Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 наурыздағы N 34 Заңы.

      Астанада 2003 жылғы 25 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Yкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiм бекiтiлсiн.

Қазақстан Республикасының
Президенті



Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз
Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк
шекара арқылы өткiзу пункттерi туралы
КЕЛIСIМ (2009 жылғы 22 қыркүйекте күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Бюллетені, 2009 ж., № 5, 32-құжат)

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi,

      1997 жылғы 8 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасындағы Мәңгiлiк достық туралы шартты , 1998 жылғы 25 қарашадағы Достастыққа кiрмейтiн мемлекеттермен жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң шекарасы арқылы өткiзу пункттерiнде шекаралық бақылау саласында шекара маңындағы әскерлердiң ынтымақтастығы туралы келiсiмдi және 2000 жылғы 30 қарашадағы Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келiсiмдi дамыту үшiн,

      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының арасында тату көршiлестiк, достық және ынтымақтастық қатынастарын дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасау мақсатында, өзара экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн негiзге ала отырып,

      тең құқықтық пен өзара тиiмдiлiк қағидаттарының негiзiнде ынтымақтастық пен сауданы барынша дамытуға арналған жағдайлар жасауға ұмтылысты, заңсыз көшi-қонды, қару-жарақтың, оқ-дәрiлердiң, есiрткi құралдарының, психотроптық және улаушы заттар мен прекурсорлардың контрабандасын анықтау және жолын кесу мақсатында қазақстан-қырғыз мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу тәртiбiн жетiлдiру қажеттiлiгiн басшылыққа ала отырып,

      мына төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      Қазақстан-қырғыз мемлекеттiк шекарасы арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзу үшiн Тараптар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын Қосымшада көрсетiлген мемлекеттiк шекара арқылы көп жақты және екi жақты өткiзу пункттерiн (бұдан әрi - өткiзу пункттерi) орналастыруды шештi.

      Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар мемлекеттерінің азаматтары үшiн жеке өткiзу пункттерін орналастыруы мүмкiн.

      Көп жақты өткiзу пункттерi Тараптар мемлекеттерiнiң және басқа да мемлекеттердiң адамдарын, тауарлары мен көлiк құралдарын өткiзудi жүзеге асырады.

      Екi жақты өткiзу пункттерi Тараптар мемлекеттерiнiң адамдарын, тауарлары мен көлiк құралдарын өткiзудi жүзеге асырады.

      Өткiзу пункттерiнiң жұмыс тәртiбi Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық, кедендiк және басқа да мүдделi органдарының арасында келiсiм бойынша белгiленедi.

2-бап

      Тараптар мемлекеттерi өткiзу пункттерiнiң жұмыс режимi осы Келiсiмге Қосымшаға сәйкес белгiленедi.

      Өткiзу пункттерiнiң жұмыс режимi мен тәртiбiнiң сақталуына бақылау Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына, өздерi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес белгiленедi.

3-бап

      Адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын шекаралық, кедендiк және басқа да бақылау түрлерi (бұдан әрi - бақылау) Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және өздерi қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес өткiзу пункттерiнде жүзеге асырылады.

      Қажет болған жағдайда, Тараптар бiрлескен бақылау жүргiзу үшiн жағдайлар жасайды. Бiрлескен бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбi Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық, кедендiк және басқа да мүдделi органдарының арасындағы жеке уағдаластықтармен айқындалатын болады.

4-бап

      Өткiзу пункттерiнiң тиiстi қызметiн қамтамасыз ету үшiн Тараптардың әрқайсысы өз мемлекетiнiң аумағында қажеттi инфрақұрылым құрады.

      Егер өткiзу пункттерiнде бiрлескен бақылау жүргiзу мүмкiндiгi көзделген жағдайда, өткiзу пункттерiн жобалау мен құрылысын салу Тараптардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылады.

5-бап

      Өткiзу пункттерiн ашу және жабу немесе олардың мәртебесiн өзгерту Тараптармен дипломатиялық арналар бойынша келiсiледi және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделедi және аталған Келiсiмнiң 10-бабына сәйкес күшiне енедi.

6-бап

      Ерекше жағдайларда Тараптар мемлекеттерiнiң шекаралық және кедендiк ведомстволары өзара уағдаластық бойынша белгiленген бақылау тәртiбiн сақтай отырып, мемлекеттiк шекара арқылы адамдарды, тауарлар мен көлiк құралдарын жұмыс iстеп тұрған өткiзу пункттерiнен тыс өткiзудi жүзеге асыруы не өткiзу пункттерi арқылы қозғалысты тоқтатуы мүмкiн.

