Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы 12-бабының 1) тармақшасына және 34-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 09.12.2014 № 23-251 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құрудың, жұмсаудың, есептеудiң және есеп берудің Тәртiбiн бекiту туралы" 1995 жылғы 12 қазандағы № 13, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 8 мамырда тiркелген, тiркелу № 304 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнің депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құрудың, жұмсаудың, есептеудiң және есеп берудiң Тәртiбiнiң" 5-тармағын өзгерту туралы" Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 12 қазандағы № 13, 1996 жылғы 26 маусымдағы № 55 қаулысымен бекiтiлген, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 8 мамырда тiркелген, тiркелу № 304 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрайымы |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысымен бекітілген |
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 28.08.2018 № 13/204 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 34-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді Президенттікке, Парламент Сенатының депутаттығына, партиялық тізімдер бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың сайлау қорының қаражатын жұмсау тәртібін реттейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.2. Кандидаттардың сайлау қорын құрайтын ақшалай қаражат (ақша) банк мекемелерінде (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банк) ашылатын арнаулы уақытша шотта жинақталады. Арнаулы уақытша шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi.
3. Арнаулы уақытша шот (бұдан әрі - арнаулы шот) - бұл "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңмен (бұдан әрі - Конституциялық заң) айқындалған мақсаттар үшін банктік шот шарты негізінде екінші деңгейдегі банкте ашылатын ағымдағы шот.
2-тарау. Арнаулы уақытша шотты ашу тәртібі
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі - Ортсайлауком) кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы шоттары ашылатын және жүргізілетін Республиканың барлық өңірлерінде филиалдары бар екінші деңгейдегі банктерді айқындайды.
5. Ортсайлауком арнаулы шотты ашуға және жүргізуге банктік шот шартын жасайды және облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссияларына жазбаша хабарлама жібереді.
Банктік шоттың шарты Қағидалардың 6, 7, 8, 9 және 10, 14, 22-тармақтарымен айқындалған мәліметтерді қамтиды.
6. Арнаулы шотты ашу үшін сайлау комиссиялары кандидаттың немесе саяси партияның тіркелгені туралы:
1) Ортсайлауком - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат (кандидаттар), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссиялары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат (кандидаттар) туралы;
3) тиісті аумақтық сайлау комиссиялары - мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы мәліметтерді олар тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде;
4) тиісті округтік сайлау комиссиялары - бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісінің депутаттығына және мәслихаттар депутаттығына кандидат (кандидаттар) туралы екінші деңгейдегі банкке немесе оның филиалына береді.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.7. Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он екі мың еседен артық аспайтын кандидаттың өз қаражаты және кандидатқа өзін ұсынған республикалық қоғамдық бірлестік бөлген қаражат;
2) жалпы сомасы заңнамада белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен он бес мың еседен артық аспайтын Республика азаматтары мен ұйымдарының ерікті қайырмалдықтары құрайды.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері -жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жүз еседен артық және Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында бес жүз еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.8. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:
1) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгi жалақының екі жүз есе мөлшерiнен аспайтын кандидаттың жеке қаражатынан;
2) жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген ең төменгі жалақының бес жүз есе мөлшерiнен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен артық және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында елу еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.9. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезiнде партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспайтын жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жүз еседен артық және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында бес жүз еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.9-1. Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезiнде партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының мөлшерiнен бес мың еседен аспайтын жеке қаражатынан;
2) Республиканың азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы заңдарда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнен он мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жиырма бес еседен артық және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында елу еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.10. Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімді ұсынған саяси партияның сайлау қоры:
1) саяси партияның жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен бір мың еседен аспайтын меншікті қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының занамасында белгiленген ең төмен жалақы мөлшерiнен екі мың еседен аспайтын ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен елу еседен артық және Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында екі жүз елу еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.10-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттығына кандидаттың сайлау қоры:
1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жүз еседен артық аспауға тиіс жеке қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен екі жүз еседен артық аспауға тиіс ерікті қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен он еседен артық және Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында жиырма бес еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.10-2. Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың сайлау қоры мыналардан тұрады:
1) кандидаттың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен елу еседен аспауға тиіс жеке қаражатынан;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен жүз еседен артық аспауға тиіс ерікті қайырмалдықтарынан құралады.
Жеке тұлғаның ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері - жиынтығында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен бес еседен артық және Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының ерікті қайырмалдықтарының шекті мөлшерлері жиынтығында он бес еседен артық аспауға тиіс.
Ескерту. 2-тарау 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.11. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
12. Арнаулы шот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 14422 болып тіркелген) көзделген тәртіппен, өтініштің негізінде екінші деңгейдегі банк пен кандидаттың немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияның арасында банктік шот шарты жасалған кезде ашылады.
Екінші деңгейдегі банкте арнаулы шотты ашу үшін кандидат өтініште мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) кандидаттың тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде);
2) оның туылған күні;
3) жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - ЖСН) көрсете отырып, кандидаттың жеке басын куәландыратын құжат деректері;
4) кандидаттың тұрғылықты жерінің мекенжайы, оның байланыс деректері және электрондық мекенжайы;
5) арнаулы шотты ашу қажет болып табылатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;
6) Қазақстан Республикасының банктік заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
13. Екінші деңгейдегі банкте арнаулы шот ашу үшін саяси партияның басшысы немесе саяси партияның немесе оның филиалының (өкілдігінің) басшы органының шешімімен уәкілеттік берілген адам өтініште мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) саяси партияның толық атауы;
2) саяси партияның арнаулы шотына иелік етуге уәкілетті адамдардың тегі, аты, және әкесінің аты (болған кезде), олардың байланыс деректері мен электрондық мекенжайлары;
3) заңды мекенжайы;
4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) көрсетілген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат және банк деректемелері;
5) арнаулы шотты ашу қажет болатын екінші деңгейдегі банк филиалының атауы;
6) Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес өзге де мәліметтер.
14. Алып тасталды - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 22.06.2021 № 4/408 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын жұмсау тәртібі
15. Сайлау қорының қаражатына иелік ету құқығы тек Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, Парламент Мәжілісінің депутаттығына, мәслихаттың депутаттығына кандидаттарға және/немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға тиесілi.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.16. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өздерiнің сайлау қорлары қаражатынан:
1) тiркелген кез келген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария пiкiрталастар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, Парламент Мәжілісінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткiзуге;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға;
4) заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты қызметтерiне ақы төлеуге;
5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына, Парламент Мәжілісінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлау алдындағы үгiтпен байланысты көлiк және iссапар шығындарын жабуға;";
6) сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi және жалауларды, жалаушаларды және өзге де белгiлер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындауға арналған шығындарды төлеуге құқылы.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.17. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда екінші деңгейдегі банктер сайлау қорына түскен ақшаны оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға қайтарады. Бұл ретте аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығыстар оларды енгiзген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.
18. Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы күнтізбелік жетi күн ішінде тиiстi сайлау комиссиясына ақшалай қаражатты қайтарғаны туралы мәлiметтерді бередi.
4-тарау. Сайлау қорларының ақшалай қаражатын пайдалану туралы есеп
19. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары мен банктер жүзеге асырады. Тиiстi сайлау комиссияларының ұсынуы бойынша бақылауға өзге де мемлекеттік органдар олардың құзыретіне сәйкес тартылуы мүмкiн.
20. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн күнтізбелік үш күннен кешiктiрмей кандидат, саяси партия тиiстi сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiнде есеп беруі міндетті, онда сайлау қорына ақшалай түсiмдер көздерi және сайлау қоры қаражатының жұмсалғанын растайтын құжаттарды қоса тіркей отырып, жүргізілген барлық шығындар көрсетіледі.
Бұл орайда банк куәландырған арнаулы шотты ашу туралы хабарлама көшiрмесi табыс етiледi.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.21. Сайлау қорлары қаражатының мақсатты жұмсалуын Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты депутаттығына, Парламент Мәжілісі депутаттығына, мәслихаттар депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия қамтамасыз етеді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.22. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының, Парламент Мәжілісінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмнiң әр түрi бойынша, күнi, теңгедегі сомасы және осы қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып, жүргiзiледi. Шығыстар тiзiлімiнде: ақшаның шотқа келiп түскен күнi, ақшаның екінші деңгейдегі банкте алынған күні, сомасы, әрбір төлем құжаты бойынша төлемнің мақсаты жазылады.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.23. Арнаулы шоттарға қаражаттың түскені және оның жұмсалуы туралы есепті айына екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiмдер бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) аумақтық сайлау комиссиялары;
мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссиялары;
бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде тиісті округтік сайлау комиссиялары жариялайды.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.24. Арнаулы шоттар бойынша барлық қаржылық операциялар сайлаудың алдындағы күні сағат он сегізде тоқтатылады.
Қайта дауыс беру өткізілген жағдайда кандидаттың сайлау қорына түсуге рұқсат етілген ақшаның шекті сомасы бір жарым есеге ұлғаяды.
Кандидаттардың қайта дауыс беруді өткізу кезінде өздеріне қатысты қайта дауыс беру өткiзiлетiн арнаулы шоттар бойынша қаржы операцияларын қайта дауыс беру күні тағайындалған күнi қайта жаңғыртылады және сайлау күнінің алдындағы күнгi сағат он сегiзде тоқтатылады. Сайлау қорына ол құрылған күннен бастап түскен ақшаның жалпы сомасы Конституциялық заңмен белгiленген шектерден acа алмайды.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.25. Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражатының үштен екiсiн республикалық бюджетке жiбередi, ал үштен бiрiн кандидатқа немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға қайтарады. Ол туралы мәлiметтер Ортсайлаукомға немесе есептi қабылдау туралы шешiм қабылдайтын тиiстi аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.
26. Есептер Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларда көрсетілген нысандар бойынша қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен қоса беріледi.
27. Кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның Конституциялық заңның 34-бабы 1-8-тармақтарында белгіленген тәртіпті, сондай-ақ Қағидаларды бұзуы - кандидатты, партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға, ал сайлау өткізілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент депутаттығына, мәслихат депутаттығына, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелгеніне дейін тиісті аумақ немесе округ бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Арнаулы уақытша шоттарға (сайлау қорына) қаражаттың түскені туралы есеп
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент депутаттығына, мәслихаттар депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партиялардың толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.
2. 20___жылғы ______ жағдай бойынша сайлау қорының жалпы сомасы _____ теңге.
р/б | Түскен күні | Сомасы (теңге) | Түсім көзі | Түскенін растайтын құжаттар | |
Т.А.Ә./ ұйымның атауы | ЖСН/БСН | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. ЖЕКЕ ҚАРАЖАТ | |||||
2. ЕРІКТІ ҚАЙЫРМАЛДЫҚТАР | |||||
2.1 Жеке тұлғалар | |||||
... | |||||
... | |||||
ЖИЫНЫ: | |||||
2.2 Ұйымдар | |||||
... | |||||
... | |||||
ЖИЫНЫ: | |||||
Барлығы: |
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, сондай-ақ тиісті сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша жиырма төрт сағат ішінде ұсынады.
Қолтаңбалар:
Екінші деңгейдегі банктің басшысы: /Т. А. Ә./ (бар болса)
Бас бухгалтер: /Т. А. Ә./ (бар болса) М. О.
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Жарналардың белгіленген шекті мөлшерінен асып кеткен, кандидат өз кандидатурасын алып тастаған, партиялық тізімді кері қайтарып алған немесе кандидатты, партиялық тізімді ұсыну немесе тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайда қаражатты қайтару туралы есеп
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.
р/с | Түскен күні мен сомасы (теңгемен) | Түсім көзі | Төлем мақсаты | Банкке қаражаттың түскенін растайтын құжат | Қаражаттың қайтарылған күні және олардың қайтарылғанын растайтын құжат |
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк немесе оның филиалы енгізілген ақшалай қаражаттың кідіріссіз қайтарылуына қарай тиісті сайлау комиссиясына ұсынады.
Төлемнің мақсаты - әрбір төлем құжаты бойынша сипаттама.
Екінші деңгейдегі банктің басшысы: /Т. А. Ә./ (бар болса)
Бас бухгалтер: / Т. А. Ә./ (бар болса)
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.
2. 20____ жылғы ______ жағдай бойынша сайлау қорының қалдығы ____ теңге.
р/с | Қаражаттың жұмсалған күні |
Сомасы | Шығыстар бағытының коды* | Қаражат жұмсалған іс-шаралар | Қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттар (төлем құжатының нөмірі мен күні) | Шоттан ақша аудару үшін негіз |
01 шығыстар бағытының коды "Кез келген тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға арналған шығыстар" | ||||||
Барлығы: | ||||||
02 шығыстар бағытының коды "Сайлау алдындағы жария іс-шараларды, кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар" | ||||||
Барлығы: | ||||||
03 шығыстар бағытының коды "Баспа, дыбысбейне және өзге де үгіт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға арналған шығыстар" | ||||||
Барлығы: | ||||||
04 шығыстар бағытының коды "Заңды және жеке тұлғалардың үгіт жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар" | ||||||
Барлығы: | ||||||
05 шығыстар бағытының коды "Кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлау алдындағы үгітпен байланысты көлік және іссапар шығыстарын жабуға арналған шығыстар" | ||||||
Барлығы: | ||||||
06 шығыстар бағытының коды "Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды және басқа да белгілер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындау шығыстары" | ||||||
Барлығы: | ||||||
Барлығы (кодтар 01+02+03+04+05+06): |
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша - жиырма төрт сағат ішінде ұсынады.
Шығыстар бағыттары бойынша кодтар*:
Ескертпе: Екінші деңгейдегі банк тиісті сайлау комиссиясына апта сайын, ал тиісті сайлау комиссиясының сұрау салуы бойынша - жиырма төрт сағат ішінде ұсынады.
Шығыстар бағыттары бойынша кодтар*:
01 - кез келген тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға арналған шығыстар;
02 - сайлау алдындағы жария іс-шараларды, кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар;
03 - баспа, дыбысбейне және өзге де үгіт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға арналған шығыстар;
04 - заңды және жеке тұлғалардың үгіт жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар;
05 - кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлау алдындағы үгітпен байланысты көлік және іссапар шығыстарын жабуға арналған шығыстар;
06 - сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды және басқа да белгілер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындау шығыстары.
Шоттан ақша қаражатын аудару үшін негіздеме - жасалған Шарттың № және күні көрсетіледі.
Қолдар:
Екінші деңгейдегі банк басшысы: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Бас бухгалтер: /Т.А.Ә./ (болған кезде)
Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есебі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Орталық сайлау комиссиясының 29.12.2022 № 139/644 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
р/с | Іс-шаралардың атауы | Сомасы (теңге) | Ескертпе |
1. | Сайлау қорына түскен қаражаттың барлығы, оның ішінде: | ||
1.2 | Жеке қаражат | ||
1.3 | Ерікті қайырмалдықтар, оның ішінде: | ||
1.3.1 | азаматтардан | ||
1.3.2 | ұйымдардан | ||
2. | Белгіленген шекті мөлшерден асып кетуіне байланысты қайырмалдық берушілерге қайтарылған қаражаттың барлығы, оның ішінде: | ||
2.1 | азаматтарға | ||
2.2 | ұйымдарға | ||
3. | Жұмсалған сайлау қоры қаражатының барлығы, оның ішінде: | ||
3.1 | Кез келген тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына шығу (01 шығыстар коды) | ||
3.2 | Сайлау алдындағы жария іс-шараларды, кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар (02 шығыстар коды) | ||
3.3 | Баспа, дыбысбейне және өзге де үгіт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға арналған шығыстар (03 шығыстар коды) | ||
3.4 | Заңды және жеке тұлғалардың үгіт жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қызметтеріне ақы төлеуге арналған шығыстар (04 шығыстар коды) | ||
3.5 | кандидаттардың, олардың сенім білдірілген адамдарының және партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарының сайлау алдындағы үгітпен байланысты көлік және іссапар шығыстарын жабуға арналған шығыстар (05 шығыстар коды) | ||
3.6 | сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендірілген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгілерді, жалауларды, жалаушаларды және басқа да белгілер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындау шығыстары (06 шығыстар коды) | ||
4 | Сайлау қоры қаражатының қалдығы | ||
5 | Республикалық бюджетке аударылды (қаражат қалдығының 2/3 бөлігі) | ||
6 | Кандидатқа, саяси партияға қайтарылды (қаражат қалдығының 1/3 бөлігі) |
Ескертпе: сайлау қоры қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы есеп сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін ұсынылады:
Қазақстан Республикасының Президентін, партиялық тізімдер бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясына;
Сенат депутаттарын сайлау кезінде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) аумақтық сайлау комиссияларына;
бірмандаттық округтер бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттарын, мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде округтік сайлау комиссияларына немесе тиісті аумақтық сайлау комиссияларына;
партиялық тізімдер бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде-аумақтық сайлау комиссиялары.
Есеп қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттармен бірге ұсынылады.
Кандидаттың қолы: /Т. А. Ә./ (болған кезде)
Партия басшысының немесе партияның ұжымдық органы уәкілеттік берген адамның қолымен: /Т. А. Ә. / (болған кезде) М.О.
Есеп расталады
Екінші деңгейдегі Банк басшысының қолымен: /Т.А.Ә. / (болған кезде) М.О.