Арнайы экономикалық аймақ туралы ереженің жобасын және экономикалық негіздемесін, тұжырымдамасын құру туралы талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 24 қазандағы N 311 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4996 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 5 қазандағы № 362 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012.10.05 № 362 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңының 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың тұжырымдамасын жасау жөніндегі талаптар;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың экономикалық негіздемесін құру жөніндегі талаптар;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақ құру туралы ереже жобасын жасау жөніндегі талаптар бекітілсін.

      2. Индустриялық-инновациялық саясат департаменті (Ғ.М. Әміреев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Қ.У. Бишімбаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ол бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау министрі
      2007 жылғы 31 қазан

Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрінің 2007 жылғы
12 қарашадағы N 311 бұйрығына 
1-қосымша           

Арнайы экономикалық аймақтың тұжырымдамасын жасау
бойынша талаптар

      1. Осы арнайы экономикалық аймақтың тұжырымдамасын жасау бойынша талаптар (бұдан әрі - Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) тұжырымдамасын әзірлеу кезінде орындау үшін міндетті болып табылады.

      2. Осы Талаптардың мақсаты - жергілікті және (немесе) орталық атқарушы органдарға, қауымдастықтарға және кәсіпкерлер одағына АЭА-ның мақсаттарын, дамыту бағыттарын және қойылған мақсаттарға қол жеткізу құралдарын айқындайтын негізгі стратегиялық құжаты - АЭА тұжырымдамасын әзірлеуге жәрдемдесу.

      3. АЭА тұжырымдамасы Арнайы экономикалық аймақтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Талаптарға сәйкес әзірленеді.

      4. АЭА тұжырымдамасының мазмұны мынадай құрылымға сәйкес болуы тиіс:
      кіріспе;
      өңірдің ағымдағы экономикалық жай-күйін талдау;
      АЭА құру мақсаттары мен міндеттері;
      АЭА-ның географиялық орналасуы: алаңы, орналасқан жері;
      АЭА қызметінің басым түрлері;
      АЭА-ға әлеуетті қатысушылар;
      АЭА құрудан өңірлік экономикаға оң әсер ету.

      5. "Кіріспеде" мыналар сипатталады:
      АЭА-ның атауы;
      АЭА құруға негіздеме.

      6. Өңірдің ағымдағы жай-күйін талдау.
      Осы бөлімде мыналар бейнелену тиіс:
      АЭА құру болжалынған өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық, саяси, табиғи-климатикалық ерекшеліктері;
      инфрақұрылыммен қамтамасыз етілгендігі, инвестициялық құрастырушылары және АЭА-ның болжамды орналасатын жерін және әсер ету саласын сипаттайтын өзге де көрсеткіштері;
      қызметтің басым түрлері бойынша өңір саласының ағымдағы жай-күйін қысқаша талдамалық талдау;
      арнайы экономикалық аймақтарды орналастырудың негізгі алғышарттары, өңірдің геоэкономикалық жағдайының бәсекелестік артықшылықтары.

      7. "АЭА құру мақсаттары мен міндеттері" бөлімінде АЭА құру мен дамытудың АЭА географиялық жағдаймен байланыстырылған, табиғи және еңбек ресурстарына ие, шетелдік инвесторлардың мүмкін болатын мүдделеріне және АЭА-ны дамытуға қажетті экономикалық, әлеуметтік және географиялық факторларына ие мақсаттар мен міндеттер бейнеленуі тиіс.

      8. "АЭА-ның географиялық орналасуы: алаңы, орналасқан жері" деген бөлімде 1:20000 және 1:100000 ауқымда АЭА құру жоспарланған жер телімдерінің жай-күйін сипаттайтын картографиялық схемалар жазылуы тиіс.

      9. АЭА қызметінің басым түрлері.
      Осы бөлімде АЭА аумағында жүзеге асырылуы тиіс қызметтің басым түрлері көрсетілуі тиіс.
      Қызметтің басым түрлері АЭА-ның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі және салықтық заңнамаға қайшы келмеуі тиіс.
      Құрылатын АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлерінің тізбесіне енгізу үшін АЭА аумағындағы осы немесе өзге қызметті жүзеге асырудың орындылығының нақты негіздемелері келтірілуі тиіс.

      10. АЭА-ның әлеуетті қатысушылары.
      Осы бөлімде АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға үміткер ұйымдар көрсетіледі.
      Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанын, өзіндік өндірістің болуын, сондай-ақ қызметтің басым түрлері жұмыс тәжірибесінің болуын көрсету қажет.

      11. "АЭА құрудан өңірлік экономикаға оң әсер" бөлімінде АЭА қалыптастырудың болжамды нәтижелері болуы тиіс. Осы нәтижелерді аумағында АЭА құру болжалынған өңірдің ерекшелігіне сүйене отырып нақтылау қажет. Міндеттерді осындай түрдегі нақтылау оның тиімділігін тексерудің қосымша құралы ретінде қызмет ететін болады.

      12. АЭА тұжырымдамасы мүдделі органдармен келісілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрінің 2007 жылғы
12 қарашадағы N 311 бұйрығына 
2-қосымша           

Арнайы экономикалық аймақтың экономикалық негіздемесін
жасау жөніндегі талаптар

      1. Арнайы экономикалық аймақтың экономикалық негіздемесін жасау жөніндегі осы талаптар (бұдан әрі - ЭН) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7-тармақшасына сәйкес әзірленген және арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) ЭН-ді әзірлеу кезінде қолдану үшін міндетті болып табылады.

      2. АЭА құрудың оңтайлы шешімінің жобасын әзірлеу, оның ішінде АЭА-ның неғұрлым оңтайлы құрылымы мен масштабы, АЭА-ны іске асыру және қалыптастыру шеңберінде ұсынылатын маркетингтік, техника-технологиялық, қаржылық, институттық, экологиялық, әлеуметтік және басқа шешімдер бойынша неғұрлым мақсатқа сай ұсыныстар АЭА-ның әзірлеу мақсаты болып табылады.

      3. ЭН құрылымы мынандай құрылымға сәйкес болуы қажет:
      АЭА түйіндемесі;
      кіріспе;
      маркетингтік бөлім;
      техника-технологиялық бөлім;
      экологиялық бөлім;
      институттық бөлім;
      қаржылық бөлім;
      экономикалық бөлім;
      әлеуметтік бөлім;
      АЭА туралы жалпы қорытынды;
      ережелер.

      4. АЭА түйіндісі:
      АЭА атауы;
      АЭА қызметінің негізгі бағыттарын;
      АЭА мақсаттары мен міндеттерін;
      АЭА орналасу орнын (облыс, қала, шекарасының көрсетілуімен);
      АЭА масштабын, оның ішінде АЭА қуатымен;
      АЭА компоненттерін, олардың әрбіреуінің құнының көрсетілуімен;
      ұсынылатын қаржыландыру көздері мен схемаларын;
      АЭА-ны іске асыру кезеңін құрау қажет.

      5. "Кіріспе" бөлімінде АЭА-ны іске асыруға ұсынылатын, оның ішінде халық өмірінің қазіргі және болжанатын деңгейінің көрсеткіштері, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді, АЭА-ға ықпалдасуға ұсынылатын орналасу орны мен облысын сипаттайтын инвестициялық климат және басқа экономикалық көрсеткіштері көрсетілетін қолданыстағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, гидрогеографиялық, гидрологиялық, инженерлік-геологиялық және басқа шарттар мазмұндалады.
      Осы бөлімде АЭА ЭН әрбір келесі бөлімдерінде салыстырмалы талдау өткізілуі бойынша мәселелер анықталады, сондай-ақ АЭА құру мақсатына жетуге қозғалатын мәселелерді шешуге барлық мүмкін нұсқамалар көрсетіледі.

      6. Маркетингтік бөлім АЭА-ны іске асыру шешімінде өндірілетін (ұсынылатын) болатын, өнім (қызмет) түрлеріне қазіргі және перспективалық сұраныс бағасын (АЭА-ның даму және қалыптасу кезеңінде) көрсетіледі.
      Осы бөлім:
      сұраныс параметрлерінің санының бағасын және негіздемесін, әлеуметтік жағдайдағы қажеттілік өнімі (қызметі) немесе бағасы, оның үрдісі мен бағасына өзі ұсынатын, АЭА құруға сұраныс немесе әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін талдау;
      елдің, өңірдің экспорттық әлеуетінің өсуіне АЭА ықпалының бағасы;
      АЭА қалыптастыруға байланысты өндіріс шикізаты, материалдары мен басқа факторлар нарығына талдау;
      АЭА шеңберінде сатып алынатын, тауарлар, жұмыстар және қызметтер бағасын және нарығын талдау;
      осы салада қолданылатын объектілердің жұмысын талдау, оның ішінде көрсетілген саладағы дамудың негізгі үрдістерді қоса отырып, бәсекелестік талдаулар;
      өнімді (қызметті) өткізуге жәрдемдесу жөнінде ұсынылатын іс-шаралар;
      негізгі тәуекел факторларын, ұзақтық сипатын және өзгерістер диапазонын, тәуекелді төмендету бойынша ұсынылған іс-шараларды анықтайтын, коммерциялық тәуекелді бағалауды;
      маркетингтік зерттеулерді өткізуде қолданылатын ақпарат және әдістеме көздерін қосу керек.

      7. Техника-технологиялық бөлім АЭА-ның құрылымы көрсетілетін, АЭА-ны іске асырудың әр түрлі технологиялық шешімдерін, АЭА компоненттерінің параметрлерін анықтайтын техникалық шешімін, сондай-ақ оның құнын көрсетеді.
      Осы бөлім:
      АЭА - ны іске асыруда әртүрлі технологиялық шешімдерді, олардың басымдығы мен жетіспеушіліктерін, таңдалған нұсқаманың негіздемесін талдау;
      Шикізат, тұтынушы өнімдері мен қызметтерін, географиялық ерекшелігі жеткізушінің және орналасу көздеріне қатысты көлік магистраліне жақындығы;
      АЭА-ны орналастырудың орнын таңдауды, шикізаттың көздері мен жеткізушілеріне, өнімдер мен қызметтерді тұтынушыларға, көлік магистралдарына жақындығына, географиялық ерекшеліктеріне қатысты орналасуын негіздейтін АЭА-ның орналасқан жерін;
      АЭА жобасының қуаттылығын, АЭА қуаттылығын игеру қарқынының есептік негіздемесін айқындайтын АЭА ауқымын;
      АЭА-ның өңірдің инфрақұрылымына және бірлескен (аралас) салаларды дамытуға әсерін бағалауды;
      АЭА орналасатын аумақтың инженерлік жарақтармен, яғни, көліктік кіре беріс пен құралдар, энергия, жылу, су құбыры мен кәріз, қойма үй-жайларымен қамтамасыз етілуін;
      уақыты бойынша іс-шаралардың реттілігі мен ұзақтылығын графикалық кескінде көрсете отырып, АЭА-ның инвестициялық кезеңін іске асыру жылдары бойынша және технологиялық сатылары бойынша көрсететін алға қойылған міндеттерді іске асыру кестесін (жоспар-кесте);
      тәуекелдің негізгі факторларын, болжамды сипаты мен өзгеріс диапазонын, тәуекелдерді төмендету жөніндегі болжамды іс-шараларды айқындайтын техникалық тәуекелдерді бағалауды қамтуы тиіс.

      8. Экологиялық бөлім АЭА-ны құрудың экологиялық аспектілерін көрсетеді.
      Осы бөлім мыналарды қамтуы тиіс:
      қоршаған ортаға жағдайына АЭА әсерін бағалау, АЭА-ны іске асырудан экологиялық зиянды сандық бағалау және оның зиянды әсерін азайту бойынша болжамды іс-шаралар;
      тұтастай алғанда өңірдің де, елдің де экологиялық жағдайын жақсарту үшін болжанатын іс-шаралар мен олардың сандық сипаттағы нәтижесі;
      тәуекелдің негізгі факторларын айқындайтын экологиялық тәуекелдерді бағалау, болжамды сипаты мен өзгеру диапазоны, тәуекелдерді азайту бойынша болжамды іс-шаралар.

      9. Институционалды бөлім АЭА-ның өміршеңдік кезеңінің өн бойында басқарудың құқықтық негіздерін, құрылымы мен қаржылық шығындарын бағалауды, сондай-ақ қаржыландыру көздерін сипаттай отырып, басқару сызбасын қамтуы тиіс. Жаңа институционалды сызбаны жасаған жағдайда балама нұсқаларды келтіре отырып, осы сызбаны жасаудың егжей-тегжейлі негіздемесін көрсету қажет.

      10. Қаржылық бөлім АЭА-ның балама кестелері мен қаржыландыру көздерін бағалаумен қатар қаржылық шығындар мен кірістерді бағалауды қамтиды.
      Осы бөлім мыналарды:
      инфрақұрылым объектілерінің құрылысына арналған шығындарды қоса алғанда АЭА құруға арналған болжамды шығындарды бағалауды;
      жалпы инвестициялық шығындарды есептеуді, қаржыландырудағы қажеттіліктерді бөлуді;
      өндірістік шығындарды (пайдалану шығындарын) есептеуді;
      мыналарды қамтитын:
      қаржылық бағалаудың қарапайым әдістерінің, оның ішінде өтімділік мерзімін, табыстың қарапайым нормасын, берешекті жабудың коэффициентін есептеудің көмегімен АЭА-ның талдауын;
      дисконттау әдістерінің, оның ішінде дисконтталған таза табысты (NPV), табыстылықтың ішкі нормасын (IRR), дисконтталған пайда мен шығынның ара қатынасын (B/C), өтімділіктің дисконтталған мерзімін есептеу арқылы АЭА-ның талдауын;
      қаржыландыру мен олардың балама нұсқаларының кестелерін, көздерін, шарттарын талдауды;
      тәуекелдің негізгі факторларын айқындайтын тәуекелдерді қаржылық бағалауды, болжамды сипаты мен өзгеру ауқымын, тәуекелдердің төмендеуі бойынша болжамды іс-шараларын АЭА қаржылық талдауын қамтуы тиіс.

      11. Экономикалық бөлім тұтастай республика (өңір) экономикасының көзқарасынан алғанда АЭА құрудың талдауын көрсетеді.
      Осы бөлім мыналарды:
      өңірдің АЭА-мен және АЭА-сыз экономикалық жағдайын;
      экономикалық пайда мен шығынды, оның ішінде нәтижелердің талдауын, салдары мен әсерлерін, шығындар мен өлшенбейтін пайданың тиімділігін талдауды, өсірілген пайда мен шығынды, тұтынушының қосымша пайдасын, қайтымсыз шығында, сыртқы әсерді, халықаралық әсерді, жанама пайданы бағалайды;
      неғұрлым аз шығынды талдау;
      АЭА-ның бюджеттік тиімділігін есептеу;
      АЭА-ның экономикалық тиімділік көрсеткішін, оның ішінде экономикалық дисконтталған таза табысты (ЕNPV) және экономикалық табыстылықтың ішкі нормасын (ЕIRR) қамтуы тиіс.

      12. Әлеуметтік бөлім АЭА-ның әлеуметтік аспектілерін және бенефициарлары бойынша АЭА-ның міндеттерін іске асырудан түсетін пайданы бейнелейді.
      осы бөлім мыналарды:
      халықтың әлеуметтік-мәдени және демографиялық сипаттамасы тұрғысынан алғанда АЭА-ны құрудың негіздемелігін;
      еңбек ресурстарындағы АЭА-ның қажеттілігін және оның халықты жұмыспен қамтуға әсерін;
      тиісті біліктіліктерді еңбек ресурстарымен нақты қамтамасыз етушілікті;
      жұмыскерлер мен мамандарды оқыту мен қайта даярлаудың қажеттілігін;
      еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының нормаларын;
      халықтың өмір деңгейінің көрсеткіштерін есептеуді (демографиялық көрсеткіштер, халықтың табыстары, жұмыспен қамтудың деңгейі, білім деңгейін арттыруға әсері және т.с.с);
      тәуекелдің негізгі факторларын айқындайтын әлеуметтік тәуекелдерді бағалау, болжамды сипаты мен өзгеру диапазоны, тәуекелдерді азайту бойынша болжамды іс-шараларды қамтуы тиіс.

      13. "Жалпы пайда" бөлімінде АЭА-ның негізгі құндылықтары мен жетіспеушіліктері, АЭА-ны іске асырудың оңтайлы нұсқаларын таңдау бойынша түйіндер мен қисынды сипаттау, АЭА-ны құру жобасы бойынша негізгі тәуекелдер, басқа да қорытындылар сипатталады.

      14. АЭА ЭН-ға қосымша АЭА-ны іске асырудың әрбір қаралатын нұсқалары бойынша қаржы-экономикалық моделін, шығыстар кестесін, қырқын, өтімділік сызбасын, диаграммаларды, суреттерді, жергілікті жердің картасы мен басқа да материалдарды және АЭА ЭН келтірілген ақпараттарды растайтын және ашатын құжаттарды қамтуы тиіс.

      15. АЭА ЭН мүдделі органдармен келісілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Индустрия
және сауда министрінің 2007 жылғы
12 қарашадағы N 311 бұйрығына 
3-қосымша         

Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ереже жобасын
жасау бойынша талаптар

      1. Осы Арнайы экономикалық аймақ құру туралы ереже жобасын жасау бойынша талаптар (бұдан әрі - Ереже) "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Арнайы экономикалық аймақтың (бұдан әрі - АЭА) тұжырымдамасын жасау жөніндегі әдістемелік негіздеме болып табылады.

      2. Осы Талаптар, АЭА ережесін әзірлеу кезінде орындау үшін міндетті болып табылады.

      3. АЭА туралы ереже жобасының құрылымы мынадай бөлімдерден тұруы тиіс:
      1) жалпы ережелер;
      2) АЭА мақсаттары мен міндеттері;
      3) АЭА қалыптастыру мерзімдері;
      4) АЭА-ны басқару;
      5) АЭА аумағындағы қызметтің негізгі түрлері;
      6) АЭА аумағында салық салу;
      7) АЭА аумағындағы кедендік реттеу;
      8) АЭА аумағында шетелдік азаматтардың болуы тәртібі;
      9) қорытынды ереже.

      4. Жалпы ереже.
      Осы бөлімде мыналар көзделеді:
      АЭА атауы;
      АЭА-ның орналасқан жері (облысы, қала, аудан);
      АЭА-ны әзірлеу негізі;
      АЭА аумағындағы халықаралық шарттардың әрекеті.

      5. АЭА мақсаттары мен міндеттері.
      Осы бөлімде қол жетімділігі мен шешімі АЭА орналасатын нақты аумақтың өндірістік және өндірістік емес салаларын тиімді дамытуға және Қазақстан экономикасының жалпы дамуына ықпал ететін АЭА құру мен қалыптастырудың мақсаттары мен міндеттері айқындалуы тиіс.

      6. АЭА қалыптастыру мерзімдері.
      Осы бөлімде АЭА құрылатын кезең көрсетіледі. "Қазақстан Республикасында арнайы экономикалық аймақтар туралы" Заңға сәйкес АЭА-ны қалыптастыру мерзімі 25 жылдан аспауы тиіс.

      7. АЭА-ны басқару.
      Осы бөлім АЭА-ны басқарудың, құқықтық негізін, басқару құрылымын, сондай-ақ АЭА әкімшілігінің өкілеттігін сипаттай отырып схемасын қамтуы тиіс.

      8. "АЭА аумағындағы негізгі қызметтер" деген бөлімде АЭА аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесі айқындалады.

      9. АЭА аумағында салық салу.
      АЭА аумағында салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес реттелуі тиіс.

      10. Кедендік реттеу.
      АЭА аумағы Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасына сәйкес еркін кедендік аймақ кедендік режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасы кедендік аумағының бөлігі болып табылады. АЭА шекарасы оның периметрі бойынша арнай қоршаулармен жабдықталады.
      АЭА аумағында кедендік бақылау мен бақылау Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасында айқындалған тәртіпте жүзеге асырылуы тиіс.

      11. АЭА аумағында шетелдік азаматтардың болуы тәртібі.
      АЭА аумағында шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ азаматтардың, сондай-ақ олардың көліктік құралдарының келуі, кетуі, транзиті мен болуының Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдерімен белгіленген тәртібі қолданылуы тиіс.

      12. Қорытынды ережелер.
      Қорытынды ережелерде рәсім және АЭА-ны таратудың оның ішінде АЭА-ны мерзімінен бұрын таратқан жағдайда "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қайшы келмейтін негіздемесі сипатталады.

      13. АЭА туралы ереже жобасы мүдделі органдармен келісілуі тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады