"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 2 маусымдағы N 55 Заңы

       1-бап. "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 2, 16-құжат; 2004 ж., N 20, 116-құжат; N 23, 142-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлсiн:

      1) бүкiл мәтін бойынша "Мемлекеттiк кеме тізілiмінде", "мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiне", "Мемлекеттiк кеме тiзiлiмi", "Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен" деген сөздер тиiсiнше "Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде", "Теңiз кемелерiнің мемлекеттік кеме тiзілiмiне", "Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiмi", "Теңiз кемелерінің мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бап мынадай мазмұндағы 12-1), 13-1), 20-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "12-1) каботаж - Қазақстан Республикасының теңiз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктiнен) түсіру портына (пунктіне) дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзу;";

      "13-1) сыныптау қоғамы - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған, халықаралық жүзуге шығатын кемелерді техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын ұйым;";

      "20-1) теңiз терминалы - жүктерді тиеуге (түсiруге), оларды сақтауға, теңiз көлігiнің түрімен сабақтас көлік құралдарын жөнге келтiруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсіруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететiн техникалық құралдардың, инженерлiк құрылыстардың, көтергіш-көліктік және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңіз портындағы мамандандырылған учаске;";

      3) 3-баптың 1-тармағының 2) тармақшасында "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;

      4) 4-бапта:
      1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақтың 11) тармақшасындағы "бекіту жатады." деген сөздер "бекіту;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 13) - 15) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13) Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгiсiн, оны ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін бекіту;  P940977   P020941
        14) шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетін кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру тәртiбiн бекіту;
      15) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негiзiнде кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау жатады.";

      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 5-1), 6-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "5-1) Қазақстан Республикасының теңіз порттарында және оларға кіреберістерде кемелердiң жүзу және тұру ережесiн бекіту;";

      "6-1) шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "10) халықаралық жүзуге шығатын кемелердің, порттардың, жағалаудағы объектiлердiң, кеме жүзетін гидроқұрылыстардың, жасанды аралдардың және теңiздегі басқа да құрылыстардың техникалық куәландырылудан өткізілуін қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) теңiзде жасанды аралдар және басқа да құрылыстар салуды келісу;";

      5) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. Каботаж

      Каботажды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен уәкілеттi орган берген рұқсат негізінде шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетiн кемелер жүзеге асырады.";

      6) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-1 тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзу құқығы:
      1) мемлекеттiң;
      2) азаматтардың және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен тіркелген мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың меншігіндегі кемелерге берiледі.  P030049 (64-73-тармақтар) ";

      7) 12-бап "шешiмi негiзiнде" деген сөздерден кейiн ", кейіннен әрбiр екі жыл сайын ұзарту құқығымен екi жылдан аспайтын мерзімге, бiрақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Теңіз кемелерiн техникалық қадағалауды, куәландыруды және сыныптауды тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртіппен уәкілетті орган және сыныптау қоғамдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының өзге мемлекеттік органдары мен ұйымдарының кемелерге және кеменің жекелеген элементтерiне техникалық қадағалау жүргiзiлуiне жол берілмейді.  V980608   V980617
        Кемеге сынып беру уәкiлетті орган және сыныптау қоғамы беретін сыныптау куәлігімен куәландырылады.";

      9) 16-бапта:
      4-тармақтағы "жолаушылар, жүк жолаушылар" деген сөздер "теңіз, жолаушылар, жүк-жолаушылар кемелері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақ "кемелер" деген сөзден кейін "бербоут-чартердің қолданылу мерзімін әрбiр екi жыл сайын одан әрi ұзарта отырып, екi жыл мерзiмге, бірақ бербоут-чартердiң қолданылу мерзiмiнен аспайтын мерзімге" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ "тiркеу" деген сөзден кейiн ", қайта тiркеу және мемлекеттік тiркеудi куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 18-баптың екiншi бөлiгі алып тасталсын;

      11) мынадай мазмұндағы 18-1, 18-2 баптармен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Кемелердi қайта тiркеу

      Егер кеме оқиғаның немесе кез келген басқа себептiң салдарынан Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзілімiне немесе кеме кiтабына бұрын енгізiлген мәлiметтерге сәйкес келмей қалған жағдайда, куәландырылғаннан және жүзуге жарамдылығы туралы куәлiкті алғаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкiметі белгілеген  тәртіппен кеменi мемлекеттік қайта тiркеу жүзеге асырылуы мүмкін.
      Қазақстан Республикасының меншiгіндегі және мемлекеттік органдар өздерiне жүктелген функцияларды орындау үшін пайдаланатын кеменi коммерциялық мақсатта пайдалану да кемені қайта тіркеу үшін негіз болып табылады.

      18-2-бап. Кеменi Теңiз кемелерінің мемлекеттік кеме
                тізiлiмiнен немесе кеме кiтабынан шығару

      Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тiзiлiмiнен немесе кеме кiтабынан:
      1) опат болған немесе хабарсыз жоғалып кеткен;
      2) конструкциялық жағынан күйреген;
      3) қайта жасау немесе кез келген басқа да өзгерiстер салдарынан кеме сапасын жоғалтқан;
      4) осы Заңның 11-бабының 3-1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмей қалған кеме шығарылуға жатады.";

      12) 25-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқа, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар кiруі мүмкiн.  V053508
        Шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, капитанның аға көмекшiсi және аға механик қызметін атқара алмайды.";

      13) 28-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. Кеме иесi оның кемелері ұшыраған авариялық жағдайларды тексеру кезінде көмек көрсетуге мiндетті.";

      14) 31-баптың 1-тармағының 15) тармақшасындағы "жіберуге міндетті." деген сөздер "жiберуге;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) кеме иесiне авариялық жағдай туралы хабарлауға, уәкiлеттi орган бекiткен кемелер ұшыраған авариялық жағдайларды тексеру  ережесіне сәйкес алдын ала тексеру жүргізуге және кеме не оның экипажы бiрiншi қазақстандық портқа келгеннен кейiн үш тәулiк ішінде порт капитанына авариялық жағдай туралы егжей-тегжейлi хабарламаны, кеме құжаттарынан үзінді-көшірмелердi, қатысы бар адамдар мен куәлердiң түсiнiктемелерiн беруге міндетті.
      Қажет болған кезде өзі жазатын таспаларды, олардың мағынасы таратылып жазылған шифрларын, жүзу жолы көрсетiлген жол картасын, маневрлеу схемасын, зақымданулардың схемалары мен сызбаларын, басқа да қажеттi құжаттарды табыс етуге мiндетті.";

      15) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлiкпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік меншiктегі теңiз порттарында теңіз терминалдарының кемiнде екi операторы болуы міндетті.";

      16) 40-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы "шығаруға" деген сөзден кейiн ", соның ішінде порттың айдынында және кіреберіс каналында кемелердің суға батып тұруының мөлшерлi шегін жариялауға" деген сөздермен толықтырылсын;

      17) 177-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

       2-бап. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетін 1-баптың 12) тармақшасының үшiнші абзацын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О торговом мореплавании"

Закон Республики Казахстан от 2 июня 2005 года N 55

      Статья 1. Внести в Закон Республики Казахстан от 17 января 2002 г. "О торговом мореплавании" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002 г., N 2, ст. 16; 2004 г., N 20, ст. 116; N 23, ст. 142) следующие изменения и дополнения:

      1) по всему тексту слова "Государственном судовом реестре", "Государственный судовой реестр", "Государственного судового реестра" заменить соответственно словами "Государственном судовом реестре морских судов", "Государственный судовой реестр морских судов", "Государственного судового реестра морских судов";

      2) статью 1 дополнить подпунктами 12-1), 13-1), 20-1) следующего содержания:
      "12-1) каботаж - перевозка и буксировка в сообщении между морскими портами Республики Казахстан, а также из порта (пункта) погрузки до порта (пункта) разгрузки, находящихся в юрисдикции Республики Казахстан;";
 
      "13-1) классификационное общество - организация, осуществляющая техническое освидетельствование и классификацию судов, совершающих международное плавание, признанная Правительством Республики Казахстан, в порядке, определенном международными договорами Республики Казахстан в области торгового мореплавания;";
 
      "20-1) морской терминал - специализированный участок в морском порту, включающий совокупность технических средств, инженерных сооружений, подъемно-транспортного и иного оборудования, обеспечивающих условия для погрузки (разгрузки) грузов, их хранения, обработки транспортных средств, смежных с морским видом транспорта, а также посадки, высадки и иного обслуживания пассажиров;";

      3) в подпункте 2) пункта 1 статьи 3 слова "а также на" исключить;

      4) в статье 4:
      пункт 1 исключить;
 
      пункт 2 дополнить подпунктами 13)-15) следующего содержания:
      "13) утверждение образца паспорта моряка Республики Казахстан, порядка его оформления, выдачи, продления, а также изъятия;
      14) утверждение порядка выдачи разрешений на осуществление каботажа судами, плавающими под флагом иностранного государства;
      15) принятие на основании международных договоров Республики Казахстан в области торгового мореплавания решения о признании классификационного общества, осуществляющего техническое освидетельствование и классификацию судов.";
 
      в пункте 3:
      дополнить подпунктами 5-1), 6-1) следующего содержания:
      "5-1) утверждение правил плавания и стоянки судов в морских портах Республики Казахстан и на подходах к ним;";
 
      "6-1) выдача разрешений на осуществление каботажа судами, плавающими под флагом иностранного государства;";
 
      подпункт 10) изложить в следующей редакции:
      "10) обеспечение проведения технического освидетельствования судов, совершающих международное плавание, портов, береговых объектов, судоходных гидросооружений, искусственных островов и других сооружений на море;";
 
      дополнить подпунктом 13-1) следующего содержания:
      "13-1) согласование создания искусственных островов и других сооружений на море;";

      5) статью 5 изложить в следующей редакции:
 
      "Статья 5. Каботаж
 
      Каботаж осуществляется судами, плавающими под Государственным флагом Республики Казахстан, а также судами, плавающими под флагом иностранного государства, на основании разрешения, выданного уполномоченным органом в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан.";

      6) статью 11 дополнить пунктом 3-1 следующего содержания:
      "3-1. Право плавания под Государственным флагом Республики Казахстан предоставляется судам, находящимся в собственности:
      1) государства;
      2) граждан и негосударственных юридических лиц, зарегистрированных в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.(п. 64-73) ";

      7) статью 12 после слов "уполномоченного органа" дополнить словами "на срок, не превышающий двух лет, с правом последующего продления через каждые два года, но не свыше срока действия бербоут-чартера";

      8) пункт 2 статьи 15 изложить в следующей редакции:
      "2. Технический надзор и освидетельствование морских судов и их классификация осуществляются соответственно уполномоченным органом в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан, и классификационными обществами. Ведение технического надзора за судами и отдельными элементами судна иными государственными органами Республики Казахстан и организациями не допускается.  
      Присвоение класса судну удостоверяется классификационным свидетельством, выдаваемым уполномоченным органом и классификационным обществом.";

      9) в статье 16:
      пункт 4 после слова "регистрируются" дополнить словом "морские,";
 
      пункт 7 дополнить словами "сроком на два года с дальнейшим продлением срока действия бербоут-чартера через каждые два года, но не свыше срока действия бербоут-чартера";
 
      пункт 8 после слова "регистрацию" дополнить словами ", перерегистрацию и выдачу дубликата документа, удостоверяющего государственную регистрацию";

      10) часть вторую статьи 18 исключить;

      11) дополнить статьями 18-1, 18-2 следующего содержания:
 
      "Статья 18-1. Перерегистрация судов
 
      В случае, если в результате происшествия или любой другой причины судно перестает соответствовать сведениям, ранее внесенным в Государственный судовой реестр морских судов или судовую книгу, может быть осуществлена государственная перерегистрация судна в порядке, установленном Правительством Республики Казахстан, после освидетельствования и получения свидетельства о годности к плаванию.
      Основанием для перерегистрации судна является также использование судна, находящегося в собственности Республики Казахстан и используемого государственными органами для выполнения возложенных на них функций, в коммерческих целях.
 
      Статья 18-2. Исключение судна из Государственного судового
                   реестра морских судов или судовой книги
 
      Из Государственного судового реестра морских судов или судовой книги подлежит исключению судно:
      1) погибшее или пропавшее без вести;
      2) конструктивно погибшее;
      3) утратившее качества судна в результате перестройки или любых других изменений;
      4) переставшее соответствовать требованиям, предусмотренным пунктом 3-1 статьи 11 настоящего Закона.";

      12) пункт 1 статьи 25 изложить в следующей редакции:
      "1. В состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан, кроме граждан Республики Казахстан, могут входить иностранцы и лица без гражданства, постоянно проживающие в Республике Казахстан.
      Иностранцы и лица без гражданства не могут занимать должности капитана судна, старшего помощника капитана и старшего механика.";

      13) статью 28 дополнить пунктом 4 следующего содержания:
      "4. Судовладелец обязан оказывать содействие при расследовании аварийных случаев, произошедших с его судами.";

      14) пункт 1 статьи 31 дополнить подпунктом 16) следующего содержания:
      "16) об аварийном случае донести судовладельцу, провести предварительное расследование в соответствии с правилами расследования аварийных случаев с судами, утвержденными уполномоченным органом, и по прибытии судна либо его экипажа в первый казахстанский порт в течение трех суток представить капитану порта подробное донесение об аварийном случае, выписки из судовых документов, объяснения причастных лиц и свидетелей.
      При необходимости представить ленты самописцев, их расшифровку, путевую карту с прокладкой, схему маневрирования, схемы и чертежи повреждений, другие необходимые документы.";

      15) пункт 2 статьи 35 дополнить частью второй следующего содержания:
      "В морских портах, находящихся в государственной собственности, обязательно наличие не менее двух операторов морских терминалов.";

      16) подпункт 1) пункта 4 статьи 40 дополнить словами ", в том числе объявлять допустимую проходную осадку судов на акватории и подходном канале порта";

      17) пункт 2 статьи 177 исключить.

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования, за исключением абзаца третьего подпункта 12) статьи 1, который вводится в действие с 1 января 2010 года.
 
      Президент
      Республики Казахстан