Осы Заңмен эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылуы мен айналыста болуы, бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асыру, бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу процесiнде туындайтын қатынастар реттеледi.
ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427 Заңымен.
I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан
Республикасының заңдары
Бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңдары осы заңнан бағалы қағаздар шығаруға және олардың айналысына байланысты құқықтық қатынастарды реттейтiн өзге де заңдардан, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес шығарылатын мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2-бап. Негiзгi ұғымдар
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) агенттiк облигация - уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қаржы агенттiгi шығарған облигация; <*>
2) антеррайтер - бағалы қағаздар рыногында делдалдық және дилерлiк қызметке лицензиясы бар және эмитенттiң бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелерiне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң аффилиирленген тұлғасы - шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бағалы қағаздар рыногы субъектiсi қабылдаған шешiмге, оның iшiнде ауызша шартты қоса алғанда, шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне әсер етуге мүмкiндiгi бар тұлға (өзiне берiлген өкiлеттiк шегiнде осы тұлғаның қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды қоспағанда), сондай-ақ осындай құқығы бар бағалы қағаздар рыногы субъектiсiне қатысты кез келген тұлға; <*>
4) брокер - сыйақы үшiн шарт негiзiнде iс-қимыл жасайтын, клиенттердiң тапсырмасы бойынша, солардың есебiнен және мүдделерiн көздеп бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi жүзеге асырушы кәсiби қатысушы; <*>
5) бағалы қағаздардың қайталама рыногы - бағалы қағаздардың айналысы процесiнде бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi арасында қалыптасатын қатынастар, бұған бағалы қағаздардың бастапқы рыногының қатынастары қосылмайды; <*>
6) бағалы қағаздарды материалсыздандыру - бағалы қағаздармен куәландырылатын мүлiктiк құқықтарды растау әдiсiн өзгерту, бұл орайда арнаулы тiзiлiмдердегi жазбалар бұл құқықтарды растау болып табылады;
7) бағалы қағаздар депозитарийi - бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi есепке алу және оларды орындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды материалсыздандыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым;
8) депонент - депозитарийдiң клиентi болып табылатын тұлға, ол бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелерге қызмет көрсету жөнiндегi депозитарийдiң қызметтерiн шарт негiзiнде пайдаланады;
9) бағалы қағаз ұстаушы - бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн жүргiзу жүйесiнде тiркелген және осы бағалы қағазбен куәландырылған мүлiктiк құқықтарды иеленген тұлға; <*>
10) дилер - бағалы қағаздарды кейiн қайта сату немесе олармен өзге де мәмiлелер жасау нәтижесiнде пайда табу мақсатымен баға кесудi ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына шығару және (немесе) оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз атынан және өз есебiнен бағалы қағаздармен мәмiлелер жасайтын кәсiпқой қатысушы; <*>
11) инвестор - қаражатын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға; <*>
12) институционалдық инвестор - өзi тартқан ақшаларды заңдарға сәйкес бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялайтын заңды тұлға; <*>
ипотекалық облигация - ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепiлiмен (ипотекалық куәлiктер кепiлiн қоса алғанда), сондай-ақ тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсімен белгiленетiн өзге де жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлген облигация; <*>
13) кастодиан - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу және олардың есебiн жүргiзу, құжатты бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң ақшаларына есеп жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы; <*>
14) бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу жөнiндегi клиринг - бағалы қағаздармен мәмiле жасаудың нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiн есепке алу;
15) баға кесу - қор биржасында және басқа да ұйымдасқан бағалы қағаздар рыноктарында бағалы қағаздардың бағамын (рыноктық бағасын) белгiлеу;
16) биржадан тыс бағалы қағаздар рыногындағы баға кесу ұйымы - бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары құратын, заңды тұлға мәртебесi бар, бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс рынок айналысындағы бағалы қағаздармен сауда жасауды техникалық жағынан қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
17) листинг - бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының ережелерiнде белгiленген тәртiппен сауда-саттық ұйымдастырушының бағалы қағаздар тiзiмiне енгiзу; <*>
18) бағалы қағаздарды бiр iзге түсiрудiң ұлттық жүйесi (NSIN) - Қазақстан Республикасы аумағында айналымға жiберiлген бағалы қағаздарды әрiптiк-сандық кодификациялау жүйесi; <*>
19) ұйымдастырылмаған рынок - мәмiле нысанасына және оның қатысушыларына ұйымдастырылған рынок талаптарына сақтамай бағалы қағаздармен мәмiлелер жүзеге асырылатын бағалы қағаздар айналымы өрiсi;
20) облигацияның нақтылы құны - облигация құнының оны шығару проспектiнде айқындалған ақшалай көрiнiсi; <*>
21) нақтылы ұстаушы - шартқа сәйкес және бағалы қағаздар иесiнiң мүдделерiн көздеп, өз атынан және меншiк иесi есебiнен бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыратын кәсiпқой қатысушысы;
22) бағалы қағаздар айналысы - бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
қамтамасыз етiлген облигация - эмитент мiндеттемелерiн орындау кепiлмен, кепiлдiк берумен және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де тәсiлдермен қамтамасыз етiлген
облигация; <*>
23) бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногы - бағалы қағаздардың айналым өрiсi, онда бағалы қағаздармен мәмiле жасау қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сол мәмiлелерге қатысушылар үшiн сауда-саттықты ұйымдастырушылар белгiлеген рәсiммен және шарттармен реттелген;
24) бағалы қағаздардың бастапқы рыногы - бағалы қағаздарды шығару және орналастыру процестерiнде, бiр жағынан, эмитенттiң немесе оның тапсыруы бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысының және, екiншi жағынан, инвесторлардың арасында қалыптасатын қатынастар;
25) бағалы қағаздар портфелi - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң меншiгiндегi не сенiмгерлiкпен басқаруындағы әртүрлi бағалы қағаздардың және өзге де қаржы құралдарының жиынтығы; <*>
26) бұйрық - бағалы қағаздарды ұстаушы немесе сатып алушы бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысына беретiн, бағалы қағаздармен мәмiле жасасуға негiзделген және бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыруға арналған бағалы қағаздар мен ақша жөнiндегi белгiлi бiр iс-әрекеттi жүзеге асыру жөнiнде нұсқаудан тұратын стандарттық үлгiдегi құжат;
27) шығарылым проспектi - эмитент, оның қаржылық жай-күйi және шығарылған бағалы қағаздар туралы ақпараттан тұратын құжаттар жиынтығы; <*>
28) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары - бағалы қағаздар рыногында кәсiпқой қызметтiң бiр немесе бiрнеше түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар;
29) туынды бағалы қағаздар - басқа бағалы қағаздар арқылы бiлдiрiп құнға ие болатын бағалы қағаздар;
30) тiркеушi - бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы; <*>
31) өзiн-өзi реттейтiн ұйым - бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың бiрыңғай ережелерiн (стандарттарын) әзiрлеу және қабылдау мақсатында бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушылары құрған ұйым; <*>
32) өзiндiк капитал - шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң өз мiндеттемелерiн шегерiп тастағаннан кейiнгi активтерi;
33) бағалы қағаздар шығарылымының құрылымы - шығарылатын бағалы қағаздардың саны, олардың түрi, сондай-ақ орналастырылу бағасы (нақтылы құны) туралы мәлiметтер; <*>
34) трансфер-агент - бағалы қағаздар рыногында азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде ақпараттар (құжаттар) қабылдау мен беру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы; <*>
35) бағалы қағаздар портфелiн басқарушы - бағалы қағаздарды, өзге де қаржы құралдарын, сондай-ақ оларды сатып алуға арналған ақшаларды сенiмгерлiкпен басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын кәсiби қатысушы; <*>
36) қаржы агенттiгi - банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен экономиканың белгiлi бiр саласында мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыруға уәкiлеттiк берiлген және осы мақсатта капиталдың iшкi және сыртқы рыноктарынан қарыз алуды жүзеге асыратын ұйым. Қаржы агенттiгiне мәртебе беру тәртiбiн және қаржы агенттiгiнiң қызметiне қойылатын талаптарды уәкiлеттi орган белгiлейдi; <*>
37) қаржы құралы - тұтыну құны оның айналыс және (немесе) төлем құралы ретiнде пайдаланылу мүмкiндiгiмен айқындалатын және ұлттық валютаға айырбасталу қабылеттiлiгiн иеленген актив түрі; <*>
38) қор биржасы - қызметiнiң ерекше түрi қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастыру болып табылатын, ол қызметтi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес және биржа белгiлеген ережелерге сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;
39) эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде бiртектес белгiлерге және реквизиттерге ие болатын, осы шығарылымға арналған бiрыңғай ережелер негiзiнде орналастырылатын және айналысқа түсетiн бағалы қағаздар; <*>
40) эмиссия - эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу және оларды орналастыру мақсатында жасайтын iс-әрекетi; <*>
41) эмиссиялық синдикат - эмитенттiң бағалы қағаздарын орналастыру мақсатында құрылған бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының бiрлестiгi;
42) эмитент - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын және бағалы қағаздардың иеленушiлерi алдында өз атынан мiндеттемелерi болатын заңды тұлға.
ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427 Заңымен.
3-бап. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар
1. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар мыналар болып табылады:
биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымы;
қор биржасы;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де ұйымдар.
2. Бағалы қағаздармен сауданы ұйымдастырушылар қызметiн уәкiлеттi орган лицензиялауға тиiс.
3. Бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылар уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтауға мiндеттi. Пруденциялық нормативтердiң құрамына бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, өз капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi, сондай-ақ уәкiлеттi органның айқындауы бойынша өзге де нормалар мен лимиттер кiредi. <*>
ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
4-бап. Бағалы қағаздар рыногының объектiлерi
Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар рыногының объектiлерi мыналар болып табылады:
акциялар, облигациялар және заңдарда белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган бағалы қағаздар деп танылған бағалы қағаздардың басқа да түрлерi;
Заңдарға сәйкес осындай деп танылған туынды бағалы қағаздар;
басқа мемлекеттердiң заңдарына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы аумағындағы айналысына уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен рұқсат етiлген шетел эмитенттерiнiң бағалы қағаздары;
ипотекалық куәлiктер, коносаменттер және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаз мәртебесi болған өкiмдiк құжаттардың басқа да түрлерi.
5-бап. Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi
Бағалы қағаздар рыногының субъектiлерi:
инвесторлар;
эмитенттер;
бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары;
өзiн-өзi реттейтiн ұйымдар болып табылады.
6-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы инвесторлар
1. Бағалы қағаздар рыногында:
инвесторлар - жеке және заңды тұлғалар;
институционалдық инвесторлар болуы мүмкiн.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе Қаржы министрлiгi арқылы бағалы қағаздар рыногында инвестор ретiнде iс-қимыл жасайды.
2. Өздерi тартқан қаржыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздарға және өзге де қаржы құралдарына инвестициялау үшiн пайдаланушы субъектiлер Қазақстан Республикасындағы институционалдық инвесторлар болып табылады. Институционалдық инвесторларға:
инвестициялық қорлар;
банктер - Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда;
жинақтаушы зейнетақы қорлары;
сақтандыру ұйымдары;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да ұйымдар жатады. <*>
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
7-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысаны
1. Эмиссиялық бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген шектеулер ескерiле отырып, құжатты немесе құжатсыз нысанда шығарылуы мүмкiн. <*>
2. <*>
3. <*>
4. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанын шығарылымды мемлекеттiк тiркеуге табыс етiлген құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып, эмитенттiң жоғарғы басқару органының шешiмi бойынша эмитент өзгертуi мүмкiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
8-бап. <*>
ЕСКЕРТУ. 8-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
9-бап. Бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер
1. Бағалы қағаздармен мәмiлелер ұйымдасқан және ұйымдаспаған бағалы қағаздар рыногында жасалады.
2. Кәсiпқой қатысушылар ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердi өз атынан немесе клиенттiң атынан, өз есебiнен немесе клиенттiң есебiнен бағалы қағаздар сатып алу немесе сату арқылы жасайды.
Бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты тараптардың бiрiнiң талап етуi бойынша нотариалдық куәландырылуға тиiс.
3. Бағалы қағаздардың ұйымдаспаған рыногында жасалатын мәмiлелердi инвесторлардың өздерi де, бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының қызметiн пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкiн.
Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қатысушылардың ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногындағы бағалы қағаздармен мәмiле жасауына шектеу белгiлеуге құқылы. <*>
4. Кәсiпқой қатысушының бағалы қағаздармен мәмiле жасауға өкiлеттiгi оның клиентпен жасасқан мәмiлелердi жасау және орындау үшiн қажеттi талаптарды айқындайтын шартымен расталады.
5. Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен мәмiле жасау рәсiмi және оларды тiркеу сауда-саттық ұйымдастырушылардың ережелерiмен айқындалады. <*>
ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
II тарау. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу
10-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк
реттеу негiздерi
Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттiк реттеу:
1) бағалы қағаздар рыногы субъектiлерi қызметiне мiндеттi талаптар белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлер шығару;
2) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу, сондай-ақ эмитенттердiң олардың шығарылу, айналыс және өтелу шарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асыру; <*>
3) бағалы қағаздар рыногына кәсiптiк қатысушылар және олардың өзiн-өзi реттейтiн ұйымдары қызметiн лицензиялау;
4) сауда-саттық ұйымдастырушылардың және институционалдық инвесторлардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялау; <*>
5) бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесiн ұйымдастыру және олардың құқықтарын эмитенттер мен бағалы қағаздар рыногына кәсiптiк қатысушылардың сақтауына бақылау жасау;
6) бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылар, сауда-саттық ұйымдастырушылар қызметiне бақылау жасау және бағалы қағаздар рыногын реттейтiн заңдарды бұзғаны үшiн тиiстi санкцияларды қолдану;<*>
7) бағалы қағаздар рыногында заңдарды бұзатын адамдарды анықтау және жауапкершiлiкке тарту жөнiндегi шаралар қолдану;
8) бағалы қағаздар рыногына қатысушылардың кәсiптiк және бiлiм деңгейiн арттыру жөнiндегi жүйелердi ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады.
ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
11-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу
жөнiндегi мемлекеттiк орган
Мемлекеттiк орган арқылы мемлекет бағалы қағаздар рыногында қалыптасқан қатынастарды мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүзеге асырады.
Бағалы қағаздар рыногындағы қатынастарды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президентi бағалы қағаздар рыногын реттеу мен бақылау және акционерлердiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган (одан әрi - уәкiлеттiк орган) құрады, ол өз қызметiнде Конституция нормаларын, бағалы қағаздар рыногы туралы заңдар мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады және Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен Ережелер негiзiнде қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
12-бап. Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу <*>
Мемлекеттiк емес эмиссиялық бағалы қағаздарды және басқа да бағалы қағаздарды шығару Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жатады.
ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
III тарау. Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы
13-бап. <*>
ЕСКЕРТУ. 13-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
14-бап. Мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарылымы <*>
Мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарылымын жүзеге асыру тәртiбi және шығарылым көлемi Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
14-1-бап. Агенттiк облигациялар эмиссиясы <*>
Агенттiк облигацияларын шығару, орналастыру және өтеу шарты мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ЕСКЕРТУ. 14-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
15-бап. <*>
ЕСКЕРТУ. 15-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
16-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды
мемлекеттiк тiркеу <*>
1. Жарияланған акциялар шығару туралы шешiм акционерлiк қоғам құрылтайшыларының жиналысында (акционерлердiң жалпы жиналысында) қабылданады.
Акционерлiк қоғам құрылтайшылардың ол әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеуге арналған құжаттарды, олардың арасында орналастырылған акцияларды төлегендiгiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, уәкiлеттi органға табыс етуге мiндеттi.
Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттiк тіркеу құрылтайшыларды акция ұстаушылардың тiзiлiмiнде акция ұстаушылар ретiнде тiркеу үшiн негiз болып табылады.
2. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу:
1) ұсынылған құжаттарды қарауды және олардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiне сараптаманы;
2) эмитенттiң аудиторлық ұйым (аудитор) растаған қаржылық есептiлiгiн қарауды;
3) бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрiн берудi және Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне эмиссиялық бағалы қағаздар шығару туралы және эмитент туралы мәлiметтер енгiзудi;
4) эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудi куәландыратын құжат берудi қамтиды.
3. Эмиссиялық бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.
4. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiгiн, сондай-ақ олардың шығарылу, айналысы, өтелу мен жойылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
5. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент ұсынған құжаттарды уәкiлеттi орган олар табыс етiлген күннен бастан отыз күн iшiнде қарайды.
Мемлекеттiк тiркеуге қосымша құжаттар табыс етiлген жағдайда құжаттарды қарау мерзiмi жаңартылады.
6. Эмитенттiң лауазымды адамдары мәлiметтер бермегенi не дұрыс емес мәлiметтер бергенi, эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттарды табыс ету мерзiмдерiн бұзғаны, сондай-ақ уәкiлеттi органның нұсқамаларын орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ЕСКЕРТУ. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 16-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
17-бап. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздарының
мемлекеттiк тiзiлiмi <*>
1. Бағалы қағаздардың тiркелген шығарылымы және олардың эмитенттерi туралы мәлiметтер бағалы қағаздардың Мемлекеттiк тiзiлiмде енгiзiледi, оны жүргiзудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Бағалы қағаздардың Мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлмеген бағалы қағаздар шығарылымдары жарамсыз болып табылады. <*>
3. Уәкiлеттi органның мемлекеттiк бағалы қағаздарға бiр iзге түсiру нөмiрлерiн беру үшiн олардың шығарылымдары туралы ақпараттар беру тәртiбi заңдарға сәйкес белгiленедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
17-1-бап. Облигацияларды ұстаушылардың өкiлi <*>
1. Ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигациялардың шығарылуы мен айналысы кезiнде эмитент алдында облигация ұстаушылардың мүдделерiн бiлдiрудi облигацияларды ұстаушылардың өкiлi (бұдан әрi - өкiл) жүзеге асырады. Өкiл таңдауды эмитент дербес жүзеге асырады. Өкiл эмитенттiң аффилиирленген тұлғасы болмауға тиiс.
2. Өкiлдiң өкiлеттiгiн оны өкiл ретiнде айқындау алдындағы алты ай iшiнде пруденциялық нормативтердi сақтайтын және басқа да мiндеттi түрде сақталуға тиiстi нормалар мен лимиттердi сақтайтын екiншi деңгейдегi банк жүзеге асыруға құқылы.
3. Өкiлдiң өкiлеттiгiн жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
ЕСКЕРТУ. 17-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 427 Заңымен.
18-бап. <*>
ЕСКЕРТУ. 18-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
19-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын
тiркеуден бас тарту <*>
1. Бағалы қағаздар шығарылымын тiркеуден дәлелдi бас тарту үшiн ұсынылған құжаттар қолданылып жүрген заңдарға және эмиссия проспектiсiне енгiзiлген мәлiметтердiң эмитенттiң нақты жағдайына сәйкес келмеуi негiз болып табылады. <*>
2. Бағалы қағаздар шығарудың мақсатқа сай еместiгiн дәлел етiп, тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.
3. Бағалы қағаздар шығарылымын тiркеуден бас тарту жөнiнде сотқа шағым берiлуi мүмкiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
20-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата
тұру <*>
1. Бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұруға:
1) бағалы қағаздарды орналастыру талаптарының шығару мен орналастырудың тiркелген талаптарына, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкессiздiгi; <*>
2) орналастыру ережелерiн едәуiр өзгертетiн ақпараттың уәкiлеттi органға келiп түсуi; <*>
3) шығарылымның тiркелген көлемiнiң артып кетуi; <*>
4) уәкiлеттi органның талаптарын эмитенттiң белгiленген мерзiмде орындамауы негiз болады.
2. Бағалы қағаздар орналастыруды тоқтата тұру:
1) эмитенттiң бағалы қағаздарды одан әрi орналастыруына тыйым салуды;
2) рынокта орналастырылған бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердiң тiркелуiн жүзеге асыруға тыйым салуды;
3) осы орналастыруды бағалы қағаздарын орналастыру жөнiндегi жарнама науқанын тоқтатуды бiлдiредi. <*>
3. Бағалы қағаздар эмиссиясын тоқтата тұру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.
4. Уәкiлеттi органның бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн алған кезден бастап эмитент осы баптың 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, бұл туралы баспасөз басылымында хабар жариялауға және анықталған жолсыздықтарды уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде жоюға мiндеттi.
Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмiн уәкiлеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылар тізіліміндегi жеке шоттармен жүргізілетін операцияларды тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi. Тiзiлiмде нақты ұстаушының жеке шоты болса тiркеушi оны уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы хабардар етуге мiндеттi. <*>
5. Уәкiлеттi органның шешiмiмен бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұруға себеп болған негiздердi жойғаннан кейiн ғана эмитенттiң бағалы қағаздарды одан әрi орналастыруына мүмкiндiк туады. <*>
6. <*>
7. Уәкiлеттi органның орналастыруды тоқтата тұру туралы шешiмi жөнiнде сотқа шағым берiлуi мүмкiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 20-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
21-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын
жарамсыз деп тану <*>
1. Уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша бағалы қағаздар шығарылымы жарамсыз деп тануға құқылы:
1) инвесторлар үшiн елеулi мәнi бар бағалы қағаздар шығарылымы нақты шарттарының тiркелген эмиссия проспектiсiне сәйкес келмеуi; <*>
2) тiркелген шығарылым проспектiне сәйкес келмейтiн мәлiметтер бар бағалы қағаздардың шығарылуы мен орналастырылуы туралы жарнама науқанын жүргiзу; <*>
3) бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепте көрсетiлген мәлiметтердiң шығарылымның тiркелген проспектiне немесе осындай шығарылымның нақты орналастырылу деректерiне сәйкес келмеуi;<*>
4) орналастыруды тоқтата тұрудың себебi болған жолсыздықтарды жою туралы уәкiлеттi органның ұйғарымын эмитенттiң орындамауы. <*>
1-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган эмитентке және осы эмитенттiң бағалы қағаздарын ұстаушылардың тiзiлiмiндегi бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеудi тоқтата тұру мақсатында тiркеушiге жiбередi.
Тiзiлiмде нақтылы ұстаушының жеке шоты болса тiркеушi оны уәкiлеттi орган қабылдаған шешiм туралы хабардар етуге мiндеттi. Хабарламаны алған нақтылы ұстаушы клиенттiң шоты бойынша бағалы қағаздармен жасалған мәмiленi тiркеудi тоқтата тұруға мiндеттi.
Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы мәлiмет Бағалы қағаздардың мемлекеттiк тiзiлiмiне уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен енгiзiледi. <*>
2. Облигациялар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда осы шығарылған облигациялар эмитентке қайтарылуға жатады. Инвесторларға облигациялардың нақтылы құнын өтеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. <*>
2-1. Акциялар шығарылымы жарамсыз деп танылған жағдайда акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi уәкiлеттi органнан акциялар шығарылымының жарамсыз деп танылғаны туралы хабар алған күннен бастап екi ай iшiнде мынадай:
1) акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы;
2) шаруашылық серiктестiк (өндiрiстiк кооператив) етiп қайта құру туpaлы;
3) акционерлiк қоғамды тарату туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдау мақсатында акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға және өткiзуге мiндеттi.
Акционерлердiң жалпы жиналысында акциялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу туралы шешiм қабылданғаннан кейiн акционерлiк қоғам акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi қабылданған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей құжаттарды мемлекеттiк тiркеуге табыс етуге мiндеттi. <*>
2-2. Осы баптың 2-1-тармағының талаптарын сақтамаған жағдайда акционерлiк қоғам уәкiлеттi органның талап-арызы бойынша сот тәртiбiмен таратылуға жатады. <*>
3. <*>
4. <*>
5. Уәкiлеттi органның бағалы қағаздар шығарылымын жарамсыз деп тану туралы шешiмiне сотқа шағым берiлуi мүмкiн. <*>
ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
22-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы және
эмитенттiң қызметi туралы ақпарат <*>
1. Эмитент орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздар туралы мәлiметтi олардың шығарылуы мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде баспасөз басылымында жариялауға мiндеттi.
Мемлекеттiк тiркелгенге дейiн шығару туралы мәлiметтердi жариялауға тыйым салынады. <*>
2. Эмитент, сондай-ақ оның андеррайтерлерi ықтимал инвесторларға бағалы қағаздарды сатып алғанға дейiн бағалы қағаздар шығарылымы проспектiмен, сондай-ақ эмитенттiң қызметiмен және олар шығарған ескiру мерзiмi алты айдан аспауға тиiс бағалы қағаздар туралы ақпаратпен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. <*>
3. Бағалы қағаздарды орналастыру және олардың айналымы кезеңiнде эмитент оларды уәкiлеттi органда тiркеуге және ықтимал инвесторлар мен бағалы қағаз ұстаушыларды бағалы қағаздар шығарылымының тiркелген проспектiндегi деректермен және эмитенттiң қызметi туралы және олар эмиссиялаған бағалы қағаздар туралы ақпараттармен салыстырғанда iстiң нақты жәй-күйiндегi олардың мүдделерiн қозғайтын барлық өзгерiстер туралы хабардар етуге мiндеттi. <*>
4. Мыналар ықтимал инвесторлар мен бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерiн қозғайтын мәлiметтер болып танылады: <*>
1) эмитенттiң органына кiретiн адамдар тiзiмiндегi өзгерiстер;
2) эмитенттiң және оның еншiлес ұйымдары мен тәуелдi акционерлiк қоғамдарының органдарына кiретiн (өкiлдерi кiретiн) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) жарғылық капиталдағы төленген жарғылық капиталдағы) үлес мөлшерiнiң өзгерiстерi, сондай-ақ егер, олар әрбiр осындай ұйымның (халықтық акционерлiк қоғамның жарғылық капиталында бес және одан да көп процент) дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң, үлестiк жарналардың) он және одан да көп проценттерiн иеленген жағдайда, басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарындағы (шығарылған (төленген) жарғылық капиталдағы) акционер үлесi мөлшерiнiң өзгерiстерi; <*>
3) эмитенттiң дауыс берiлетiн акцияларының он және одан да көп процентiн (халықтық акционерлiк қоғам үшiн - бес және одан да көп процентiн) иеленетiн эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) тiзiмiндегi өзгерiстер;
4) әрбiр осындай ұйымның дауыс берiлетiн акцияларының (үлестерiнiң, үлес жарналарының) он және одан да көп процентiн (халықтық акционерлiк қоғам үшiн - бес және одан да көп процентiн) эмитент иеленетiн заңды тұлғалардың тiзiмiндегi өзгерiстер;
5) акционерлердiң жалпы жиналысының (шаруашылық серiктестiктiң жоғары органының) шешiмдерi;
6) эмитентi, оның еншiлес ұйымдарын және тәуелдi акционерлiк қоғамдарын қайта ұйымдастыру;
7) эмитенттiң шоттары мен мүлкiне тыйым салу;
8) эмитент лицензиясының күшiн тоқтата тұру немесе тоқтату не оны қайтарып алу;
9) эмитенттiң қызметiн тоқтата тұру немесе тоқтату;
10) ықтимал инвесторлардың және бағалы қағаздар ұстаушылардың мүлiктiк мүдделерiн қозғайтын және уәкiлеттi органдар осындай деп таныған өзге де өзгерiстер. <*>
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген эмитенттiң iсiнiң нақты жай-күйiндегi өзгерiстерi туралы мәлiметтердi эмитент оларды тiркеу (бағалы қағаздар шығарылымы проспектiне) тиiстi өзгерiстер енгiзу үшiн) осындай өзгерiстер туындаған кезден бастап жетi жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәкiлеттi органға жiберуге тиiс. <*>
6. Егер бағалы қағаздар шығарылымы проспектiнде, сондай-ақ эмитенттiң қызметi мен ол шығарған бағалы қағаздар туралы ақпаратта ықтимал инвесторлардың және бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерiн қозғайтын жалған, дәл емес немесе толық емес мәлiметтер болса, эмитент келтiрiлген нұқсан үшiн заңдарға сәйкес мүлiктiк жағынан толық жауапты болады, ол оның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкiн. <*>
7. Инвесторларға (ықтимал инвесторларға) бағалы қағаздар шығарылымы проспектiнде және эмитенттiң қызметi туралы және ол шығарған бағалы қағаздар туралы ақпаратта жалған, дәл емес немесе толық емес мәлiметтердi табыс ету немесе жариялау арқылы келтiрiлген нұқсан үшiн эмитенттiң жауапкершiлiгiн шектейтiн инвесторлар (ықтимал инвесторлар) мен эмитент арасындағы жасалған келiсiм жарамсыз деп есептеледi. <*>
ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
23-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру
шарттары
1. Бағалы қағаздар шығарылымының құрылымы уәкiлеттi органда тiркелген құрылымға сәйкес келуге тиiс.
2. <*>
3. Эмитент бағалы қағаздарды орналастыру кезiнде андеррайтердiң қызметiн пайдалана алады. Бағалы қағаздар рыногындағы андеррейтердiң қызметiн бағалы қағаздар рыногында атаулы ұстау құқығымен брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi органның лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары жүзеге асыруға құқылы. <*>
Андеррайтер қызметiн жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары эмиссиялық синдикаттар құруға құқылы.
Эмиссиялық синдикат бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзiнде құрылады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының андеррайтер қызметiн жүзеге асыруының шарттары мен тәртiбi бағалы қағаздар рыногы туралы заңдармен реттеледi.
ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 23-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
24-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және
өтеу қорытындылары туралы есептер
1. Эмитент уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен уәкiлеттi органға бағалы қағаздар толық орналастырылғанға дейiн не оларды толық орналастыру аяқталғаннан кейiн әрбiр алты айдың қорытындысы бойынша (есептi жартыжылдық аяқталған соң бiр айдың iшiнде) бағалы қағаздарды орналастырудың қорытындылары туралы есептердi, сондай-ақ облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi табыс етуге мiндеттi.<*>
Халықтық акционерлiк қоғам тоқсан аяқталғаннан кейiн жиырма күн iшiнде өз акцияларын нақты орналастырылуы туралы мәлiметтердi көрсете отырып, тоқсандық баланстар және кiрiстер мен шығыстар туралы есебiн баспасөз басылымында жариялауға және уәкiлеттi органға беруге мiндеттi. <*>
2. <*>
3. Есептi бекiту үшiн табыс етiлетiн құжаттар тiзбесiн және оларды ресiмдеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. Эмитент көрсетiлген талаптарды сақтамаған жағдайда уәкiлеттi орган есептi бекiтпей тастауға құқылы. Эмитент құжаттарды қайтара табыс еткен кезде оны қарау мерзiмi жаңартылады. <*>
4. Уәкiлеттi орган эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептердi 14 күнтiзбелiк күн iшiнде қарайды. <*>
5. Эмитент бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi тапсырмаған жағдайда уәкiлеттi орган шығарылымды жарамсыз деп тануға құқылы. <*>
6. Егер эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептi қараған кезде ұсынылған мәлiметтердiң немесе эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын тiркеу үшiн ұсынылған мәлiметтердiң анық еместiгi анықталса, уәкiлеттi орган бағалы қағаздарды одан әрi орналастыру мен оның айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы. <*>
7. Бекiтуге ұсынылған бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есептегi мәлiметтердiң анық еместiгi анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган есептi бекiту туралы хабарламаны керi қайтарып алу туралы және эмиссиялық бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдауға құқылы.<*>
ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
24-1-бап. Бағалы қағаздар ұстаушыларды уәкiлеттi
органның хабардар етуi
1. Бағалы қағаздар рыногында жасалған немесе жасалуы мүмкiн құқық бұзушылықтар туралы бағалы қағаздар ұстаушыларды хабардар ету және оларды ескерту мақсатында уәкiлеттi орган баспа басылымында:
1) баспа бағалы қағаздар шығару мен орналастыруды тоқтата тұру және шығарылымды жарамсыз деп тану туралы; <*>
2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны қайтарып алу немесе оның күшiн тоқтата тұру туралы;
3) эмитенттердiң және бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн тексеру туралы мәлiметтердi жариялайды.
2. Уәкiлеттi орган бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң қызметi туралы мәлiметтер базасын жүргiзедi.
ЕСКЕРТУ. 24-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 24-1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
24-2-бап. Инвесторлардың бағалы қағаздар рыногындағы
құқықтарын қорғау
1. Инвесторлардың бағалы қағаздар рыногындағы құқықтарын қорғау мақсатында уәкiлеттi орган эмитенттер мен бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiне тексерiс жүргiзедi.
Тексерiс жүргiзу кезеңiнде және тексерiстiң қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен: <*>
1) эмитенттерге, сауда-саттық ұйымдастырушыларға және бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларына орындалуы мiндеттi нұсқамалар жiберуге; <*>
2) бағалы қағаздар ұстаушылары тiзiлiмiнiң жекелеген дербес шоттары және тұтас алғанда, тiзiлiм бойынша бағалы қағаздардың қозғалысын тоқтата тұруға;
3) кiнәлi тұлғалардың жауапкершiлiктерi туралы мәселелердi заңдарға сәйкес шешуге құқылы.
2. Эмитенттердiң және бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушылардың қызметiн тексерудi уәкiлеттi орган:
1) ұсынылған құжатттарды қарау;
2) мүдделi тараптардың өкiлдерiн жолсыздық фактiсi бойынша олардың түсiнiктемелерiн тыңдау мақсатында шақыру;
3) эмитенттiң, сауда-саттық ұйымдастырушының немесе бағалы қағаздар рыногына кәсiпқой қатысушының орналасқан жерi бойынша тексерiс жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
Тексерiстер жүргiзудiң және олардың нәтижелерiн ресiмдеудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2-1. Тексерiс жүргiзу процесiнде эмитент, кәсiби қатысушы және сауда-саттық ұйымдастырушы уәкілетті органның тексеріс үшiн қажеттi құжаттарды табыс ету туралы талабын орындауға мiндеттi.
Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган тексерiс актiсiне қоса тіркеу үшiн құжаттардың көшiрмелерiн талап етуге құқылы.
Уәкiлеттi орган эмитент қызметкерлерiнен, кәсiби қатысушыдан және сауда-саттық ұйымдастырушыдан тексерiс жүргiзу процесiнде және тексерiс қорытындысы бойынша жазбаша түсiнiк берудi талап етуге құқылы. <*>
2-2. Эмитенттiң, сауда-саттық ұйымдастырушының және кәсiби қатысушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғанын куәландыратын тексерiс қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган эмитенттiң бағалы қағаздарының айналысын, кәсiби қатысушы мен сауда-саттық ұйымдастырушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе лицензиясын керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдауға құқылы. <*>
3. Уәкiлеттi орган, заңдарда көзделген жағдайларда, бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қатысушылардың көрсеткен қызметi үшiн сыйақы мөлшерiнiң негiздiлiгiн айқындауға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 24-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 24-2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
IV тарау. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет
25-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметке
қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет:
1) бiлiктiлiк талаптарына;
2) қаржы тұрақтылығы өлшемдерiне;
3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз қызметi туралы ақпаратты ашып көрсету талаптарына;
4) iскерлiк әдеп нормаларына сәйкес болуға тиiс.
1-1. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған ұйымдары бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
Бағалы қағаздар рыногындағы қызметiн жүзеге асыруға лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға құжаттарын ұсынған ұйымның, бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының және сауда-саттық ұйымдастырушының жарғылық капиталын қалыптастыруы тек ақшамен жүзеге асырылады. <*>
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы клиентке мүлiктiк зиян келтiрген жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша залалды өз есебiнен өтеуге мiндеттi.
3. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктарындағы қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы өзiнiң қызметiне байланысты қаржы тәуекелдерiн сақтандыруға құқылы.
4. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбi уәкiлеттi органмен және өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың уәкiлеттi органымен келiсiлген ережелермен белгiленедi.<*>
5. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiне қатысуы мiндеттi болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 25-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
26-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби
қызметтi лицензиялау
1. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтiң бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруға тиiстi лицензиясы бар тұлғалар бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi жүзеге асыруға құқылы. Бағалы қағаздар рыногындағы қызметтi жүзеге асыруға лицензия берудi шарттары мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыруға лицензия алу үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтау жөнiндегi талабын орындауы қажет. Пруденциялық нормативтердiң құрамына жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшерi, өз капиталының жеткiлiктiлiк коэффициентi, сондай-ақ уәкiлеттi органның айқындауы бойынша өзге де нормалар мен лимиттер кiредi. <*>
3. Уәкiлеттi орган осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен лицензия беруден бас тартуға, лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға немесе лицензияны керi қайтарып алуға құқылы. <*>
3-1. Уәкiлеттi орган:
1) лицензия алу немесе лицензиаттың қызметi туралы есептi қарау үшiн ұсынылған құжаттардың мазмұнында анық емес немесе толық емес ақпараттар анықталған;
2) лицензия алу үшiн ұсынылған құжаттардағы өзгерiстер туралы ақпарат берiлмеген;
3) лицензиат уәкiлеттi орган белгiлеген пруденциялық нормативтердi сақтамаған;
4) лицензиат бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу тәртiбiн белгiлейтiн ережелер мен стандарттарды орындамаған немесе бұзған;
5) лицензиат өзiнiң қызметi туралы есептi ұсыну тәртiбiн сақтамаған;
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйымға мүше болмаған, сондай-ақ лицензиат өзiн-өзi реттейтiн ұйымнан шыққан немесе оны шығарған;
7) лицензиат Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзған;
8) лицензиат лицензиялық талаптарды сақтамаған;
9) лицензиат уәкiлеттi органның ұйғарымын орындамаған жағдайларда лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. <*>
3-2. Уәкiлеттi орган лицензияның қолданылуының тоқтатыла тұру себептерi жойылмаған жағдайларда және Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген өзге де негiздер бойынша лицензияны қайтарып алуға құқылы. <*>
4. Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлену тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 26-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
27-бап. Бағалы қағаздар рыногында мәмiлелердi жүзеге
асыруды шектеу
1. Бағалы қағаздар рыногына брокерлiк және дилерлiк қызметтi жүзеге асыруға лицензия алған тұлғалардың бағалы қағаздармен мәмiлелер жасауға, егер аталған мәмiлелердi жасау және жүзеге асыру өз клиенттерiнiң мүдделерiне қайшы келетiн болса, құқықтары жоқ.
2. Қызметтiк ақпаратты бар тұлғалардың бас пайдасын көздеу мақсатында немесе оны үшiншi бiреуге беру үшiн осы ақпаратты пайдалана отырып мәмiлелер жасауға құқығы жоқ. Бағалы қағаздар рыногының жай-күйi мен дамуы туралы мiндеттi түрде жариялануға тиiстi ақпаратты мемлекеттiк органдардың, қоғамдық ұйымдардың лауазымды адамдарының немесе бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының қасақана жасырып қалуына жол берiлмейдi.
Осы талапты бұзған тұлғалар заңдарға сәйкес жауап бередi.
3. Өзiнiң қызмет бабындағы жағдайына, эмитентпен жасасқан еңбек мiндеттемелерiне немесе шарттарына орай эмитент және ол орналастырған бағалы қағаздар туралы ақпараты бар адамдарды бағалы қағаздар рыногының басқа субъектiлерiмен салыстырғанда артықшылықты жағдайға қоятын, көпшiлiктiң қолы жетпейтiн кез келген ақпарат қызметтiк ақпарат деп танылады. <*>
4. Қызметтiк ақпараты бар адамдарға:
1) эмитент органдарының лауазымды адамдары немесе осы эмитентпен шарт арқылы байланысты бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысы; <*>
2) эмитенттiң немесе эмитентпен шарт арқылы байланысты бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушысының аудиторлары:
3) мемлекеттiк органдардың бақылау, қадағалау және өзге де өкiлеттiгi себептi аталған ақпаратқа қолы жететiн қызметшiлерi;
4) осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетiлген тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары жатады. <*>
ЕСКЕРТУ. 27-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
28-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби
қызмет түрлерi
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай түрлерi жүзеге асырылуы мүмкiн:
1) брокерлiк;
2) дилерлiк;
3) депозитарлық;
4) кастодиалдық;
5) бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi;
6) бағалы қағаздармен операциялар бойынша өзара талаптар мен мiндеттемелердi (клирингтiк) айқындау жөнiндегi;
7) бағалы қағаздар ұстаушыларының тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет;
8) уәкiлеттi органның белгiлеуi бойынша кәсiби қызметтiң басқа да түрлерi;
9) трансфер-агент қызметi; <*>
10) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару; <*>
2. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқаруды уәкiлеттi орган белгiлейдi.
3. Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет пен қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастыру жөнiндегi қызмет, қapжы рыногындағы қызметтi қоспағанда және Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген өзге де жағдайларда, кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен қоса атқарылмайды. <*>
4. Бағалы қағаздар рыногындағы банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың қызметi Қазақстан Республикасындағы банк қызметiн реттейтiн заңдарға және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
ЕСКЕРТУ. 28-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.06.19. N 134-I Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 28-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
29-бап. Брокерлiк қызмет
1. Брокерлiк қызмет - өз клиентiнiң мүдделерiн көздеп және соның есебiнен тапсырма шарты немесе комиссия шарты негiзiнде iс-қимыл жасайтын брокердiң бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жөнiндегi қызметi.
2. Брокердiң өз клиенттерiнiң мүдделерiн көздеп мәмiлелер жасауы жазбаша нысанда жасалған шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Брокер өз клиенттерiнiң бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар есебiн арнаулы шоттарда жүргiзедi.
4. Брокер клиенттердiң бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретiнде болуы мүмкiн.
30-бап. Дилерлiк қызмет
Дилерлiк қызмет - бағалы қағаздармен өз атынан және өз есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жөнiндегi қызмет.
31-бап. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және
жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi
қызмет <*>
1. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызмет - бағалы қағаздар мен зейнетақы жинақтары портфелi меншiк иесiнiң жекелеген заңды құқықтарын iске асыру жөнiндегi қызмет.
2. Бағалы қағаздар портфелiн басқару және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру тәртiбi, басқарушының құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
ЕСКЕРТУ. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
32-бап. Бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар
бойынша өзара талаптар мен мiндеттемелердi
(клиринг) айқындау жөнiндегi қызмет
1. Клирингiлiк қызмет - бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау нәтижесiнде жүзеге асырылатын есеп айырысуға қатысушы тараптардың өзара талаптары мен мiндеттемелерiн есепке алу жөнiндегi қызмет.
2. Бағалы қағаздар рыногындағы клирингтiк қызметтi лицензиялауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. <*>
ЕСКЕРТУ. 32-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
33-бап. Депозитарлық қызмет
1. Бағалы қағаздардың депозитарийi - бағалы қағаздар иелерiн есепке алу мен олардың құқықтарын растау, сондай-ақ бағалы қағаздарды материалсыздандыру жөнiндегi қызметтi және заң актiлерiне сәйкес өзге де қызмет түрлерi жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.
2. Депозитарий мен депоненттiң қатынастары олардың арасында жасалған шарт негiзiнде туындайды. Шарттың нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Шарттың жасалуы депоненттiң бағалы қағаздарына меншiк құқықтарының депозитарийге өтуiне әкеп соқпайды. Депоненттiң бағалы қағаздарына депозитарийдiң дербес билiк етуге, оларды басқаруға немесе, депоненттiң тапсырмаларын орындауды қоспағанда, депоненттiң атынан бағалы қағаздармен кез келген iс-әрекеттi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
3. Депозитарийдiң бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiнде нақтылы ұстаушы ретiнде тiркелуге құқығы бар.
4. Депозитарий бағалы қағаздарға құқықтарды есепке алу жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамағаны немесе лайықты орындамағаны үшiн, оның iшiнде депо шоттары бойынша жазбалардың толық және дұрыс болуы үшiн жауап бередi.
ЕСКЕРТУ. 33-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
34-бап. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн
жүргiзу жөнiндегi қызмет
1. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi қызмет - белгiлi бiр күнге бағалы қағаздың ұстаушысын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн деректердi жинау, тiркеу, өңдеу, сақтау және беру жөнiндегi қызмет. <*>
2. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмi жүйесi бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiне өзгерiстер енгiзудi қажет етуге әкеп соғатын барлық фактiлер мен құжаттар туралы ақпаратты жинау мен сақтауды қамтамасыз етуге тиiс. <*>
3. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу құжаттандырылған немесе құжаттандырылмаған нысандарда шығарылған атаулы бағалы қағаздар жөнiнде жүзеге асырылады.
4. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзудi, эмитентпен жасасқан шартқа сәйкес, тiркеушi жүзеге асырады. <*>
5. <*>
6. Тiркеушi бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмдерiн эмитенттердiң санына шек қоймай жүргiзедi.
7. Бағалы қағаздар ұстаушы туралы мәлiметтер бағалы қағаздар рыногы туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жеке шоттардың тiзiлiмiне енгiзiлуге жатады. <*>
8. Бағалы қағаздар иесiнiң немесе нақтылы ұстаушының талап етуi бойынша тiркеушi жеке шоттан көшiрме беруге мiндеттi. <*>
Жеке шоттан берiлетiн көшiрмеде көшiрме берiлiп отырған бағалы қағаздарға қойылған барлық шектеулер немесе оларды мiндеттеу фактiлерi туралы белгi болуға тиiс. <*>
9. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзудiң тәртiбiн, жеке шоттардан берiлетiн үзiндiлердiң нысандарын, бағалы қағаздар бойынша құқықтарға қатысты бұйрықтардың нысандарын және оларда көрсетiлетiн мәлiметтердiң тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. <*>
10. Бағалы қағаздар ұстаушылардың тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегi шарттың күшi тоқтатылған жағдайда барлық деректердi және шарттың күшi тоқтатылған күнге жасалған бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жүйесін құрайтын құжаттарды басқа тiркеушiге өткiзiп беру Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Шарттың күшi тоқтатылған күннен кейiн тiзiлiмiнiң жеке шоттарынан тiркеушi берген барлық, үзiндiлер жарамсыз болады. Шарттың күшi тоқтатылған күннен кейiн бағалы қағаздар ұстаушылардың бұйрықтарын орындауға қабылдауға тiркеушiнiң құқығы жоқ. <*>
11. Тiркеушi эмитенттiң, оның лауазымды адамдарының және дербес немесе аффилиирленген тұлғалармен бiрлесiп осы эмитенттiң дауыс берiлетiн акцияларының (үлестерiнiң, үлестiк жарналарының) бес және одан да көп процентiн иеленетiн әрбiр жеке акционерiнiң (қатысушының) аффилиирленген тұлғасы болуға тиiс емес.
ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгертiлдi және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 34-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
35-бап. Кастодиандық қызмет
1. Кастодиандық қызмет - банктердiң бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар бойынша құқықтарды тiркеу және есепке алу, құжатты бағалы қағаздарды сақтау және клиенттердiң ақшаларын есепке алу жөнiндегi қызметi. <*>
2. Кастодиандық, қызметтi лицензиялауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
3. Кастодиан өз клиенттерiне тиесiлi бағалы қағаздардың нақтылы ұстаушысы болуға құқылы.
4. Кастодиандық қызметтi жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. <*>
ЕСКЕРТУ. 35-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 35-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
35-1-бап. Трансфер-агент қызметi
Трансфер-агент қызметi - бағалы қағаздар рыногында азаматтық-құқықтық мәмiлелердi жүзеге асыру процесiнде ақпарат (құжаттар) қабылдау және беру жөнiндегi қызмет.
Лицензиялар беру және қызметтiң осы түрiн жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 35-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
36-бап. Бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару <*>
1. Бағалы қағаздар бланкiлерiн шығару жөнiндегi қызмет - полиграфия өндiрiсi бар және бағалы қағаздар бланкiлерiн шығарудың толық циклы жасалатын полиграфия кәсiпорындарының қызметi.
2. Бағалы қағаздар бланкiлерiн дайындауға арналған, олардың жасанды жолмен жасалудан және басқа да қиянаттар жасаудан жоғары дәрежеде қорғалуын қамтамасыз ететiн арнаулы технологиялар мен жабдықтар болған кезде, сондай-ақ бланкiлердi жасау кезiнде сақталуын және полиграфия ұйымдарына қойылатын құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi жағдайлар болған кезде жасауға рұқсат етiледi.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң құпиялық режимi бойынша және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi органдарының кәсiпорында құнды заттарды сақтау режимiнiң жай-күйi туралы қорытындысы болған жағдайда уәкiлеттi орган бағалы қағаздар бланкiлерiн жасау жөнiндегi қызметке лицензия бередi.
4. <*>
5. Бағалы қағаздар бланкiлерiн шығаруға бақылауды уәкiлеттi орган қажет болған жағдайда басқа мемлекеттiк органдардың мамандарын қатыстыра отырып жүзеге асырады. <*>
ЕСКЕРТУ. 36-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 36-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
V тарау. Бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыноктары
37-бап. Қор биржасы
1. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары құратын акционерлiк қоғам нысанындағы өзiн-өзi реттейтiн коммерциялық емес ұйым болып табылады. <*>
Уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қор биржасының акционерлерi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғаларға қор биржасының акцияларын сатып алу құқығы берiлуi мүмкін.
2. Қор биржасының қызметi өзiн-өзi өтеу принципiне негiзделедi және оның қызметiнен түскен кiрiстер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланылады.
3. <*>
4. Қор биржасының жұмыс iстеуi айрықша болып табылады және кез келген қызмет түрлерiн жүзеге асырумен сыйыспайды.
Қор биржасының тауарлық биржалардың мiндеттерiн орындауға құқығы жоқ.
5. <*>
6. Қор биржасының қаржы құралдарымен операциялар өткiзiлуiне қызмет көрсететiн қосымша құрылымдық бөлiмшелер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес филиалдар мен өкiлдiктер құруға құқығы бар.
ЕСКЕРТУ. 37-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 37-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 37-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
38-бап. Қор биржасының мiндеттерi
Қор биржасы:
1) өзiнiң мүшелерiне қаржы құралдарымен мәмiлелердi жасау немесе тiркеу үшiн арнаулы жабдықталған үйлер және (немесе) арнаулы бағдарламалық-техникалық кешендер болып табылатын сауда алаңдарын (сауда жүйелерiн) бередi;
2) қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады;
3) қаржы құралдарына баға кесудi жүзеге асырады;
4) өз мүшелерiне ұйымдық, ақпараттық, консультациялық қызмет көрсетедi;
5) өзiнiң талдама зерттеулерiн жүргiзедi;
6) қаржы рыногында (қаржы құралдары мен қаржы қызметтерiнiң рыногында) құқықтық қатынастар субъектiлерiнiң арасындағы өзара есеп айырысуға (клиринг) заңдарда көзделген тәртiп пен ережелер бойынша жәрдемдеседi;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 38-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 38-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 38-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
39-бап. Қор биржасына мүше болу
1. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары және бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болып табылмайтын, бiрақ заңдарға сәйкес бағалы қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлғалар қор биржасының мүшелерi бола алады.
2. Қор биржасының кемiнде он мүшесi болуға тиiс.
Осы Заңда белгiленген талаптарға сай келетiн шетелдiк заңды тұлғалар биржа мүшелерi бола алады.
Биржа мүшелiгiне қабылдау туралы шешiмдi биржа кеңесi қабылдайды.
ЕСКЕРТУ. 39-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 39-баптың 1-тармағы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
40-бап. Қор биржасын басқару
1. Қор биржасының органдары, олардың мiндеттерi мен құқықтары, құрылу және шешiм қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен, қор биржасының жарғысымен және биржалық сауда ережелерiмен белгiленедi. Қор биржасы органдарының қызметiнiң ерекшелiктерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Қор биржасы органдарының құрамына сайланған, бағалы қағаздары осы қор биржасының листингiне енгiзiлген ұйымдардың лауазымды адамдарының дауыстары листинг мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау кезiнде дауыстарды санағанда есептелмейдi.
3. Қор биржасының жоғары органы шешiмдер қабылдаған кезде оның акционерлерiнiң дауыс саны бiрдей болады.
ЕСКЕРТУ. 40-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
41-бап. Биржа кеңесi
1. Биржалық кеңес Қор биржасы директорлар кеңесiнiң мiндеттерiн атқарады.
2. Биржа кеңесi акционерлердiң, биржаның басқа мүшелерiнiң, оның лауазымды адамдарының арасынан сайланады.
3. Биржа кеңесiнiң құрамына уәкiлеттi органның өкiлi тұрақты негiзде дауыс беру құқығынсыз кiредi.
ЕСКЕРТУ. 41-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
42-бап. Қор биржасы өндiрiп алатын жарналар мен алымдар
Қор биржасы ақшалай жарналар мен алымдарды мынадай реттерде:
1) қор биржасының мүшелiгiне өткенi үшiн;
2) қор биржасының мүлкiн пайдаланғаны үшiн;
3) бағалы қағаздар листингі үшiн;
4) биржа мәмiлесiн тiркегенi және рәсiмдегенi үшiн;
5) биржа саудасының жарғысында, ережелерiнде көзделген өзге де реттерде өндiрiп алады.
ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 42-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
43-бап. Биржаның кiрiстерi
Қор биржасының кiрiстерi:
1) биржалық саудаға қатысушылар төлейтiн жарналар мен алымдардан:
2) қор биржасының акцияларын сатудан түскен қаражаттан;
3) қор биржасының жарғысы мен биржалық сауда ережелерiнде көзделген ақпараттық, консультациялық және өзге де қызметтер көрсетуден алынған қаражаттардан құралады.
ЕСКЕРТУ. 43-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
44-бап. Биржалық мәмiлелер
1. Қаржы құралдарының биржалық саудасына қатысушылар арасында жасалған шарт биржалық мәмiле болып табылады. Осы қор биржасында жасалған барлық мәмiлелер осы Заңмен белгiленген тәртiпке және биржалық сауда ережелерiне сәйкес тiркелiп ресiмделуге тиiс.
2. Бағалы қағаздармен биржалық сауда жасау ережелерін, сондай-ақ осы ережелерге өзгерістер мен толықтыруларды қор биржасының басқармасы әзірлейді, уәкілетті органмен ол айқындаған тәртіпте келісіледі және қор биржасы мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі. Бағалы қағаздармен биржалық сауда ережелерi бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының қор биржасы iшiндегi қызметiн реттейдi. Қор биржасының мүшелерi келiскен кезде биржа олардың бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногындағы қызметiн реттеуге құқылы.
3. Бағалы қағаздармен биржалық сауда ережелерiнде мынадай қағидалар болуға тиiс:
1) қор биржасында сауда-саттық жүргiзу тәртiбi;
2) жасалатын мәмiлелердiң түрлерi, оларды тiркеу және есепке алу тәртiбi;
3) қаржы құралдарға баға кесу тәртiбi;
4) бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер бойынша есеп айырысу тәртiбi мен әдiстерi;
5) сауда-саттық өткiзiлетiн орын мен оның графигi;
6) биржалық саудаға қатысушылар арасындағы дауларды шешу тәртiбi;
7) бағалы қағаздарды биржалық саудаға жiберу тәртiбi;
8) қор биржасын айыппұл өндiрiп алатын жолсыздықтардың тiзбесi, осы айыппұлдардың мөлшерi және оларды өндiрiп алу тәртiбi;
9) биржалық саудаға қатысушылар төлейтiн алымдардың, тарифтердiң басқа да төлемдердiң мөлшерi, оларды биржаның өндiрiп алу тәртiбi;
10) биржалық саудаға қатысушылар ауқымы, олардың құқықтары мен мiндеттерi;
11) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес басқа да талаптар.
4. Қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы қағаздарды бiр мезгiлде басқа қор биржасында не Қазақстан Республикасының аумағында басқа бiр ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында айналысқа жiберуге болмайды.
ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
Ескерту. 44-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 237 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 44-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
45-бап. Биржалық мәмiлелерге қатысушылар
Биржалық сауда-саттыққа биржалық сауданың жарғысында немесе ережелерiнде белгiленген тәртiппен қатысуға рұқсат етiлген қор биржасының мүшелерi қатысады.
46-бап. Қор биржасында айналысқа жiберiлген бағалы
қағаздар эмитенттерiнiң мiндеттерi
1. Бағалы қағаздары қор биржасындағы листинг рәсiмiнен өткен эмитенттердiң өз қызметi туралы ақпараттарды ашу жөнiндегi мiндетi, сондай-ақ осындай ақпараттарды беру тәртiбi мен мерзiмi қор биржасының уәкiлеттi органмен келiсiлген ережелерiмен белгiленедi.
Бағалы қағаздары қор биржасындағы листинг рәсiмiнен өткен эмитенттер қор биржасына:
1) жылдың және ағымдағы жылдың әр тоқсанының қорытындысы бойынша қаржылық есептiлiктi;
2) бағалы қағаздардың алдағы болатын шығарылымдары туралы ақпаратты;
3) эмитенттiң орналастырылған акцияларды сатып алуы туралы ақпаратты;
4) акционерлердiң жалпы жиналыстары хаттамаларының көшiрмелерiн;
5) алдағы болатын дивиденд төлеу туралы ақпаратты;
6) осы Заңның 22-бабының 4-тармағында көрсетiлген ақпаратты беруге мiндеттi. <*>
2. Егер эмитент осы баптың 1-тармақпен белгіленген талаптарды орындамаса, биржа кеңесi эмитентке оның бағалы қағаздарының қор биржасы бағалы қағаздарының тiзiмiнен (осы бағалы қағаздардың делистингінен) шығарылып тасталуы мүмкiн екенiн ескертедi және осы ескертудi биржа бюллетенiнде жариялайды. <*>
3. Егер эмитент биржа кеңесiнiң ескертуiнен кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген мiндеттердi орындамаса, биржа кеңесi бағалы қағаздарға баға кесудi тоқтата тұру немесе олардың делистінгі туралы шешiм қабылдауы мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.16. N 436 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 46-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
47-бап. Қор биржасында қаржы құралдарымен жасалған
мәмiлелер туралы ақпаратты жариялау
Мерзiмдi шығарылып тұратын биржалық бюллетенде өткен айда жасалған мәмiлелер бойынша жалпы статистикалық деректер, биржалық сауда ережесiне енгiзiлетiн өзгерiстер, қор биржасы басқармасы мен акционерлердiң жалпы жиналысы қабылдаған шешiмдер, сондай-ақ қор биржасы мен оның мүшелерiнiң коммерциялық құпиясы болмайтын басқа да ақпарат болуға тиiс.
ЕСКЕРТУ. 47-баптың атауы өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
48-бап. Қор биржасының жауапкершiлiгi
Қор биржасы бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне келтiрiлген залалдың орнын толтырады және оған өз мiндеттерiн лайықты атқармай, осы Заңды, биржа жарғысын, биржалық сауда ережелерiн бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
49-бап. Қор биржасының қызметiн тоқтату
1. Қор биржасы өзiнiң қызметiн:
1) биржаның шешiмi бойынша;
2) сот органдарының шешiмi негiзiнде;
3) уәкiлеттi орган биржалық қызметке берген лицензиясын қайтарып алған жағдайда тоқтатады.
2. Лицензияны қайтарып алу туралы шешiмге сот тәртiбi бойынша шағым жасалуы мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 49-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
50-бап. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымы
1. Бағалы қағаздарға баға кесу және биржадан тыс рынокта бағалы қағаздармен сауда жасауды ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi құрылтайшысы өзiн-өзi реттейтiн ұйым болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсiбi қатысушыларының қауымдастығы, акционерлiк қоғам нысанындағы коммерциялық емес ұйым жүзеге асырады. <*>
2. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымының жұмыс iстеуi бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызметтi қоса алғанда қызметтiң кез келген түрлерiмен сыйыспайтын айрықша қызмет түрi болып табылады. Биржадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға кесу ұйымының лауазымды адамдарын және оған қатысушылар өзiне алған мiндеттемелердi орындамаған немесе адал орындамаған жағдайда, сондай-ақ сауданың өзге де ережелерiн бұзған жағдайда бағалы қағаздар рыногының субъектiсiне келтiрiлген залалды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтейдi.
3. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының жұмыс iстеуi белгiлi бiр аумақ шегiнде қағаз және электронды таратқыштар арқылы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелерге қызмет көрсетудi көздейдi және бiр сауда алаңында мәмiлелер жасаумен шектелмеуi мүмкiн.
4. Қор биржасында айналыста жүрген бағалы қағаздармен биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымы арқылы мәмiлелер жасауға жол берiлмейдi.
ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 50-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
51-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының
баға кесу ұйымының сауда-саттығына қатысушылар
Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымындағы саудаға қатысушылар оны құрған өзiн-өзi реттейтiн ұйымның мүшелерi болып табылатын бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары болады.
52-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының
баға кесу ұйымын басқару
1. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының басқару органдары, олардың мiндеттерi мен құқықтары, олардың қалыптасу және шешiмдер қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен, бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының жарғысымен және ережелерiмен белгiленедi.
2. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымының жоғары басқару органы шешiмдер қабылдаған кезде акционерлердiң дауыс саны бiрдей болады.
53-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының
баға кесу ұйымының кiрiстерi
1. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының кiрiстерi:
қатысушылардың жарналары мен алымдары;
ақпараттық, консультациялық және биржадан тыс рыноктағы бағалы қағаздармен сауда жасау жарғысы мен ережелерiнде көзделген өзге де қызмет көрсетуден алынған қаражат;
сауда жарғысымен және ережелерiмен тыйым салынбаған өзге де кiрiстер есебiнен қалыптасады.
2. Баға кесу ұйымының кiрiстерi оның жұмыс iстеуiне және оны құрған өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн жүргiзуге жұмсалады.
54-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының
баға кесу ұйымындағы мәмiлелер
1. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымында мәмiлелер кәсiпқой қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмiлелердi жасау және орындау кезiндегi қызметiн реттейтiн бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымы дайындаған ережелерге сәйкес жасалады.
2. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының ережелерiнде мынадай қағидалар болуға тиiс:
бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымында айналысқа бағалы қағаздарды жiберу тәртiбi;
бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу және растау;
бағалы қағаздармен сауда жасауды қамтамасыз ететiн есеп айырысу операцияларын жүргiзу;
бағалы қағаздармен операциялар жасау және олар бойынша есеп айырысу кезiнде сауда-саттыққа қатысушылар арасында туындайтын дауларды шешу;
айыппұл салынатын жолсыздықтардың тiзбесi, айыппұлдардың мөлшерi және оларды өндiрiп алу тәртiбi;
сұраным мен ұсынымның бағасы және бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердiң көлемi туралы ақпарат беру рәсiмi;
алымдар мен басқа да төлемдердiң мөлшерi, оларды төлеу тәртiбi;
уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес басқа да талаптар.
3. Биржадан тыс рыноктың баға кесу ұйымының бағалы қағаздармен сауда жасау ережелерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
55-бап. Бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелер туралы
ақпаратты жариялау
Баға кесу ұйымының биржадан тыс рыноктың бағалы қағаздарына баға кесу жөнiнде шығарылып тұратын мерзiмдi бюллетенiнде жасалған мәмiлелердiң саны, биржадан тыс рынокта айналыста жүрген бағалы қағаздарға баға кесу туралы жалпы деректер және уәкiлеттi органның айқындауы бойынша басқа да ақпарат болуға тиiс.
56-бап. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының
баға кесу ұйымының қызметiн тоқтату
1. Бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымы өз қызметiн:
акционердiң шешiмi бойынша;
сот органдарының шешiмi негiзiнде;
уәкiлеттi орган бағалы қағаздардың биржадан тыс рыногының баға кесу ұйымының қызметiне бұрын берiлген лицензияны керi қайтарып алған жағдайда тоқтатады.
2. Уәкiлеттi органның бұрын берiлген лицензияны керi қайтарып алу туралы шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.
VI тарау. Бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдары
57-бап. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарды құру
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады және оны бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары қауымдастық нысанында құрады.
Бағалы қағаздар рыногының белгiлi бip қызмет түрiн жүзеге асыратын кәсiби қатысушылары өзiн-өзi реттейтiн тек бiр ұйым құруға құқылы. <*>
2. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының негiзгi мiндеттерi:
1) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының тиiмдi қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бағалы қағаздар рыногындағы қызмет ету әдiсiн сақтау;
2) бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушылары клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау; <*>
3) бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерi мен стандарттарын жасау және бекіту болып табылады.
3. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның құрылуы мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына және оның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың қауымдастығы қызметiн лицензияның негiзiнде өзiн-өзi реттейтiн ұйым ретiнде жүзеге асыруға құқылы.
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 282 Заңымен .
Ескерту. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 237 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 57-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
58-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой
қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымның
ережелерi
1. Өзiн-өзi реттейтiн ұйым өз мүшелерi үшiн мiндеттi болып табылатын бағалы қағаздар рыногындағы кәсiпқой қызметтi жүзеге асыру ережелерiн, бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу стандарттарын белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
2. Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның ережелерiнде:
1) қызметкерлердiң ұйым мүшелерiнiң (техникалық қызметкерлердi қоспағанда) кәсiби бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар;
2) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру ережелерi мен стандарттары;
3) бағалармен айла-шарғылар жасауды шектейтiн ережелер;
4) есеп жүргiзу мен есеп беру құжаттамалары;
5) ұйымға кiру, шығу немесе одан шығарып жiберу тәртiбi;
6) өзiн-өзi реттейтiн ұйым мүшелерiнiң ұйымды басқару органдарына сайлану кезiнде өкiлдiк және ұйымды басқаруға қатысу құқықтарының тең болуы;
7) шығындардың, төлемдердiң, алымдардың ұйым мүшелерi арасында бөлу тәртiбi;
8) клиенттердiң ұйым мүшелерiне қоятын талаптары мен шағымдарын қарау тәртiбi;
9) ұйым мүшелерiнiң белгiленген ережелер мен стандарттарды сақтауына тексеру жүргiзу рәсiмдерi;
10) ұйым мүшелерiнiң клиенттерге және басқа тұлғаларға қатысты залалды өтеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындау тәртiбi;
11) ұйым мүшелерiне қолданылатын санкциялар мен өзге де шаралар және оларды қолдану тәртiбi;
12) ақпараттың бүкпесiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптар болуға тиiс.
3. Өзін-өзі реттейтін ұйымның ережелері, сондай-ақ осы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар уәкілетті органмен ол айқындаған тәртіпте келісіледі және өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі.
Ескерту. 58-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N 237 Заңымен .
ЕСКЕРТУ. 58-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
59-бап. Бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой
қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымының
қызметiн тоқтату
Өзiн-өзi реттейтiн ұйымның қызметiн тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарында және оның жарғысында белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
VII тарау. Қорытынды ережелер
60-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық
шарттар мен конвенцияларға қатысуы
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделген ережелерден өзге ережелер белгiленсе, республика бекiткен халықаралық шарттың ережелер қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президентi