Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 100-IV Заңымен, 5-3-бабын қоспағанда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
1-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық кодексі) 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
2-бап.
2002 жылғы 1 қаңтардан бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңы
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 ж., N 4, 51-құжат; N 7, 82-құжат; N 10, 112-құжат; N 11, 144-құжат; N 12, 184, 188-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 20, 263-құжат; N 2, 333-құжат; 1998 ж., N 4, 45-құжат; N 14, 197, 201, 202-құжаттар; N 23, 425-құжат; N 24, 436, 442, 445-құжаттар; 1999 ж., N 6, 192, 193-құжаттар; N 20, 731-құжат; N 21, 786-құжат; N 23, 928-құжат; N 24, 1067-құжат; 2000 ж., N 3-4, 65, 66-құжаттар; N 10, 234-құжат; 2001 ж., N 3, 16-құжат; 2001 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 9 мамырда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының
Заңы
), бұған мыналар:
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 5-бабының 23) тармақшасы, 57-бабының 1-тармағының 11), 16), 22) тармақшалары, 59-бабы, 71-1-бабының 2-тармағы; <*>
2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 57-бабының 1-тармағының 17) тармақшасы, 61-1-бабы; <*>
2004 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын мынадай редакциядағы 57-бабы 1-тармағының 12) тармақшасы:
"12) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ өндіріс ұйымдарының тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату жөніндегі айналымдары сауда-делдалдық қызметтен түскен тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сату жөніндегі айналымдардан және акцизделетін тауарларды өндіру мен сату және қызмет түрлерін көрсету жөніндегі айналымдардан басқа), егер осындай бірлестіктер мен ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе:
мүгедектер осындай өндірістік ұйымдар қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 процентін құраса;
мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 процентін құраса, (есіту, сөйлеу, көру қабілетінен айрылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - 35 проценттен кем болмаса), қосылған құн салығынан босатылады;";
2004 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын 57-бабының мынадай редакциядағы 15) тармақшасы:
"15) уәкілетті мемлекеттік орган пайдалануға рұқсат еткен мектеп оқулықтарын және мектеп оқу құралдарын, оқушы дәптерлерін, балалар әдебиетін, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарын шығару және (немесе) сату жөніндегі айналымдар;";
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 57-бабының 1-тармағының 17) тармақшасы, 61-1-бабы;
2005 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын мынадай редакциядағы 179-бабының 9-тармағы:
"9. Қызметiн машина жасау, тоқыма, тiгiн, былғары-аяқ киiм, резина және пластмасса бұйымдары немесе химия өнеркәсiбi салаларында жүзеге асыратын заңды тұлғаларда, мұндай қызметтен түсетiн табыс жылдық жиынтық табыс көлемiнiң елу бiр процентiнен кем болмаған жағдайда, 1999 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша жинақталып қалған және 2004 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төленбеген салықтар және айыппұл санкциялары сомаларын (толық көлемде жергiлiктi бюджеттерге түсетiн салықтардан және акциздерден басқа) төлеу мерзiмi ұзартылады. Бұл ретте 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап 1999 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша жинақталып қалған салық сомаларына (толық көлемде жергiлiктi бюджеттерге түсетiн салықтардан және акциздерден басқа) өсiмпұл есептелмейдi. <*>
(осы баптың 11,12-абзацтары 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N 500 Заңымен (3-бапты қараңыз).
2006 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 57-бабының 1-тармағының 19) тармақшасы;
2008 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болатын мынадай редакциядағы 34-бабының 1-тармағының 7) тармақшасы:
"7) жеке мұқтаждары үшін тұрғын үйлерді сатып алу мен салуға арнап үш жылдан астам мерзімге жеке тұлғаларға берілген ипотекалық қарыздар бойынша алынған (алынуға тиіс) сыйақы бойынша банктер мен банк операциясының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
2007 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 179-бабының 4-1-тармағы;
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының жұмыс iстеу мерзiмi iшiнде қолданыста болатын 57-бабы 1-тармағының 28) тармақшасы, 58-бабының 2-1-тармағы, 60-1-бабы, 123-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы және 132-бабының екiншi бөлiгi қосылмайды.
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiн жоятын 179-бабының 10-тармағы. Бұл ретте 2000 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша құралған салық және айыппұл санкциясы жөнiндегi және 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша өтелмеген берешек сомасы бес жылдың iшiнде тең үлеспен төленуге тиiс. <*>
2. "Мемлекеттік баж туралы" 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 23-24, 420-құжат; 1998 ж., N 23, 417-құжат; 1999 ж., N 23, 932-құжат; 2001 жылғы 3 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне Қазақстанның Даму Банкі қызметінің мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңы
).
3. Қазақстан Республикасындағы аударымдық және жай вексельдерге қатысты елтаңбалық алым туралы" 2000 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
Заңы
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 21, 394-құжат).
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы 2001.07.05. N
223
,
2001.12.24. N
276
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2002.01.15. N
279
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2002.11.23. N
358
, 2003.11.29. N
500
(2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2005.12.23. N
107
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2006.07.07. N
177
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз) Заңдарымен.
3-бап.
Ескерту. 3-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.12.24. N 276 (2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес келтірілуге тиіс.
5-бап.
Мемлекеттік бюджет алдындағы берешекті өтеудің:
1) бересі сомасы;
2) есептелген өсімпұлдар;
3) есептелген айыппұлдар кезектілігі белгіленіп, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 33-бабының қолданылуы 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
5-1-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық
кодексінің
) 224-бабының күші 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
2002.01.15. N
276
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-2-бап.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық
кодексінің
) 498-бабы 1 тармағы 1) тармақшасының қолданылуы 2003 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
Ескерту. 5-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының
2002.03.21. N
310
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-3-бап.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жекелеген шешiмдерi бойынша кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыруды тоқтата тұру нәтижесiнде құралған дебиторлық берешек бойынша бюджетке салықтар мен Қазақстан Pecпубликасының Зейнетақы қорына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жарналарының тиесілі сомаларын төлеу олардың өтелуiне қарай салық жарналары мен Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына мiндеттi сақтандыру жарналарының уақтылы төленбегенi үшiн өсiмпұл есептелмей жүргiзiледi.
Ескерту. 5-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.11.29. N
500
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі (3-бапты қараңыз) Заңымен.
6-бап.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюдың мынадай тәртібі белгіленсін:
1. Салық органдарында 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін тіркелген салық төлеушілер 2002 жылғы 1 ақпанға дейін "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 208-бабында белгіленген талаптарды орындауға міндетті.
2. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша есепке қою жөнінде өтініш жасаған салық төлеушілерге қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 209-бабында көзделген куәлік береді. Аталған салық төлеушілер 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қосылған құн салығын төлеушілер болып танылады.
3. Осы баптың 1-тармағында аталған және 2002 жылғы 1 ақпанға дейін салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою жөнінде өтініш жасамаған салық төлеушілер 2002 жылғы 1 ақпаннан бастап қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайды және сатылған тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) шот-фактура жазбасын қосылған құн салығынсыз жүзеге асырады. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексінің) 208-бабында белгіленген шарттар бола тұра қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмаған жағдайда, салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
Президенті