2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 17 ақпанда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың ережелерін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап
2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін;
1) атауындағы "бірыңғай" деген сөз "ортақ" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) негізге ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:";
3) 1-бапта:
1-тармақтағы "Бәсекелестік туралы келісімді" деген сөздер "Шартты" деген сөзбен ауыстырылсын, "Тараптардың мемлекеттік" деген сөздер "мүше мемлекеттердің мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын, "Тараптардың заңды" деген сөздер "мүше мемлекеттердің заңды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Тараптардың" деген сөз "мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 2-бапта:
үшінші абзацтағы "Тараптардың" деген сөз "мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын, "актілерімен қорғалатын" деген сөздер "актілеріне сәйкес оған қол жеткізу шектелген" деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы "Бәсекелестік туралы келісімде және Комиссия туралы шартта" деген сөздер "Шартта" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 3-бапта:
1-тармақтың бірінші абзацындағы "Тараптың" деген сөз "мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын, "бірыңғай" деген сөз "ортақ" деген сөзбен ауыстырылсын, "Бәсекелестік туралы келісімнің IV бөліміне (бұдан әрі - бәсекелестік қағидалары) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 29 шешімімен бекітілген Нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлеріне" деген сөздер "Шарттың XVIII бөліміне (бұдан әрі - бәсекелестік қағидалары) және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес белгілеген нарықты трансшекаралыққа жатқызу өлшемшарттарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Комиссия туралы шартқа сәйкес" деген сөздер алып тасталсын;
"Таратылуы шектеулі құжаттармен" деген сөздер "таратылуы шектеулі (құпия және қызмет бабында пайдалану үшін) құжаттармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Комиссия бәсекелестік қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді іске асыру шеңберінде құзыретіне бәсекелестік (монополияға қарсы) саясатты іске асыру кіретін мүше мемлекеттердің жеке және заңды тұлғаларынан, мүше мемлекеттердің билік органдарынан (бұдан әрі - уәкілетті органдар) және мүше мемлекеттердің өзге де мемлекеттік билік органдарынан алған құпия ақпаратты Комиссия осындай ақпарат ұсынылған мақсатта ғана пайдалана алады.";
екінші абзацтағы "Тараптардың заңды" деген сөздер "мүше мемлекеттердің заңды" деген сөздермен ауыстырылсын, "Тараптардың мемлекеттік" деген сөздер "мүше мемлекеттердің мемлекеттік" деген сөздермен ауыстырылсын, "Бәсекелестік туралы келісімге" деген сөздер "Шартқа" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "бір Тараптың" деген сөздер "бір мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын, "басқа Тараптың" деген сөздер "екінші мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 4-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "Комиссия қызметкерлері" деген сөздер "Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Комиссия қызметкерлерін" деген сөздер "Комиссияның лауазымды адамдарын және қызметкерлерін" деген сөздермен ауыстырылсын және 3-тармақтың екінші абзацындағы "Комиссия қызметкерлері" деген сөздер "Комиссияның лауазымды адамдары және қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 5-баптың мәтіні бойынша тиісті түрдегі және септіктегі "Тарап" деген сөз тиісті түрдегі және септіктегі "мүше мемлекет" деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 6-бапта:
1-тармақтағы "Комиссия туралы шартқа" деген сөздер "Шартқа" деген сөзбен ауыстырылсын, "қызметкерлерін" деген сөз "лауазымды адамдарын және қызметкерлерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "Комиссия туралы шартта" деген сөздер "Шартта" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы "Комиссия қызметкерін" деген сөздер "Комиссияның лауазымды адамын немесе қызметкерін" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "мен Комиссия қызметкерлері" деген сөздер ", Комиссияның лауазымды адамдары және қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші және төртінші абзацтардағы "Тараптың заңнамасына" деген сөздер "мүше мемлекеттің заңнамасына" деген сөздермен ауыстырылсын, "осы Тараптың" деген сөздер "осы мүше мемлекеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацтағы "Тараптармен" деген сөз "мүше мемлекеттермен" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "Тараптар" деген сөз "Мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын, "тараптар мемлекеттерінде" деген сөздер "мүше мемлекеттерде" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 7-бапта:
7-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Уәкілетті орган өзі Комиссиядан алған құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді және мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес оны жария еткені үшін жауаптылықта болады.";
2-тармақтағы "Бәсекелестік туралы келісімге" деген сөздер "Шартқа" деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 8-бапта:
1-тармақтағы "Тараптардың" деген сөз "мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты мүше мемлекеттер арасындағы даулар Шартқа сәйкес шешіледі.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Осы Келісім Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіреді.";
11) 9-баптағы "Тараптардың" деген сөз "мүше мемлекеттердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
12) қорытынды бөліктің екінші абзацындағы "әрбір Тарапқа" деген сөздер "әрбір мүше мемлекетке" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап
Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді, бірақ ол 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы 2018 жылғы 3 желтоқсанда қол қойылған Хаттама күшіне енген күнінен бұрын енбейді.
2021 жылғы 17 ақпанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің әрқайсысына оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
Осымен бұл мәтін 2021 жылғы 17 ақпанда Мәскеу қаласында қол қойылған 2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Вице-премьер - министрі М.Г. Григорян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Премьер - министрінің орынбасары И.В. Петришенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары - Ә.А. Смайылов;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Бірінші вице-премьер-министрі А.Э. Новиков;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары - А.Л. Оверчук.
Төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Құқық департаментінің директоры |
В. И.Тараскин |
2014 жылғы 12 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең тұпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасының орынбасары |
М. Омаров |