Арнайы экономикалық аймақтар қызметін регламенттейтін құжаттарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 18 қазандағы N 305 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4985 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 5 қазандағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012.10.05 № 362 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 5-тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:
      1) арнайы экономикалық аймақтар құруға өтінім нысаны;
      2) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін уәкілетті орган және оператор-компанияның арасындағы, сондай-ақ оператор-компания және арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар арасындағы үлгілік шарттар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық-инновациялық саясат департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қ.У. Бишімбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

                                   Қазақстан Республикасы Индустрия
                                  және сауда министрінің 2007 жылғы
                                     18 қазанда N 305 бұйрығымен
                                              бекітілген

                                       Арнайы экономикалық аймақ
                                       құруға өтінімнің нысаны
                           (Кімге)_________________________________
                                     (Құзыретті органның атауы)
              (Кімнен)______________________________________________
                      (Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсыныс
                        енгізетін жергілікті және/немесе орталық
                      атқарушы органның (қауымдастықтар және/немесе
                                кәсіпкерлер одағы) атауы)

        Арнайы экономикалық аймақты құруға өтінім

______________________________________________________________       (Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ұсынысты енгізетін жергілікті және/немесе орталық атқарушы органның (қауымдастықтар
____________________________________________________________________
        және/немесе кәсіпкерлер одағы) атауы)
"Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес алаңы
__________________________
   (гектармен көрсету)
аумағында_________________________________ _________________________
          (Ұсынылған арнайы экономикалық    (Өңір, қала, елді мекен)
                 аймақтың атауы)
осы арнайы экономикалық аймақты құру мүмкіндігін қарастыруды
ұсынамыз.
      Осы арнайы экономикалық аймақты құру__________________________
                                         (Экономика саласының атауы)
дамыту мақсатында__________(25 жылға дейін) мерзімге жоспарлануда.
               (Жылдар саны)
      Арнайы экономикалық аймақты құру бағасы _________ теңге.
      Арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар (арнайы экономикалық аймақты құру тұжырымдамасы , арнайы экономикалық аймақты құрудың қоршаған ортаға әсері бағасының экономикалық негіздемесі , арнайы экономикалық аймақ туралы ереже жобасы ) қоса берілді.
      Қосымша:_____парақ.

      ______________        ____________________________________
       (Күні, қолы)          (Бірінші басшының лауазымы, т.а.ә.)

      М.О.

                                   Қазақстан Республикасы Индустрия
                                  және сауда министрінің 2007 жылғы
                                     18 қазанда N 305 бұйрығымен
                                              бекітілген

      Ескерту. Шартқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

Уәкілетті орган мен оператор-компания
арасындағы үлгілік шарт

      қ. № » «           N                       20  ж."  "

        Бұдан әрі»"Оператор-компания"»деп аталатын
____________________________________________________________________
                       (заңды тұлғаның атауы)
_____________________________атынан_________________________________
(лауазымы, шартқа қол қойған       (200_ж."_" N жарғының, ереженің,
   адамның т.а.ә.)                         сенімхаттың)
негізінде әрекет ететін және бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын______________________, бірлесіп Тараптар деп аталатындар,
      (уәкілетті органның атауы)
төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

1-тарау. Шарт мәні

      1. Осы шарт Оператор-компанияның осы шарттың 2-тармағында көрсетілген қызметтерді арнайы экономикалық аймақтың аумағында көрсету болып табылады.

      2. Оператор-компанияның функциялары:
      1) арнайы экономикалық аймақты дамыту үшін қазақстандық және шетелдік инвесторларды тарту;
      2) арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар үшін коммуналдық қызметтер ұсынуды ұйымдастыру және/немесе жәрдемдесу;
      3) Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
      4) Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
      5) Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
      6) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың оператор-компаниямен жасалған шарт бойынша өздеріне қабылдаған міндеттемелерді орындауын бақылау;
      7) жеке және заңды тұлғаларға маркетингтік, қаржылық-талдамалық, заңды, консалтингтік қызметтер көрсету;
      8) Арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген Оператор-компания құзыретінің шеңберіндегі өзге қызметтер.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Қызметтер көрсету мерзімдері (Оператор-компания көрсеткен қызметтер кезеңін көрсету).

      4. Қызметтер Уәкілетті орган оның уәкілетті өкілі атынан қызметтер көрсету актісіне қол қойғаннан кейін көрсетілген болып табылады.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      5. Уәкілетті орган осы шартқа қол қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақ аумағында салық және кедендік бақылау органына Оператор-компания туралы мәліметті хабарлауға міндетті.

      6. Уәкілетті орган мыналарға:
      1) қызметтер көрсету барысы мен сапасын тексеруді жүргізуге және бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы жазбаша талаптар беруге;
      2) заң бұзуларды жою туралы талапты тағайындалған мерзімде орындамаған жағдайда шарттан бас тартуға не Оператор-компания есебінен үшінші тұлғаға жұмысты түзеуді тапсыруға;
      3) Оператор-компания осы шарт бойынша өзіне қабылдаған міндеттерді орындамаған жағдайда, шартты осы шарттың 3-тармағында көрсетілген мерзім басталғанға дейін бұзуға, бұл туралы Оператор-компанияға отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша хабарлауға құқылы.

      7. Оператор-компания мыналарға міндетті:
      1) тиісті сапалы қызметтер көрсетуге;
      2) арнайы экономикалық аймақ аумағындағы арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне ол қол қойылған сәттен бастап үш күн ішінде бір мезгілде шарт көшірмесін ұсына отырып, арнайы экономикалық аймаққа қатысушымен шарт жасалғаны туралы хабарлауға;
      3) арнайы экономикалық аймақ әкімшілігіне арнайы экономикалық аймаққа қатысушымен шарт жасасқаны туралы оған қол қойылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шарттың көшірмесін бір уақытта беру арқылы хабарлауға;
      4) Уәкілетті орган көрсетілген қызметтердің барысы мен сапасына тексеру жүргізген кезде қызметтерді көрсету барысы мен сапасын тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органның қызметкерлерін Оператор-компанияның үй-жайына кіргізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ қажетті құжаттар мен материалдарды беруге;
      5) Уәкілетті орган жүргізген көрсетілген қызметтердің барысы мен сапасын тексерудің нәтижелерінде Оператор-компания қызметтерді көрсету кезінде бұзушылықтарды анықтаған жағдайда оны компания-оператор берген сәттен бастап белгілі уақыт ішінде (үш айдан аспайтын кезеңді көрсету) жазбаша талаптарға сәйкес бұзушылықтарды жоюға міндетті.

      8. Оператор-компания мыналарға:
      1) Уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жасалған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметті жүзеге асыруға жіберілген өзге жеке және (немесе) заңды тұлғалармен шарт жасасу және бұзу;
      2) егер заңнамалық актілерден немесе шарттан өзгелер туындамаса Оператор-компания шартты орындауға осы шарттың 2-тармағында санамаланған қызметтерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген Оператор-компания құзыретінің шеңберінде өзге қызметтерді көрсетуге құқығы бар үшінші тұлғаны тартуға;
      3) арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге шаруашылық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      9. Тараптар жауапкершілігінің шаралары Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес қолданылады.

      10. Оператор-компания осы шартты орындауға үшінші тұлғаларды тартқан жағдайда, Оператор-компания Уәкілетті орган алдында үшінші тараптың міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жауапты болады.

      11. Егер заңнамалық актілермен немесе шартпен өзгедей көзделмеген болса, Уәкілетті орган немесе үшінші тұлғаның олардың Компания-оператормен шарттарды бұзуымен байланысты талаптарды бір біріне қоюға құқығы жоқ.

4-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      12. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

      13. Тараптар келіссөздер жолымен дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте соттың қарауына береді.

5-тарау. Форс-мажор

      14. Тараптар мынадай форс-мажор (бағындырылмайтын күш): су тасқыны және өзге де апатты зілзалалар, өрт, жер сілкінісі, жарылыстар, күтпеген ауа-райы жағдайлары, өзге де табиғи және техногендік құбылыстар, соғыс, эмбарго, көтеріліс, індет, карантин, төтенше жағдай, коменданттық сағат енгізу, мемлекеттік органдардың тыйым салу сипатындағы нормативтік актілерді шығаруы, заңнаманы өзгерту, сондай-ақ осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей әсер еткен не осы шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына мүмкіндік бермейтін Тараптардың еркіне тәуелсіз өзге жағдайлар жағдайы туындаған жағдайда міндеттемелерді толық немесе жартылай орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      15. Форс-мажор жағдайы туындағанда осы шартқа сәйкес қандай да бір міндеттерді орындауы осындай жағдайдың туындауынан мүмкін болмаған Тарап форс-мажор туындаған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші тарапты жазбаша нысанда (осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудың мүмкін еместігін дәлелдеп және негізін көрсете отырып) хабардар етуге міндетті.

      16. Хабарламау немесе уақытында хабарламау Тарапты форс-мажордың кез келген жағдайына осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамауына жауапкершіліктен босатуға негіздеме ретінде сүйену құқығынан айырады, осындай хабарлау немесе уақытында хабарламау тиісті форс-мажор жағдайымен тікелей байланысты болған жағдайды қоспағанда. Форс-мажор жағдайының басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама форс-мажор жағдайы жалпыға мәлім және жаппай сипатқа ие болған және дәлелдемені талап етпейтін жағдайды қоспағанда құжатпен не тиісті органның және/немесе осындай жағдайды растайтын мекеменің куәлігімен расталуы тиіс.

      17. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі, сондай-ақ осы жағдайлар туындатқан салдар форс-мажор жағдайы қолданылған кезең ішіндегі уақытқа теңестіріліп шегіндіріледі. Егер форс-мажор жағдайының туындаумен байланысты осы шарт бойынша Тараптар міндеттемелерін толық немесе жартылай орындауы______ (кезең көрсетіледі) астам уақыт ішінде мүмкін болмаса, онда Тараптар осы шартты бұзуға құқылы.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      18. Осы Шартқа кез келген өзгеріс пен толықтыру олар жазбаша нысанда жасалған және оған тараптардың осыған уәкілетті органдары қол қойған жағдайда күшінде болады.

      19. Осы шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда Тараптар үшін қолайлы өзге тілде тең заңды күші бар___ түпнұсқалы данада жасалды, оның___ данасы уәкілетті орган үшін және___ данасы Оператор-компания үшін. Тараптар, осы шарттың ережелерін талқылауда түсініспеушіліктер туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.

      20. Осы шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және егер де осы шартпен өзгедей көзделмесе, осы шарттың 3-тармағында көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін әрекет етеді.
      Шарттың әрекет ету мерзімі Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте шартты ұзарту мерзімі арнайы экономикалық аймақтың қолданысын тоқтатқанға дейін қалған мерзімнен аспауы тиіс.

Тараптардың заңды мекен-жайлары және
банктік реквизиттері

   Уәкілетті орган                       Оператор-Компания
___________________________      _____________________________
(уәкілетті органның атауы)              (заңды тұлғаның атауы)
                                    ________________________________
                                            (тұратын елі)
______________________________      ________________________________
(қала, к/б, көше, үй және кеңсе      (қала, к/б, көше, үй және кеңсе
нөмірі, факс, телефон нөмірі)         нөмірі, факс, телефон нөмірі)
______________________________      ________________________________
(есептік немесе валюталық           (есептік немесе валюталық
есепшоттың нөмірі, МФО қызмет      есепшоттың нөмірі, МФО қызмет
көрсететін банктің атауы, СТН,     көрсететін банктің атауы, СТН,
тағайындалған төлем коды)           тағайындалған төлем коды)
______________________________      ________________________________
(шартқа қол қойған адамның           (шартқа қол қойған адамның лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөр)          лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөр)

                                   Қазақстан Республикасы Индустрия
                                  және сауда министрінің 2007 жылғы
                                     18 қазанда N 305 бұйрығымен
                                              бекітілген

      Ескерту. Шартқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

     Оператор компания мен арнайы экономикалық аймақтың
   қатысушысының арасындағы арнайы экономикалық аймақтың
       қатысушысының қызметін жүзеге асырудың тәртібін
                     реттейтін үлгілік шарт

_______қ. №                 N____               20__ ж."__"»_____

      Бұдан әрі»"Оператор-компания"»деп аталатын
___________________________________________________________________
                       (заңды тұлғаның атауы)

____________________________атынан_________________________________
(лауазымы, шартқа қол қойған        (200_ж. "__" N_____жарғының,
      адамның т.а.ә.)                   ереженің, сенімхаттың)
негізінде әрекет ететін және бұдан әрі»"Оператор-компания" деп аталатын__________________________, екінші жағынан, бірлесіп
        (уәкілетті органның атауы)
Тараптар, ал жеке Тарап деп аталатын төмендегілер туралы осы шартты жасасты.

1-тарау. Шарт мәні

      1. Осы шарттың мәні Оператор компанияның Қатысушыға өтеусіз маркетингтік, қаржылық-талдамалық, заң, консалтингтік, коммуналдық қызметті, сондай-ақ Оператор компанияның өз құзыреті шеңберінде Арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де қызметтерді (бұдан әрі - Қызметтер) ұсынуы болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      3. Шарт___ жыл мерзіміне жасалады және оған Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
      Шарттың қолдану мерзімі тараптардың өзара келісім бойынша ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте шарттың мерзімін ұзарту арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін тоқтатуға дейінгі қалған мерзімнен аспауы тиіс.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Оператор компания Қызметтерді сапалы және уақытында ұсынуға міндетті.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Қатысушы Қызметті қабылдауға және төлеуге міндетті.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      6. Оператор-компания және Қатысушы осы шарттың 3-тармағында көрсетілген отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей ол туралы басқа Тарапқа жазбаша хабарлай отырып, мерзімі келгенге дейін шартты бұзуға құқығы бар.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      7. Алынып тасталды - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Тараптар жауапкершілігінің шаралары Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық заңнаманың талаптарына сәйкес қолданылады.

      9. Тараптар осы шарттың 4, 5-тармақтар талабын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, осы шартты бұзған Тарап, екінші Тарапқа мына көлемде (төлеуге қажетті соммадан кемінде 0,01%, бірақ 0,1 % астам емес) әрбір өткен күн үшін тұрақсыздық төлемін төлейді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008.03.14 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

4-тарау. Дауларды шешу тәртібі

      10. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер арқылы шешіледі.

      11. Тараптар келіссөздер жолымен дауларды шешу мүмкін болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте соттың қарауына береді.

5-тарау. Форс-мажор

      12. Тараптар мынадай форс-мажор (бағындырылмайтын күш): су тасқыны және өзге де апатты зілзалалар, өрт, жер сілкінісі, жарылыстар, күтпеген ауа-райы жағдайлары, өзге де табиғи және техногендік құбылыстар, соғыс, эмбарго, көтеріліс, індет, карантин, төтенше жағдай, коменданттық сағат енгізу, мемлекеттік органдардың тыйым салу сипатындағы нормативтік актілерді шығаруы немесе заңнаманы өзгерту, сондай-ақ осы шарт бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей әсер еткен не осы шарт бойынша Тараптардың міндеттемелерді орындауына мүмкіндік бермейтін Тараптардың еркіне тәуелсіз өзге жағдайлар жағдайы туындаған жағдайда міндеттемелерді толық немесе жартылай орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      13. Форс-мажор жағдайы туындағанда осы шартқа сәйкес қандайда бір міндеттерді орындауы осындай жағдайдың туындауынан мүмкін болмаған Тарап форс-мажор туындаған немесе аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бұл туралы екінші тарапты жазбаша нысанда (осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындаудың мүмкін еместігін дәлелдеп және негізін көрсете отырып) хабардар етуге міндетті.

      14. Хабарламау немесе уақытында хабарламау Тарапты форс-мажордың кез келген жағдайына осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамауына жауапкершіліктен босатуға негіздеме ретінде сүйену құқығынан айырады, осындай хабарлау немесе уақытында хабарламау тиісті форс-мажор жағдайымен тікелей байланысты болған жағдайды қоспағанда. Форс-мажор жағдайының басталғаны және тоқтатылғаны туралы хабарлама форс-мажор жағдайы жалпыға мәлім және жаппай сипатқа ие болған және дәлелдемені талап етпейтін жағдайды қоспағанда құжатпен не тиісті органның және/немесе осындай жағдайды растайтын мекеменің куәлігімен расталуы тиіс.

      15. Осы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі, сондай-ақ осы жағдайлар туындатқан салдар форс-мажор жағдайы қолданылған кезең ішіндегі уақытқа теңестіріліп шегіндіріледі Егер форс-мажор жағдайының туындаумен байланысты осы шарт бойынша Тараптар міндеттемелерін толық немесе жартылай орындауы____ (кезең көрсетіледі) астам уақыт ішінде мүмкін болмаса, онда Тараптар осы шартты бұзуға құқылы.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      16. Осы Шартқа кез келген өзгеріс пен толықтыру олар жазбаша нысанда жасалған және оған тараптардың осыған уәкілетті органдары қол қойған жағдайда күшінде болады.

      17. Осы шарт мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде, ал қажет болған жағдайда Тараптар үшін қолайлы өзге тілде тең заңды күші бар___түпнұсқалы данада жасалды, оның___данасы Оператор-компания үшін және_____данасы Қатысушы үшін. Тараптар, осы шарттың ережелерін талқылауда түсініспеушіліктер туындаған жағдайда орыс тіліндегі мәтінді пайдаланатын болады.

       Тараптардың заңды мекен-жайлары және банктік
                        реквизиттері

    Оператор-Компания                      Қатысушы       
___________________________      _____________________________
   (заңды органның атауы)                (заңды тұлғаның атауы)
________________________________
      (тұратын елі)
______________________________      ________________________________
(қала, к/б, көше, үй және кеңсе      (қала, к/б, көше, үй және кеңсе
нөмірі, факс, телефон нөмірі)         нөмірі, факс, телефон нөмірі)
______________________________      ________________________________
(есептік немесе валюталық           (есептік немесе валюталық
есепшоттың нөмірі, МФО қызмет      есепшоттың нөмірі, МФО қызмет
көрсететін банктің атауы, СТН,     көрсететін банктің атауы, СТН,
тағайындалған төлем коды)           тағайындалған төлем коды)
______________________________      ________________________________
(шартқа қол қойған адамның           (шартқа қол қойған адамның лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөр)          лауазымы, Т.А.Ә., қолы, мөр)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады