Жангелдин және Науырзым аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгертулер туралы

Жаңартылған

Қостанай облыс мәслихаты мен облыс әкімінің (кезектен тыс сессия) 1999 жылғы 7 сәуірдегі шешімі. Қостанай облысының Әділет басқармасында 1999 жылғы 28 сәуірде № 80 тіркелді

      Ескерту. Мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосында", "селосы", "селолары", "селоларын", "селосын" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылында", "ауылы", "ауылдары", "ауылдарын", "ауылын" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы"  Заңның 11 бабына сәйкес Жангелдин және Науырзым аудандары әкімдерінің, мәслихаттарының ұсыныстарын қарап, ШЕШТІМ :

      1. Мыналар таратылсын:
      - Жангелдин ауданының Аққұм ауылдық округі:
      - Науырзым ауданының Жамбыл ауылдық округі.
      2. Науырзым ауданында құрылсын:
      - әкімшілік орталығы Қараменді ауылында болатын, құрамында таратылатын Жамбыл ауылдық округінің Қараменді ауылы және Жамбыл, Киевка, Новостройка ауылдары бар Қараменді ауылдық округі;
      - әкімшілік орталығы Буревестник ауылы болатын, құрамында Буревестник және Ақбұлақ ауылы бар Буревестник ауылдық округі.
      3. Мыналардың шекаралары өзгертілсін:
      - құрамына таратылатын Аққұм ауылдық округінің Айырқұм және Бердібай ауылдарын қоса отырып, Жангелдин ауданы Албарбөгет ауылдық округінің;
      құрамында таратылатын Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылын қоса отырып, Жангелдин ауданы Жангелдин ауылдық округінің.
      4. Жангелдин және Науырзым аудандарының әкімдері осы шешімді жүзеге асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

Сессия төрағасы
Қостанай облыстық
мәслихатының хатшысы
В. Семенова

Қостанай облысының
әкімі
У. Шөкеев





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады