Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2008.07.30 N 21 Шешімімен
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Жекешелендiру мен құрылымсыздандырудың секторлық бағдарламасы туралы" 1997 жылғы 14 қаңтардағы N 65, 1999 жылдың мемлекеттiк бюджетiн әзiрлеу үшiн Қазақстан Республикасының Бiлiм, және денсаулық сақтау министрлiгiнiң бағдарламасы мен көмекшi бағдарламасын бекiту жөнiндегi" 1998 жылғы 4 тамыздағы N 737, "Қазақстан Республикасындағы орта бiлiм жүйесiн одан әрi реформалау жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 26 тамыздағы N 812 қаулысын орындау мақсаттарында ШЕШIМ қабылдаймын :
1. Бiлiм департаментiне (Ваховский Ф.И.):
- мемлекеттiк емес бастауыш және мемлекеттiк орта кәсiптiк оқу орындарына қабылдау мемлекеттiк тапсырысты конкурстық негiзде орналастыру арқылы жүзеге асырылсын.
- мемлекеттiк тапсырыс мемлекеттiк сатып алулар туралы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қалыптастырылсын.
2. Бiлiм департаментiне (Ваховский Ф.И.) облыстық жұмыспен қамту орталығымен (Потуданская Н.Ф.) бiрлесе отырып:
- жұмыссыздар және еңбекке тартылмаған тұрғындарды оқыту үшiн аймақтық орталық ретiнде пайдаланылатын базалық кәсiптiк-техникалық оқу орындарының тiзбесiн айқындалсын;
- жұмыссыздар және еңбекке тартылмаған тұрғындарды даярлау және қайта оқытуды ұйымдастыру үшiн қалалар мен аудандарда кәсiптiк-техникалық оқу орындарын барынша тиiмдi пайдалану жөнiндегi бiрлескен әзiрлесiн.
3. Аумақтық әкiмдер жұмыссыздарды даярлау және қайиа оқыту, бiлiктерiн арттыру және жоғары сынып оқушыларын еңбекке оқытуды ұйымдастыру үшiн кәсiптiк оқу орындарын пайдалану жөнiнде сәйкес шешiмдер қабылдасын.
4. Осы шешiмдер орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары В.П.Никандровқа жүктелсiн.
Облыс әкiмi қызметiн атқарушы