Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 8 шілдедегі № 456-IV Заңы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұл келісім Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеуде жасалған Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев


Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы
КЕЛІСІМ (2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2012 ж., N 1, 10-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,

      1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасының арасындағы Кеден одағы туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартты, 2007 жылғы 6 қазандағы Бірыңғай кеден аумағын құру және кедендік одақты қалыптастыру туралы шартты негізге ала отырып,

      Тараптардың экономикалық ынтымақтастығын дамыту және сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту ниетін растай отырып,

      экономиканы тиімді дамытуды қамтамасыз ету, инновациялық үдерістерді ынталандыру және сапалы өнім өндіру үшін бәсекелестікті қолдау қажеттілігін назарға ала отырып,

      бірыңғай бәсекелестік саясатты жүргізу Тараптардың Біртұтас экономикалық кеңістігін қалыптастырудың және тиімді жұмыс істеуінің қажетті шарты деп санай отырып,

      Тараптардың Біртұтас экономикалық кеңістігінің тауар нарықтарында бәсекелестіктің тең жағдайын қамтамасыз ету қажеттілігін, оның ішінде Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің Тараптардың тауар нарықтарына кемсітушіліксіз қол жеткізуін ескере отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

I бөлім
Жалпы ережелер

1-бап Келісімнің мақсаттары мен нысанасы

      1. Осы Келісімнің мақсаты Тараптардың тауарлардың, қызметтердің және капиталдың еркін қозғалысын, экономикалық қызметтің еркіндігін және Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумақта тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуін, Тараптардың бәсекелестік саясат саласындағы заңнамасын үйлестіруді және Тараптардың өзара саудасына теріс әсер етуге қабілетті іс-қимылдарға жол бермеуді қамтамасыз ету үшін бірыңғай бәсекелестік саясатты қалыптастыру болып табылады.

      2. Осы Келісімнің нысанасы Тараптардың аумағында бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді және екі және одан да көп Тараптардың аумағында трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін іс-әрекеттерді анықтау және жолын кесуді қамтамасыз ететін бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілеу болып табылады.

      3. Осы Келісім Тараптардың аумағында бәсекелестік саясатты іске асыруға байланысты қатынастарға және Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) қатысуымен екі және одан да көп Тараптардың аумағында трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін қатынастарға қолданылады. Кеден одағы комиссиясының құзыретін айқындау мақсатында нарықты трансшекаралыққа жатқызу өлшемдері Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің (Кеден одағының жоғарғы органының) шешімімен осы Келісім күшіне енген күнінен бастап 6 ай ішінде белгіленеді.

      4. Тараптар осы Келісімнің III бөлімінде көзделген тыйым салуларға қатысты өз заңнамасында қосымша талаптар мен шектеулерді белгілеуге құқылы.

      5. Осы Келісімде ештеңе де Тараптардың кез келгені үшін ол ел қорғанысының маңызды мүдделерін қорғау және мемлекеттің қауіпсіздігі үшін қажет деп санайтын кез келген шаралар қабылдауға кедергі ретінде түсіндірілуге тиіс емес.

      6. Осы Келісім Тараптардың келісімдерінде көзделген табиғи монополияға қатысты ерекшеліктерді ескере отырып, табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылады.

2-бап Келісімде пайдаланылатын терминдердің анықтамасы

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін келесі терминдер мынаны білдіреді:

      1) "сатылас келісім" - бірі тауарды сатып алатын немесе оның ықтимал сатып алушысы болып табылатын, ал екіншісі тауарды ұсынатын немесе оның ықтимал сатушысы болып табылатын өзара бәсекелес емес шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы келісім;

      2) "бірін-бірі алмастыратын тауарлар" - өзінің функционалдық арналымы, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары, бағасы және басқа да параметрлері бойынша салыстыруға болатын, осылайша сатып алушы тұтыну кезінде (оның ішінде өндірістік мақсаттарда тұтыну кезінде) бір тауарды екіншісімен шынымен алмастыратын немесе алмастыруға дайын болатындай тауарлар;

      3) "мемлекеттік бағалық реттеу" - тараптардың мемлекеттік билік органдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) үстемелер, ең жоғары және ең төмен бағалар (тарифтер), бағаларға (тарифтерге) ең жоғары және ең төмен үстемелерді белгілеуі;

      4) "мемлекеттік немесе муниципалды преференция" - тараптарды атқарушы билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының көрсетілген органдардың функцияларын жүзеге асыратын өзге де органдардың немесе ұйымдардың жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) мемлекеттік және муниципалдық мүлікті, азаматтық құқықтардың өзге де объектілерін беру жолымен немесе мүліктік жеңілдіктер, мемлекеттік немесе муниципалдық кепілдіктер беру жолымен оларға қызметтің аса тиімді жағдайларын қамтамасыз ететін артықшылықтарды беруі;

      5) "тұлғалар тобы" - мынадай белгілердің біріне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы:

      егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке) қатысу күші болса немесе алынған, оның ішінде келісім негізінде басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының елу пайызынан астамына ие болса, шаруашылық қоғам (серіктестік) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;

      егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) дара атқарушы органының функциясын жүзеге асырса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;

      егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) құрылтай құжаттары немесе осы шаруашылық жүргізуші субъектісімен жасалған шарттар (келісімдер) негізінде осы шаруашылық жүргізуші субъектіге орындау үшін міндетті тапсырмалар беруге құқылы болса, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) және жеке тұлға немесе заңды тұлға;

      алқалық атқарушы органның және (немесе) директорлар кеңесінің (байқаушы кеңестің, қор кеңесінің) сандық құрамының 50 пайыздан астамын белгілі бір жеке тұлғалар құрайтын шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері);

      жеке тұлға, оның жұбайы, ата-аналары (оның ішінде асырап алушылар), балалары (оның ішінде асырап алынғандар), ағалары мен апалары;

      тұлғаның әрқайсысы осы тармақтың екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша белгілі бір тұлғамен топқа кірсе, сондай-ақ басқа да тұлғалар осындай тұлғалардың кез келгенімен осы тармақтың екінші-алтыншы абзацтарында көрсетілген қандай да бір негіз бойынша топқа кірсе;

      осы тармақтың екінші-жетінші абзацтарында көрсетілген қандай да бір белгілер бойынша бір тұлғалар тобына кіретін шаруашылық қоғам (серіктестік), жеке және (немесе) заңды тұлғалар, егер мұндай тұлғалар өзінің осы шаруашылық қоғамға (серіктестікке) бірлесіп қатысу күшіне қарай немесе басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы шаруашылық қоғамның (серіктестіктің) жарғылық (қалыптаспа) капиталындағы дауыс беру акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50 пайызынан астамына ие болса.

      Тұлғалар тобы біртұтас шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) ретінде қарастырылады. Осы Келісімнің шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады.

      Тараптардың заңнамасында Тараптар аумағында бәсекелестік саясатты іске асыру мақсатында "тұлғалар тобы" деген анықтама нақтылануы, оның ішінде бір тұлғаның акцияларын (үлестерін) екінші тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталында иелік ету (қатысу) мөлшерінің мәні бөлігінде нақтылануы мүмкін, мұндай кезде бұлай иелік етуді (қатысу) тұлғалар тобы таниды;

      6) "кемсітушілік талаптар" - тараптардың жекелеген келісімдерінде көзделген шарттарды, шектеулерді және ерекшеліктерді ескере отырып, шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) екінші шаруашылық жүргізуші субъектімен (нарық субъектісімен) немесе басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілермен (нарық субъектілерімен) салыстырғанда тең емес жағдайға қойылған кезде тауар нарығына кіру шарты, тауарларды өндіру, айырбастау, тұтыну, сатып алу, сату, өзге де беру шарттары;

      7) "үстем жағдай" - тиісті тауар нарығында осы шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) не осы шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) тиісті тауар нарығында тауар айналысының жалпы жағдайына елеулі шешуші ықпал етуге және (немесе) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерді (нарық субъектілерін) осы тауар нарығынан жоюға және (немесе) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) осы тауар нарығына кіруін қиындатуға мүмкіндік беретін белгілі бір тауар нарығындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) не шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) жағдайы;

      8) "бәсекелестік" - шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) әрқайсысының дербес жасаған іс-әрекеттері тиісті тауар нарығындағы тауарлар айналымының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының біржақты ықпал ету мүмкіндігі жойылатын немесе шектелетін жарыспалылығы;

      9) "құпия ақпарат" - Тараптардың нормативтік құқықтық актілерімен қорғалатын (қызметтік, коммерциялық, банктік, кәсіби, жеке бастың құпиясын құрайтын ақпаратты қоса алғанда) ақпараттың барлық түрлері;

      10) "экономикалық қызметті үйлестіру" - шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектісінің) іс-қимылын мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ешбірімен бір тұлғалар тобына кірмейтін және шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) келісілген іс-қимылдары жүзеге асырылатын тауар нарығында (тауар нарықтарында) қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғамен келісу;

      11) "жанама бақылау" - араларында тікелей бақылау бар заңды тұлға немесе бірнеше заңды тұлғалар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімді заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның айқындау мүмкіндігі;

      12) "бәсекелестік туралы модельдік заң" - Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі (Кеден одағының жоғарғы органы) бекіткен, Тараптардың бәсекелестік саясат саласындағы экономикалық қарым-қатынастарды құқықтық реттеуді жақындастыруға бағытталған ұсынымдық сипаттағы заңнамалық акт;

      13) "монополиялық жоғары баға" - үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға, егер осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан, сондай-ақ Кеден одағы шеңберінде немесе оның шегінен тыс жерлердегі бірыңғай кедендік аумақта мұндай нарық болған кезде тауарды сатып алушылар немесе сатушылар құрамы, тауар айналымының шарттары, тауар нарығына кіру шарттары, салық салу және кедендік-тарифтік реттеуді қоса алғанда, мемлекеттік реттеу бойынша салыстырылатын тауар нарығындағы (бұдан әрі - салыстырмалы тауар нарығы) бәсекелестік жағдайларда қалыптасқан бағадан немесе осы тауар нарығында бұрын белгіленген бағадан асып кетсе, егер мұндай баға бәсекелес жағдайда қалыптасқан болса, Тараптардың заңнамасына сәйкес айқындалған осындай тауар тарифі шегінде табиғи монополия субъектісі белгілеген баға монополиялық жоғары баға болып танылмайды;

      14) "монополиялық төмен баға" — үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) белгілеген баға, егер осы баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажет шығыстар мен пайда сомасынан, сондай-ақ Кеден одағы шеңберінде немесе оның шегінен тыс жерлердегі бірыңғай кедендік аумақта мұндай нарық болған кезде салыстырмалы тауар нарығындағы бәсекелестік жағдайда қалыптасқан бағадан төмен болса;

      15) "жосықсыз бәсеке" - Тараптардың заңнамасына, іскерлік айналым дәстүріне, қайырымдылық, парасаттылық және әділеттілік талаптарына қайшы келетін және басқа бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін не олардың іскерлік беделіне зиян келтірген немесе келтіруі мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) кәсіпкерлік қызметтегі артықшылықтарды иеленуге бағытталған кез келген іс-әрекеті;

      16) "бәсекелестікті шектеу белгілері" - тауар нарығында бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) санын қысқарту, тауар нарығында тауар айналымының өзге де жалпы жағдайының тиісінше өзгерулеріне байланысты тауар бағаларының өсуі немесе төмендеуі, бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы дербес іс-қимылынан бас тартуы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) арасындағы келісіммен немесе олардың орындауы үшін міндетті өзге тұлғаның тапсырмаларына сәйкес не бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) тауар нарығындағы өз іс-қимылдарын келісу нәтижесінде тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайын айқындау, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) немесе бірнеше шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) бір жақты тәртіппен тауар нарығындағы тауар айналымының жалпы жағдайына әсер етуге мүмкіндік беретін өзге де жағдаяттар;

      17) "тікелей бақылау" - заңды немесе жеке тұлғаның мынадай бір немесе бірнеше іс-қимылдар арқылы заңды тұлға қабылдайтын шешімдерді айқындау мүмкіндігі:

      оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру;

      заңды тұлғаның кәсіпкерлік қызметін жүргізу шарттарын айқындау құқығын алу;

      заңды тұлғаның жарғылық (қалыптаспа) капиталын құрайтын акциясына (үлесіне) сәйкес келетін дауыстың жалпы санының 50-ден астам пайызына иелік ету;

      18) "келісім" - құжаттағы немесе бірнеше құжаттардағы жазбаша нысандағы уағдаластық, сондай-ақ ауызша нысандағы уағдаластық;

      19) "тауар" - сатуға, айырбастауға және айналымға өзге де өтеулі енгізуге арналған (оның ішінде жұмыс, қаржы қызметін қоса алғанда, қызмет) азаматтық құқықтар объектісі;

      20) "тауар нарығы" - экономикалық, техникалық немесе өзге мүмкіндіктерге не орындылыққа сүйене отырып, шекараларында (оның ішінде географиялық) сатып алушы тауар сатып ала алатын және мұндай мүмкіндік не орындылық оның шегінен тыс жерлерде жоқ, басқа тауармен алмастырылмайтын тауар немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлар айналымының саласы;

      21) "шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі)" - өзіне табыс әкелетін қызметті жүзеге асыратын коммерциялық ұйым немесе коммерциялық емес ұйым, жеке кәсіпкер, сондай-ақ Тараптардың заңнамасына сәйкес кәсіби табыс әкелетін қызметі мемлекеттік тіркелуге және (немесе) лицензиялануға тиіс жеке тұлға;

      22) "экономикалық шоғырлану" - мәмілелер, жүзеге асырылуы коммерциялық ұйымдарды құруды және қайта ұйымдастыруды (біріктіру немесе қосу) қоса алғанда, бәсекелестіктің жай-күйіне әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін өзге де іс-әрекеті, коммерциялық ұйымдардың акцияларымен (үлестерімен), мүлкімен, коммерциялық ұйымдарға қатысты құқықтармен жасалатын мәмілелер.

II бөлім
Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары

3-бап Бәсекелестік заңнама нормаларын қолданудағы теңдік қағидаты

      Тараптардың өзінің бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының нормаларын Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілеріне (нарық субъектілеріне) қолдануы біркелкі түрде және мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) ұйымдық-құқықтық нысандарына және тең жағдайда тіркелген орнына қарамастан тең шамада жүзеге асырылады.

4-бап Билік органдарының бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге жол бермеу қағидаты

      1. Тараптар өз заңнамасында мыналарға, оның ішінде:

      1) мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, олардың функциясын жүзеге асыратын өзге де органдар немесе ұйымдар немесе олар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы келісімдерге, Тараптардың келісімдерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай келісімдер бәсекелестікке жол бермеуге, шектеуге және жоюға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса;

      2) Тараптардың келісімдерінде көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Тараптардың заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік немесе муниципалдық преференцияларды беруге тыйым салуды белгілейді.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген іс-әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша тиімді шаралар қабылдайды.

5-бап Экономикалық шоғырлануға тиімді бақылауды қамтамасыз ету қағидаты

      Тараптар өз заңнамасына сәйкес тиісті Тараптың аумағында бәсекелестікті қорғау мен дамыту үшін қажетті шамада экономикалық шоғырлануға тиімді бақылауды қамтамасыз етеді.

6-бап Тиімді әкімшілендіру қағидаты

      Әрбір Тарап монополияға қарсы (бәсекелестік) саясатты іске асыру құзыретіне кіретін мемлекеттік биліктің ұлттық органының болуын қамтамасыз етеді, бұл басқасынан бөлек мұндай органға бәсекелестікке қарсы іс-әрекетке тыйым салуды және жосықсыз бәсекелестікке тыйым салуды сақтауға, экономикалық шоғырлануға бақылау бойынша өкілеттіктер, сондай-ақ бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнаманың бұзылуының алдын алу, анықтау, көрсетілген бұзушылықтарды тоқтату бойынша шаралар қабылдау және мұндай бұзушылықтар үшін жауапкершілікке тарту бойынша өкілеттіктер беруді білдіреді (бұдан әрі - Тараптың уәкілетті органы).

      Талаптар осы Келісім күшіне енгеннен кейін 30 күн ішінде өздерінің уәкілетті органдарының толық атауы туралы бірін-бірі хабардар етеді.

7-бап Бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерді жасағаны үшін санкциялардың тиімділік қағидаты

      Тараптар өз заңнамасында мөлшерлестік, қамтамасыз етушілік, бұлтартпастық және айқындылық қағидаттарына сүйене отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) және билік органдарының лауазымды тұлғаларына қатысты бәсекелестілікке қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін тиімді санкцияларды белгілейді және олардың қолданылуын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте Тараптар:

      санкциялардың тікелей қолданылуы және тікелей бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер жасағаны үшін қолданылуы тиіс екендігін;

      айыппұл санкциялары қолданылған жағдайда барынша жоғары айыппұл санкциялары бәсекелестік үшін аса үлкен қауіп төндіретін (бәсекелестікті шектейтін келісімдер, шаруашылық жүргізуші субъектілердің немесе нарық субъектілерінің үстем жағдайын теріс пайдалануы) бұзушылықтарға белгіленуі тиіс екендігін мойындайды, бұл ретте құқық бұзушылық жасалған нарықта құқық бұзушының тауарды өткізуден түскен сомасына қарай есептелетін айыппұл санкциясы дұрысырақ болады.

8-бап Ақпараттық ашықтық қағидаты

      Тараптар өздері жүргізетін бәсекелестік саясаттың ақпараттық ашықтығын, оның ішінде Тараптардың уәкілетті органдарының қызметі туралы мәліметтерді Тараптар заңнамаларының ережелерін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернет желілерінде орналастыру арқылы қамтамасыз етеді.

9-бап Тиімді ынтымақтастық қағидаты

      Тараптардың уәкілетті органдары өз заңнамаларының нормаларын ескере отырып, ақпаратты беру туралы хабарландыруларды, сұрау салуларды жіберу, консультациялар жүргізу, екінші Тараптың мүдделерін қозғайтын тергеулер (істерді қарау) туралы хабардар ету, бір Тараптың уәкілетті органының сұрау салуы бойынша тергеулер жүргізу (істерді қарау) және оның нәтижелері туралы хабардар ету арқылы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

III бөлім
Бәсекелестіктің бірыңғай қағидалары

10-бап Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) бәсекелестікті шектейтін келісімдеріне тыйым салу

      1. Бір тауар нарығында жұмыс істейтін бәсекелес шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы:

      бағаларды (тарифтерді), жеңілдіктерді, үстемеақыларды (қосымша ақыларды) үстеме бағаларды белгілеуге және ұстап тұруға;

      сауда-саттықтарда бағаларды көтеруге, төмендетуге немесе ұстап тұруға;

      тауар нарығын аумақтық қағидаты, тауарларды сату және сатып алу көлемі, өткізілетін тауарлар ассортименті не сатушылардың немесе сатып алушылардың (тапсырыс берушілердің) құрамы бойынша бөлуге;

      тауарлар өндірісін қысқартуға және тоқтатуға;

      белгілі бір сатушылармен не сатып алушылармен (тапсырыс берушілермен) шарт жасасудан бас тартуға әкеп соғатын немесе әкеп соғуы мүмкін келісімдерге тыйым салынады.

      2. Егер:

      сатушы сатып алушы үшін тауарды қайта сатудың ең жоғары бағасын белгілейтін жағдайды қоспағанда,

      мұндай келісімдер тауарды қайта сату бағасын белгілеуге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса;

      мұндай келісімде сатушының бәсекелесі болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) тауарын сатып алушының сатпау міндеттемесі көзделсе (осы Келісімнің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес жол беріледі деп танылатын сатылы келісімдерді қоспағанда) шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы сатылы келісімдерге тыйым салынады. Мұндай тыйым салу сатып алушының тауар белгісімен тауарларды сатуды ұйымдастыру туралы келісімдерге не сатушыны немесе өндірушіні дараландырудың өзге құралдарына қолданылмайды.

      3. Егер мұндай келісімдер бәсекелестікті шектеуге әкеп соғады немесе әкеп соғуы мүмкін деп белгіленсе, осы Келісімнің 11-бабының 3-бөлігіне сәйкес жол беріледі деп танылатын сатылы келісімдерді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы өзге де келісімдерге тыйым салынады.

      4. Жеке тұлғаларға коммерциялық ұйымдарға және коммерциялық емес ұйымдарға егер, мұндай үйлестіру осы баптың 2 және 3-тармақтарында санамаланған салдарға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) экономикалық қызметін үйлестіруді жүзеге асыруға тыйым салынады.

      5. Осы баптың ережелері, егер бір шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) екінші бір шаруашылық жүргізуші субъектіге (нарық субъектісіне) қатысты тікелей немесе жанама бақылау белгілеген болса, сондай-ақ егер мұндай шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) бір тұлғаның тікелей және жанама бақылауында болса, бір тұлғалар тобына кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) арасындағы келісімге қолданылмайды.

      6. Осы баптың талаптары зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықтарды және оларға теңестірілген заңды тұлғаның дараландыру құралдарын, өнімдерді, жұмыстарды немесе қызметтерді дараландыру құралдарын жүзеге асыру туралы келісімдерге қолданылмайды.

11-бап Жол беріледі деп танылуы мүмкін келісімдер

      1. Осы Келісімнің 10-бабында көзделген келісімдер 10-баптың 2-тармағын қоспағанда, егер олар шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) осы келісімдердің мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет болып табылатын шектеулер қоймаса және тиісті тауар нарығында бәсекелестікті жою үшін мүмкіндік жасамаса және егер шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) мұндай келісімдер өз нәтижесінде:

      тауарлар өндіруді (өткізуді) жетілдіруге немесе техникалық (экономикалық) прогреске ынталандыруға не әлемдік тауар нарығында Тараптардың тауар өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесуге;

      тұтынушылардың тиісті тұлғалардың мұндай іс-қимылдарды жасаудан иеленетін артықшылықтардың (пайдалардың) мөлшерлес бөлігін алуына әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін деп дәлелдесе жол беріледі деп танылуы мүмкін.

      2. Тараптардың жеке келісімінде келісімдердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген тиісті шарттарға жол беру жағдайы айқындалуы мүмкін (жалпы ерекшеліктер).

      3. Егер:

      мұндай келісім коммерциялық концессияның шарттары болып табылса;

      мұндай келісімнің қатысушысы болып табылатын әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үлесі кез келген тауар нарығында 20 пайыздан аспаса, сатылы келісімге жол беріледі.

12-бап Шаруашылық жүргізуші субъектілердің үстем жағдайды теріс пайдалануына тыйым салу

      1. Нәтижесі бәсекелестікке жол бермеу, шектеу, жою және (немесе) басқа тұлғалардың мүдделеріне қысым жасау, оның ішінде мынадай әрекет (әрекетсіздік):

      1) тауардың монополиялық жоғары немесе монополиялық төмен бағаларын белгілеу, ұстап тұру;

      2) егер мұндай алып қоюдың нәтижесі тауардың бағасын көтеру болып табылса, айналымнан тауарды алып қою;

      3) контрагентке ол үшін пайдасы жоқ немесе шарттың нысанасына жатпайтын шарттың экономикалық немесе технологиялық негізделмеген шарттарды күштеп таңу;

      4) егер осы тауарға сұраныс болса немесе оның рентабельді өндірісіне мүмкіндік болған кезде оны беруге тапсырыстар орналастырылса, сондай-ақ егер тауар өндірісінің мұндай қысқартылуы немесе мұндай тоқтатылуы Тараптардың келісімінде көзделмесе, тауарды экономикалық немесе технологиялық негізсіз қысқарту немесе тоқтату;

      5) Тараптардың өзге де келісімдерінде көзделген ерекшеліктерін ескере отырып, тиісті тауарды өндіру немесе беру мүмкіндігі болған жағдайда жекелеген сатып алушылармен (тапсырыс берушілермен) шарт жасасудан экономикалық немесе техникалық негізсіз бас тарту не жалтару;

      6) Тараптардың өзге де келісімдерінде көзделген ерекшеліктерін ескере отырып, белгілі бір тауарға әртүрлі бағаларды (тарифтерді) экономикалық, технологиялық немесе өзге де түрде негізсіз белгілеу, кемсітушілік жағдайларды жасау;

      7) басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауар нарығына кіруіне немесе тауар нарығынан шығуына кедергілер жасау болып табылатын немесе болып табылуы мүмкін үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) тыйым салынады.

      2. Шаруашылық жүргізуші субъектінің үстем жағдайы мынадай мән-жайларды талдауға сүйене отырып, Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілетін Бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесіне сәйкес белгіленеді:

      1) шаруашылық жүргізуші субъектінің үлесі және оның бәсекелестері мен сатып алушыларының үлестерімен арақатынасы;

      2) шаруашылық жүргізуші субъектінің біржақты тәртіппен тауар бағасының деңгейін айқындау және тиісті тауар нарығында тауар өткізудің жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі;

      3) тауар нарығына кіру үшін экономикалық, технологиялық, әкімшілік немесе өзге де шектеулердің болуы;

      4) жұмыс істеу кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тауар нарығында тауар айналымының жалпы жағдайына шешуші ықпал ету мүмкіндігі.

