ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiне:
1) 297-бапта:
тақырыптағы "дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау," деген сөздер "иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы "дайындау, қайта өңдеу," деген сөздер алып тасталсын;
екінші абзацтағы "он" деген сөз "сегіз" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктің екінші абзацындағы "он екі" деген сөздер "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөлікте:
4) және 5) тармақтар алып тасталсын;
екінші абзацтағы "он жылдан он бес жылға" деген сөздер "жеті жылдан он екі жылға" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ не лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып жасаған іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді бiлiм беру ұйымдарында не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға өткізу –
мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
2) мынадай мазмұндағы 297-1-баппен толықтырылсын:
"297-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу
мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру
1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу –
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет;
3) аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарға, сол тектестерге қатысты жасалған іс-әрекеттер –
мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ не лауазымды адам қызмет бабын пайдаланып жасаған іс-әрекеттер, сол сияқты есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді заңсыз өндіру –
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
3) 300-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) қылмыстық топ жасаған;
2) аса ірі мөлшерде жасалған іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";
4) 301-бапта:
тақырып және бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"301-бап. Прекурсорлардың, улы, күшті әсер ететін заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы және күшті әсер ететін заттарды өндіру, дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
1. Прекурсорларды, күшті әсер ететін, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар болып табылмайтын улы заттарды, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы және күшті әсер ететін заттарды өндіру, дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту –";
екінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мынадай:
1) өткiзу мақсатында;
2) ірі мөлшердегі прекурсорларға қатысты жасалған дәл сол іс-әрекеттер –";
үшінші бөлік 4) тармағындағы "арқылы жасалған іс-әрекеттер –" деген сөздер "арқылы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақпен толықтырылсын:
"5) аса ірі мөлшердегі прекурсорларға қатысты жасалған іс-әрекеттер –";
5) 303-баптағы "психотроптық немесе улы заттармен", "психотроптық немесе улы заттарды" деген сөздер тиісінше "психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен, улы немесе күшті әсер ететін заттармен", "психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды, улы немесе күшті әсер ететін заттарды" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:
1) 136-баптың екінші бөлігі "297 (төртінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "297-1 (төртінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
2) 187-бапта:
екінші бөлікте:
"297 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "297-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын;
"300 (екінші бөлігінде)" деген сөздер "300 (екінші және үшінші бөліктерінде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік "297 (үшінші және төртінші бөліктерінде)," деген сөздерден кейін "297-1 (үшінші және төртінші бөліктерінде)," деген сөздермен толықтырылсын.
3. 2020 жылғы 7 шiлдедегi "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 135-1) тармақшамен толықтырылсын:
"135-1) күшті әсер ететін заттар – уыттылығы жоғары, тұтынуы адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсер ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізбесіне енгізілген табиғи, синтетикалық және биосинтетикалық жолмен алынған заттар (химиялық немесе биологиялық қосылыстар);";
2) 109-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, сондай-ақ күшті әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуға тыйым салуды;";
3) 174-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мерзімінен бұрын жазылып шыққан ретінде сот қаулысымен шығарылғандардан басқа, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынумен байланысты мәжбүрлеп емдеуде болған адамдар психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымнан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін тиісті ұйымда есепке тұруға жатады және уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен оларда демеп емдеуден өтуге міндетті.
Демеп емдеуден өтуден жалтарған жағдайда адамды ішкі істер органдары мәжбүрлеп әкелуі мүмкін.".
4. "Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
11) тармақшадағы "прекурсорларды сериялап алуға" деген сөздер "прекурсорларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сериялап алуға" деген сөздермен ауыстырылсын;
32) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"32) препарат – құрамында ілеспе заттар мен толықтырушылар (ұн, крахмал, қант және басқалары), сондай-ақ Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енгiзiлген бiр немесе бiрнеше есiрткi, психотроптық заттар немесе прекурсорлар бар, кез келген физикалық күйдегi заттар қоспасы;";
"35) уытқұмарлық – есiрткi, психотроптық заттардың, сол тектестердің әсерiне ұқсас психикалық елiрме әсер туғызатын және Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiміне енбейтін табиғаты әртүрлi заттарды шектен тыс пайдалану.";
2) 15-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды тиісті қызмет түрлеріне лицензиялары бар денсаулық сақтау субъектілері босатуы мүмкін. Азаматтарға құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар дәрiлiк препараттарды босату құқығы берiлген лауазымдар мен ұйымдар тiзбесiн есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органмен және ветеринария саласындағы уәкiлеттi органмен келiсу бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.";
3) 16-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда, үйдегі стационарларда, мобильдік бригада, жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылған кезде, медициналық авиациямен тасымалдаған кезде, сондай-ақ медициналық пойыздарда, жылжымалы (далалық) медициналық кешендерде, далалық госпитальдарда, трассалық медициналық-құтқару пункттерінде;".
5. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
4-тармақтың 5) тармақшасында:
"Қылмыстық кодексінің" деген сөздерден кейін "108-1 (бірінші бөлігінде), 109-1," деген сөздермен толықтырылсын;
"73-1, 73-2," деген цифрлар "440-1," деген цифрлармен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "сол тектестер мен прекурсорлардың" деген сөздер "сол тектестердің, прекурсорлардың, күшті әсер ететін заттардың" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларын, 3-тармағының 1) тармақшасын, 5-тармағының алтыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |