Теңiзшi паспорты туралы ереженi бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1 қыркүйек 1994 ж. N 977. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы N 1134 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.11.2005 N 1134 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Берiлiп отырған Теңiзшi паспорты туралы ереже бекiтiлсiн және ол 1995 жылдың 1 қаңтарынан күшiне енгiзiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Сыртқы iстер министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Iшкi iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша теңiзшi паспортының үлгiсiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      2. СССР Министрлер Советiнiң 1974 жылғы 31 желтоқсандағы N 997 қаулысымен бекiтiлген Теңiзшi паспорты туралы ережеге сәйкес берiлген теңiзшi паспорттарын жаңаларымен ауыстыру 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн жүргiзiлетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi "Балық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының өтiнiмiн ескере отырып, теңiзшi паспорттары бланкiлерiнiң қажеттi санына тапсырыс жасайтын болсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                      1994 жылғы 1 қыркүйектегi
                                          N 977 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
             Теңiзшi паспорты туралы
                     Ереже
      1. Теңiзшi паспорты шетелге баратын қазақстандық кемелерде немесе шетелдiк кемелерде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтарына берiледi.
      Теңiзшi паспорты шетелде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегiнде де оның иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.
      2. Теңiзшi паспортының иесiне кеме құрамына кiрген адам ретiнде кемемен Қазақстан Республикасынан кетуiне және Қазақстан Республикасына келуiне, сол сияқты шетелде жүрген өзiнiң кемесiне жеке бара жатқанда Қазақстан Республикасынан шығуына және Қазақстан Республикасына дәл осындай тәртiппен келуiне рұқсат етiледi.
      3. Теңiзшi паспортында оның иесi Қазақстан Республикасының азаматы екендiгi көрсетiледi және паспорт иесiнiң жеке басы туралы төмендегiдей мәлiметтер келтiрiледi:
      фамилиясы, аты, әкесiнiң аты;
      туған күнi, айы және жылы;
      туған жерi;
      белгiлерi;
      кеме мен кеме иесiнiң аты, өзiнiң атқаратын қызметi.
      1958 жылғы теңiзшiлердiң жеке басын ұлттық куәландыру туралы Конвенция мақсатына сай теңiзшi паспортында бұл құжаттың теңiзшiнiң жеке басын куәландыратын құжат екендiгi жазылады.
      Теңiзшi паспортында паспортты берген порттың (пароход шаруашылығының) аты, паспорттың берiлген уақыты мен қолданыс мерзiмi көрсетiледi, сондай-ақ паспорттың қолданыс мерзiмiнiң ұзартылғаны туралы, паспорт иесiнiң қызмет жағдайындағы өзгерiстер туралы, паспорт иесiнiң шетелге барғаны мен Қазақстан Республикасына қайтып оралғаны жөнiнде белгiлер соғылады.
      Теңiзшi паспортында паспорт иесiнiң фотосуретi мен қойылған қолы болады.
      Теңiзшiнiң паспортына бұдан басқа мәлiметтер енгiзуге болмайды.
      4. Теңiзшi паспорты бес жылға берiледi. Оның күшi бiр рет үш жылға ұзартылуы мүмкiн, ол уақыт бiткен соң паспорт ауыстырылуы керек.
      5. Теңiзшi паспортын алатын адамдар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын өзiне теңiзшi паспортын берген жерге тапсырды.
      Қазақстан Республикасы азаматының паспорты иесiнiң өтiнiшi бойынша оған азаматтық хал актiлерiн тiркеу үшiн және басқа да қажеттi жағдайларда берiледi.
      6. Теңiзшi паспорттарын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi теңiз порттарының капитандары мен өзен пароход шаруашылықтарының бастықтары немесе олардың тапсыруымен осы порттар мен пароход шаруашылығындағы тиiстi қызметтердiң лауазымды адамдары тапсырады.
      Басқа министрлiктер мен ведомстволардың қарамағындағы шетелге баратын кемелерде жұмыс iстейтiн адамдарға теңiзшi паспортын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi теңiз сауда порттарының капитандары немесе солардың тапсыруымен осы порттардағы тиiстi қызметтердiң лауазымды адамдары тапсырады.
      Теңiзшi паспорттары берiлетiн порттардың (пароход шаруашылықтарының) тiзбесiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi бекiтедi.
      7. Кемеде есептен шыққан кезде теңiзшi паспортының иесi оны алған жерiне тапсыруға мiндеттi. Бұл жағдайда оған Қазақстан Республикасы азаматының паспорты қайтарылады.
      8. Теңiзшi паспортының иесi оны мұқият сақтауға мiндеттi, ал жоғалтып алған жағдайда бұл жөнiнде өз кемесiнiң капитанына немесе паспортты берген порттың капитанына пароход шаруашылығының бастығына хабарлауға тиiс.
      Теңiзшiнiң жоғалған паспорты жарамсыз деп саналады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады