Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 177 Заңы

        РҚАО-ның ескертуі: Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат; N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):
      209-баптың төртiншi бөлiгiнде:
      "он" деген сөз "жиырма" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "жетпiс" деген сөз "қырық" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; 2006 жылғы 9 маусымда "Егемен Қазақстан" және 2006 жылғы 10 маусымда "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығын құру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңы ):

      1) 10-баптың 1-тармағының 6) тармақшасында:
      бiрiншi абзацтың орыс тiлiндегi мәтiнi өзгертiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
      екiншi абзац алып тасталсын;

      2) 91-баптың 1-тармағында:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) дивидендтер;";
      10) тармақша алып тасталсын;

      3) 93-баптың 1-тармағында:
      3) тармақшадағы "үш" деген сөз "алты" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "тәулiктiк ақы жатады." деген сөздер "тәулiктiк ақы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
      "5) салық төлеушi кiру визасын ресiмдеген кезде жұмсаған шығыстар (визаның, консулдық қызметтердiң құны, мiндеттi медициналық сақтандыру) жатады.";

      4) 120-бапта:
      2-тармақ "ұйымның" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарды алған кезде коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерiмдерге жатқызылуға тиiс сомасы салық төлеушiнiң қалауы бойынша барабарлық немесе бөлек есептеу әдiсi бойынша айқындалады.";
      мынадай мазмұндағы 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын:
      "6. Барабарлық әдiс бойынша шығыстардың жалпы сомасындағы шегерiмге жатқызылуға тиiстi шығыстар сомасы коммерциялық емес ұйым табыстарының жалпы сомасындағы осы баптың 2-тармағында көрсетiлмеген табыстардың үлес салмағы негiзге алына отырып айқындалады.
      7. Бөлек есептеу әдiсi бойынша салық төлеушi осы баптың 2-тармағында көрсетiлген табыстарға жататын шығыстар және жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен салық салуға жататын табыстарға қатысты шығыстар бойынша бөлек-бөлек есеп жүргiзедi.";

      5) 126-бапта:
      3-тармақ алып тасталсын;
      8-тармақта:
      "түзетудiң себептерiн жазбаша негiздей отырып," деген сөздер алып тасталсын;
      "түзетiлген" деген сөз "қосымша" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 129-баптың 1-тармағы "Салық төлеушiнiң" деген сөздердiң алдынан "Осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес түзетуге жататын кiрiстердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      7) 131-бапта:
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
      1-1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      8) 140-1-баптың 1-тармағында:
      бiрiншi бөлiктiң 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесiншi-жетiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "мәтiндердi өңдеуге арналған машиналар, көшiру-көбейту жабдықтарын, жөнелту машиналарын, калькуляторлар, кассалық аппараттар, таңбалау машиналарын, билет-кассалық машиналар өндiру, басқа да кеңсе машиналары мен жабдықтарын, электронды есептеу машиналарын және ақпаратты өңдеуге арналған өзге де жабдықтар өндiру;
      электр- және радиоэлементтер, таратушы аппаратура, дыбыс пен бейненi қабылдауға, жазуға және шығаруға арналған аппаратура өндiру;
      тұрмыстық электр аспаптарын өндiру;";
      екiншi бөлiктегi "нақты түрлерiнiң" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 144-бапта:
      3) тармақшадағы "(жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа)" деген сөздер алып тасталсын;
      5-2) тармақша алып тасталсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 50 процентi шегiндегi лотерея бойынша ұтыстар;";
      12) тармақшадағы "айлық есептiк көрсеткiштiң 240 еселенген" деген сөздер "тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 27 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      15) тармақшадағы "айлық есептiк көрсеткiштiң 70 еселенген" деген сөздер "төлемдердiң әрбiр түрi бойынша тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 8 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 145-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "145-бап. Салық ставкалары

      1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлген табыстарды қоспағанда, салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынуға тиiс.
      2. Сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сыйақыларды қоспағанда), ұтыстар түрiндегi табыстарға 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
      3. Дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.";

      11) 152-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақшадағы "бiр айлық есептiк көрсеткiш" деген сөздер "ең төменгi жалақы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақша алып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) өз пайдасына енгiзген ерiктi зейнетақы жарналары;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жеке тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуге тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнен алған тұрғын үй заемдары және аралық тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге жұмсалған сомалар.";
      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-1. Жарты айдан аз жұмыс iстеген қызметкердiң төлем көзiнен салық салынатын табысын айқындау кезiнде, осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес шегерiм жүргiзiлмейдi.";
      2-тармақта:
      "2) және 4)" деген сөздер "4), 6), 7)" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "(асырауындағыларға)" деген сөз алып тасталсын;

      12) 153-баптың 1-тармағындағы, 155, 160, 162-баптардағы, 164-баптың 1 және 2-тармақтарындағы, 174-баптағы "белгiленген ставкаларды" деген сөздер "белгiленген ставканы" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      13) 156-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "156-бап. Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы төлемдерi

      Төлем көзiнен салық салынатын зейнетақы төлемдерiне салық төлеушiлердiң зейнетақы жинақтамаларынан жинақтаушы зейнетақы қорлары табыс есептеудiң әрбiр айы үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiндегi сомаға азайтылған төлемдер жатады.";

      14) 158-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "158-бап. Салық сомасын есептеу

      1. Жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетiн дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түрiндегi табыстарға 145-баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген ставкаларды қолдану жолымен есептеледi және осы Кодекстiң 146-148-баптарына сәйкес ұсталады.
      2. Ұтысты, сыйақыны төлеу кезiнде ұсталған салық сомасы төлем көзiнен осы салықты ұстап қалуын растайтын құжаттар болғанда салықтарды есептеу шығару мен төлеудi жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын дара кәсiпкер салық кезеңi үшiн есептеген жеке табыс салығының есебiне жатқызылады.";

      15) 168-баптың 1-тармағындағы "3-тармағында" деген сөздер "1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 192-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "500 айлық есептiк көрсеткiштен" деген сөздер "60 еселенген ең төменгi жалақының мөлшерiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 229-баптың 2) тармақшасындағы "дiни қажеттiлiк заттарын өткiзуiне байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады." деген сөздер "дiни қажеттiлiк заттарын өткiзуiне;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша қызмет көрсетуге байланысты болса, қосылған құн салығынан босатылады.";

      18) 234-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "қағаз" деген сөз алып тасталсын;

      19) мынадай мазмұндағы 244-1-баппен толықтырылсын:

      "244-1-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеудiң тәртiбi

      1. Ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдар қосылған құн салығын төлеудi осы баптың 3-тармағында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
      2. Осы баптың мақсатында ауыл шаруашылығы шикiзатын қайта өңдеудi жүзеге асыратын ұйымдарға бiр мезгiлде мынадай талаптарға сәйкес келетiн:
      1) қоғамдық тамақтану саласындағы қызметтi қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемiнде 90 процентiн мына қызмет түрлерiн:
      ет және ет өнiмдерiн өндiрудi;
      жемiстер мен көкөнiстердi қайта өңдеудi және консервiлеудi;
      өсiмдiктер мен жануарлар майын өндiрудi;
      сүттi қайта өңдеу мен iрiмшiк өндiрудi;
      ұн-жарма өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiрудi;
      жануарлар үшiн дайын жемшөп өндiрудi;
      нан өндiрудi;
      балалар тағамын және диеталық тағам өнiмдерiн өндiрудi жүзеге асыру нәтижесiнде алынуға тиiс (алынған) табыстар құрайтын;
      2) шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимiн қоспағанда, арнаулы салық режимдерiн қолданбайтын;
      3) акцизделетiн өнiмдi өндiру, қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмайтын ұйымдар жатады.
      3. Осы Кодекстiң 244-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығына салық сомасы 70 процентке азайтылады.";

      20) 245-баптың 1 және 3-тармақтарында:
      "15" деген цифр "14" деген цифрмен ауыстырылсын;
      "14" деген цифр "13" деген цифрмен ауыстырылсын;
      "13" деген цифр "12" деген цифрмен ауыстырылсын;

      21) 250-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 3-3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-3) теңiз кемелерiнiң;";

      22) 317-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "317-бап. Салық ставкалары

      1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасының резиденттерi, сондай-ақ тұрақты мекеме, филиалдар мен өкiлдiктер арқылы Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салықты мынадай ставкалар бойынша төлейдi:

Салық төлеушiнiң салық салынатын табысы

Ставкасы

15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн

салық салынатын табыс сомасының 13 процентi

15-тен 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн

15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын соманың 11 процентi

40-тан 200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн

40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын соманың 9 процентi

200-ден 600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiшке дейiн

200 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын соманың 7 процентi

600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен жоғары

600 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын соманың 5 процентi

      2. Жеке кәсiпкерлер, арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа, жеке нотариустар, адвокаттар өзi үшiн екi айлық есептiк көрсеткiш және әрбiр қызметкер үшiн бiр айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде әлеуметтiк салық төлейдi.
      3. Тiрек-қимыл мүшесi бұзылған, есту, сөйлеу, көру қабiлетiнен айрылған мүгедектер жұмыс iстейтiн мамандандырылған ұйымдар осы Кодекстiң 121-бабы 2-тармағының ережелерiне сәйкес 4,5 процент ставка бойынша әлеуметтiк салық төлейдi.
      4. Арнаулы салық режимдерiн қолданатын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн әлеуметтiк салық ставкалары осы Кодекстiң 374-384-баптарында белгiленген.";

      23) 318-бапта:
      1-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "1, 2 және 4-тармақтарында" деген сөздер "1 және 3-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-1-тармақтағы "3-тармағында" деген сөздер "2-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 375-баптың 1-тармағындағы "3" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;

      25) 377-бапта:
      1-тармақтағы "тиiстi салық ставкасын" деген сөздер "3 процент мөлшерiндегi ставканы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2 және 3-тармақтар алып тасталсын.

      3. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiн (Салық кодексiн) қолданысқа енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 169-құжат; N 15-16, 224-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 1, 2-құжат; N 6, 73-құжат; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 21-22, 160-құжат; 2005 ж., N 23, 104-құжат):

      2-баптың 1-тармағында:
      он төртiншi абзацтағы "2007 жылғы" деген сөздер "2008 жылғы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он жетiншi абзацтағы ", бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмде" деген сөздер алып тасталсын.

       2-бап.  Осы Заң:
      1) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағы 20) тармақшасының үшiншi абзацын, 22) және 23) тармақшаларын;
      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 2-тармағы 20) тармақшасының төртiншi абзацын қоспағанда, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады