Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі N 274 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 21 шілдедегі № 469-IV Заңымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 2011.07.21 № 469-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

МАЗМҰНЫ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы заңға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында арнайы экономикалық аймақтар құрудың, олардың жұмыс істеуінің және таратылуының тәртібі мен шарттарын айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
 
       Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнайы экономикалық аймақ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар Қазақстан Республикасының шектеулі аумағы;

      2) арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі - арнайы экономикалық аймақтың аумағында жұмыс істейтін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі;

      3) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы - арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және қызмет жүргізу туралы келісім жасасқан заңды тұлға;

      4) инфрақұрылымдық ресурстар - арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының жылу және электр энергиясына, сумен жабдықтауға, кәріздер жүргізуге, көлік коммуникацияларына, байланыс қызметін көрсетуге және қызмет көрсетудің өзге де түрлеріне қажеттіліктерін
қамтамасыз ететін ғимараттар кешені;

      5) қызметтің басым түрлері - арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі қолданылатын қызмет түрлері;

      6) қызметті жүргізу туралы келісім - арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы мен арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арасында жасалатын, тараптардың арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру мәселелері
жөніндегі құқықтары мен міндеттерін белгілейтін шарт;

      7) оператор компания - арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын тарту, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін оларды инфрақұрылымдық ресурстармен және өзге де жағдайлармен тиімді қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;

      8) сарапшылық кеңес - арнайы экономикалық аймақтар құрудың немесе оларды таратудың мақсатқа сай екендігі туралы қорытынды беру үшін уәкілетті органның жанынан құрылатын консультациялық-кеңесші орган;

      9) уәкілетті орган - арнайы экономикалық аймақтар құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

      2-бап. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық
              аймақтар туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      3-бап. Арнайы экономикалық аймақтар құрудың мақсаттары

      Арнайы экономикалық аймақтар экономиканың салаларын дамыту және қолдау, өңірлерді жедел дамыту және әлеуметтік проблемаларды шешу, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін арттыру, инвестицияларды, технологияларды және қазіргі заманғы менеджментті тарту, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру мақсатында
құрылады.

      4-бап. Арнайы экономикалық аймақ құрудың тәртібі

      1. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде 
оның қызметінің басым түрлерінің тізбесі айқындалады. .R1100000076

      2. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты жергілікті және (немесе) орталық атқарушы органдар, кәсіпкерлер қауымдастықтары мен одақтары арнайы экономикалық аймақ құрудың қоршаған ортаға әсерін бағалай отырып, өтінімді, арнайы экономикалық аймақ құрудың тұжырымдамасын, экономикалық негіздемесін және арнайы экономикалық аймақ туралы ереженің жобасын ұсыну арқылы уәкілетті органға енгізеді.

      3. Уәкілетті орган :
      1) сарапшылық кеңестің қорытындысы негізінде арнайы экономикалық аймақ құру мақсатқа сай болмаған;

      2) арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс мемлекеттік экономикалық саясаттың басымдықтарына сәйкес келмеген;

      3) ұсынылған материалдар толық болмаған немесе дәйексіз болған;

      4) ұсыныстар қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қабылдамайды.

      4. Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты қарау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне уәкілетті орган өтінімді, қоршаған ортаға әсерді бағалаумен қоса арнайы экономикалық аймақ құрудың тұжырымдамасын, экономикалық негіздемесін және сарапшылық кеңестің ол бойынша оң қорытындысы бар арнайы экономикалық аймақ туралы ереженің жобасын енгізеді.

      5-бап. Арнайы экономикалық аймақтар құрудың және
              олардың жұмыс істеуінің шарттары

      1. Арнайы экономикалық аймақтар жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады.

      2. Арнайы экономикалық аймақтар мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерінде не Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың иелігінен
мәжбүрлеп шығарылған жер учаскелерінде құрылады. Бұл үшін қажет жер учаскелері мемлекет меншігінде болмаған жағдайда арнайы экономикалық аймақтар құру осылай иеліктен мәжбүрлеп шығаруға негіз болып табылады.

      3. Арнайы экономикалық аймақ құрылған жер учаскесіне қатысты арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі кезеңінде жерге меншік иесі ретінде мемлекеттің құқығын жүзеге асырады.
      Арнайы экономикалық аймақ құрылған жер учаскесін арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі осы заңның 10-бабының 5) тармақшасы негізінде арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместерге уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) береді.

      4. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі кезеңінде сатуға және өзге де иеліктен шығаруға тыйым салынады.

      5. Жер учаскелері жеткілікті түрде инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз етілуге тиіс, олардың құрылысы бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қаражат көздері есебінен жүзеге асырылады.
      Бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара тұрғызылған объектілердің бәрі арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің балансына беріледі.

      6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан, қызмет жүргізу туралы келісім шеңберінде тұрғызылған жылжымайтын мүлік объектісінің иесі арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оның кадастрлық (бағалау) құны бойынша тиісті жер учаскесін басымдықпен сатып алу құқығына ие болады.

      7. Арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде жеке меншікке сатып алынбаған жер учаскелерін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің балансындағы инфрақұрылымдық ресурстарды арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына
береді.

      6-бап. Арнайы экономикалық аймақты тарату

      1. Арнайы экономикалық аймақ ол құрылған мерзім аяқталған соң таратылады. Тарату мерзімдері мен тәртібі арнайы экономикалық аймақ туралы ережеде айқындалады.

      2. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мерзімінен бұрын таратылуы мүмкін.
      Арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын тарату туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне сарапшылық кеңес қорытындысының негізінде енгізеді.
      Арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын тарату туралы шешім қабылданғаннан кейін арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі арнайы экономикалық аймақты тарату рәсімдерін аяқтау үшін бір жыл бойы жұмыс істейді.

      7-бап. Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі

      1. Арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимі арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына қолданылады және осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленеді.

      2. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында тауарларды еркін кеден аймағының кедендік рәсіміне орналастырудың шарттары мен тәртібі кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-тарау. АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТЫ БАСҚАРУ

      8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
 
       Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне:

      1) арнайы экономикалық аймақтар құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;

      2) уәкілетті органды айқындау;

      3) сарапшылық кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту;

      4) Қазақстан Республикасының Президентіне арнайы экономикалық аймақ құру немесе оны мерзімінен бұрын тарату туралы ұсыныс енгізу;

      5) оператор компанияны айқындау ережелерін бекіту жатады.

      9-бап. Уәкілетті органның құзыреті

       Уәкілетті органның құзыретіне:
      1) арнайы экономикалық аймақтар құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) мемлекеттік органдардың арнайы экономикалық аймақтар құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) оператор компанияны айқындау ережесін әзірлеу;

      4) жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу ережесін әзірлеу және бекіту;

      5) арнайы  экономикалық  аймақтардың  қызметін регламенттейтін құжаттарды:
      арнайы экономикалық аймақтар құруға арналған өтінімнің нысанын ;
      уәкілетті орган мен оператор компания арасындағы, сондай-ақ оператор компания мен арнайы экономикалық аймақтың қатысушылары арасындағы арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін үлгілік шарттарды бекіту;

      6) арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін ақының сомасын келісу;

      7) арнайы экономикалық аймақ туралы тұжырымдаманы, экономикалық негіздемені және ереженің жобасын жасау жөніндегі талаптарды белгілеу ;

      8) Қазақстан Республикасының Үкіметіне арнайы экономикалық аймақты мерзімінен бұрын тарату туралы ұсыныс енгізу;

      9) оператор компанияны айқындау жатады.

      10-бап. Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыреті

      Арнайы экономикалық аймақ әкімшілігінің құзыретіне:
      1) мемлекеттік органдармен арнайы экономикалық аймақтар қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу;

      2) арнайы экономикалық аймақтар құрылатын жер учаскелерін арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағында тіркелген заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын
резидент еместерге уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) беру;

      3) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төленетін ақы сомасының есеп-қисабын жасау;

      4) жеке және заңды тұлғаларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберу туралы шешім қабылдау;

      5) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларымен қызмет жүргізу туралы келісім жасасу;

      6) арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының қызмет жүргізу туралы келісімді орындауы бойынша тексерулер жүргізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен арнайы экономикалық аймақтардың қызметі туралы мемлекеттік органдарға ақпарат беру;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын инфрақұрылымдық ресурстарды салуды және кейіннен оларға пайдалану қызметін көрсетуді ұйымдастыру жатады.

      11-бап. Оператор компанияның құзыреті

      Оператор компанияның құзыретіне:
      1) арнайы экономикалық аймақтың қызметіне қатысу үшін арнайы экономикалық аймақтың әлеуетті қатысушыларын тарту;

      2) жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызмет жүргізуге жіберу жөнінде арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігіне ұсыныстар енгізу;

      3) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу рәсімдерін жедел жүргізу, арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті рұқсат беретін құжаттарды алу мақсатында мемлекеттік органдармен қатынастарда арнайы экономикалық
аймақ қатысушыларының мүдделерін білдіру;

      4) инфрақұрылымдық ресурстарды салу және кейіннен оларға пайдалану қызметін көрсету, арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларына қызмет көрсету;

      5) арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберілген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалармен шарттарды жасасу және оларды бұзу;

      6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына қайшы келмейтін өзге де шаруашылық қызметті жүргізу жатады.

3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

      12-бап. Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының
               құқықтарына кепілдіктер беру

      Арнайы экономикалық аймақтың шекарасын өзгертуді қоса алғанда, ол мерзімінен бұрын таратылған немесе құқықтық режимі өзгертілген жағдайда арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына осындай қызметті жалғастыруға қызмет жүргізу туралы келісімде көзделген шарттармен арнайы экономикалық аймақ құрылатын мерзім аяқталғанға дейін, бірақ он жылдан аспайтын мерзімге кепілдік беріледі. Мерзім арнайы экономикалық аймақтың құқықтық режимінің күші жойылған немесе өзгертілген күннен бастап есептеледі.

      13-бап. Осы Заң күшінің бұрын құрылған арнайы
               экономикалық аймақтарға қолданылуы

      Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін құрылған арнайы экономикалық аймақтар оларды тарату туралы шешім қабылданғанға дейін өз мәртебесін сақтайды.

      14-бап. Қорытынды ережелер

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      2.»"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 1996 жылғы 26 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 179-құжат; N 14, 274-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 6, 191-құжат; 2001 ж., N 15-16, 224-құжат; 2003 ж., N 23, 169-құжат; 2007 ж., N 2, 18-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

О специальных экономических зонах в Республике Казахстан

Закон Республики Казахстан от 6 июля 2007 года № 274. Утратил силу Законом Республики Казахстан от 21 июля 2011 года № 469-IV

      Сноска. Утратил силу Законом РК от 21.07.2011 № 469-IV (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

ОГЛАВЛЕНИЕ

      Настоящий Закон определяет порядок и условия создания, функционирования и упразднения специальных экономических зон на территории Республики Казахстан.

Глава 1. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

      Статья 1 . Основные понятия, используемые в настоящем
                Законе

      В настоящем Законе используются следующие основные понятия:

      1) специальная экономическая зона - ограниченная территория Республики Казахстан с точно обозначенными границами, на которой создаются благоприятные условия для осуществления приоритетных видов деятельности;

      2) администрация специальной экономической зоны - территориальное подразделение уполномоченного органа, действующее на территории специальной экономической зоны;

      3) участник специальной экономической зоны - юридическое лицо, осуществляющее на территории специальной экономической зоны приоритетные виды деятельности и заключившее соглашение о ведении деятельности;

      4) инфраструктурные ресурсы - комплекс сооружений, обеспечивающий потребности участников специальной экономической зоны в тепловой и электрической энергии, водоснабжении, канализации, транспортных коммуникациях, услугах связи и иных видах услуг;

      5) приоритетные виды деятельности - виды деятельности, на которые распространяется правовой режим специальной экономической зоны;

      6) соглашение о ведении деятельности - договор, заключаемый между участником специальной экономической зоны и администрацией специальной экономической зоны, устанавливающий права и обязанности сторон по вопросам осуществления приоритетных видов деятельности на территории специальной экономической зоны;

      7) компания-оператор - юридическое лицо, определяемое уполномоченным органом для привлечения участников специальной экономической зоны, эффективного обеспечения их инфраструктурными ресурсами и иными условиями для осуществления приоритетных видов деятельности;

      8) экспертный совет - консультативно-совещательный орган, создаваемый при уполномоченном органе для представления заключений о целесообразности создания или упразднения специальных экономических зон;

      9) уполномоченный орган - центральный исполнительный орган, осуществляющий государственное регулирование в сфере создания, функционирования и упразднения специальных экономических зон.

      Статья 2. Законодательство Республики Казахстан о
                специальных экономических зонах

      1. Законодательство Республики Казахстан о специальных экономических зонах основывается на Конституции Республики Казахстан и состоит из настоящего Закона и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      2. Если международным договором, ратифицированным Республикой Казахстан, установлены иные правила, чем те, которые содержатся в настоящем Законе, то применяются правила международного договора.

      Статья 3. Цели создания специальных экономических зон

      Специальные экономические зоны создаются в целях развития и поддержки отраслей экономики, ускоренного развития регионов и решения социальных проблем, повышения эффективности предпринимательской деятельности, привлечения инвестиций, технологий и современного менеджмента, создания высокоэффективных и конкурентоспособных производств.

      Статья 4. Порядок создания специальной экономической зоны

      1. Решение о создании специальной экономической зоны принимается Президентом Республики Казахстан по представлению Правительства Республики Казахстан. Положением о специальной экономической зоне, утверждаемым Указом Президента Республики Казахстан, определяется перечень приоритетных видов ее деятельности. .R1100000076

      2. Предложение о создании специальной экономической зоны вносится в уполномоченный орган местными и (или) центральными исполнительными органами, ассоциациями и союзами предпринимателей с представлением заявки, концепции, экономического обоснования создания специальной экономической зоны с оценкой воздействия на окружающую среду и проекта положения о специальной экономической зоне.

      3. Уполномоченный орган отклоняет предложение о создании специальной экономической зоны в случаях:
      1) нецелесообразности создания специальной экономической зоны на основании заключения экспертного совета;
      2) несоответствия предложения о создании специальной экономической зоны приоритетам государственной экономической политики;
      3) неполноты или недостоверности представленных материалов;
      4) несоответствия предложения требованиям в области охраны окружающей среды.

      4. Для рассмотрения предложения о создании специальной экономической зоны в Правительство Республики Казахстан вносятся уполномоченным органом заявка, концепция, экономическое обоснование создания специальной экономической зоны с оценкой воздействия на окружающую среду и проект положения о специальной экономической зоне, по которым имеется положительное заключение экспертного совета.

      Статья 5. Условия создания и функционирования специальных
                экономических зон

      1. Специальные экономические зоны создаются на срок до двадцати пяти лет.

      2. Специальные экономические зоны создаются на земельных участках, находящихся в государственной собственности и не предоставленных в землепользование, либо на земельных участках, принудительно отчужденных у собственников земельных участков и землепользователей для государственных нужд в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан. Основанием такого принудительного отчуждения является создание специальных экономических зон в случае отсутствия в государственной собственности необходимых для этого земельных участков.

      3. В отношении земельного участка, на котором создана специальная экономическая зона, администрация специальной экономической зоны на период функционирования специальной экономической зоны осуществляет права государства как собственника земли.
      Земельный участок, на котором создана специальная экономическая зона, предоставляется администрацией специальной экономической зоны во временное возмездное землепользование (аренду) участникам специальной экономической зоны на основании подпункта 5) статьи 10 настоящего Закона, а также юридическим лицам, индивидуальным предпринимателям и нерезидентам, осуществляющим деятельность через постоянное учреждение, зарегистрированным на территории специальной экономической зоны.

      4. Продажа и иное отчуждение земельных участков на территории специальных экономических зон в период функционирования специальной экономической зоны запрещаются.

      5. Земельные участки должны быть обеспечены достаточными инфраструктурными ресурсами, строительство которых осуществляется за счет бюджетных средств, а также иных источников, не запрещенных законами Республики Казахстан.
      Все объекты, возведенные полностью или частично за счет бюджетных средств, передаются на баланс администрации специальной экономической зоны.

      6. После завершения функционирования специальной экономической зоны владелец расположенного на территории специальной экономической зоны объекта недвижимости, возведенного в рамках соглашения о ведении деятельности, обладает приоритетным правом выкупа в установленном законодательством Республики Казахстан порядке соответствующего земельного участка по его кадастровой (оценочной) стоимости.

      7. Земельные участки, не приобретенные в частную собственность в течение одного года после завершения функционирования специальной экономической зоны, а также инфраструктурные ресурсы, находящиеся на балансе администрации специальной экономической зоны, передаются администрацией специальной экономической зоны местному исполнительному органу соответствующей административно-территориальной единицы.

      Статья 6. Упразднение специальной экономической зоны

      1. Специальная экономическая зона упраздняется по истечении срока, на который она была создана. Сроки и порядок упразднения определяются положением о специальной экономической зоне.

      2. В случае невозможности достижения целей создания специальной экономической зоны она может быть досрочно упразднена Указом Президента Республики Казахстан по представлению Правительства Республики Казахстан.
      Предложение о досрочном упразднении специальной экономической зоны вносится в Правительство Республики Казахстан уполномоченным органом на основании заключения экспертного совета.
      После принятия решения о досрочном упразднении специальной экономической зоны администрация специальной экономической зоны функционирует в течение одного года для завершения процедуры упразднения специальной экономической зоны.

      Статья 7. Правовой режим специальной экономической зоны

      1. Правовой режим специальной экономической зоны распространяется на участников специальной экономической зоны и устанавливается настоящим Законом и иными законами Республики Казахстан.

      2. Налогообложение организаций, осуществляющих деятельность на территориях специальных экономических зон, осуществляется в соответствии с налоговым законодательством Республики Казахстан.

      3. Условия и порядок помещения товаров под таможенную процедуру свободной таможенной зоны на территории специальной экономической зоны устанавливаются таможенным законодательством таможенного союза и (или) таможенным законодательством Республики Казахстан.
      Сноска. Статья 7 с изменениями, внесенными Законом РК от 30.06.2010 № 297-IV (вводится в действие с 01.07.2010). 

Глава 2. УПРАВЛЕНИЕ СПЕЦИАЛЬНОЙ ЭКОНОМИЧЕСКОЙ ЗОНОЙ

      Статья 8. Компетенция Правительства Республики Казахстан

      К компетенции Правительства Республики Казахстан относятся:
      1) разработка основных направлений государственной политики в сфере создания и функционирования специальных экономических зон;
      2) определение уполномоченного органа ;
      3) утверждение положения об экспертном совете и его состава;
      4) внесение представления Президенту Республики Казахстан о создании или досрочном упразднении специальной экономической зоны;
      5) утверждение правил определения компании-оператора.
      Примечание РЦПИ!
      Статью 8 предусмотрено дополнить пп. 6) в соответствии с Законом РК от 05.07.2011 № 452-IV (вводится в действие с 13.10.2011).

      Статья 9. Компетенция уполномоченного органа

      К компетенции уполномоченного органа относятся:
      1) реализация единой государственной политики в сфере создания и функционирования специальных экономических зон;
      2) осуществление координации деятельности государственных органов в сфере создания, функционирования и упразднения специальных экономических зон;
      3) разработка правил определения компании-оператора;
      4) разработка и утверждение правил допуска физических и юридических лиц к осуществлению деятельности на территории специальной экономической зоны;
      5) утверждение документов, регламентирующих деятельность специальных экономических зон:
       формы заявки на создание специальных экономических зон;
       типовых договоров между уполномоченным органом и компанией-оператором, а также между компанией-оператором и участниками специальной экономической зоны, регулирующих порядок осуществления деятельности участников специальной экономической зоны;
      6) согласование суммы платы за пользование земельными участками на территории специальных экономических зон;
      7) установление требований по составлению концепции, экономического обоснования и проекта положения о специальной экономической зоне;
      8) внесение в Правительство Республики Казахстан предложения о досрочном упразднении специальной экономической зоны;
      9) определение компании-оператора.
      Примечание РЦПИ!
      Статью 9 предусмотрено дополнить пп. 10) в соответствии с Законом РК от 05.07.2011 № 452-IV (вводится в действие с 13.10.2011).

      Статья 10. Компетенция администрации специальной
                 экономической зоны

      К компетенции администрации специальной экономической зоны относятся:
      1) взаимодействие с государственными органами по вопросам деятельности специальных экономических зон;
      2) предоставление во временное возмездное землепользование (аренду) участникам специальной экономической зоны, а также юридическим лицам, индивидуальным предпринимателям и нерезидентам, осуществляющим деятельность через постоянное учреждение, зарегистрированным на территории специальной экономической зоны, земельных участков, на которых создаются специальные экономические зоны;
      3) составление расчета суммы платы за пользование земельными участками на территории специальных экономических зон в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан;
      4) принятие решений о допуске физических и юридических лиц к осуществлению деятельности на территории специальной экономической зоны в порядке, определяемом уполномоченным органом;
      5) заключение с участниками специальной экономической зоны соглашений о ведении деятельности;
      6) проведение проверок по исполнению соглашений о ведении деятельности участниками специальной экономической зоны;
      7) предоставление государственным органам информации о деятельности специальных экономических зон в порядке, предусмотренном  законодательством Республики Казахстан;
      8) организация в соответствии с законодательством Республики Казахстан строительства и последующего эксплуатационного обслуживания инфраструктурных ресурсов, осуществляемых за счет бюджетных средств.

      Статья 11. Компетенция компании-оператора

      К компетенции компании-оператора относятся:
      1) привлечение потенциальных участников специальной экономической зоны для участия в деятельности специальной экономической зоны;
      2) внесение предложений в администрацию специальной экономической зоны по допуску физических и юридических лиц к деятельности на территории специальной экономической зоны;
      3) представление интересов участников специальной экономической зоны в отношениях с государственными органами в целях оперативного проведения процедур государственной регистрации юридических лиц, получения разрешительных документов, необходимых для осуществления приоритетных видов деятельности на территории специальной экономической зоны;
      4) строительство и последующее эксплуатационное обслуживание инфраструктурных ресурсов, оказание услуг участникам специальной экономической зоны;
      5) заключение и расторжение договоров с участниками специальной экономической зоны, а также иными физическими и (или) юридическими лицами, допущенными к осуществлению деятельности на территории специальной экономической зоны;
      6) ведение иной хозяйственной деятельности, не противоречащей настоящему Закону и иным законам Республики Казахстан.

Глава 3. ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ И ПЕРЕХОДНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ

      Статья 12. Гарантии прав участников специальных
                 экономических зон

      В случае досрочного упразднения или изменения правового режима специальной экономической зоны, включая изменение границ ее территории, участникам специальной экономической зоны гарантируется право продолжения такой деятельности на условиях, предусмотренных соглашением о ведении деятельности, до окончания срока, на который создается специальная экономическая зона, но не более десяти лет.
      Срок исчисляется со дня отмены или изменения правового режима специальной экономической зоны.

      Статья 13. Распространение действия настоящего Закона на
                 ранее созданные специальные экономические зоны

      Специальные экономические зоны, созданные до введения в действие настоящего Закона, сохраняют свой статус до принятия решения об их упразднении.

      Статья 14. Заключительные положения

      1. Настоящий Закон вводится в действие со дня его официального опубликования.

      2. Признать утратившим силу Закон Республики Казахстан от 26 января 1996 г. "О специальных экономических зонах в Республике Казахстан" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1996 г., N 1, ст. 179; N 14, ст. 274; 1998 г., N 24, ст. 443; 1999 г., N 6, ст. 191; 2001 г., N 15-16, ст. 224; 2003 г., N 23, ст. 169; 2007 г., N 2, ст. 18).

      Президент
Республики Казахстан