13-бап Жосықсыз бәсекеге тыйым салу

      1. Жосықсыз бәсекеге, оның ішінде:

      1) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) зиян келтіруі не оның іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жалған, нақты емес немесе бұрмаланған мәліметтер таратуына;

      2) тауардың сипатына, өндірілу тәсілі мен орнына, тұтынушылық қасиеттеріне, сапасы мен санына қатысты немесе оны өндірушілерге қатысты жаңылыстыруға;

      3) шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) өздері өндіретін немесе өткізетін тауарларын басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) өндіретін немесе өткізетін тауарлармен орынсыз салыстыруға жол берілмейді.

14-бап Бәсекелестік ережелерін бұзғаны үшін айыппұл санкциялары

      1. Жосықсыз бәсеке лауазымды адамдарға 12 мыңнан 20 мыңға дейін Ресей рублі, заңды тұлғаларға 100 мыңнан 500 мыңға дейін Ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      2. Шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) осы келісімнің III бөлігіне сәйкес жол берілмейтін келісімдерді жасауы, ал сонымен бірге оған қатысуы лауазымды тұлғаларға 20 000-нан 50 000-ға дейін Ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға не 3 жылға дейінгі мерзімге біліктілігінен айыруға; заңды тұлғаларға нарығында құқық бұзушылық жасалған, бірақ 100 000 Ресей рублінен кем емес, құқық бұзушының тауар (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының бір жүзден он бес жүздікке дейінгі мөлшерде, ал егер нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсімінің сомасы құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының жиынтық көлемінің 75 пайызынан асса - нарығында құқық бұзушылық жасалған, бірақ 100 000 Ресей рублінен кем емес құқық бұзушының тауар (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының мөлшерінен үш мыңдықтан үш жүздікке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      3. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің осы Келісімнің III бөлігіне сәйкес жол берілмейтін экономикалық қызметті үйлестіруі лауазымды тұлғаларға 20 000-нан 50 000-ға дейін ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға не 3 жылға дейінгі мерзімге біліктілігінен айыруға; заңды тұлғаларға нарығында құқық бұзушылық жасалған, бірақ 100 000 Ресей рублінен кем емес, құқық бұзушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының бір жүзден он бес жүздікке дейінгі мөлшерде, ал егер нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсімінің сомасы құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының жиынтық көлемінің 75 пайызынан асса - нарығында құқық бұзушылық жасалған, бірақ 100 000 Ресей рублінен кем емес құқық бұзушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының мөлшерінен үш мыңдықтан үш жүздікке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      4. Тауар нарығында үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектінің (нарық субъектісінің) үстем жағдайды теріс пайдалану деп танылатын және осы Келісімнің III бөлігіне сәйкес жол берілмейтін іс-қимылдарды жасауы лауазымды тұлғаларға 20 000-нан 50 000-ға дейін Ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға не 3 жылға дейінгі мерзімге біліктілігінен айыруға; заңды тұлғаларға нарығында құқық бұзушылық жасалған, бірақ барлық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының бір бес ондық жиынтық мөлшерінен көп емес және 100 000 Ресей рублінен кем емес құқық бұзушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының бір жүзден он бес жүздікке дейінгі мөлшерінде, ал егер нарығында құқық бұзушылық жасалған, құқық бұзушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен түсімінің сомасы құқық бұзушының барлық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының жиынтық көлемінің 75 пайызынан асса - нарығында құқық бұзушылық жасалған, бірақ барлық тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен түсім сомасының бір бес ондық жиынтық мөлшерінен көп емес және 100 000 Ресей рублінен кем емес құқық бұзушының тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) өткізуден түскен түсім сомасының мөлшерінен үш мыңдықтан үш жүздікке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

      5. Кеден одағы комиссиясына немесе Тараптардың уәкілетті органына осы Келісімде көзделген мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау, оның ішінде аталған органның талабы бойынша мәліметтерді (ақпаратты) ұсынбау, сондай-ақ көпе-көрінеу дұрыс емес мәліметтер (ақпарат) беру азаматтарға 1 500-ден 2 500-ге дейінгі Ресей рублі; лауазымды тұлғаларға 10 000-нан 15 000-ға дейінгі Ресей рублі; заңды тұлғаларға 300 000-нан 500 000-ға дейінгі Ресей рублі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

      6. Айыппұл бұзушы шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) аумағында тіркелген Тараптың бюджетіне аударылуға тиіс.

      7. Осы баптың 1 - 4-тармақтарында көзделген айыппұлдарды шаруашылық жүргізуші субъектілер (нарық субъектілері) осы Келісімнің III бөлімінде көзделген бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларын бұзған шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) қай Тараптың аумағында тіркелсе, сол Тараптың ұлттық валютасында, Кеден одағы комиссиясының айыппұл салу туралы шешім қабылдаған күніне көрсетілген Тараптың орталық (ұлттық) банкі белгілеген бағам бойынша төлейді.

      8. Кеден одағы комиссиясына және (немесе) Тараптардың уәкілетті органына осы Келісімнің III бөліміне сәйкес жол берілмейтін келісімді жасағаны туралы ерікті түрде мәлімдеген тұлға жиынтығында мынадай талаптарды орындаған кезде:

      тұлға өтініш берген сәтте Кеден одағы комиссиясында жасалған құқық бұзушылық туралы мәліметтер мен құжаттар болмаса;

      тұлға осы Келісімнің III бөліміне сәйкес жол берілмейтін келісімге қатысудан немесе одан әрі қатысудан бас тартса;

      ұсынылған мәліметтер немесе құжаттар құқық бұзушылық оқиғаларын белгілеу үшін жеткілікті болып табылса, осы баптың 2-тармағында көзделген құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатылады.

      Осы тармақта көзделген барлық шарттарды бірінші орындаған тұлға жауапкершіліктен босатуға жатады.

      Осы Келісімнің III бөліміне сәйкес жол берілмейтін келісімді жасаған бірнеше тұлға атынан бір мезгілде берілген өтініш қарауға жатпайды.

      9. Осы бапқа сәйкес айыппұл салу туралы шешім орындаушылық құжат болып табылады және ұлттық органдардың аумағында бұзушы - шаруашылық жүргізуші субъект (нарық субъектісі) тіркелген Тараптың сот актілерін, басқа органдарының және лауазымды тұлғаларының актілерін мәжбүрлеп орындатуға жатады.

IV бөлім
Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау

15-бап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті орган

      1. Бірыңғай экономикалық кеңістіктің бәсекелестіктің бірыңғай қағидаларының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті органы Кеден одағының комиссиясы болып табылады.

      2. Егер мұндай бұзушылық бір және одан көп Тараптардың аумағындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін болса, Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) осы Келісімнің 10 - 12-баптарында белгіленген тыйым салуларын бұзудың жолын кесуді Кеден одағының комиссиясы жүзеге асырады.

      3. Кеден одағының комиссиясы:

      бір және одан көп Тараптардың аумағындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін осы Келісімнің III бөлімінде белгіленген бәсекелестік қағидаларының бұзылу белгілерінің болуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарайды, оның ішінде қажетті тексерулерді жүргізеді;

      Тараптардың уәкілетті органдарының, Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің), Тараптардың билік органдарының, жеке тұлғалардың өтініштері негізінде немесе өз бастамасы бойынша бір және одан көп Тараптардың аумағындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін осы Келісімнің III бөлімінде белгіленген бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы іс қозғайды және қарайды;

      айқындамалар шығарады, шаруашылық жүргізуші субъектілердің (нарық субъектілерінің) орындауы үшін міндетті, оның ішінде осы Келісімде көзделген жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілерге (нарық субъектілеріне) санкциялар қолдану туралы шешімдер қабылдайды;

      оның шешімдер қабылдауы үшін қажет ақпаратты, оның ішінде құпия ақпаратты сұратады және алады;

      осы Келісім ережелерінің бұзылғаны туралы өтінішпен Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Сотына (бұдан әрі - ЕурАзЭҚ-тың соты) жүгінеді және осы Соттың істерді қарауына қатысады;

      осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      4. Бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы өтініштерді материалдарды) қарау тәртібі, тексерулерді жүргізу тәртібі, сондай-ақ бәсекелестік қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітіледі.

16-бап Кеден одағы комиссиясы және Тараптардың уәкілетті органдары қабылдаған шешімдерге шағымдану

      1. Бәсекелестік саласындағы Кеден одағы комиссиясының актілері, іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) ЕурАзЭҚ Сотының статутында және Кеден одағы шеңберіндегі даулар бойынша ЕурАзЭҚ-тың Сотына жүгіну және олар бойынша сот ісін жүргізудің ерекшеліктері туралы келісімде көзделген тәртіппен дауланады.

      2. Тараптардың уәкілетті органдарының актілері, іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) Тараптардың қолданыстағы іс жүргізу заңнамасына сәйкес Тараптардың сот органдарында дауланады.

      3. Тараптардың уәкілетті органдарының шешімдерін даулау туралы өтініштер бойынша іс Кеден одағы комиссиясына ведомстволық бағыныстылығын бұзу негізі бойынша ЕурАзЭҚ-тың Сотында қаралуы тиіс.

      4. Егер осы баптың 3-бөлігінде көрсетілген істі қарау кезінде ЕурАзЭҚ-тың Соты Тараптың уәкілетті органының Кеден одағы комиссиясына ведомстволық бағыныстылығының бұзылуын анықтаған жағдайда, ЕурАзЭҚ-тың Соты өтініште көрсетілген дәлелдерге қарамастан, даулы шешімді толық көлемде тексереді.

      5. Егер Тараптың сотына Тараптың уәкілетті органының актісін даулау туралы өтініш келіп түссе және оны қарау кезінде мұндай актіні қабылдау Кеден одағы комиссиясының құзыретіне жататындығы анықталған жағдайда Тараптың соты іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады және іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларды ЕурАзЭҚ-тың Сотына жібереді.

      6. Осы баптың 1-тармағында көзделген іс-әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) шағымдану туралы өтініш Тараптың сот органына және ЕурАзЭҚ-тың Сотына бір уақытта келіп түскен жағдайда Тараптың соты келіп түскен өтінішті қарамайды.

V бөлім
Тараптар аумағында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу

17-бап Баға реттеуді енгізу тәртібі

      1. Тараптардың табиғи монополия жағдайында емес тауар нарықтарына мемлекеттік баға реттеуді енгізуі, оның ішінде төтенше жағдайлар және дүлей зілзала, ұлттық қауіпсіздік пайымдаулары жататын ерекше жағдайларда, туындаған проблемаларды бәсекелестіктің жай-күйі үшін ең аз теріс салдары болатын тәсіл арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда жүзеге асырылады.

      2. Тараптар уақытша шара ретінде Тараптардың заңнамасында көзделген тәртіппен белгілі бір мерзімге жекелеген аумақтардағы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жекелеген түрлеріне мемлекеттік бағаны реттеуді енгізуі мүмкін. Осы тармақта көзделген жекелеген аумақтағы әлеуметтік маңызы бар тауардың бір түрі бойынша мемлекеттік бағаны реттеуді қолданудың жалпы мерзімі бір жыл ішінде 90 күннен аспауға тиіс. Осы мерзімді ұзарту Кеден одағы комиссиясының келісімімен жүзеге асырылуы мүмкін.

      3. Тарап осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделген мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап 7 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде Кеден одағы комиссиясына және Тараптарға хабарлайды.

      4. Кеден одағының комиссиясы осы Келісімнің 18-бабында көзделген тәртіппен мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу туралы шешімнің күшін жоюы мүмкін.

      5. Осы баптың ережелері табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін қоса алғанда, мемлекеттік бағаны реттеу қызметтеріне, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және тауар интервенциялары салаларына қолданылмайды.

      6. Осы баптың ережелері мемлекеттік бағаны реттеу жағдайларында осы Келісімге қосымшада көрсетілген тауарларға қолданылмайды.

18-бап Мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу бойынша Тараптардың іс-әрекеттеріне дауласу

      1. Тараптың осы Келісімнің 17-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу туралы шешімі Тараптың біреуінің шағымы бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен күші жойылуы мүмкін.

      Егер аталған реттеу бәсекелестікті шектеуге, оның ішінде:

      нарыққа кіру кедергілерін жасауға;

      мұндай нарықта бір тұлғалар тобына кірмейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің санын қысқартуға алып келуі мүмкін болса, Кеден одағы комиссиясы мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу туралы шешімнің күшін жоюы мүмкін.

      Бұл ретте, мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу туралы шешімге дауласушы Тарап мемлекеттік бағаны реттеуді енгізудің мақсаттары бәсекелестіктің жай-күйі үшін ең аз теріс салдары бар өзге де тәсіл арқылы қол жеткізуге болатынын дәлелдеуі тиіс.

      3. Кеден одағы комиссиясына Тараптың өтініші келіп түскен күннен бастап 2 айдан аспайтын мерзімде Кеден одағы комиссиясы мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу фактісі бойынша шешім қабылдайды.

      4. Кеден одағы комиссиясы мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу фактілері бойынша Тараптардың өтініштерді беру және оларды қарау тәртібін айқындауға құқылы.

      5. Егер Тарап Кеден одағы комиссиясының шешімімен келіспейтін болса, мәселе Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының Жоғары органы) қарауына шығарылады. Бұл жағдайда мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу фактісі бойынша қабылдаған Кеден одағы комиссиясының шешімі Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесі (Кеден одағының Жоғары органы) қарағанға дейін орындалуға жатпайды.

VI тарау
Тараптардың уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы

19-бап Тараптардың уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы

      Тараптардың уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы осы Келісімді іске асыру шеңберінде ақпарат беру туралы хабарлама, сұрау салулар жіберу, жекелеген іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы сұрау салулар мен тапсырмалар беру, ақпарат алмасу, Тараптардың құқық қолдану практикасын үйлестіру, сондай-ақ Тараптардың біреуінің сұрау салуы бойынша құқық қолдану қызметін жүзеге асыру жолымен Тараптардың уәкілетті органдарының құқық қолдану қызметін жүзеге асыру кезінде жүзеге асырылады.

      Тараптардың уәкілетті органдарының өзара іс-қимылын Тараптардың уәкілетті органдарының орталық аппараттары жүзеге асырады.

20-бап Хабарлама

      1. Тараптардың уәкілетті органдарының әрқайсысы басқа Тараптың уәкілетті органына егер, оның құқық қолдану қызметі басқа Тараптың бәсекелестікті қорғау саласындағы мүдделерін қозғауы мүмкін екендігі белгілі болған жағдайда хабарлайды.

      2. Тараптар басқа Тараптың бәсекелестікті қорғау саласындағы мүдделерін қозғауы мүмкін құқық қолдану қызметі деп Тараптардың уәкілетті органдарының:

      басқа Тараптың құқық қолдану қызметіне қатысы бар;

      бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты (бірігу немесе сатып алу жөніндегі мәмілелерді және өзге де іс-әрекеттерді жасауды қоспағанда), оның ішінде басқа Тараптың аумағында жүзеге асырылатын;

      мәміле тарапының біреуі немесе мәміленің бір немесе бірнеше тараптарын бақылайтын немесе олардың шаруашылық жүргізу қызметін жүргізу шарттарын өзгеше түрде айқындайтын тұлға басқа Тараптың заңнамасына сәйкес тіркелген немесе құрылған тұлға болып табылатын мәмілелерге (өзге де іс-әрекеттерге) қатысты;

      бәсекелестік заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету шеңберінде жүзеге асыруды талап ететін немесе басқа Тараптың аумағында қандай да бір іс-әрекеттерге тыйым салатын мәжбүрлеп ықпал ету шараларын қолданумен байланысты қызметін түсінеді.

      3. Мәмілелер (өзге де іс-әрекеттер) туралы хабарламалар:

      хабарлаушы Тараптың уәкілетті органы мәмілені қарау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған күннен кешіктірмей;

      егер мәміле бойынша шешім оны қарау мерзімі ұзартылмай қабылданған жағдайда - мәміле бойынша шешім қабылдаған күннен кешіктірмей, хабарлаушы Тарапқа мәміле жөнінде өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақылға қонымды мерзімде жіберіледі.

      4. Басқа Тараптың пікірін назарға алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында осы баптың 2-тармағының екінші, үшінші және бесінші абзацтарында көрсетілген мәселелер бойынша хабарламалар осы Тарапқа хабарланушы Тараптың өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін ақылға қонымды мерзімді сақтай отырып, басқа Тарапқа ол туралы хабарлау қажет мән-жайлар анықталған жағдайда істі қарау сатысында, бірақ кез келген жағдайда іс бойынша шешім қабылданғанға немесе бітімгершілік келісім жасалғанға дейін жіберіледі.

      5. Хабарлама жазбаша нысанда жіберіледі және хабарланатын Тарапқа хабарлайтын Тараптың мүдделерін қозғайтын, хабарлайтын Тараптың құқық қолдану қызметінің салдарына алдын ала талдау жүргізуге мүмкіндік беру үшін жеткілікті ақпаратты қамтуы тиіс.

21-бап Жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салу жіберу

      1. Тараптардың уәкілетті органдары жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, сондай-ақ тапсырмалар беру туралы сұрау салулар жіберуге құқылы.

      2. Жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салу Тараптың уәкілетті органының бланкісінде жазбаша нысанда ресімделеді және мыналарды қамтуы тиіс:

      1) ол бойынша ақпарат сұратылатын тиісті істің нөмірін (бар болған жағдайда), құқық бұзушылықтың және өзге де оған қатысты фактілердің егжей-тегжейлі сипатталуын, қолданылатын заң мәтінін қоса бере отырып, сұратқан Тараптың заңнамасына сәйкес әрекетті заңгерлік саралауды;

      2) оларға қатысты тиісті істер қаралатын тұлғалардың, куәлардың тегі, аты және әкесінің аты, олардың тұратын жері немесе орналасқан жері, азаматтығы, айналысатын ісі, туған жері және күні, заңды тұлғалар үшін - олардың атауы және орналасқан жері (егер санамаланған мәліметтер туралы ақпарат бар болған жағдайда);

      3) құжатты табыс ету туралы тапсырмада - алушының нақты мекен жайы және табыс етілетін құжаттың атауы;

      4) ұсынылуы немесе орындалуы тиіс мәліметтердің және іс-әрекеттердің тізбесі (сауалнама жүргізу үшін қандай мән-жайлар анықталуы және нақтылануы тиіс екені көрсетілуі, сондай-ақ сұрау қойылатын тұлғаға қойылатын сұрақтардың реттілігі және тұжырымдамасы көрсетілуі тиіс).

      3. Жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салуда мыналар қамтылуы тиіс:

      1) талап етілетін іс-шаралардың орындалу мерзімін көрсету;

      2) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды белгілі бір тәртіппен өткізу туралы өтінішхат;

      3) сұрау салуда көрсетілген іс-шараларды орындау кезінде сұрау салатын Тараптың уәкілетті органдары өкілдеріне қатысу мүмкіндігін беру туралы өтінішхат, сондай-ақ егер бұл әрбір Тараптың заңнамасына қайшы келмейтін болса, оларды орындауға қатысу;

      4) сұрау салуды, тапсырманы орындаумен байланысты өзге де өтінішхаттар қамтылуы тиіс.

      4. Жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы ақпарат және құжаттар, тапсырмалар беру туралы сұрау салуға сұратқан Тараптың уәкілетті органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды. Сұрау салуға немесе тапсырмаға сұрау салу немесе тапсырма мәтінінде сілтемесі бар құжаттардың қолда бар көшірмелері, сондай-ақ оларды тиісінше орындау үшін қажетті өзге де құжаттар қоса берілуі тиіс.

      5. Оларды орындау орындаушы Тарап үшін қосымша шығыстарды талап ететін сараптамалар және өзге іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмалар Тараптардың уәкілетті органдарының арасындағы алдын ала келісім бойынша жіберіледі.

      6. Тараптардың уәкілетті органдары іс жүргізу құжаттарын басқа Тараптың аумағында болатын тиісті істерге қатысушыларға почта арқылы тікелей жібере алады.

      7. Жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар, тапсырмалар беру туралы қайта сұрау салуды жіберуге, қосымша мәлімет алу немесе бұрынғы сұрауды немесе тапсырманы орындау шеңберінде алынған ақпаратты нақтылау қажет болған жағдайда, жол беріледі.

22-бап Жекелеген іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар мен ақпарат және құжаттар беру туралы сұрау салуды орындау

      1. Жекелеген іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмалар мен ақпарат және құжаттар беру туралы сұрау салу олар қабылданған күннен бастап 1 ай ішінде немесе Тараптардың уәкілетті органдарымен алдын ала келісілген өзге де мерзімде орындалады.

      Тараптың өзге де мемлекеттік органына немесе сұратылатын Тараптың шаруашылық жүргізуші субъектісіне өтініш беру қажет болған жағдайда, көрсетілген мерзім мұндай өтінішті орындау уақытына ұзартылады.

      2. Сұрау салынған Тараптың уәкілетті органы сұрау салуда немесе тапсырмада көрсетілген іс-әрекеттерді жүргізеді және қойылған сұрақтарға жауап береді. Сұрау салынған Тараптың уәкілетті органы өз бастамасы бойынша сұрау салуда немесе тапсырмада көзделмеген, оларды орындаумен байланысты іс-әрекеттерді жүргізуге құқылы.

      3. Сұрау салуды немесе тапсырманы осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, сұрау салынған уәкілетті орган сұрау салған Тараптың уәкілетті органына сұрау салуды немесе тапсырманы орындаудың болжамды мерзімі туралы хабарлауға тиіс.

      4. Тараптардың уәкілетті органдары бір-біріне олардың тиісінше орындалмауы фактілері туралы хабарлай отырып, жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы ақпарат пен құжаттар және тапсырмалар беру туралы сұрау салудың орындалу тәжірибесін зерделейді.

      5. Мекеме дайындаған немесе куәландырған немесе осыған өкілеттігі бар лауазымды тұлға өз құзыретінің шегінде Тараптардың бірінің аумағында елтаңбалық мөрмен бекіткен құжаттар басқа Тараптың аумағында қандай да бір арнайы куәліксіз қабылданады.

      6. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша құқықтық көмек көрсетуден, егер сұрау салуды орындау сұрау салынған Тараптың егемендігіне, қауіпсіздігіне, қоғамдық тәртібіне немесе өзге де мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін болса немесе оның заңнамасына қайшы келетін жағдайда, бас тартылуы мүмкін.

      7. Әрбір Тарап сұрау салулар және тапсырмаларды орындаумен байланысты туындайтын шығыстарды өзі төлейді.

      Жекелеген жағдайларда Тараптардың уәкілетті органдары шығыстарды жүзеге асырудың өзге де тәртібін келісуі мүмкін.

23-бап Жекелеген іс жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырмаларды орындаудың ерекшеліктері

      1. Тараптардың уәкілетті органдары жекелеген іс жүргізу және өзге де іс-әрекеттерді жүргізу туралы тапсырмаларды орындаған кезде мыналарды:

      1) оларға қатысты тиісті іс жүргізілетін тұлғалардан, сондай-ақ куәгерлерден жауап алу;

      2) іс бойынша іс жүргізу үшін қажетті құжаттарды талап ету;

      3) қарау;

      4) мемлекеттік органдардан және тұлғалардан іс бойынша іс жүргізу немесе оны қарау үшін қажетті ақпаратты алу;

      5) тиісті іске қатысушыларға құжаттарды немесе олардың көшірмелерін табыс етуі;

      6) сараптама жасайды және өзге де іс-әрекеттерді жүргізеді.

      2. Тиісті істер бойынша іс жүргізу және өзге де іс-әрекеттер сұрау салынған Тараптың заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

      3. Егер сұрау салынған Тараптың заңнамасы жекелеген іс жүргізу істері үшін уәкілетті лауазымды тұлғалардың арнайы қаулылар шығаруын талап етсе, онда оларды шығару тапсырманың орындалу орны бойынша жүргізіледі.

      4. Тараптардың уәкілетті органдарының келісімі бойынша сұрау салынған Тарап аумағындағы іс жүргізу іс-әрекеттері сұрау салынған Тараптың заңнамасына сәйкес сұрау салынған Тараптың уәкілетті органы өкілдерінің көзінше немесе қатысуымен жүргізілуі мүмкін.

24-бап Ақпарат алмасу

      1. Тараптардың уәкілетті органдары өз заңнамасының талаптарын ескере отырып:

      1) экономиканың құрылымдық қайта құру шеңберінде тауар нарықтарының жай-күйі, монополиядан арылтудың тәсілдері мен практикалық нәтижелері, монополистік қызметтің алдын алу, шектеу және жолын кесу әрі бәсекелестікті дамыту жөніндегі жұмыс әдістемесі және тәжірибесі туралы;

      2) үстем жағдайға ие және Тараптардың тауар нарықтарына өнім беруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың ұлттық тізілімінде қамтылған мәліметтер туралы;

      3) әрбір Тараптың монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы істерді қарау практикасы туралы ақпарат алмасады.

      2. Тараптардың уәкілетті органдары ақпарат беру және әдістемелік көмек көрсету жолымен монополияға қарсы саясат жөніндегі ұлттық заңдар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде ынтымақтастық жасайды.

      3. Тараптардың уәкілетті органдарының әрқайсысы басқа Тараптың уәкілетті органына егер мұндай ақпарат, жіберуші Тараптың уәкілетті органының пікірі бойынша басқа Тараптың уәкілетті органының құқық қолдану қызметіне қатысы бар немесе негіз болуы мүмкін болса, өзінде бар бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер туралы кез келген ақпаратты береді.

      4. Тараптардың уәкілетті органдарының әрқайсысы басқа Тараптың уәкілетті органына оны қарау үшін сұрау салынған ақпарат талап етілетін істің мән-жайын баяндай отырып, тиісті ақпаратты беру туралы сұрау салу жіберуге құқылы.

      Сұрау салуды алған Тараптың уәкілетті органы басқа Тараптың сұрау салынған уәкілетті органына егер мұндай ақпаратты олар сұрау салған Тараптың құқық қолдану қызметіне қатысы бар деп таныса, қолда бар ақпаратты береді.

      Сұрау салынған ақпарат Тараптардың уәкілетті органдары арасында келісілген мерзімде, алайда сұрау салу келіп түскен күннен бастап 60 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      Алынған ақпарат тиісті сұрау салудың мақсаттары немесе консультация үшін пайдаланылады және аталған ақпаратты берген Тараптың уәкілетті органының келісімінсіз жария етуге немесе үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

25-бап Тараптардың біреуінің сұрау салуы бойынша құқық қолдану қызметін жүзеге асыру

      1. Егер Тараптардың біреуі басқа Тараптың аумағында жүзеге асырылатын бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер оның мүдделерін теріс әсерімен қозғайды деп пайымдаса, онда ол оның аумағында бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттер жүзеге асырылатын Тарапқа бұл туралы хабарлауы, сондай-ақ осы Тарапқа тиісті бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттердің жолын кесумен байланысты тиісінше құқық қолдану іс-әрекеттеріне бастамашылық етуді өтініп, жүгінуі мүмкін. Аталған өзара іс-қимыл Тараптардың уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырылады.

      Хабарламада бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттердің сипаттамасы және хабарлайтын Тараптың мүдделері үшін ықтимал салдарлар туралы ақпарат, сондай-ақ қосымша ақпарат беру туралы және хабарлаушы Тарап ұсынуға өкілетті өзге де ынтымақтастық туралы ұсыныс қамтылуы мүмкін.

      2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес хабарлама алған кезде және тараптардың уәкілетті органдары арасында келіссөздер жүргізгеннен кейін, егер оларды жүргізу қажет болса, хабарлаушы Тарап хабарламада көрсетілген бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерге қатысты құқық қолдану іс-қимылдарын бастау немесе бұрын басталған құқық қолдану іс-қимылдарын кеңейтудің қажеттілігі туралы мәселені шешеді. Хабарланатын Тарап қабылданған шешім туралы хабарлаушы Тарапты хабардар етеді. Хабарламада көрсетілген бәсекелестікке қатысты іс-қимылдарға қатысты құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асырған кезде хабарланатын Тарап тиісті құқық қолдану іс-қимылдарының нәтижелері туралы хабарлаушы Тарапты хабардар етеді.

      Құқық қолдану іс-әрекеттеріне бастамашылық ету туралы мәселені шешкен кезде хабарланатын Тарап өзінің бәсекелестік туралы заңнамасын басшылыққа алады.

      Осы баптың ережелері хабарлаушы Тараптың бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасында көзделген осы Тараптың құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыру құқығын шектемейді.

26-бап Тараптардың құқық қолдану әрекетін үйлестіру

      1. Өзара байланысты мәмілелерге (жасалатын іс-әрекеттерге) қатысты құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыруда өзара мүдделілік болған жағдайда Тараптардың уәкілетті органдары құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл туралы уағдаласуы мүмкін. Құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл туралы мәселені шешкен кезде Тараптардың уәкілетті органдары мынадай факторларды:

      1) құқық қолдану қызметіне бағытталған материалдық және ақпараттық ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалану және (немесе) тараптардың құқық қолдану қызметін жүзеге асыру барысындағы шығындарын азайту мүмкіндігін;

      2) Тараптардың құқық қолдану қызметін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға қатысты мүмкіндіктерін;

      3) осындай өзара іс-қимылдың болжамды нәтижесі - өзара іс-қимыл жасаушы Тараптардың құқық қолдану қызметінің мақсатына қол жеткізу жөніндегі мүмкіндіктерін арттыруды назарға алады.

      2. Басқа Тарапқа тиісінше хабарлаған кезде кез келген Тарап осы Келісімнің шеңберінде өзара іс-қимылды шектеуі немесе тоқтатуы және өзінің заңнамасына сәйкес бір-бірінен тәуелсіз құқық қолдану іс-әрекеттерін жүзеге асыруы мүмкін.

27-бап Ақпараттың құпиялылығы

      1. Осы Келісімнің 19 - 26-баптарында көрсетілген мәселелер бойынша өзара іс-қимыл шеңберінде ұсынылған ақпарат және құжаттар құпия сипатта болады және осы Келісімде көзделген мақсатта ғана пайдаланылуы мүмкін. Ақпаратты басқа мақсатта пайдалану және үшінші тұлғаларға беру оларды берген Тараптың уәкілетті органының жазбаша келісімі бойынша ғана мүмкін болады.

      2. Әрбір Тарап ақпарат, құжаттар және өзге де мәліметтердің, оның ішінде басқа Тараптың уәкілетті органы берген дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етеді.

VII бөлім
Келісімді іске асыру

28-бап Келісімді іске асыру кезеңдері

      1. Осы Келісімді іске асыру мынадай кезеңдердің:

      Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде бәсекелестіктің бірыңғай ережелерінің сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті органның жұмыс істеуі және осы Келісімнің 16-бабында көзделген тәртіппен оның шешімдеріне шағым жасауды жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік базаны жасау;

      Осы Келісімнің 30-бабында көзделген тәртіппен әрбір Тараптың заңнамасын үйлестіру;

      Кеден одағы комиссиясына Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) оларды бұзу осы Келісімнің 31-бабында көзделген тәртіппен екі немесе одан да көп Тараптың аумағындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін бәсекелестіктің бірыңғай ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді берудің реттілігі сақтала отырып, жүргізіледі.

29-бап Бәсекелестіктің бірыңғай ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік базаны жасау

      1. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 12 ай ішінде Кеден одағының комиссиясы:

      1) бәсекелестіктің жай-күйін бағалау әдістемесін;

      2) монополиялық жоғары (төмен) бағаларды айқындау әдістемесін;

      3) осы Келісімде көзделген айыппұлды есептеу және салу тәртібінің әдістемесін;

      4) қажет болған жағдайда бәсекелестік ережелерін экономиканың әртүрлі салаларында қолдану ерекшеліктерін;

      5) бәсекелестік ережелерінің бұзылуы туралы өтініштерді (материалдарды) қарау тәртібін;

      6) бәсекелестік ережелерінің бұзылуына тергеу жүргізу тәртібін;

      7) бәсекелестік ережелерінің бұзылуы туралы істерді қарау тәртібін;

      8) Кеден одағы комиссиясының және Тараптардың уәкілетті органдарының, оның ішінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тәртібін;

      9) осы Келісімнің III бөлімінде белгіленген бәсекелестік ережелерінің бұзылуы туралы тергеу жүргізуді және іс материалдарын дайындауды қамтамасыз ететін Кеден одағы комиссиясы бөлімшесінің функцияларын және құрылымын, мұндай бөлімшенің санын және мәртебесін, персоналына қойылатын талаптарды, жұмыс регламентін және оның қызметін қаржыландыру тәртібін;

      10) бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де құжаттарды бекітеді.

      2. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап 12 ай ішінде Тараптар ЕурАзЭҚ Сотының шеңберінде бәсекелестік ережелерінің бұзылуы туралы істерді қарау бойынша құрамды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

30-бап Әрбір Тараптың заңнамасын үйлестіру

      1. Тараптар өзінің заңнамасын осы Келісімнің II және III тарауларында белгіленген бәсекелестік қағидаттары мен қағидаларына сәйкес келтіреді.

      2. Әрбір Тараптың бәсекелестік саясат саласындағы заңнамасын үйлестіру мақсатында Кеден одағы комиссиясы өзінің шешімімен Тараптардың ұсынысы бойынша Тараптардың осы саладағы қандай нормативтік құқықтық актілері өзгертілуі немесе қабылдануы тиіс екенін белгілейді, сондай-ақ осы салада әрбір Тараптың заңнамасын үйлестіру жөнінде тиісті шараларды жүзеге асырудың реттілігін анықтап, сондай-ақ осы уақыт ішінде Тараптар өзінің заңнамасын осы Келісімнің II және III бөлімдерінде белгіленген бәсекелестік қағидаттары мен қағидаларына сәйкес келтіру мерзімін (осы Келісім күшіне енген күннен бастап 18 айдан аспайтын мерзімде) айқындайды.

      Тараптар осы мерзімде бәсекелестік туралы модельдік заңды әзірлеу мен қабылдауды қамтамасыз етеді.

31-бап Тараптардың бәсекелестіктің бірыңғай ережелерінің сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерін Кеден одағы комиссиясына беру кезеңдері

      1. Тараптар Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін екі немесе одан да көп Тараптың аумағындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе етуі мүмкін жосықсыз бәсекеге тыйым салудың сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді осы Келісімнің 29 және 30-баптарының талаптары сақталған жағдайда, осы Келісім күшіне енген күннен бастап 20 айдан кешіктірмей Кеден одағы комиссиясына беруді жүзеге асырады.

      Кеден одағы комиссиясына Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін жосықсыз бәсекеге тыйым салудың сақталуы бөлігінде, зияткерлік қызмет нәтижелеріне айрықша құқық мәселелерін қозғайтын бөлігінде беру Тараптар зияткерлік меншікті қорғау саласындағы реттеудің бірыңғай ережелері туралы келісімді әзірлеген және қабылдағаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

      2. Тараптар Кеден одағы комиссиясына Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін екі немесе одан да көп Тараптың аумағындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе етуі мүмкін бәсекелестікке қарсы келісімдерге тыйым салудың сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді осы Келісімнің 29 және 30-баптарының талаптары сақталған жағдайда, осы Келісім күшіне енген күннен бастап 22 айдан кешіктірмей береді.

      3. Тараптар Кеден одағы комиссиясына Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін екі немесе одан да көп Тараптың аумағындағы трансшекаралық нарықтарда бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе етуі мүмкін үстем жағдайды теріс пайдалануға тыйым салудың сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді осы Келісімнің 29 және 30-баптарының талаптары орындалған жағдайда, осы Келісім күшіне енген күннен бастап екі жылдан кешіктірмей береді.

      4. Кеден одағы комиссиясына осы баптың 1 - 3-тармақтарына сәйкес осы Келісімнің III бөлімінде белгіленген бәсекелестік ережелерінің бұзылуы туралы істерді қарау жөніндегі өкілеттіктерді бергенге дейін Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) аталған бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз етуді Тараптардың уәкілетті органдары әрбір Тараптың заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Тараптардың уәкілетті органдары осы Келісімнің III бөлімінде белгіленген бәсекелестіктің ережелерін бұзу туралы істі қарайтын Тараптың уәкілетті органына осы Келісімнің IV бөлімінде көзделген тәртіппен жан-жақты көмектеседі.

      Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асыру кезінде Тараптардың уәкілетті органдары осы Келісімді және әрбір Тараптың заңнамасын осы Келісіммен реттелмеген бөлігінде басшылыққа алады.

      5. Тараптар Кеден одағы комиссиясына Тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін екі немесе одан да көп Тараптың аумағындағы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестікке теріс әсер ететін немесе етуі мүмкін, осы Келісімнің III бөлімінде белгіленген бәсекелестіктің ережелерін сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді бергенге дейін, Комиссия Тараптардың уәкілетті органдарының бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін сақтауын қамтамасыз етуді бақылайды.

      6. Кеден одағы комиссиясына Тараптардың бәсекелестіктің бірыңғай ережелерін сақтауын бақылау жөніндегі өкілеттіктерін беру Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің (Кеден одағының жоғары органы) шешімімен ресімделеді, онда тиісті өкілеттіктерді беру үшін қажетті, осы Келісімнің 29 және 30-баптарында көзделген талаптардың орындалуы фактісі тіркеледі.

      7. Кеден одағы комиссиясына осы бапта көзделген өкілеттіктерді беру Кеден одағы комиссиясы өз өкілеттілігін жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібін және оны жария еткені үшін жауапкершілікті айқындайтын Тараптардың келісімі күшіне енуі шартымен жүргізіледі.

VIII бөлім
Қорытынды ережелер

32-бап Талаптардың үшінші елдерге қатысты бәсекелестік саясаты

      Тараптар, егер мұндай іс-әрекеттер Тараптардың тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін болса, үшінші елдердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (нарық субъектілерінің) іс-қимылдарына қатысты келісілген бәсекелестік саясатты жүргізеді.

33-бап Дауларды шешу

      Осы Келісімнің ережелерін қолдануға және түсіндіруге байланысты дауларды Тараптар консультациялар арқылы шешеді, ал егер Тараптар консультация өткізуден бас тартқан немесе оны өткізу кезінде өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, мүддесі бұзылған Тарап ЕурАзЭҚ-тың Сотына жүгінуге құқылы.

34-бап Келісімге өзгерістер енгізу

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге жекелеген хаттамамен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

35-бап Келісімнің күшіне ену, Келісімге қосылу және одан шығу тәртібі

      Осы Келісім ратификациялауға жатады.

      Осы Келісім осы Келісімнің 16-тармағын қоспағанда, Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы Келісімнің 16-бабы осы Келісімнің 29, 30-баптарында, 31-баптың 1-3 және 7-тармақтарында көзделген талаптар орындалғаннан кейін ғана күшіне енеді.

      Осы Келісімнің кез келген Тарабы депозитарийге өзінің осындай ниеті туралы шығатын күніне дейін кемінде 6 ай бұрын дипломаттық арналар арқылы жазбаша хабарлама жібере отырып, одан шыға алады.

      Осы Келісім Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын құрайтын халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелерді қабылдаған және барлық Тараптың келісімімен оған басқа мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.

      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы функцияларын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың интеграциялық комитеті жүзеге асыратын депозитарийде сақталады.

Беларусь Республикасы

Қазақстан Республикасы

Ресей Федерациясы

үшін

үшін

үшін


  Бәсекелестіктің бірыңғай
қағидаттары мен қағидалары
туралы келісімге
қосымша

Оларға қатысты осы Келісімнің 17-бабының ережелері қолданылмайтын тауарлардың тізбесі

      1. Табиғи газ

      2. Тұрмыстық мұқтаждықтарға арналған сұйытылған газ

      3. Электр және жылу энергиясы

      4. Арақ, ликер-арақ немесе күштілігі 28 пайыздан астам басқа да алкоголь өнімі (ең төменгі баға)

      5. Азық-түлік шикізатынан алынған этил спирті (ең төменгі баға)

      6. Дәрілік заттар

      7. Қатты отын, пеш отыны және тұрмыстық мұқтаждықтарға арналған керосин

      8. Ядролық-энергетикалық цикл өнімі

      9. Мұнай өнімдері

      Осымен осы мәтін 2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында: Беларусь Республикасынан Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.В.Кобяков, Қазақстан Республикасы Үкіметінен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеев, Ресей Федерациясы Үкіметінен Ресей Федерациясының Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары И.И.Шувалов қол қойған Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің толық және түпнұсқалық көшірмесі болып табылатындығын растаймын.

      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық Комитетінде сақталады.

  Барлығы 40 парақта тігілген,
қол қойылған және мөр мен
бекітілген

Еуразиялық экономикалық


қоғамдастықтың Интеграциялық


Комитетінің Хатшылығы Құқықтық


департаментінің басшысы

В.С.Князев


      2010 жылғы 9 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімнің куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.

Қазақстан Республикасы


Сыртқы істер министрлігі


Халықаралық құқық департаментінің


Басқарма бастығы

Б. Пискорский


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады