Қазақстан Республикасы шағын өлшемді кемелерді техникалық қадағалау бойынша нұсқаулық

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 1998 жылғы 10 тамыздағы N 172 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 21 қыркүйекте N 608 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012 жылғы 12 қазандағы № 691 бұйрығымен

       Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің м.а. 2012.10.12 № 691 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ескерту: Барлық мәтіні бойынша "Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының", "Көлік инспекциясы органдарымен", "Көлік инспекциясы инспекторының", "Көлік инспекциясының органдарымен", "шағын өлшемді кеме бойынша көлік инспекторына", "Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясының штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері", "Көлік инспекциясының облыстық бөлімшесімен", "инспекция", "көлік инспекторы", "Қазақстан Республикасы Көлік инспекциясы жөніндегі ережені, Шағын өлшемді кемелерді бақылау бойынша облыстық көлік инспекциясы ережелерін", "инспектор", "Көлік инспекциясының облыс бөлімінің", "меминспектор", "инспектордың", "инспекцияда", "Көлік инспекциясының облыстық бөлімшесі", "инспектордың" деген сөздерді тиісінше "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет)", "Комитеттің аумақтық органдарымен", "Комитеттің аумақтық органы қызметкерінің", "Комитеттің аумақтық органдарымен", "куәландыру жүргізген Комитеттің аумақтық органының қызметкеріне", "Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері", "Комитеттің аумақтық органымен", "Комитеттің тиісті аумақтық органдарының", "Комитеттің аумақтық органының қызметкері", "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы ережені", "Комитеттің аумақтық органының қызметкері", "Комитеттің аумақтық органының", "Комитеттің аумақтық органының қызметкері", "Комитеттің аумақтық органы қызметкерінің", "Комитеттің аумақтық органында", "Комитеттің аумақтық органы", "қызметкердің" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 24 маусымдағы N 220-І бұйрығымен (бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шағын өлшемді кемелер жөніндегі инспекциясының міндеттері мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясына тапсыруын қарастыратын "Қазақстан Республикасының Шағын өлшемді кемелері жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 10.02. N 88 Қаулысының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы су қоймаларында, ішкі теңіз және аумақтық суларда шағын өлшемді кемелердің жүзу қауіпсіздігін белгілейтін мына ережелер мен нұсқаулықтар бекітілсін:
      - шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) тіркеу, есепке алу мен техникалық қадағалау және кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау Ережелері;
      - шағын өлшемді кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) пайдалану Ережелері;
      - шағын өлшемді кемелерді тіркеу тәртібі туралы нұсқаулық;
      - техникалық қадағалау бойынша нұсқаулық;
      - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің қадағалауындағы шағын өлшемді кемелердің, олардың база-тұрақтарының, өткелдердің күйін бағалау бойынша нұсқаулық;
      - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің қадағалауындағы шағын өлшемді кемелермен апаттық оқиғаларды есепке алу бойынша нұсқаулық;
      - кеме жүргізушілерді шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына аттестаттау бойынша нұсқаулық;
      - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің кемелерін пайдалану бойынша нұсқаулық;
      - шағын өлшемді кемелерді жүргізушілерді әзірлеу бойынша курстарды тіркеу және кемелер жүргізушілерді оқытуда бақылау-әдістемелік қадағалауды жүргізу бойынша нұсқаулық.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті (С.Ш. Есенов) және заңгерлік жұмыс бөлімі (О.Е. Ахметжанов) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін нормативтік құқықтық актілерді белгіленген  тәртіпте ұсынсын.    

      Министрдің м.а.

1. Жалпы ережелер

       1.1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) қадағалауындағы кемелерді, олардың тұрағы үшін базаларды (құрылыстарды) техникалық қадағалау ережелері талаптарының орындалуын бақылауды ұйымдастыруды белгілейді.

2. Кемелердің үлгісі және санаты

       2.1. Кеменің үлгісі, оның санаты және жүзу шарттары кемені тіркеген кезде анықталады, ол туралы тіркеу орны бойынша жүргізілетін Кеме кітабында және кеме билетінде жазу жасалады.

      2.2. Кемелердің үлгісі және санаты, сындарлы ерекшеліктеріне байланысты, N 1 кесте бойынша анықталады.
      Мидель бойынша кеменің ең үлкен ені оның үлгісін анықтау үшін негіздеме болып табылады.
      Кеменің су өтпейтін бортының биіктігі (қондырма биіктігін есепке алусыз) оның санатын анықтау үшін негіздеме болып табылады.

                                                           N 1 кесте
____________________________________________________________________
| N |Кеменің үлгісі|Мотордың|  Басты     |Кеменің|Жүк көтергіштігі,|
|   |              |рұқсат  |  өлшемдер  |санаты |жолаушы сыйымды. |
|   |              |етілетін|            |       |лығы             |
|   |              |қуаты   |            |       |                 |
|   |              |(а. к.) |            |       |  адам,      кг  |
|___|______________|________|___________ |_______|_________________|
|   |              |        |            |       |                 |
|1. |Ескіш кеме    |  --    |2,0х1,1х0,4 |   1   |    1         80 |
|2. |   - " -      |  --    |2,8х1,3х0,5 |   2   |    2        200 |
|3. |   - " -      |  --    |3,3х1,4х0,5 |   2   |    3        300 |
|4. |   - " -      |  --    |4,4х1,5х0,5 |   2   |    4        400 |
|5. |   - " -      |  --    |6,0х1,6х0,6 |   3   |    6       1000 |
|6. |Моторлы қайық |15 дейін|3,4х1,5х0,6 |   2   |    3        300 |
|7. |   - " -      |25 дейін|4,4х1,6х0,75|   3   |    4        500 |
|8. |   - " -      |  --    |6,0х1,7х0,95|   3   |    6        800 |
|9. |Катер         |40 дейін|6,0х1,8х0,9 |   3   |    6        800 |
|10.|   - " -      |50 дейін|8,5х2,5х1,2 |   3   |    6       1000 |
|___________________________________________________________________

     2.3. Кеменің санаты толқынның биіктігімен және жағалаудан алыстауымен сипатталатын жүзу шарттарына сәйкес болуы тиіс.

     2.4. Кеменің жүзу шарттары, оның санатына байланысты, N 2 кестеден таңдап алынады.

                                                           N 2 кесте
____________________________________________________________________
|           |        |                   Жүзу шарттары             |
|           |        |_____________________________________________|
| Кеменің   | Н мин. | Жағалаудан     | Толқынның         | Жердің
| санаты    |        | алыстау        | биіктігі          |  күші  |
            |        |  (км)          |   (м)             |(баллдар)
|___________|________|________________|___________________|_________
|     1     |  0,2   |      0,5       |    0,2 дейін      |      2
|     2     |  0,3   |      1,0       |    0,3 дейін      |      2
|     3     |        |      3,0       |    0,4 дейін      |      3
|___________________________________________________________________
     Кестеде көрсетілген жағалаудан алыстау жасаушы зауытпен берілген кеме төлқұжатында көрсетілген жағалаудан алыстаудан аспауы тиіс. Су қоймасындағы толқын биіктігін мына график бойынша анықтайды:    

     (Графикті қағаздағы нұсқадан қараңыз)

                                                         Желдің
          20м/сек          18м/сек         15м/сек     жылдамдығы

һ,(м) |________________________________________________
1,4   |                                                |
1,3   |                                                |
1,2   |                                                |12м/сек
1,1   |                                                |
1,0   |                                                |
0,9   |                                                |9м/сек
0,8   |                                                |
0,7   |                                                |7м/сек
0,6   |                                                |
0,5   |                                                |5м/сек
0,4   |                                                |
0,3   |                                                |3м/сек
0,2   |                                                |1,1м/сек
0,1   |                                                |Толқынның 
      |                                                |жағаға шығу
      |                                                |ұзындығы,
      |________________________________________________|________
        0  1  2  3  4  5  6  7  8  9 10 11 12 13 14 15     (шақ)

     Кеменің техникалық күйіне байланысты жағалаудан алыстауы Комитеттің аумақтық органдарымен шектелуі мүмкін.

3. Техникалық куәландырулардың және
қараулардың түрлері

      3.1. Техникалық куәландырулар және қараулар мынадай бөлінеді: бастапқы, жыл сайынғы, кезектен тыс куәландырулар және арнайы, бақылау қараулар.

      3.2. Бастапқы куәландыру кезінде кеменің басты өлшемдері, құрғақ борттың шамасы, жүк көтергіштігі, жолаушы сыйымдылығы, кеме санаты нақтыланады. Кеменің суда тұру және суға батпау талаптарына сәйкестігі, жүзу жағдайлары, қозғалтқыш қуатының кеменің сындарлы мәліметтеріне сәйкестігі анықталады.

      3.3. Жыл сайын куәландыру кеменің тіркелген мәліметтерінің өзгермегендігін тексеруді, кеменің техникалық күйін, оның жүзуге жарамдылығын міндетті тексеруді жүргізуді қарастырады. Жыл сайын куәландыру жүзуде жүргізіледі. Корпустың едәуір тозуын немесе оның едәуір түрі өзгеруін айқындаған жағдайда кеме жүргізуші Комитеттің аумақтық органы қызметкерінің талап етуі бойынша кемені жағада көрсетеді.

      3.4. Бастапқы және жыл сайын куәландыру нәтижелері бойынша кеме билетінде куәландырудың кезекті мерзімін көрсетумен техникалық қарау өткені туралы белгі жасалады немесе кемені пайдалануға тыйым салу акті құрылады.

      3.5. Кезектен тыс куәландыру иесінің ауысуына немесе жүзу ауданының өзгеруіне байланысты кемені қайта тіркеу кезінде, сондай-ақ кеме билетін жоғалтқан кезде, кемені қайта жабдықтауға байланысты оның конструкциясының өзгеруі кезінде кеме иесінің тіркеу карточкасы-өтініші негізінде жүргізіледі.
      Кезектен тыс куәландыру жүргізудің нәтижесінде кемеге жаңа кеме құжаттары беріледі. Сонымен қатар кезекті техникалық куәландыру мерзімдері сақталады.

      3.6. Арнайы қараулар апаттан нәтижесінде кеме зақым алған және жөндеу талап ететін апаттық жағдайлардан кейін, қуаты көбірек қозғалтқышты орнату кезінде, жарамсыз болған кемені есептен шығару кезінде, сондай-ақ кеменің конструкциясымен және санатымен қарастырылмаған жағдайларда бір реттік көшуді рұқсат ету үшін кеме иесінің өтініші бойынша осындай көшулерден кейін жүргізіледі.

      3.7. Бақылау қараулар куәландырулар арасындағы аралықтарда өткелдерді, су акваторияларын, тұрақ-базаларды ұстаудың және пайдаланудың дұрыстығын техникалық қадағалау мақсатымен жүргізіледі. Бақылау қараулардың көлемі мен мерзімдері өткелдерді, акваторияларды, тұрақ-базаларды пайдаланудың және қарқындылығына байланысты Комитеттің аумақтық органдарымен белгіленеді.
      Куәландыруларды және қарауларды жүргізгеннен кейін кеменің техникалық күйі және айқындалған ақауларды жою және жетіспейтін жабдықты толтыру шартымен кемені жүзуге жіберу туралы, жүзу шарты бойынша шектеулермен кемені жүзуге жіберу туралы, кеменің жүзуіне тыйым салу туралы қорытындылар шығарылады.

      3.8. Кемелерді, өткелдерді, су акваторияларын, тұрақ-базаларды куәландырулар иелерінің немесе иелерінің өкілдерінің қатынасуымен және олардың тікелей қатысуымен жүргізіледі.
      Кемелерді, өткелдерді, су акваторияларын, тұрақ-базаларды куәландыруға белгіленген мерзімде ұсыну, қажетті әзірлеу жұмыстарын және сынақтарын өткізу иесінің міндеті болып табылады, олар, осыдан басқа, куәландыру жүргізген Комитеттің аумақтық органының қызметкеріне онымен байқалған барлық ақаулар, соңғы куәландырудан кейін өзгерістер және жөндеулер туралы және алдында көрсетілген ақауларды және кемшіліктерді жоюы туралы, қойылған талаптарды орындауы туралы хабарлауға міндетті.

      3.9. Кемелерді куәландыру кемінде 2 жылда бір рет корпусты бояғанға дейін жағада жүргізіледі.

4. Пайдалану үдірісінде қадағалау

      4.1. Кемелерді пайдалану үдерісінде қадағалау "Қазақстан Республикасының ішкі кеме жүзу жолдары бойынша жүзу ережелерін", "Қазақстан Республикасының су қоймаларында шағын өлшемді кемелерді пайдалану ережелерін", жүзу қауіпсіздігін, суды қорғау және балықты қорғау талаптарының орындалуын бақылауды белгілейтін нормативтік актілердің талаптарын кеме жүргізушілермен сақтауды бақылау мақсатымен жүргізіледі.

      4.2. Қадағалау барысында жолаушы сыйымдылығы және жүк көтергіштігі нормаларының, жеке құтқару құралдарымен, апаттық және өртке қарсы мүлікпен, сигнал беру құралдарымен және құрылғыларымен жабдықтау нормаларының кеме жүргізушілермен сақталуы, кеме құжаттарының және кемені жүргізуге құқықтың бар болуы тексеріледі.
      Белгіленген ауданда патруль жасау, бақылау постарын қою, рейдтер жүргізу қадағалауды жүргізудің әдістері болып табылады:
      белгіленген ауданда патруль жасау шағын өлшемді кемелердің үдемелі қозғалыс орындарында жалғыз катерлермен (мотоқайықтармен) немесе катерлердің (мотоқайықтардың) тобымен жүйелі жүргізіледі;
      бақылау постары шағын өлшемді кемелердің көп жиналатын учаскелерінде қойылады. Қадағалау дрейфтегі немесе якорьде тұрған кемелердің бірімен немесе тобымен жүзеге асырылады;
      рейдтер шағын өлшемді кемелердің базаларда шашылып тұрған су қоймаларында мүдделі ұйымдар өкілдерін қатыстырумен 2 және одан көп кемелі топпен мерзім сайын жүргізіледі.
      Патрульдік кеменің экипажы кемінде 2 адамнан тұруы тиіс. Оның құрамына Комитеттің аумақтық органдарының қызметкерлері қызметкерлері, милицияның қызметкерлері және басқа инспекторлар кіреді.

      4.3. Жыл сайынғы навигация мезгіліне Комитеттің аумақтық органымен жұмыс жоспарына кіретін суда қадағалау бойынша шаралар әзірленеді.
      Облыстың жоспарынан және жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерден шыға отырып Комитеттің тиісті аумақтық органдарының учаскесінде су қоймаларында кемелердің жүзу қауіпсіздігін қадағалаудың жоспар-графигі құрастырылады. Жоспар-график ай сайын және тоқсан сайын құрастырылады және аудандардың, қалалардың, облыстардың әкімдерімен бекітіледі.

      4.4. Навигация басталғанға дейін Комитеттің аумақтық органы жүзу қауіпсіздігіне талап қою мәселелері бойынша штаттан тыс инспекторлармен семинар өткізуі тиіс.

      4.5. Патруль жасауға шығар алдында Комитеттің аумақтық органының қызметкері қадағалау әдісі қоюымен және анықтауымен, патрульдік экипаж мүшелерінің міндеттерін және құқықтарын еске салумен оларға нұсқау беру өткізуі тиіс.
      Қадағалау жүзеге асыратын кеме экипажының мүшелері мыналарға міндетті:
      - Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы ережені, Шағын өлшемді кемелерді бақылау бойынша комитеттің аумақтық органы ережелерін және кемелердің жүзу қауіпсіздігі мен пайдалануын белгілейтін басқа құжаттарды басшылық етуге, өзінде тиісті куәліктің бар болуына;
      "Әкімшілік құқық бұзу туралы" кодекске сәйкес бұзушыларға қажетті шараларды қабылдау;
      суда қадағалау нәтижелері туралы белгіленген нысанда есептерді көрсету.

      4.6. Кемені қарау және кеме құжаттарын тексеру үшін кеме тоқтатылуы және қажеттілігі кезінде жағаға жіберілуі тиіс.
      Кемені тоқтату үшін патрульдік кеменің үлкені тоқтаудың мына сигналын береді:
      тәуліктің жарық уақытында - жалау-бұлғаудың көлденең қозғалысымен немесе мегафоннан - дауыспен; қараңғы уақытта - ақ шамның көлденең қозғалысымен; қажеттілігі кезінде дыбыстарды алмастыру (-.-) жолымен ысқырғышпен "Жағаға жақында" және мегафоннан дауыспен сигнал береді.

      4.7. Егер бұзу қатаң әсер әкелмесе Ескертулер талонында уақытын көрсетумен тесік жасалады.

      4.8. Бір жылдың ішінде жасалған үш тесік Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алып қоюға негіз болып табылады, сонымен қатар куәлікті алу күнінен бастап 15 тәуліктен кешіктірмей кеме жүргізушінің білімін кезектен тыс тексеру мерзімі белгіленеді. Жаңа Ескертулер талоны білімін кезектен тыс тексеруден кейін Куәлікпен бірге беріледі.

      4.9. Кеме жүргізушінің кемені жүргізуге құқығынан айыруды әкелетін бұзулар кезінде Комитеттің аумақтық органының қызметкері бұзу хаттамасын құрады, Шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығына куәлікті алып қояды. Кеме жүргізушіге Ескертулер талоны бойынша Куәлікті алған күннен бастап 15 тәуліктің ішінде кемені жүргізу рұқсат етіледі.
      15 күннің ішінде Комитет облыс бөлімінің бастығымен немесе оның орынбасарымен кеме жүргізушіні шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығынан айыру туралы шешім қабылданады.

      4.10. Алкогольдік немесе есірткілік мастық күйінде кемені жүргізуші кеме жүргізушіні Комитеттің аумақтық органының қызметкері шағын өлшемді кемелерді жүргізуден босатуға, куәлігін алып қоюға, кемені тұрым алаңына немесе тұрақ-базаға сүйреп апаруға және оны акті бойынша кезекшіге тапсыруға міндетті.

      4.11. Кемеде мас күйінде жолаушылар болғанда Комитеттің аумақтық органының қызметкері кемені жағаға жіберуге, жолаушыларды түсіруге және бұзу хаттамасын құруға міндетті.

      4.12. Кемеде жолаушыларды немесе жүкті тасымалдау нормаларынан асырған кезде Комитеттің аумақтық органының қызметкері кемені жағаға жіберуге, жолаушыларды түсіруге немесе артық жүкті түсіруге және бұзу хаттамасын құруға міндетті.

      4.13. Егер кеме жүргізуші Комитеттің аумақтық органы қызметкерінің немесе патрульдік кеменің нұсқауларын орындаудан бас тартса және оны ұстау мүмкіншілігі болмаса кеменің борттық нөмірі, үлгісі, сипатты ерекшеліктері, бұзудың уақыты мен орыны, бұзудың сипаты, сапарының шамамен маршруты, жолаушылардың, кеме жүргізушінің белгілері және т.т. көрсетілетін бұзу хаттамасы құрылады.

      4.14. Осы нұсқаулықпен қарастырылған әкімшілік ықпал шаралары, кеме жүргізушіні шағын өлшемді кемелерді жүргізу құқығынан айырудан басқа, бұзу өзінің сипаты мен салдары бойынша заңмен қарастырылған қылмысты жауапкершілікті әкелмейтін жағдайларда қолданылмайды.

      4.15. Барлық бұзулар мен апаттық оқиғалар белгіленген нысан бойынша Комитеттің аумақтық органында жүргізілетін бұзуларды есепке алу журналында тіркеледі.

      4.16. Бұзулар туралы, апаттар және олардың салдары туралы материалдарды ақпараттың барлық құралдарын, соның ішінде баспасөзді, радионы, теледидарды пайдаланып кеме жүргізушілердің көпшілігіне жеткізу қажет.

      4.17. Пайдалану үдерісінде қадағалау туралы жұмыс бойынша есеп беру мәлімет беру табеліне сәйкес жүргізіледі.
      Комитеттің аумақтық органы жұмыс туралы есепке жылдың аяғында жыл ішінде шағын өлшемді кемелерді бақылау бойынша әрбір Комитеттің аумақтық органы қызметкерінің жұмыс бағасын көрсетуімен талдауды қоса береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады