Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 130, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 08-1/64, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы N 50-І, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы N 52-ө Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 23 наурызда тіркелді. Тіркеу N 3508. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 26 шілдедегі № 571 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 26.07.2013 № 571 бұйрығымен.

      "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 3-тармағына сәйкес  БҰЙЫРАМЫЗ:
     1. Қоса беріліп отырған Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары бекітілсін.
     2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
     3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының         
     Ішкі істер министрі министрі

     Қазақстан Республикасының
     Сыртқы істер министрі

     Қазақстан Республикасының          
     Көлік және коммуникация министрі

     Қазақстан Республикасының
     Еңбек және халықты
     әлеуметтік қорғау министрі

     Қазақстан Республикасы             
     Ұлттық қауіпсіздік комитетінің    
     төрағасымен 

     Келісілді                         
     2005 жылғы 26 ақпан

     Қазақстан Республикасы
     Денсаулық министрімен

     Келісілді
     2005 жылғы 23 ақпан

     Қазақстан Республикасы   
Ішкі істер министрлігінің   
2005 жылғы 24 ақпандағы   
N 130 бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасы     
Сыртқы істер министрлігінің  
  2005 жылғы 24 ақпандағы   
N 08-1/64б бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникация   
министрлігінің        
2005 жылғы 26 қаңтардағы  
N 50-І бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы   
   Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігінің   
2005 жылғы 24 ақпандағы   
N 52-ө бұйрығымен бекітілген 

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші
кеме экипажының құрамына кіру мүмкіндігінің шарттары

     Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін мынадай шарттарды сақтай отырып тарту мен пайдалану мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне сәйкес жүзеге асырылады:
     1) кеме экипажының құрамына кіретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшісі, аға механик және радио мамандары қызметіне тағайындалмайды;
     2) кемеге шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдау бос жұмыс орындары бар болғанда және ішкі еңбек рыногында жекелеген мамандықтар мен кәсіптер бойынша кемедегі жұмысқа сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік болмаған кезде жүзеге асырылады;
     3) Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кеме экипажының құрамына еңбек ету үшін тартылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың білім деңгейі (кәсіби дайындығы) мен жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі су көлігі саласы мамандарының қызметтеріне қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс;
     4) кемеге жұмысқа қабылданатын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың кәсіби дайындығы мен құзыреттілігінің деңгейі мыналармен:
     жасалған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасы танитын білімі туралы құжатының нотариалды расталған аудармасымен немесе білімі туралы құжатпен;
     жұмыс беруші куәландырған қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттармен расталады;
     5) Қазақстан Республикасының туын көтеріп жүзуші кемеге жұмысқа қабылданатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мынадай құжаттары:
     денсаулық жағдайы бойынша мұндай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық комиссияның қорытындысы;
     шетелдіктер үшін - нақты ұлттық шетелдік төлқұжат пен тұру рұқсаты;
     азаматтығы жоқ адамдар үшін - азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады