әртүрлі құндылықтар және құжаттар" кірісі жүзеге асырылады.
      2) Банк қайта, ресімделген депозит есепшотынан қаражатты есептен шығарғаннан кейін Ұлттық Банкке 1880 "Қаржы фьючерстері бойынша дебиторлар" б/есепшоты шегінде банк төлеген соманың есептен шығарылғанын растайтын құжат береді. Корреспонденттік есепшотқа тиісті сома түскен жағдайда банк мынадай бухгалтерлік жазбалар жасайды:
      Дт 1050 "Корреспонденттік есепшоттар"
      Кт 1880 "Қаржы фьючерстері бойынша дебиторлар"
      3) Банк ай сайын сыйақы (мүдде) есептеуді, сондай-ақ қайта
      ресімделген депозитті қайта бағалауды мұндай жағдайда Ережелерде
      көзделген клиент депозиттерін өтеу мерзімдері жеткенге дейін жоғарыда
      көрсетілген тәртіппен есептен шығарғаннан кейінгі ақша қалдығы бойынша
      жүргізеді.
      Ұлттық Банк Төрағасы
       Қазақстан Республикасы
       Ұлттық Банкі Басқармасының
       1999 жылғы 5 сәуірдегі
       N 62 қаулысымен бекітілген
       Еркін өзгермелі айырбас бағамы
      режиміне көшуге байланысты жеке және
      заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі
      банктердегі теңгелік депозиттерін
       жүзеге асыру ережелеріне
       N 4 қосымша
       Қазақстан Республикасының Ұлттық
       Банкі
      Депозиттерін қайта ресімдеу туралы
      өтініштерді беру мерзімін дәлелді
       себептермен өткізіп алғандар
       жеке тұлғалардың өтініштерін
      қарау жөніндегі комиссияға азамат
       _________________________________
      (Аты-жөні толық және анық жазылсын)
       Жеке куәлігі N ______________ немесе
       паспорт сериясы N _________
       СТН ______________________
       Өтініш
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі N 62 қаулысымен бекітілген Еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшуге байланысты жеке және заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі теңгелік депозиттерін жүзеге асыру ережесінің
      8-тармағына сәйкес N _________ теңгелік банктік есепшоттағы (теңгелік
      депозит) маған қатысты депозит сомасын есептелген сыйақыны (мүддені)
      қоспай, 1999 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша
       ____________________ теңге
       (санмен және жазумен көрсетілсін)
       мөлшеріндегі депозитті, 1 АҚШ доллары үшін 88 теңге 30 тиын
      бағамы бойынша АҚШ долларымен қайта ресімдеуіңізді сұраймын,
       ол ________________________________ АҚШ доллары болады.
       (санмен және жазумен көрсетілсін)
       Депозит ______________________________________________________
       (банктің атауы (егер депозит екінші деңгейдегі банктің
      филиалына
       салынған жағдайда, филиалдың тұрған жері бойынша аудан,
       облысты көрсете отырып, елді-мекенді көрсетеді.))
       салынған.
       Мен, _________________________________________________________
       (аты-жөні баспа әріптерімен толық көрсетілсін)
       _______________________________________________________________
       _______________________________________________________________
       (өтініш беру мерзімін өткізіп алғаныңыздың себебін толық және
       анық жазыңыз)
       себебі бойынша Ережеде белгіленген мерзімде өтініш бере алмадым.
       Растайтын құжат ретінде __________________________________________
       (растайтын құжаттың толық атауын және деректемелерін (берілген
       күні, номері және басқасын көрсетіңіз)
      қоса беріп отырмын.
       (Егер теңгелік депозиттер бірнешеу болған жағдайда, онда депозит
      сомасы және номері туралы мәліметтер әрқайсысы бойынша жеке көрсетілуі
      тиіс)
      Өтініш берушінің қолы
      Өтініш берілген күн
      Мекен-жайы (толық почталық мекен-жайы көрсетілсін)
      Оқығандар:
      Омарбекова А.Т.
      Икебаева Ә.Ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады