2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 наурыздағы № 256-IV Заңы

      2008 жылғы 17 сәуірде Астанада жасалған 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы
Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа
өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы,
      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа (бұдан әрі - Шарт) адалдығын растай отырып,
      төмендегілер туралы уағдаласты:

1-бап

      Шарттың 12-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Шартта көзделген ережелерді кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында Уағдаласушы Тараптар әрбір үш жылдық кезеңге Ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспарын қабылдайды».

2-бап

      Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық интеграция жөніндегі іс-қимыл жоспарының күші жойылады.

3-бап

      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және Шарттың 23-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      2008 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында, екі түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, бұл ретте барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасы           Қырғыз Республикасы
               үшін                           үшін

      Осымен, 2008 жылғы 17 сәуірде Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы Істер министрлігі
      Халықаралық құқық департаментінің
      Басқарма бастығы                                  Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады