"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасын Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін қаулыларының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы |
Б. Имашев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы "__" __________ № ____ қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өзгерістер мен толықтыру енгізілетін қаулыларының тізбесі
1. "Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысында (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 34-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және Президенттікке, Парламент Сенатының депутаттығына, партиялық тізімдер бойынша ұсынылған Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау тәртібін реттейді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Арнаулы шотты ашу үшін сайлау комиссиялары кандидаттың немесе саяси партияның тіркелгені туралы:
1) Ортсайлауком - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат (кандидаттар), Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы;
2) облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссиялары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат (кандидаттар) туралы;
3) тиісті аумақтық сайлау комиссиялары - мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың тізбесі туралы мәліметтерді олар тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде екінші деңгейдегі банкке немесе оның филиалына береді.";
11-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Сайлау қорының қаражатына иелік ету құқығы тек Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға немесе партиялық тізімін ұсынған саяси партияға тиесілi.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өздерiнің сайлау қорлары қаражатынан:
1) тiркелген кез келген бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария пiкiрталастар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы іс-шараларды), Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерін ұйымдастыруға және өткiзуге;
3) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға;
4) заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмыстарын ұйымдастыруға байланысты қызметтерiне ақы төлеуге;
5) Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірген адамдарының сайлау алдындағы үгiтпен байланысты көлiк және iссапар шығындарын жабуға;
6) сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарын, соның ішінде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi және жалауларды, жалаушаларды және өзге де белгiлер мен нышандарды тегін тарату үшін дайындауға арналған шығындарды төлеуге құқылы.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Сайлау қорлары қаражатының мақсатты жұмсалуын Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия қамтамасыз етеді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидат, партиялық тізімін ұсынған саяси партия өзiнің сайлау қорына қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмнiң әр түрi бойынша, күнi, теңгедегі сомасы және осы қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып, жүргiзiледi. Шығыстар тiзiлімiнде: ақшаның шотқа келiп түскен күнi, ақшаның екінші деңгейдегі банкте алынған күні, сомасы, әрбір төлем құжаты бойынша төлемнің мақсаты жазылады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Арнаулы шоттарға қаражаттың түскені және оның жұмсалуы туралы есепті айына екі рет бұқаралық ақпарат құралдарында:
Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын партиялық тiзiмдер бойынша сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезiнде - облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) сайлау комиссиялары;
мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде аумақтық сайлау комиссиялары жариялайды.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партиялардың толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Т.А.Ә. (болған кезде), саяси партияның толық атауы, арнаулы шот қай банк мекемесінде ашылған.";
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың, саяси партиялардың сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін сайлау қоры қаражатын пайдаланғаны туралы есебі";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатқа, саяси партияға қалдықтың үштен бірі ____ теңге сомасында қайтарылды (төлем құжатының күні мен №).
Ескертпе: Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенаты депутаттығына кандидаттар, саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына сайлау қорытындылары анықталғаннан кейінгі бес күннен кешіктірмей, екінші деңгейдегі банк растаған арнаулы шоттың көшірмесімен бірге ұсынады.
Есеп расталды:
Екінші деңгейдегі банк басшысының қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Партия басшысының немесе партияның ұжымдық органы уәкілеттік берген адамның қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының қолымен: /Т.А.Ә./ (болған кезде) М.О.";
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2007 жылғы 25 маусымдағы № 90/178 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4778 болып тіркелген):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қоса беріліп отырған қағидалары бекітілсін.
Көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің ережесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.";
3. "Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5653 болып тіркелген):
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін беру және есепке алу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Учаскелік сайлау комиссиясына келіп түскен өтініш бойынша есептен шығару куәлігін толтыруды комиссияның төрағасы немесе мүшесі сайлаушының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.
Есептен шығару куәлігінде бес таңбалы сериялық нөмірі болады және мынадай деректемелер қамтылуға тиіс:
1) сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
2) сайлаушының туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН);
3) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні, нөмірі және оны берген органның атауы;
4) сайлаушының тұрғылықты жері тіркелген мекенжайы;
5) сайлаушы тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізіміне енгізілген сайлау учаскесінің нөмірі және оның орналасқан жері;
6) сайлаудың атауы. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде есептен шығару куәлігінде облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттың депутатын сайлау жөніндегі тиісті сайлау округі көрсетіледі. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдерін сайлау кезінде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін сайлау жөніндегі тиісті сайлау округі көрсетіледі;
7) есептен шығару куәлігінің берілген күні;
8) учаскелік сайлау комиссиясының мөрі;
9) есептен шығару куәлігін берген учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің қолы.";
аталған қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын;
4. "Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 21 қарашадағы № 62/108 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7307 болып тіркелген):
Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламенті Мәжілісінің депутаттығына, аудандық маңызы бар қаласы, ауылы, кенті, ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың, саяси партиялардың Конституциялық заңның 31-бабының 1-тармағына сәйкес сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгітті жүргізетін, кандидаттардың, саяси партиялардың мүдделерін білдіретін сенім білдірілген адамдары бола алады.
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, аудандық маңызы бар қаласы, ауылы, кенті, ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың, саяси партиялардың тиісті сайлау округіндегі әрбір сайлау учаскесіне саны үш адамнан аспайтын санда сенім білдірілген адамдары болуы мүмкін.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың әрбір ауданда, қалада, қаладағы ауданда бір-бірден сенім білдірілген адамы бола алады.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттың үштен аспайтын сенім білдірілген адамы бола алады";
Сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықта 7-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдігіне кандидат тиісті аудандық, қалалық сайлау комиссиясы оның Қазақстан Республикасы Конституциясының, Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігін анықтағаннан кейін сенім білдірілген адамдарды тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді";
9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезінде мәслихат депутаты болса, оны тіркеуден бас тартады немесе тіркеу туралы шешімнің күшін жояды.";
2-қосымшаға ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
"Парламент Сенатының депутаттарын сайлау кезінде мәслихат депутаты кандидаттың сенім білдірілген адамы бола алмайды.".
5. "Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2014 жылғы 17 шілдедегі № 11/236 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9686 болып тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген сайлау құжаттарын сақтау қағидалары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті Мәжілісінің, мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/192 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17364 болып тіркелген):
қаулының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президентін, Парламенті Мәжілісінің, мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің нысанын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сай Қазақстан Республикасының Президентін;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сай партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сай Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сай Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қоса беріліп отырған нысандары бекітілсін.
5) осы қаулыға 5-қосымшаға сай аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің қоса беріліп отырған нысандары бекітілсін.";
аталған қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 5-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулыға 3-қосымша осы қаулыға 6-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын;
аталған қаулыға 4-қосымша осы қаулыға 7-қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын;
қаулы осы қаулыға 8-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
7. "Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/197 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17358 болып тіркелген):
Сайлаушылардың дауыс беруге арналған тізімдерін қалыптастыру, сондай-ақ оларды сайлау комиссияларына ұсыну қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлаған кезде сайлаушылар тiзiмдері жасалады.".
8. "Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17434 болып тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары осы қаулыға 9-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. "Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/201 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17463 болып тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мерзімді баспасөз басылымдарына жариялау үшін:
1) Президенттікке кандидаттар тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауы бойынша оның қоғамдық бірлестікке, қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркелгені туралы;
2) партиялық тізімдер тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік оныншы күннен кешіктірмей, саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты күәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы;
3) Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған кандидаттар тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік үшінші күннен кешіктірмей, Қазақстан халқы Ассамблеясының атауын, Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ұсынған адамдардың санын, әрбір ұсынылған адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттардың қалауы бойынша қай ұлтқа жататынын көрсете отырып, тіркелгені туралы;
4) сайлау өткізілген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын сайлау қорытындылары туралы;
5) Сайланған Қазақстан Республикасының Президентін және Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттарын тіркеу туралы;
6) Қазақстан Республикасының Президентін, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша қайта дауыс беруді өткізу туралы, Президентті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарын қайта сайлауды өткізу туралы;
7) Президентті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде қорға түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы хабарлар ұсынады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тиісті сайлау комиссиялары мерзімді баспасөз басылымдарына жариялау үшін:
1) сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, сайлау округтерінің шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, сайлау округтерінің тізімін;
2) Сенат депутаттығына кандидаттар тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (кәсібін), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, сондай-ақ кандидаттың қалауы бойынша оның қоғамдық бірлестікке тиесілілігі және қай ұлтқа жататыны туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркелгені туралы;
3) Парламент Сенаты, мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін қайта сайлауды өткізу туралы;
4) мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдері тіркелгеннен кейінгі күнтізбелік жетінші күннен кешіктірмей, саяси партияның атауын және партиялық тізімге енгізілген адамдардың санын, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген әрбір адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын қызметін (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін көрсете отырып, тіркелгені туралы;
5) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір кандидаттың тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), туған жылын, атқаратын лауазымын (жұмысын), жұмыс орны мен тұрғылықты жерін, ұсыну тәсілін, сондай-ақ кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен ұлты туралы мәліметтерді көрсете отырып, тіркеу туралы хабар жариялайды;
6) мәслихаттардың сайланған депутаттарын және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тіркеу туралы;
7) сайлау өткізілген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы;
8) сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы;
9) сайлау комиссияларының жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жасаған кандидаттардың бөлінген үй-жайда сайлаушылармен кездесу кестесі;
10) Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сөйлейтін сөздері;
11) Парламент Сенатының, мәслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде қорға түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы;
12) дауыс беру өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, Президентті, Парламент және мәслихаттар депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру уақыты мен орны туралы хабарларды ұсынады.".
10. "Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/202 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17426 болып тіркелген):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Парламенті Сенатының, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидаттарға республикалық бюджеттен, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарға (бұдан әрі - кандидат) жергілікті бюджеттен сайлау алдындағы бағдарламалармен бұқаралық ақпарат құралдарына шығу үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемін айқындайды.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуына арналған шығыстар республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдардың осы мақсаттар үшін ашылатын шоттары арқылы жүзеге асырылады. Осы шоттарға түсетін бюджет қаражатына билік етуді аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.".
11. "Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 16/209 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17404 болып тіркелген):
Кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Егер Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әкімдікке кандидат өз кандидатурасын алып тастаса немесе саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы, кандидатты ұсынған аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімі кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жойса, не аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) сайлау комиссиясы кандидатты тіркеудің күшін жою туралы шешім қабылдаса аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетенінен кандидаттың тегін, атын және әкесінің атын (бар болса) алып тастау жүргізіледі.".
Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнің сайлауы кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың және оны ақпараттық қамтамасыз етудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі - Конституциялық заң), "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті, мәслихаттары депутаттарының, аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы кезінде сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың, сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
бұқаралық ақпарат құралы - мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, кинодокументалистика, дыбысбейне жазба және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз бұқаралық таратудың өзге де нысаны;
сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету - сайлау алдындағы үгітті қоспағанда, сайлау науқанын әзірлеу мен өткізу барысы туралы сайлаушыларды жедел және кеңінен хабардар етуге бағытталған шаралар кешені;
сайлау алдындағы үгіт - сайлаушылардың Президентті, Парламент, мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауда белгілі бір кандидатты немесе саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызмет;
сөз сөйлеу - кандидаттардың, тиісінше партиялық тізімдері мен кандидаттарын ұсынған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің уәкілетті өкілдерінің, сондай-ақ сенім білдірген адамдардың сайлау алдындағы бағдарламасы баяндалған сайлаушыларға жеке үндеуі;
сайлау алдындағы пікірсайыс - Президенттікке екі және одан көп кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың түрлі қоғамдық маңызды мәселелер, оның ішінде олардың сайлау алдындағы бағдарламаларына қатысты мәселелер бойынша жария пікірлер алмасуы.
2-тарау. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгітті жүзеге асырудың тәртібі
3. Мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді.
Сайлау алдындағы үгіт Президенттікке, Парламент Сенатының (бұдан әрі - Сенат) депутаттығына кандидаттарды, Парламент Мәжілісінің (бұдан әрі - Мәжіліс) депутаттығына, мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынған саяси партиялардың партиялық тізімдерін, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайта дауыс беруді өткізген кезде сайлау алдындағы үгіт қайта дауыс беру күні тағайындалған күннен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарға, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарға сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең жағдайларына кепілдік беріледі.
Сенім білдірген адамдар сайлау алдындағы үгітті жүргізе алады.
4. Сайлау алдындағы үгіт басталған сәттен бастап Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидаттың мақсаттары мен міндеттерін насихаттайтын барлық ақпарат, жаңалық және талдау бағдарламаларын қоспағанда, кандидаттардың немесе саяси партиялардың сайлау қорынан не жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау қорынан төленуге тиіс.
Сайлау науқаны үшін арнайы әзірленген баспа материалдарынан басқасын тегін таратуға жол берілмейді.
5. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сайлау алдындағы үгіт:
1) Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидатты, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияны, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне белгілі бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру үндеулерін;
2) сайлаушы дауыс беретін Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарды, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне қандай да бір кандидатқа қатысты артықшылық жасауды;
3) Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарды, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатты сайлаудың немесе сайламаудың мүмкін салдарларын сипаттауды;
4) Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидат, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партия, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат туралы жағымды не жағымсыз аргументтелген көрінеу басым мәліметтерді қамтитын материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарының жарыққа шығару (эфирге шығару) жөніндегі қызметі танылады.
6. Сайлау күні және оның қарсаңындағы күні кез келген сайлау алдындағы үгітті жүргізуге жол берілмейді.
Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдары бұрынғы орындарында сақталуы мүмкін. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.
7. Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияның, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспасөз басылымының таралымы барлық кандидаттар үшін бірдей болып табылады.
8. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарды, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламалары Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеяларын жария етсе, оларды жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан) бас тартады.
9. Бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының лауазымды адамдары осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, кандидаттардың сайлау алдындағы науқан барысында айтқандары үшін жауап бермейді.
10. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы сайлау алдындағы науқан барысында Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың материалында кандидаттардың немесе саяси партияның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда, олардың үгіт материалдарын жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан) бас тартады.
Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттар, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттар бұқаралық ақпарат құралы редакциясының талабы бойынша үгіт материалдарында көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттарды тапсырады.
Үгіт материалдарын жарыққа шығарудан (эфирге шығарудан) бас тартуға заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Қандай да бір адамның бейнесін оның жазбаша келісімінсіз, ал ол қайтыс болған жағдайда - мұрагерлерінің жазбаша келісімінсіз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгіт жүргізуге жол берілмейді.
Шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарды, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) демеп жіберетін қызметті жүзеге асыруына жол берілмейді.
11. Мыналарға:
1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде олардың лауазымды адамдарына;
2) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға;
3) сайлау комиссияларының мүшелеріне;
4) діни бірлестіктерге сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, кез келген сайлау алдындағы үгіт материалдарын таратуға жол берілмейді.
3-тарау. Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөз сөйлеуі үшін мемлекет қаржыландыратын эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру тәртібі
12. Мемлекет Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен сөз сөйлеуі үшін бірдей қаражат бөлінуіне кепілдік береді.
4-тарау. Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарға, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатқа шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру тәртібі
13. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарға, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарға шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді.
14. Кандидаттарға немесе саяси партияларға бұқаралық ақпарат құралдарында эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру үшін кандидаттың куәлігі, хабар беруді (эфирге шығаруды) жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралы басшысының атына жазылған жеке жазбаша өтініші немесе Орталық не тиісті аумақтық сайлау комиссиясының партиялық тізімді тіркеу туралы шешімінің көшірмесі негіз болып табылады.
15. Бұқаралық ақпарат құралдарында Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарға, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру туралы шарттың талаптары белгілі бір кандидатқа немесе саяси партияға артықшылық туғызбауға тиіс.
16. Бұқаралық ақпарат құралы редакциясының Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарға, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бөлуге берген келісімі басқа кандидаттарға немесе саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетінен орын бөлуге келісімі болып табылады.
17. Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуының кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не, егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді.
Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттар, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттар жазбаша өтініштерінде қай кезде сөз сөйлейтінін жорамалдайтын күнін, уақытын көрсетеді. Осы ұсыныстардың негізінде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары кандидаттардың немесе саяси партиялардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру кестесін белгілейді.
18. Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сөз сөйлеуі үшін эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру кестесін бұқаралық ақпарат құралының техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралының редакциясы әзірлейді. Осы кестеге кандидаттардың немесе саяси партиялардың жарнама және үгіт материалдарын жариялау да енгізіледі.
Кандидаттардың немесе саяси партиялардың үгіт материалдарын жарыққа шығарудың (эфирге шығарудың) күні мен уақыты көрсетілген кестенің көшірмесі Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясына, кестеге бір тәулік ішінде ұсынылуы тиіс өзгерістердің енгізілуін қоспағанда, үш тәулік ішінде жіберіледі.
19. Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге және сөйлеген сөздеріне іле-шала сол күні, сондай-ақ баспасөз басылымдарындағы сөздеріне сол нөмірде түсініктеме жасауға жол берілмейді.
20. Республикалық мерзімді баспасөз басылымдары мәслихат депутаттарын сайлау кезінде партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы материалдарын тиісті облыста, қалада, ауданда қосымша парақтарды (беттерді) басу арқылы таратады.
21. Эфирден және баспасөзден орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді тиісті бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей хабарлауға және жариялауға, сондай-ақ Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде - Орталық сайлау комиссиясына, мәслихат депутаттарын, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде өзге де аумақтық сайлау комиссияларына беруге тиіс.
22. Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау алдындағы үгітін қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жарияланымдары қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қамтуға тиіс.
Ақпараттандыру тәсілін бұқаралық ақпарат құралы редакциясының өзі айқындайды.
23. Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жарыққа шығару (эфирге шығару) құны кандидаттардың немесе саяси партияның сайлау қорының қаражатынан төленеді.
Құны кандидаттың не саяси партияның сайлау қорынан өзге қаражат есебінен төленген үгіт материалдарын жарыққа шығаруға (эфирге шығаруға) жол берілмейді.
24. Президенттікке кандидаттар, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттар тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы теледидардағы пікірсайыстарға қатыса алады.
25. Сайлауды ақпараттық қамтамасыз етуді мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
5-тарау. Сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі
26. Бұқаралық ақпарат құралдары барлық Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттарды, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларды, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттарды ұсыну, оларды тиісті сайлау комиссияларының тіркеуі, сондай-ақ кандидаттарды немесе саяси партияларды қолдап өткізілетін сайлау алдындағы үгіт іс-шаралары туралы ақпаратты баспасөз бетінен орынның, эфир уақытының бірдей көлемінде таратады.
Осы жарияланымдар, жаңалықтар мен талдау бағдарламаларының сюжеттері сайлау алдындағы үгіт белгілерін қамтымауға тиіс және кандидаттардың немесе саяси партиялардың сайлау қорлары қаражатынан төлеуді қажет етпейді.
27. Бұқаралық ақпарат құралдары сайлау комиссияларының хабарларын, Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың деректерін "Мерзімді баспасөз басылымдарының сайлау комиссияларының хабарларын республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидалары мен көлемін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/201 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17426 болып тіркелген) Сайлау комиссияларының хабарларын мерзімді баспасөз басылымдарының республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат есебінен орналастыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және көлемде жариялайды.
Осы хабарларды мерзімді баспасөз басылымының бір нөмірінде, ал едәуір көлемді болса, басылымға қосымша ретінде жариялау қажет.
28. Бұқаралық ақпарат құралдары тиісті сайлау комиссияларына сайлау науқанының барысы туралы ақпаратты және Конституциялық заңда белгіленген хабарларды кідіріссіз жариялауға мүмкіндік береді.
Ақпарат оны кейіннен жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарының редакцияларына баспа өнімінің келесі нөмірі шығатын күннің алдындағы күнгі сағат 15-ке дейін жіберілуі қажет.
29. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын әділ жариялауды жүзеге асыруға; кандидаттың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға; аталған адамдарға ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау үшін баспа басылымының таяудағы нөмірінде сол көлемде, сол қаріппен және теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған сол жерде теріске шығаруды тегін жариялауына мүмкіндік береді. Радио және теледидар арқылы теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты тәуліктің сол уақытында және сол теле- және радиобағдарламада, ал аталған теле- және радиобағдарлама жабылып қалған жағдайларда - оған тақырыптық бағыты сәйкес келетін өзге теле- және радиобағдарламада берілуі қажет.
Теріске шығару көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі есе және одан үлкен бола алмайды.
Өтінішке таратылған материалдарды кандидаттардың, саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі қоса берілуі қажет.
Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары кандидаттардың сайлау науқанын жария еткен кезде кандидаттардың қызметі туралы жариялауда олардың ешқайсысына артықшылық туғызбай, теңдік және тепе-теңдік қағидаттарын басшылыққа алады.
30. Ақпараттық теле- және радиохабарларда, жарияланымдарда, мерзімді баспасөз басылымдарында сайлау алдындағы іс-шараларды өткізу туралы хабарлар қандай болмасын Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидатқа, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидатқа артықшылық берусіз не алалаусыз берілуі қажет.
Артықшылық беру немесе алалау деп нақты кандидат немесе саяси партия туралы, мерзімді баспасөз басылымының жеке нөміріндегі көлемі бойынша басым, жеке телерадиохабардағы көлемі бойынша басым және арнайы әсерлермен ерекшелендірілген оң да, келеңсіз де сипаттағы хабарларды, жаңалықтар дикторының мәтініне кандидаттың немесе саяси партияның оларға үндеулер мен өтініштерді бағалауын енгізу деп түсінген жөн.
31. Президенттікке, Парламент, мәслихат депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттар болып тіркелген журналистердің, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының не олардың сенім білдірген адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуге қатысуына құқығы жоқ.
Егер Президенттікке, Парламент, мәслихат депутаттығына кандидаттардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың сайлау тізіміне енгізілген адам не Президенттікке, Парламент, мәслихат депутаттығына, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттың сенім білдірген адамы бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы) болып табылса, оның өкілеттіктері сайлау кезеңіне басқа жауапты адамға беріледі.
32. Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау жүргізген заңды тұлғаны, сұрау жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген адамдарды, сұрау жүргізілген уақытты, ақпарат жинау әдісін, сұрақтың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижелерінің қателік коэффициентін көрсетуге міндетті.
Қоғамдық пікірге сұрау салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізе алады. Орталық сайлау комиссиясына жіберілетін хабарламада сұрау салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар, қоғамдық пікірге сұрау салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижелерін, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерінің болжамдарын дауыс берілетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берілетін күні Интернет желісінде жариялауға жол берілмейді.
Сайлау күні дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пікірге сұрау салуды жүргізуге жол берілмейді.
6-тарау. Осы Қағидалардың сақталуын бақылауды ұйымдастыру
33. Президенттікке, Сенат депутаттығына кандидаттардың, Мәжіліс, мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидаттардың, олардың сенім білдірген адамдарының, бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларының және олардың қызметкерлерінің осы Қағидалардың ережелерін сақтауын бақылауды Орталық және тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
34. Бұқаралық ақпарат құралының редакциясы сайлау алдындағы үгіт материалдарының жариялануына, эфирге шығуына есеп жүргізеді. Сайлау комиссиясынан сұрау салу түскен жағдайда бұқаралық ақпарат құралының редакциясы сұрау салынған күннен бастап үш күндік мерзімде оған жазбаша ақпарат, ал қажет болған жағдайда сұрау салынған материалдардың көшірмелерін ұсынады.
35. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын теле- және радиобағдарламалардың (хабарлардың) жазбалары Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес тиісті бұқаралық ақпарат құралының редакциясында телеарналарда соңғы жазба жүргізілген сәттен бастап кемінде алты ай сақталады.
36. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға, хабарларға байланысты даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаралады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/408 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 161/306 қаулысына қосымша |
Дауыс беру құқығын беретін ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ № _____
_____________________________________________________________________
(сайлаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, ЖСН)
___________________________________________________ № _______________
(сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың атауы) (құжаттың нөмірі)
жылы _____ ___________ _______________________________________ берген,
(берілген күні) (оны берген органның атауы)
_____________________________________________________________ тұрады,
(тұрғылықты жері, тіркелген мекенжайы)
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 41-бабы 6-1-тармағының негізінде дауыс беретін күні келген жері бойынша сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізіледі және
_____ жылғы _______________________
(сайлау күні)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(сайлаудың атауы)
дауыс беруге құқылы.
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін № _____
_____________________________________________________________________
(сайлау учаскесінің орналасқан жері: ауыл, кент, аудан, қала, қаладағы аудан, облыс)
_____________________________________________________________________
(облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі округ/ аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі округ)
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы ______ _________________________
(қолы) (қолдың толық жазылуы)
МО
_____ жылғы _______________________
(есептен шығару куәлігі берілген күн)
Сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты қөрсеткен кезде жарамды
________________________________
(есептен шығару куәлігінің бес
таңбалы сериялық нөмірі)
Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында мынадай құжаттар сақталуға және кейіннен Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттiк мұрағатына тапсырылуға тиіс:
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулылары, отырыстарының хаттамалары және оларға қосымшалар;
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органы отырыстарының хаттамаларынан үзінділер;
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның шешімдері;
Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың партиялық тiзiмiн ұсыну туралы саяси партиялардың жоғарғы органдарының хаттамаларынан үзінділер;
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің хаттамаларынан үзінділер;
облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және астана) сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау туралы хаттамалары және оларға қосымшалар;
облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және астана), қалалық сайлау комиссияларының партиялық тiзiмдер бойынша дауыс беру нәтижелерi туралы хаттамалары;
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi.
2. Аумақтық сайлау комиссиялары бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қорытындылары туралы хабар жарияланғаннан кейiн тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, қалалардың және аудандардың мемлекеттiк мұрағаттарына мынадай құжаттарды:
аумақтық, округтік сайлау комиссияларының хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларының Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну туралы отырыстарының хаттамаларынан үзiндiлердi;
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысын өткізу хаттамаларын және оларға қосымшаларды;
тиісті сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірмелерді;
тиісті сайлау округі бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдігіне кандидатты (бұдан әрі – әкімдікке кандидат ) ұсыну туралы саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органының хаттамасынан үзінді көшірмелерді;
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін (бұдан әрі - әкімдер) сайлау жөніндегі сақтауға жатпайтын сайлау құжаттарын жоюға бөліп шығару туралы актілерді (бұдан әрі - акт) осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша;
аудан (республикалық маңызы бар қала) әкімінің азаматты әкім лауазымына кандидат ретінде ұсыну туралы ұсынымын;
сайланған әкімді тіркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешімдерін;
аумақтық, округтік сайлау комиссияларына келiп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн сақтауға тапсырады.
3. Әскери бөлімдерде құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құжаттары әскери бөлімдердің істерінде сақталады.
4. Сайлау алдындағы үгітті қамтитын теле- және радиобағдарламалардың (хабарлардың) бейне- және дыбысжазбалары құпия ақпарат құқығы негізінде тиісті бұқаралық ақпарат құралдарының редакцияларында сақталады және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы не Қазақстан Республикасының тиісті аумақтық комиссиялары сайлау қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейін тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), қалалардың, аудандардың мемлекеттік мұрағаттарына сақтауға жіберіледі.
5. Белгіленген мерзім өткеннен кейін сақтауға жатпайтын құжаттар осы Қағидаларға қосымшаға сай нысан бойынша жойылады.
6. Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдерді мөрленген күйінде, оның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдерді, жойылған есептен шығару куәліктерін, сондай-ақ сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және астана) сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдап қол қою парақтары, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидатты қолдап таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы негізінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат тіркелген күннен кейінгі он жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.
7. Мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді сайлау жөніндегі жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньдер мөрленген күйінде, соның ішінде жекелеген жойылған бюллетеньдер, сондай-ақ сайлаушылардың (таңдаушылардың) тізімдері мен оларға қатысты құжаттарды сайлау қорытындылары анықталып, жарияланғаннан кейін тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жергілікті атқарушы органдарға аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері бойынша тапсырады, онда құпия ақпарат құқығы негізінде сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейінгі үш ай бойы сақталып, ал кейіннен жойылады.
Әкімдікке кандидатты қолдап қол қою парақтары құпия ақпарат құқығы негізінде әкімдікке кандидат тіркелген күннен кейінгі он жұмыс күні бойы сақталады, ал кейіннен жойылады.
8. Жою жағу, балқыту, мөлшері 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын бөлшектерге майдалау, ұнтақтау, еріту немесе химиялық шіріту, қалыпсыз жиынтыққа немесе ұнтаққа айналдыру жолымен жүргізіледі.
9. Бөгде адамдарды жойылған құжаттармен таныстыруға, олардың мазмұнын қалпына келтіруге мүмкіндік беретіндей етіп, толық жоймауға болмайды.
Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Атауы |
Бекітемін |
Сақтауға жатпайтын сайлау құжаттарын жоюға бөліп шығару туралы
Р/б № | Істің тақырыбы немесе істердің топтық тақырыбы | Істің күні немесе істердің соңғы күндері | Істің тізімдеме бойынша № | Істердің (томдардың, бөліктердің) саны | Істің (томның, бөліктің) сақталу мерзімдері және Тізбе бойынша тармақтарының (тармақшаларының) нөмірлері | Ескертпе |
______ жылғы _______ істер мен құжаттардың барлығы
____________________________
(цифрлармен және сандармен)
Күні Қолы Қолының толық жазылуы
Құжаттар саны ______ іс, салмағы ______ кг, _____ № _________________
қабылдау-тапсыру құжаты бойынша қайта өңдеуге ________ тапсырылды.
Құжаттарды тапсырған ұйым қызметкері
лауазымының атауы
Күні Қолы Қолының толық жазылуы
Қолжеткізілімі шектеулі, құпия ақпарат құқығы негізінде сақталған құжаттарды жағу кезінде __________________ қатысты.
Сайлау комиссиясы
өкілінің лауазымы Қолы Қолының толық жазылуы
Казақстан Республикасының Президентін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ 20__ жылғы _____ ________________ (сайлау күні) ИЗБИРАТЕЛЬНЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ для голосования по выборам Президента Республики Казахстан _____ _________________ 20___ года (дата выборов) Өзіңіз жақтап дауыс беретін кандидаттың тегінің оң жағындағыбос шаршыға кез келген белгі қойыңыз Поставьте любую отметку в пустом квадрате справа от фамилии кандидата,за которого Вы голосуете "Жақтап" дауыс беремін Голосую "За"
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Бәріне қарсымын
Против всех
_______________________________________________________________
Ескертпе: Бюллетень берген комиссия мүшесі оған өз қолын қояды. Мынадай бюллетень: белгiленбеген үлгiдегi; тиісті сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған; бiр кандидаттан артық белгiленген; белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетень жарамсыз деп танылады.
Примечание: Член комиссии, выдавший бюллетень, ставит в нем свою подпись. Недействительным признается бюллетень: неустановленного образца; в котором отсутствует подпись члена соответствующей избирательной комиссии; в котором отмечено более одного кандидата; в котором отметка проставлена карандашом, носит следы подчистки или иного способа подделки, а также в котором невозможно определить волеизъявление избирателя.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ 20___ жылғы __ ________ (сайлау күні) ИЗБИРАТЕЛЬНЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ для голосования по выборам депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан, избираемых по партийным спискам __ _________ 20__ года (дата выборов) Өзіңіз жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағыбос шаршыға белгі қойыңыз Поставьте отметку в пустом квадрате справа от наименования политической партии,за которую Вы голосуете "Жақтап" дауыс беремін Голосую "За"
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Бәріне қарсымын
Против всех
_______________________________________________________________
Ескертпе: Бюллетень берген комиссия мүшесі оған өз қолын қояды. Мынадай бюллетень: белгiленбеген үлгiдегi; тиісті сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған; бiр саяси партиядан артық белгiленген; белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетень жарамсыз деп танылады.
Примечание: Член комиссии, выдавший бюллетень, ставит в нем свою подпись. Недействительным признается бюллетень: неустановленного образца; в котором отсутствует подпись члена соответствующей избирательной комиссии; в котором отмечено более одной политической партии; в котором отметка проставлена карандашом, носит следы подчистки или иного способа подделки, а также в котором невозможно определить волеизъявление избирателя.
Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ 20____ жылғы ___________ ____ (сайлау күні) ИЗБИРАТЕЛЬНЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ для голосования по выборам депутатов Мажилиса Парламента Республики Казахстан, избираемых Ассамблеей народа Казахстана ____ ____________ 20____ года (дата выборов) Өзіңіз жақтап дауыс беретін кандидаттар тегінің оң жағындағы бос шаршығабелгі қойыңыз Поставьте отметку в пустом квадрате справа от фамилий кандидатов,за которых Вы голосуете "Жақтап" дауыс беремін Голосую "За"
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Бәріне қарсымын
Против всех
_______________________________________________________________
Ескертпе: Бюллетень берген комиссия мүшесі оған өз қолын қояды. Мынадай бюллетень: белгiленбеген үлгiдегi; тиісті сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған; белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетень жарамсыз деп танылады.
Примечание: Член комиссии, выдавший бюллетень, ставит в нем свою подпись. Недействительным признается бюллетень: неустановленного образца; в котором отсутствует подпись члена соответствующей избирательной комиссии; в котором отметка проставлена карандашом, носит следы подчистки или иного способа подделки, а также в котором невозможно определить волеизъявление избирателя.
________________________________________________________________ облыс, республикалық маңызы бар қала және Республика астанасы, аудан, қала мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ 20___ жылғы "_____"________________ (сайлау күні) ИЗБИРАТЕЛЬНЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ для голосования по выборам депутатов маслихатов ________________________________________________________________ область, город республиканского значения и столицы Республики, район, город "____" _____________ 20___ года (дата выборов) Өзіңіз жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға белгі қойыңыз Поставьте отметку в пустом квадрате справа от наименования политической партии, за которого Вы голосуете "Жақтап" дауыс беремін Голосую "За"
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Саяси партияның атауы
Наименование политической партии
_______________________________________________________________
Бәріне қарсымын
Против всех
_______________________________________________________________
Ескертпе: Бюллетень берген комиссия мүшесі оған өз қолын қояды. Мынадай бюллетень: белгiленбеген үлгiдегi; тиісті сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған; бiр саяси партиядан артық белгiленген; белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетень жарамсыз деп танылады.
Примечание: Член комиссии, выдавший бюллетень, ставит в нем свою подпись. Недействительным признается бюллетень: неустановленного образца; в котором отсутствует подпись члена соответствующей избирательной комиссии; в котором отмечено более одной политической партии; в котором отметка проставлена карандашом, носит следы подчистки или иного способа подделки, а также в котором невозможно определить волеизъявление избирателя.
_____________________________________________________________ аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлау жөнідегі дауыс беруге арналған САЙЛАУ БЮЛЛЕТЕНІ 20__ жылғы _____ ________________ (сайлау күні) ИЗБИРАТЕЛЬНЫЙ БЮЛЛЕТЕНЬ для голосования по выборам акима ____________________________________________________________________ город районного значения, село, поселок, сельский округ _____ _________________ 20___ года (дата выборов) Өзіңіз жақтап дауыс беретін кандидаттың тегінің оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгі қойыңыз Поставьте любую отметку в пустом квадрате справа от фамилии кандидата, за которого Вы голосуете "Жақтап" дауыс беремін Голосую "За"
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Фамилия, имя, отчество (при наличии)
_______________________________________________________________
Бәріне қарсымын
Против всех
_______________________________________________________________
Ескертпе: Бюллетень берген комиссия мүшесі оған өз қолын қояды. Мынадай бюллетень: белгiленбеген үлгiдегi; тиісті сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған; бiр кандидаттан артық белгiленген; белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар, сондай-ақ сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетень жарамсыз деп танылады.
Примечание: Член комиссии, выдавший бюллетень, ставит в нем свою подпись. Недействительным признается бюллетень: неустановленного образца; в котором отсутствует подпись члена соответствующей избирательной комиссии; в котором отмечено более одного кандидата; в котором отметка проставлена карандашом, носит следы подчистки или иного способа подделки, а также в котором невозможно определить волеизъявление избирателя.
Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттары туралы қағидалар "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Президенттікке кандидаттардың, Қазақстан Республикасының Мәжілісі және (немесе) мәслихаттары депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың теледидарда сайлау алдындағы пікірсайыстарды (бұдан әрі – пікірсайыс) өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.
2. Президенттікке кандидаттар, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі – Ортсайлауком) ұйымдастыратын теледидардағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады.
3. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы теледидардағы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады.
Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттар тиісті аумақтық сайлау комиссиялары ұйымдастыруға құқылы теледидардағы пікірсайыстарға қатыса алады.
2-тарау. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу шарттары
4. Ортсайлауком пікірсайыстарды өткізу туралы шешім қабылданған соң бес күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың, Мәжіліс депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың пікірсайыстарын өткізетін телеарналарды айқындайды және олардың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы жазбаша хабарлайды.
5. Аумақтық сайлау комиссиясы пікірсайыстарды өткізу туралы шешім қабылданған сәттен кейін бес күнтізбелік күн ішінде телеарналарды айқындайды және олардың өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы жазбаша:
1) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға;
2) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарға хабарлайды.
6. Телеарналар Қазақстан Республикасының Президенттігіне, саяси партиялардың партиялық тізімдері бойынша ұсынылған Мәжіліс және (немесе) мәслихат депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне тіркелген кандидаттарға пікірсайыс үшін теледидардан өз эфирлік уақытын Ортсайлаукоммен немесе аумақтық сайлау комиссиясымен пікірсайыстың өткізілетін күні, уақыты, орны және регламенті көрсетілген шарт негізінде ұсынады.
7. Телеарналар шартқа сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне;
2) партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардан Мәжіліс және (немесе) мәслихаттар депутаттығына;
3) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың пікірсайыстар өткізуі үшін эфир уақытын қалдырады.
Кандидаттардың сөйлеуі үшін эфир уақытының көлемі бірдей болуы тиіс.
8. Пікірсайысқа қатысушылардың, қатысып отырған адамдардың тізімін Ортсайлауком немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясы бекітеді.
3-тарау. Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары
9. Кандидаттардың сөз сөйлеу кезектілігі жеребе бойынша белгіленеді.
10. Жүргізуші Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген пікірсайыс өткізу регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді.
11. Пікірсайысты жүргізуші:
кандидаттардың сайлау алдындағы пікірсайысын өткізу регламентін бұзбайды;
егер оларды өткізу тәртібінде басқаша көзделмесе, не бұл осы хабарға арналған эфир уақытының аяқталуына байланысты болмаса, Президенттікке, кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардан Мәжіліс және (немесе) мәслихаттар депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың сөз сөйлеу уақытын бақылайды;
кандидаттардың, саяси партиялардың ешқайсысына артықшылық бермейді және олардың сөздеріне түсініктеме бермейді.
12. Президенттікке, саяси партиялар ұсынған Мәжіліс және (немесе) мәслихаттар депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттар:
- пікірсайыстар өткізу регламентін сақтайды;
- әдеп нормалары шеңберінде пікірталас жүргізеді, жеке айыптаулардан, кандидаттардың, саяси партиялардың, олардың мүшелерінің абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін пікір білдіруден, басқа саяси партия өкілдеріне қатысты кемсітушіліктен аулақ болады;
- Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құруды насихаттауға және үгіттеуге жол бермейді;
жүргізушінің негізделген талаптарын орындайды.
13. Пікірсайыс уақытында Президенттікке кандидаттарға, саяси партиялар ұсынған Мәжіліс және (немесе) мәслихаттар депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарға, сондай-ақ өзге де қатысушы адамдарға кандидаттардың сөйлеп жатқан сөздерін бөлуге, сондай-ақ оларға іле-шала қандай да бір пікір білдіруге жол берілмейді.
14. Президенттікке кандидаттар, Мәжіліс және (немесе) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттар пікірсайыстарға қатысудан бас тарта алады.
15. Президенттікке кандидаттар, Мәжіліс және (немесе) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттар қатыспаған жағдайда, пікірсайыстардағы сол кандидат, партия үшін белгіленген эфир уақыты пікірсайыстың басқа қатысушылары арасында теңдей бөлінеді.
16. Пікірсайыстарды өткізу тілі: қазақ және орыс.
17. Президенттікке кандидаттардың, Мәжіліс және (немесе) мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттардың пікірсайыс жазбалары "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына сәйкес телеарналардағы соңғы жазба жүргізілген сәттен бастап кемінде алты ай сақталады.