      Мұндай шектеулердi енгiзетiн не өткiзу пункттерiнен тыс қозғалысты белгiлейтiн Тарап оларды енгiзудiң жоспарланып отырған уақытына дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей себептерi мен оларды қолдану мерзiмдерiн көрсете отырып, екiншi Тарапты дипломатиялық арналар бойынша хабардар етедi.

      Тараптар бiрiн-бiрi объектiлердi өткiзу пункттерiн немесе коммуникациялық құрылыстарды жоспарлы жөндеуге (қайта құруға) байланысты мемлекеттiк шекара арқылы жекелеген өткiзу пункттерiнде қозғалысты шектеу немесе тоқтату туралы жұмыстар басталғанға дейiн 30 тәулiктен кешiктiрмей хабардар ететiн болады.

7-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың өздерi қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттар бойынша құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

8-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн және аталған Келiсiмнiң 10-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану мен түсiндiру жөнiнде даулар және келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды келiссөздер немесе консультациялар жолымен шешедi.

10-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың ол күшiне ену үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданылады және егер Тараптардың бiрi кезектi бес жылдық мерзiм аяқталғанға дейiн 6 айдан кешiктiрмей өзiнiң оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапты хабардар етпесе, кейiнгi бес жылдық мерзiмдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.

      Осы Келiсiм Тараптардың бiрi екiншi Тараптың тиiстi жазбаша хабарламасын алғаннан кейiн алты ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.

      2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiндегi екi данада жасалды, әрi барлық мәтiндер бiрдей күшке ие.

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаттары үшiн орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.

Қазақстан Республикасының

Қырғыз Республикасының

Үкiметi үшiн

Үкiметi үшiн


  Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Қырғыз Республикасының Үкiметi
арасындағы Мемлекеттiк шекара
арқылы өткiзу пункттерi туралы
келiсiмге қосымша

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР 28.01.2016 № 448-V; 12.12.2019 № 278-VI Заңдарымен.

N

Қырғыз
Республи-
касы
өткізу
пунктте-
рінің
атауы

Қырғыз
Республи-
касында
орналасқан
жері

ҚазақстанРеспубли-
касы
өткізу
пунктте-
рінің
атауы

Қазақстан
Республи-
касында
орналасқан
жері

Өткізу
пунктері-
нің
мәртебесі

Жұмыс
режимі

1

Қарқара -
автожол-
дық

Ыстықкөл
облысы
Түп ауданы

Кеген -
автожол-
дық

Алматы
облысы
Райымбек
ауданы

көп жақты
халықара-
лық

тәулік-
тің
жарық
уақыты

2

Тоқмақ - автожолдық

Шу облысы Шу ауданы

Сарытөбе - автожолдық

Жамбыл облысы Қордай ауданы

көпжақты халықаралық

тәулік бойы

3

Кең-Бұлын - автожолдық

Шу облысы Ыстық-ата ауданы

Аухатты - автожолдық

Жамбыл облысы Қордай ауданы

Көпжақты халықаралық

тәулік бойы

4

Ақтілек -
автожол-
дық

Шу облысы
Ыстық-атын
ауданы

Қарасу -
автожол-
дық

Жамбыл
облысы
Қордай
ауданы

көп жақты
халықара-
лық

тәулік
бойы

5

Ақжол -
автожол-
дық

Шу облысы
Аламұдын
ауданы

Қордай -
автожол-
дық

Жамбыл
облысы
Қордай
ауданы

көп жақты
халықара-
лық

тәулік
бойы

6

Камыша-
новка -
автожол-
дық

Шу облысы
Соқұлық
ауданы

Камыша-
новка
авто-
жолдық

Жамбыл
облысы
Қордай
ауданы

екі жақты

тәулік-
тің
жарық
уақыты

7

Шалдыбар - автожолдық

Шу облысы Панфилов ауданы

Сыпатай батыр - автожолдық

Жамбыл облысы Мерке ауданы

көп жақты халықаралық

тәулік бойы

8

Шоң
қақпа -
автожол-
дық

Талас
облысы
Манас
ауданы

Айша бибі
- авто-
жолдық

Жамбыл
облысы
Жамбыл
ауданы

көп жақты
халықара-
лық

тәулік
бойы

9

Кіші
қақпа -
автожол-
дық

Талас
облысы
Манас
ауданы

Бесағаш -
автожол-
дық

Жамбыл
облысы
Жамбыл
ауданы

екі жақты

тәулік
бойы

10

Қайынды -
автожол-
дық

Шу облысы
Қайынды
қтк

Шалдыбар - авто-
жолдық

Жамбыл
облысы
Мерке
ауданы

көп жақты
халықара-
лық

тәулік
бойы

11

Көпқурай
- авто-
жолдық

Талас
облысы
Қарабура
ауданы

Алатау -
автожол-
дық

Жамбыл
облысы
Жамбыл
ауданы

екі жақты

тәулік
бойы

12

Жайыл -
автожол-
дық

Шу облысы

Жайыл -
автожол-
дық

Жамбыл
облысы

екі жақты

тәулік
бойы


      Осымен 2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы Мемлекеттiк шекара арқылы өткiзу пункттерi туралы келiсiмнiң қазақ тiлiндегi көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы iстер министрлiгiнiң

      Халықаралық-құқық департаментiнiң

      Қеңесшісi

О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о пунктах пропуска через государственную границу

Закон Республики Казахстан от 3 марта 2005 года N 34.

      Ратифицировать Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о пунктах пропуска через государственную границу, совершенное в Астане 25 декабря 2003 года.

     
      Президент
Республики Казахстан

Соглашение
между Правительством Республики Казахстан и Правительством
Кыргызской Республики о пунктах пропуска через
государственную границу (Бюллетень международных договоров РК, 2009 г., N 5, ст. 32) (Вступило в силу 22 сентября 2009 года)

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Кыргызской Республики, именуемые в дальнейшем Сторонами,

      в развитие Договора о вечной дружбе между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой от 8 апреля 1997 года, Соглашения о сотрудничестве пограничных войск в сфере пограничного контроля в пунктах пропуска через границы государств-участников Содружества Независимых Государств с государствами, не входящими в Содружество, от 25 ноября 1998 года и Соглашения между Правительством Республики Беларусь, Правительством Республики Казахстан, Правительством Кыргызской Республики, Правительством Российской Федерации и Правительством Республики Таджикистан о взаимных безвизовых поездках граждан от 30 ноября 2000 года,

      в целях создания благоприятных условий для развития отношений добрососедства, дружбы и сотрудничества между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой,

      исходя из жизненно важных интересов обеспечения взаимной экономической безопасности,

      руководствуясь стремлением к созданию условий для всемерного развития сотрудничества и торговли на основе принципов равноправия и взаимовыгоды, необходимостью совершенствования порядка пропуска через казахстанско-кыргызскую государственную границу лиц, товаров и транспортных средств, с целью выявления и пресечения нелегальной миграции, контрабанды оружия, боеприпасов, наркотических средств, психотропных и отравляющих веществ и прекурсоров,

      согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Для пропуска через казахстанско-кыргызскую государственную границу лиц, товаров и транспортных средств Стороны решили установить многосторонние и двусторонние пункты пропуска через государственную границу (далее - пункты пропуска), указанные в Приложении, являющемся неотъемлемой частью настоящего Соглашения.

      В соответствии с национальными законодательствами своих государств Стороны могут установить отдельные пункты пропуска для граждан государств Сторон.

      Многосторонние пункты пропуска осуществляют пропуск лиц, товаров и транспортных средств государств Сторон и других государств.

      Двусторонние пункты пропуска осуществляют пропуск лиц, товаров и транспортных средств государств Сторон.

      Порядок работы пунктов пропуска устанавливается по согласованию между пограничными, таможенными и другими заинтересованными органами государств Сторон.

Статья 2

      Режим работы пунктов пропуска государств Сторон устанавливается в соответствии с Приложением к настоящему Соглашению.

      Контроль за соблюдением режима и порядка работы пунктов пропуска устанавливается в соответствии с национальными законодательствами государств Сторон, международными договорами, участниками которых они являются.

Статья 3

      Пограничный, таможенный и другие виды контроля лиц, товаров и транспортных средств (далее - контроль) осуществляются в пунктах пропуска в соответствии с национальными законодательствами государств Сторон и международными договорами, участниками которых они являются.

      При необходимости Стороны создают условия для совместного контроля. Порядок организации и осуществления совместного контроля будет определяться отдельными договоренностями между пограничными, таможенными и другими заинтересованными органами государств Сторон.

Статья 4

      Для обеспечения надлежащей деятельности пунктов пропуска каждая из Сторон создает на территории своего государства необходимую инфраструктуру.

      В случае, если предусмотрена возможность проведения в пунктах пропуска совместного контроля, проектирование и строительство пунктов пропуска осуществляются по взаимному согласию Сторон.

Статья 5

      Открытие и закрытие пунктов пропуска или изменение их статуса согласовываются Сторонами по дипломатическим каналам и оформляются отдельными протоколами, которые будут являться неотъемлемыми частями настоящего Соглашения и вступают в силу в соответствии со статьей 10 данного Соглашения.

Статья 6

      В исключительных случаях пограничные и таможенные ведомства государств Сторон по взаимной договоренности могут осуществлять пропуск лиц, товаров и транспортных средств через государственную границу вне действующих пунктов пропуска с соблюдением установленного порядка контроля, либо прекращать движение через пункты пропуска.

      Сторона, которая вводит такие ограничения либо устанавливает движение вне пунктов пропуска, уведомляет другую Сторону по дипломатическим каналам не позднее, чем за 24 часа до планируемого времени их введения, с указанием причин и сроков их действия.

      Стороны будут информировать друг друга об ограничениях или прекращении движения в отдельных пунктах пропуска через государственную границу в связи с плановым ремонтом (реконструкцией) объектов пунктов пропуска или коммуникационных сооружений, не позднее, чем за 30 суток до начала работ.

Статья 7

      Настоящее Соглашение не затрагивает прав и обязательств Сторон по другим международным договорам, участниками которых они являются.

Статья 8

      По взаимному согласию Сторон в настоящее Соглашение могут вноситься изменения и дополнения, которые оформляются отдельными протоколами, являющимися неотъемлемыми частями Соглашения и вступающими в силу в порядке, предусмотренном статьей 10 данного Соглашения.

Статья 9

      В случае возникновения споров и разногласий по применению и толкованию положений настоящего Соглашения Стороны решат их путем переговоров или консультаций.

Статья 10

      Настоящее Соглашение вступает в силу со дня получения последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      Настоящее Соглашение действует в течение пяти лет и будет автоматически продлеваться каждый раз на последующие пятилетние сроки, если одна из Сторон не уведомит другую Сторону о своем желании прекратить его действие не позднее, чем за 6 месяцев до истечения очередного пятилетнего срока.

      Настоящее Соглашение прекратит свое действие по истечении шести месяцев после получения одной из Сторон соответствующего письменного уведомления другой Стороны.

      Совершено в городе Астана 25 декабря 2003 года в двух экземплярах, каждый на казахском, кыргызском и русском языках, причем все тексты имеют одинаковую силу.

      Для целей толкования положений настоящего Соглашения используется текст на русском языке.

За Правительство

За Правительство

Республики Казахстан

Кыргызской Республики


  Приложение
к Соглашению между
Правительством Республики
Казахстан и Правительством
Кыргызской Республики
о пунктах пропуска через
государственную границу

      Сноска. Приложение с изменениями, внесенными законами РК от 28.01.2016 № 448-V; от 12.12.2019 № 278-VI.

N№

Наименование пунктов пропуска в Кыргызской Республике

Место дислокации в Кыргызской Республике

Наименование пунктов пропуска в Республике Казахстан

Место дислокации в Республике Казахстан

Статус пунктов пропуска

Режим работы

1.

Каркыра - автодорожный

Иссык-Кульская область Тюпский район

Кеген-автодорожный

Алматинская область, Раимбекский район

многосторонний международный

светлое время суток

2.

Токмок-автодорожный

Чуйская область Чуйский район

Сартобе-автодорожный

Жамбылская область Кордайский район

многосторонний международный

круглосуточный

3.

Кен-Булун-автодорожный

Чуйская область Ыссык-Атинский район

Аухатты-автодорожный

Жамбылская область Кордайский район

многосторонний международный

круглосуточный

4.

Ак-Тилек - автодорожный

Чуйская область Ыссык-Атинский район

Карасу - автодорожный

Жамбылская область
Кордайский район

многосторонний международный

круглосуточный

5.

Ак-Жол - автодорожный

Чуйская область Аламудунский район

Кордай - автодорожный

Жамбылская область Кордайский район

многосторонний международный

круглосуточный

6.

Камышановка - автодорожный

Чуйская область Сокулукский район

Камышановка - автодорожный

Жамбылская область
Кордайский район

двусторонний

светлое время суток

7.

Чалдыбар- автодорожный

Чуйская область Панфиловский район

Сыпатай батыр -автодорожный

Жамбылская область Меркенский район

многосторонний международный

круглосуточный

8.

Чон- Капка - автодорожный

Таласская область Манасский район

Айша-Биби - автодорожный

Жамбылская область Жамбылский район

многосторонний международный

круглосуточный

9.

Кичи-Капка - автодорожный

Таласская область Манасский район

Бесагаш - автодорожный

Жамбылская область
Жамбылский район

двусторонний

круглосуточный

10.

Каинды - железнодорожный

Чуйская область пгт. Каинды

Чальдовар - железнодорожный

Жамбылская область
Меркенский район

многосторонний международный

круглосуточный

11.

Куркуроо - автодорожный

Таласская область Карабуринский район

Алатау - автодорожный

Жамбылская область
Жамбылский район

двусторонний

круглосуточный

12.

Жайыл - автодорожный

Чуйская область

Жайыл - автодорожный

Жамбылская область

двусторонний

круглосуточный

      Настоящим удостоверяю, что данный текст является аутентичной копией с оригинала Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Кыргызской Республики о пунктах пропуска через государственную границу, совершенного 25 декабря 2003 года в Астане на русском языке.

Советник
Международно-правового департамента
Министерства иностранных дел
Республики Казахстан