Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне дербес деректер және оларды қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 95-V Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. 1994 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат):
      1) 15-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, азамат өз есiмi оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.»;
      2) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      «4. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтың тұрғылықты жерi және заңды мекенжайы туралы ақпарат оның келiсiмiнсiз пайдаланылған жағдайда, оған тыйым салынуын талап етуге құқылы.».
      2. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13-құжат; № 3, 26, 27-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 21-құжат):
      1) мазмұнындағы 142-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу»;
      2) 142-бап мынадай редакцияда жазылсын:
       «142-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу
      1. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын жеке өмiрi туралы мәлiметтердi оның келiсiмiнсiз заңсыз жинау не өзге де дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру – айлық есептік көрсеткiштің төрт жүзден жетi жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
      2. Дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды қолдану міндеті жүктелген адамның мұндай шараларды сақтамауы, егер осы әрекет адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірсе –
      айлық есептiк көрсеткiштің жетi жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
      3. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу мақсатында жасаған, осы баптың бірінші және (немесе) екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, сол сияқты осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетілген мәлiметтердi көпшiлiк алдында сөйлеген сөзде, көпшiлiкке көрсетiлетiн шығармаларда немесе бұқаралық ақпарат құралдарында тарату –
      қылмыс жасау жарағы немесе құралы болып табылатын мүлкі тәркіленіп не онсыз айлық есептiк көрсеткiштің бiр мыңнан екі мыңға дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға, не екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
      3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 21-22, 87-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 12, 72-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 15-16, 62, 63-құжаттар; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 15-16, 71, 73-құжаттар; № 17, 81, 83-құжаттар; № 23, 113, 115-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 11, 59-құжат; № 17-18, 111-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 44-құжат; № 10, 77-құжат; № 14, 93-құжат; 2013 ж., № 2, 10, 13-құжаттар):
      1) 33-баптың бірінші бөлігіндегі «142-баптарында, 144-бабында (бірінші бөлігінде), 145-бабында (бірінші бөлігінде), 300-бабында (бірінші бөлігінде)» деген сөздер «142 (бірінші бөлігінде), 144 (бірінші бөлігінде), 145 (бірінші бөлігінде), 300 (бірінші бөлігінде)-баптарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 192-баптың төртінші бөлігінде:
      «176-бабында» деген сөздер «142 (үшінші бөлігінде), 176» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «177-бабында (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 180-бабында, 182-бабында (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «177 (екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде), 180, 182» деген сөздермен ауыстырылсын.
       4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; № 22, 128, 130-құжаттар; № 24, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7, 9-құжаттар; № 2, 19, 25, 26, 28-құжаттар, № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 115, 116-құжаттар; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 17, 136-құжат; № 19, 145-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11, 13, 14, 16-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 26, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35, 36-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84, 85-құжаттар; № 13, 91-құжат; № 14, 92, 93, 94-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 10, 11, 13-құжаттар; № 4, 21-құжат):
      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 84-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
      «84-1-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу»;
      2) 71-1-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Кодекстiң 9-1-тарауында, сондай-ақ 84-1 (бірінші бөлігі), 85-3, 131, 136-2, 158, 158-1, 158-2, 174 (үшiншi бөлiгi)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша ғана қозғалады және ол әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адаммен бiтiмгершiлiкке келгеннен кейiн тоқтатылуға жатады.»;
      3) мынадай мазмұндағы 84-1-баппен толықтырылсын:
      «84-1-бап. Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу
      1. Дербес деректерді заңсыз жинау және (немесе) өңдеу –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заттары және (немесе) жарақтары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Меншік иесі, оператор немесе үшінші тұлға өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаған нақ сол әрекеттер –
      әкімшілік құқық бұзушылық жасаған заттары және (немесе) жарақтары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Меншік иесінің, оператордың немесе үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды сақтамауы –
      жеке тұлғаларға – жүз, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
      4) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегі «84» деген цифрлар «84-1» деген цифрлармен ауыстырылсын.
      5. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат):
      1) мазмұнында:
      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-тарау. Қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау»;
      64-баптың тақырыбы алып тасталсын;
      65-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «65-бап. Жұмыс берушінің қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі міндеттері»;
      66 және 67-баптардың тақырыптары алып тасталсын;
      2) 5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5-тарау. Қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау»;
      3) 64-бап алып тасталсын;
      4) 65-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «65-бап. Жұмыс берушінің қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау жөніндегі міндеттері
      Жұмыс беруші:
      1) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және қорғауды қамтамасыз етуге;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз ету, қызметкердің жұмысқа орналасуына, оқуына және қызметте жоғарылауына жәрдемдесу, қызметкердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызметкердің дербес деректерін жинауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;
      3) қызметкердің өңделетін дербес деректерінің көлемі мен мазмұнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Кодексті және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алуға;
      4) қызметкердің өзі не қызметкерге алдын ала хабарлаған және оның келiсiмiн алған уәкiлеттi мемлекеттiк органдар ұсынған дербес деректерді өңдеуге;
      5) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қызметкердің талап етуі бойынша қызметкердің дербес деректеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
      6) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, қызметкердің дербес деректерін сақтау тәртібін қамтамасыз етуге;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау тәртібін белгілейтін жұмыс берушінің актісімен таныстыруды қамтамасыз етуге;
      8) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердің дербес деректерін қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға хабарламауға;
      9) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге арнайы уәкілеттік берілген адамдарға ғана рұқсат етуге міндетті. Бұл ретте аталған адамдардың қызметкердің нақты функцияларды орындау үшін қажет дербес деректерін ғана алу құқығы болуға және олар құпиялылық режімін сақтауға тиіс;
      10) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қызметкердің дербес деректерін ұйымның шегінде таратуды жүзеге асыруға;
      11) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге рұқсат берілген адамдарды осы деректерді тек бұрын мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануға міндетті екендігі және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оларды үшінші тұлғаларға беруге құқылы емес екендігі туралы ескертуге міндетті.
      Жұмыс берушінің:
      1) қызметкерден оның саяси, дiни және өзге де сенiмдерi мен жеке өмiрi туралы ақпаратты талап етуге;
      2) қызметкерден оның қоғамдық бiрлестiктерге, соның iшiнде кәсiптiк одақтарға мүшелiгi немесе олардағы қызметi туралы ақпаратты талап етуге құқығы жоқ.»;
      5) 66 және 67-баптар алып тасталсын;
      6) 68-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «68-бап. Жұмыс берушіде сақталатын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатындағы қызметкердің құқықтары
      Жұмыс берушiде сақталатын дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қызметкердiң:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердiң дербес деректерiн қамтитын жазбалардың көшiрмелерiн алу құқығын қоса алғанда, өзiнiң дербес деректерiне өтеусіз қол жеткізуге;
      2) осы Кодекстiң және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарын бұза отырып, жинау және өңдеу жүзеге асырылған дербес деректерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, оларды бұғаттауды, жоюды талап етуге;
      3) бұрын қызметкердiң дербес деректерi хабарланған адамдарға осы деректерге жасалған өзгерістер мен толықтырулар туралы жұмыс берушiнiң хабарлауын талап етуге;
      4) өзінің дербес деректерін жинау, өңдеу және қорғау кезінде жұмыс берушiнiң жол берген іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағым жасауға құқығы бар.».
      6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат, № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 12, 83-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) мазмұнындағы 28-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету»;
      2) 27-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың құпиялылығын және пациенттің өз дербес деректеріне қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;»;
      3) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      «28-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қорғауды қамтамасыз ету
      1. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледі.
      2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің келiсiмімен жүзеге асырылады.
      3. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иелерi оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мiндет жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған кезден бастап оларды жойып жiбергенге дейін не иесіздендiргенге дейiн немесе осы дербес деректер өзiне қатысты адамнан оларды жария етуге келiсiм алынғанға дейiн туындайды.
      4. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берiлмейдi.
      5. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға медицина персоналының қол жеткізуіне жеке тұлғаға (пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатында ғана рұқсат берілуге тиiс.»;
      4) 95-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Жеке тұлғалардың (пациенттердiң) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардың (пациенттердiң) жеке өмiрiне қатысты дербес деректерді олардың рұқсатынсыз жинауға және өңдеуге жол берiлмейдi.
      Жеке тұлғалардың (пациенттердiң) дербес деректерін қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды жеке тұлғалардың (пациенттердiң) жеке өмiрiне қатысты дербес деректерді пайдалану кезiнде оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желiлерге өздерінің рұқсатынсыз қосуға жол берiлмейдi.».
       7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат):
      195-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы «дербес деректерi туралы (» деген сөздер алып тасталсын.
      8. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 жылғы 20 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
      1) 1-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын;
      2) 4-баптың 2-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «11) дербес деректердiң жиналуы, өңделуi оларды жинау мақсаттарымен шектеу қағидаттарына негiзделген.»;
      3) 5-баптың 12) тармақшасындағы «жеке тұлғалардың дербес деректерiнiң» деген сөздер «дербес деректердiң» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 13-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
       «13-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар
      1. Дербес деректердi қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледi.».
      9. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат):
      42-баптың 2-тармағында:
      бірінші абзацтағы «алу, сақтау, өңдеу, пайдалану және беру» деген сөздер «жинау, өңдеу және қорғау» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшадағы «өңдеу» деген сөз «жинау және өңдеу» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. НАЗАРБАЕВ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады