Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға берілген арнайы автокөлік туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімінің 1999 жылғы 29 қарашадағы N 1144 шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасымен 1999 жылғы 10 желтоқсанда N 86 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласының әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 1/224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласының әкімдігінің 2012.03.29  № 1/224 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының кейбір азаматтар тобына жеңілдік беру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңымен, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға берілген арнайы автокөлікке тегін қамтамасыз ету жөніндегі жеңілдіктер алынып тасталған болатын.
      Жоғарыда аталғандар негізінде заңдағы өзгерістерді ескере отырып, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдардың мүддесін қорғау мақсатында Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға пайдалану құқығында жеңіл автокөлік алғандар (сатуға және басқа адамдарға беруге құқығы жоқ) осы шешімнің күшіне енген күннен бастап осы жеке көлік құралдарының меншік иелері болып табылатыны белгіленсін.
      2. Алматы қалалық ішкі істер Бас басқармасының ЖПБ (Н.Ыбырайымов), Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментімен (Н.І.Сүлейменов) бірлесіп, осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім өз күшіне жарияланған күннен бастап енеді.

      Алматы қаласының Әкімі               В.Храпунов
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады