Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосында", "селосы", "селолары", "селоларын", "селосын" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылында", "ауылы", "ауылдары", "ауылдарын", "ауылын" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңның 11 бабына сәйкес Жангелдин және Науырзым аудандары әкімдерінің, мәслихаттарының ұсыныстарын қарап, ШЕШТІМ :
1. Мыналар таратылсын:
- Жангелдин ауданының Аққұм ауылдық округі:
- Науырзым ауданының Жамбыл ауылдық округі.
2. Науырзым ауданында құрылсын:
- әкімшілік орталығы Қараменді ауылында болатын, құрамында таратылатын Жамбыл ауылдық округінің Қараменді ауылы және Жамбыл, Киевка, Новостройка ауылдары бар Қараменді ауылдық округі;
- әкімшілік орталығы Буревестник ауылы болатын, құрамында Буревестник және Ақбұлақ ауылы бар Буревестник ауылдық округі.
3. Мыналардың шекаралары өзгертілсін:
- құрамына таратылатын Аққұм ауылдық округінің Айырқұм және Бердібай ауылдарын қоса отырып, Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округінің;
құрамында таратылатын Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылын қоса отырып, Жангелдин ауданы Жангелдин ауылдық округінің.
4. Жангелдин және Науырзым аудандарының әкімдері осы шешімді жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
Сессия төрағасы |
Қостанай облысының |