Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құру, жұмсау, олардың есебi мен есеп беру тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 1995 жылғы 12 қазандағы N 13 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 8 мамырда тіркелді. Тіркеу N 304. Күші жойылды - ҚР орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы N 19/222 қаулысымен. ~V990870

 


     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы

сайлау туралы" заң күшi бар Жарлығының 


Z952464_


  12-бабының 1-тармағын және

34-бабының 6-тармағын басшылыққа ала отырып Орталық сайлау комиссиясы

қаулы етедi:

     1. Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттығына

кандидаттардың сайлау қорларын құру, жұмсау, олардың есебi мен есеп беру

тәртiбi бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасы

  Орталық сайлау комиссиясының

           төрағасы


     Қазақстан Республикасы

  Орталық сайлау комиссиясының

           хатшысы

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Орталық сайлау комиссиясының

                                       1995 жылғы   қазандағы

                                       қаулысымен

                                       Бекiтiлген


           Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi

          депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын

         құру, жұмсау, олардың есебi мен есеп беру тәртiбi


     1. Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына

кандидаттардың сайлау қорлары Қазақстан Республикасы Президентiнiң

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар

Жарлығының 34, 92-баптарының негiзiнде құрылады.


           1. Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң

              депутаттығына кандидаттың сайлау қорын құру

                              тәртiбi



 
       Мәжiлiс депутаттығына кандидат тиiстi сайлау комиссиясында тiркелгеннен кейiн өзiнiң сайлау қорын тiркеу үшiн аумақтық әдiлет органына өтiнiш бередi.
      Әдiлет басқармасы (бөлiмi) Әдiлет министрлiгi белгiлеген тәртiп негiзiнде өтiнiш берiлген кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде оның сайлау қорын тiркейдi. Сайлау қорларын тiркеу туралы мәлiметтер тиiстi округтiк сайлау комиссияларына дереу табыс етiледi.
      Округтiк сайлау комиссиялары Мәжiлiс депутаттығына кандидаттарды тiркегеннен кейiн келесi күнi кандидаттың сайлау қорының арнаулы уақытша есепшотын ашу үшiн сайлау қорлары әдiлет басқармаларында тiркелген кандидаттардың тiзiмiн Халықтық банктiң бөлiмшелерiне жiбередi.
      Сайлау қорлары мынадай көздерден құралады:
      а) кандидаттың өз қаражаты, оның жалпы сомасы ең төменгi жалақының заңдарда белгiленген мөлшерiнен екi жүз еседен артық болмауға тиiс;
      б) кандидатты ұсынған республикалық қоғамдық бiрлестiктiң оған бөлген қаражат, оның жалпы сомасы ең төменгi жалақының заңдарда белгiленген мөлшерiнен бес жүз еседен артық болмауға тиiс;
      в) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтары, олардың жалпы сомасы ең төменгi жалақының заңдарда белгiленген мөлшерiнен мың еседен артық болмауға тиiс.
      Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, қайырымдылық ұйымдарының, дiни бiрлестiктердiң, жарғылық капиталына шет ел қатысқан қазақстандық заңды тұлғалардың ерiктi қайырымдылықтарына тыйым салынады.
      Белгiленген мөлшерден тыс келiп түскен ақшалай қаражат сайлау қорларына қосуға жатпайды және оны Халықтық банк бөлiмшесi оны берген азаматтар мен ұйымдарға қайтарады. Бұл орайда аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығындар оны берген азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады.
      Депутаттыққа кандидаттың сайлау қорына қолма-қол ақшамен ерiктi қайырымдылықтар салған кезде оны салушы тегiн, атын және әкесiнiң атын, тұрақты тұрған жерiн және төлқұжат деректерiн көрсетуге тиiс. Беймәлiм қайырмалдықтар республикалық бюджет кiрiсiне түседi.
      Халықтық банк бөлiмшесi кандидаттардың арнаулы уақытша есепшоттарына қаражат келiп түскенi туралы мәлiметтердi ол келiп түскеннен бастап үш күн мерзiм iшiнде тиiстi округтiк сайлау комиссиясына бередi (Жарлықтың 34-бабының 6-тармағы).
      Сайлау қорларының есепшоттары бойынша кiрiстер есептелмейдi және төленбейдi. Кандидаттың қорына келiп түскен ақшалай қаражаттың жалпы сомасын округтiк сайлау комиссиясы есепшот ашылғаннан кейiн он күннен кешiктiрмей және дауыс беру күнiне дейiн екi күн қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды (Жарлықтың 34-бабының 4-тармағы).
      Барлық ақшалай қаражат сайлау қорларының есепшоттарына теңгемен аударылады. Шет ел валютасымен аударуға тыйым салынады.
 
            II. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар сайлау
                қорларының ақшалай қаражатын жұмсау
 
      1. Сайлау қоры қаражатына иелiк ету құқығы тек қана кандидатқа берiледi (Жарлықтың 34-бабының 6-тармағы).
      2. "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Жарлықтың 27-бабына, 28-бабының 6-тармағына сәйкес Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кандидат өз сайлау қорының қаражатынан мынадай шығыстарды төлеуге құқылы:
      а) тiркелген кез келген бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөзiне;
      б) сайлау алдындағы көпшiлiк шараларды (сайлау алдындағы жиналыстар және сайлаушылармен кездесулердi, сайлау алдындағы жария айтыстар мен пiкiрсайыстарды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды және өзге де сайлау алдындағы шараларды), кандидаттар мен олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен жеке кездесулерiн өткiзуге;
      в) баспа, бейне-дыбысжазу және өзге де үгiт материалдарын шығаруға және (немесе) таратуға;
      г) заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтерiне ақы төлеуге;
      д) адвокат қызметiне ақы төлеуге, мемлекеттiк бажға ақы төлеуге;
      е) сенiм бiлдiрiлген адамдар мен бастамашы топ мүшелерiнiң сайлау алдындағы үгiтке байланысты көлiк және iссапар шығындарын жабуға;
      ж) баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрмелiк материалдарды, сондай-ақ белгiлердi, жалауларды, жалаушыларды және сайлау науқаны үшiн арнайы дайындалған басқа да белгiлер мен нышандарды тегiн таратуға (27-баптың 5-тармағы).
      Кез келген басқа көздерден өзге де ақшалай қаражат тартуға, заңды және жеке тұлғалардың үгiт жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi кандидаттардың сайлау қорлары қаражатынан төленбеген кез келген қызметiн қабылдауға, аталған заңды және жеке тұлғаларға осы қызметтердi көрсеткенi үшiн кандидат тарапынан кез келген ықпалды әрекет жасалуына тыйым салынады (Жарлықтың 28-бабының 6-тармағы).
      3. Кандидат өз кандидатурасын алып тастаған немесе оны ұсыну немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда сайлау қорына келiп түскен ақшалай қаражат оны салған азаматтар мен ұйымдарға дереу қайтарылуға тиiс. Бұл орайда аталған қаражатты қайтаруға байланысты шығындар оны салған азаматтар мен ұйымдар есебiнен жабылады (Жарлықтың 34-бабының 7-тармағы).
      Халықтық банк бөлiмшесi жетi күн мерзiмде тиiстi округтiк сайлау комиссиясына ақшалай қаражатты қайтарғаны туралы мәлiметтi табыс етедi.
 
            III. Сайлау қорларының есебi, есеп беруi және олардың
                    ақшалай қаражатының жұмсалуын бақылау
 
      1. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттардың сайлау қорлары ақшалай қаражатының жұмсалуына бақылауды тиiстi сайлау комиссиялары мен Халықтық банк бөлiмшелерi жүзеге асырады (36-баптың 2-тармағы).
      2. Сайлау қорлары қаражатының дұрыс аударылуы және оның мақсатты жұмсалуы үшiн депутаттыққа кандидат жауапты болады.
      3. Депутаттыққа кандидат өзiнiң сайлау қорына ақшалай қаражаттың түсу есебiн, сондай-ақ олардың жұмсалу есебiн жүргiзедi. Есеп түсiмдердiң әр түрi бойынша, күнi, теңгемен есептелген сомасы және бұл қаражатты аударған нақты жеке және заңды тұлғаның атауы көрсетiле отырып жүргiзiледi. Шығыстар тiзiмдемесiнде мыналар жазылады: қаражаттың есепшотқа келiп түскен күнi, қаражатты банктен алған күнi, қаражат сомасы, қаражат жұмсалған шаралар (қағаз сатып алу, баспаханада үгiт материалдарын басу, тарату, жапсыру, көлiк және iссапар шығындарын жабу және т.б.), қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттар (шек, квитанция, актi, қолхат және т.б.).
      Округтiк сайлау комиссиясының сұрауы бойынша Халықтық банктiң бөлiмшесi 3 күн мерзiм iшiнде кандидаттардың сайлау қорынан ақшалай қаражат жұмсауы туралы мәлiметтердi табыс етедi (Жарлықтың 34-бабының 6-тармағы).
      4. Кандидаттардың арнайы уақытша есепшоттары бойынша барлық қаржы операциялары сайлаудың алдындағы күнi тоқтатылады (34-баптың 8-тармағы).
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 34-бабы 9-пунктiне сәйкес Ортсайлауком сайлау қорытындыларын анықтағаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей, кандидат тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiндегi есебiнде, сайлау қорына түскен ақшалардың көздерiн және сайлау алдындағы үгiтке жұмсалған барлық шығындарды көрсетiп, беруге мiндеттi. Сонымен бiрге банк куәландырған жеке шотының көшiрмесi тапсырылады.
      Есеп нысан бойынша, қаражаттың жұмсалғанын растайтын құжаттар тiркеле отырып табыс етiледi (нысан қоса тiркелiп отыр).
      Халықтық банктiң тиiстi бөлiмшелерi округтiк сайлау комиссиясына мәлiметтер бере отырып сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған сайлау қоры қаражатының үштен екi бөлiгiн республикалық бюджетке, ал үштен бiр бөлiгiн кандидатқа қайтарады (34-баптың 9-тармағын қараңыз).
      Тиiстi сайлау комиссиясы есептi қабылдағаны туралы шешiм алып, бұл

 

жөнiнде 7 күн мерзiм iшiнде әдiлет басқармасын хабардар етедi.

     ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың 1 абзацы жаңа редакцияда - ҚР Орталық

              сайлау комиссиясының 1996.06.26. N 55 қаулысымен.

     6. Кандидаттың Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан

Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының

34-бабында белгiленген ережелердi және сайлау қорлары қаражатын жұмсаудың

осы тәртiбiн бұзуы - кандидатты тiркеу туралы шешiмiнiң күшiн жоюға, ал

сайлау өткеннен кейiн екi апта мерзiм iшiнде тиiстi аумақ, округ немесе

учаске бойынша сайлауды жарамсыз деп тануға әкеп соғады.


     Қазақстан Республикасы

  Орталық сайлау комиссиясының

          хатшысы


                  Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсi

                депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын

                құру, жұмсау, олардың есебi мен есеп беру

                              тәртiбiне нысан


              Мәжiлiс депутаттығына кандидаттың сайлау

                 қоры қаражатын жұмсау туралы есебi


     1. Сайлау қорының жалпы сомасы .......................теңге.

     2. Сайлау қорына әрбiр көзi бойынша сомалары көрсетiлген

қаражаттардың түсу көздерi


___________________________________________________________________

Түскен | Теңге |      Түсу көзi             |Қаражаттың банкiге

күнi  |сомасы |                            |түскендiгiн растайтын

       |       |                            |құжаттар

___________________________________________________________________

              Осы нысанды толтыру үлгiсi:

10.11    500   Депутаттыққа кандидаттың       .............. кiрiс

               өз қаражаты                    ордерi, төлқұжат

               (тегi, аты, әкесiнiң аты,      деректерi

               тұрақты тұрған жерi)

20.11   1000   Кандидатты ұсынған              ..........N ...төлем

               республикалық қоғамдық         тапсырмасы

               бiрлестiк (тұрған жерi)        қоғамдық бiрлестiктiң

                                              есепшот N

                                              банктiң тұрған жайы

27.11   100    Азаматтардың ерiктi            қолма-қол жарнаға

               қайырмалдығы (тегi, аты,       хабарлама

               әкесiнiң аты, төлқұжат         кiрiс ордерi

               деректерi, тұрған жерi)

28.11 1000000  Ұйымның аты                    ...........N ...төлем

               (тұрған жерi)                  тапсырмасы

                                              ұйымның есепшот N

                                              банктiң тұрған жерi


        3. Қаражатты есепшоттан алу және ол жұмсалған шаралар

___________________________________________________________________

Күнi | Теңге  |Қаражат жұмсалған | Қаражаттардың жұмсалғандығын

     |сомасы  |    шаралар       | растайтын құжаттар

___________________________________________________________________


        4. Жарналардың белгiленген мөлшердегi шегiнен асып

           кеткен жағдайда қаражатты қайтару

___________________________________________________________________

Түскен  | Түсу        |Қаражаттардың банкке |Қаражаттарды қайтарған

күнi мен| көзi        |түскендiгiн растайтын|мерзiмi мен оларды

сомасы  |             |        құжат        |қайтарғандығын растайтын

        |             |                     |        құжат

___________________________________________________________________

28.11    Азаматтардың      ...........199 ..ж.    ..............

300000   ерiктi            кiрiс ордерi

         қайырымдылығы     төлқұжат деректерi

         (тегi, аты,

         әкесiнiң аты,

         тұрақты тұрған

         жерi)

28.11    Республика ұйымы  ...........N ...

300000   (тұрған жерiнiң   төлем тапсырмасы

         атауы)            банктiң атауы мен

                           тұрған жерi,

                           есепшот N...

29.11    Республикалық     ...........N ...

300000   қоғамдық          төлем тапсырмасы

         бiрлестiк         банктiң атауы мен

         (тұрған жерiнiң   тұрған жерi, есепшот N..

         атауы)


          5. Деректердi банк куәландырады.


     Есепшоттағы ...........................жағдай бойынша қалған қаражат

...............теңге.

     Қалдықтың үштен екiсi ......... теңге сомасында республикалық

бюджетке түстi. (төлем құжатының күнi мен N...).

     Қалдықтың үштен бiрi ......... теңге сомасында кандидатқа қайтарылды.

     Банк бөлiмшесiнiң қолы


     Қолы                           (Депутаттыққа кандидат)

     М.О.


     Куәландырды.           тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы

     М.О.



         1995 жылғы 12 қазанда Ортсайлаукомның N 13 қаулысымен

         бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi

         депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құру,

         жұмсау, есепке алу және есеп беру тәртiбi" жөнiндегi

                    5-пункттi өзгерту туралы

                             ҚАУЛЫ



 
       Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 1995 жылғы 12 қазанда Ортсайлаукомның N 13 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құру, жұмсау, есепке алу және есеп беру тәртiбiнiң" 5-пунктiне байланысты наразылығын қарап шығып, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы еттi:
      1. 1995 жылғы 12 қазанда Ортсайлакомның N 13 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларын құру, жұмсау, есепке алу және есеп беру тәртiбiнiң" 5-пунктiнiң 1 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығының 34-бабы 9-пунктiне сәйкес Ортсайлауком сайлау қорытындыларын анықтағаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей, кандидат тиiстi сайлау комиссиясына өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны жөнiндегi есебiнде, сайлау қорына түскен ақшалардың көздерiн және сайлау алдындағы үгiтке жұмсалған барлық шығындарды көрсетiп, беруге мiндеттi. Сонымен бiрге банк куәландырған жеке шотының көшiрмесi тапсырылады".
      2. Осы қаулы Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау жөнiндегi барлық

 

облыстық және округтiк сайлау комиссияларына жiберiлсiн және

Ортсайлаукомның хабаршысында жариялансын.

     3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына заңда бекiтiлген он

күндiк мерзiм iшiнде, наразылықты қарау нәтижесi туралы жазбаша

хабарлансын.


     Ортсайлауком төрайымы

     Ортсайлауком хатшысы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады