1. 1999 жылғы 13 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат, N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 21-22, 281-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 10, 49-құжат; N 14, 109-құжат; N 15, 138-құжат; 2004 ж., N 5, 25-құжат; N 17, 97-құжат):
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N 21-22, 281-құжат; 2002 ж., N 4, 33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N 5, 30-құжат; N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N 14, 109-құжат; N 15, 122, 139-құжаттар; N 18, 142-құжат; N 21-22, 160-құжат; N 23, 171-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15, 86-құжат; N 17, 97-құжат):
1) 48-баптың төртiншi бөлiгiндегi "осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған айыппұлдар мөлшерiнен асатын" деген сөздер "осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған айыппұлдардың белгiленген мөлшерiнен асатын немесе одан кем" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 69-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жеке тұлға әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық, сондай-ақ салық салу саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес, ал заңды тұлға (оның iшiнде жеке кәсiпкер) әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап үш жыл өткеннен кейiн, ал салық салу саласында құқық бұзушылық жасағаны үшiн оны жасаған күннен бастап бес жыл өткеннен кейiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуға тиiс емес.";
3) 88-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен
қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақы төлемдерiн, аударымдар мен алып қоюларды белгiленген мерзiмдерде уақтылы жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
салық органдарына әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектердiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;
салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;
есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;
жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстамауы (есептеп қоспауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы) түрiнде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi орындамауы не тиiсiнше орындамауы, -
жеке тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, лауазымды адамдарға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
жеке тұлғаға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, лауазымды адамдарға - қырықтан сексенге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.";
4) 205-1-баптың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"жеке тұлғаларға және жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмада қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - қырықтан алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
5) 206-баптың бiрiншi - үшiншi бөлiктерi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеушiнiң, осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген мерзiмде салық органына салық есептiлiгін табыс етпеуi, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - алпыстан сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң салық есептiлiгiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген табыс ету мерзiмiнен тоқсан күн өткенше мұндай салық есептiлiгiн салық органына табыс етпеуi, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - сексеннен бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiлердiң мониторингiн жүргiзу үшiн қажеттi құжаттарды (оның iшiнде электронды түрдегi), сондай-ақ электронды мониторинг бойынша салық есептiлiгiн салық төлеушiнiң уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген мерзiмде табыс етпеуi не оны табыс етуден бас тартуы, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
6) 207-бапта:
бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацында "жасырылған салық салу объектiлерi құнының елу процентi" деген сөздер "жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының жүз елу процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктiң екiншi абзацында "жасырылған салық салу объектiлерi құнының жүз процентi" деген сөздер "жасырылған салық салу объектiлерi бойынша төленуге жататын салық және басқа да мiндеттi төлемдер сомасының екi жүз процентi" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 358-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"358-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар мен өзге де
уәкiлеттi органдардың салық заңнамасында
белгiленген мiндеттердi орындамауы
1. Салық заңнамасына сәйкес осы бөлiкте көрсетiлген органдар бюджетке аударуға тиiс салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың аудармауы, уақтылы немесе толық аудармауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық заңнамасында салық қызметi органдарына табыс ету үшiн айқындалған мәлiметтердi жергiлiктi атқарушы органдардың және өзге де уәкiлеттi органдардың табыс етпеуi, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жергiлiктi атқарушы органдардың немесе уәкiлеттi органдардың бiржолғы талондарды бермеуi және (немесе) белгiленген құннан аз беруi, сол сияқты салық заңнамасында бiржолғы талондарды беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды сақтамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.";
9) 570-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "үшiншi бөлiгiнде" деген сөздер "үшiншi, төртiншi бөлiктерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 647-баптың екiншi бөлiгiндегi "аспайды" деген сөз "аспайтын, ал, салық мiндеттемесiн орындауға байланысты iстер бойынша, шағым беру мерзiмiнiң кезеңiне ұзартуы мүмкiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 703-баптың бiрiншi бөлiгi "бiр жыл iшiнде" деген сөздерден кейiн ", ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы бойынша - ол заңды күшiне енген күннен бастап бес жыл iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 709-баптың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Салық салу саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұлды мәжбүрлеп өндiрiп алу туралы қаулыны сот Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен айыппұл сомаларын өндiрiп алу үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған және (немесе) әкiмшiлiк жазаны қолданған салық қызметi органына жiбередi.".
3. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж, N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат):
1) бүкiл мәтiн бойынша "қатысушылары, құрылтайшылары", "қатысушылардың, құрылтайшылардың" деген сөздер тиiсiнше "құрылтайшылары, қатысушылары","құрылтайшылардың, қатысушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 10-баптың 1-тармағында:
6) тармақшада "төленуге тиiстi табыс;" деген сөздерден кейiн "қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi табыс;" деген сөздермен толықтырылсын; "мүлкiн қоспағанда" деген сөздерден кейiн ", резидент заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлген және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, жарғылық қорды ұлғайтуға бағытталған мүлiктен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, таза табысты бөлу кезiнде резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс дивидендтерге жатпайды;";
9) тармақша "қоғамдарды" деген сөзден кейiн "және инвестициялық пай қорларын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
"28-1) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуciз негiзде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;
коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;";
3) 12-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "таратылуына" деген сөзден кейiн ", жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметiнiң тоқтатылуына" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 16-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"осы тармақшада көрсетiлген, әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты мәлiметтер уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мұндай тұлғаларға қатысты салықтық тексеру жүзеге асырылғанына қарамастан сұралады;";
5) 29-баптың 6-тармағындағы "39-бабында" деген сөздер "39 және 252-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 31-баптың 2-тармағында:
2) және 8) тармақшалардағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер "мен өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "және 48-бабының 1-тармағында" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы "қолданылғанға" деген сөз "қолданыла бастағанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "бec" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 32-бапта:
2-тармақтағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер "мен өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; "он" деген сөз "он бec" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдар" деген сөздер "мен өсiмпұлдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"33-бап. Салық берешегiн өтеу тәртiбi
Салық берешегiн өтеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) есептеп қосылған өсiмпұлдар;
2) бересi сомасы;
3) айыппұлдар сомасы.";
9) 38-бапта:
1-1-тармақ "бес жыл iшiнде" деген сөздерден кейiн "үстеме пайдаға салынатын салық, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын; "рентабельдiлiктiң iшкi нормасының (РIН) және R-фактордың (табыс көрсеткiшiнiң) көрсеткiштерi қолданылады" деген сөздер "мынадай көрсеткiштердiң бiрi: рентабельдiлiктiң iшкi нормасы (РIН) немесе пайданың iшкi нормасы немесе R-фактор (табыс көрсеткiшi) қолданылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
"1-2. Салық төлеушi осы баптың 1-тармағында белгiленген талап қою мерзiмi күнтiзбелiк бiр жылдан аз уақытта бiтетiн кезең үшiн қосымша салық есептiлiгiн табыс еткен жағдайда, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын есептеп қосу және (немесе) олардың есептеп қосылған сомаларын қайта қарау бөлiгiнде көрсетiлген талап қою мерзiмi бiр күнтiзбелiк жылға ұзартылады.";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеушi салық кезеңi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде және (немесе) осы баптың 1-1-тармағында аталған салықтар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бес жыл iшiнде салықтың артық төленген сомасын есепке жатқызуды немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.";
10) 39-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджетке артық төленген салық сомасы салық берешегiн өтеу есебiне:
1) салық төлеушiнiң өтiнiшiнсiз салықтың осы түрi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
2) салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде мынадай тәртiппен:
салықтың басқа түрлерi бойынша өсiмпұлдар мен айыппұлдарды өтеу есебiне;
салықтың басқа түрлерi бойынша бересiнi өтеу есебiне;
салықтың осы және басқа да түрлерi бойынша алдағы төлемдер есебiне мiндеттi есепке жатқызылуы тиiс.";
3-1-тармақта "2 еселенген" деген сөздер "2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 40-баптың 3-тармағындағы "2 еселенген" деген сөздер "2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 45-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз етудiң осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тәсiлдерi салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабында белгiленген мерзiмдерде хабарлама жiберген кезде қолданылады.";
14) 47-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "осы Кодекстiң 31-бабында белгiленген мерзiмдерде салық төлеушiге хабарлай отырып жүргiзiледi және" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер "мен өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 48-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгінiң екiншi сөйлемi алып тасталсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Салық төлеушiнiң қаржы лизингiне және (немесе) кепiлге берiлген мүлкiне билiк етудi шектеу туралы шешiм шығарылған кезде салық органы осы мүлiкке қатысты шешiм шығарылған кезден бастап оның күшi жойылғанға дейiн салық органдарына - шарттың қолданылуы аяқталғанға дейiн осы мүлiктi алып қоюға, ал салық төлеушiге шарттың талаптарын өзгертуге (шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартуға, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепiлге беруге) тыйым салынады.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Тiзiмдеме актiсiн жасау кезiнде салық төлеушi мұндай мүлiкке меншiк құқығын және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.";
16) 49-баптың бiрiншi абзацының екiншi сөйлемi мынадай редакцияда жазылсын:
"Мәжбүрлеп өндiрiп алу шаралары қолданыла бастағанға дейiн салық төлеушiге осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес хабарлама жiберiледi.";
17) 50-бапта:
2-тармақта "өндiрiп алу" деген сөздерден кейiн ", банк берген қарыздар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын ақшаның көрсетiлген қарыздардың өтелмеген негiзгi борышы мөлшерiндегi сомасын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Салық төлеушiнiң банк шотында (шоттарында) ақшасы болмағанда немесе жеткiлiксiз болғанда, клиентке бiрнеше талаптар қойылған жағдайда банк осы шотқа (шоттарға) ақша түсуiне қарай және Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнде
белгiленген кезектiлiкпен салық берешегiн өтеу есебiне клиенттiң ақшасын алуды жүргiзедi.";
18) 51-бапта:
1-тармақ "болмаған" деген сөзден кейiн "немесе жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
19) 52-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық төлеушiнiң банк шоттарында ақшасы және қолма-қол ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегi шегiнде салық төлеушiге берешегi бар үшiншi бiр тұлғалардың (бұдан әрi - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 1-1 - 1-4-тармақтармен толықтырылсын:
"1-1. Салық берешегiн мәжбүрлеп өндiрiп алудың қабылданып жатқан шаралары туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеушi он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберген салық органына дебиторлық берешек сомаларын көрсете отырып, дебиторлар тiзiмiн табыс етуге мiндеттi.
Дебиторлар тiзiмi осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмеген жағдайда салық органы салық төлеушiге салықтық тексеру жүргiзедi.
1-2. Ұсынылған дебиторлар тiзiмiнiң немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң негiзiнде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегiнде салық төлеушiнiң салық берешегiн өтеу есебiне олардың банк шоттарындағы ақшадан өндiрiп алу туралы хабарлама жiбередi.
Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебитор хабарлама алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей хабарлама жiберушi салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушiмен бiрлесiп жасалған өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн табыс етуге мiндеттi.
Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстыру актiсiн осы тармақта көрсетiлген мерзiмде табыс етпеген жағдайда салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргiзедi.
1-3. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсi және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндiрiп алу туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсiн табыс етпейдi.
1-4. Салық төлеушi салық берешегiн өтеген жағдайда дебиторлар тiзiмi мен өзара есеп айырысулардың салыстыру актiсi табыс етiлмейдi.";
3-тармақ "актiсiнiң" деген сөзден кейiн "немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актiсiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
20) 53-баптың 1-тармағы "болмаған" деген сөзден кейiн "немесе жеткiлiксiз болған" деген сөздермен толықтырылсын;
21) 59-баптың 3-тармағында "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне " деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 60-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы.";
23) 61-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым.";
24) 67-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Салық төлеушiлер бөлек есепке алуды осы Кодексте белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, бухгалтерлiк есепке алу деректерi негiзiнде жүргiзедi. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алу әрбiр қызмет түрi бойынша жеке жүргiзiледі.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, жер қойнауын пайдаланушы келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша салық мiндеттемелерiн есептеу үшiн бөлек есепке алуды жүргiзуге мiндеттi.";
25) 68-бапта:
1-тармақ "дегенiмiз" деген сөзден кейiн "осы Кодекстiң 67-бабының ережелерiн ескере отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
үшiншi абзац алып тасталсын;
бесiншi абзацта "есепке алуды тiркеу карточкаларын алуға" деген сөздер "тiркеу және қайта тiркеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 69-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Осы Кодексте салық салудың әртүрлi шарттары көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер мұндай қызметтiң әрбiр түрi үшiн бөлек салық есептiлiгiн жасайды.
Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есеп жүргiзу қажеттiлiгi көзделген жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын қызмет бойынша және келiсiм-шарт шеңберiнен тыс қызмет бойынша бөлек салық есептiлiгiн жасайды.";
2-тармақта "салық органдарының" деген сөздер "уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың бiрiншi бөлiгi "Салық төлеушi" деген сөздерден кейiн "(заңды тұлға)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
"7-1. Жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ол туралы салық органына жазбаша хабарлайды.
Кәсiпкерлiк қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай iшiнде жеке кәсiпкер салық органына салық кезеңi басталғаннан берi кәсiпкерлiк қызмет тоқтатылған күнге дейiн жасалған салық есептiлiгiн табыс етедi.
Осы тармақта көрсетiлген салық есептiлiгiмен бiрге жеке кәсiпкер кәсiпкерлiк қызметтiң тоқтатылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы өтiнiш береді.";
мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
"11. Егер осы Кодексте және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта өзгеше көзделмесе, бөлек есепке алуды жүргiзу кезiнде салық есептiлiгiн табыс ету әрбiр қызмет түрi бойынша, ал жер қойнауын пайдаланушылар үшiн жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келiсiм-шарт бойынша жеке жүргiзiледi.";
27) 74-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдан астам мерзiмге жасалған лизинг шарты бойынша мүлiктi беру егер ол мына талаптардың бiрiне сай келсе:
1) мүлiктi лизинг алушының меншiгiне беру және (немесе) лизинг алушыға мүлiктi тiркелген бағамен алу жөнiнде құқық берiлуi лизинг шартында айқындалса;
2) қаржы лизингiнiң мерзiмi қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiктiң пайдалы қызметi мерзiмiнiң жетпiс бес процентiнен асса;
3) қаржы лизингiнiң барлық мерзiмi үшiн лизинг төлемдерiнiң ағымдағы (дисконтталған) құны қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiк құнының тоқсан процентiнен асса, ол қаржы лизингi болып табылады.
Қаржы лизингiне (лизинг бойынша) берiлген (алынған) негiзгi құралдардың құны лизинг шартын жасасу кезiнде айқындалады.
Iшкi лизинг кезiнде лизинг алушының, сондай-ақ халықаралық лизинг кезiнде лизинг алушының немесе қосалқы лизинг алушының негiзгi құрал ретiнде алуына жататын лизинг заттары қаржы лизингi бойынша берiлетiн мүлiк болып табылады.";
28) 75-бап "осы Кодексте" деген сөздердiң алдынан ", пайлық инвестициялық қор пайларының иелерiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
29) 76-бапта:
1-тармақтағы ", дүлей күштiң салдарынан" деген сөздер алып тасталсын; "органдары" деген сөзден кейiн "мемлекеттiк салық-бюджет саясатын қалыптастыруды және iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органымен келiсiм бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындаған тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "шегерiле отырып" деген сөздер "шегерiлмей" деген сөзбен ауыстырылсын;
30) 80-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) таза табысты бөлген кезде алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталған табыс;";
31) 82-бапта:
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "3 және 4-тармақтарында" деген сөздер "3-5-тармақтарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
бiрiншi абзац "Бағалы қағаздарды" деген сөздерден кейiн "және қатысу үлесiн" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзац "бағалы қағаздар" деген сөздерден кейiн "және қатысу үлесін" деген сөздермен толықтырылсын; "иемденіп алу" деген сөздерден кейiн "(үлес)" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Осы баптың 1-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген активтердi өткiзу кезiнде құн өсiмi өткiзу құны мөлшерiнде айқындалады.";
32) 83-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы "салық төлеушiнiң" деген сөздердiң алдынан "салық төлеушi таратылған жағдайда тарату балансы бекiтiлген сәтте кредитор талап етпеген мiндеттемелердi қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
33) мынадай мазмұндағы 87-1-баппен толықтырылсын:
"87-1-бап. Табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және
оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарына жұмсалған
шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын
пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден
түскен табыстар
Егер осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес жеке топты құрайтын шығыстарды түзететiн табыстардың мөлшерi салық кезеңiнде жұмсалған шығыстар ескерiле отырып, салық кезеңiнiң басында соңғысының мөлшерiнен асып түссе, артық мөлшерi жылдық жиынтық табысқа жатқызылуға тиiс. Бұл топтың мөлшерi салық кезеңiнiң соңында нөлге тең болады.";
34) 90-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы "субсидиялар табыс ретiнде қаралмайды." деген сөздер "субсидиялар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) - 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйымның банктерден алған мiндеттi, қосымша және төтенше жарналарының сомасы;
4) Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қоры алған сақтандыру ұйымдарының мiндеттi және төтенше жарналарының сомасы;
5) жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық кепiлдендiрудi (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қоры өтелген салымдар (депозиттер) және төленген кепiлдiк әрi өтемдiк төлемдер бойынша олардың талаптарын қанағаттандыру тәртiбiмен алған ақшаларының сомалары табыс ретiнде қаралмайды.";
35) 91-баптың 1-тармағы 8) тармақшадағы "табыстар алып тасталуға тиiс." деген сөздер "табыстар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңдарына сәйкес пайлық және акционерлiк инвестициялық қорлар кастодиандағы шоттарға алған және соларда болатын инвестициялық табыстар;
10) таза табысты бөлген кезде алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық қорын ұлғайтуға бағытталған табыс алып тасталуға тиiс.";
36) 93-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "келiссөз кезiнде дәмхана (фуршет) қызметiн көрсету," деген сөздер "келiссөз кезiнде тамақтануға арналған шығыстар, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 98-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"98-бап. Ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға
жұмсалатын шығыстар бойынша шегерiмдер
Негiзгi құралдар сатып алуға, оларды орнатуға жұмсалатын шығыстардан және күрделi сипаттағы өзге де шығындардан басқа, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстарға жұмсалатын шығыстар шегерiмге жатады. Тиiстi ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық жұмыстар жүргiзiлгенiн растайтын жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыстардың актiсi және басқа да құжаттар мұндай шығыстарды шегерiмге жатқызу үшiн негiз болып табылады.";
38) 99-баптың 1-тармағында "сақтандыру қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып, белгiлеген шектерде сақтандыру сыныптары бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
39) 101-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн бағалау және абаттандыру кезеңiнде пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, барлауға және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге жер қойнауын пайдаланушы жұмсаған шығыстар, жалпы әкiмшiлiк шығыстар, негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi сатып алу жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, төленген қол қойылатын бонус пен коммерциялық табу бонусының сомалары, сондай-ақ өндiрiлген пайдалы қазбаларды өткiзу жөнiндегi шығыстардан басқа, осы Кодекске сәйкес шегерiмге жатқызылатын өзге де шығыстар жеке топты құрайды және жер қойнауын пайдаланушының қалауы бойынша айқындалатын, бiрақ 25 процент мөлшерiндегi амортизацияның шектi нормасынан аспайтын нормалар бойынша пайдалы қазбаларды коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезден бастап амортизациялық аударымдар түрiнде жылдық жиынтық табыстан шегерiледi.
Осы баптың мақсаттары үшiн коммерциялық табудан кейiнгi өндiру жер қойнауын геологиялық зерттеу, қорғау және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган қорларды бекiткеннен кейiн пайдалы қазбаларды өнеркәсiптiк өндiрудiң басталуын бiлдiредi.
Жеке топ құрылғаннан кейiн жұмсалған мұндай шығыстар оның ұлғаюына жатқызылады.
Осы шығыстар жер қойнауын пайдалану құқығының бiр бөлiгiн беруден түскен табыстарды қоса алғанда, табиғи ресурстарға геологиялық зерттеу және оларды өндiруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде жасалған келiсiм-шарт шеңберiнде жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша алған табыстар сомасына оларды азайту жолымен түзетуге жатады, оған:
1) пайдалы қазбаларды өткiзу кезiнде алынған табыстар;
2) осы Кодекстiң 91-бабына сәйкес жылдық жиынтық табыстан алып тасталуға тиiс табыстар қосылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп жер қойнауын пайдалану құқығын иеленуге байланысты салық төлеушiнiң материалдық емес активтердi сатып алуға жұмсаған шығыстарына да қолданылады.";
40) 104-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) құрылысқа және негiзгi қаражаттарды, материалдық емес активтердi сатып алуға арналған шығыстар мен салық төлеушiнiң жылдық жиынтық табыс алуына қатысты емес күрделi сипаттағы басқа да шығыстары;";
7) тармақшадағы "құны шегерiмге жатпайды." деген сөздер "құны;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) қызметiн өнiмдi бөлу жөнiндегi келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы қосымша төлеген төлем сомасы шегерiмге жатпайды.";
41) 105-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"105-бап. Тiркелген активтер
Тiркелген активтер - жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiру басталған кезге дейiн пайдалануға енгiзетiн және осы Кодекстiң 101-бабына сәйкес салық салу мақсатында ескерiлетiн негiзгi құралдар мен материалдық емес активтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланылатын негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер.";
42) 106-бапта:
1-тармақтағы "Негiзгi" деген сөз "Осы Кодекстiң 92-103-баптарына сәйкес негiзгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ "сатып алу" деген сөздерден кейiн "және (немесе) жасау" деген сөздермен толықтырылсын;
43) 107-бапта:
1-тармақта:
2) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша "берiлген" деген сөзден кейiн ", осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған)" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде "амортизация нормаларын, бiрақ осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген шектен асырмай," деген сөздер "амортизацияның осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген нормаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Үйлер, құрылыстар мен ғимараттар бойынша табыстарды және тiркелген активтер бойынша шегерiмдердi есептеу мақсатындағы есепке алу әрбiр объект бойынша жеке жүргiзiледi және I топтың негiзгi құралының құны кiшi топтың құн балансына теңестiрiледi.";
44) 108-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"108-бап. Амортизациялық топтар мен кiшi топтардың құн
балансын анықтау
1. Әрбiр амортизациялық топ бойынша салық кезеңiнiң басында топтың құн балансы деп аталатын қорытынды сомалар анықталады.
I топтың құн балансы негiзгi құралдардың әрбiр объектiсi бойынша кiшi топтардың құн балансынан тұрады.
II, III, IV және V топтардың құн балансы кiшi топтардың әрбiр салық кезеңi бойынша жеке құн баланстарынан тұрады.
2. Салық кезеңiнiң соңындағы кiшi топтың құн балансы:
1) өткен салық кезеңдерiнде құрылған кiшi топтардың құн балансы бойынша:
өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ осы Кодекстiң 111-бабының 1 және 2-тармақтарына және 113-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес жасалған түзетулер ескерiлген өткен салық кезеңiнiң соңындағы кiшi топтың құн балансы ретiнде анықталатын салық кезеңiнiң басындағы кiшi топтың құн балансы,
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер;
2) салық кезеңi барысында құрылған кiшi топтардың құн балансы бойынша:
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде келiп түскен тiркелген активтер,
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
3. Өткен салық кезеңiнiң соңына кiшi топтардың құн балансы ретiнде белгiленген, өткен салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасына азайтылған, сондай-ақ 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып, кiшi топтардың құн баланстары 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша осы Кодекстiң 110-бабында белгiленген топтар бойынша бөлiнедi.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгiленген, V топ құрамына қосылған кiшi топтардың құн баланстары 2006 жылы түскен тiркелген активтер болып танылады.
2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгiленген II, ІІІ және IV топтардың құн балансы тиiстi топтардың құн балансынан жеке есепке алынады.";
45) 109-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сатып алу, өтеусiз алу, жарғылық капиталға салым ретiнде алу кезiнде келiп түскен тiркелген активтер осы Кодекстiң 106-бабына сәйкес айқындалатын құн бойынша мынадай тәртiппен:
I топ бойынша - тиiстi кiшi топтың құн балансын құрайды;
II, ІІІ, IV және V топтар бойынша - кiшi топтың түсiм болған салық кезеңiндегi құн балансына қосылады.
2. Шығып қалатын тіркелген активтер тиісті кіші топтардың құн балансын (І топ бойынша) немесе кіші топтардың тиісті салық кезеңдеріндегі құн балансын (ІІ, ІІІ, IV және V топтар бойынша):
өткізу, қаржы лизингіне беру кезінде - өткізу құнына;
жарғылық капиталға салым ретінде берген кезде - осы Кодекстің 106-бабына сәйкес анықталатын құн бойынша;
тіркелген активтер сақтандырылған жағдайда олар есептен шығарылған, жоғалған, жойылған, бүлінген, ысырап болған кезде сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартына сәйкес төлейтін сақтандыру төлемінің сомасын негізге ала отырып, анықталатын құн бойынша, өзге жағдайларда - баланстық құны бойынша;
өтеусіз беру кезінде - баланстық құны бойынша кемітеді.";
46) 110-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"110-бап. Тіркелген активтер амортизациясының нормалары
Амортизацияға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай нормаларымен топтарға бөлінеді:
_________________________________________________________________
Топ | Тiркелген активтердiң атауы | Амортизация
N | | нормасы (%)
_________________________________________________________________
І Берiлiс құрылғыларын, мұнай және газ
ұңғымаларын қоспағандағы үйлер, құрылыстар 8
II Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен
жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары мен
жабдықтарды қоспағандағы мұнай және газ
ұңғымалары, машиналар мен жабдықтар 20
III 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн
карьер автосамосвалдарын қоса алғандағы
тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен
жабдықтары 25
IV Кеңсе машиналары мен компьютерлер 50
V Басқа топтарға қосылмаған тiркелген активтер 15
_________________________________________________________________ ";
47) 111-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер I топтың кiшi тобының құн балансы салық кезеңiнiң соңында бастапқы құнының 10 процентiнен кем соманы құрайтын болса, осы кiшi топтың құн балансының мөлшерi шегерiмге жатқызылады және нөлге тең болады.
Егер II, III, IV және V топтардың кiшi тобының құн балансы салық кезеңiнiң соңында осы кiшi топтың құн балансы көрсетiлген салық кезеңiнде осы Кодекстiң 113-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес жүргiзiлген түзетулердi ескере отырып, ол құрылған салық кезеңiнiң соңында аталған кiшi топтың құн балансының 10 процентiнен кем соманы құрайтын болса, құрылған кезден бастап мынадай мерзiмдер өткен соң осы кiшi топтың құн балансы шегерiмге жатқызылады:
_________________________________________________________________
Топ | Тiркелген активтердiң атауы |Амортизацияның
N | | шекті мерзімі
| | (жыл)
_________________________________________________________________
II Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары мен
жабдықтарын, сондай-ақ көлiк құралдары мен
жабдықтарды қоспағандағы мұнай және газ
ұңғымалары, машиналар мен жабдықтар 11
III 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн
карьep автосамосвалдарын қоса алғандағы
тау-кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен
жабдықтары 9
IV Кеңсе машиналары мен компьютерлер 4
V Басқа топтарға қосылмаған тiркелген активтер 15
________________________________________________________________ ";
48) мынадай мазмұндағы 111-1-баппен толықтырылсын:
"111-1-бап. Топтардың құн балансына қосылмаған тiркелген
активтер бойынша шегерiмдер
1. Кiшi топтардың Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болған салық заңдарына сәйкес 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша айқындалған және II, ІІІ және IV топтарға жатқызылатын құн баланстары мынадай мерзiмдер iшiнде:
II және ІІІ топтар бойынша 5 жылда;
IV топ бойынша 2 жылда тең үлестермен шегерімге жатқызылады.
Шегерiмге жатқызылатын сома салық кезеңiнiң соңына кiшi топтың құн балансының осы тармақта айқындалған мерзiмнiң аяқталуына дейiн қалған жылдар санына қатынасы ретiнде айқындалады.
2. Көрсетiлген кiшi топтардың құн балансы салық кезеңiнiң соңына:
шегерiмге жатқызылатын, осы баптың 1-тармағына сәйкес өткен салық кезеңiнде есептелген сомаға азайтылған өткен салық кезеңiнiң соңына кiшi топтың құн балансы ретiнде айқындалатын салық кезеңiнiң басындағы құн балансы,
алу
осы Кодекстiң 109-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша салық кезеңiнде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде айқындалады.";
49) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"113-бап. Жөндеуге жұмсалған шығыстар бойынша шегерiмдер
1. Осы топқа енетiн және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн негiзгi құралдарды жөндеуге салық төлеушi жұмсаған iс жүзiндегi шығыстар бойынша әрбiр топқа қатысты шегерiм жасауға оларды жылдық жиынтық табыс алу үшiн пайдаланған жағдайда рұқсат етiледi.
2. Негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстар сомасы салық кезеңiнiң соңында осы Кодекстiң 111-1-бабына сәйкес айқындалған кiшi топтың тиiстi құн балансының мөлшерiне ұлғайтылған топтың құн балансынан белгiленген мынадай шектерде шегерiледi:
_________________________________________________________________
Топ | Тiркелген активтердiң атауы | Шекті норма
N | | (%)
_________________________________________________________________
I Берiлiс құрылғыларын, мұнай және газ
ұңғымаларын қоспағандағы үйлер,
құрылыстар 5
II Тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң машиналары
мен жабдықтарын, сондай-ақ көлiк
құралдары мен жабдықтарды қоспағандағы
мұнай және газ ұңғымалары, машиналар
мен жабдықтар 15
III 40 тонна және одан да ауыр жүк көтеретiн
карьер автосамосвалдарын қоса алғандағы
тау-кен өндiру өнеркәсiбi машиналары мен
жабдықтары 15
IV Кеңсе машиналары мен компьютерлер 5
V Басқа топтарға қосылмаған тiркелген
активтер 10
_________________________________________________________________
Көрсетiлген шектен асатын сома:
I топ бойынша:
егер салық кезеңiнiң соңында кiшi топтың құн балансының құрамына кiретiн негiзгi құрал iс жүзiнде шығып қалса - құн өсiмiнен түсетiн табыстың немесе кiшi топтың құн балансынан шығып қалған тiркелген активтер құнының асып кетуiнен түскен табыстың тиiстi мөлшерiн iс жүзiндегi шығыстарға бара-бар азайтады және (немесе) кiшi топтың тиiстi құн балансын ұлғайтпайды;
өзге жағдайларда - кiшi топтың тиiстi құн балансын iс жүзiндегi шығыстарға бара-бар ұлғайтады;
топтың құн балансына кiрмейтiн негiзгi құралдар бойынша - жеке кiшi топтың құн балансын құрайды немесе ұлғайтады;
II, ІІІ, IV және V топтар бойынша - кiшi топтың жөндеу жүргiзiлген салық кезеңiндегi құн балансын құрайды немесе ұлғайтады.
3. Бюджет қаражатынан алынған субсидиялар есебiнен жүргiзiлген жөндеуге жұмсалған шығыстар шегерiмге жатпайды және топтың құн балансын ұлғайтпайды.
4. Инвестициялық жобаның шеңберiнде пайдалануға берiлген, осы Кодекстiң 138-140-баптарына сәйкес құны шегерiмге жатқызылатын (жатқызылған) негiзгi құралдарды жөндеуге арналған iс жүзiндегi шығыстардың сомасы осы баптың 2-тармағында айқындалған тәртiппен шегерiмге жатқызылады.";
50) 115-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгi "сақтандыру сыйақыларының қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы" деген сөздер ", сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сақтандыру сыйлықақыларының сомасына, сондай-ақ қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақыларының сомасына азайтылған сақтандыру сыйлықақылары және Сақтандыру төлемдерiн кепiлдендiру қорына мiндеттi жарналар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың екiншi бөлiгi "сақтандыру сыйақыларын" деген сөздерден кейiн ", сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын бұзған кезде қайтарылған, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын" деген сөздермен толықтырылсын;
51) 117-баптың 1-тармағында:
2) тармақшада "жинақтаушы" деген сөздiң алдынан "аннуитеттiк сақтандыруды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "процентi мөлшерiнде төлейдi." деген сөздер "процентi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) аннуитеттiк сақтандыру бойынша - алынуға тиiс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 процентi мөлшерiнде төлейді.";
52) 119-1-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, осы баптың 4-тармағының ережелерi өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл iшiнде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялар көлемiне байланысты осы баптың 4-тармағының ережелерiн қолданудың өндiрiстiк мақсаттағы толық технологиялық циклi бар объектiлердi мемлекеттiк қабылдау комиссиялары пайдалануға қабылдаған күннен бастап он жылдан аспайтын өзге мерзiмдерiн белгiлей алады.
Осы баптың 4-тармағының ережелерiн бес жылдан артық мерзiмге қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
53) 120-бапта:
2-тармақ "қайырымдылық" деген сөзден кейiн "және демеушiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта "Белгiленген" деген сөз "Жалпыға бiрдей белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын;
54) 122-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi абзацтағы "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) көмек алатын тұлға тарапынан арыз негiзiнде салық төлеушiнiң шешiмi болған жағдайда демеушiлiк көмек;";
5-тармақ "шығаруы" деген сөзден кейiн "2006 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданылған" деген сөздермен толықтырылсын;
56) 130-бапта:
1-тармақтағы "онда" деген сөзден кейiн "резидент емес" деген сөздермен, "пайдасының" деген сөзден кейiн "резиденттiң мұндай резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесiне негiзделе отырып айқындалатын резидент емес тұлғаның" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Мұндай мемлекеттердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
57) 131-баптың 1-1-тармағында:
2) тармақша "зейнетақы активтерi" деген сөздерден кейiн ", пайлық және акционерлiк инвестициялық қорлар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "кiрiстер төлем көзiнен салық салуға жатпайды." деген сөздер "кiрiстер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) пайлық және акционерлiк инвестициялық қорлардың пайлары мен акциялары бойынша дивидендтер төлем көзiнен салық салуға жатпайды.";
58) 138-бапта:
екiншi бөлiк "дегенiмiз" деген сөзден кейiн "корпорациялық табыс салығын төлеуден босату не" деген сөздермен толықтырылсын; "иемденiп алынған және" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшіншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Инвестициялық салық преференцияларын қолдану үшiн қайта құруға арналып iс жүзiнде жұмсалған шығыстар бөлiгiнде қайта құрылған объектiлердi қоса алғанда, инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға алғаш енгiзiлгендер жаңадан пайдалануға берiлген тiркелген активтер деп танылады.";
59) 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"139-бап. Инвестициялық салық преференцияларын
қолдану тәртiбi
1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрi - преференциялар) инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын салық төлеушi заңды тұлғаларға берiледi.
2. Преференциялар салық төлеушiлерге преференцияларды қолданудың басталу күнiн белгiлейтiн келiсiм-шартқа (оның нотариалды куәландырылған көшiрмесi салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына берiледi) сәйкес мынадай мерзiмдерде:
келiсiм-шартты жасасу кезiнде шаруашылық қызметтi жүзеге асыратын салық төлеушiлер - тiркелген активтер пайдалануға берiлген жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарынан бастап;
мемлекеттiк қабылдау комиссиялары - жаңадан құрылған салық төлеушiлер өндiрiстiк мақсаттағы объектiлердi пайдалануға қабылдаған күннен бастап берiледi.
3. Қызметiн жаңа өндiрiстердi құру жөнiндегi инвестициялық жоба (жобалар) шеңберiнде ғана жүзеге асыратын жаңадан құрылған салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығын жүз процентке азайтуға құқық бередi.
4. Қолданыстағы өндiрiстердi кеңейту және жаңарту жөнiндегi инвестициялық жобаны iске асыруды жүзеге асыратын және осы баптың 3-тармағындағы талаптарға сай келмейтiн салық төлеушiлер үшiн корпорациялық табыс салығы бойынша преференциялар амортизацияға жатпайтын, осы Кодекстiң 107-бабының 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетiлген тiркелген активтердi қоспағанда, жылдық жиынтық табыстан инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға қосылатын тiркелген активтердiң құнын преференцияларды қолдану мерзiмiне байланысты тең үлестермен шегерiмге жатқызуға құқық бередi.
5. Преференциялар беру тәртiбi мен шарты Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарында айқындалады.
6. Осы баптың мақсаттары үшiн келiсiм-шарт жасалған күнтiзбелiк жыл iшiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен салық төлеушiлер жаңадан құрылған салық төлеушiлер деп танылады.
7. Осы баптың 4-тармағында көзделген корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану үшiн салық төлеушi жаңадан iске қосылатын тiркелген активтер бойынша олардың құнын кiшi топтың құн балансына енгiзбейдi және олар бойынша бөлек есеп жүргiзедi.
8. Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi бiткеннен кейiн салық төлеушi осы Кодекстiң 351-360-баптарында белгiленген тәртiппен мүлiк салығын және 323-344-баптарында белгiленген тәртiппен жер салығын төлей бастайды.
9. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап күнтiзбелiк бес жылдан аспауға тиiс және ол әрбiр жекелеген жағдайда қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi қызмет түрлерiне және тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай корпорациялық табыс салығы бойынша преференцияларды қолданудың осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап күнтiзбелiк он жылдан аспайтын өзге мерзiмiн белгiлей алады.
Мүлiк салығы мен жер салығы бойынша преференцияларды қолдану мерзiмi әрбiр жекелеген жағдайда тiркелген активтерге инвестициялардың көлемiне қарай айқындалады, бiрақ ол осы баптың 2-тармағында аталған күннен бастап бес жылдан аспауға тиiс.";
61) мынадай мазмұндағы 22-3-тараумен толықтырылсын:
"22-3-тарау. Өз өндiрiсiнiң, соның iшiнде сертификатталған,
қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн
ұйымдарға салық салу
140-7-бап. Жалпы ережелер
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға бiр мезгілде мынадай талаптарға сай келетiн:
1) өз өндiрiсiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарларын өткiзуден түскен табысы тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен табыс сомасының кемiнде 90 процентiн құрайтын,
Өз өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуге құрылыс объектiлерiн сату жатпайды;
2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен табыс сомасындағы қосылған құн үлесi кемiнде 40 проценттi құрайтын,
Қосылған құн мөлшерi:
мaтериалдық, әлеуметтiк игiлiктер мен материалдық пайданы қоспағанда, салық кезеңiнiң iшiнде жұмыскерлерге есептелген табыстар,
қосу
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес салық кезеңiнде есептелген амортизациялық аударымдар сомасы,
қосу
жанама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасы,
қосу (алу)
төтенше жағдайлардан түскен табыс (тиген залал) ескерiлмеген, Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес айқындалатын таза табыс (залал) ретiнде белгiленедi;
3) жарнама және төлем көзiнен ұсталатындардан басқа, салық кезеңi үшiн декларациялар бойынша салық төлеушi есептеген салықтар сомасының тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден түскен табыс сомасына қатынасы ретiнде айқындалатын салық жүктемесiнiң коэффициентi кемiнде 12 проценттi құрайтын ұйымдар жатады.
2. Өз өндiрiсiнiң қосылған құны жоғары тауарларын өткiзетiн ұйымдарға:
жер қойнауын пайдаланушылар;
акцизделетiн тауарлар шығаратын ұйымдар;
арнайы салық режимiн қолданатын ұйымдар;
қызметiн мұнай-химия өнеркәсiбiнде жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 119-1-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;
технологияларды дамыту мақсатында құрылған, қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын осы Кодекстiң 140-2-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар;
қызметiн "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын және корпорациялық табыс салығын, жер салығы мен мүлiк салығын осы Кодекстiң 140-5-бабында көзделген ережелердi ескере отырып есептейтiн ұйымдар жатпайды.
140-8-бап. Салықтарды есептеу
Осы Кодекстiң 140-7-бабында көрсетiлген ұйымдардың салықтарды есептеуi осы Кодекстiң 140-9-бабында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
140-9-бап. Корпорациялық табыс салығын есептеу, төлеу
тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше көзделмесе, осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 30 процентiне азайтылады.
Өз өндiрiсiнiң тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негiзделе отырып айқындалады.
2. Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларын өткiзуден түскен табыстар болған жағдайда осы Кодекстiң 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы менеджмент жүйелерiнiң Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен енгiзiлген жылдан кейiнгi бiр салық кезеңi iшiнде өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығы сомасының 50 процентiне азайтылады.
Өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарларына қатысты корпорациялық табыс салығының сомасы осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған өз өндiрiсiнiң тауарларын өткiзуден алынуға жататын (алынған) табыстардың жылдық жиынтық табыстағы үлес салмағына негiзделе отырып айқындалады.
Осы тармақтың мақсаттары үшiн заңды тұлғалар - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Сапа саласындағы жетiстiктерi үшiн" сыйлығы лауреаттарының осы Кодекстiң 140-7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында айқындалған, өндiру процесi сапа менеджментi және қоршаған ортаны басқару жүйесiнiң 9000 және 14000 сериялы халықаралық ИСО стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiнде белгiленген тәртiппен сертификатталған өз тауарлары өз өндiрiсiнiң сертификатталған тауарлары деп танылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген салық сомасын азайту корпорациялық табыс салығы бойынша осы Кодекстiң 126-бабына сәйкес айқындалатын аванстық төлемдердiң сомаларын есептеу кезiнде де қолданылады.";
62) 144-бапта:
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар;
5-2) таза табысты бөлу кезiнде алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс;";
6) тармақша "iшкi iстер органдарының," деген сөздерден кейiн "қаржы полициясының" деген сөздермен толықтырылсын;
12) тармақшадағы "1941-1945 жылдардағы" деген сөздер алып тасталсын; "салық жылы iшiндегi айлық есептiк көрсеткiштiң 480 еселенген шегiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
15) тармақшадағы "50 еселенген" деген сөздер "70 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
30) тармақша "алған мүлiктi" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
31) тармақша "қайырымдылық" деген сөзден кейiн "және демеушiлiк" деген сөздермен толықтырылсын;
33) тармақша "төленетiн," деген сөзден кейiн "шарттың қолданылу кезеңiнде басталған" деген сөздермен толықтырылсын; "шарттың қолданылу кезеңiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
34) тармақша "мiндеттi" деген сөзден кейiн "және (немесе) жинақтаушы" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 39) тармақшамен толықтырылсын:
"39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мөлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары.";
64) 152-баптың 1-тармағында:
5) тармақша алып тасталсын;
6) тармақшада "өмiрi мен денсаулығын" және ", тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 5 еселенген шегiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) тұрғын үй құрылыс жинақ банктерiнде Қазақстан Республикасының резидентi - жеке тұлға Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдi жөндеу, салу немесе сатып алу үшiн алған тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар.";
65) 155-баптағы "Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде және жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қорларына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасына азайтылған" деген сөздер алып тасталсын;
66) 161-баптың 1-тармағы "есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады." деген сөздер "есебiнен;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"жұмыс берушiнiң жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыскердiң пайдасына енгiзетiн сақтандыру сыйлықтары есебiнен төленген, сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдерi жеке тұлғаның жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табысы болып табылады.";
67) 164-баптың 3-тармағында:
бiрiншi бөлiктiң 2) тармақшасындағы "адамдар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi." деген сөздер "адамдар;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3)
тармақшамен толықтырылсын:
"3) салық агенттерi болып табылмайтын тұлғаларға Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстар орындаудан табыс алатын Қазақстан Республикасының азаматтары жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу арқылы төлейдi.";
екiншi бөлiктегi "1) тармақшасында айқындалған тұлға" деген сөздер "1) және 3) тармақшаларында айқындалған тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
68) 166-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасының в) тармақшасындағы "антиквариаттарды сату кезiндегi олардың құнының өсiмi;" деген сөздер "антиквариаттарды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:
"г) мемлекеттiк тiркеуге жататын және бiр жылдан кем емес уақыт меншiк құқығындағы немесе механикалық көлiк құралын және (немесе) тiркемелердi иелiктен айыру құқығымен басқаруға сенiмхат негiзiнде алынған механикалық көлiк құралдарын және тiркемелердi сату кезiндегi олардың құнының өсiмi;";
2-тармақта:
", бiрақ оны сатып алу құнынан кем болмайтын" деген сөздер алып тасталып, "бағалау" деген сөз "оны сатып алу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сатып алу құны болмаған жағдайда мүлiктi сату құны мен бағалау құны арасындағы оң айырма құн өсiмi болып табылады.";
70) 177-баптың 6-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы тармақта белгiленген шарттар орындалған кезде және резидент емес шетелдiк қызметкердi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұсыну жөнiндегi қызметтер көрсеткен жағдайда резидент еместiң мұндай қызметтерi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде көрсетiлген қызметтер болып табылады.";
71) 179-бапта:
2-тармақ "мысалдарда" деген сөз "нысандарда" деген сөзбен ауыстырылып, "талап етуiн" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместiң алдындағы табыстарды төлеу жөнiндегi берешектi өтеу есебiне жүргiзiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
8) тармақшадағы "сыйақыларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақшадағы "табыстар жатпайды" деген сөздер "табыстар;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, осы Кодекстiң 178-бабының 2) тармақшасында көрсетiлмеген жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден түскен табыстар жатпайды.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Резидент еместермен жасалған келiсiм-шарттарда Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) алуан түрлерi орындалуын көздейтiн ережелер болған жағдайда осы бапта белгiленген төлем көздерiнен табыс салығын есептеу және ұстау тәртiбi жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) әрбiр түрiне бөлек қолданылады. Бiртұтас өндiрiстiк-технологиялық цикл шеңберiнде резидент емес орындаған жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) әрбiр кезеңi резидент еместер табыстарынан төлем көзi табыс салығын есептеу мен ұстау мақсатындағы жұмыстардың (көрсетiлетiн қызметтердiң) жекелеген түрi ретiнде қарастырылады.
Бұл ретте жоғарыда аталған келiсiм-шарттар бойынша резидент емес табыстарының жалпы сомасы Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жұмыстарды (көрсетiлетiн қызметтердi) орындаудан алынған табыстарға негiзделiп бөлiнуге тиiс.
Осы тармақтың ережелерiн қолдану мақсатында резидент емес Қазақстан Республикасында жұмыстарды (көрсетiлетiн қызметтердi) атқарудан алынған табыстарға және одан тыс жерлерде атқарылған жұмыстардан (көрсетiлетiн қызметтерден) алынған табыстарға резидент емес табысының жалпы сомасы негiзделiп бөлiнгенiн растайтын есеп құжаттамасының көшiрмесiн көрсетiлетiн қызметтердi алушыға табыс етуге мiндеттi.
Осы баптың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасында салық салынуға тиiстi резидент емес табысының сомасы төмендеуiне алып келетiн резидент еместiң табысы негiзсiз бөлiнген жағдайда Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тыс жерлерде атқарылған жұмыстардан, көрсетiлетiн қызметтерден жоғарыда аталған келiсiм-шарттар бойынша алынған резидент емес табысының жиынтық сомасына салық салынуға тиiс.";
72) 187-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "түскен" деген сөзден кейiн ", салық салу тәртiбi осы Кодекстiң 189-бабында айқындалған" деген сөздермен толықтырылсын;
73) 187-1 бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығын салық агентi өткен салық кезеңiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың табыстарынан алынған жеке табыс салығының есебiнде көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаның iс жүзiндегi салық мiндеттемесiнiң сомасын негiзге ала отырып есептейдi. Бұл ретте алдыңғы салық кезеңi iшiндегi жеке табыс салығының есебi тапсырылғанға дейiнгi кезең үшiн жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерiн есептеу есеп берiлiп отырған салық кезеңi iшiндегi жеке табыс салығының болжамды сомасы негiзге алына отырып, бiрақ өткен табыс кезеңi iшiндегi жеке табыс салығы бойынша орташа айлық аванс төлемдерiнiң есептемеген сомасынан кем емес мөлшерде жүргiзiледi.";
6-тармақтағы "жазбаша өтiнiш" деген сөздер "түзету себептерiнiң жазбаша негiздемесiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
74) 188-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiгiндегi "күнтiзбелiк жылдың" деген сөздер "есептiк салық кезеңiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте келесi салық кезеңдерiнде салық агентi жеке табыс салығының есебiн тапсырғаннан кейiн есептiк салық кезеңi iшiндегi жеке табыс салығы бойынша аванс төлемдерi сомасының түзетiлген есебiн ол тапсырылған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей қосымша табыс етуге мiндеттi.";
75) 190-баптa:
3-тармақтағы "5" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын;
4-тармақтағы "2" деген цифр "1" деген цифрмен ауыстырылсын;
76) 191-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"191-бап. Аванстық төлемдердi және жеке табыс салығын
төлеу тәртiбi мен мерзiмдерi
1. Мынадай резидент емес жеке тұлғалар:
1) осы Кодекске сәйкес арнайы салық режимдерiн қолданатын тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жеке кәсiпкерлiк қызметтен табыс түсiретiн резидент емес жеке тұлғалар;
2) төлем көзiне табыс салығы салынатын табыстарды қоспағанда, осы Кодекстiң 149-151-баптарында көзделген өзге де табыстарды қоса отырып, осы Кодекстiң 178-бабының 14), 16) және 17) тармақшаларында айқындалған табыстарды алатын резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығын аванстық төлемдердi енгiзу жолымен төлейдi.
2. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғаларға жеке табыс салығын есептеу шегерiмдi жүзеге асырмастан есептелген табыс сомасына осы Кодекстiң 145-бабының 1-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы жүргiзiледi.
3. Бiрiншi салық кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi есептеудi резидент емес жеке тұлға мынадай тәртiппен:
1) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде алуға болжанатын табыс сомасын негiзге алып, осы Кодекстiң 189-бабының ережелерiн ескере отырып;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлға жеке еңбек шартында (келiсiм-шартта, келiсiмде) көрсетiлген табыс сомасын негiзге алып, осы баптың 2-тармағының ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
Резидент емес жеке тұлға кейiнгi салық кезеңдерiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлғаның нақты салық мiндеттемесiнiң өткен салық кезеңiндегi жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетiлген сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi. Бұл ретте өткен салық кезеңiндегi жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсырғанға дейiнгi кезеңдегi жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есептеудi резидент емес жеке тұлға есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығының болжамды сомасын негiзге ала отырып жүргiзедi, бiрақ ол өткен салық кезеңiндегi орташа айлық аванстық төлемдердiң қосылған сомасынан кем болмауға тиiс.
4. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердi төлеудi ағымдағы айдың 20-сынан кешiктiрмей ай сайын жүргiзедi.
5. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңi iшiнде төлеуi тиiс жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомалары жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiнде көрсетiледi.
Резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн осы Кодекстiң 192-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталған резидент емес жеке тұлғалар жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiне салық салынатын табыстың мәлiмделген сомасын растайтын жеке еңбек шартының (келiсiм-шарттың, келiсiмнiң) немесе өзге де азаматтық-құқықтық шарттың көшiрмесiн қоса беруге мiндеттi.
6. Аванстық төлемдердiң енгiзiлген сомалары ағымдағы салық кезеңiнде резидент емес жеке тұлғаға есептелген жеке табыс салығын төлеу есебiне есепке алынады.
7. Түпкiлiктi есеп айырысу және жеке табыс салығын төлеу салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзiледi.
Салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны резидент емес жеке тұлға осы Кодекстiң 192-бабының 2-тармағында белгiленген мерзiмнен кешiктiрмей өзi тiркелген жер бойынша салық органына ұсынады.
8. Резидент емес жеке тұлға салық кезеңiнiң iшiнде салық органына салық кезеңiнiң алдағы айлары үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн табыс етуге құқылы. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдердiң сомаларын азайту жағына қарай түзеткен жағдайда резидент емес жеке тұлға салық органына көрсетiлген есеппен бiрге түзетулер себептерiнiң жазбаша негiздемесiн ұсынуға тиiс.";
77) 192-баптың тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"192-бап. Жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер
сомаларының есебi және жеке табыс салығы
жөнiндегi декларация
1. Осы Кодекстiң 191-бабында көрсетiлген резидент емес жеке тұлғалар осы Кодекстiң 527-бабында белгiленген тiркелу күнiнен бастап жиырма бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей және келесi салық кезеңдерiнде - есептiк салық кезеңiнiң 20 қаңтарынан кешiктiрмей қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының есебiн тiркелген жерi бойынша салық органына табыс етуге мiндеттi. Бұл ретте салық төлеушi декларация тапсырғаннан кейiн оны тапсырған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде, бiрақ есептiк салық кезеңiнiң 20 сәуiрiнен кешiктiрмей есептiк салық кезеңi үшiн жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларының түзетiлген есебiн тiркелген жерi бойынша салық органдарына қосымша табыс етуге мiндеттi.";
79) 201-баптың 1-тармағындағы "тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысты түбегейлi алушы болса және тиiстi халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға құқылы болса" деген сөздер "халықаралық шарт жасасқан елдiң резидентi болса және тиiстi халықаралық шартта резидент еместiң Қазақстан Республикасындағы қызметтен түскен таза табысына тұрақты мекеме арқылы салық салудың осы Кодекстiң 185-бабында белгiленген тәртiптен өзгеше тәртiбi көзделген болса" деген сөздермен ауыстырылсын;
81) 207-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы Кодекстiң 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
жеке кәсiпкерлер;
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
2) заңды тұлғаның осы Кодекстiң 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.";
82) 208-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"208-бап. Қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға
қойылатын талаптар
1. Қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу бойынша айналымның мөлшерi осы баптың 3-тармағында белгiленген өткiзу бойынша ең төменгi айналымнан асатын болса, осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар кез келген кезең (он екi айлық кезеңнен аспайтын) аяқталған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
2. Өткiзу бойынша айналымды анықтау кезiнде осы Кодекстiң 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткiзу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкiн өткiзу бойынша айналым, егер ондай мүлiк кәсiпкерлiк қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшiн шаруа (фермер) қожалығы үшiн арнаулы салық режимiнде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеушi, өткiзу бойынша айналым мөлшерiн анықтау кезiнде осы арнаулы салық режимiне кiретiн қызметтi жүзеге асырудан түскен өткiзу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi болған жағдайда өткiзу бойынша айналым көлемi осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлiмшелерiнiң өткiзу бойынша айналымдары ескерiле отырып айқындалады.
3. Өткiзу бойынша айналымның ең төмен деңгейi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген кезеңнiң соңғы айына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 12000 еселенген шамасын құрайды.
4. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бiрақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзудi жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiштi салық органына ерiктi түрде бере алады.
5. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтiнiш берген айдан кейiнгi айдың алғашқы күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Жеке кәсiпкер он жұмыс күнiнен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш берген жағдайда, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы тұлға жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қосылған құн салығын төлеушiге айналады.
Мемлекеттiк мекемелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместi қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттiк тiркелгеннен (есепке алынғаннан) кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiш берген жағдайда осы тұлғалар өздерi салық төлеушiлер ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
6. Егер осы Кодекстiң 208-1-бабының 3-тармағында өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi мемлекеттiк орган қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның өтiнiшi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерiн қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде қарастыра алады.
7. Осы баптың 6-тармағына сәйкес құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын дербес төлеушiлер деп танылған қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлға құрылымдық бөлiмшелердiң орналасқан жерi бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтiнiш беруге (немесе өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерiне тапсырма беруге) мiндеттi.
8. Қосылған құн салығын төлеушi заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтiнiшi берiлген айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнi қосылған құн салығын төлеушiлерге айналады.
9. Осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған кезде, осы тұлғалардың осы Кодекстiң 235-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнiндегi тауарлар (негiзгi құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
10. Салық органы осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар анықталған кезде осы Кодекстiң 207-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген тұлғаларды өтiнiшсiз, қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.";
83) 210-баптың 4-тармағындағы "Тұлға" деген сөз "Осы Кодекстiң 207-бабының 1-тармағында көрсетiлген салық төлеушiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
84) 211-бапта:
1-тармақтың 6) тармақшасындағы "жөнелтуiн бiлдiредi." деген сөздер "жөнелтуiн;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды бiлдiредi.";
3-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) бұрын экспорт режимiнде шығарылған тауарды керi импорт режимiнде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару;";
5) тармақшадағы "peciмделсе, өткiзу бойынша айналым болып табылмайды." деген сөз "ресiмделсе;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және (немесе) сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегi операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берiлуi тиiс мүлiктi жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келiсiм-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншiгiне беруi, өткiзу бойынша айналым болып табылмайды.";
85) 216-баптың 2-тармағында:
екiншi бөлiктегi "211-баптың" деген сөздер "осы Кодекстiң 211-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктегi "210-баптың" деген сөздер "осы Кодекстiң 210-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын;
86) 221-баптың 5-тармағындағы "құжаты" деген сөзден кейiн "немесе уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан бойынша салық органы берген құжат" деген сөздермен толықтырылсын;
87) 222-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Экспортқа тауарлар өткiзу жөнiндегi айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.";
89) 225-бапта:
16) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, "Еркiн қойма" кеден режимi қолданылатын аумақта өндiрiлген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне өткiзiлетiн қазақстандық тауарларды өткiзу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.
Осы тармақшада көрсетiлген тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
91) 227-баптың 2-тармағында:
1) тармақшаның бiрiншi абзацы "және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз iске асыратын операциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша "және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз iске асыратын бағалы қағаздармен жасалатын операциялар" деген сөздермен толықтырылсын;
92) 228-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мүлiктi қаржы лизингiне беру осы баптың 1-тармағында белгiленген шарттар және төменде тiзiп көрсетiлген шарттардың бiрi сақталған кезде:
1) егер берiлетiн мүлiктiң импорты осы Koдекстiң 234-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болса;
2) егер берiлетiн мүлiк осы Кодекстiң 225-бабының 17) тармақшасына сәйкес қосылған құн салығынсыз сатып алынған болса, қосылған құн салығын төлеуден босатылады.";
93) 234-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) төлем карточкаларымен қызметтер көрсету үшiн жабдықтар импорты, меншiктi өндiрiстiк мұқтаждар үшiн әкелiнетiн бағдарламалық қамтамасыз ету және оның қосалқы бөлшектерi;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) қаржы лизингi шарты бойынша қаржы лизингiне беру мақсатында лизинг берушi әкелген мүлiк импорты.
Осы тармақшада көрсетiлген мүлiк тiзбесiн және оны қалыптастыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi. Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.";
94) 235-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасындағы "қосылған құн салығы бюджетке төленген болса" деген сөздер "қосылған құн салығын төлеу жөнiндегі салық мiндеттемесi орындалса" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
3) тармақшадағы "құжатында" деген сөзден кейiн "немесе салық органы берген құжатта" деген сөздермен толықтырылсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) темiр жол немесе әуе көлiгінде тасымалдаушының салық төлеушiнiң тiркелу нөмiрiн көрсете отырып берiлетiн жол жүру билетiнде жеке жолмен бөлiнген салық сомасы;";
4-тармақтың екiншi бөлiгiндегi "бюджетке салық нақты енгiзiлген" деген сөздер "қосылған құн салығын төлеу жөнiндегi салық мiндеттемесi орындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
95) 246-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"246-бап. Салық кезеңi
1. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
2. Егер алдыңғы тоқсан үшiн бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының орташа айлық сомасы 1000 айлық есептiк көрсеткiштен кем болса, онда салық кезеңi тоқсан болып табылады.
3. Егер күнтiзбелiк ай iшiнде есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, қосылған құн салығын төлеушi дербес айқындаған күнтiзбелiк ай не тоқсан салық кезеңi болып табылады.
4. Ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлер үшiн аталған арнаулы салық режимiнiң күшi қолданылатын қызметтi жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi салық жылы болып табылады.
Басқа да қызмет түрлерiн жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы бойынша салық кезеңi осы баптың 1-3-тармақтарына сәйкес айқындалады.";
96) 248-баптың 2-тармағы "құн салығы" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен," деген сөздермен толықтырылсын;
97) 250-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiктегi "тiзбесiн" деген сөзден кейiн "және оны қалыптастыру тәртiбiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте осы тiзбеге Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiсi жоқ немесе Қазақстан Республикасының қажеттерiн жаппайтын тауарлар енгiзiледi.";
4) тармақшада "қосалқы бөлшектердiң импорты бойынша белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi." деген сөздер "қосалқы бөлшектердiң;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) пестицидтердiң (улы химикаттардың) импорты бойынша белгiленген тәртiппен есепке жатқызу әдiсiмен төленедi.";
98) 251-баптың 4-тармағында "салық төлеушiнiң" деген сөз "қосылған құн салығын төлеушiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; "түсiрген" деген сөзден кейiн "не Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда тауар айырбасы жөнiндегi (бартерлiк) операциялар бойынша экспортталған тауарларды сатып алушы қосылған құн салығын төлеушiге берiлген тауарларды нақты әкелу жүзеге асырылған" деген сөздермен толықтырылсын;
99) 252-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер қосылған құн салығын төлеушiнiң берушілерi осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мерзiм iшiнде қарсы салық тексерулерiн жүргiзу кезiнде анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда мұндай қосылған құн салығын төлеушiлерге салықты қайтару бұзушылықтар анықталған не жойылған сомалар шегiнде жүргiзiледi.
Осы бапқа сәйкес расталған, бiрақ белгiленген мерзiмдерде қайтарылмаған қосылған құн салығының сомасына қайтару мерзiмi бұзылған әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде өсiмпұл есептеледi.
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау үшiн қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсiн тексеру тағайындау туралы шешiм уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен, мынадай жағдайлар:
1) қарсы тексерулер:
бұл салық төлеушiнiң қосылған құн салығын қайтаруға өтiнiш беру сәтiнiң алдындағы он екi ай кезең iшiнде аталған салық төлеушiге айына кемiнде бiр рет тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзудi жүзеге асырған берушiлерге;
электр және жылу энергиясын, суды, газды, байланыс қызметiн берушiлерге;
осы тармақтың 3) тармақшасына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығы расталған кезде жүргiзiлмейтiнi;
2) қосылған құн салығы 1 миллион теңгеден астам сомаға көрсетiлiп шот-фактура жазған берушiлер (осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда) мiндеттi тексеруге жататыны;
3) егер қосылған құн салығын төлеушiнiң берушiсi салық төлеушiлердiң мониторингтелуiне тиiс болса, салық қызметi органдары осы Кодекске сәйкес осы берушiлер ұсынатын салық есептiлiгiнiң негiзiнде қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растауы мүмкiн екендiгi ескерiле отырып қабылданады.";
100) 256-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "төленбесе," деген сөзден кейiн "конкурстық массаны," деген сөздермен толықтырылсын;
101) 257-баптың 1-тармағында:
5) және 9) тармақшалар алып тасталсын;
10) тармақшадағы "газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнай" деген сөздер "шикi мұнай, газ конденсаты" деген сөздермен ауыстырылсын;
103) 270-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "және газ конденсатымен бiрге мұнайды" деген сөздер ", шикi мұнайды, газ конденсатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
104) 271-баптың 3-тармағында "газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайды" деген сөздер "шикi мұнайды, газ конденсатын," деген сөздермен ауыстырылсын;
105) 277-баптың 1-тармағы "акциздер" деген сөзден кейiн "уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегі уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен," деген сөздермен толықтырылсын;
106) мынадай мазмұндағы 9-1-бөлiммен толықтырылсын:
"9-1-бөлiм. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
салынатын рента салығы
44-1-тарау. Жалпы ережелер
278-1-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушiлер болып табылады.
278-2-бап. Салық салу объектiсi
Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектiсi болып табылады.
44-2-тарау. Есептеу тәртiбi және салық ставкалары
278-3-бап. Есептеу тәртiбi
1. Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi салық төлеушiнiң оларды тасымалдауға жұмсаған шығыстарын шегере отырып, осы баптың 3-тармағына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының сапасына төмендетiлген баға (үстеме баға) ескерiлген нарықтық бағасын негiзге алып есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы болып табылады.
2. Өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
3. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен төмен болса, шикi мұнай, газ конденсаты сапасына төмендетiлген баға ұсынылады. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен жоғары болса, шикi мұнай сапасына үстеме баға ұсынылады.
278-4-бап. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына
рента салығының ставкалары
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығының ставкалары мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
____________________________________________________________________
Нарықтық бағасы | Ставкасы
__________________________________________________|_________________
бiр баррель үшiн 19 АҚШ долларынан кем 0 процент
бiр баррель үшiн 19-дан 20 АҚШ долларына дейiн 1 процент
бiр баррель үшiн 20-дан 21 АҚШ долларына дейiн 4 процент
бiр баррель үшiн 21-ден 22 АҚШ долларына дейiн 7 процент
бiр баррель үшiн 22-ден 23 АҚШ долларына дейiн 10 процент
бiр баррель үшiн 23-тен 24 АҚШ долларына дейiн 12 процент
бiр баррель үшiн 24-тен 25 AҚШ долларына дейiн 14 процент
бiр баррель үшiн 25-тен 26 АҚШ долларына дейiн 16 процент
бiр баррель үшiн 26-дан 27 АҚШ долларына дейiн 17 процент
бiр баррель үшiн 27-ден 28 АҚШ долларына дейiн 19 процент
бiр баррель үшiн 28-ден 29 АҚШ долларына дейiн 21 процент
бiр баррель үшiн 29-дан 30 АҚШ долларына дейiн 22 процент
бiр баррель үшiн 30-дан 31 АҚШ долларына дейiн 23 процент
бiр баррель үшiн 31-ден 32 АҚШ долларына дейiн 25 процент
бiр баррель үшiн 32-ден 34 АҚШ долларына дейiн 26 процент
бiр баррель үшiн 34-тен 36 АҚШ долларына дейiн 28 процент
бiр баррель үшiн 36-дан 37 АҚШ долларына дейiн 29 процент
бiр баррель үшiн 37-ден 38 АҚШ долларына дейiн 30 процент
бiр баррель үшiн 38-ден 40 АҚШ долларына дейiн 31 процент
бiр баррель үшiн 40 АҚШ долларынан астам 33 процент
____________________________________________________________________
44-3-тарау. Салық кезеңi, төлеу мерзiмдерi және салық
декларациясы
278-5-бап. Салық кезеңi
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.
278-6-бап. Төлеу мерзiмдерi
Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi.
278-7-бап. Салық декларациясы
Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы бойынша декларация тiркеу орны бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмей берiледі.";
107) 279-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзац "операцияларын" деген сөзден кейiн "және өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу мен пайдалану жөнiндегi жұмыстарды" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша алып тасталсын;
3) тармақшаның в) тармақшасындағы "үлесiн есептеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi." деген сөздер "үлесiн;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы г) тармақшасымен толықтырылсын:
"г) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу мен төлеу тәртiбi белгiленедi.";
108) 282-бапта:
1-тармақтағы "Салық" деген сөзден кейiн "режимiнiң бiрiншi үлгiсi бойынша салық" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "салық салу шарттары" деген сөздер "салық режимi" деген сөздермен ауыстырылсын; "сараптамасынан өткен" деген сөздерден кейiн "және 2004 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "салық салу шарттары" деген сөздер "салық режимi" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiктегi "салық салу шарттары" деген сөздер "салық режимi" деген сөздермен ауыстырылсын;
109) 283-баптың 2) тармақшасында:
екiншi абзацтағы "мұнайға" деген сөзден кейiн ", газ конденсатына" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацтағы "газ" конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға" деген сөздер "шикi мұнайға, газ конденсатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"роялти;";
110) 286-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Салық сараптамасы - құзыреттi орган жасайтын жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге талдау жасау мен баға берудi қамтитын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдерi мен салығын белгiлеудi қоса алғанда, салық режимiн бекiту мақсатында жүргiзiлетiн мiндеттi сараптама.";
111) 292-баптың екiншi бөлiгi 2) тармақшасының екiншi сөйлемi "құны" деген сөзден кейiн ", Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ақпарат көздерiнiң деректерi бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
112) 295-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Жер қойнауын пайдалану барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жолымен жүзеге асырылатын кезде жер қойнауын пайдаланушы роялтидi жер асты құрылыстарын салу кезiнде жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемi үшiн, сондай-ақ мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi үшiн төлейдi.";
113) 296-бап "қарамастан," деген сөзден кейiн "сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға жер қойнауын пайдалану құқығы бар тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
114) 297-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Жер қойнауын пайдалану барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жолымен жүзеге асырылатын кезде жер асты құрылыстарын салу кезiнде жер қойнауынан алынатын пайдалы қазбалардың көлемi, сондай-ақ мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi салық салу объектiсi болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысы жоқ жер асты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану кезiнде осы баптың 3-тармағында көрсетiлген базадан басқа, мұндай құрылыстардың жер қойнауында алатын көлемi роялти есептеу үшiн салық базасы болып табылады.";
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) газ конденсатын қоса алғанда, мұнай бойынша - қызметтiң күнтiзбелiк әрбiр жылы үшiн, газ конденсатын қоса алғанда, мұнайдың жинақталған өндiрiлiмiнiң көлемiне байланысты айқындалған процент ретiнде жылжымалы шкала бойынша және мынадай:
500 000 тоннаға дейiн - 2 процент;
500 000-нан 1 000 000 тоннаға дейiн - 2,5 процент;
1 000 000-нан 1 500 000 тоннаға дейiн - 3 процент;
1 500 000-нан 2 000 000 тоннаға дейiн - 3,5 процент;
2 000 000-нан 2 500 000 тоннаға дейiн - 4 процент;
2 500 000-нан 3 500 000 тоннаға дейiн - 4,5 процент;
3 500 000-нан 4 500 000 тоннаға дейiн - 5 процент;
4 500 000-нан 5 000 000 тоннаға дейiн - 5,5 процент;
5 000 000 тоннадан жоғары - 6 процент ставка бойынша төленедi.
Егер газ тәрiздес көмiрсутектердi сұйық көмiрсутектермен бiрге жер бетiне шығару көзделген жағдайда, роялтидi есептеу мақсатында осындай газ тәрiздес көмiрсутектер мынадай арақатынас арқылы мұнайға ауыстырылады: газ тәрiздес көмiрсутектердiң 1 мың текше метрi мұнайдың 0,857 тоннасына сәйкес келедi;";
2) тармақша мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Осы Кодексте белгiленген роялти ставкалары жүргiзiлетiн өндiру түрiне қарамастан, пайдалы қазбалардың барлық түрiне қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Осы баптың 3-1-тармағында айқындалған салық базасына роялти ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.";
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Жер қойнауына керi айдалатын газ тәрiздес көмiрсутектер бойынша роялти төленбейді.";
116) 306-бап "пайдаланушының" деген сөзден кейiн "жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған" деген сөздермен толықтырылсын;
117) 306-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"306-1-бап. Салық базасы
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көзделген шегерiмдер сомасының 20 процентiнен асатын бөлiгі салық базасы болып табылады.
Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық базасы қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және (немесе) тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он процентiнен аспауға тиiс.";
118) 307 және 308-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"307-бап. Есептеу тәртiбi
1. Салық кезеңi iшiнде үстеме пайда салығын есептеу осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес айқындалатын салық базасына осы Кодекстiң 308-бабында белгiленген ставканы түзетулер ескерiле отырып қолдану арқылы жүргiзiледi.
2. Жинақталған табыстар жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап алған жиынтық жылдық табысының сомасы ретiнде айқындалады.
3. Жинақталған шығыстар осы Кодекстiң 306-1-бабына сәйкес салық базасын түзететiн шығыстар сомасын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушының келiсiм-шарт жасалған күннен бастап шегерiмге жатқызылатын шығыстарының сомасы ретiнде айқындалады.
308-бап. Үстеме пайда салығы ставкалары
Үстеме пайда салығы мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
________________________________________
Жинақталған табыстардың | Ставкасы
жинақталған шығыстарға |
қатынасының алынған мәнi |
__________________________|_____________
1,2-ден кем 0 процент
1,2-ден 1,3-кe дейiн 10 процент
1,3-тен 1,4-кe дейiн 20 процент
1,4-тен 1,5-кe дейiн 30 процент
1,5-тен 1,6-ға дейiн 40 процент
1,6-дан 1,7-гe дейiн 50 процент
1,7-ден жоғары 60 процент
_________________________________________";
119) 312-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы "роялти төлегеннен кейiн" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) өтемдік өнім шегерілгеннен кейін бөлуге жататын өндірілген өнім бөлігін (пайда түсіретін өнім) айқындауды;";
120) 312-1-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Өндiрiлген өнiмнiң құны осы Кодекстiң 313-4-бабына сәйкес белгiленедi.";
4-тармақта:
мынадай мазмұндағы төртiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың мақсаттары үшiн өтелетiн шығыстар осы Кодекстiң 313-бабына сәйкес айқындалатын өтелетiн шығындарды және өтелетiн шығындардың құрамына қосылмайтын, жиынтық жылдық табыстан шегеруге рұқсат етiлетiн және осы Кодекстiң 92-103, 105-114-баптарында көрсетiлген өзге де шығыстарды бiлдiредi.";
бесiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "2,068" деген цифр "2" деген цифрмен ауыстырылсын;
5-тармақта "СДНn - пайда түсiретiн өнiмдегi Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда, есептi кезең iшiнде төленген салықтардың нақты құны;" деген сөздер "СДНn - өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн қоспағанда есептiк кезең iшiнде төленген салықтардың және бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердiң нақты құны;" деген сөздермен ауыстырылсын; "7,51" деген цифр "7,5" деген цифрмен ауыстырылсын;
6-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi екiншi сөйлем алып тасталсын;
7-тармақ "инфляцияның" деген сөзден кейiн "1/12" деген цифрмен толықтырылсын;
9-тармақ алып тасталсын;
121) 313-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Yстемеақысыз (аплифтсiз) нақты жүргiзiлген шығындар өтелуге жатады.";
123) мынадай мазмұндағы 313-3 және 313-4-баптармен толықтырылсын:
"313-3-бап. Өтемдiк және пайда түсiретiн өнiм есебi
1. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк және пайдалы өнiм есебiн ұлттық валютамен және осы Кодексте белгiленген салық есебi ережелерiне сәйкес осы баптың ережелерiн ескере отырып жүргiзедi.
2. Жер қойнауын пайдаланушы өтемдiк өнiм есебiн жүргiзудi бiр шығынның өтемдiк өнiмде екi рет көрсетiлуiн болдырмайтындай түрде қамтамасыз етуге тиiс.
313-4-бап. Өндiрiлген өнiм құнын есептеу
1. Өндiрiлген өнiм құны бөлу нүктесiнде белгiленедi және әрбiр есептiк кезең үшiн өндiрiлген өнiмнiң бөлу нүктесiнде өлшенген және тоннамен көрсетiлген көлемiнiң осындай есептiлiк кезеңi iшiнде бөлу нүктесiнде өткiзудiң орташа бағасына көбейтiндiсi ретiнде айқындалады. Өнiмдi бөлу нүктесi жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шартта айқындалады.
2. Өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы аталған өнiмдi өткiзумен байланысты және осы Кодекстiң 313-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес есептiлiк кезеңде өтелетiн шығыстарға қосылмаған шығыстар алынған есептiлiк кезеңде жанама салықтар ескерiлмей, өнiмдi өткiзуден түскен табыстың есептiлiк кезеңде өткiзiлген өнiмнiң тиiстi жалпы көлемiне бөлiнген жалпы сомасын бiлдiредi.
3. Есептiлiк кезеңде өнiмдi өткiзу толығымен болмаған кезде өнiм соңғы өткiзiлген есептiлiк кезеңдегi өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы кейiннен түзетiле отырып, өнiмдi өткiзудiң орташа бағасы ретiнде алынады.
4. Өндiрiлген өнiм құны Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау жөнiндегi заңдарына сәйкес түзетуге жатқызылуы мүмкiн.
Өндiрiлген өнiм құнын түзету осы Кодекстiң 312-1-бабының 3-тармағында айқындалған триггерлер мәнiнiң өзгеруiне алып келген жағдайда Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiнiң және қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiнiң мөлшерi де түзетiлуi тиiс.";
124) мынадай мазмұндағы 49-1-тараумен толықтырылсын:
"49-1-тарау. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт
бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемi
314-4-бап. Төлеушiлер
Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемiн төлеушiлер болып табылады.
314-5-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт
бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемiн есептеу тәртiбi
1. Салық кезеңiндегi мемлекет түсiмдерiнiң үлесi салық кезеңiнде жер қойнауын пайдаланушы алған өндiрiлген өнiмнiң жалпы көлемi құнының салынған инвестицияларды қайтару сәтiне дейiн он процентiнен кем және одан кейiнгi кезеңдерде қырық процентiнен кем болған жағдайда осы бөлiмге сәйкес жер қойнауын пайдаланушы тиiстi айырманы бюджетке төлейдi.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн мемлекет түсiмдерiнiң үлесi дегенiмiз өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн бiлдiретiн, жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңi iшiнде орындаған салықтық мiндеттемелер, салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер.
Мемлекет түсiмдерiнiң үлесiне қосылған құн салығы және жер қойнауын пайдаланушы соларға қатысты салық агентi ретiнде қатысатын салықтар кiрмейдi.
3. Егер қайсыбiр салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша түсiмдер сомасы осы баптың 1-тармағында көрсетiлген мәннен кем болып шықса, тиiстi айырманы жер қойнауын пайдаланушы бюджетке Қазақстан Республикасы үлесiнiң шотына осы Кодекстiң 127-бабының 4-тармағында белгiленген мерзiмдерде төлейдi.
314-6-бап. Салық кезеңi
Күнтiзбелiк жыл қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi салық кезеңi болып табылады.
314-7-бап. Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт
бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемдi төлеу мерзiмi
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он бес күннен кешіктiрiлмей төленедi.
314-8-бап. Салық декларациясы
Қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң 137-бабында безенген мерзiмде табыс етедi.";
125) 315-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) бюджетпен есеп айырысуды бiржолғы талон негiзiнде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер;
2) жеке нотариустар, адвокаттар;
3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидентi - заңды тұлғалар;
4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер, филиалдар мен өкiлдiктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады.";
2-тармақтағы "Заңды тұлғаның" деген сөздер "Резидент заңды тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
126) 316-баптың 1-тармағында:
бiрiншi абзац "31)-34)" деген цифрлардан кейiн ", 39)" деген цифрмен толықтырылсын;
7) тармақша алып тасталсын;
127) 317-баптың 1 және 2-тармақтарының бiрiншi абзацындағы "арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары мен өкiлдiктерi" деген сөздер "филиалдар мен өкiлдiктерi арқылы жүзеге асыратын резидент еместер" деген сөздермен ауыстырылсын;
128) 318-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, әлеуметтiк салықты есептеу осы Кодекстiң 316-бабына сәйкес айқындалған әлеуметтiк салық салу объектiсiне Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар мөлшерiне азайтылған, осы Кодекстiң 317-бабының 1, 2 және 4-тармақтарында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы салық жылына жүргiзiледi.
Әлеуметтiк салықты есептеу уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ай сайын өсу қорытындысы бойынша жүргiзiледi.";
мынадай мазмұндағы l-l-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Қызметтiң жекелеген түрлерi үшiн арнаулы салық режимiнен басқа арнаулы салық режимiн қолданатындарды қоспағанда, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар осы Кодекстiң 317-бабының 3-тармағында белгiленген ставкаларды қолдану арқылы есептелген әлеуметтiк салық сомасын Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес есептелген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына түсетiн әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтады.";
129) 325-бапта:
1-тармақта:
"бiрнеше" деген сөздiң алдынан "пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер учаскесi бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеушiлер болып табылады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Лизинг алушы қаржы лизингi шартына сәйкес жылжымайтын мүлiк объектiсiмен бiрге қаржы лизингiне берiлген (алынған) жер учаскесi бойынша жер салығын төлеушi болып табылады.";
130) 338-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "бабында" деген сөз "бабының 1-тармағында" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
"2-2. Осы Кодекстiң 121-бабының 2-тармағында айқындалған заңды тұлғалар салықты есептеген кезде тиiстi ставкаларға 0 коэффициентiн қолданады.";
131) 345-бапта:
1-тармақтағы "Меншiк" деген сөз "Егер осы бапта өзгеше көрсетiлмесе, меншiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын төлеушi болып табылады.";
132) 350-бапта "Салық төлеушiлер" деген сөздер "Төлеушi - заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын; "жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларды және" деген сөздер алып тасталсын;
133) 352-бапта:
2-тармақтағы "бiрнеше" деген сөздiң алдынан "пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерiн қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
"5. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн салық салу объектiлерi бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеушi болып табылады.";
134) 353-бапта:
1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына, сондай-ақ бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есепке алуда айқындалған материалдық және материалдық емес объектiлер негiзгi құралдар және материалдық емес активтер болып табылады.";
2-тармақта:
4) тармақшаның он төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң кешендерi;";
135) 354-баптың 3-тармағындағы "3)-5) тармақшаларында" деген сөздер "5) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;
136) 355-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы "тұлғалардың" деген сөзден кейiн "және шаруа (фермер) қожалықтарының" деген сөздермен толықтырылсын;
137) 357-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"357-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын үй-жайлар бойынша салықты жеке кәсiпкер осы тарауда белгiленген ставкалар бойынша және тәртiппен есептейдi және төлейді.";
138) 361-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы "Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар," деген сөздер алып тасталсын; "I және II топтағы мүгедектер," деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.";
140) 372-бапта:
1-тармақ "тұлғалар" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ осы Кодекстiң 369-бабының 2-тармағында айқындалған тұлғалар" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта "Жылына" деген сөз "Салық агенттерiмен жасалатын шарттар негiзiнде жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, күнтiзбелiк жылда" деген сөздермен ауыстырылсын;
141) 374-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Кезектi патент алу үшiн патент алуға өтiнiш алдыңғы патенттiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ұсынылады.";
мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
"8. Патент негiзiнде арнайы салық режимiн қолданатын салық төлеушi салық органдарына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар мен жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша есептемелердi ұсынбайды.";
142) 375-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Патенттiң құны бюджетке мынадай түрде:
1) жеке табыс салығы - патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде;
2) әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi патент құнының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.";
143) 376-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өтiнiштi заңды тұлға мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей салық органына бередi.
Жаңадан құрылған жеке кәсiпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға өз қызметiн жүзеге асыратын жерi бойынша тiркеуге қойылған күнi өтiнiш береді.";
144) 377-бапта:
1-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы және әлеуметтiк салық түрiнде салық есептiлiгi кезеңiнен кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзiледi.
Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 мөлшерiнде, әлеуметтiк салық - Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заң актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандырудың қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасын алып тастағаннан кейiнгi оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлiгi мөлшерiнде төленуге тиiс.";
145) 378-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы төртiншi және бесiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығы осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.";
147) 380-бапта:
1-тармақтағы "негiз" деген сөз "салық салу объектici" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтың мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
149) 382-баптың 1-тармағы "салығы" деген сөзден кейiн "мен әлеуметтiк салық" деген сөздермен толықтырылсын;
150) 383-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "шаруа (фермер) қожалығының басшысын және мүшелерiн қоса алғанда," деген сөздер алып тасталсын, "қызметкер" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ шаруа (фермер) қожалығының басшысы мен мүшелерi" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"Әлеуметтiк салықтың есептелген сомасы Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылуы тиiс.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы әлеуметтiк салық сомасынан асып кеткен кезде әлеуметтiк салық сомасы нөлге тең.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Төлем көзiнен ұсталатын әлеуметтiк салық пен жеке табыс салығын төлеу жер учаскесi орналасқан жер бойынша жүргiзiледі.";
151) 384-бапта:
бiрiншi абзац "салығы" деген сөзден кейiн "мен әлеуметтiк салық" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақша алып тасталсын;
152) 387-бапта:
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
4-тармақта:
"тiркеу есебiне қойылған" деген сөздер "заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын:
"20 ақпаннан кейiн басқа әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда салық төлеушi осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде салық органына арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiш бередi.
Осы арнайы салық режимi қолданылмайтын қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер де 20 ақпаннан кейiн жер учаскесiне құқық туындаған жағдайда арнайы салық режимiн қолдану құқығына өтiнiштi салық органына осы жер учаскесi орналасқан жерi бойынша тiркеу есебiне қойылған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде береді.";
153) 388-бапта:
1-тармақ "әлеуметтiк салық" деген сөздерден кейiн "(Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасына азайтылған)" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтағы "қайта есептеу жүргiзедi" сөздерден кейiн "және салық есептiлiгi кезеңiнен кейiнгi жылдың 15 наурызынан кешiктiрмей салық органына патент құнының өзгертiлген есептемесiн табыс етедi" деген сөздермен толықтырылсын;
154) 389-бап "бюджетке төлеу" деген сөздерден кейiн "жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
155) 390-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын төлеу жер учаскелерi орналасқан жерлер бойынша жүргiзiледi.";
156) 391-баптың 11) тармақшасында, 392-баптың 7-тармағында, 395 және 396-баптарда мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
157) 397-бапта:
1-тармақта мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi;
3-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "өзгерген жағдайда" деген сөздерден кейiн "осы өзгерiстер туындаған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы Кодекстiң 392-бабының 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыруды тоқтатқан кезде, сондай-ақ салық салу объектiлерiнiң жалпы саны (стационарлық нүкте) шығып қалған кезде, объектiлердiң есебiн тiркеу карточкасы қызметтi жүзеге асыру тоқтаған, салық салу объектiлерiнiң (стационарлық нүкте) шығып қалған кезден бастап он жұмыс күнi iшiнде салық органына тапсырылуға тиiс.";
158) мынадай мазмұндағы 70-1-тараумен толықтырылсын:
"70-1-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк
тiркегенi үшiн алым
406-1-бап. Жалпы ережелер
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым (бұдан әрi - алым) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу кезiнде, сондай-ақ мемлекеттiк тiркеудi (бұдан әрi - тiркеу) куәландыратын құжаттың дубликатын алған кезде алынады.
2. Тiркеудi Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген тәртiппен және жағдайларда уәкiлеттi орган (бұдан әрi - тiркеушi орган) жүзеге асырады.
406-2-бап. Алым төлеушiлер
1. Қазақстан Республикасының заң актiсiне сәйкес тiркелуге тиiс жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушiлер болып табылады.
2. Мыналар:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
2) I және II топтағы мүгедектер;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейiн - репатрианттар (оралмандар) алым төлеушiлер болып табылмайды.
406-3-бап. Алымды есептеу, төлеу және төленген сомаларды
қайтару тәртiбi
1. Алым сомасы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша есептеледi және тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн төленедi.
2. Алым сомасы тiркеу жүзеге асырылатын жер бойынша бюджетке енгiзiледi.
3. Алымды төлеген тұлғалар тiркеушi органға тиiстi құжаттарды бергенге дейiн тiркеу жасаудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомасын қайтару жүргiзiлмейдi.
Бұл ретте қайтару тиiстi тiркеу органы берген, тiркеу iс-әрекеттерiн жасауға арналған құжаттарды көрсетiлген тұлғаның табыс етпегенiн растайтын құжатты төлеушi табыс еткеннен кейiн жүргiзiледi.";
159) 428-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттiк мүлiк объектiлерiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк орган, оның аумақтық органдары өткiзетiн аукциондардан;";
160) 430-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Сот аукцион заттарын сатып алу-сату мәмiлелерi жарамсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомалары қайтарылуға жатпайды.";
161) 450-баптың 5-тармағындағы "декларация" деген сөз алып тасталсын; "кешiктiрiлмей" деген сөзден кейiн "ағымдағы төлемдер сомаларының eceбi" деген сөздермен толықтырылсын; "он" деген сөздiң алдынан "күнтiзбелiк" деген сөзбен толықтырылсын;
162) 451-баптың 2-тармағында "рұқсат" деген сөз "рұқсат беру құжаты" деген сөздермен және 454-баптың 3-тармағында "рұқсатсыз" деген сөз "рұқсат беру құжатынсыз" деген сөздермен ауыстырылсын;
163) 466-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жануарларды ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарда ен салу, сақина салу, көшiру, жерсiндiру мен будандастыру мақсаттары үшiн ұстап алып, кейiннен табиғи ортаға жiберген кезде төлемақы алынбайды.";
164) 488-баптың 6-тармағында "бюджетке" деген сөзден кейiн "рұқсат беру құжатында көрсетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
165) 495-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн;";
13) тармақшадағы "куәлiгiн" деген сөзден кейiн ", тракторшы-машинистiң куәлiгiн," деген сөздермен толықтырылсын; "көлiк" деген сөздiң алдынан "механикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
166) 496-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының екiншi және үшiншi абзацтарындағы "және хабарламада көрсетiлген айыппұлдардың" деген сөздер алып тасталып, "есептелген" деген сөздiң алдынан "хабарламада көрсетiлген" деген сөздермен толықтырылсын;
167) 500-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтарының түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсат бергенi үшiн - 200 процент;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мыналарды бергенi үшiн:
заңды тұлғаларға:
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 100 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 200 процент;
азаматтық, қызметтiк қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 100 процент;
жеке тұлғаларға:
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкелуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын әкетуге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сатып алуға рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтауға рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын сақтау мен алып жүруге рұқсат - 50 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын тасымалдауға рұқсат - 10 процент;
азаматтық қаруды және оның патрондарын комиссиялық сатуға жолдама - 50 процент;";
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - 10 процент;";
8) тармақшадағы "35 процент мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады." деген сөздер "35 процент;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) мыналарды бергенi үшiн:
тракторшы-машинист куәлiгi - 50 процент;
тракторларға, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге мемлекеттiк тiркеу нөмiрiнiң белгiсi - 100 процент;
тракторларды, олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, арнайы жабдықпен монтаждалған тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдердi мемлекеттiк тiркеу үшiн техникалық паспорт - 50 процент мөлшерiнде мемлекеттiк баж алынады.";
168) 501-бапта:
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
"11-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттiк кредиттердi, сондай-ақ мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды қайтару жөнiнде талап қойып сотқа жүгiнген сенiм бiлдiрiлген өкiл (агент);";
21) тармақшадағы "банктердiң" деген сөз "қаржы ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын; "қарыз берешегiн" деген сөздер "берешектi" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) тармақшадағы "бойынша мемлекеттiк баж төлеуден босатылады." деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
"22) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттi банктер:
бюджет қаражаты есебiнен қайтарымды негiзде берiлген кредиттер бойынша берешектердi өндiрiп алу туралы;
мүлікті өндіріп алу туралы;
борышкерлердiң сыртқы мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар, сондай-ақ бюджет қаражаты есебiнен берiлген қарыздар бойынша мiндеттемелердi орындамауына байланысты олардың банкроттығы туралы талап қойған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.";
169) 506-баптың 4-тармағындағы "ықтиярхат" деген сөзден кейiн "және азаматтығы жоқ адамның куәлiктерiн" деген сөздермен толықтырылсын; "I және II топтағы мүгедектер" деген сөзден кейiн ", қарттарға арналған интернат-үйлерде тұратын қарттар, мемлекеттiң толық қарамағындағы және балалар үйлерi мен интернат ұйымдарында тұратын жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" деген сөздермен толықтырылсын;
170) 507-баптың 2-тармағында:
6-1) тармақшасындағы "куәлiктерiн," деген сөзден кейiн "тракторшы-машинист куәлiктерiн," деген сөздермен толықтырылсын; "көлiк" деген сөздiң алдынан "механикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балықтардың түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерi мен дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар бергенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) жеке және заңды тұлғалар азаматтық, қызметтiк қарудың (аңшылық суық қаруды, белгi беретiн қаруды, ұңғысыз атыс қаруын, механикалық шашыратқыштарды, аэрозольдi және көзден жас ағызатын немесе тiтiркендiретiн заттар толтырылған басқа құрылғыларды, ату қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрi қоса алғанда 4,5 миллиметрге дейiнгi пневматикалық қаруды қоспағанда) әрбiр бiрлiгiн тiркегенi және қайта тiркегенi үшiн - тиiстi құжаттарды бергенге дейiн;";
171) 520-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушiнiң куәлiк нысанын уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.";
172) 525-баптың 2-тармағының екiншi бөлiгiндегi "Осы тармақтың мақсатында әрекетсiз" деген сөздер "Әрекетсiз" деген сөзбен ауыстырылсын;
173) 526-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн клиенттiң банк шотында (шоттарында) ақшасы жеткiлiктi болған кезде банк шотынан салық төлеушiнiң салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге арналған төлем тапсырмаларын бiрiншi кезектегi тәртiппен орындауға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын, өсiмпұлдар мен айыппұлдарды алуға арналған салық органдарының инкассолық өкiмдерiн салық органдарының нұсқамаларын алған күннен бастап бiр операциялық күннен кешiктiрмей осындай тәртiппен орындауға мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк салық берешегiн жабу есебiне ақшаны алып қоюды Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексiнде
белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi;";
174) 533-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы "тексеру" деген сөз алып тасталып, мынадай мазмұндағы жетiншi абзацпен толықтырылсын:
"салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша тексеру;";
175) 534-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасы "түрi бойынша," деген сөздерден кейiн "акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi бойынша," деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) мынадай:
салық төлеушiнiң өтiнішi негiзiнде, қайтарылуға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығы, сондай-ақ лицензиар лицензияның қолданысын тоқтата тұрған бұзушылықтарды жою мәнiне;
осы Кодекстiң 52-бабына сәйкес салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуды айқындау мәселелерi бойынша тақырыптық тексерулер жүргiзу кезiнде;";
176) 536-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Тақырыптық, қарсы тексерулер тағайындалған кезде нұсқамада:
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тексерiлетiн түрi;
мiндеттi зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына, әлеуметтiк аударымдарды Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына толық және уақтылы ұстап қалу және (немесе) аудару мәселелерi;
банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгiленген мiндеттемелердi орындау мәселелерi;
трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау мәселелерi;
акцизделген тауарлардың жекелеген түрлерi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттiк реттеу мәселелерi;
салық төлеушi мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi көрсетiледi.";
5-тармақ "саны өзгерген" деген сөздерден кейiн "және (немесе) тексерiлетiн салық кезеңi өзгерген" деген сөздермен толықтырылсын;
177) 541-баптың 1-4-тармақтарындағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдар", ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер тиiсiнше "және өсiмпұлдар", "және өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
178) 545-баптың 3-тармағындағы "тәртiппен" деген сөзден кейiн "және мерзiмдерде" деген сөздермен толықтырылсын;
179) 99-тараудың тақырыбы "уәкiлеттi" деген сөзден кейiн "және жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен толықтырылсын;
180) 549-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, осы Кодекстiң 257-бабының 2) тармақшасында белгiленген тауарлар, сондай-ақ, осы Кодекстiң 257-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгiленген тауарлар Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен және шарттар бойынша акциз маркаларымен және есепке алу-бақылау маркаларымен маркалануға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен маркалауды акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жүргiзедi.
Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және есепке алу-бақылау маркаларымен маркалаудың дұрыстығы үшiн акцизделетiн тауарларды дайындаушылар мен импорттаушылар, сондай-ақ банкроттың мүлкiн (активтерiн) өткiзетiн конкурстық басқарушылар жауапты болып табылады.";
181) 551-бапта:
тақырыбы мен мәтiнi "уәкiлеттi" деген сөздерден кейiн "және жергiлiктi атқарушы" деген сөздермен толықтырылсын;
"органдары" деген сөзден кейiн "салық және" деген сөздермен толықтырылсын;
182) 552-баптың 2-тармағындағы ", өсiмпұлдар мен айыппұлдардың" деген сөздер "және өсiмпұлдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
183) 555-баптың 1-тармағында:
"салық органында" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша шағымды қарайтын салық қызметi органы көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.";
184) 557-4-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық төлеушiлердiң мониторингтелуi тиiс шағымдары бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк орган көрсетiлген мерзiмдi ұзартуға құқылы, бiрақ ол он бес жұмыс күнiнен аспауға тиiс.".
4. 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат):
1) 46-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы "газ конденсатын қоса алғанда, шикi мұнайға" деген сөздер "шикi мұнайға, газ конденсатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
6) үстеме пайдаға салынатын салық;";
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;";
2) 48-баптың 1-тармағында:
7) тармақшаның алтыншы және жетiншi абзацтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:
"19-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;";
3) 49-баптың 1-тармағында:
7) тармақшаның алтыншы және жетiншi абзацтары алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым;".
5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 5, 58-құжат; N 13-14, 205-құжат; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 11-12, 176-құжат; N 17-18, 224-құжат; 1999 ж., N 20, 727-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 9, 86-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 5, 31-құжат; N 10, 51-құжат; N 11, 56, 67-құжаттар; N 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат):
50-баптың 6-тармағының д) тармақшасы "бойынша" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ әрекетсiз заңды тұлғаға қатысты" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 186-құжат; 1998 ж., N 24, 437-құжат; 1999 ж., N 8, 237-құжат; N 23, 925-құжат; 2001 ж., N 17-18, 245-құжат; N 20, 257-құжат; 2002 ж., N 1, 1-құжат; N 23-24, 198-құжат; 2003 ж., N 1-2, 9-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 139-құжат; N 21-22, 160-құжат; 2004 ж., N 11-12, 66-құжат):
1) 22-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әлеуметтiк жеке коды және (немесе) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорларымен жасасқан зейнетақы шарттары жоқ бұрынғы қызметкерлердiң (Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен хабарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп танылған) кiрiстерiнен ұсталған мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аударылады.";
2) 22-4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"22-4-бап. Мiндеттi зейнетақы жарналарының уақтылы
ұсталмағаны және аударылмағаны үшiн
жауапкершiлiк
1. Агент уақтылы ұстамаған (есептемеген) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының сомалары салымшы табысты нақты төлеген және алған жағдайда, оларды салық органдары өндiрiп алады немесе оларды агенттер әрбiр кешiктiрiлген күнге (Орталыққа төлейтiн күндi қоса алғанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерiнде есептелген өсiмпұлмен бiрге мiндеттi зейнетақы жарналары салымшыларының пайдасына аударуға тиiс.
2. Мiндеттi зейнетақы жарналары толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда салық органдары мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақталып қалған берешек шегiндегi ақшаны агенттердiң банктегi шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен агентке жiберiлетiн хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
3. Агент хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде салық органына:
1) мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн;
2) әр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша берешектiң жалпы сомасын көрсете отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларының тiзiмдерiн табыс етуге мiндеттi.
Агенттердiң банк шоттарынан мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алу салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақша болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексiнде
белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.
4. Салық органдарының шешiмi бойынша, егер агент мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек пайдасына өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмiн табыс етпесе және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешек болса, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар агенттердiң банк шотындағы (шоттарындағы) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға және мiндеттi зейнетақы жарналары мен салық берешегiн аударуға қатысты нұсқауларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен орындауға мiндеттi.
Салық органының банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiмiнiң күшiн банк шоты (шоттары) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрудың себептерi жойылған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм шығарған салық органы жояды.
5. Агенттiң банк шоты болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен агенттiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.
6. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар мiндеттi зейнетақы жарналарының сомаларын осы сомаларды агенттердiң банк шоттарынан есептен шығаратын күнi Орталық арқылы аударуға мiндеттi.";
3) 24-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, агенттер салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептi тоқсан сайын есептi тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiнгi мерзiмде табыс етiп отырады. Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.".
7. "Ақша төлемi мен аударымы туралы" 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 11-12, 177-құжат; N 24, 445-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; 2003 ж., N 4, 25-құжат; N 10, 49, 51-құжаттар; N 15, 138-құжат):
14-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Салық қызметi органдарының мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша берешектi өндiрiп алуға инкассолық өкiмдерi пайдасына берешек өндiрiлiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiмен қоса банктерге табыс етiледi.".
8. "Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 13, 196-құжат; 2003 ж., N 11, 67-құжат):
1) 6-бапта:
3-тармақ "мүлiк кепiлi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақтағы үшiншi сөйлем алып тасталсын;
2) 9-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
"Өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуi тиiс.";
5-тармақ алып тасталсын;
3) мынадай мазмұндағы 9-1 және 9-2-баптармен толықтырылсын:
"9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алынатын алым
Жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiппен алым алынады.
9-2-бап. Ақпараттық қызметтер көрсету және өтiнiш берушiнiң
кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берiлген қателердi
түзету үшiн төлемақы
Ақпараттық қызметтер көрсеткенi үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен тiркеу құжаттарында жол берiлген қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.";
4) 11-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаса, кепiлдi тiркеуден бас тарта алады.";
4-тармақ алып тасталсын;
7) 21-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "еткенi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi." деген сөздер "еткенi;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауап бередi.".
9. "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 24, 448-құжат; 2002 ж., N 4, 34-құжат):
1) 15-баптың 5-тармағында:
"бiржолғы алым" деген сөздер "Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi сөйлем алып тасталсын;
2) 26-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беру үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттiк баж алынады.";
3) 28-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкаларын бекiтедi;".
10. "Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., N 20, 720-құжат; 2004 ж., N 5, 27-құжат):
1-баптың 1) тармақшасы "өнiмi -" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тiркелген, құрамында спиртi бар медициналық мақсаттағы өнiмдердi қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
11. "Қазақстанның Даму Банкi туралы" 2001 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 9, 85-құжат; 2003 ж., N 11, 56-құжат; N 12, 83-құжат; N 15, 139-құжат; 2004 ж., N 15, 85-құжат):
26-бап алып тасталсын.
12. "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 9, 41-құжат):
2) 16-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, төлеушi қорға әлеуметтiк аударымдарды Орталықтың банк шоты арқылы жүзеге асыру жолымен есептi айдан кейiнгi айдың 15-iнен кешiктiрмей төлейдi.";
2-тармақ алып тасталсын;
3) 17-бапта:
1-тармақтағы "2 еселенген" деген сөздер "2,5 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтiк аударымдар толық және (немесе) уақтылы аударылмаған жағдайда, салық органдары жиналып қалған берешек шегiндегi ақшаны төлеушiнiң банк шоттарынан өндiрiп алуға құқылы.
Әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектi өндiрiп алу Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен төлеушiге хабарлама жiберiле отырып, салық органының инкассолық өкiмi негiзiнде жүргiзiледi.
Төлеушi әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлетiн мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмдерде салық органына табыс етуге мiндеттi.
Клиентке қойылатын талаптардың бәрiн қанағаттандыру үшiн банк шотында (шоттарында) ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған жағдайда банк клиенттiң ақшасын алып қоюды Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнде
белгiленген кезектiлiк тәртiбiмен жүргiзедi.";
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Төлеушiнiң банк шоттары болмаған жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен төлеушiнiң қолма-қол ақшасынан өндiрiп алады.";
4) 18-бапта:
"есептердi" деген сөз "есептi" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Есептiң нысанын және оны табыс етудiң тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның келiсiмi бойынша мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуын салықтық бақылауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.".
13. "Акционерлiк қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 10, 55-құжат; N 21-22, 160-құжат):
32-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"32-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның
салық берешегiн қоғамның жарияланған акциялары
есебiнен өтеу";
1-тармақтың бiрiншi абзацындағы "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегiн" деген сөздер "жарғылық капиталына мемлекет қатысатын қоғамның салық берешегiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
14. "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 21-22, 160-құжат):
2-бап алып тасталсын.