Осы Заң мемлекеттiк баж төлеушiлер мен мемлекет арасында туындайтын қатынастарды реттеп, мемлекеттiк бажды есептеудiң, төлеу мен қайтарудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Мемлекеттiк баж ұғымы
1. Мемлекеттiк баж - уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар немесе лауазымды адамдар заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергенi үшiн алатын мiндеттi төлем.
2. Қазақстан Республикасының шекарасынан тысқары жерде және оның аумағында атқарылған консулдық iс-әрекеттер үшiн консулдық алымдар алынады.
Консулдық алымдардың ставкалары, оны төлеу мен есепке алудың
тәртiбi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қабылдайтын
Қазақстан Республикасының Консулдық алымдар тарифiмен белгiленедi.
2-бап. Мемлекеттiк баж төлеушiлер
Мемлекеттiк баж төлеушiлер - заңдық мәнi бар iс-қимылдар жасау
немесе құжаттар беру жөнiнде уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк
органдарға немесе лауазымды адамдарға өтiнiш жасайтын жеке және
заңды тұлғалар.
3-бап. Мемлекеттiк баж алынатын объектiлер және
мемлекеттiк баждың проценттiк ставкаларын есептеу
1. Мемлекеттiк баж:
сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер жөнiндегi арыздардан (шағымдардан), кассациялық шағымдардан, сондай-ақ соттың құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн;
нотариаттық жұмыстар жүргiзу үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) беру үшiн;
азаматтық хал актiлерiн тiркеу үшiн, сондай-ақ азаматтарға азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi қайталап беру және азаматтық хал актiлерiнiң хазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктер беру үшiн;
шетелге шығуға құқық беретiн құжаттарды және басқа мемлекеттерден адамдарды Қазақстан Республикасына шақыруды ресiмдеу үшiн, сондай-ақ осы құжаттарға өзгерiстер енгiзу үшiн;
шетел азаматтарының паспорттарына немесе оларды алмастыратын құжаттарға Қазақстан Республикасынан шығуға және Қазақстан Республикасына келуге құқық беретiн рұқсат белгiсiн қою үшiн;
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру және Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресiмдеу үшiн;
тұрғылықты жерiн тiркеу үшiн;
аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн;
азаматтық қаруды (атылмайтын аңшылық қарудан, пневматикалық қарудан және газды аэрозоль құрылғыларынан басқасын) тiркеу және қайта тiркеу үшiн алынады.
2. Мемлекеттiк баждың көрсетiлген проценттiк ставкалары мемлекеттiк баж төленген күнi республикада белгiленген есептiк көрсеткiш мөлшерiне негiзделiп есептеледi.
2-тарау. Мемлекеттiк баж ставкалары
4-бап. Соттардағы мемлекеттiк баж ставкалары
1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше жүргiзiлетiн iстер жөнiндегi арыздардан (шағымдардан), кассациялық шағымдардан, сондай-ақ соттың құжаттар көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады:
а) мүлiктiк сипаттағы талап арыздардан:
жеке тұлғалар үшiн - талап сомасының 1 процентi
заңды тұлғалар үшiн - талап сомасының 3 процентi
б) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекеттерiне берiлген шағымдардан
30 процент
в) мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтiретiн заңсыз iс-әрекеттерiне берiлген шағымдардан
500 процент
г) некенi бұзу туралы талап арыздардан
30 процент
некенi бұзу кезiнде мүлiктi бөлген жағдайда баж осы баптың "а" тармақшасына сәйкес талап бағасына қарай белгiленедi;
д) хабар-ошарсыз кеткен немесе ақылынан ауысуы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекет қабiлетi жоқ деп белгiленген тәртiппен танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некенi бұзу кезiнде мүлiктi бөлу туралы талап арыздардан
осы баптың "а" тармақшасына сәйкес
е) тұрғын үй-жайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзiмiн ұзарту туралы, мүлiктi пайдалануға тыйым салудан босату туралы талап арыздардан және мүлiктiк емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан
50 процент
ж) ерекше жүргiзiлетiн iстер жөнiндегi арыздардан (шағымдардан)
50 процент
з) соттың шешiмiне кассациялық шағымдардан
мүлiктiк емес сипаттағы талап арыз
берiлген кезде алынатын мемлекеттiк
баж мөлшерiнiң, ал мүлiктiк сипаттағы
даулар бойынша - арыз берушi дауласып
отырған сома негiзге алынып есептелген
мемлекеттiк баж мөлшерiнiң 50 процентi
и) орындау парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымнан
500 процент
к) сот шешiмдерiнiң, үкiмдерiнiң, ұйғарымдарының, соттың басқа да қаулыларының көшiрмелерiн (дубликаттарын), сондай-ақ iске қатысушы тараптар мен басқа да адамдардың өтінiшi бойынша соттар беретiн iске қатысты басқа да құжаттардың көшiрмелерiн қайталап беру үшiн
әрбiр құжат үшiн 10 процент және, бұған
қоса, әзiрленген әр бет үшiн 3 процент
л) заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан
500 процент.
2. Бiр мезгiлде мүлiктiк және мүлiктiк емес сипаттағы талаптар қойылған талап арыздар үшiн мүлiктiк сипаттағы талап арыздарға және мүлiктiк емес сипаттағы талап арыздарға белгiленген мемлекеттiк баж қатар алынады.
5-бап. Нотариалдық жұмыстар атқарғаны үшiн салынатын
мемлекеттiк баж ставкалары
Нотариаттық жұмыс жасағаны үшiн, сондай-ақ нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн (дубликаттарын) бергенi үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде алынады:
а) жылжымайтын мүлiктi (жер учаскелерiн, тұрғын үйлердi, пәтерлердi, саяжайларды, көлiкжайларды, ғимараттар мен өзге де жылжымайтын мүлiктi) иелiктен айыру шарттарын куәландыру үшiн:
күрделi (үлесiн есептей отырып, қосарласып иеленушiлердi шақырып немесе оған үйдiң немесе пәтердiң бiр бөлiгiнiң сатылмақшы екенi туралы хабарлай отырып):
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерi мен апа-қарындастарына, немерелерiне
700 процент
басқа адамдарға
1000 процент
қарапайым:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, туған аға-iнiлерiн мен апа-қарындастарына, немерелерiне
500 процент
басқа адамдарға
700 процент
Ауылдық елдi мекендерде жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру
шарттарын куәландыру үшiн төленетiн мемлекеттiк баж ставкаларын
Үкiмет белгiлейдi, бiрақ олар жоғарыда қабылданғаннан аспауға тиiс;
б) автомотокөлiк құралдарын иелiктен айыру шарттарын куәландыру
үшiн:
балаларына, жұбайына, ата-анасына, аға-iнiлерi мен
апа-қарындастарына, немерелерiне
200 процент
басқа адамдарда
500 процент
в) жалға беру, заем, мердiгерлiк шарттарын, неке
келiсiм-шарттарын, ортақ меншiктегi мүлiктi бөлу шарттарын
куәландыру үшiн
500 процент
г) өсиеттердi куәландыру үшiн:
күрделi (үлестердi есептеумен және үйдiң, пәтердiң нақты
бөлiгiн пайдалану құқығымен)
100 процент
қарапайым
50 процент
д) мұраға құқық беретiн куәлiктер беру үшiн
әрбiр берiлген куәлiк үшiн 100 процент
е) жұбайларға некеде тұрған кезiнде жиған ортақ мүлiктен үлес
алуға меншiк құқығы туралы куәлiк беру үшiн
100 процент
ж) мүлiктi пайдалану мен оған билiк етуге құқық беретiн
сенiмхаттарды,
несие операцияларын жүргiзу жөнiндегi құжаттарды куәландыру үшiн
50 процент
з) автомотокөлiк құралдарын сату құқығынсыз пайдалануға және
жүргiзуге құқық беретiн сенiмхаттарды куәландыру үшiн
50 процент
и) автомотокөлiк құралдарын сатуға берiлетiн сенiмхаттарды
куәландыру үшiн
100 процент
к) өзге сенiмхаттарды куәландыру үшiн:
жеке тұлғаларға 10 процент
заңды тұлғаларға 50 процент
л) мұраға қалдырылған мүлiктi қорғауға шаралар қолдану үшiн
100 процент
м) теңiз наразылығын бiлдiру үшiн
50 процент
н) орындау жазбаларын жазу үшiн
100 процент
о) құжаттар көшiрмелерiнiң және құжаттардан жазылып алынған
жазбалардың дұрыстығын куәландыру үшiн (әр бетiне):
жеке тұлғаларға 5 процент
заңды тұлғаларға 10 процент
п) құжаттардағы қойылған қолдың растығын, оның iшiнде аудармашы
қолының растығын куәландыру үшiн (әр құжат үшiн):
жеке тұлғаларға 3 процент
заңды тұлғаларға 10 процент
р) заңды және жеке тұлғалардың арыздарын басқа бiр заңды және
жеке тұлғаларға беру үшiн;
с) нотариат куәландырған құжаттардың көшiрмелерiн
(дубликаттарын) беру үшiн
20 процент
т) банктерде шоттар ашқан кезде қойылған қолдардың растығын
куәландыру үшiн (әр құжат үшiн)
10 процент
у) кепiл шарттарын куәландыру үшiн
700 процент
ф) вексельдiң төленбеуiне, акцептелмеуiне және акцепт уақытының
қойылмауына наразылық бiлдiру үшiн және чектiң төленбегенiн
куәландыру үшiн
50 процент
х) құжаттарды сақтау үшiн
әр айға 10 процент
ц) кепiл болу және кепiлдiк шарттарын куәландыру үшiн
50 процент
ч) басқа да нотариат жұмыстарын атқару үшiн - осы баптың "а" -
"ц" тармақшаларында көрсетiлгеннен басқасы,
20 процент
6-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу үшiн алынатын
мемлекеттiк баж ставкалары
Азаматтық хал актiлерiн тiркеу үшiн, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi және азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларды өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге байланысты куәлiктердi азаматтарға қайталап беру үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:
а) некеге тұруды мемлекеттiк тiркеу үшiн
30 процент
б) некенi бұзуды мемлекеттiк тiркеу үшiн:
кәмелетке толмаған балалары жоқ жұбайлардың өзара келiсiмi бойынша
200 процент
сот шешiмiнiң негiзiнде
150 процент (жұбайлардың бiреуiнен
немесе екеуiнен)
белгiленген тәртiппен хабар-ошарсыз кеткен немесе ақылынан ауысуы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан әрекет қабiлетi жоқ деп танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен сот шешiмiнiң негiзiнде
10 процент
в) тегiн, атын немесе әкесiнiң атын өзгерткенiн тiркеу үшiн
10 процент
г) туу, неке, некенiң бұзылуы, қайтыс болу туралы актiлердiң
жазбаларын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтiруге
байланысты куәлiк беру үшiн
10 процент;
д) тууды тiркегенi, әкелiктi, баланы (қызды) асырап алғанын
белгiлегенi үшiн
10 процент;
е) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталап куәлiктер
беру үшiн
10 процент
ж) ұлтын өзгертудi тiркеу үшiн
10 процент.
7-бап. Шетелге шығуды ресiмдеу, Қазақстан Республикасының
азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының
азаматтығын қалпына келтiру немесе Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығу кезiнде
алынатын мемлекеттiк баж ставкалары
Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге немесе шетелге кетуге байланысты iс-қимылдар жасалғаны үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:
а) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқықтарға рұқсат беру немесе оны ұзарту үшiн:
Қазақстан Республикасынан кету
50 процент
Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету
100 процент
б) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарында шекарадан бiрнеше рет өтуге рұқсатты ресiмдеу үшiн, сондай-ақ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шекарадан бiрнеше рет өту құқығына рұқсат беру үшiн
200 процент
в) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығын беретiн құжаттарға өзгерiстер енгiзу үшiн
100 процент
г) Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға шетелден шақыру туралы құжаттарды беру үшiн
шақырылған әрбiр адамнан 55 процент
д) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан
Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды ресiмдеу үшiн
100 процент
е) Қазақстан Республикасына шақыру туралы жоғалған не бүлiнген
құжаттардың орнына жаңасын беру үшiн - осы баптың тиiсiнше "а", "б",
"г" тармақтарында көрсетiлген мөлшерде.
8-бап. Өзге жұмыстар жасағаны үшiн алынатын
мемлекеттiк баж ставкалары
Өзге жұмыстар жасағаны үшiн мемлекеттiк баж мынадай мөлшерде
алынады:
а) тұрғылықты жердi тiркеу үшiн
10 процент
б) аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн
10 процент
в) атылатын азаматтық қаруды (атылмайтын аңшылық, пневматикалық
қаруды және газды аэрозоль құрылғыларын қоспағанда) тiркеу және
қайта тiркеу үшiн
10 процент
г) жеке басын куәландыратын-құжаттарға өзгерiстер енгiзу үшiн
10 процент
10 процент
3-тарау. Мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi
жеңiлдiктер
9-бап. Соттарда мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi
жеңiлдiктер
Соттарда мемлекеттiк баж төлеуден мыналар босатылады:
а) талапкерлер - еңбекке ақы төлеу сомасын өндiрiп алу туралы талаптар және еңбек қызметiне байланысты басқа да талаптар бойынша;
б) талапкерлер - авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашу, өнертабыс, рационализаторлық ұсыныс және өнеркәсiптiк үлгiлер құқығынан туындайтын талаптар бойынша;
в) талапкерлер - алимент өндiрiп алу туралы талаптар бойынша;
г) талапкерлер - асыраушының мертiгуiне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына, сондай-ақ қайтыс болуына байланысты зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша;
д) талапкерлер - қылмыс жасау арқылы келтiрiлген материалдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптар бойынша;
е) жеке тұлғалар - некенi бұзу туралы iстер жөнiндегi кассациялық шағымдардан;
ж) iске қатысы жоқ адамдардан басқа заңды және жеке тұлғалар - қылмыстық iстерге және алимент жөнiндегi iстерге байланысты өздерiне құжаттар бергенi үшiн;
з) талапкерлер - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының бұзылуы арқылы мемлекетке келтiрiлген нұқсанның орнын толтыру үшiн мемлекет кiрiсiне қаражат өндiрiп алу туралы талаптар бойынша;
и) жалпы орта бiлiм беру жүйесiнiң кәсiптiк-техникалық мектептерi - оқу орындарын өз бетiмен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушылардың қажетiне жұмсауға мемлекет шеккен шығындарды өндiрiп алу туралы талаптар бойынша;
к) жеке тұлғалар - қылмыс жасау арқылы келтiрiлген материалдық нұқсанды өндiрiп алудың дұрыстығына дау жасалатын қылмыстық iстер бойынша кассациялық шағымдардан;
л) заңдарда көзделген жағдайларда басқа адамдардың немесе мемлекеттiң құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерiн қорғап сотқа арызданған заңды және жеке тұлғалар;
м) талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық iстер мен құжаттар бойынша;
н)
о) заңды және жеке тұлғалар - сотқа iс жүргiзудi тоқтату немесе арыздарды қарамай тастау туралы сот ұйғарымының күшiн жою жөнiнде; шешiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру немесе мерзiмiн ұзарту жөнiнде; шешiмдi орындау әдiсi мен тәртiбiн өзгерту жөнiнде; талаптарды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудiң бiр түрiн екiншiсiмен ауыстыру жөнiнде арыздар; жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот шешiмдерiн, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы арыздар; сот шешiмiмен салынған айыппұлдарды ұлғайту немесе азайту туралы; сот ұйғарымының орындалу барысы туралы, өткiзiлiп алынған мерзiмдердi қалпына келтiру туралы арыздар; сондай-ақ сот орындаушыларының әрекеттерiне шағымдар; айыппұлдарды ұлғайтудан немесе азайтудан бас тартқандық туралы сот ұйғарымдарына берiлген жеке шағымдар; сот ұйғарымдарына берiлген басқа да жеке шағымдар; әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөнiндегi қаулыға шағымдар бергенi үшiн;
п) прокуратура органдары - барлық талаптар бойынша;
р) мемлекеттiк мекемелер - үшiншi бiр тұлғалардың мүдделерiн қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;
с) мүгедектердiң қоғамдық ұйымдары, қайырымдылық ұйымдары, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест қоғамы - өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша талаптар қойған жағдайда;
т)
у)
ф) сақтандырушылар мен сақтанушылар - мiндеттi сақтандыру шарттарынан туындайтын талаптар бойынша;
х) талапкерлер мен жауапкерлер - заңсыз соттау, қылмыстық жауапқа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретiнде заңсыз қамауға алу не тұтқындау немесе еңбекпен түзеу жұмыстары түрiнде заңсыз әкiмшiлiк шаралар қолдану арқылы азаматқа келтiрiлген нұқсанның орнын толтыруға байланысты даулар бойынша;
ц)
ч) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен оның бөлiмшелерi - өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша талаптар қойған жағдайда;
ч-1) кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастық - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін көздеп, мемлекеттік басқару органдары лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағым жасау мәселелері жөнінде талаптар қойған жағдайда;
ч-2) Қазақстанның Даму Банкі республикалық және жергілікті бюджеттер
қаражаты есебінен қайтарымды негізде берілген кредиттер бойынша
берешектерді өндіріп алу туралы; мүліктен өндіріп алу туралы; сыртқы
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдар, сондай-ақ республикалық
және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен берілген заемдар бойынша
борышкерлер өз міндеттемелерін орындамауына байланысты олардың банкроттығы
туралы талаптар берген кезде;
ш)
щ)
э)
ю)
ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгердi және н),т), у), ц), ш)-ю)-тармақшалары алып
тасталды - Қазақстан Республикасының 1998.12.10. N 308
Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 9-бап ч-1) тармақшамен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 1999.11.29. N 489 Заңымен.
ЕСКЕРТУ. 9-бап ч-2) тармақшамен толықтырылды - Қазақстан
Республикасының 2001.04.25. N 179 Заңымен.
10-бап. Нотариаттық жұмыстарды жасау кезiндегi
мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер
Нотариаттық жұмыстар жасау кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден
мыналар босатылады:
а) жеке адамдар - мүлкiн мемлекет пайдасына сыйға тарту
өсиеттерiн, шарттарын куәландыру үшiн;
б) салық және қаржы органдары - өздерiне мемлекеттiң мұра алу құқығы туралы куәлiктер (куәлiктердiң дубликаттары) берiлгенi үшiн, сондай-ақ осы куәлiктердi (куәлiктердiң дубликаттарын) алуға қажеттi барлық құжаттар үшiн;
в) жеке адамдар өздерiне:
Қазақстан Республикасын қорғау кезiнде, өзге де мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындауға байланысты не Қазақстан Республикасы азаматының адам өмiрiн сақтап қалу, мемлекеттiк меншiктi және құқық тәртiбiн қорғау жөнiндегi борышын атқаруға байланысты қаза тапқан адамдардың мүлкiне;
егер мұрагер мұра қалдырушы қайтыс болған күнге дейiн мұра қалдырушымен кемiнде үш жыл бiрге тұрған болса және ол қайтыс болғаннан кейiн сол үйде (пәтерде) әлi де тұрып жатқан болса, тұрғын үйге (пәтерге) немесе тұрғын үй-құрылыс кооперативiндегi үлеске;
жеке басты және мүлiктi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сомаларына, мемлекеттiк заем облигацияларына, еңбекке ақы төлеу сомаларына, авторлық құқықтарға, жаңалық ашу, өнертабыс және өнеркәсiптiк үлгiлер үшiн төленетiн авторлық қаламақы мен сыйақылар сомаларына;
ақталған азаматтардың мүлкiне мұрагерлiк құқығы туралы куәлiктер берiлгенi үшiн;
г) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық нотариаттық жұмыстар бойынша;
д) "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" және "Күмiс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналар - барлық нотариаттық жұмыстар бойынша;
е) заңдарда белгiленген тәртiппен қамқоршылық тағайындалған созылмалы жүйке ауруына шалдыққан жеке адамдар - өздерiнiң мұраға мүлiк алуы туралы куәлiктер алғаны үшiн;
ж) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен оның бөлiмшелерi - өздерiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша нотариаттық жұмыстар жасауды өтiнген жағдайда.
11-бап. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiндегi
мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер
1. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден мыналар босатылады:
а) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, барлық топтағы мүгедектер, қорғаншылар (қамқоршылар), мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар - тууы туралы куәлiктердi тiркеу және қайталап беру үшiн;
б) жеке адамдар - азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты өздерiне туу, қайтыс болу туралы, әкелiктi анықтау, баланы (қызды) асырап алу туралы актiлердiң жазбаларын өзгерткен, толықтырған және түзеткен жағдайда куәлiктер
берiлгенi үшiн;
в) жеке адамдар - ақталған туыстарының қайтыс болғаны туралы
куәлiктердi қайта беру немесе бұрын берiлген куәлiктердi ауыстыру
үшiн.
2. Аудандар, қалалар (аудандық бағыныстағы қалалардан
басқалары) әкiмдерiнiң, қалалардағы аудандар әкiмдерiнiң жекелеген
төлеушiлерге мемлекеттiк баж жөнiнде қосымша жеңiлдiктер беруге
құқығы бар.
12-бап. Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр
болған адамдардың азаматтығын қалпына келтiруi
кезiнде мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер
Жаппай қудалау, күштеп ұжымдастыру кезiнде, адамгершiлiкке жат
басқа да саяси акциялар нәтижесiнде Қазақстан Республикасының
аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар, олардың ұрпақтары, Қазақстан
Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге тiлек бiлдiрген
жағдайда, азаматтықты қалпына келтiру кезiнде мемлекеттiк баж төлеуден
босатылады.
Аталған жеңiлдiк бiр рет берiледi.
13-бап. Қазақстан Республикасынан шетелге шығу туралы iстер
бойынша мемлекеттiк баж төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер
1. Қазақстан Республикасынан шетелге шығу туралы iстер бойынша
мемлекеттiк баж төлеуден мыналар босатылады:
а) Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Даңқ орденiнiң үш дәрежесiмен және Еңбек Даңқы орденiнiң үш дәрежесiмен, "Алтын Қыран", "Халық қаhарманы", "Отан" ордендерiмен марапатталған адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген басқа да мүгедектер, бала кезiнен мүгедек болып қалғандар, I және II топтағы мүгедектер, Чернобыль апатының салдарынан зардап шеккен азаматтар;
б) жеке адамдар - өздерiне дипломатиялық паспорттар берiлгенi үшiн;
в) азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттарға сәйкес азаматтық және қылмыстық iстер бойынша тараптар, куәлар мен сарапшылар ретiнде басқа мемлекеттердiң соттарына шақырылатын жеке адамдар - өздерiне шетелге шығуға құжаттар берiлгенi үшiн.
2. Ұйымдар қызмет мақсаттарында шетелге жiберетiн азаматтарға
қызметтiк паспорттарды, теңiзшi паспорттарын ресiмдеген кезде
мемлекеттiк бажды сол ұйымдар төлейдi.
14-бап. Өзге iс-әрекеттер жасаған кездегi жеңiлдiктер
1. Тұрғылықты жердi тiркегенi үшiн мемлекеттiк баж төлеуден
мыналар босатылады:
а) қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде тұратын
қарттар мен мүгедектер;
б) мектеп-интернаттар мен кәсiптiк-техникалық мектептердiң
толық мемлекет қамқорлығындағы және жатақханаларда тұратын оқушылары.
2. Саятшылар, қорықшылар және штаттағы аңшылар - өздерiнiң аң
аулау құқығына рұқсат алғаны немесе оны ұзартқаны үшiн аң аулау
құқығына рұқсат берiлгенiне мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.
4-тарау. Мемлекеттiк бажды төлеу, қайтару тәртiбi
15-бап. Мемлекеттiк бажды төлеу тәртiбi
1. Мемлекеттiк баж нақты ақшамен, сондай-ақ төлеушiнiң банктегi (оның филиалындағы) шотынан аударым жасау арқылы төленедi. Мемлекеттiк баж төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
2. Мемлекеттiк баж:
а) соттарды қаралатын iстер бойынша - тиiстi арыз (шағым) немесе кассациялық шағым берiлгенге дейiн, сондай-ақ сот құжаттардың көшiрмелерiн берген кезде;
б) нотариаттық жұмыстар жүргiзу үшiн - нотариаттық жұмыстарды атқару кезiнде, ал құжаттардың көшiрмелерiн беру үшiн - оларды берген кезде;
в) азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу үшiн, азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына түзетулер мен өзгерiстер енгiзу үшiн - тиiстi арыздарды берген кезде, ал қайтадан куәлiктер мен анықтамалар беру үшiн - оларды берген кезде;
г) кәмелетке толмаған балалары жоқ жұбайлардың өзара келiсiмi бойынша неке бұзуды мемлекеттiк тiркеу үшiн - актiнi тiркеген кезде;
д) азаматтардың тұрғылықты жерiн тiркеу үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
е) аң аулау құқығына рұқсат беру үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;
ж) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға немесе Қазақстан
Республикасының азаматтығынан шығуға, сондай-ақ Қазақстан
Республикасынан кетуге және Қазақстан Республикасына келуге
байланысты iстер бойынша - тиiстi құжаттарды алғанға дейiн төленедi.
3. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк баж төлемдi қабылдап
алған банктiң (оның филиалының) орналасқан жерi бойынша жергiлiктi
бюджеттiң кiрiсiне есептеледi.
ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998.12.10. N 308
Заңымен.
16-бап. Мемлекеттiк бажды қайтару тәртiбi
1. Төленген мемлекеттiк баж:
а) баж осы заң бойынша талап етiлетiнiнен артық мөлшерде
төленген;
б) арыз (шағым) керi қайтарылған немесе оны қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ нотариустар немесе оған уәкiлеттi адамдар нотариаттық жұмыстарды атқарудан бас тартқан;
в) егер iс сотта қаралуға жатпайтын болса, сондай-ақ талапкер дауды алдын ала шешудiң осы санаттағы iстер үшiн белгiленген тәртiбiн сақтамаса, не талапты төлем қабiлетi жоқ адам қойса, iс жүргiзу тоқтатылған немесе талап қаралмай тасталған;
г) мемлекеттiк баж төлеген адамдар заңдық мәнi бар iс-қимыл жасаудан немесе осындай заңдық мәнi бар iс-қимыл жасайтын органға өтiнiш жасалғанға дейiн құжат алудан бас тартқан;
д) Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда iшiнара немесе толық қайтарылуға тиiс.
2. Мемлекеттiк баж төленген адам салық органына оны қайтару туралы арызды бюджетке мемлекеттiк баж төленген күннен бастап бiр жыл iшiнде бере алады.
Салық органының шешiмi азаматтар немесе заңды тұлғалар арыз берген кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей қабылданады. Қайтарылуға тиiстi мемлекеттiк баж азаматқа немесе заңды тұлғаға оны қайтару туралы шешiм қабылданған күннен бастап 10 күн iшiнде берiлуге тиiс.
17-бап. Мемлекеттiк баж алатын мекемелердiң, банктердiң
және банк операцияларының жекелеген түрлерiн
жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершiлiгi
1. Осы Заңға сәйкес алынатын мемлекеттiк баж мемлекет алдындағы борыш болып табылады және ол бюджет кiрiсiне төленуге тиiс.
2. Мемлекеттiк баж алатын мекемелердiң, банктiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары баж салығының дұрыс алынуы үшiн, сондай-ақ оның мемлекеттiк бюджетке мезгiлiнде және толық төленуi үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Мемлекеттiк баждың дұрыс есептелуiн және оның бюджетке мезгiлiнде төленуiн бақылауды салық органдары жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының
Президентi