Астанада 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шарт ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы
Одақтастық қатынастар туралы
ШАРТ
(2006 жылғы 30 қазанда күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2007 ж., N 1, 6-құжат)
РҚАО-ның ескертпесі!
Шартқа өзгерту енгізу көзделген - ҚР 2010.03.15 № 256-IV Заңымен.
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы,
Уағдаласушы Тараптар халықтарының арасындағы достық пен тату көршiлiктiң, бауырластық қатынастардың терең дәстүрлерiн негiзге ала отырып,
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгiлiк достық туралы 1997 жылғы 8 сәуiрдегi шартты басшылыққа ала отырып,
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки қорытынды актiсiнiң және Еуропадағы қауіпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның басқа да құжаттарының мақсаттары мен қағидаттарына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына өздерiнiң адалдықтарын растай отырып,
өзара құрмет тұтудың, сенiм бiлдiрудiң, келiсiмнiң және тең құқықтың негiзiнде екi жақты көп қырлы ынтымақтастықты нығайтуға өзара ұмтыла отырып,
өңiрлiк қауiпсiздiк пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, терроризмнiң, экстремизмнiң, ұйымдасқан қылмыстың, есiрткi бизнесiнiң, заңсыз көшi-қонның кез келген көрiнiстерiне және ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн басқа да қатерлер мен қауiптерге бiрлесiп қарсы тұру мәселелерiнде өзара iс-қимыл қажеттiгiн негiзге ала отырып,
одақтастық қатынастарды орнату екi мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық прогресiнiң мүдделерi үшiн күш-жiгердi бiрiктiруге мүмкiндiк бередi және Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының түбегейлi мүдделерiне жауап бередi деп кәмiл сене отырып,
мемлекетаралық ынтымақтастықтың қол жеткiзiлген жоғары деңгейiн атап көрсете отырып,
өздерiнiң қатынастарына жаңа сапа беруге ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-бап
Уағдаласушы Тараптар саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтiк, ғылыми, технологиялық, мәдени салаларда және гуманитарлық қарым-қатынаста көп қырлы ынтымақтастықтың нысандары мен тетiктерiн одан әрi iлгерiлету, жандандыру және жетiлдiру мақсатында одақтастық қатынастар негiзiнде екi жақты ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.
2-бап
Уағдаласушы Тараптар арасындағы одақтастық қатынастар мемлекеттердiң егемендi теңдiгiн, тәуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығын, ерiктiлiгiн сақтау және өздерi қабылдаған мiндеттемелердi адал ниетпен орындау қағидаттарына негiзделедi.
3-бап
Уағдаласушы Тараптар өзара қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде бiрыңғай саясат жүргiзедi және халықаралық терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, заңсыз көшi-қонға және ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн басқа да қатерлер мен қауiптерге қарсы күресте өзара тығыз iс-қимыл жасайды.
4-бап
Уағдаласушы Тараптар тиiстi консультациялар жүргiзе отырып, өзара мүдденi бiлдiретiн негiзгi халықаралық проблемалар мен мәселелер бойынша ұстанымдарын айқындау кезiнде өзара тығыз iс-қимыл жасайды.
5-бап
Уағдаласушы Тараптар өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес әскери саладағы қызметтi үйлестiрудi жүзеге асырады.
Уағдаласушы Тараптар сенiмдi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында әскери құрылыстың ортақ қағидаттарын әзiрлейдi.
6-бап
Уағдаласушы Тараптар Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiне қарсы шабуыл актiсi жасалған жағдайда, әскери көмектi қоса алғанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабына сәйкес ұжымдық қорғаныс құқығын жүзеге асыру тәртiбiмен, сондай-ақ Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының шеңберiндегi тетiктердi пайдалана отырып, бiр-бiрiне қажеттi көмек көрсетедi.
7-бап
Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың және өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес өздерiнiң мемлекеттiк шекараларын тиiстi түрде қорғау үшiн қажеттi шараларды жүзеге асырады және мемлекеттiк шекараларын қорғау жөнiнде бiрыңғай саясат жүргiзедi.
Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында үшiншi мемлекеттер азаматтарының болуы туралы ақпаратпен тұрақты түрде алмасады, сондай-ақ бiр Уағдаласушы Тарап азаматтарының екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына кедергiсiз келуi, кетуi және онда болуы үшiн қажеттi шараларды келiседi және қабылдайды.
8-бап
Уағдаласушы Тараптар өзара экономикалық ықпалдастықты тереңдету үшiн жағдайлар жасайды.
Осы мақсатта Уағдаласушы Тараптар негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн кезең-кезеңiмен жақындастыру, заңнамаларын үйлестiру және келiсiлген құрылымдық экономикалық саясатты жүргiзу жөнiнде шаралар қабылдайды.
9-бап
Уағдаласушы Тараптар қаржылық, ақша-кредит, бюджеттiк жүйелерiн үйлестiруге бағытталған iс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ келiсiлген инвестициялық, төлем-есеп айырысу, сондай-ақ сыртқы сауда саясатын жүргiзедi.
Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында қаржылық-экономикалық және инвестициялық қызмет, бiрлескен кәсiпорындар құру үшiн Уағдаласушы Тараптар қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
10-бап
Уағдаласушы Тараптар бағалы қағаздар рыноктарын ықпалдастыру және тиiстi түрде реттеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
11-бап
Уағдаласушы Тараптар бiрлескен көлiк-коммуникация және энергетикалық жүйелердің ортақ инфрақұрылымын құру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ стандарттау, метрология және сәйкестiгiн бағалау саласында келiсiлген саясат жүргiзедi.
12-бап
Осы Шартта көзделген ережелердi кезең-кезеңiмен iске асыру мақсатында Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Экономикалық ықпалдастық жөнiндегi iс-қимыл жоспарын қабылдайды, ол осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
13-бап
Уағдаласушы Тараптар өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес су объектiлерiн, су-энергетикалық ресурстарды және су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды әрi өзара тиiмдi пайдалану саласында келiсiлген iс-қимылды жүзеге асырады.
14-бап
Уағдаласушы Тараптар ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды, халықты азық-түлiкпен және өнеркәсiптi шикiзатпен қамтамасыз етудi жақсартуды, агроөнеркәсiптiк кешендердiң тауар өндiрушілерiн қолдауды және қорғауды, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру жөнiндегi бiрлескен кәсiпорындарды ұйымдастыруды, сондай-ақ өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң аумағында өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы тауарларының транзиттiк тасымалы үшiн өз аумақтарында қолайлы жағдайлар жасауды көздейтiн келiсiлген аграрлық саясат жүргiзедi.
15-бап
Уағдаласушы Тараптар индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру мақсатында жаңа өндiрiстiк қуаттарды ұтымды орналастыру және қазiргi барларын жаңғырту жөнiндегi iс-шараларды келiседi.
16-бап
Уағдаласушы Тараптар бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
17-бап
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес бiлiм алу, еңбекке орналастыру, еңбекке ақы төлеу, басқа да әлеуметтiк кепiлдiктер беру кезiнде екiншi Уағдаласушы Тарап азаматтарының тең құқықтарына кепiлдiк бередi.
Осындай қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеудi қамтамасыз ету мақсатында Уағдаласушы Тараптар тиiстi халықаралық шарттарды жасасады.
18-бап
Уағдаласушы Тараптар екi мемлекеттiң парламенттерi арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге жәрдемдеседi.
19-бап
Осы Шарттың мақсаттары мен мiндеттерiн орындау үшiн Уағдаласушы Тараптар Жоғары Мемлекетаралық Кеңес (Мемлекеттердің, үкiметтердiң және парламенттердiң басшылары) құрады.
Жоғары Мемлекетаралық Кеңестiң қызметiн үйлестiру Сыртқы iстер министрлерiнің кеңесiне жүктеледi.
Жоғары Мемлекетаралық Кеңестi мемлекеттер басшылары басқарады және ол Уағдаласушы Тараптардың ортақ мүдделерiне байланысты анағұрлым маңызды мәселелердi қарайды, одақтастық қатынастарды дамытудың стратегиясын, негiзгi бағыттарын анықтайды және осы Шартты iске асыруға бағытталған шешiмдердi қабылдайды.
Жоғары Мемлекетаралық Кеңес жұмысының тәртiбi Ережемен белгiленедi, ол Жоғары Мемлекетаралық Кеңестiң шешiмiмен бекiтiледi.
Жоғары Мемлекетаралық Кеңес өзiнiң отырыстарын кем дегенде жылына бiр рет өткiзедi.
20-бап
Осы Шарт өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Уағдаласушы Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
21-бап
Осы Шарттың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты даулар Уағдаласушы Тараптардың арасында консультациялар мен келiссөздер өткiзу арқылы шешiлуi тиiс.
Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Шартқа осы Шарттың ажырамас бөлiктерi болып табылатын және осы Шарттың 23-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
22-бап
Осы Шарт Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Ұйымның Хатшылығында тiркелетiн болады.
23-бап
Осы Шарт бекiтiлуге жатады және Уағдаласушы Тараптар оны бекiткендiгi туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi.
Осы Шарт белгiленбеген мерзiмге жасалады және Уағдаласушы Тараптардың бiрi оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап он екi ай өткенге дейiн күшiнде болады.
2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
Қазақстан Қырғыз
Республикасы үшін Республикасы үшін
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы
арасындағы экономикалық интеграция бойынша
іс-қимыл жоспары
Р/с N |
Іс-шаралар | Орындалу мерзімі (жылдар) |
---|---|---|
І бөлім. Сыртқы сауда саясаты саласында Тауар саудасы |
||
1 | Екі елде шығарылатын тауарлар, соның ішінде экспорттық тауарлар туралы ақпарат алмасу жүйесін құру |
2004 |
*2 | Сыртқы саудада арнайы қорғау, өтемдік және демпингке қарсы шараларды ДСҰ нормалары мен ережелеріне сәйкес қолдану саласындағы нормативтік құқықтық кесімдер мен құқық қолдану практикасын үйлестіру: |
2005-2006 2006 |
Қызмет көрсетулер саудасы | ||
3 | Қызмет көрсетулер рыногына қол жеткізу режимін ырықтандыру жөніндегі шараларды әзірлеу. Екі елдің жалпы қызмет көрсету рыногының қалыптасуы үшін бірінші дәрежедегі маңызы бар қызмет көрсетулерді ұсынатын салалар қызметтерінің тізбесін айқындау |
2004-2005 |
4 | Қызмет көрсетулер саласында заңнамаларды үйлестіру жөніндегі шараларды әзірлеу және қабылдау |
2004-2005 |
*5 | Басым салалардағы қызмет көрсетушілерге (лицензиялар, сертификаттар) біліктілік талаптарын өзара тану |
2005 |
*6 | Қызмет көрсетулер саудасына неғұрлым қолайлы жағдай туғызу режимінен алып тастаулармен әр Тарап ДСҰ-ға кіру кезінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес үшінші елдермен шарттық-құқықтық қатынастарда екі ел пайдасына келісу |
2004-2006 |
Тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын қалыптастыру Техникалық реттеу саласындағы заңнамаларды үйлестіру |
||
7 | ДСҰ-ның нормаларымен және ережелерімен: |
2004-2005 |
8 | Екі елдің техникалық реттеу саласындағы заңнамаларына олардың ДСҰ-ның сауда-саттықтағы техникалық кедергілер бойынша және санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану жөніндегі келісімдеріне сәйкестігіне салыстырмалы талдау жүргізу |
2004-2005 |
*9 | Тауарлардың импорты мен экспортын, сондай-ақ қызметтің осымен байланысты жекелеген түрлерін лицензиялау ережелерімен келісу |
2004-2006 |
10 | Экспорттық бақылауды жүзеге асыру ережелері мен тауарлар және екі мемлекетте экспорттық бақылауға жататын технологиялар тізбесін үйлестіру |
2005 |
*11 | Тауарларды енгізуге және/немесе шығаруға лицензияларды, сертификаттар мен рұқсаттарды өзара тану |
2006 |
*12 | Сертификаттау жөніндегі органдарды және сәйкестікті бекіту жөніндегі жұмыстарды атқаратын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредитациялаудың келісілген тәртібін әзірлеу |
2006 |
II бөлім. Бәсеке саясаты саласында | ||
13 | Заңнаманы: |
2004-2005 |
III бөлім. Кеден ісі мен шекаралық саясат саласында Кедендік заңнаманы біріздендіру | ||
14 | Екі елдің кеден органдары арасында кедендік бақылаудан өтетін тауарлардың жеткізілуін бақылаудың бірыңғай жүйесін құру жөніндегі шараларды әзірлеу |
2004 |
15 | Тауарларды екі елдің кеден органдары арасында кедендік бақылаудан өткізу кезінде кедендік төлемдерді төлеуді қамтамасыз етудің бірыңғай шараларын әзірлеу |
2004-2005 |
16 | Кедендік заңнама саласында бірыңғай тәртіп енгізу: |
2004-2005 |
17 | Мыналардың: |
2004-2005 |
18 | Тауарлардың, соның ішінде үшінші елдерде шығарылатын тауарларды кедендік бағалаудың бірыңғай ережелерін ДСҰ-ның нормалары мен ережелерін ескере отырып әзірлеу |
2004-2005 |
19 | Тауарлар шығарылған елдерді, соның ішінде үшінші елдерді айқындаудың бірыңғай ережелерін әзірлеу |
2004 |
20 | Бірлескен кедендік бақылау мен екі елдің уәкілетті органдары беретін құжаттарды өзара тануды енгізу |
2004-2005 |
21 | Екі ел арасында электр энергиясын тасымалдау шарттарымен келісу, электр энергиясын кедендік ресімдеу мен кедендік бақылауды біріздендіру |
2004 |
22 | Тауарларды екі елдің кеден аумақтары арқылы транзитпен өтуі туралы келісімді дайындау |
2004 |
Кеден қызметтерінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру жөніндегі шараларды қабылдау |
||
23 | Кеден қызметтерінің бірыңғай ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі іс-шараларды әзірлеу |
2004-2005 |
Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы шекараларында экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандаға қарсы күрестің бірлескен шаралары |
||
24 | Кедендік құқық бұзушылық мәселелері бойынша қылмыстық және әкімшілік заңнамаларын үйлестіру |
2004-2005 |
25 | Кеден және шекара кадрларын халықаралық стандарттар мен талаптарға сәйкес даярлау және қайта даярлау бойынша ынтымақтастықты ұйымдастыру |
тұрақты |
*26 | Кеден ісінде біріздендірілген талдау жүйесі мен тәуекелдерді басқару тұжырымдамаларын әзірлеу |
2005-2006 |
Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы шекараларындағы дағдарыс жағдайларын жою кезінде өзара іс-қимыл жүйесін құру |
||
27 | Сыртқы шекараларда дағдарыс жағдайлары туындаған кезде және оларды жою кезінде Тараптардың күштері мен құралдарын пайдалана отырып екі елдің шекара ведомстволарының жедел өзара іс-қимыл жүйесін жасау |
2004 |
28 | Халықаралық терроризмге қарсы күрес және екі ел аумағына заңсыз қоныс аударуға қарсы әрекет ету жөніндегі шараларды іске асыру |
2004-2005 |
29 | Екі ел аумағына есірткі құралдарының, қару-жарақтың және өзге де контрабанданың енуіне қарсы күрес жөніндегі шараларды іске асыру |
2004-2005 |
ІҮ бөлім. Келісілген экономикалық саясат жүргізу | ||
Макроэкономикалық саясатты үйлестіру | ||
30 | Екі ел экономикасы жағдайының және дамуының мониторингін жүргізу. Тауарлармен және қызмет көрсетулермен өзара сауда, инвестициялық қызмет жағдайы мен серпінін талдауды қоса алғанда, екі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы тоқсандық лездеме-ақпараттар мен жылдық баяндамаларды дайындау |
тұрақты |
31 | Әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларын талдау негізінде экономикалық реформаларды жүргізу жөнінде келісілген іс-қимылдарды әзірлеу |
тұрақты |
32 | Әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары бойынша бірлескен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру |
2004-2006 |
*33 | Темір жол көлігі, телекоммуникациялар, электр энергиясын беру, мұнай мен газды тасымалдау және т.б. саласындағы табиғи монополиялардың қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттарын қалыптастыру |
2005-2006 |
Бюджеттік реттеу саласындағы заңнаманы үйлестіру | ||
34 | Бюджеттік реттеу саласындағы ұлттық заңнамаға салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу |
2004 |
35 | Бюджеттік реттеу саласындағы заңнаманы, соның ішінде бюджеттерді, тиісті рәсімдерді және заңнаманы қалыптастыру мен атқарудың жалпы қағидаттарын үйлестіру |
2004-2005 |
36 | Қазақстан мен Қырғызстанның бюджет процесі бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыру |
2004-2005 |
Салық саясаты саласында | ||
37 | Салық заңнамаларына салыстырмалы-құқықтық талдау жүргізу |
2004 |
38 | Салық заңнамасын жеке және салалық сипаттағы жеңілдіктер мен преференциялар беру бөлігінде үйлестіру |
2004-2005 |
39 | ҚҚС тәртібі мен қайтару мерзімдерін біріздендіруді қоса алғанда, экспорт кезіндегі жанама салықтар алудың бірыңғай ережелеріне көшу |
2004-2005 |
40 | Ірі салық төлеушілердің салық төлеуін бақылауды ұйымдастыру жүйесін жетілдіру |
2004-2005 |
41 | Трансферттік баға белгілеу саласындағы салықтық және кедендік бақылауды жетілдіру |
2004 |
42 | Акциз ставкаларын жақындату |
2004-2005 |
Ү бөлім. Экономиканың нақты секторында өзара іс-қимылды жандандыру және инвестициялық ынтымақтастық | ||
43 | Экономиканың басым салаларында мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру |
тұрақты |
44 | Қырғыз Республикасының Ыстықкөл көлінде орналасқан санаториялық-курорттық объектілерге ("Автомобилист" (Қорымды с.) және Самал» (Бостері с.) демалыс үйлері, "Қазақстан» санаторийі (Бостері с), "университет" спорттық-сауықтыру лагері (Бостері с.) меншік құқығын реттеу |
2004 |
*45 | Мемлекеттік сатып алулар саласындағы заңнаманы үйлестіру арқылы мемлекеттік сатып алулар саласында үйлестірілген саясатты әзірлеу |
2005 |
*46 | Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау, инновациялық қызметті ынталандыру саласындағы заңнаманы үйлестіру |
2005-2006 |
ҮІ бөлім. Энергетикалық рынокты қалыптастыру және бірлесіп дамыту |
||
Энергетикалық рынокты дамыту және бірыңғай энергожүйе құру |
||
47 | Энергетика саласындағы қатынастарды реттейтін қолданыстағы ұлттық заңнамаларға оларды біріздендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін талдау жүргізу |
2004-2005 |
48 | Өндірістік активтеріне тәуелсіз бақылау нәтижелері бойынша тепе-теңдік негізде Қырғыз Республикасының аумағы арқылы өтетін Бұхара газ айдау аудандары-Ташкент-Бішкек-Алматы» магистральді газ құбыры участкелерін бірлесіп пайдалану жөніндегі Қырғыз-Қазақстандық бірлескен кәсіпорнын құру |
2004 жылғы |
49 | Екі елдің электр энергиясы рыногына рұқсат беру және Нарын-Сырдария бассейнінің су ресурстарын ұтымды пайдалануды ескере отырып, екі мемлекет аумағы бойынша электр энергиясы транзитін ұсыну |
2004 |
50 | Геологиялық барлау саласында бірлескен шаралар кешенін жүзеге асыру, тау кен шикізаты объектілерін зерттеу |
2004-2006 |
51 | Су қоймаларының Нарын-Сырдария каскадының су-энергетикалық ресурстарын пайдалану режимдерін оңтайландыру мақсатында бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі Қазақстан Республикасының нақты ұсыныстарын қарау және жағдайларды айқындау |
2004 жылғы |
52 | Қамбарата ГЭС-ін бірлесіп салу және пайдалану жөніндегі Қырғыз Республикасының ұсыныстарын қарау және жағдайларды айқындау |
2004 жылғы |
53 | Қатар жұмыс жүргізу режимінде ұлттық энергожүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
тұрақты |
ҮІІ бөлім. Көлік одағын құру және транзиттік әлеуетті іске асыру |
||
54 | Екі елдің Бірыңғай көлік кеңістігін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу |
2004-2006 |
55 | Жүктерді Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының темір жолдарымен тасымалдау кезінде екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін ұлттық тарифтер режимін ұсыну жөніндегі Қырғыз Республикасының |
2004 жылғы |
56 | Екі ел арасында рұқсатсыз негізде автомобиль бағыттарын ұйымдастыру |
2004 жылға |
ҮІІІ бөлім. Агроөнеркәсіптік саладағы өзара іс-қимыл |
||
Келісілген аграрлық саясат жүргізу | ||
57 | Агроөнеркәсіптік сектордың жекелеген сегменттері бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастыру |
2004-2005 |
IX бөлім. Ортақ қаржы рыногын қалыптастыру және валюталық интеграцияны дамыту |
||
Валюта және қор рыноктарындағы ынтымақтастықты дамыту |
||
58 | Екі елдің құнды қағаздар рыногында келісілген саясат жүргізу |
2004 |
59 | Құнды қағаздар рыногында кәсіптік қызметті жүзеге асырудың бірыңғай қағидаттарын әзірлеу |
2004 |
*60 | Екі елдің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің құнды қағаздардың ұлттық рыноктарына қол жеткізуінің тең жағдайларын қамтамасыз ету |
2005 |
*61 | Интеграцияланған валюта рыногын қалыптастыру |
2004-2005 |
*62 | Құнды қағаздар эмиссиясы тәртібін біріздендіру |
2006 |
Ортақ қаржы рыногын қалыптастыру. Ортақ банктік қызмет көрсетулер рыногын құру |
||
*63 | Екі елдің банктік заңнамасын үйлестіру |
2004-2005 |
*64 | Банктердің қызметін реттеу мен қадағалауды Базель қағидаттарына сәйкес келтіру |
2006 |
*65 | Халықаралық стандарттарға сәйкес кредит-қаржы ұйымдарындағы жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін құру |
2006 |
Ортақ сақтандыру рыногын қалыптастыру | ||
*66 | Сақтандыру заңнамасына талдау жүргізу және екі елдің ортақ сақтандыру рыногын құру жөніндегі құжат жобасын дайындау |
2005 |
*67 | Екі елдің сақтандыру қызметі рыногындағы операцияларын реттейтін заңнамаларын үйлестіру |
2005 |
*68 | Екі ел инвесторларының мүддесін қорғауды сақтандырудың ортақ жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу |
2005 |
*69 | Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қадағалауды халықаралық қағидаттармен сәйкес келтіру |
2006 |
*70 | Капитал салымдарын жүзеге асыруды қоса алғанда, соның ішінде жекешелендіру жолымен мекемелерге және компаниялар қызметіне қатысты Қазақстан мен Қырғызстанның жекелеген секторлардағы бір-бірінің алуларын сақтай отырып, ұлттық режимді ұсыну үшін жағдай жасау |
2006 және кейінгі жылдар |
*71 | Екі ел арасындағы капитал қозғалысымен байланысты операцияларды толық ырықтандыру |
2005 |
X бөлім. Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы және көші-қон саясаты саласындағы ынтымақтастық |
||
Келісілген әлеуметтік саясатты қалыптастыру | ||
72 | Халықтық табысы мен тұрмыс деңгейі саласындағы әдістемелік, нормативтік, құқықтық кесімдерді талдау |
2004-2005 |
73 | Өзара жедел және шұғыл медициналық көмек ұсынуды қамтамасыз ету |
тұрақты |
74 | Бұқаралық ақпаратты еркін алмасу және таратуды қамтамасыз ету |
тұрақты |
75 | Қазақ диаспорасының жинақы тұратын жерлерінде қазақ тілінде оқытатын сыныптарды, топтар мен мектептерді ашуға жәрдемдесу |
2004-2005 |
76 | Зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы үйлестіру жөніндегі шараларды әзірлеу |
2006-2007 |
77 | Халықтық медициналық-әлеуметтік сараптауын ұйымдастыруына, мүгедектерді оңалту және оңалту индустриясына келісілген қағидаттары мен әдістерін белгілеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу |
2004-2006 |
Еңбек көші-қонын реттеу және азаматтардың еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету | ||
78 | Азаматтардың екі ел аумағында еркін жүріп-тұруын қамтамасыз ету |
2004-2006 |
*79 | Көші-қон саясаты қағидаттарын біріздендіру |
2006 |
80 | Қырғызстанның Қазақстанда жұмыс істейтін көшіп келушілерінің және Қазақстанның Қырғызстанда жұмыс істейтін көшіп келушілерінің уақытша еңбек іс-әрекетімен байланысты мәселелерді реттеу |
2004 |
81 | Үшінші елдерге қатысты келісілген визалық саясат жүргізу |
2004-2006 |
ХІ бөлім. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық |
||
82 | Қоршаған ортаның, соның ішінде трансшекаралық объектілердің ластануының алдын алу және экологиялық мониторинг енгізу бойынша келісілген іс-қимылды ұйымдастыру |
2004-2005 |
83 | Жаһандық экологиялық мәселелерді шешудегі бірлескен жобаларды жүзеге асыру және қоршаған ортаны қорғау саласында ақпарат алмасуды ұйымдастыру |
2004-2006 |
84 | Қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамыту саласындағы өңірлік іс-қимыл жоспарларын іске асыруға қатысу |
тұрақты |
85 | Табиғат қорғау заңнамасын үйлестіру |
2004-2006 |
XII бөлім. Телекоммуникациялық одақты қалыптастыру | ||
86 | Екі елдің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу |
2004-2006 |
87 | Бірыңғай ақпараттық кеңістікке ену мақсатында ақпараттандыру технологияларын дамытуда тәжірибе алмасу |
2004-2006 |
Байланыс және ақпараттандыру саласындағы өзара іс-қимыл | ||
88 | Почталық жөнелтілімдерді шекара арқылы өткізу рәсімдерін жеделдету және олардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу |
2004-2006 |
89 | Екі ел аумағында тарату үшін халықтың мерзімді басылымға сұранысын қанағаттандыру жөніндегі өзара іс-қимылдарды одан әрі кеңейту |
2004-2006 |
Телекоммуникациялар саласында | ||
90 | Қазақстан байланыс спутнигінің транспондерлерін бірлесіп пайдалану және іске қосу мүмкіндіктерін зерттеу |
2004-2005 |
*91 | Телекоммуникациялық компаниялардың акционерлік капиталына қатысу мүмкіндігін зерттеу |
2004-2005 |
92 | Телекоммуникациялар саласында келісілген тариф саясатын жүргізу |
2005-2007 |
XIII бөлім. Туризм саласындағы ынтымақтастық | ||
93 | "Ұлы Жібек Жолы" бірлескен туристік жобаны қалыптастыру жөніндегі шараларды әзірлеу |
2004-2005 |
Ескерту: * - ЕурАзЭҚ ортақ кедендік тариф енгізілгеннен кейін
іске асырылуы мүмкін іс-шаралар